Классицизм эстетикасындағы және романтизм дәуіріндегі романның бағалануын сипаттаңыз



Романтизм (франц. romantisme, орта ғасырлық romant – роман) – Европаның барлық елдерінде және Солтүстік Америкада дамыған идеялық-көркем бағыт. Ғылымның, әдебиет пен өнердің барлық салаларында бейнеленді.
Германияда романтизм XVIII-ХІХғ.ғ. қалыптасты және ХІХғ. бірінші ширегінде жақсы дамыды. Классицизм дәстүрлері күшті болған Францияда романтизмнің қалыптасуы, әсіресе театр өнерінде ұзаққа созылды. Романтизм кең қоғамдық топтардың буржуазиялық революция нәтижелеріне қанағаттанбаудан, ұлттық езгі, саяси реакцияға қарсы шығудан шықты. Романтизм өкілдеріне XVIII ғ. ағартушыларының іліміне көңілдері толмау тән болды. Романтизм тұлғаның утилитаризмі мен біркелкілігіне шексіз еркіндікке талпынуды, жетілуге және жаңаруға құштарлықты, жеке және азаматтық тәуелсіздік пафосын қарсы қойды. Романтикалық қозғалыс өкілдері ұлттық өткен тарихқа (кейде оларды идеалды етіп көрсетті), өз халқының және басқа халықтардың фольклор дәстүріне және мәдениетіне қызығушылық тудырды, әлемнің универсиалды кейпін жасауға тырысты.
Романтизмнің нағыз отаны Германия болды. Неміс романтизмі Жан Поль (1763-1825 ж.ж.), Генрих фон Клейст (1777-1811 ж.ж.) тәрізді белгілі жазушыларды тудырды. Эрнст Теодор Амадей Гофман (1776-1822 ж.ж.) романтизм шыңына шықты. Оның туындыларына драматизм мен сарказм, лирика мен гротеск тән (мысалы, «Албасты эликсирі»). Ол тұрмыстағы шындықты сыни қабылдады («Алтын құмыра» повесі, «Құйтақандай Цехес», «Бүргілер билеушісі» ертегілері). Гофман - неміс музыкалық эстетикасы мен сынының негізін қалаушылардың бірі, алғашқы романтикалық опералардың бірі «Ундинаның» авторы. Гофманның поэтикалық бейнелері Р. Шуманды («Крейслериана»), Ж. Оффенбахты («Гофман ертегілері»), П.И. Чайковскийді («Щелкунчик» балеті) шабыттандырды.
ХІХ ғ. бірінші жартысында Германияның ұлы ақыны, өз шығармашылығында романтика мен иронияны үйлестірген Генрих Гейне (1797-1856 ж.ж.) өмір сүрді.
Англияда Дж. Ноэль Гордон Байронның (1788-1824 ж.ж.) лирикалық романтизмінің ықпалы зор болды. Оның «Чайльд Гарольдтың қажылығы» поэмасы романтикалық бүлікші, Наполеон кезеңінен кейін көңілі қалған қаһарманды өмірге әкелді. Белсенді гуманизм мен әулиелік болжамдары Байронды сол кездегі Европаның ойшылы етті.
Ағылшын романтизмінің өкілдері - Дж. Китс пен Б. Шелли. Дж. Китс (1795-1821 ж.ж.) - «Эндимион» патриархалды-утопиялық идилияның авторы, онда пуритандық екі жүзділікке қарсылық көрсетілген. «От», «Психея» одаларында ақын табиғат сұлулығы мен үйлесімін дәріптейді. Ол - «Гиперион» символико-аллегориялық поэмасының авторы.
Перси Бишу Шелли (1792-1822 ж.ж.) – «Маб ханзадасы» аллегориялық поэмасының авторы, шығармада қазіргі қоғамның әдепсіздігі әшкерленеді. «Исламның көтерілісі» поэмасында Шелли жауыз патшаны зорлықпен орнынан түсіруді ақтайды. «Ченчи» трагедиясында және «Бостандық алған Прометей» лирикалық поэмасында бостандық пен зорлық-зомбылық проблемаларына философиялық түсінік береді. Бірақ осы ақындар дүниеден кетісімен ағылшын романтикалық қозғалысы сөнеді.

 

Әдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс; 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропа мен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18 ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер,Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзия ереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды. Романтизмге толыққанды әмбебап анықтама беру мүмкін емес, ол әр ұлт әдебиетінде әр түрлі көрініс тапқан. Романтизмде ортақ ұқсастықтармен қатар бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр тектілік те бар. Романтизмнің даму кезеңдеріне ортақ типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық, бостандық идеясы; фольклорға, тарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше” болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия, фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б. Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет, теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалықпоэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық факторлар болды. 20 ғасырдың басында Б.Күлеев, М.Жұмабаевпоэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкіпсихологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің жаңаруына: тарихи роман, психологиялық, фантастикалық повесть, әңгіме жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық, идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.

Классицизм (лат. classicus – үлгілі деген сөзінен) XVIII ғ. француз мәдениетінде қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық ағартушылықпен байланысты болды және қоғамның буржуазиалық-революциялық құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және өнегелі идеалдарды бейнелеуге, айқын, үйлесімді бейнелерді жасауға тырысты. Сонымен қатар классицизмге утопизм, идеализация, дерексіздік, академизм белгілері тән болды.
48) Роман түрлерінің тууын сипаттаңыз

Роман - эпостық жанрдың ең жоғарғы түрі. Белинский: «Роман - біздің
заманның эпопеясы», - деп атаған. Роман, эпостық жанрдың басқаларымен
салыстырғанда, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағықарым-қатыстарды кең қамтып, терең суреттейді. Ұлы жазушылардың бір халық неоның өмірінің бір кезеңін суреттеген романдарын алсақ, сол халықтың бүкіл өмірі айнаға түскен сәуледей, түгел көз алдыңда тұрады. Мысалы, Бальзак, Л.Толстой,
Шолоховтардың романдары мен біздің М.Әуезовтің «Абай» романы бұған толық дәлел.Шын мәніндегі роман - көркем сөздің биік шыңы. Ол дәрежеге жету үшін өмірді кеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, екінші сөзбен айтқанда,негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, негізгі оқиғаға қатысушылардың іс-амалы мен образдарын толықтыра түсумен бірге және қатар дами отыруы керек.Мысалы, «Абай» романындағы негізгі
сюжеттік линия - Абай мен Құнанбай араларындағы тартыс - қараңғылық пен жарық,ескілік пен жаңалықтың тартысы. Бірақ ескілік, жаңалықтардың айналасында үлкені бар, кішісі бар, сандаған сюжеттік линия, адам тартыстары романның негізгі идеясына бағыныңқы өзінше өсіп, дамып жатады. Әйтсе де олардың құятын арнасы біреу-ақ - ол негізгі тартыс, оқиғаның негізгі желісі Құнанбай мен Абай араларындағы күреске, солардың образдарын толықтыруға келіп тіреледі. Құнанбай өліп, оның жолын қуушылар мен Абай жолын іске асырушылар арасында да олардың
рухтары тірі. Осы тәрізді қиыннан қиысқан оқиғалы шығармаларды ғана шын мәнінде роман, оның биік сатысы эпопея деп атайды.Әрине, шағын көлемді де роман бола береді. Бірақ оның өзінде де романға
қойылған шарттар толық сақталынады. Мұның көрнекті үлгісінің бірі -
С.Мұқановтың «Ботакөз» романы. Мұнда да революцияға шейінгі қазақ ауылындағы тап тартысы, оның даму жолдары т.б. жақтары толық қамтылып, романда бірнеше сюжеттік линия қатар өрбиді.Романның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - қатысушы адамдарының саны көп болумен қатар, олардың әр алуан қарым-қатыстарда болуы және сол қатысушылардың
өсу жолдарын, мінездерінің қалыптасуын, оның себебін мол қамтып, терең ашуда.Романдар тақырыбына, суреттейін деген өмір құбылыстарына, жазушылардың назарына не нәрсе аударуларына қарай өзара бірнеше түрлерге бөлінеді (авантюралық,психологиялық, сүйіспендік, тұрмыс-салт, әлеуметтік, мемуарлық, тарихи роман т.б.).Автор романда не нәрсеге мықтап тоқталмақшы, соған бағынышты түрде роман авантюралық роман (мысалы, Дюманың авантюралық кейбір тарихи романдары);психологиялық роман (автордың назарын аударатын нәрсе - психология мәселесі) және әлеуметтік тұрмыс жөніндегі роман (мысалы, Гончаровтың «Обломовы»,Толстойдың «Анна Каренинасы») болып бірнеше түрлерге бөлінеді.

Романның тарихы әріден келеді. Әртүрлі тамашаларға кездесушілікті
әңгімелейтін, қара сөзбен баяндалған шығармалар Грецияда туып, александрлық дәуірде (Грецияны Александр Македонский жаулап алғаннан кейін және оның империясының құлаған кезі) кең өріс алған. Александрлық дәуірдегі романдарға тән болған нәрсе - сүйіспендік және тамаша оқиғаларға кездесушілік. Бұл романдардың сюжеттері бірін-бірі сүйген, бірақ сыртқы кейбір жағдайлармен айырылысып кетіп, көп қиыншылық, қайғы-қасіреттермен барып қосылатын жұбайлар туралы боп келеді. Сюжеттері қиыннан қиысады. Бұл романдарда географиялық жағдайларды суреттеуге көп орын беріледі. Сол кездегі сауда-саттық қатыстардың кең түрде етек жаюы, географиялық тақырыпқа көп тоқтауды керек еткен.Орта ғасырда роман тағы да дәуірледі. Бұл уақыттағы романның түрлері рыцарьлық (серілік) романдар болды. Осы орта ғасырда романдар өздерінің бүгінгі
роман аттарына толық ие болады. Романдар, әдет бойынша, латын тілінде жазылады.Осы кезде роман тілімен, жанды қара сөз арқылы оқиғаны баяндау түрінде жазылған шығармалар роман деп аталады. Рыцарьлық романдардың бүгінгі романдарға ұқсастығы өте аз. Олар ертегі әңгімелерге жақынырақ.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!