Жанрлық жүйе және жанр канонизациясы туралы пайымдаңыз



Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде], А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді. КАНОНИЗАЦИЯ – кейбір адамдарды әулие деп санау.

 

54. Жанр қайшылықтар мен дәстүрлер туралы баяндаңыз

Жанр мәселесі өнертану мен әдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Әлемдегі барлық халықтардың мәдениеті мен әдебиетінде де жанр мен оның түрлері мәні бар құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың әсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мәдени алыс-беріс кезінде тууы да мүмкін. Бұл мәселенің бетін ашу максатында эстетикада әртүрлі мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель «Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр мәселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады - жанрды қоғамдық, мәдени- әдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты әлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі, композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік қүралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму үдерісінде жанрлар бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады. Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі. «Жанр әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін ерекше қасиет ретінле өз бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым түрінде қалады», - деп жазды М. Бахтин [1]. XX ғасырдың 60 жылдары жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік бағытымен әдебиеттану ғылымына келіп қосылады. Ғалым қазақ драматургиясындағы трагедия, ко­медия, драма жанрларының ұлттык ерекшеліктерін, дүниежүзілік әдеби дамуға қосылатын белгілерін көп жылдар бойы аса бір ұкыптылықпен тексерді.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!