Р.Нұрғалидың драма жанрларын жіктеуін пайымдаңыз



("Драма өнері" еңбегі)Əдебиет əлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ əдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалиды қазақ драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты сара- лап зерттеген бірегей ғалым деп айтуымызға болады.

Р. Нұрғали қазақ драма жанр- ларының – өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың əдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақ- таудың, жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Р.Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида, қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мəдени дамуы мен сабақтастығына мəн беріп, көркемдік- эстетикалық тұрғыдан баға береді.

Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, əр жанрдағы шығар- маларды ішкі сипаттарына қарай бірнеше бөліктерге бөледі.

Ғалым қазақ əдебиетта- нуында алғаш рет драманың негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыдан сипаттама береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі – трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлық- тар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, əрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық əдебиет- тегі трагедияларда дара тұлғаның əлеуметтік- қоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез əдеттерімен шайқаста опат болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз ішіне терең бойлайды; қамы- рықты, қайғылы азапты хал кешеді; ке- дергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі».

А.В. Луначарский дүние- жүзілік драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық жəне реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарға Гетенің «Фаустын» қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады.Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым- қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсаты- на жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағ- даяттардан шығады».

 

Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым- қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсаты- на жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағ- даяттардан шығады».

Ғалым қазақ əдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылығымыз - «Еңлік-Кебек» трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, əдеби- эстетикалық талдау жасады. Бұл шығарма- ның эпикалық трагедияның барлық талабына сəйкес келетінін дəлелдеді.

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!