Роман – синтетикалық жанр екенін байыптаңыз



Роман синтетикалыққа бейім жанр ретінде өзіне дейінгі «кәсібиленген» әрі әлдебір локалды «телімдерде» әлемге көркемдікпен қол жеткізуге әрекет еткен басқалардан өзгешеленіп тұрады. Ол (басқаларға қарағанда) әдебиетті өмірдің көп қырлылығы мен күрделілігіне, қарама-қайшылығы мен баққуаттылығына жақындастыруға қабілетті болып табылды. Романдық әлемді игерудің еркіндігі шекара дегенді білмейді. Және де түрлі елдер мнен дәуірлердің жазушылары осы еркіндікті түрлінше өз кәдесіне жаратты.

Романның көп келбеттілігі әдебиет теорияшылары үшін аса ауыр жағдай туғызады. Тіптен кім романды жалпыға ортақ және қажетті нышан-белгілері арқылы сипаттауға тырысар болса, онда оның алдынан бүтінді оның бөлшегімен алмастырушылық сипатындағы синекдоханың жетегінде кетушілікке ұрыну қаупі қылаң береді. Осылайша, О.Э. Мандельштам осы жанрдың табиғатын Наполеонның бас айналдырар табысына еліктеген XIX ғ. қаһармандарының «роман мансабы» бойынша саралады. Романдардағы адамның өмірден өз орнын табуына емес, олардың күрделі психологиясына және ішкі әрекетіне баса назар аударуды ақын жанрдың құлдырауының нышан-белгісі және тіпті оның ақыр соңы деп қарастырды[825] Т. Манн өзінің роман жайындағы пікір түюлерінде өзінің көркемдік тәжірибесінде жеңіл де, мейірбан иронияға және И. В. Гете тәлімдік романдарына арқа сүйейтіндігін ауызға алады.

Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына қойғанда, дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды. Біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне дүниедегі Рим сұлулығына ұқсатығынан пайда болған термин деседі.

Романның кең құлашты, мол тынысты синтетикалық жанр ретінде әбден кемелденген сыншыл реализмнің тұсы. Бұл ретте көркем прозадағы Гомер мен Шекспир дәрежесіне көтерілген. Толстой мен Достоевский романдарын айрықша атаған жөн. Өткен замандағы орыс романы осылар санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес бүкіл адам баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағына жұртқа мәлім. Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары жанрдың байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы серінің сергелдеңі, ала аяқтың амал айласы,ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал күйлер немесе аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі қырбайлықтар, жеке адамдар басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің күрсінулер тәрізді күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар, күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар шығарма мазмұнына арқау боп тартылар өзекті мәселе халық тағдыры.

Психологиялық талдаудың синтетикалық түрі

Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды".
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм",- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
51. Тайыр Жомартбаевтың <<Қыз көрелік>> сатиралық романың талдаңыз

Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы – құрылымдық ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-идеялық мазмұны жақтарынан соны шығарма.
Қысқасы дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған «Қыз көрелік» романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда жазылған көлемді шығармалардың бірі.
Автор 20 ғасырдың басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. «Қыз көрелік» романында осы тақырып проблематикасы мүлде басқа: енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі таңдауы керек.
Жаңа идеяның өзі, әрине, жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан.
«Қыз көрелік» туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдыратын мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын шығармада ертегі фабуласының пайдаланылуы. Көлемді шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол жеткізген.
Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т. Жомартбаев романында мүлде шартты шешімге барады.
Автор баяндауында ойнақылық, юмор, ирония басым.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!