Сонет,ода жанрларына анықтама



Әдебиет теориясы әдебиет тарихында жасалғандарды жинақтауға жегіліп, сонымен бір мезгілде оларға нақты әдебиеттанушылық зерттеу жасауға түрткі болатын бағыт ұстанып, оған танымдық басымдылық бағдарын береді. Ол әдебиет тарихына қатысты көмекші пән болып табылады. Сонымен қатар әдебиет теориясы өз алдына дербес мәнге ие болып келеді. Оны толық құқылы іргелі ғылыми пәндер санатына қосуға болады. Әдебиет теориясының аясы – көркем әдебиеттің мәнісін жарыққа шығаратын біршама кең ауқымдылыққа ие болып, белгілі бір шамада адамның шынайы болмысын тұтастық ретінде өзінше түсіндіреді. Осы жағынан теориялық әдебиеттану өнер теорияларымен және тарихи үдеріспен, философияның пәндері ретінде эстетикамен, мәдениеттанумен, герменевтикамен, семиотикамен кіндіктес (әрі тұрақты байланыста) болып тұрады. Бүгін біз сіздерге әдебиеттің салалары туралы әңгімелейтін боламыз. Сонет (итал. sonetto – шағын ән) – әр шумағы тұрақты өлшемнен тұратын, 14 тармақтан құралған өлең түрі. Өлең құрылымы күрделі болып келеді, тармақтар екі рет төрт-төрттен, екі рет үштен топтасады. Яғни, 4 жолдық (катрен) 2 шумақ, 3 жолдық (терцет) 2 шумақ. Ұйқасы 4 жолдық шумақта, көбіне абаб, абба түрінде, 3 жолдық шумақта әр түрлі болып келеді. Алғашқы 4 тармақта айтылған ой одан кейінгі 4 тармақта өрістеп, кейінгі 2 қатар келетін 3 тармақтарда түйінделіп, тиянақтап бітіру тәсілі жиі кездеседі. Сонетте ұйқастар өрнегіне, үйлес сөздердің әуезді келіп, сыңғырлап айтылуына да назар аударылады. Сонеттің алғашқы нұсқалары 13 ғасырда Италияда “сицилиялық мектепте” пайда болған, біртіндеп неміс, ағылшын, испан, француз, орыс поэзиясына тараған. Данте, Ф.Петрарка (Лаура туралы 317 сонет), т.б. ақындар бұл өлең өрнегін қалыптастырып, жетілдіре түсті. 16 ғасырда сонет жанрын Испания мен Португалияда Х.Боски Альмогаверо, Л.Камоэнсу, Лопе де Вега дамытты. Францияда К.Мародан бастап, П.Ронсарға дейінгі көптеген ақындар, Англияда Г.Серри, Т.Уайет, У.Шекспир сынды қаламгерлер сонет жанрының өркендей түсуіне өз үлестерін қосты. 17 ғасырда Германияда сонет жанры кең қанат жайып, М.Опиц, П.Флеминт, Гете, т.б. қаламгерлер сонет үлгісін қолданды. Орыс әдебиетінде В.К. Традиаковский, А.П. Сумороковтар бұл салаға алғаш қалам тартты. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов секілді ақындар да сонет жазды. Қазақ әдебиетіне сонет жанры алғаш аудармалар арқылы келді. В.Шекспир сонеттерін тәржімалауда Х.Ерғалиев айрықша шеберлік танытты. Қ.Аманжоловтың “Құрдас туралы” сонетінен бастап қазақ поэзиясында Е.Әукебаев (“Келсеңші тез, келер болсаң”, “Туған жер”), К.Салықов (“Прометейге”, “Шоқанға”, “Ақан серіге”, “Абайға”, “Ақын Сараға”, “Бауыржанға”, “Немерем Арманға”), И.Оразбаев (“Көзсіз сүю, ессіз сүю”), т.б. ақындар сонет жанрында жыр туындатты. Қазақ әдебиетіндегі сонет жанры екі мектеп дәстүрін ұстана отырып дамыды. Біріншісі – сицилия мектебі: 4 жолдан екі катрен және 4 жолды бір терцет, 3 жолды бір терцет. Бұл бағыт қазақ әдебиетінде Салықов шығармаларында көрініс тапты. Екіншісі – ағылшын мектебі, мұнда сонет құрылымы 4 жолды үш катреннен және 2 жолды терцеттен тұрады. Ерғалиев Шекспир сонеттерін ағылшын мектебінің дәстүрінде аударған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні өз сөзімізді ең әйгілі соннеттердің авторы УильямШекспирдің шығармашылығымен аяқтағымыз келіп отыр. Сен - тәтті әуез, тәтті әуезге алайда, Тамсанасың сырлы мұңмен қалайда. Неге сонша ұнатасың, қайғыға, Қуанышпен құшақ ашу жарай ма? Жан азаптың жасырын сыры кімде екен? Уайымға ұрыныпсың бір бөтен, Байыппенен баялатқан дыбыстар, Жалғыздықты жазғыратын үн бе екен? Тыңдап көрші, шекті аспаптар түрленіп, Қоңырлатты ғажайып бір үн беріп. Шырқағандай әке-шеше, жеткіншек, Жұбын жазбай баратқандай бірге еріп. Аңғартады үн шек - пернеде өрілген, Жалқы сапар тең екенін өліммен. Ода (гр. ode - ән, жыр) - мадақтау, дәріптеу түріндегі шығарма. Аса қуанышты, тым көтеріңкі рухта жазылады. Есімі елге тараған адамдарға немесе батырларға, салтанатты окиғаларға арналып шығарылады. Ода ежелгі Грекиядан шыққан (б.з.б. 4 ғасырда). Рим ақыны Гораций (б.з.б. 1 ғасырда) Оданы музыкадан бөліп дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырды. Ол Еуропаға орта ғасырларда тарады. Қазақ әдебиетінде 19 ғ-да Оданың өз үлгілері қалыптасты Ораз ақынның "Балқы Базарды мадақтауы", Байтоқ жыраудың Жәңгір хан сарайын сипаттаған Одасы, Махамбеттің "Исатай деген ағам бар", Орынбай Кертағыұлының "Асса- лаумағалейкум, батыр Ерден" атты өлеңін Оданың таңдаулы нүсқала- ры дей аламыз. Қазақ кеңес поэзиясында Жамбыл Жабаевтың ("Амангелді"), Т.Жароковтың ("Максим Горькийге", "Жамбылға", 1938), т.б. туындылары Ода жанрына жатады.[1 Қазақша өлең (Әйелге ода) Қай жерде, мейлі, қай елде Әлемнің мәні – Әйелде. Шын мықты болсаң оныңды Әйелге барып дәлелде! Әйелсіз айтпан әнді мен, Әйелмен дәмді әңгімем Сүйкімді болсаң шынымен Әйелің сүйсін алдымен! Әйелге мәлім көп сырың, Сүрінсең – әйел деп сүрін Халыққа сыйлы болмайсың Әйелге болсаң жексұрын. Әйелсіз қонды бақ қашан, Әйел деп түстік отқа сан. Әлемнің тілін таппайсың Әйелдің тілін таппасаң!


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!