ЖАНРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН «МАЗМҰНДЫҚ ФОРМА» ҰҒЫМЫ



Жанрларға олардың ұйымдастырылуына, құрылыма, әдеби туындының формасына қатысты назар аудармай қарастыру еш мүмкін емес. Осы турасында формалдық мектептің теорияшылары табандылықпен сөз етті. Осылайша, Б.В. Томашевский жанрларды бір-бірімен ілігіскен, тұрақтылыққа ие, «туындау, міндет жағдаятына және туындыны қабылдау шарттылығына, ескі туындыларға еліктеуден соның негізінде туындайтын әдеби дәстүрге» байланысты болып келетін арнайы «топтастырылған амал-тәсілдер» деп атады. Ғалым жанрдың нышан-белгілерін туындыда басымдыққа ие және оның ұйымдастырылуын айқындаушы деп сипаттады.

Формалды мектептің дәстүріне мұрагерлік ете отыра, сонымен бірге оның кейбір ережелерін қайта қарастырған ғалымдар жанрлардың мағыналық жағына жіті назар аударып, олардың «жанрлық мәнділік» және «жанрлық мазмұн» терминдерін кәдеге жаратты. Бұл жерде біріншілік тізгіні жанрлық форма туындының тақырыпнамасы және оның авторларының өміртанымдық нышан-белгісімен жіпсіз байланыста болып келеді деген М.М. Бахтиннің еншісінде: «Жанрларда <…> оның ғасырлар бойғы өмірінде танып-білу формасы жинақталып, әрі әлемінің белгілі бір жағы пайымдалады»[793]. Жанр мәнді конструкция құрайды: «Сөз зергері шындық болмысты жанрдың көзімен көруге үйренуге тиіс». Және де тағыда: «Әрбір жанр <…> дегеніміз болмыстың әрі күрделі амал-тәсілдерінің жүйесі, әрі оны түсіне игерудің жолдары»[794]. Бахтин туындының жанрлық қасиеті бөліп-жарылмайтын бірлікті құрайтынын атап көрсете отырып, сонымен бірге, жанрдың формалдық (құрылымдық) және өзіндік мазмұндық аспектісін шектеді. Ол туындының құрылымын сипаттайтын әбден қалыптасқан антикалық жанрлық аталымдар эпопея, трагедия, идиллияларды сипаттай келе, кейінен олардың Жаңа уақытта қолданылуы «жанрлық мәнділікті таңблаушы ретінде кәдеге асырылады» атап көрсетті[795].

Бахтин еңбектеріндегі жанрлық мәнділіктің көрініс беруі тікелей сөз етілмейді, дегенмен, жалпы жиынтығында, роман туралы (бұл жайында кейінректеу сөз болады) оның айтқан адам игерген көркемдік принциптері, оның қоршаған ортамен байланысы жайындағы пікірлері айқын бола түседі. Осы бір XIX ғ. Гегель қарастырған жанрлардың эпопея, сатира және комедия, сондай-ақ, романның терең аспектілері сипатамасындағы «субстанциалды» және «субъективті» (индивидуалды, бұлыңғыр) ұғымдар еліктіреді. Жанры бұл арада белгілі бір «әлемінің жалпы ахуалын» және конфликтілерін («коллизияларын») пайымдаумен байланысты болып келеді. А.Н. Веселовский осыған жуықтау қалыпта жанрларды тұлғалар мени қоғамның өзара әрекеттестік кезеңдеріне жатқызды[796].

Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды «сыртқы» («тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық») және «ішкі» («образдық ойлау» мен «характерлерді танымдық тәпсірлеудің» «арнайы жанрлық мазмұндық» принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. «Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. — В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының «этологиялық» жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайында ашылады» деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл А.Н. Радищевтің «Петербургтан Мәскеуге саяхаты», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы», ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: «белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық» сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы жанрларды тек ерте тарихи «ілкі өнерлік», «мәжусилік» қоғамға жатқызып, «жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған» деп ұйғарды[799].

Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.

«Мазмұндық жағы терең «ақылмандықтағы» діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін» Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан мистерияны, сондай-ақ, бастау көзінде інжілдік «Псалмдар» тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: («1944 жылғы Рим күнделігі», қазан), «…олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады». Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға, оның ішінде, маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.

XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің «Сын анатомиясы» (1957) кітабында мәлімдеген белгілі концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: «Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп, зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы мифтерді, сондай-ақ, сатираның архетиптерін тудырады». Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.

32. М.М.Бахтиннің романдандыру тезисінің мәні
М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.
Бахтиннің романдандыру жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға борлады:
1. Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
2. Шығарманың жанры мен құрылымы;
3. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.

Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы
Бахтин әдебиеттен тек қана «ұымдасқан идеологиялық материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік қатынас процесі шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман») - мұның бәрі пішін мен стильді анықтайтын тірі күш. Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады. Демек, әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған. Зерттеуші жанрлардың екі жақты бағытын атап өтеді. Біріншіден, авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден, жанр әртүрлі оқырман қауымына арналған. Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән. Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың көркем туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше. «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық) жанрлардың көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді. Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады. Жанр жазушының тек қана көркем ойлау категориясы емес; сол немесе өзге дәрежеде әдебиеттің жанрлық репертуарымен оқырмандардың таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі. Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Жазушының жанрды таңдауы оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді. Көркем қабылдау процесі қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады. Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.

Шығарманың жанры мен құрылымы

Ғалымның әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады. Өйткені бұл «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы. Бахтиннің негізгі еңбегі жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды. Ғалым жанрдың қандай да бір поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі. Бахтиннің зерттеулері ғалымдар арасында жанр туралыі семиотикалық көзқарастың қалыптасуына себепші болды. Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған. Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі поэтика болып табылады.

Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар

Бахтиннің назары бәрінен бұрын жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі ұзақ өміріне ауды. Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып тарихи уақыт, оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі. Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің классикалық мысалы қызметін атқара алады.
О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды. Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян. Алайда, бұдан көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік. Тек (және тектің түрі ретінде жанр) - шығарма құрылымындағы жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.

 

  1. Г.Н.Поспеловтың жанрлық концепциясын сипаттаңыз.

Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды «сыртқы» («тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық») және «ішкі» («образдық ойлау» мен «характерлерді танымдық тәпсірлеудің» «арнайы жанрлық мазмұндық» принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. «Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. — В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының «этологиялық» жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайында ашылады» деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл А.Н. Радищевтің «Петербургтан Мәскеуге саяхаты», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы», ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: «белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық» сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы жанрларды тек ерте тарихи «ілкі өнерлік», «мәжусилік» қоғамға жатқызып, «жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған» деп ұйғарды[799].

Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.

«Мазмұндық жағы терең «ақылмандықтағы» діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін» Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан мистерияны, сондай-ақ, бастау көзінде інжілдік «Псалмдар» тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: («1944 жылғы Рим күнделігі», қазан), «…олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады». Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға, оның ішінде, маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.

XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің «Сын анатомиясы» (1957) кітабында мәлімдеген белгілі концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: «Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп, зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы мифтерді, сондай-ақ, сатираның архетиптерін тудырады». Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.

 

34. Көркем образдың типтік характерге айналу жолын пайымданыз болады қосымша)

Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.

Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.

Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.

«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.

Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар. Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.

Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. 35 М.Әуезовтың Абай жолы романындагы Кунанбай образы

Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар – жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара – көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», – деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар – барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза – Құнанбай» – деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? – деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен – Құнанбай» – деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы – Құнанбай» – деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: «– Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» – деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? – деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» – деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай – тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары – Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар – бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл – адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері – «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.

Жағымсыз мінезі

1 Құнанбай - қатыгез (Қодар, Қамқа, Кәмшат өлімі)
2. Құнанбай - әміршіл
3. Құнанбай - өктемдік иесі.
Құнанбай - әділетсіз, содыр ортаның нағыз типтік өкілі. Бүкіл Тобықты елін қартайғанша билеген, қартайған соң Меккеге барып қажы боп қайтқан, ұзақ өмірінде сан түрлі қиянат, зорлық жасаған, жауларын мұқатып, достарын бауырына тартқан. Құнанбай әдет - салт, ата жолын өзі мықтап ұстады, сол себепті игі жақсылар оның қай шешіміне де қарсы келе алмады.
Құнанбай мен Қодар сынды дәрменсіз кедейлерді қорлады, сан түрлі айла, әрекет жасады. Өз ұрпағын да аямайды. Мысалы: Әмірді шеңгеліне ала буындыруы ше, осының өзі оның қандай қатал жан екендігін танытады. Құнанбай өте қатал қытымыр, озбыр адам деген ой келеді

Жағымды мінезі

1 Құнанбай - Абайдай ірі дара тұлғаның әкесі
2. Құнанбай - рухани таза адам
3. Құнанбай - қолы ашық, мәрт, данышпан (мешіт салғызуы, Бөжейдің асын көтеруі).
Құнанбай – елдің тұтастығын, халқының қамын, келешегін ойлаған адам. Ол кісі әдет - салт, ата жолын мықтап ұстады. Әдептен озғанды қаламады. Мүмкін, Қодар мен Қамқаны жазалауы да әділеттің жолы болар. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жаман әдет елде етек алмасын дегені болар. Құнанбай – халқының қамқор азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт салдырды. Бұл – бүкіл елге деген ықыласынан туған жағдай. Керек десе, Құнанбайдың өз тектестері, шешен кім? десе – Құнанбай, мырза кім десе – Құнанбай, жақсы кім десе – Құнанбай деп мойындаған емес пе еді. Құнанбай – рухани таза адам. Қолы ашық, данышпан. Құнанбай – қатал озбыр болса, Абайдай дана дүниеге келер ме еді? Соны ойлаңдаршы. Мен Құнанбайдың қаталдығына да, елді уысында ұстаған үстемдігіне қарсы емеспін. Олай етпесе ел бетімен кетер еді.

Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!