Лирикалық көңіл-күйдің тек сөйлеушіге тәуелді еместігін пайымдаңыз



Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.

 

Лирикалық толғаныс тудыратын ұмтылыс пен сезім, ой мен сілкініс көркем бейнеге айналады.

 

Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

 

Саяси-азаматтық Лирика

Махаббат Лирикасы

Философиялық Лирика

Табиғат Лирикасы

23. Лирикалық шығармада медитативтік бастау болуын сипаттаңыз. Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.

Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Адами сана лириканың бойында түрлінше не рефлексияға толы (вспомним шедевр С.А. Есениннің атақты «Қаламаймын, шақырмаймын, жыламйамын…» өлеңін еске түсірейік) бейілдік мойындаулардағы, тәубеге келуші монологтардағы тіке және ашықтық, не болмаса, басым жағдайда ішкі болмысты (сипаттама лирика, ең алдымен пейзаждық) суреттеудің (жанама, қатыссыздықтағы) формсында немесе әлдебір оқиға (турасындағы баяндаушы лирикадағы) жинақы әңгімелену көрініс табады. Десек те, кез келген лирикалық туындыларда медитативтік бастау көз ұшырасады. Медитация (лат. meditatio – ойлану, толғану) дегеніміз – әлдене туралы толқу және психологиялық қалың ойға шомуды атайды: «Тіпті сол кезде, қай кезде лирикалық туынды өзінің медитативтілігінен адаланғандай, әрі сырттай сипаттама негізде болған шақта да, олар тек сипаттама медитативтік «астар мәтінге» иелік еткен жағдайында ғана толықтай көркемдікке ие болады. Лирикаға, басқаша айтар болсақ, эпикалық баяндауларда молынан ұшырасатын бейтараптық және құштарлықсыз реңк сәйкеспейді. Лирикалық туындының тілі бұл жерде ұйымдастырушы және үстемдікті бастау көз болып табылатын экспрессияға болы болып келеді. Лирикалық экспрессия сөз таңдауда, синтаксистік конструкцияларда, тұспалдарда, және ең бастысы, мәтіннің фонетика-ырғақтық түзілімін өзін танытады. Лирикада бірінші орынға «семантика-фонетикалық эффектілер» жылжытылады олардың ырғақпен тығыз байланысы,ә детте, қуатты қозғалысты болып келеді. Оның үстіне, эпос пен драма басым көпшілік жағдайда (әсіресе, бізге жақын дәуірлердегі) прозға бет түзгенде, лирикалық туынды басым көпшілік жағдайда өлеңдік формаға ие болады.

 

24. Лирикалық экспрессия туралы пайымдаңыз. Лирикалық туындының тілі бұл жерде ұйымдастырушы және үстемдікті бастау көз болып табылатын экспрессияға болы болып келеді. Лирикалық экспрессия сөз таңдауда, синтаксистік конструкцияларда, тұспалдарда, және ең бастысы, мәтіннің фонетика-ырғақтық түзілімін өзін танытады. Лирикада бірінші орынға «семантика-фонетикалық эффектілер» жылжытылады олардың ырғақпен тығыз байланысы,ә детте, қуатты қозғалысты болып келеді. Оның үстіне, эпос пен драма басым көпшілік жағдайда (әсіресе, бізге жақын дәуірлердегі) прозға бет түзгенде, лирикалық туынды басым көпшілік жағдайда өлеңдік формаға ие болады.

Поэзияның лирикалық түріндегі тілдік экспрессия кейбірде өзінің ықтимал шегіне жетеді. Осыншама, батыл да, ешкім күтпеген тұспалдаулар мөлшерін, икемді де, байықтырылған интонация мен ырғақтың біріктірілуін, лирик ақындар үнемі жүгінуге бейім тұратын (әсіресе, біздің жүз жылдығымыздағы) тамаша дыбыстық қайталауларды және соған сай келушілік дегендерді не «әдеттегі» сөздер, не эпос пен драмадағы қаһармандар сөз саптаулары, не баяндаушы проза, не тіпті өлеңдік эпоста білмейді. Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады[741]. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады.

25. Абайдың махаббат лирикасы («Желсіз түнде жарық ай»). «Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді. Бірақ келесі толқын әсем, тіпті жаныңды рахатқа бөлейтін суретке мүлде басқаша кейіп береді. Үстірт қарағанда бұрылыс шұғыл сияқты. Қас қаламгердің шеберлігі де осында. Әуелі көңілдің жаңа ырғағына көшер, әрі тек қана қазақ тіршілігіне сыйысар көріністер келтіреді, ол - тау жаңғыртқан ән, үрген ит пен айтақ даусы. Бір ғажабы, ақын атап көрсетпесе де, ән - сырлы, мұңды, әуезді, иттің үрісі мен оған қосыла шыққан айтақта зіл, қатер белгісі жоқ: «Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа...». Бұл - өлеңнің алғашқы шумақтары арқылы көңілде берік орныққан сыршылдықтың нәтижесі. Көңіл күйі ғана алмасқан жоқ, қас зергер шығарманың заттық құрылымында да жаңа сапаға қарай ойысады: әлгінде ғана назарда жансыз табиғат тұрса, енді жанды тіршілік лүпілі естіледі. Сондықтан да келесі тармақтарда адамның - жол тосқан қарақшы, кеш қалған жолаушы емес, сүйгенімен кездеспек жас сұлудың шыға келуі табиғи қабылданбақ. «...Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?!». Қандай қыз, қандай сезімдер жетелеген жан - кімге болса да айқын. Абай кейіпкерлерінің сезім толғаныстарын айналада болып жатқан жалпы суреттер арқылы бейнелеген. Санадағы сәуле - желсіз түн, жарық ай, тасыған өзен суреттері - кері шағылысып, құпия кездесуге, бәлкім, өз өміріндегі ең алғашқы махаббат сұхбатына бет бұрған қыздың жүрек лүпілімен астас жарастық табады. Айлы түн, дірілдеген сәуле, қамсыз да бейбіт дыбыстар, оңашаға асыққан қыз - бәрі келісімді үндестікте. Сыртқы әсерді көкірек сыздатар сырға айналдырып, сезім қылын шегіне жеткере бұраған ақын өңді бірде ағытылады. Сырлы түн де жоқ, сүйген жігіт те жоқ, қыз сезімі - жаңағы табиғат көріністерінің тікелей ішкі толқынысқа ұласуы, рухы таза, жаны нәзік сұлудың жүрек лүпілі.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

осы өлеңімен Абай өзінің ғашықтық, жастықтың керемет балғын шақтарын өлең мен ән қылып жазады.

 

26. Лириканың автопсихологиялығы (М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова өлеңдері мысалында). Лирика ешқашан адамдар өмірінің ішкі аясында, олардың тап солай болып танылатын психологиясында тұйықталып қалмайды. Оның үстіне автор шығармашылық процесте кейбірде өзінің ұшқыр қиялының әлеуетімен шындық өмірде мүлдем болуы мүмкін емес, психологиялық жағдаятты өмірге әкеледі. Лирикалық жақтан айшықталған күй кешу не автордың өзіне, не оған мүлдем ұқсамайтын тұлғаға қатысты болып келуі де әбден ықтимал. А.А. Феттің «Өзгенің айшықты мезетін өзімдікі деп ұғыну» дағдысы ақындық сыйының бір қыры. Лирикада автордан мүлдем бөлек тұлғаның күй кешуі көрініс беріп, ол (автопсихологиядан өзгеше) рөлдік деп аталады. Лирикалық шығармашылықтың тіні рөлдік емес, автопсихологиялық поэзия: ақынның өзін тікелей ашық танытатын актісіндегі өлең болып табылады. Оқырмандар үшін өлеңде тікелей төбе көрсететін лирикалық хал кешудің адами шынайылығы сондай қымбат, В.Ф. Ходасевичтің сөзімен айтқанда: «автордың тірі жаны»: «Стилдендірумен тұмшаланбаған автор тұлғасы бізге соншалықты жақын»; ақынның бағалылығы «ол болмыстың қажет етуін ескере отырып, өзі күй кешуін таныта алуынан» тұрады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!