Тіршіліктің глобалдық заңы.



Тірі формалардың көбейіп, таралу қасиетіне байланысты тіршілік жер шарының барлық жерінде таралған.Органикалық дүниеге тірі организмдер биомассасы мен оларды қоршаған ортаның жұқа планетарлық қабығын биосфераны құрайды. Биосфераның құрылымы оның геобиологиялық компоненттерінің қалыптасып дамуымен, яғны биогеоценозбен, табиғи зоналармен,биогеографиялық облыстармен және өсімдіктер формацияларымен анықталады. Биосфера, атмосфера, гидрсфера, литосфера тығыз байланысты, олырдың эволюциясына ықпал ете отырып,планетадағы заттар мен эенргия ауысуы мен олардыңайналымын қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі заттардың биологиялық айналысын өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және микроорганизмдердің өзара қарым қатынасымен анықталады, олардың глобальды рөлі тіршілік иелерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты. Жасыл өсімдіктер атмосферадағы молекулалық оттегін көбейте отырып, күннің жарық энергиясын жинақтауда және жер бетіндегі алғашқы органикалық заттар биосинтезінжасауда космостық роль атқарады. Өсімдіктер биоценоздағы трофикалық тізбектің бастапқы буыны. Жануарлардың экологиялық пирамида деп аталатын экологиялық жүйенің басқа да биологиялық компоненттерін жасаудағы ролі олардың зат алмасу энергия айналу процессіндегі аралық тізбек ретінде қалыптасуымен байланысты. Микроорганизмдердің глобалдық ролі органикалық заттарды минерелдауы, тау жыныстары мен топырақты жіне басқа да организмдерде патогендік әрекеттердің пайда болуы әрекеттерінен айқын көрінеді. Тіршіліктің глобалды әрекетін теориялық пайымдаудың негізі ретінде санауға болады. Зерттеулер нәтижесінде түрлі деңгейдегі биоценоз бен экожүйелер туралы ұғымдар қалыптасып, одан әрі дамиды. Жердің геологиялық тарихының факторларын анықтайтын биосфераның кең көлемді концепциялары жасалды. В.И. Вернадский ұсынған бұл концепциясы глобалды тіршілік заңының негізгі ядросы. Глобалды масштаб жөнініен біздің планетамыздағы биомассасы үлкен емес, бар жоғы жер шары массасының 1\60000000 ғана құрайды. Дегенмен әсер ету масштабы жөнінен биомассасы планетадағы геохимиялық куштердің ішіндегі ең куштісі. Атмосферадағы ауа құрамының қалыптасып тұрақтануы тіршіліктің нәтижесі. Гидросфераның химиялық құрамында организмдер тіршілігінң нәтижесі екендігі дәлелденіп отыр. Топырық тірі заттардың активтік аумағы және тіршілік әрекетінің өнімі. Жердің шөгінді тұқымдастары ол тірі заттар жасаған биогенді тұқымдасы. Жердің гранитті қабығы шөгінді тұқымдастардың балқуы себебінен пайда болған.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!