Жанрлық мазмұн және жанрлық форма ұғымдарын пайымдаңыз



Жанрды әдеби шығарманың құрылымы мен пішінінсіз елестетудің қиындығы. Бұл туралы формалистік мектеп теоретиктерінің пайымдауы. Б.В. Томашевский жанрларды өзіне тән тұрақтылық сипаты бар «тәсілдер топтары» деп атауы. Ғалымның жанр белгілерін оны құрушы доминант деп сипаттауы. Формалистік мектеп өкілдерінің жанрдың мағыналық жақтарына ерекше назар аудару нәтижесінде «жанрлық мән» және «жанрлық мазмұн» деген терминдермен ажыратуы. Бұл тұста алғашқы орынды (пальма первенства) М. Бахтин иеленгендігі. Жанрлық форманың әдеби шығарманың тақырыбымен автордың дүниетаным сипаттарымен тығыз байланысты екендігін айтуы: «Жанрларда, олардың ғасырлар бойындағы өмірінде дүниенінің белгілі бір құбылыстарын пайымдау және тану формалары жинақталады». Жанр мағыналы конструкция құрайтындығы: «Суреткер өмір шындығын жанр көзімен көруге тиіс». Және әрбір жанр шындықты танудың құралдары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі (Медведов П. Н). М. Бахтиннің жанрдың құрылымдық және мазмұндық аспектілерін ажыратуы және олардың-шығарманың жанрлық ерекшеліктерінің ажырамас тұтастық құратындығы. Жанрлық мән дегеннің не екені Бахтин еңбегінде нақты айтылмауы және оның мәні оның роман туралы пайымдарынан айқындалатындығы. Ол-адам мен оны қоршаған ортаны суреттеудің принциптері екендігі. Жанрдың бұл тектес терең аспектілерін XIX ғ. Гегельдің қарастырғандығы. Гегельдің эпопеяны, сатираны және комедияны, сондай-ақ романды «субстанциальды» және «субъективті» (жеке, елес призрачное) ұғымымен түсіндіруі. Әлемнің жалпы жағдайы және конфликт ұғымдары. Жанрды жеке тұлғаның және қоғамның тарихи кезеңдермен қарым-қатынасымен сәйкестікте қарастыру А.Н. Веселовский теориясына да тән екендігі. Әдеби жанрлар концепциясын осы тұрғыдан қарастырушы Г.Н. Поспелов екендігі. 1940 жылдары Поспелов жанрлық формаларды сыртқы және ішкі деп бөлгендігі. Этологиялық (ұлттық қоғам жағдайы, мысалы Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» немесе Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» деген шығармалары), романдық (жеке тұлғаның қалыптасуы), мифологиялық деп бөлуі.Мифологиялық жанрларды ежелгі деп қарастыруы. Поспелов қарастыруы жүйелі екендігі және толық еместігі. Қазіргі өнерде діни-философиялық мәселені талдауға тыйым салудың жойылғандығын ескерсек, көркем-әдеби жанрларда адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, әлемдік бастаулармен, әлем жаратылысының және бомыстың құдіретті күштерімен, дүние жаратылысының жалпы заңдылықтарымен сәйкестікте, үндестікте қарастырылатындығы. Мысалы, притча, аңыздар...(С. Қасқабасов. «Қазақ халық прозасы» еңбегі бойынша; Т. Жұртбаев «Дулыға»-тарихи әпсаналар бойынша) Құрандағы пайғамбарлар туралы аңыздардың моральдық-діни сипаттары.(Нұх туралы аңыз») Житие, мистериялар «орта ғасырдағы), діни-философиялық лирика (Яссауи хикметтері, Мағжан өлеңдеріндегі діни мотив). Тютчев, Фет өлеңдері. Бұлар-онтологиялық жанрлар (учение о бытии). Жанрлық мазмұн дегеніміз – тақырып, проблематика, пафос, суреттеу ауқымы, масштаб. Жанрлық форма – эпоста:роман, әңіме т.б., лирикада: сонет, ода т.б. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясы. Өзіндік ерекшелігі – жанр терминологиясын қолдануды ұсынуы, оның сабақтастықпен байланысы. “Жанрлық топ” – зерттеу предметі. Жанрдың ұлттық – тарихи, этологиялық және роман тобы. Г.Н. Поспелов жанрлық форма мен жанрлық мазмұнды ажыратады. Соңғысында шығарманың жанрлық мәнін, теориялық моделін, инвариантын көрсетеді.Жанрлық мазмұн әдебиет проблематикалары аспектілерінің тарихи қайталануын айқындайды.Жанрлық формалар нақты тарихи ерекшеліктерімен айқындалады: оларға әдебиет тектері мен түрлерінің типологиялық белгілері, композициялық, сюжеттік, стилистикалық белгілердің жиынтығы кіреді. Жанрлық мазмұн туыстық топтары бойынша қарастырылады, олар барлық әдеби текке тән. Мифологиялық жанрлар тобындағы шығармалар мифологиялық мазмұнға ие, олардың тарихи нақты проблематикасына фантастикалық-генетикалық аспект негіз болады.Олар: ұлттық-тарихи жанрлар, этологиялық жанрлар (қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жағдайы), романдық жанрлар тобы, онтологиялық жанрлар (адам және жаратылыс бастаулары), фантастикалық жанрлар (магиялық, мифопоэтикалық негізде). Кеңес әдебиеттануында жанр теориясының дамуы. Ю.Н.Тынянов концепциясының перспективасы – жанр нормасын белгілеу. Тыняновтың формалистигі. Г.В.Плеханов көзқарастары. Классицизм трагедиясының прогресшіл мәні болуы. 20 ж. социологиялық әдебиеттану: әдеби пішіннің мазмұнға тәуелсіздігі. М.Бахтин концепциясының тұтастығы. Бахтин концепциясындағы үш негізгі мәселе. Формализмді сынауы. “Мазмұндық пішін” принципі. “Әлеуметтік баға” категориясы. Семиотикалық принцип. Роман теориясы. Роман мазмұнының стиль түзуші фактор екендігі – Бахтин еңбегінің құндылығы


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!