СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



Төменде берілген ойындар костюм, арнайы орынды қажет етпейді, бұл ойындарды сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады.

 

Ойын

Тақтада “Bingo” сөзі жазулы тұрады. Мұғалім балалармен бірге дөңгеленіп айнала отырып тақпақтың екі жолын айтады.

The farmer’s dog is at our door.

And Bingo is his name.

Bingo, Bingo,

And Bingo is his name.

“Name”сөзіне келгенде барлығы тоқтайды. Балалардың біреуі тақтаға қарап B [bi:] әрпін айтады. Содан өзінің сол жағындағы көршісін көрсетеді. Ол келесі әріпті айтады I [ai], т.б. Осылайша сөздің соңғы әрпіне дейін жалғасады. Соңғы жолды балалар хормен айтады. Басқа да аттарды айтуға болады: Rex, Spot, Berry.

 

Ойын

Сыныпқа жұмбақ берместен бұрын, оқушы өз отбасы туралы айтып береді:

“My family is large. I have a mother, a father, a grandmother, a grandfather and sister Mary. I have uncles and aunts, too.”

Guess my riddle: His name is John.

He is not my uncle.

He is not my father.

He is not my grandfather.

Who is he? (answer: He is your brother)

 

Ойын

Барлық оқушыларда түрлі – түсті қарындаштар болуы керек. Мұғалім ойынның шартын түсіндіреді. Балалар, сендер жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығатынын білесіңдер. Осындай кемпірқосақты салып көрейік. Бірақ мынандай шарт бар: мен ағылшын тілінде түстерді атаймын, сендер сол бойынша сурет саласыңдар. Мынандай ретте салайық: red, orange, yellow, green, blue, violet.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!