Зерттеуші М. Атымовтың композицияның үш түрі туралы принциптерін пайымдаңыз



(М. Атымовтың «Қазақ романдарының поэтикасы» еңбегінен)

Сюжет оқиғалы көркем шығармалардағы адамдардың қарым-қатына

сы, бір-бірімен байланысы, оқиғаның дамуы мен образдардың өсу тарихы. М.Горькийдің сөзімен айтқанда: «Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің өсу, жасалу тарихы». Ал композиция болса, көркем шығармадағы оқиғалардың белгілі бір жүйелікпен орналасу тәртібі. Жазушының өзінің айтпақ болған идеясын оқушыларына жеткізу үшін алған образдары мен оқиғаларының жігін білдірмей орналастыру шеберлігі. Ол үшін жазушының қолданған әр түрлі әдісі мен шығарма бөліктерінің сәйкес келу симметриясы, демек жазушының айтпақ болған идеясын берудің көркемдік құралы.

Сюжет эпикалық, драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға шығармаларға ғана тән, ал композиция барлық жанрдағы шығармаларға тән. Лирикалық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана айтылады. Бірақ онда да идея мен композиция міндеттітүрде болады. Жеке тұрғанда новелла күйінде ұғынылатын бөліктер романның құрамына енгенде бұрынғы өз бетіндік күйінен айырылып, романның сюжеттік бөліктеріне айналады. Осындай сюжетті бөліктердің романның өз ішінде әр түрлі орналасуына қарай роман композициясы анықталады.

Сатылы композициялы романдар

Мұнда роман бірі екіншісінің заңды жалғасы есебінде келетін бірнеше эпизодтардан немесе новеллалардан тұрады. Ол эпизодтар арасы бас герой арқылы байланысаы да, бас герой бір эпизодтан екіншісіне ауысып, әр эпизод сайын жаңа жағдайда өз характерінің бұрын көрінбеген жаңа салаларын көрсетіп отырады. Қазақ әдебиетінде мұндай шығармалар қатарына С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқанов «Мөлдір махаббат», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдарын жатқызуға болады.

Жарыспалы композициялы романдар

Жарыспалы композициялы романдарда қатысушы кейіпкерлер бірнеше топқа бөлінеді. Ол топтардың әрқайсысының өзіндік тағдырларының тарихы болады. Сол топтағы тағдырлардың тарихы роман ішінде өз алдына сюжеттік желі құрайды да, екі сюжеттік желі бірінен кейін екіншісі алма-кезек баяндалып отырады. Әуелі бір топта не жүріп жатыр – соны баяндайды. Содан кейін екінші топта жүріп жатқан оқиға баяналады. Бәздәі қазақ әдебиетінде мұндай композициялы романдар қатарына С. Мұқановтыі «Ботакөзін», Ғ. Мқстафиннің «Дауылдан кейін», Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романдарын жатқызуға болады.

Қаусырмалы композициялы романдар

Қаусырмалы композициялы романдарда новеллардың орналасуында саьылы композициялы романдардағыдай бірізділік болмайды. Эпизодтардың немесе новеллалардың барлығы бірдей тең орналастырылмайды. Оқиға кейде ілгері жылжып, кейде кейін шегініп баяндалып отырады. Осы эпизодтар ішінде бас кейіпкердің образы әр қырынан көрініп, характер ашылады. Қазақ әдебиетінде ондай романдар қатарына Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат», Х. Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романдарын жатқызуға болады.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!