Тұндыру әдісіндегі Фольгард және Фаянс тәсілдеріне сипаттама.



Фольгард әдісі. Күмістің тиоцианат ионымен әрекеттесу реакциясын есепке алып, галогенид иондарды анықтау үшін кері тирлеу әдісін қолданады. Галогенидтердің (хлорид немесе бромид) анализденетін ерітіндісіне күміс нитратынын титрленген ерітіндісінің артық мөлшерін қосады, тұнбаға түспеген күміс иондарын темір ІІІ иондары бар тиоцианат ионымен титрлейміз. Индикатор – темір ІІІ тиоцианат комплексі.

Пайдаланатын темір реакциясы М тиоцианатты анықтауға мүмкіндік туғызады. Эквиваленттік нүктеде иондар концентрациясы тең болады:

[ ] = [ ] = = = 1.05 * М

Тиоцианатын мұндай концентрациясында темірдің тиоцианаттық комплексінің бояуын анықтау мүмкін емес. Калий тиоцианатының артық тамшысынан анық қызғылт сары бояу пайда болады.

Фольгард әдісі, күміс ионымен нашар еритін қосылыстар түзетін, мысалы: оксалаттар, фосфаттар жіне басқалар сияқты аниондарды титрлеуге мүмкіндік туғызады. Титрлеуді қышқыл ортада өткізеді, бұл әдістің елеулі құндылығы болып табылады.

Фаянс әдісі. Берілген әдісте адсорбциялық индикатор қосылыстар қолданылады, олар тұнбаға адсорбцияланғанда өзінің түсін өзгертеді, ең бірінші түзілген тұнба бетіне ионмен бір аттас иондар адсорбцияланады. Бромидті күміс нитратымен тирлегенде AgBr тұнбасының бетіне бромид иондары эквиваленттік нүктесіне дейін көбірек адсорбцияланады, ал артық теріс зарядты бейтараптау үшін тұнба бөлшектеріне ерітіндіден оң зарядталған иондар тартылады. Эквиваленттік нүктесінен кейін иондарының артықтары тұнба бетіне адсорбцияланады және енді зарядталған тұнбаның бейтараптау үшін ерітіндіде теріс зарядталған иондар қажет, мысалы, индикатор аниондары. Кейбір бояғыштардың аниондары адсорбцияланып, түсін өзгертеді. Адсорбциялық индикаторлардың әсер ету механизмі осыған негізделеген. Хлоридті титрлеу үшін жиі қолданылатын адсорбциялық индикатор флуоресцеин болып табылады, ол ерітіндідегі жасыл-сары бояуын AgHaL күйіндегі тұнба бетінде адсорбцияланған қызыл түске. Бұл индикатормен титрлеуді рН = 7-10 болғанда жүргізеді, себебі ол әлсіз қышқыл болып табылады. Басқа адсорбциялық индикаторлар кестеде көрсетілген.

46.Тұндыру әдісінің индикаторлары: индикатор-реагент және адсорбциялы индикаторлар туралы түсінік.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!