С.Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу шығармсының жанрлық ерекшелігін талдаңыз 1 страница



Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғак кешу» романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. С. Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, С. Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады.С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Роман Омбы семинариасын бітірген Сәкен Сейфуллиннің Бұғылы еліне мұғалім болуынан,Ресейде өткен сынақ жұмысына араласуынан басталып,Әулиеатаға келіп,Шуда кеңес үкіметін құру сияқты саяси оиғалармен аяқталады.Осы аралықта 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,төңкеріс кезеңі,ақ пен қызыл соғысы,түрлі партиялардың қызметтері,кеңес үкіметінің Ақмолада орнауы,Чехтар көтерілісі,Ақмоладағы кеңес үкіметінің құлап,өкімет мүшелерінің қолға түсуі,түрмедегі көрген азаптары т.б. суреттеледі.Шығарманың басынан соңына дейінгі оқиғалар,көркемсуреттер Сәкеннің өз көзімен көрген,өз көңілімен түйген дүниелер болғандықтан да,тарихи шындық қаз қалпында баяндалады. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоямай,сол кездегі әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.қазақ аулының қалпы,әсіресе алғашқы тарауларда берілген. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді. Шынында автор осы алға қойған жазушылық міндетін түгел орындап шыққанын көреміз. Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар. Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді. «Мұнда талай кісілердің аттары аталды. Тарихи қозғалыстың көрген, білген оқиғаларын жазған соң, әрине, кісілердің аттары кірмеске болмайды. Мақсат біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің әр кезінде, әр түрлі пікір, әр түрлі әрекет болған. Ол — тіршіліктің, тарихтың ісі. Азын-аулақ қазақтан шыққан, ұлы өзгеріске қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып, революцияның жалпы жауларына қарсы шығысқанда, күрескен дұшпанының бірі «Алаш» еді. Бұл кітапта «Алаш» туралы көп әңгімелер айтылды. «Алаш» туралы әңгімелер айтылғанда әлгі айтқандай сол Алашордада болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ. Тек тарихи мағлұмат ретінде ғана баспа жүзіне шықсын деген оймен айтылды. «Алаш» деген,«Алашорда» деген болды. Оның Октябрь төңкерісіне қарсылық еткенін жұрт өзі де қазір тегіс көріп отыр. Ұлы өзгеріс, революция уақытында «Алашордада» болған адамдардың талайы адасқанын мойнына алып, Совет үкіметіне мойынсұнды. 6 Әдеби KZ Талайы большевик партиясына кіріп те отыр. «Адасқанның айыбы жоқ қайтып үйірін тапқан соң». Бұл кітапқа «Қызыл Қазақстанда» жазылған мақалаларымның «Тар жол, тайғақ кешу» деген атын қойдым. «Ұлы өзгеріс», «Ұлы өткел», «Ұлы асу» деген аттар ойыма келіп еді. Көзбен көргендерім кітапта көбірек айтылған соң, «Тар жол, тайғақ кешу» деген атты лайықтырақ таптым. Бұл атты, жалпы, суретті мағынада алдым. Газеттерден мағлұматтар көп кірді. Бірақ «Бірлік туы», «Жас азаматтар», «Үш жүз», «Тіршілік» газеттерінің керекті номерлері қолыма түспеді. Өйткені мен бұл кітаптың көп жерлері тарихи мағлұмат болуға жарар деп білдім» дейді.

58. А.Нұрмановтың Құланның ажалы романындағы Құлан бейнесі
Табиғат пен адамның қарым-қатынасы бірінші кезекке шығып, ауқымды міндеттерді шешуге атсалысатыны бар да, бұл жайттың қоғам тынысын яғни адам мен қоғамның қарым-қатынасын айналып өтпейтіні мәлім. Сонымен қатар адам мен қоғам арасындағы байланысты яғни адамның қоғамдағы орнын, сол қоғамға деген көзқарасын саралаудың бірінші кезекке шығатынын А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы дәлелдей алды. Алайда біз сөз етіп отырған адам мен табиғат байланысының бұл шығармаға шебер үйлескенін аңғару қиындыққа түспейді. Егер уақыт атты философиялық ұғым тұрғысынан келсек, Құлан –кешегі ақ пен қызыл шабысқан дүбірлі кезеңнің өкілі. Роман оқиғасы сол дүрбелеңнен кейінгі кезеңді қамтыған. Шығарма да ХХ ғасырдың екінші жартысында жарыққа шықты. Құлан – өмір туралы, өмірдің мәні туралы ойланып, белгілі бір тоқтамға келуге үлгермей кеткен асқақ рухтың иесі. А.Нұрманов ұстанымы кейіпкерін әлеуметтік, тарихи, саяси, рухани, философиялық сарындарды шебер үйлестіре алып, органикалық бірлікке, тығыз байланыс биігіне көтерген. Жазушының авторлық ұстанымы, идеясына қатысты мәселелерді қозғасақ, қаламгер санасы мен қаһарман санасы – эстетикалық өзара тығыз байланыста, адам өмірінің мән-маңызы, оның рухани бастаулары туралы өзіндік концепциясын ұсынған қаламгер ойы эстетикалық категория ұғымымен жымдасып, көркемдік шеберлікпен таныла алған.
Бір емес, екі биліктен де сая көрмей, аласұрған бас кейіпкердің жан әлемін, ішкі дүниесін ашуда автордың жүгінетіні – табиғат.
Қаламгер А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы адам мен табиғат үндестігінің кескінделуі жоғарыда айтылған ауқымды жайттардан бастау алса, әр шығармасына жазушылық шеберлікпен қарайтын, әлем оқырманына танымал Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы да Арал экологиясын жазушылық дүниетанымымен бейнелеген. Шығарманың әлем, қазақ әдебиетіндегі соны сипаты да, поэтикалық қуаты да осы қасиеттерінде деп білеміз.

59) Қазақ әңгімелеріндегі дәстүр (Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өнегесі) ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды. Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда да көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Әйтсе де осы жазушының туындыларын оқығанда, ол туралы ойлағанда көбіне-ақ сүйсініп қайран қаламын да тіліме асқақ теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына — ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек артық болар ма екен. Жазушы қалдырған дүниенің аумағы (кітабының санын ғана айтпаймын) қандай ірі суреткерге де жеңіл жүк емес. Онда қазақ өмірінің тұтас бір ең қызықты дәуірі жатыр. Ол дәуір Октябрь революциясынан бастап отызыншы жылдарды орталағанға шейінгі ел өмірі. Сол тарихи жаңару дәуіріндегі патриархалдық-рулық философиядағы қазақ шаруасының саяси, рухани өсуі, оның таптық, ұлттық психологиясындағы терең өзгерістер. Жазушы Бейімбетті — зерттеуші ғалымға теңеуге болар еді. Оның лабораториясы — бүкіл халық, зерттегені ел өмірі, адам характері, психологиясы. Майлин жасаған тамаша характерлерді санап шығудың өзі оңай емес. Оның шығармаларында сан алуан естен кетпес бейнелер жүр. Сол кезде заман туғызған біраз характерлер қазір біздің арамызда жоқ, заман өзгере келе адам да өзгереді. Сондықтан да соларды, кәдімгі арамызда жүргендей жанды қалпында сақтап қалған жазушыға көптен көп рақмет айтқың келеді. Жазушы болмаса сонау жылдардағы қазақ шындығы туғызған талай қайталанбас қызық-қызық бейнелеp біздің әдебиетімізге келмес еді.Жалбыр, Таңсық, Мұқыш, Айша, Раушан, Берен, Бәкен, көк сиырлы Дайрабай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыш... Бұл тізімді соза беруге болады. Солардың әрқайсысы типтік дәрежеге көтерілген жанды бейнелер. Бейімбет шығармаларын оқығанда бұлардың бәрін көргендей, бәрімен бірге жүргендей боламыз. Осы сияқты Бейімбет жасаған ондаған образдар болмаса қазақ әдебиетінің портреттер галереясы ойсырап тұрар еді. Бейімбеттің шыншылдығы мен көркемдігі, ұтқыр жинақылығы (лаконизм) осы заманғы ең алдыңғы қатарлы әдебиеттің дәрежесінде тұрған сан алуан әңгімелері мен повестері болмаса жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ өмірін көрсетуде біздің әдебиет дәл бүгінгідей мақтана алмас еді. Майлин өзі өмір сүрген өз заманын жазған адам. Бірақ ол сырттан барлап, суретке түсуші емес, өз дәуірінің тек жансыз айнасы ғана емес. Сол кезде әдебиетіміздің жастығынан көп жазушылар схематизм мен примитивизмге бой ұрып өмірдегі сыртқы құбылыс, өзгерістерді жазса, өзгеріс процестерін көрсетудің орнына өзгерістердің нәтижесін ғана берсе, Майлин өмір диалектикасына терең үңіле білген. Көшпелі халықтың санасы мен психологиясындағы өзгерістерді жіті көзбен, көңіл көзімен көріп, шынайы көркемдікпен аша білген. Сөйтіп шын мәнінде жаңалықтың жаршысы болған адам.Бейімбет шығармаларының тағы бір абзал қасиеті азаматтық сарынының күштілігі. Шебер суретші өмір көрсетіп қана қоймайды. Бүкіл талантымен сол өмір үшін халықтың қамы үшін алысады. Өмірдегі кедергі болған жайларды, әділетсіздікті әшкерелейді. Жазушы өз xалқы үшін, социалистік әділет үшін екі майданда күрес жүргізеді. Бірі тап жаулары — байлар, солардың құйыршықтары болса, екіншісі совет жолын бұрмалаушы жалған белсенділер, топас әкімдер, жеке басының қамы үшін елдің мақсатын сататын мансапқорлар. Бұларға келгенде жазушы ащы мысқылмен ғана шектелмей отты публицистикаға да ауысып кетеді.

60) ----------

 

 

Бейімбет Майлин - әдебиетіміздің барлық саласында әртүрлі жанрларында бірдей қызмет еткен жазушы. Оның шығармашылығына тән халықтық, қарапайымдылық қасиет тек поэмасында ғана емес, прозалық, драмалық шығармаларында да ерекше байқалады.

Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе, оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жазушы кемде- кем. Қара сөздің техникасын қазақ жазушыларының ішінде Бейімбеттей жақсы білетін кісі кемде – кем десе де болғандай. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын» деген Мұхтар Әуезовтің пікірі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға.

Бейімбеттің проза саласындағы тұңғыш еңбегі – «Шұғаның белгісі» атты атақты повесі. Бұл шығарма жазушының прозадағы тырнақалды еңбегі бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі; оқиға тартысын өрбітудегі жазу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі болып есептелінеді. Повестегі басты образ – Шұға махаббат бостандығын аңсап, сүйген жігіті Әбдірахманға қосылу тілегін орындай алмай, қайғы – шермен қаза болады. Повестің негізгі тақырыбы-махаббат бостандығын аңсаған жастар жайы. Өз заманының көзі ашық оқыған жігіті Әбдірахман Есімбек деген байдың Шұға деген жас қызына ғашық болады. Қыз да Әбдірахманды ұнатады. Көбірек жүздесіп білісудің нәтижесінде бұл екі жас бір – бірін көрмесе тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Екеуі де махаббат құшағына бөленіп тату – тәтті өмір сүруді аңсайды. Әкесінің Әбдірахманға қарсы екенін сезген Шұға өз арманына жете алмайтынын білген соң күйіктен ауырады. Оның ауруы асқынып, өмірден үміті үзіле бастағанын сезген әке Әбдірахманды шақыртады, жалғыз қызының айтқанына көнбек те болады, бірақ Әбдірахман келгенше Шұға қайғылы халде өліп кетеді. Повестегі негізгі мәселе Шұғаның тағдырымен тығыз байланыстырылған. Шұғаның махаббаты, арман – мүддесі, қайғылы зары, трагедиялық халі түгелдей әңгіменің арқауын құрайды. Оқиға сол желі арқылы өріліп ширатылады да, сол жіптің үзілуімен бітеді. «Шұға өмір сүрген ортаны, заман жайын, дәуір кейпін де аңғартарлықтай бірнеше характерлер жасай білген. Шұға - Әбдірахмандар мен олардың махаббатына сүйсіне қарап, қайғысына ортақтасушы. Шұға тарихын әңгімелеуші «сиректеу сақал мұрты бар, қара бұжыр» кісі де, Есімбек байдың малайы Базарбай да ұнамдылық мінез-құлқымен өздерінің жарқын бейнесін танытса, бұларға жау болып көрінген Есімбек бай мен Қажыбай, Айнабайлар да өздерінің кертартпалық, жұғымсыз әдет-ғұрыптарымен оқушының соншалықты жеркеніш сезімін тудырады. Көлемі шағын ғана шығармада бірнеше кейіпкерлердің мінез-құлқы мен характерін драмалық, жекелік ерекшеліктерімен шынайы суреттей білу - жазушының асқан шеберлігін көрсетеді. Бірақ, реалист жазушы Бейімбет ұнамды кейіпкерлерін жылтыратып, боямалап, әсіре қызыл қуыршақ бейне етіп көрсетуден мүлде аулақ. Ол өз кейіпкерлерін адамға тән қадір-қасиет, жақсылы-жаманды мінез –құлқымен жанды бейне ретінде суреттейді. Бұған Әбдірахманның ынжықтау, басқа түгіл өз қара басын қорғап ала алмайтын осалдықтарының өзі-ақ айғақ бола алады. Қалайда Бейімбеттің бұл шығармасы көркемдік шеберлігі жағынан құндылығын осы кезге дейін жоғалтпаған ірі туынды, көрнекті шығарма болып табылады.

Прозадағы алғашқы шығармаларының бірі – «Сексен сом». Мұнда Егеубай деген кедейдің бір күндік өмірін суреттеу арқылы жазушы «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген алаш өкіметінің елді тонаушылық саясатының бет пердесін әшкерелейді. Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде. Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.

Ел басына туған аштық апаты жайлы да жазушы біраз шығармаларын жазады.Солардың ішінде асқан реалистікпен суреттелгендері – «Күлпаш», «Аштық құрбаны», «Әже». Осы үш әңгімеде бұл мәселе үш қырынан көрінеді.

«Күлпаш» әңгімесі 1922 жылы жазылған. Кедей үйінің жұпыны түр-әлпеті. Ішерге ас, киерге киім жоқ. Алты айғы қыс аштық қысып әбден жүдеген жандар. Күлпаш пен баласы Қали аштықтан ісінген, сенері - ел қыдырып қайыр тілеп кеткен Мақтым. Мақтым ертемен тұрып ел қыдырып кетсе, әйелі Күлпаш сол бірдеме әкелетіндей өзін-өзі адастырумен болады. Елден қайыр сұрап кеткен Мақтым да дорбасын мойнына арқалаған бойы күн батып кеш қарая үйіне әрең жетеді. «Қыржиып тырысқан қысқа тон қаудырлы қатқан жаман тымақ, аяғында қонышынан басылған жаман етік; мойнында дорбасы бар жағы суалып, көзі адырайып, адам бейнесі кеткен біреу есіктен кіреді. Бұл - Мақтым еді.» деп жазады жазушы. Осы өмір үшін күресуге де ешбір дәрмен қалмай, аштықтан құтылудың амалын таба алмай отырған Күлпашты туған сіңлісі Раушан келіп айландырады. Раушанның ақылы бұл түріңмен аштан өлесің. Одан да Жұмағазыға ти. «Оған тисең өзің би,өзің хан боласың, 40-50 қарасы бар. Бір ауылдың байы. Бұрынғы қатынынан бала қалған жоқ. Жасы биыл тап 40-та.» Аштықтан шаршаған Күлпаштың қайрат - жігерден, ақылдан да айрыла бастағанын сезген сіңлісі: «....Не бар тамақ соның үйінде, бұзылмаған қазы, бүрулі ет, шұжықтың саны жоқ....Әлі күнге дейін дастарханның наны үзілген емес» деп қызықтыра түседі. Тамақтарды тізіп өткенде Күлпаштың аузынан суы ағып, есі кете жаздайды. «Қарағым-ай, өздерің білші...мен естен танған кісі ғой – дейді ақырында. Сонымен аштық әуелі Күлпаштың бойын жеңіп сай – сүйегін босатса, ойын да, ақыл – есін де, адамдық, аналық қасиетін де жеңеді. Жалғыз ұлы Қали мен сүйіп қосылған жары Мақтымды өлімге қиып, өз басының тірі қалу қамын ойлап, көрмеген, білмеген Жұмағазының үйіне соның тоқалы болуды мойындап кете барады. Жазушы Күлпаш басындағы осы бір ауыр күйзелістерді қарапайым ғана суреттермен шынайы бейнелейді. Күлпаштың жалғыз ұлын да тастап кетуге бет алғанына оқушы сенеді, енді оның кетуін, Жұмағазыға әйел болған күндерді суреттеудің қажеті де болмай қалады. Енді жазушы баласын сағынып, жолдасы Мақтымды аяп, соларды өлімге қиып кеткеніне арланған ананың аяулы келбетін суреттейді. Әңгімені тебіренбей оқу мүмкін емес, кейіпкермен бірге еріксіз күйзелесің – «Әттең кедейлік, әттең аштық, қылдың – ау!..» деп жазушымен бірге ренжисің. Қысқа ғана әңгімеде жазушы бір отбасының басына тап болған трагедиялық халді шебер көрсете білді. Реалист жаушы өмір шындығын айнытпай дәл басады.

Аштыққа байланысты әңгіменің бірі – «Аштық құрбаны». Бұл әңгіме тақырыбы жағынан «Күлпаш» әңгімесіне сабақтас, тек көркемдік шешімі өзгешелеу. Қайрақбай кедейдің отбасы аштыққа алқынып, содан құтылудың амалын таба алмай қиналып, күйзелген күңгірт күндері сөз болады. Қайрақбайдың жер үйінің іші ит байласа тұрғысыз азынап тұр. Отқа жағар отын, ішерге ас жоқ. Қайрақбайдың әйелі Шырынкүл сөніп бара жатқан оттың шоғын шыпшамен көсеп жайнатқан болады, бірақ жанып біткен қамыстың шоғы сөніп қала береді. От сөнгенде бұлардың өмірі де сөнетіндей сезінеді. Қара судан бөлек ішетін ұрттам тамақ жоқ. Екі күннен бері дым татқан жоқ. Мұның ар жағы не болмақшы? «Жақ сүйегі сорайып, екі көзі аларып, еңсесі түсіп Қайрақбай отыр: Екі көзі жаутаңдап, әкесінің шоқпыт күпісіне орана түсіп, сегіз – тоғыз жасар бала Таңсық жатыр. Бәрінен де қайғылы, бәрінен де жүдеу, біресе жылаған шешесіне, біресе еңсесі түскен әкесіне қарап жаутаңдап Дәмеш отыр», - деп суреттейді жазушы Қайрақбай отбасының ауыр күндердегі көрінісін. Дәмеш - он алтыға шыққан қыз. Ол қатарлы жұрттың балалары кісіге жалданып әке – шешесін асырап отыр. Неге еркек бала болып тумағанына күйінеді Дәмеш. Аштықтан шаршаған Қайрақбай отбасының жайын түсінгендей боран да үдей түседі, жел ысқырып, ұлығандай, сақылдап күлгендей, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп әлемді тұншықтырып бара жатқандай секілді сезінеді. Аштықтан құтылудың бірден-бір амалы - Дәмешті күйеуге беру деп біледі анасы. Әке – шешесін, бауыры Таңсықты аштық тырнағынан ажыратып қалу үшін жанын садақа қылуға Дәмеш те әзір. Алыстағы шал Тілеумағамбет тоқалдыққа сұрап отыр дегенді естігенде Дәмештің жүрегі мұздап, тұлабойы қалтырап кетеді. Апыр – ау, өлейін деп отырып қызды қайтеді екен? Өзі өлгенше қатын үстіне болса да балаларының біріне неге әпермейді екен?.. Болса да сатылатын болған соң, тым болмаса жас жігіттің душар болмауын қарашы!» деп армандайды аштықтан құтылу үшін өзін құрбандыққа әзірлеген Дәмеш. Оқиғаның одан арғы шешімі Дәмештің Рахилаға жазған хаты арқылы баяндалады. Рахилаға Дәмеш өзінің басынан кешкен жәйттерді: Тілеумағамбет шалдың үйінде күнін өткізіп жүргенде ол үйге бір «төре» қонақ болып, оған Дәмеш арызын айтып өзіне, әке – шешесіне бостандық алғанын, ақырында сол «төре» екеуі қосылып, бақытты өмірге жеткені жайлы баяндайды.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!