Ертіндінің иондық күші.Активтілік және активтілік коэффициентке анықтама бер.



Ертіндінің иондық күші – ертіндіге барлық ионның сарасындағы электростатистикалық әрекеттесу мәні болатын шама. 1907 ж Льюис «активтілік» ұғымын енгізді(а) Активтілік – заттың иондық эффекті концентрациясы шексіз сұйытылған ерітіндінің активтілігі молярлы концентрациясына тең. a= с г-ион/л

Активтілік коэффициент f-активтіліктің ерітінді концентрациясына қатынасы: f=a/c а=f*c Активті концентрация – ертіндідегі гидратталған бос иондарының концентрациясы. Активтілік коэффециент мәні ерітіндінің иондық күші арқылы лезде кемиді.Иондық күш μ – ертіндідегі электростатикалық өрістің мәні. 1921 жылы Льюис ашқан. μ =1/2 (с1*z12+ +… сn*zn2) μ – иондық күш, Z2n- заряд ядросы, (с1с2 – жеке ион концентрациясы, z1z2-осы ионның квадратпен ашылған заряды.

21 Ерігіштік көбейтінді туралы түсінік.Электролиттердің ерігіштігіне аттас иондар- дың және басқа иондардың әсері. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) деп тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісін айтады:

С(К+)С(А-) = const және ЕК = С(К+) С(А-). Температура өскен сайын ЕК өседі. Ерігіштік көбейтіндісін заттың еру мөлшерін білу үшін қолданады. ЕК-ны білсе иондардың концентрациясын табуға болады. ЕК-ны білсе заттың ерітіндісінен тұнба түзілу мүмкіндігін білуге болады. Егер ерітіндідегі иондардың концентрацияларының көбейтіндісі ЕК-дан кіші болса, тұнба түзілмейді. Ал ол көбейтінді ЕК-ға тең, немесе үлкен болса, тұнба түзіледі. Егер нашар еритін тұздың бір ионы комплекс түзуші болса, осы тұзға комплекс түзуге қабілеті бар қосылыстың ерітіндісін құйса, тұнба ериді. ЕК белгілі болса, химиялық реакциялардағы тепе-теңдіктің қай жаққа ығысатынын алдын ала болжауға мүмкіндік туады. Ерігіштік көбейтіндісі заттың еру қабілетін сипаттайды, ЕК жоғары болса, заттың ерігіштігі де жоғары. Біртекті ионды ерітіндіге қосу иондар концентрациясының көбейтіндісін арттырады, яғни электролитті тұнбаға түсіру үшін ерітіндіге біртекті ион қосу керек. Электролиттің еруі біртекті ионды қосқанда ғана емес, кез келген ионды қосқанда байқалады. Оны «тұз эффектісі» деп атайды. Бұл құбылысты кез келген ион қосу кезінде ерітіндінің иондық күшінің артуымен түсіндіруге болады. Электролиттер ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Ерітіндідегі химиялық реакциялар жүріп, тепе-теңдік оңға қарай ығысуы үшін төмендегідей шарттар сақталуы керек: реакция нәтижесінде аз еритін заттардың түзілуі, аз диссоциацияланған заттың түзілуі, газ күйіндегі заттардың шығуы.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!