С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз 4 страница



65)М.Әуезовтің «Еңлік Кебек» трагедиясының жанрлық сипатын байыптаңыз.Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан көріп, жанаша тірілтіп, жаңғыртып ұмытпай жадында сақтайды, есіне тұтады.Солай кете береді ұрпақтан ұрпаққа. Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған Еңлік пен Кебек жайлы халық аңызы болатын.Әуезовтің тырнақалды пьесасының образдар жүйесін,драматургиялық, жанрлық табиғатын сөз қылу аз.Аса күрделі шығармашылық тұлғаның эволюциясын, оның эстетикалық философиялық сатыдағы өсу жолын көрсету қажет.Бір жағы тұрпайы социолизмнің қала берді кеңестік саясаттың әдебиет шығармаларын обьективті бағалауға жасаған зияны, екінші жағы жеке адамға табыну кезіндегі субьективті себепкер Әуезов шығармашылығының алғашқы дәуірін нақты дәл топшылауға мүмкіндік бермеді.Жас жазушының кемшілік қайшылықтарының диалектикалық себептері ашылмады.Кейбір пікірлер көркем өнердің күрделілігін ұғынбай, құр дақпырттан шығып жатты, ол шынайы эстетикаға жат өткінші құбылыс болатын.

Мұхтар Әуезов неге «Еңлік Кебекті» жазды? Көркем шығарма аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл-эстетиканың белгілі шындығы. Талант тәжірибе, біліммен, қоса ең басты, ең негізгі, ең шешуші фактор-жазушының дүниетанымын, санасын қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. Өнер мен өмір арасындағы байланыстың бір қырын осы заңдылық айқын көрсете алады.

«Еңлік - Кебек» трагедиясы автордың «өткен өмірді аңсауынан» туған жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша аңыз драмалық шығармаға жақсы материал болды. Жас Мұхтардың ең жақсы білетіні өзі өскен орта, төңкеріс алдындағы қазақ аулының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар психологиясы болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді.

Спектакльді қоюшылардың бірінің жазғанына қарағанда екі киіз үй қатарласып тігілген. Қазіргі ұғыммен айтқанда бірі – сахна, екіншісі – зал есепті болған. «Еңлік Кебектің» 1917 жылы, мамыр айында қан жайлауда қойылған тұңғыш қойылымына жиылған көрермен саны жүзден асыпты. Бір қызық деталь – ойынға елу тиыннан билет сатылып, барлығы 54 сом 50тиын жиылыпты. Бұл ақша Құлжадағы ашаршылыққы ұшыраған қазақтардың пайдаасына жөнелтіледі.

Абыз болып Зікәйіл, Кебек болып Аққенже, Еңлік болып Ахмет, Еңліктің шешесі Қалампыр болып Жағыфар, Жапал болып Жебірейіл, Кеңгірбай болып Ысмайылхан, Көбей болып Құтайба, Еңліктің әкесі Ақан болып Бастами деген жігіттер ойнайды. Спектакльді қоюшы режиссер де, ойнаушылардың ұмытқанын есіне салып жіберетін суфлер де – Мұхтар Әуезовтің өзі.

Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тариханда да айрықша орын алған «Еңлік - Кебек» пьесасының тақырыбы, образдары, идеясы аса қызықты мәселе. Тұңғыш вариант туралы сөйлегенде жүгінеріміз – 1922 жылы Орынборда басылған кітап, автордың өз қолжазбасы сақталмаған, жоғалып кеткен.

Мұхтар «Еңлік - Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрынғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғарады. Бұл ретте Әуезов шекспирді еске түсіреді. Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.

Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді.

Филология ғылымдарының докторы Темірғали Нұртазин былай деп жазды: «Түгелдей алғанда жазушы (М.Әуезов-Р.Н.) жиырмасыншы жылдарда өмірдің елеулі мәселелерін көтерді, ескілігі әлі пәлендей ыдырай қоймаған ауыл тіршілігінде сорақылықтар мол екенін ашты, негізінде жаңашыры қанаушы үстемдер емес, қорғансыздар, еңбеккер Жаксылықтар ар намысын қорғаған Бақтығұлдар болды» («Жазушы және өмір» А.,1960, 185-б).

«Алғашқы шығармаларында-ақ Мұхтар өзінің аса талантты, білімді, мәдениетті, болашағы үлкен жазушы екенін байқатты»,- деп көрсетті профессор Бейсенбай Кенжебаев (Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті)

«М.Әуезовтің творчествосының алғашқы кезеңі жазушының әр түрлі көңіл-күйде бола тұра, негізінен халық өмірінің шындығын жырлағанын байқатады. Соның өзінде оның суреткрлік таланты реализмге опасыздық жасаған жоқ», - деді филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаев (Сәкен сейфуллин, А., 112-б.).

Сөйтіп, әуел баста халықтық аңыз негізінде туған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып, байытылу арқасында образдары кесек-кесек, конфликтісі шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық пьесаға айналды.

66)Повесть және роман жанрларының айырмашылықтарын ажыратыңыз.

Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.

Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды

Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Самгиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник, әңгімелеу тәсілі тән. Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы – «Атау кере» повесі атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады. Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна - замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі – шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі - үш әлем, үш категория. Бұлардың барлығын тылсым тағдыр, айналып келгенде біраз уақыт бір шаңырақта өмір сүруге жолықтырған еді. Осылайша, жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!

Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, 16 — 18 ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің “Дон Кихот”, француз жазушысы Лесаждың “Ақсақ шайтан” романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.

Роман – үлкен көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Оны жазу үшін де әуелі талант пен еңбек, сонан кейін жағдай керек. Жағдайдың жайын анықтайтын көрсеткіштердің қатарында уақыттың орны ерекше. Тақырыптың тууы, шығармашылық ой өзегінің жетілуі, шығармаға арқау болатын шындық құбылыстар тобының анықталуы туралы айтпағанда, жазушының ой бағында барынша пісіп-жетілді деген романды ақ қағаз бетіне түсірудің өзі «ұзақ уақытты» алатыны рас. Оның үстіне, бұл қол еңбегі емес, ой еңбегі, шығармашылық еңбек. Ал енді жазушының осынша күш-қайрат жұмсап, алтын уақытын бөліп жазған «еңбегі еленіп жатыр ма?» дегенге келгенде, ойланып қалатынымыз рас. Егер де романда көрініс тапқан өмір шындығы іргелі, маңызды болса, жазушы шеберлігінде мін болмаса, оны оқыған жұрттың көңілі тербеліп, жүрегі тебіреніп, тазарып, арылып жатса, онда жазушы еңбегінің еленуі деген осы емес пе.

Роман көлемінің қысқаруы алқын-жұл­қын заманға бейімделуінен деп ойлаймын. Бұл әңгіменің екі ұшы бар. Бейімделу – табиғи эволюциялық қажеттілік болуы мүмкін. Бірақ мен жазушы ретінде бейімделу дегенді суқаным сүймейді. Кез келген құбылыстың өзіндік себеп-салдары, моральдік мотивациясы бар. Әр жазушы ішінде толғатып жүрген шығарманың көлемін біледі. Прокруст төсегі деген ұғым бар. Грекияда пайда болған философиялық аңыз ғой. Әлгі төсекке адамды жатқызып, басы шықса басын, аяғы шықса аяғын кесіп тастайды екен. Әңгүдік патшаның шығарған талабы. Романдарды қыртып, «прокруст төсегіне» жатқызып қинаудың қажеті жоқ. Жүз, елу, жиырма бетке сыймайтын романды кесіп, күзеп, жүнін жұлған тауықтай қылудың қажеті жоқ. Марсель Прусттың бір шығармасы новелладан басталып, соңында ол он үш томдық роман-эпопея жазып шығады.

67)Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелерін талдаңыз.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана>>, «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «… Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана…»

Ал Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «… Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр… Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс… Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты… Бұдан әрі өжет ана Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі.

Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.

Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі —«Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді.

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» — бүкіл аналардың жиынтық бейнесі тәріздес кесек полотно.

«Ұлпан» — тарихи ел шежіресінін мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Романдағы бас кейіпкер Есеней — қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол ПІыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланыш, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылыш, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз.

Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады. Есенейдің уыздай Ұлпанды қолға түсіруіне екінші себеп — айттырған күйеуі Түлен саудагердің таз баласы Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Мыңғырған малы бар, бір уез елді ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, айғыр үйір жылқы беріп, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Бес болыс Керей — Уақтың Есенейіне Ұлпан қалың малын өзі айтып, «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»- дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің», — деп кесіп жауап береді. «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан жүрегін жібіткен Ұлпан болды»,—деп суреттейді жазушы. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді.

Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса).

Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!