Эпостың көркемдік тұтастықта суреттеуін сипаттаңыз



Эпостық жанрдың ең ескі және көлемді түрінің бірі - эпостық поэмалар немесе
батырлар жыры. Бұларды жай поэмалардан бөліп, жекелеп көрсетудің негізгі себебі
- авторы белгісіз, халықтық мұра болғандығында, олардың туу негізінде шындық
болмыс жатса да, шығарушыларының ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял
араласып отыратындығында. Ал басқа жағынан: өмір құбылысын объективтік қалыпта
баяндауы, оқиғаны біртіндеп дамытуы т.б. жақтарынан кейін туған, авторы мәлім,
поэмалардан еш айырмасы жоқ. (Әрине, тілдерінің ескішілдігін, композициясының
қарапайымдығын еске алмағанда). Батырлық жырлары, жазу (хат) болмаған уақытта
туып және ауызша айтылған. Бұларды шығарушылар халық ақындары болды. Халық
ақындары әртүрлі тарихи оқиғаларды, сол оқиғаға қатысып, тамаша ерлік жасаған
халық батырларының ерліктерін, өз отанын қорғаудағы ерлік істерін суреттеген.
Батырлық жырлары - ерлікті, жауына берілмейтін, елін қорғайтын батырлықты
аңсаған халық мұңының көлеңкесі. Бұл батырлық жырларына қазақ әдебиетіндегі
«Батырлар жырының» бұрынғы ауызбен айтылған түрлері мысал бола алады. Бұл
жырлардың қай-қайсысын алсаңыз да, сол кездегі өз жерін, өз отанын басқа елге
бермеу деген мәселені қояды. Соның үшін күрескен ерлерді дәріптейді. Бұл
сықылды батырлық жырлар, ескі уақытта грек елінде де, фин, орыс елдері тағы
басқа елдерде де болған. Олар ауызша айтылып жүрген.

Қазақтың батырлар жыры бірден-ақ бір
бүтін ұзақ бола салған емес. Бұлар әуелде батырлардың әртүрлі оқиғаларда
істеген ерліктері жөнінде жеке жырлардан құрастырылған. Мысал үшін ескі кезде
айтылған «Алпамысты» алсақ, ол Алпамыстың екі түрлі оқиғадағы ерлігін жыр еткен
екі бөлек жырдан тұрады (Гүлбаршынға
үйленуі, Тайшық ханның еліне баруы). Бұлар әуелгі әзірде екі бөлек айтылып,
кейін екі оқиға біріктірілген.

Осы сияқты әрбір батырлардың әр кездегі ерліктері жөнінде шығарылған
жырлар, бір батырдың не бір оқиғаның маңына жинастырылып, біріктіріліп
жазылғаннан кейін, эпостық поэма атағын алады. Сөйтіп, халықтың ауызша
творчествосының негізінде туған бір тапты не бүтін халықты қызықтырарлық мәні
зор оқиғаны жыр еткен, өлеңмен жазылған ірі шығармалар эпостық поэма деп аталады. «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» т.б.
осы эпостық поэмаға жатады. Басқа жырлар да осылар тәрізді. Бұл поэмалардың
қайсысын алсақ та, сол кездегі көшпелі мал шаруашылығымен тіршілік еткен
елдерге қоныс мәселесінің үлкен мәні болғандықтан туғаны байқалады.

Айта кететін нәрсе бұл поэмалардан сол кездегі феодалдық қоғам
құрылысындағы тап қайшылықтарының элементтері де көрініп қалады. «Ер Сайын»
жырының ішіндегі 90 құлдың Бозмұнайды сабауы, Ер Сайынның оларға қатты шара
қолдануы, сол кездегі езуші мен езілушілер арасында болған көп қайшылықтардың
бір көрінісі тәрізді.

Батырлық жырларының тақырып таңдауында да, композициясында да, оқиғаны
баяндап беру әдістерінде де өзінің ерекшеліктері болды. Эпостық поэмаларда, бір
тапқа не бүтін халыққа ең қызықты деген оқиғалар суреттеледі. Қатысушы адамдары
үздік шыққан, өздерінің төтенше қасиеттері бар адамдар жорықтарда жеңе беретін,
даңқты батырлар боп келеді. Олардың әртүрлі жортуылдары, эпостық поэмалардың
жалпы қаһармандары сықылды, өте асырылып, әсірелеу түрінде суреттеледі;
композициясында болсын, тілінде болсын, ауызша жыр творчествосының
құрылыстарымен нық байланысты болады.

Поэманың және бір түрі - лиро-эпостық поэмалар. Бұлардың алдыңғылармен
ұқсас жақтары да, өзіндік ерекшеліктері де бар. Лиро-эпостық поэмаларда эпостың
элементі де болады. Әсіресе лирикалық жақтары басым келеді. Алған тақырыбы,
қаһармандары да алдыңғыдан өзгеше. Батырлар жырында негізгі тақырып -
патриоттық. Суреттейтіні, дәріптейтіні ерлік, батырлық болса, ал лирикалық
жырда көбіне тақырыбы сүйіспендік, дәріптейтіні сүю жолындағы қаһармандардың
басынан өткізген қиыншылықтары болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш»,
«Айман-Шолпан» т.б. Бұлардың кейбір жерлері александрлық романға1 да дәл келіп қалады.

Бұл поэмаларда ғашықтыққа жағдай, себептер эпостық жанрдың жолымен шешілсе
де, қаһармандардың сүйіспендік жолындағы қиыншылықтары олардың басында болған
күйініш-сүйініштерін суреттеу арқылы ақын оған өзінің сол оқиғаға қалай
қарайтынын да байқатады. Қатысушы қаһармандары - қарапайым адамдар. Басқалардан
өзгешелігі сүюге берілген, нәзік сезімді адамдар болып келеді.

Поэма эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын көркем
шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылады. Адамдардың қарым-қатынастарын,
тартыс-таластарын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді.
Халықтың эпостық поэмаларынан кейінгі жазба әдебиеттегі поэмалардың бір
айырмасы - жоққа сенушіліктен арылуы, тұжырымды шындықты көрсетуі, кейде
болған шындықтан

гөрі, болуы мүмкін
шындықты көрсетуі, кейде болған шындықтан гөрі, болуы мүмкін шындықты
суреттеуге әдейі, саналы түрде баруы, қысқасы, мәдениетінің жоғарылығы деуге
болады. Поэманың дәл анықтамасы әлі жоқ. Әркім әртүрлі анықтауларды ұсынады.
Поэма - өлеңмен жазылған әңгіме. Айырмасы тек өлеңмен жазылуында ғана дегенді
айтады. Кейбіреулер ұзақ өлең дейді.

Алдыңғы пікір шындыққа жақын.
Өйткені, әңгімедегі тәрізді, поэмада да оқиға, адамдардың араларындағы
қарым-қатыстар баяндалады. Бірақ қалай баяндау керек. Міне, осы жағынан
алғанда, шын мәніндегі поэма қара сөзбен _________________

1Александрлық
роман - Александр Македонскийдің атымен байланысты туған романның бір түрі

баяндалған оқиғадан
анағұрлым қызық, анағұрлым тартымды.

Лермонтов айтқандай, оқығанда жасырын қуаты бойды алып, ойды билеп кететін
жақсы өлеңнің қасиетінің ең шауып шыққан төрі поэмаларда кездеседі. Ұлы
классиктердің поэмасын оқығанда адамның алатын әсерін тек ақынның өз сөзімен
ғана жеткізуге болады:

 

Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,

Көңілді кернеген кек кемігендей.

Болады жылауға да, күлуге де,

Жүректің басынан у төгілгендей, -

 

деп, Лермонтов
айтқандай, өлеңнің құдіретті күшін қара сөздің бере алуы қиын. Өлеңнің ырғақ,
ұйқас, дыбыс әуезділігі, ерекше келетін сөйлем, сөз тізбектерінің ұйымдасқан
күші мен кереметі қара сөзде жоқ. Өлең мен көркем қара сөздің негізгі бір
айырмасы да осында. Жай сөйлегенде өмірдегі ең әдемі, ең сұлу, ең қызық нәрсені
мадақтау үшін «мынау нағыз поэма ғой» дейтініміз де поэманың сұлулық қасиетіне
негізделгендігі.

Сондықтан поэмаға тән ерекшелікті айқындауда ұлы сыншы Белинскийдің эпостық
поэманың ең биік шыңы санайтын гректің «Илиадасы» мен «Одессиясына» берген
анықтамасына сүйенуіміз керек.

Демек, поэма өлеңмен жазылуының, сюжетке құрылуының үстіне оқиға бірлігінің
берік сақталуы, бөлшектерінің біркелкі келуі және солардың барлығы асқан
шеберлік, іскерлікпен жанды, жайнақы түрде суреттелуі шарт. Онсыз ешбір поэма
өз дәрежесіне жете алмайды.

Жазба әдебиетте поэманың түрлері әр алуан. Кейде біз эпостық, лирикалық,
драмалық поэмалар дер атаймыз. Бұл - поэмаларды жанры жағынан айқындау болып
саналады. Поэмада қай жанрдың элементі басым, соған қарап ат беріп, айдар
тағамыз. Шындығында, барлық поэма эпикалық сарында жазылады. Басқа жанрдың
элементтері оны әшекейлеу, сымбаттау үшін енгізіледі. Эпостық поэмаларда әдемі
қолданылған лирикалық, философиялық шегіністер оқырмандарға ой салып, сезімін толқытып, өзіне ертіп
әкетсе, драмалық коллизиялар оқиғаның қызықтылығын күшейте түседі.

Кейде реалистік, романтикалық, фантастикалық поэмалар деп атаймыз. Бұл
поэмаларды стиль-методы жағынан, яғни поэмада өмір өзінің шындық қалпында
көрсетіле ме, әлде оны романтикалық асқақтық бейнеде не қиял дүниесін
араластырып суреттей ме, қай методтың элементі басым, міне, осы жағынан алып
қараймыз. Бұнда да бәрібір поэма эпостық жанрдың бір түрі болып қала береді.
Кейде психологиялық поэма деген терминді де қолданамыз. Бұл да эпостық поэма,
бірақ оның негізінде жататын нәрсе - адамдардың арасындағы тартысты суреттеу
емес, қаһарманның ішкі жан сезімін, психологиясындағы не қайғылы, не қуанышты
халдерді суреттеу. Мысалы, Лермонтовтың «Мцыри», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы
ой» т.б.

Поэманың ерекше бір түрі - сюжетсіз поэма. Мұндай поэмалар адамдардың
араларындағы тартысты емес, сол тартыстардың нәтижесін ғана образбен көрсетеді.
Бұл өте шеберлікті керек етеді. Егер адам күрестерінің нәтижесін қысқа
тартымды, көркем түрде шеберлікпен бере алмаса, бір ойды қайталаулар көбейеді
де, шығарма схематизмге айналады. Поэма, негізінде, сюжетке құрылады.

Феодализм қоғамы құлай бастаған кезде Батыс әдебиетінде романтикалық поэма
туып, дами бастайды. Бұндай поэманы жасаушы, оның ең басты өкілі Англия ақыны
Байрон болды. Сондықтан бұл кейде Байронның атымен байрондық поэма деп те аталады.
Орыс әдебиетінде Пушкиннің «Кавказ тұтқыны», «Бақша сарай фонтаны»,
«Цыгандары», Лермонтовтың «Демоны» осы сықылды поэмалардың қатарына жатады.

Романтикалық поэманың қаһарманы өз ортасына қарсылық етуші, күшті, өзі
жалғыздыққа ұшыраған адам боп келеді. Оқиғалар көбіне-ақ дағдыдан тыс (не бұрын
таныс болмаған жаратылысы бар, не өзінше бір ерекше әдет-ғұрпы бар, ол кезде
таныс емес) жағдайда болады. Қаһарманның сырттарына да, оның ішкі мінездеріне
де төтенше қасиеттер беріліп суреттеледі. Композициясы бір желімен тұтасып
келмейді. Шығарма бірнеше қызғылықты эпизодтардан құрастырылады да және автор
бір эпизодтан екінші эпизодқа еркін көшіп отырады. Екі эпизодтың арасын
жалғастыратын оқиғалардың көпшілігі көлеңкеде қалып қойып отырады.
Кейіпкерлердің образды және барлық көріністері де сезімге өте әсерлі боп
келеді. Автордың лирикалық шегіністері, арнаулар көп кездеседі. Шығарманың
ішіндегі оқиғаларды бүтіндей алсақ, көңіл күйін қозғап, сезімге үлкен әсер
ететін түрде суреттеледі.

ХІХ ғасырдың орта кездерінде, реалистік методтың тереңдеп, қанатын жая
бастаған кезінде, поэмалар да реалистік бола бастайды. Революцияшыл-демократтық
әдебиеттегі поэмаларды алсақ, олар ірі қоғамдық мәселелерді алдарына қояды.
Өзінің тақырып, қаһарман, сюжет таңдауы жағынан өлеңмен жазылған әңгіме
тәрізді, «Саша», «Орыс әйелдері», «Қызыл тұмсық аяз», «Россияда кім жақсы
тұрады» деген шаруалардың ауызша творчестволарының әдісін, образдарын қолдана
отырып, шаруалар өмірінің картинасын көрсететін Некрасовтың поэмалары бұған
толық мысал бола алады.

Совет әдебиетінде поэма эпостық жанрдың ең қанатын кең жайған түрінің бірі
деуге болады. В.Маяковскийдің Ленин туралы даңқты поэмасынан бастап,
А.Твардовскийдің «Василий Теркині», Алигердің «Зоясы», Сәкеннің «Көкшетауы»,
«Қызыл аты», Ілиястың «Күйші», «Құлагері», Сәбиттің «Сұлушашы» - бәрі де әрі
көлемді, әрі классикалық көркем поэмалар. Осы соңғы жылдарда қазақ совет
әдебиетіне көптеген поэмалар қосылды. Тайырдың «Құмдағы дауылы», Әбділданың
«Портреттері», Қайырбековтің «Дала қоңырауы» т.б.

Бұл поэмалардың қайсысы болса да, сюжетке, оқиғаға құрылған поэмалар.
Әрқайсысының өзінше құрылысы, ерекшелігі бар.

Эпостың әріден келе жатқан бір түрі - мысал. Мысал ескі Грецияда да болған.
бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда
болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты
перделеу түрінде (екінші түрінде) сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасынша
адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша
күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да
бола береді: Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында, не аяғында автор пернелеген
нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады.
Дворян-буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершіліктерін
үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын
анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды.

Россияда мысал жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. Қазақтың жазба
әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Нұржан Наушабаев болды.

Абай мен Нұржан, бір жағынан, халық әдебиетіне еліктесе, екінші жағынан,
шығыс, орыс әдебиеттеріне еліктейді. Нұржан өзінің «Өгіз бен есек» деген
мысалын «Мың бір түнге» еліктеп жазған. Абай «Қарға мен түлкі», «Шырылдауық
шегіртке» дегендерді Крыловтан еркін аударған. Ал бұлардан кейінгі мысал
жағынан Крыловқа, Абайға еліктеушілер Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев сияқты
жазушылар болды. Қазақ совет әдебиетінде мысал өлеңдермен шұғылданушылар -
Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы.

Мысал жазушының қайсысы болсын адамгершілікке үндейді. Өз кезіндегі әртүрлі
оңбағандықтарды мінейді. Орыс халқының даңқты мысал жазушысы Крылов өз
дәуіріндегі парақоршылық, қара жүрек ел жегіштік, алдампаз, қулық, екіжүзділік
тағы басқа осы сықылды мінез-құлыққа қарсы тәрбиелеп, содан бездіруге тырысты.

Мысал біздің совет әдебиетінде де бар. Совет өкіметінің алғашқы кезінде
совет жазушылары өмірдің әртүрлі жақтарын мысал етіп, Совет өкіметіне қарсы
тапты мысқылдап, оқушыларды оларға қарсы тәрбиелей отырып, өзінің мысалы арқылы
жанды, айқын түрде қалың еңбекшілердің алдарында тұрған міндеттерін көрсетті.
Сөйтіп, өздерінің мысалдары арқылы революция жұмысына атсалысты. (Д.Бедный,
соңғы кезде С.Михалков т.б.)

Роман - эпостық жанрдың ең жоғарғы түрі. Белинский: «Роман - біздің
заманның эпопеясы», - деп атаған. Роман, эпостық жанрдың басқаларымен
салыстырғанда, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағы
қарым-қатыстарды кең қамтып, терең суреттейді. Ұлы жазушылардың бір халық не
оның өмірінің бір кезеңін суреттеген романдарын алсақ, сол халықтың бүкіл өмірі
айнаға түскен сәуледей, түгел көз алдыңда тұрады. Мысалы, Бальзак, Л.Толстой,
Шолоховтардың романдары мен біздің М.Әуезовтің «Абай» романы бұған толық дәлел.

Шын мәніндегі роман - көркем сөздің биік шыңы. Ол дәрежеге жету үшін өмірді
кеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, екінші сөзбен айтқанда,
негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, негізгі оқиғаға қатысушылардың
іс-амалы мен образдарын толықтыра түсумен бірге және қатар дами отыруы керек.
Мысалы, «Абай» романындағы негізгі
сюжеттік линия - Абай мен Құнанбай араларындағы тартыс - қараңғылық пен жарық,
ескілік пен жаңалықтың тартысы. Бірақ ескілік, жаңалықтардың айналасында үлкені
бар, кішісі бар, сандаған сюжеттік линия, адам тартыстары романның негізгі
идеясына бағыныңқы өзінше өсіп, дамып жатады. Әйтсе де олардың құятын арнасы
біреу-ақ - ол негізгі тартыс, оқиғаның негізгі желісі Құнанбай мен Абай
араларындағы күреске, солардың образдарын толықтыруға келіп тіреледі. Құнанбай
өліп, оның жолын қуушылар мен Абай жолын іске асырушылар арасында да олардың
рухтары тірі. Осы тәрізді қиыннан қиысқан оқиғалы шығармаларды ғана шын мәнінде
роман, оның биік сатысы эпопея деп атайды.

Әрине, шағын көлемді де роман бола береді. Бірақ оның өзінде де романға
қойылған шарттар толық сақталынады. Мұның көрнекті үлгісінің бірі -
С.Мұқановтың «Ботакөз» романы. Мұнда да революцияға шейінгі қазақ ауылындағы
тап тартысы, оның даму жолдары т.б. жақтары толық қамтылып, романда бірнеше
сюжеттік линия қатар өрбид

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!