С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз 2 страница



 

61)-------------

«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б].
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3;86б],- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,


ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы[4;88б].
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.

Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1;14б].
Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді"

62)--------------

Творчестволық эволюцияның батыл да, еркін жанры — повесть. Əдебиетші Лев Якименконың айтуына қарағанда, роман-эпопея секілді, повесть- эпопея деген жанр үлгісі болмақ. Ғалым пікірін батыл айтқанымен дəлелдеп үлгермей көз жұмды. Қазақ жазушылары повестерінің зерттелуі төл əдебиеттану ғылымымызда ескерусіз қалған жоқ. 1970-80 жылдарда қазақ əдебиетінде осы- ған дейін жетекші жанр саналып келген роман өз орнын повесть пен əңгімеге ұсынғандай болды. Себебі, XX ғасырдың соңғы ширегінде қарқындай дамыған ғылыми техникалық рево- люцияның (FTP), одан бергі ақпарат ағынының əсерінен, қысқалық пен нұсқалық сөз өнеріне де тəн бола бастады. Көркем əдебиеттің орнын ақпараттар ағынын тасқындатқан теледидар мен радио баса бастағандықтан, адамдардың, яғни оқырманның уақыты мейлінше азайып кетті. Уақыт пен мезгілдің заңды талабына сəйкес дүниежүзілік əдебиетте повесть жанры алдыңғы қатарға шығып, дəуірінің ең басты проблема- ларын қорғауға міндет алды. Жеке бастың (тұлғаның) рухани-адамгершілік əлемі, гуманис- тік, философиялык, этикалық проблемалары – міне, атан түйеге жүк боларлық осынау аса ауқымды мəселелерге жауап беру, ізденіс сапа- рына шығу – қазақ повесінің тақырыптық-идея- лық ерекшеліктерін көрсетудің басты шарты болды десек қателеспеспіз. Замана талабы қанша тосқауыл қойғанымен, қазақ қаламгерлері "өткізу үшін шындықты, өтірік қостым ішіне" (Қ.Мырзалиев) дегендей, тұспалдап талай нəрсені жеткізе білді. Ал бұл ұлтымыздың қоғамдық сана, ақыл-ойының кемелденуіне едəуір ықпал еткені даусыз. Жаңаша ойлау процестерін біраз жеделдетіп, оның қанат жайып өрістеуіне, тарихи қажет- тілікке айналуына өз повестерімен үлкен үлес қосқан Д.Исабеков те осы кезеңде шағын жанрға қарымды қалам тартты. Осы жылдар ішінде ол "Гауһар тас", "Мазасыз Күндер", "Пері мен періште", "Дермене", "Сүйекші", "Тіршілік", "Біз соғысты көрген жоқпыз" повестерін дүниеге əкелді. Əдеби дамудың жаңа кезеңінде шығармашы- лығын бастаған жазушы Д.Исабеков те қаһар- манын өзгеше орта мен жағдайдан таңдап алып, кейіпкер бейнелеудің ашылмай жатқан қалта- рыстарына көңіл бөлді. Мұны байқаса да, идео- логияға сай дəстүрлі көзқараспен сараптағандар да, тың ізденіс деп бағалағандар да бар. Ш.Елеу- кенов «Д.Исабековте жақсылық азап шегеді» [1,48] деп таныса, Р.Нұрғалиев «жаншылған тағдыр» [2,154], Б.Ыбырайымов «бейшара жан» [3,94] деп, кеңестік пайыммен сынайды. Ал С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов т.б. зерттеушілер мұндай бағалауларды суреткердің психоло- гизмді сəтті пайдалануымен байланыстырады. Д.Исабековтің заманға терең зер салуынан туған кейіпкерлері өмірінің өзгеше өрілуінің бір се- бебі шебер психологиялық мүсіндеуінен деп пайымдайды. 60-70-жылдар жазушыларының ішінен Д.Исабеков туындыларын жан-жақты қарастырып, суреткердің шығармашылық дара- лығы мəселесін көтерген М.А.Қанафина диссер- тациялық еңбегінде жазушы шығармаларындағы керкемдік тартыстың түрлерін анықтап, заман- дастар проблемасын зерттеді, композиция құру, психологиялық талдау, тілдік құралдар қолда- нуын өзіндік стилі деп тұжырымдаса, кейінірек Д.М.Неталиева жазушының повестеріндегі ұлт- тық мінез сипаттарын талдайды. Қ.М.Хамзина қазақ повестеріндегі көркем уақыт жəне кеңістік (XX ғ. 70-80 ж.ж.) мəселесін зерделей отырып, осы категория шеңберінде өзге авторлармен бірге Д.Исабеков туындыларындағы адам кон- цепциясын, сюжеттік-композициялық құрылым ерекшеліктерін саралайды. Уақыт пен кеңістік ұғымын жазушы ізденісіндегі ұлттық болмыс ерекшелігімен байланыстырады. Дулат Исабековтің «Сүйекші» повестінде тек өз заманының ғана емес əр замандағы адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық концепциялары сөз болады. Əлем ойшылдары Ф.Кафка мен Ж.Сартрдың жеке тұлғаның өз тағдырьна қатыс- сыздығы жəне өз өміріне параллель өмір суруі тəрізді идеялары негізінде туды деуге болатын- дай. Жапандағы жалғыздық, "құдайы жоқ мынау əлемде" (Қ.Мырзалиев) күнелту (өмір сүру емес - күнелту; не жить а существовать) тақы- рыбы əдебиетімізде бұрыннан-ақ бар. Сөзіміз- дің дəлелі ретінде М.Əуезовтің "Қорғансыздың күні" əңгімесін алуымызға болады. Сонымен қоса, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» əлемдік концепцияның тууына себепкер болған мəңгүрттік ұғымы заман өте келе тек формасын ғана өзгертіп отырады. Осындай мəселелердің теориялық жəне əдіс- намалық негізін Қазақстан жəне шетел ғалым- Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132). 2011 285 дарының көркем əдебиеттегі кейіпкерлер мен образдар көрінісі жайлы жазылған, көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан талда- ған, сондай-ақ Д.Исабеков шығармашылығын зерттеген еңбектер құрайды. Атап айтқанда, В.Оскоцкий, И.С.Кон, В.Н.Гвоздей, М.Чимпой, Б.Бурсов, Ю.И.Суровцев, А.Мамедова, И.Ғабдиров, М.Дүйсенов, М.Əуезов, М.Базарбаев, Ш.Елеу- кенов, Н.Ғабдуллин, Б.Əлімжанов, С.Қирабаев, Т.Тоқбергенов, С.Асылбекулы, С.Таханов, Б.Ыбырайымов, Қ.Ергөбеков, С.Таханов, Қ.Əбдезұлы, Б.Ыбырайымов, С.Асылбекұлы, Б.Кəрібозұлы, Р.Мұқышева, Д.Неталиева, А.Таңжарықова т.б. Д.Исабеков шығармашы- лығының əр қырына қатысты сын, зерттеулерде ғана сөз болған кейіпкер, ұлттық мінез мəселесі арнайы тақырып ретінде сарапталды жəне қазіргі қазақ əдебиетіндегі мəн-мағынасы, орны анықталды. Шығармаларды талдау арқылы онда кездесетін қазіргі кезеңдегі адами құлдыраудың формалары анықталды. Бұл орайда қазақтың адамтану жəне адамды бағалау философиясы негізінде жазушы қалыптасқан социалистік реализм əдісіне өзгеше қырынан келіп, кеңестік кеңістіктегі əдебиетке қозғау салуға үлес қосқандығын айта кеткіміз келеді. Ұлттық рух, ұлттық сана турасындағы идеясын ашық немесе емеурінмен білдіре отырып, өз заманының идео- логиялық пайымын бұзуға тырысты. Тұрмыстық трагедияларды жаза отырып, кейіпкердің бел- сене күреспесе де жеңіп отыруын ұлттың жан сырынан, ділінен іздегендігі байқалды. Қазақ- тың өмір сүру философиясы арқылы ұлттық мінез сипаты сараланып, жазушы концепция- сындағы қазақ реализмі танылды.[4,23] "Сүйекші" - қаламгер шығармашылығьндағы, ол ғана емес, ұлттық əдебиеттегі өлі сөз етілме- ген тыңға түрен салған туынды болды. Сүйекші Тұңғыш кім? Ол – ішкі жан-дүниесі тоналған базардай тоз-тозы шыққан, кеудесінде жүрегі соғып тұрғанмен, жаны өлексеге айнал- ған жан. Француз ойшылы Ф.Кафка пəлсапа- сының негізі – тұлғаның өз өміріне қатыссыз- дығы (отреченность) идеясы. Орыс ойшылдары мен жазушыларында (əсіресе XIX ғ. II жарты- сында) да "прокаженный" яғни "аластатылған" ұғымы жиі кездеседі. Тұнғыш та өмірге біреудің аяулы перзенті болып іңгəлап келді. Ата-ана мейірімін түйсініп үлгермей жатып, аманатқа калдырылған бала көрінгеннің көзтүрткісіне айналды. Кез-келген адам баласының жүрегінде мейірімнің шуақты нұры құйылып сақталатын құты болады десек, осы құты Тұңғышта жойы- лып кетті. Жаны қайырым көрмеген пенде рухани тұрғыдан кедейлене келе бір кездерде "жаны тоналған рухани мешеуге" (Қ.Ергөбек) айналары сөзсіз. Осыдан келе пенденің өзі сүріп отырған өмірге деген немқұрайдылығы, қатыс- сыздығы шығады. Тоғыз жасында Аманаттың күйін кешкен Түңғыш балалықтың бал дəмінің орнына есік- тегі иттің басына тілемейтін азап күн кешеді. Зілді зар мен ащы мұң енді Аманатты Кеңке- леске айналдырады. Тəні бар, жаны тірі аруаққа айналғандарды бүгінде ғылым мен парапсихо- логия тілінде зомбилер деп атайды. Кеңкелес те сондай. Нұқып айтқан мырзаның бұйрықтарын түгел орындауға əзір, өзі үшін немесе өз жаны- ның рахаты үшін басы да ауырмайды, балтыры да сыздамайды. Кеңкелес боп жүріп ер жеткен Түңғыш үйленіп, үй болып, жеке түтін түтетуді ойланбайды тіпті. Физиологиялық табиғи дамуы тежелген мұндай сұмдық оқиғаны Ш.Айтматов- тың "Боранды бекетіндегі" əлемдік концепция- ның тууына себеп еткен мəңгүрттік оқиғасынан кездестіруімізге болады. Перзенттік сезімнен тірідей айрылу оқиғасыньң түбі жоңғарлардың жан түршігерлік жазалау əдісінде жатса, "Сүйек- шіде" мұндай жазалау жоқ. Əйтсе де, суреткер айнала ортаңның сенің тағдырыңа деген алаң- сыздығы, жеккөрініші əсерінен де мəңгүрітіктің туатынын шебер дəлелдейді. Кеңкелес бейнесіне көз сала отырып, оның бір кездерде анасы мен бауырының өліміне жаны күйіп шырылдай жылағанына тіпті де сене алмайсың. Автор қорытатын философиялық теория да сонда жатыр. Аманат - Кеңкелес - Диуана - Сүйекші. Бұл – кейіпкер есімінің, атының өзгеруі. Осыны жазушы кейіпкер характерінің өзгеруімен жымдастыра сəтті суреттейді. Кейіпкер жан- дүниесі езгерді. Соған орай аты, кəсібі жыл- қышы, диуана, сүйекші болып өзгерді. Міне, осы аралықта Тұңғыштың характер өзгерісі ашылып отырады. Характер сапасына қараңыз. Ұрылар қол-аяғын байлап, ат артына бөктеріп, жапан далаға апарып аударып тастап кеткенде ол ешқандай карсылық көрсеткен жоқ. Итке таланып, ұрыға жем болып диуанашылық етті. Өз тағдыры үшін күрескен жоқ. Көр қазып, сүйекші болды. Өз болашағын ойлау былай тұр- сын, тек тəңіріден иман тіледі. Ол болашағы үшін күрескен жоқ. Ол үшін енді күрестің мəні де жоқ еді. Өйткені онда жан алып, жан беріп күресерлік, тырмысарлық болашақ қалмаған болатын. Тұңғышты езіп, оның болашағын тонаған əлеуметтік жағдай. Əлеуметтік жағдай атын жамылған адамдар. Тұңғыш – санадан қуылып, ұмытылған жан бейнесі. Тұңғыш неге Үндемес атанады? Осы 286 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №2(132).2011 бір астарлы сұрақ Қомша баласының жан дүниесінің тереңіне бойлатады. Авторлық кон- цепцияны тану қиын. Өйткені характер өзгерісі шебер өріледі, өзгеше өрнектеледі. Дүниеге Тұңғыш есімімен келген сəби ешбір кінəсі де, күнəсі де жоқ болғанмен, өмірдің уын ішеді. Кінəлі – қоғам, күнəлі – Үкітай мен қасындағы жолдас жігіттері. Сыншы Қ.Ергөбеков айтқан «тұңғыштар тағдырының əлеуметтік шындығы» [4,218] да осыларда. Повестте қылмыс пен тəртіп, теңсіздік пен кісілік қатар қойылады. Кейіпкерлер психоло- гиясына барлау жасау арқылы автор бүгінгі өміріміздің шытырман да түйткілді түйіндерін шешеді. Дегенмен, осы мақсатта бейнелеген «бай баласының құдыққа құлап өлуі, Сүйекші шешесінің суықта қатып қалуы - жазушының осы секілді шамадан асып кеткен, дəлел- дəйексіз үрейлі, қорқынышты ситуацияларға тым əуестігін құптауға болмайды» [2,154] деген Р.Нұрғалив пікірі орынды деп ойлаймыз. Ал Б.Ыбырайымов мұндай ойға басқаша уəж айтады: «Сүйекші» повесіндегі ойлы, мұңды сарын кешегі өткен əлеуметтік теңсіздік заманына соны қырынан үңілуден туған» [3,94] Жалпы алғанда, повесть мазмұны мұны əбден дəлелдейді. Автор əлеуметтік жікке бөлінген кезеңнің əлдісі мен əлсізінің жай-жапсарын емес, түгел қазақтың зарын айтқан. «Бір адам- ның емес, бұл шығарма тұтас бір халықтың рухани сорлауының прототипі емес пе екен деп секем аласыз» [5,14]. Құл иеленушілік қоғамды бастан кешірмесе де, құлдық философиясының қазаққа қандай жапа шектіргенін мəлім еткен. Бірақ біздің айтарымыз - Тұңғыштың тірлігімен бар сананы сілкіндіремін деп оқиғаға трагизм элементтерін қоса беру артық. Жоғарыдағыдай сыншылардың дəрменсіз, бейшара кейіпкер деп тануына бұл да өз кезегінде əсер етуі мүмкін. Табанды күресті талап етпей-ақ қоялық, Тұң- ғыш ең болмаса өз тағдыры үшін неге тырбан- байды? Heгe күрес нышанын көрсетпейді?— деп те жазушымен таласуға болар еді. Бірақ, ол күдіктің баршасы сырт қарағанда ғана. Автор- лық мақсат, характер өзегімен қарағанда райдан тез кайтасың. Дегенмен шығарманың орта шеніне дейін Тұңғыш өз тағдыры үшін күрес нышанын көрсетеді. Ол ат құйрығына байлануға қарсы.— «Көке... кекетай... He істемексіз мені? Байлама- ңызшы, жалынамын, айтканыңыздың бəрін істеймін...»—деп шырылдайды Аманат бала. Қабантауға көшуге ықырар емес. «—Ағатай... енді апам қайтіп табады мені?...»— дейді ол. Əлі анаға деген перзенттік сезімі жойылмаған. Ана- сына: «—Қалмаймын, қалмаймын. Үйге алып кетші, апатай»—деп сəби көңілден өтініп жүр. Кек кернеген сəтте Үкітайға карсы шықты. «— Сойып жедім. Түгел, бəрін, бірін қалдыр- май.— Кеңкелестің түсі бұзылып оған жақындай берді. Ашудан жарылып кетердей боп тартып жібергелі қамшысын көтере берген Үкітай оның кісі жерлік мына түрінен шошып, кейін ығыса берді»,— деген сцена оның да бойында титтей де болса күрес нышанын көрсетеді. Бір ғана Тұңғыштың аз ғана ғұмырында көрген азабы мен мазағы, қан жылаған қайғысы мен уайымы, жеңілістен тұратын жалмауыз тағ- дырын осы есімдерінен-ақ аңғаруға болатындай. Нəпақасын диуаналықтан тауып, ''жаны тыныш жұмыс" деп көр қазушыға айналуын бейнелеу - повестің өмірдің қатыгез ақиқатын тап басып көрсетеді. Тұңғышқа өмірінің соңында Өмекейдін келіп, Үкітайдың сəлемін жеткізуі – Аманат баланың əкесі Қомшаның кінəсіз екендігін мойындау еді. Бір сəттік ет қызуымен айтылған өтірігінің бейбақ баланың бүкіл өмірін адам сенбестей айғыздап, өзгертіп жіберерін Өмекей қайдан біліпті? Осы бір ауыз өтірігі үшін өмір бойы өкініп өтерін білгенде бір адамның ғұмыры мүлде басқа арнада дамыр еді. Шындықтың жарыққа шығуы деген – осы. Əдеби кейіпкер – көп қырлы, күрделі құбы- лыс. Өзінің əлеумет, табиғат, басқа адамдармен қарым-қатынаста екі түрге ие: ішкі жəне сыртқы. Ол екі жолмен жүреді: интровертирлік жəне экс- травертирлік. Интроверзия аспектісінде кейіп- кер – «алдын-ала ойланатын» (К.Г. Юнгтың шешендік терминологиясын қолдансақ) Проме- тей, ал экстраверзия аспектісінде «ойланбастан орындап алып, сосын ғана ойланатын» Эпитемей. «Сүйекші» повесіндегі бұлар баламды оқыт- сам деген Қомша мен шындықты айтуға тай- салған Өмекей образдары. Десек те, Тұңғыш - даралана жасалған шынайы образ. Өз өмірін өзгерте алмады деп оған өкпе- лей алмайсың, тағдырын текпіге ұшыраткан өзгелерге кінə артуға тура келеді. Жазушының шеберлігі де сол болса керек, елде жоқ көр қазушы кəсібін меңгерген, естігенде тəнің түр- шігетін Сүйекші атауып иемденген Тұңғыштан - асылдың сынығындай, жаныңды суырып беруге дайын тұратын сенімді бейне туғызуы. Автор осынау повесі арқылы əсемдік пен сұлулыққа кұштарлык жоғалған жерде адамның адамдығы қоса құрбан болатынын шебер дəлелдейді.

63)---------

Әңгіме деген не?

Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен “Әңгіме,—дейді Сомерсет Моем,— ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана окиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек”. Бұл арада Моем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылуы керектігін, екіншіден, шебер жааылуы қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.

Сөз жоқ, әңгіме — бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың классикалық үлгісі — жеті-сегіз беттік әңғіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес, Моем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.

Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар, эстетикалық ләззәт беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемін-де үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтш, жаманынан түңілтіп отыру—. ірі шеберлік. Мұндай шеберліктің үлгісін, мәселен А. П. Чехов көрсеткені, ұлы суреткердің шебер қолынаң қандай ғажайып миниатюралар шыққаны әмбеге аян, Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге салады, қалайша баурап алады сізді? Қөз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов… Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келеді, Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен түңілесіз, бірін аяйсыз, біріне сүйсіне қарайсыз. Енді біреулерінің кейбір оспадар қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп… сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл — әңгіменің тәрбиелік күші.

Ә ң г і м е — қ и ы н ж а н р. Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ак оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам — соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғам-паздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяра апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі — күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұрады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!