Титриметриялық (көлемдік) талдауда қолданылатын ертінділердің түрлері, оларға сипаттама, дайындау жолдары



Титриметриялық көлемдік талдау әдісінде химиялық затты сандық анықтау, өзара әректесуге кеткен екі ерітіндінің көлемін өлшеу арқылы жұзгізіледі.

Титриметриялық талдау әдісі гравиметриялық талдау әдісіне карағанда орындалу жылдамдығымен, орындалатын операцияларының қарапайымдылығымен және алынатын нәтиженің дәлдігімен ұтымды.

Концентрациясы белгілі ерітіндіні концентрациясы белгісіз ерітіндіге(немесе керісінше) қосу процесі титрлеу деп аталады. Титр дегеніміз-1 мл ерітіндіде еріген заттын грамм мөлшері.

Титриметриялық талдау кезінде жүретін реакцияларға ерекше талаптар қойылады.

Титриметриялық талдау әдісін қолданылатын химиялық реакцияның типіне байланысты төрт топқа бөлуге болады.

1. Қышкылды-негіздік (бейтараптау) титрлеу әдісі.

2. Тотығу-тотықсыздану (редоксиметриялық) әдісі.

3. Тұндыру әдісі.

4. Комплекс түзу әдісі.

Қай әдісіпен, титриметриялық арықтаулар жүзгізілсе де міндетті түзде титрленген жұмыс ерітіндісі, болу керек, әрекеттесетін ерітінділердің дәл қөлемін өлшеу, эквивалент нүктесінің айқын білінуі, анализ нәтижесін дұрыс есептеу қажет.

Титриметриялық талдау кезінде концентрациясы нормальдылықпен корсетілген ерітінділер қолданылады. Нормальдылық дегеніміз-1мл ерітіндіде қанша грамм-эквивалент зат ерігенін көрсететін мән. Титр- 1 мл ерітіндіде еріген заттың грамм мөлшері. Т HCl =0,03604 Бұл осы ерітіндінің әрбір миллилитрінде 0,03604г HCl бар деген ұғым. Грамм-эквивалент-берілген реакциядағы 0,5 моль не 1г-ион сутегіне химиялық эквивалентті болатын заттын грам саны. Титриметриялық талдау әдісінде бірнеше ерітінділер түрі қолдынылары. Титрленген жұмыс ерітіндісі –концентрациясы дәл белгілі ерітінді. Егер дәл өлшем алып, оны коле,мі белгілі колбада ертік белгісіне дейін су қосып дайындалған мұндай ерітінділерді стандартті ерітітнділер немесе титрі дайындалған ерітінді деп атайды. Ондай ерітітнділердің титрін оңай есептеуге болады Т=m/V

44. Тотығу-тотықсыздану процесіне, стандартты сутекті электро, стандартты потенциалға түсінік. Понтенциал тотығу-тотықсыздану қабілетінің өлшемі болып табылады. Бір редокси жұптың потенциалын өлшеу мүмкін емес, сондықтан екі электрод потенциалдардының айырымын өлшейді. Негізгі салыстыру электроды ретінде стандартты (қалыпты)сутек электродын қолданылады. Ол ұсақ дисперсті платина (қарайтылыған платина) қабатымен қапталған платина пластикасы болып табылады. Сутекті 1 атм қысым астында электродқа береді, онда ол адсорбцияланып атомдыққа айналады. Электрод активтіктері 1-ге тең сутек иондарымен жанасып тұрады. Стандартты электродтың потенциалын ОВ(еркін шама) деп қабылдаған.

Стокгольм сьездінде қабылданған таза және қолданбалы химия бойынша Халықаралық одақпен (ИЮПАК)тиісті нұсқаулармен потенциалдың белгісі және электродтық реакциялардың жазылуы анықталады.

Егер тотыққан түрі сутек ионымен қарағанда күштірек тотықтырғыш болса, редоксижұптың потенциалы плюс белгілісімен, ал тотықсызданған түрі сутекке қарағанда күштірек тотықсыздандырғыш болса минус белгісімен жазады.

Стандартты электродтық потенциал Е0 деп, берілген тотығу-тотықсыздану жүйесі стандартты жағдайда ие болатын потенциалды санайды: компоненттер активтігі 1-ге тең.

Жартылай реакция потенциалының оң шамасы қанша жоғары болса, редокс жұптың тотыққан түрі сонша күштірек тотықтырғыш болып табылады.

Мынандай ереже бар: редокс жұптың тотыққан түрі аз потенциалмен сипатталатын тотықсызданған түрімен әрекеттеседі (яғни,стандартты потенциалдар кестесінде төмен орналасқан түрі), бірақ потенциалы үлкен редокс жұптың тотықсызданған түрімен әрекеттеспейді.

Жүйедегі ерімтал компоненттердің концентрациясы өзгерген сайын потенциал шамасы стандартты потенциал шамасынан ерекшеленеді,. Эксперимент жүзінде потенциалдық концентрацияға тәуелділігін, индикаторлық электродтан және потенциалы белгісіз салыстыру электродынан тұратын ұяшықтың электр қозғаушы күшін (Э.Қ.К)өлшеп анықтайды. Редокс-жүйенің компоненттердің әр түрлі концентрацияларында электродтық потенциалының теориялық мәні Нернст теңдеуі бойынша есептеледі:

E=E0+RT/nF ln aax/aRed≈E0 *RT/nF ln[Ox]/[Red]

Нернст теңдеуі бөлме температурасында (250) қысқарады

E=E0+0,059/n lg [Ox]/[Red]


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!