Романның бірегецй концепциясының тұтастығы және роман теориясын байыптаңыз



Әдебиеттің жетекші жанры деп танылған роман соңғы екі-үш жүз жылдықтарда әдебиеттанушылар мен сыншылардың жіті назарын аудартуда. Ол сонымен қатар қаламгерлердің ой толғамдарының өзегіне де айналуда. Сонымен бірге, бұл жанр бүгінде де жұмбақ күйінде қалуда. Романның тарихи тағдыры және оның болашағы туралы түрлі ойлар, кейде тіпті қарама-қарсы пікірлер айтылды. 1936 жылы Т. Манн: «Оның прозалық сипаты саналылық және критицизм, сондай-ақ, оның амал-тәсілдерінің байлығы, еркін және тез арада музыка мен білімді, миф пен ғылымды көрсету мен зерттеуге қабілеттілігі, оның адами кеңдігі, оның объективтілігі мен ирониялығы романды біздің заманымыздағы көркем әдебиеттің монументалды және басты түріне айналдырады» деп жазды.О.Э. Мандельштам, керісінше романның күні өтіп, өзін түгескендігі турасында (1922 жылғы «Романның ақыры» мақаласында) сөз етті. Романның психологиялануы және ондағы(тіпті XIX ғ. орын алған) сыртқы-оқиғалық бастау көздің әлсіреуін ақын құлдырау мен жанр өлімі алдындағы нышан-белгі деп, санап, бүгінде «ескі үлгідегі» деп сөкті.

Романның заманалық концепциясында өткен ғасырда істелгендер турасында айтылғандар не алай, не бұлай есепке алынып отыр Егер классицизмнің эстетикасында («Бәрі ұсақталып көрінетін қаһарман романның ғана кәдесіне жарайды»; «Үйлеспеушілік романмен біте қайнасқан») сондықтан роман төменгі жанр деп танылса, то в эпоху романтизм дәуірінде ол «әдеттегі болмыстың» қайыра туындатушылығының туы болып көтеріліп, және де сонымен бір мезетте «әлем және өз ғасырының айнасы», «толық ержеткен рухтың» жемісі; «романтикалық кітап» ретінде ол дәстүрлі эпостан өзгешелігі автор мен қаһарманның мәжбүрлеусіз көңіл ауанын айшықтауға және юмор мен ойындық қуақылыққа орын таба алады. «Әрбір роман өз бойына жалпға ортақ рухты паналатуы керек» деп жазды Жан-Поль. XVIII-XIX ғғ. аралығындағы ойшылдар өздерінің роман теорияларында замана жазушыларының тәжірибелерін ең алдымен И.В. Гетені Вильгельм Мейстер туралы кітаптың авторы ретінде негіздеді.

Біз келтірген Гегель, Белинский және Бахтиннің пікірлерін адам өмірін (ең алдымен, жеке бастық, индивидуалды-биографиялық) қозғалыс үстінде, қалыптасу кезінде, даму барысында, күрделі жағдаяттарда, әдетте, қаһарманның қоршаған ортасымен конфликтілік қарым-қатынаста игерген роман теориясындағы аксиома деп санған заңды. Романда әрдайым «бетер тақырып» ретінде – көркемдік қол жеткізім ұшырасып, басымдыққа ие болып келіп, қайғылы құлдыраулардың бастау көзін, өмірілік тығырықтар мен апаттарды құрайды. Романның қалыптасқан және қаз тұрған тұғыры турасында, басқаша айтар болсақ, қалыптасқан әлеуметтік ортаның императивтерінен, ғұрыптарынан, жоралғыларынан салыстырмалы түрде тәуелісіз, социумға «тобырлық» енгізілуден ада адамға деген мүдделік бар жерде туындайды.

М.М. Бахтин социум мен әлемдік тәртіптен адамның шеттетілуін романдағы қажетті басымдық деп интерпретациялады. Ғалым бұл арада тек қаһарман ғана емес, сонымен бірге автордың өзі де әлемде тамырланбаған күйінде, тұрақтылық пен бір қалыптылықтың бастау көзінен ажырап, жаттыққа ұшырап көрініс береді деп тұжырымдады. Роман, лның ойы бойынша, запечатлевает «адамның эпикалық (және трагедиялық) тұтастығының ыдрауы» айшықталып, әрі «әлем мен адамның күлкілік тектенуі» жүзеге асырылады. «Романда жаңа, өзіндік мәселелік бар; ол үшін мәңгілік қайыра ой жүгірту – қайыра бағалау тән болып келеді» деп жазды Бахтин. Бұл жанрда реалдылық «әлемге айналып, онда әлі күнге алғашқы сөз (идеалды бастау көз) жоқ болып келіп, ал, соңғы сөз әл әзір айтылмайды». Сонымен қатар, әрі дағдарыстық, әрі болашағы барлық ауанында роман скептиктік және релятивистік байыптаудың айшықталуы ретінде қарастырылады. Роман адам үшін «дамудың өте жоғары деңгейіндегі» жаңа да, өте күрделі тұтастықты дайындайды деп тұжырымдайды Бахтин.

Бізге таяу дәуірлердің романдары, әдетте, біршама деңгейде идиллиялық құндылықтарға (адам мен оған жуық шындық өмірдің үйлесімінің жағдаятын авансценаға шығаруға бейіл білдірмесе де) бағдар ұстанады. Кезінде Жан-Поль (әлбетте, Ж.Ж. Руссо «Юлия, немесе Жаңа Элоиза» мен О. Голдсмиттің «Векфильдтік әулие әкей» сынды туындыларын ескере отырып) идиллия дегеніміз – бұл «романға туыстас жанр» деп атап көрсетті. М.М. Бахтиннің сөзінше, «идиллияның романның дамуында маңызы аса зор болды».

Романның агиография дәстүріне қатысы барлығы күмән тудырмайды. Әулие-әмбиелік бастау көз Достоевскийдің шығармашылығында барынша жарқын көрініс тапқан.Лесковтық «Соборяне» тұрмыстық роман деп сипаттауға толық негіз бар. Романдар кейбірде тәлімдік сатираның нышан-белгілеріне ие болады, мысалға, О. де Бальзактың, У.М. Теккерейдің туындылары, Л.Н. Толстойдың «Өліп тірілуі» тап осындай. Как показал М.М. Бахтин атап көрсеткендей, романға (әсіресе, авантюрлық-плуттық) әуелде комедиялық-фарстық жанрларда қалыптасқан фамильярно-смеховая, карнавалдық стихия жат емес. Вяч. Ивановтың Ф.М. Достоевскийдің туындыларын «роман-трагедиялар» деп сипаттағаны ақиқаттан алшақ емес. М.А. Булгаковтың «Шебер мен Маргаритасы» дегеніміз – бұл өз ретінде роман-миф, ал, Р. Музильдің «Ныспысыз адамы» бұл – роман-эссе. Т. Манн баяндамасында өзінің «Жүсіп және оның ағалары» тетралогиясын «мифологиялық роман», ал, оның бірінші бөлігін («Жақып әпсанасын») «фантастикалық эссе» деп атады. Т. Манның шығармашылығы неміс ғалымының пікірінше, мифологияның тереңіне бойлаған пайымдаушы романдық трансформацияны танытады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!