Эпикалық жанрдың үш туріндегі характерлер жайын сипаттаныз



Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман.

Егер эпикалық жанрдың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып, суреттелуінде.

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р: 2) о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р; 3) к е ң к ө л е м д і э п и- к а л ы қ т ү р. Қандай эпостық шығарма болмасын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады.

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қа-тысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мүндай шығарманың көлемі де шарын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы — шығарма сыртында — баяндаудан да, суреттеудеі тыс авторлық материал — нағыз қажетті детальдар ен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақжелілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да — жинақы, үйірімді, ширақ.

Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихыньщ әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды — м и ф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері —а ң ы з,е р т е г і, м ы с а л

н о в е л л а т. б.

Миф — т а б и ғ а т қ ұ п и я л а р ы н, а д а м н е қ о ғ а м ө м і р і н і ң с а н а л у а н с ы р ы н қ и я л а ж а й ы п о қ и ғ а ғ а а й н а л д ы р а бе й не л е й т і н ф а н т а с т и к а л ы қ б а я н. Бұл байырғы халықтар-дың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері); кейін римляндарға ауысқан.

‘ Ежелгі Грецияда туған көп-көп шағын эпостың бір мысалы ретінде Антей туралы мифті еске түсіруімізге болады: көне дүниенің керемет қаһарманы Антейдің күллі күш-қуаты өзін дүниеге әкелген Жер-анада екен. Антейдің аяғы жер басып тұрса-ақ болғаны, оны ешбір жау ала алмайтын болған. Өйткені оның тал бойындағы барлық қасиет Жерде — өзін тапқан анада. Соны білген Геркулес Антейдің аяғы қайыптан тайып Жерден ажырауын бағып жүреді де, бір жолы қыл елі көтерілген сәтте оған енді қайтып жер бастырмай, алыпты әуеде тұншықтырып өлтіреді…

Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.

М и ф о л о г и я л ы қ э п.о с —ж а л п ы э п о с а т а у л ы н ы ң б а с ы. Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылымтумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұрым-нанымдары. Демек, мифологиялық эпосты адамдардың басын айналдырран бірыңғай діни сенімдер рана турызды деуге тіпті де болмайды. Сайып келгенде, шағын көлемді эпикалық түр ретің. де сипаттасақ, миф — аңыз. Кейіпкерлері — кұдайлар батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер. Әрқайсысы адам танқалғандай тартымды, соншалық қызық сюжет-ке құрылады. Көркемдік бояуы қанық, идеясы айқың аса әсерлі, сол себепті мифтік аңыздар — мазмұнындағы көптеген кісі нанғысыз аңғырт һәм албырт жайларға қарамастан кезінде айта қалғандай эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған әдеби туындылар.

Миф — “адам баласының сәбилігі туралы” (Маркс) шежіре; ендеше, оның біздер үшін таным тарапындары мәні де үлкен.

Эпостың көне түрлерінің бірі — а ң ы з. Бұл да миф секілді ә с і р е қиял а р а л а с ф а н т а с т и қ ал ы қ х и к а я. Бірақ мифтен өзгешелігі — аңыздың, негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихын-дағы әлдебір абзал адамдар — аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.

Қазак ауыз әдебиетінде Асан қайғы туралы аңыз бар. “Бұл — тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысыная дәл дерек жоқ”*. Бір ескеретін нәрсе—Асан жайлы аңыз дар екі ұдай; бірі — халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көріне- ді, екіншісі — халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде! көрінеді. Соңғысы — қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз — шағын эпикалык түрдің қазақ әдебие тіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан — кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.

Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі — е р т е г і. Бұл да миф пен аңызға ұқсас а д а м ө м і р і н д е, н е х а й у а н а т д ү н и е— с і н д е б о л у ғ а л а й ы қ әр а л у а н қ ы з ы қ, к е й д е т і п т і ғ а ж — а й ы п о қ и ғ а л а р д ы о й д а н ш ы ғ а р ы п, ө с і р е ә ң г і м е л е й –т ін к ө р к е м б а я н, ә с е р л і х и к а я.

Ертегілердін, тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Бізге кез келген ертегі емес, бәрінен бұрын “халық жанының айнасы” (Белинский) бола алатын, “ен, алдымен халықты мінездейтін” (Добролюбов) ертегілер ғана қымбат. Ондай ертегілер қазақ әдебиетінде сала-сала,

Қазақ ертегілерін жете зерттеп, казак, әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. О. Әуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға (хиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері) бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.

Көркемдік жағынан бағалағанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауы-зекі айтуға лайық.қарапайым, бірақ образды, өткір, дәл, мазмүны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы, аз, жалғыз-ақ олар әрқашан жан-жақты ашылған толық канды тұлға, кесек образ дәрежесінде көріне бермейді, мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де соған лайық, өлшеулі.

Ертегілер ауыз әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол; мысал үшін А. С. Пушкиннің өлеңді ертегілерін, М. Е. Салтыков-Щедриннің көркем қара сөзбен жазған немесе А. Н. Островскийдің драматургия тіліне көшірген ертегілерін атасақ та жетіп жатыр.

Осынау ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден ту-ындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе -м ы с а л (басня).

Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.

Көркемдік дамудың ‘жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып отыратыны сөзсіз. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңа-дан туған түрдің бірі — н о в е л л а “бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымді әңгіме” (Гёте).


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!