Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалардың ерекшеліктері



Қазақ фольклорында миф- өзіндік орны бар ең көне жанр. Ол дүние жүзі халықтарында кездесетеін мифке типологиялық сипатымен ұқсас, сонымен бірге ерекшелігімен де ада емес.

Миф міндетті түрде себеп-салдары болады. Қандай да болмасын құбылушылықтың, яғни өзгерістің (айталық қарлығаш құйрығының өзгеруі)себебі бар. Мифтердегі құбылушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі-адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп, сол бойда тасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетеді. Мұндай мифтер Африка мен Австралияның жергілікті тайпаларының фольклорында өте көп. Қазақ арасында да мұндай мифтерді кездестіруге болады, мысалы: «Ұйықтаған батыр»деп аталатын тасқа байланысты миф.

Екінші себеп – адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады, мәселен «Сынтас», «Келіншек тау» мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан, қыздар тасқа айналып қалады. Кейінгі дәуірлерде адамның кінәлілігі күнәлік деген түсінікпен ауысады. Мысалы, суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте адам құдай алдында кінәлі болғандықтан, аңға айналдырып жіберілген деп баяндалады.

Үшінші себеп – зор қауіптен құтылу жолы. Адамға ғаламат қатер төнеді, содан құтылу үшін ол не тасқа, не жұлдызға, т.б нәрселерге айналып кетеді. Қазақта сондай мифтің бірі – Қазығұрт тауындағы қырық ыз деп аталатын тастарға байланысты айтылады: «Баяғыда бір байдың қызының тойы болады. Той болып жатқанда қалыңдық қырық қызымен, күйеу серіктерімен серуендеп шығады. Жаугершілік заман екен. «Жау келіп қалды!»-деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: «Ие, құдай!Бізді жау әкеткенше, тас қыла көр!»-депті. Содан бәрі тасқа айналыпты». Бұл мифтегі тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – адамның да тасқа айналуы «құдайдың ісі» болып көрінуі. Бұл, сөз жоқ кейінгі бір құдайлық ислам дінінің әсері. Ежелгі мифтерде басына төнген қатерден құтылу үшін адам өзі тасқа немесе аңға айналып кететін. Мысалы, Меланезияда тұратын тайпалардың Шолпан туралы мифінде Манди деген қыз құрбандыққа шалынатын өлімнен қашып, жұлдызға айналып кетеді.

Табиғаттың бір құбылысының пайда болуын түсіндіретін немесе жер-су, аң-құстардың шығу тегін, әйтпесе басқа бір сырын ашатын мифтерде құбылушылық өте зор рөл атқарады. Өлі мен тірі табиғатының пайда болғанын түсіндіретін мұндай мифтер этиологиялық (себептік)деп аталады және олар тек мифологиялық түсіну шеңберінде ғана сақталған. Ертегіде, я болмаса басқа көркем фольклорда ондай құбылтушылықтың себебі ешқашан түсіндірілмейді, ал этиологиялық мифте белгілі бір жануардың не себептен ондай екені, оның қалайша жануар болғаны баяндалады. Мұндай мифтерде толық құбылушылық әңгіме болып отырған аң мен адам арасындағы кейбір кездесетін ұқсастықтарға негізделеді: сыртқы түр ұқсастығы, қимылдары, жүрісі мен мінез-құлқының ұқсастығы, т.б.

Мысалы, қазақтың көртышқан жайындағы мифін алайық.

«Бір байдың екі қызы, екі ұлы болыпты; ол заманда жер бетінде басқа адамдар болмапты. Әкесі бір жаққа кеткенде үлкен қыз сіңілісіне: «Бауырларымыздан басқа еркек кіндік жоқ, солармен көңіл қосайық!»-депті. «Қой, құдай естіп қояды, күнә болады!»-деп жауап беріпті сіңілісі. «Құдайдың құлағы жоқ!»-депті үлкені. Содан соң ол үлкен бауырын өзіне шақырады, ал анау бармайды. Қыз өлтірем дейді, бірақ жігіт қорықпайды. Ашуланған қыз бауырының екі көзін ойып алып, өзін жерге көміп тастайды. Содан бері көртышқан соқыр және жердің астында тұрады. Әкесі үйге келіп, болған жайды білген соң, қызын қарғап, теріс батасын беріпті. Ол қызды мәлінге айналдырып жіберіпті. Екі аң да адамға ұқсайды. Әсіресе көртышқанның алдыңғы екі аяғы адамның қолдары сияқты».

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!