Лирикалық «меннің» полисубъектілігін байыптаңыз.



 

Әдетте лирикалық туынды сана және жекелеген тұлғаның (лирикалық «меннің») сөзі арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, лириканың құрамында әлі күнге дейін жете зерттелмеген лирикалық «біз» фонеменінің орны ерекше. Осы «біздің» семантикасы сан алуан және өте бай. Интимдік-жеке бастық сипаттағы (ең алдымен, махаббат лирикасы) өлеңдердің көпшілігі бірлесе өмір сүретін бірлесе өмір сүретін екеудің тұлғаларының атынан жазылған. А.А.Блоктың «Біз храмда кездестік…», «Біз ұмытылдық, жерде жалғыз қалып» О.Э.Мендельштамның «Біз ас үйде отыра тұрайықшы» өлеңдері тап осындай.

Лирикалық «мен» «мен – сен» аясынан шығып, үлкен сыйымдылыққа ие болуға бейім болып келеді. М.Ю.Лермонтовтың «Толғау» өлеңін еске алайық, онда ақын өз буыны атынан сөйлейді; не болмаса, кейінгі поэзиядағы тютчевтің «Біз жан-жағымыздан қусырған/жалындаған тұңғиқта жүземізі»; Д.С.Мережковскийдің «Түн балалары», Еуропа мен Азияның арағайыны ретіндегі Ресейдің үнін естірткен Блоктың «Скифтері». Көріп отырғанымыздай лирикалық «біз» поэзияның бөлінбес қыры болып табылады. Ол сөз зергерлері санасында өзіне қатысты, өзіне ынтықтыра тартқан маңайындағы адами болмыстың айқара ашылуымен айшықталады.

Кейбірде бір лирикалық «мен» бірнеше субъектімен біртұтастықта тұтаса танылады. Б.Л. Пастернактың атақты «Доктор Живагосының» соңғы тарауын ашатын «Гамлет» өлеңінде сөз бір мезетте шекспирлік трагедияның қаһарманы тұлғасынан; осы рөлді ойнайтын актер; 1910-1920 жылдар аралығында осы өлеңді жазған доктор Живагоның атынан; Пастернактың қаламы қалыптасқан шығармашылық ержетуі (1940 жылдардың ортасы) ұшқынан өрбиді. Бұл жерде лирикалық полисубъективтілік бой көрсетеді.

Лирикалық қаһарман мен автор (ақын) арасындағы арақатынас әдебиеттанушылар тарапынан түрлінше ұғынылады. Аристотельден бастау алатын лирикалық сөз өкілі мен автордың біртұтастығы, бөлінбестігі, теңдестігі жайындағы дәстүрлі түсінік, біздіңше, XX ғ. бірқатар ғалымдар, оның ішінде, М.М. Бахтин тарапынан байыпты да, өзгеше ой түюге бағдар ұстанды, олар лириканы автор мен қаһарман, «мен» және «өзге» арасындағы күрделі қарым-қатынас жүйесі деп қарастырып, сонымен бірге, ондағы әмесе ұшырасатын хорлық бастау көз турасында сөз етті. С.Н. Бройтман осы ойды одан ары өрістетті. Ол лирикалық поэзия үшін (бізге жақын дәуірлердегі) «моносубъектілік» емес, «интерсубъектілік», яғни, өзара әрекеттесуші сананың айшықталуы тән болып келеді деп тұжырымдады.

Осы ғылыми жаңашылыдқтар, әлбетте, дәстүрлі «субъективтілік» терминмен таңбаланған дағдылы лирикалық туындыдағы автордық қатысуының ашықтығы оның ең басты қасиеті саналған ұғымды еш шайқалтпайды. «Ол (лирикалық ақын.-В.Х.) өзі ішкі әлемінен шығармашылық және мазмұндық түрткі болушылықты іздеуі мүмкін, осы жолда ол ішкі жағдаятқа, ахуалға, күй кешу мен өз жүрегі мен рухының құштарлығына тоқталатын болады. Бұл жерде адамның өзі оның субъективті ішкі өмірі көркем туындыға айналса, эпикалық ақынға қаһарманнан мүлдем бөлек оның ерліктері мен бастан оқиғаларының мазмұны қызмет етеді» деп жазды Гегель.

Тап осы авторлық субъективтіліктің толықтай көрініс табуы лириканы оқырманның өзіндік қабылдауын анықтап, туындының эмоционалдық ахуалына белсене енуіне өз септігін тигізеді. Лирикалық шығармашылық (және де оны музыкамен, сондай-ақ, хореографиямен туысуы) біршама внушающей, туындаушы әлеуетке (суггестивтік) ие болады. Новелламен, романмен немесе драмамен таныс болғанда біз бір шама деңгейде аулақтатылған белгілі бір психологиялық арақашықтыпен суреттелуді қабылдаймыз. Авторлардың (кейде жеке бастылық) еркі бойынша біз не қабылдаймыз, не керісінше оның ой ауанын бөліспейміз, оның іс-әрекетін қолдаймыз немесе қолдамаймыз, не келекелеп, не болмаса бірге бөлісеміз. Лирикада бәрі де басқаша. Лирикалық туындыны толық қабылдау дегеніміз – бұл ақынның ой ауанына еніп, әлденені өзіндік, жеке бастық, жани сыңайда қайыра бастан кешу болып табылады. Қояланған поэтикалық поэтических формулардың көмегімен лирикалық туындыларда автор мен оқырман арасында Л.Я. Гинзбургтің сөзімен айтқанда, «әп сәттік және ағаттықсыз байланыс орнайды»[780]. Ақын сезімі бір мезетте біздің сезімімізге де айналады. Автор мен оның оқырманы әлдебір тұтасқан, бөлінбес «бізді» түзеді. Лириканың ерекше аяулылығы да осыдан тұрады.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!