Эпика жəне драма ерекшеліктерін баяндаңыз



. Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда,негізінен,өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде,адам тағдыры бір немесе бірер жинақты оқиға көлемінде ғана көрсетіледі.Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы,олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес,кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан,мұндай шығарманың көлемі де шағын,ықшам.Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан,дайын қалпында көрінеді.Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында баяндаудан да,суреттеуден де тыс;авторлық материал нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана.Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі,арналы даму үстінде емес,қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі;композицясы да жинақы,үйірімді,ширақ.Ш.Э.шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған.Мәселен,ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды миф,одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері аңыз,ертегі,мысал,новелла т.б.Миф — табиғат құпияларын,адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар,бірақ түпкі туған төркіні көне Грекия.кейін римляндарға ауысқан.Мифологиялық эпос жалпы эпос атаулының басы.Бұл эпостың идеялық — тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм.тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұғым нанымдары.Эпостың көне түрлерінің бірі — аңыз.Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық хикая.Бірақ мифтен өзгешелігі аңыздың негізінде шындыққа жанасымды,көбіне тіпті өмірде болған,халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.(Асан Қайғы)Ертегі — бұл да миф пен аңызға ұқсас,адам өмірінде,не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық,кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып,өсіре әңгімелейтін көркем баян,әсерлі хикая.Мысалы ең қысқа түрі.Новелла(ит.- жаңалық, соны сөз)-«бұрын-соңды көз көріп,құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сиымды әңгіме.(Бокакаччоның «Декамероны»)Ш.Э. түрдің айрықша асыл үлгісі-әңгіме.Тағы бір түрі-очерк.Ең бастысы очеркте суреттелетін шындық-ойдан шығарылған нәрсе емес,өмірде болған не бар нәрсе.Очерк-өз кезінің үні,жаңаның жаршысы.(М.Әуезов «Өскен өркен»)Фельетон(фр.-парақ)өлеңмен де қара сөзбен де жазыла береді.Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер,қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.Драмалық жанрдың ерекшелігі – мұнда уақиғаны баяндау да, болған жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. Шығармаға арқау болатын- өмірлік,тартыс,уақиға, ал уақиғаның барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия,комедия, драма ерте дәуірде қалыптасып театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат белгілермен толықты. Осы 3 салаға жататын әр жанрдың түр-түрлерін де поэма мен романды немесе трагедияны жанр д.а.

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!