Ш.Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» роианындағы баяндау еркшелігі



Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

«Әділ-Мария» романы (1925) – Ш.Құдайбердіұлының іргелі шығармаларының бірі. Оның «Қайғылы роман» деп аталуында үлкен мән бар. Романға екі ғашықтың бір-біріне қосыла алмай, арманда кеткен қайғылы мәңгілік махаббаты өзек болған. Суреткердің Шығыс философиясындағы махаббат тақырыбына көз тігуі оның сопылық философиялық-эстетикалық дәстүрге ден қойғанын дәлелдейді және суреткердің жеке дара рухани дамуының шарттарымен, интуитивтік сезімдік қабылдауларымен сай келді.

Романдағы реалистік желі қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін, адамдардың мінез-құлқын, психологиясын суреттеуде көрінеді. Туынды автордың Шыңғыстау туралы лирикалық толғанысынан басталады. Шығармадағы оқиғаны суреттеу барысында баяндаушының сюжеттік желіге кенеттен «кіріп», табиғат туралы толғануы оқиға түйінінің күрделі және ширыққан шешуші тұстарына эмоциялық бояу қосады. Шыңғыстау шығарманың соңына дейін кейіпкер ретінде оқиғаға қатысып отырады.

Автордың асқақ, биік, ерекше сезімдермен байланысты табиғат суреттері романтикалық ажармен айшықталған. Шәкәрімге поэтикалық шабыт берген кәрі Шыңғыстау тауларына қарата айтылған арнаудың тілі көтеріңкі, эмоциялық бояуды қалыңдататын риторикалық сұрақтар, лепті сөйлемдер, поэтикалық инверсиялар, қайталаулар (талай, сенде сөздерін анафоралық қайталау), поэтикалық антитезалар («құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды», «біресе рахат, біресе бейнет», «үнсіз дауыс») т.б. айқын байқалады. Таудың қимыл-әрекеті градациялық тәсілге сай құлпырып, әдемі эстетикалық әсер тудырады. Қайталаулар лирикалық сазды күшейтіп, роман кеңістігін өзінше сомдаған.

Баяндаушы романда оқиғаны әңгімелеп қана қоймай, өзінің оқиғаға қатысын, сезім-күйлерін, қуанышы мен ренішін білдіріп отырады. Ол ойға беріледі, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан кешіреді және куәге Шыңғыстауды тартады. Баяндаушының кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтынын айқын аңғарамыз. Баяндаушы оқиғаны суреттей отырып, арасында оқырманға да тікелей тіл қатады. «Ардақты оқушылар!» деп басталатын қаратпа сөзінде Әділдің Мариядан айрылып, абақтыда өткізген азапты күндерін, жан дүниесіндегі сезімдерін, қуанышын, жұбанышын суреттейді. Бұл толғаныстарда Шәкәрімнің адам, суреткер, азамат ретіндегі сезімдері, авторлық бағасы тікелей көрініс табады.

Романда табиғат «тірі» сипатта көрінеді, тауға «тіл» біткен, оның өзіндік ойы бар. Тау жастарға болысып, олардың махаббатын қуаттап отыр. Іңірде туған толық ай да таумен «тілдесіп», Әділ мен Мария махаббатының бір куәсі әрі қорғаушысы, жанашыры іспетті. Екі ғашықтың алғашқы махаббатын көріп, «аспандағы жарық ай әлдеқашанғы кәрі Шыңғыстауға дыбыссыз ымбалмен: «Ақсақал-ау! Мына екеуі бір-біріне не қылған құмар? Мұнан басқа қалыңдық ойнаған кісі жоқ па еді? Мына екеуі бірін-бірі құшақтап жатып өлсе, арман қылатын емес қой? Бұл бұрын бірін-бірі көріп, асық болып па еді?» – дегенде, кәрі Шыңғыстау терең шатқалдан шығып, ай жарығымен жарқырап бұраңдап аққан мөлдір өзен суын сылқ-сылқ күлдіріп айтыпты: «Сен көрген жоқсың-ды...Бұл іс күндіз болғандықтан сен оны көре алған жоқсың» [2, 20] – деп, Әділ мен Марияның алғаш рет қалай кездескенін, көрген сәтте бірін-бірі шын сүйіп қалғандығын, екі жақтың үлкендері құдаласып, уәде жасасқанын айтып береді.

Ш. Құдайбердіұлы романында табиғат суреті – композицияның көмекші емес, маңызды, басты элементтерінің бірі. Пейзаждық суреттемелер баяндаудың жалпы реңін береді, оған лирикалық бояу дарытып, әуез қосады. Қазақ прозасында ай мен таудың сұхбатын, табиғатты дәл осылай «жандандыра» суреттеу бұрындары болмаған. Романда кәрі Шыңғыстау дербес лирикалық кейіпкерге айналған. Ол болатын драмалық оқиғаның куәсі, сырттай бақылаушысы әрі оған тікелей қатысы бар кейіпкер қызметін атқарып тұр. Табиғат құбылыстарын ирреалды әлем деңгейінде қабылдау баяндаушыға қаһармандарының сезімдеріне, көңіл-күйлеріне барлау жасауға мүмкіндік береді. Баяндаушы қабылдауындағы, санасындағы реалды және ирреалды әлемдердің кезектесуі, өрілуі өмірді мәңгілік ретінде тұтастай қабылдау танымын көрсетеді. Баяндаушы табиғатты (Шыңғыстауды) үлкен ғарыш ретінде қабылдайды. Ол табиғатпен тілдесіп, өз өмірінің әр қилы сәттерін есіне түсіріп, қуанышымен де қайғысымен де ортақтасады. Бұл турасында Б.Майтанов: «Шыңғыс тауы – тап-таза символикалық бейне. Өз қойнауында туған Әділмен бірге опық жеп, зар төгетін кәрі Шыңғыс. Ұқсастыра, қабаттастыра суреттеу принципі басым. Шыңғыстау мен қаламгер – автор әрі сырлас, әрі мұңдас. Жазушы өзімсіне сөйлейді. Баланың әкеге еркелегеніндей. Тау-анадан аспан-атаның қаһарына араша сұрау. Табиғат пен адам дүниесінің тұтастығы. Пейзаждың түпкі мәні әлеуметтік өмір қайшылығын, сұрапыл қиянаттың құрық бермес асаулығын ишаралау» [3, 30] – дейді.

Романда Шыңғыстау кейіпкердің психологиялық ахуалына сәйкес суреттелген. Пейзаж шығармада болатын болашақ оқиғаның жай-жапсарын алдын-ала меңзейді. Әділді урядник ауылға келіп, алды-артына қаратпай, жаламен абақтыға айдап алып бара жатқанда, кейіпкердің көңіл-күйімен табиғат та сабақтас бейнеленген. «Сол кезде Шыңғыс жақтан қайғылы қара бұлт шығып, қара дауыл болып, қарлы жаңбыр жауа бастады... Дәл сол кезде сен қарлы, жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник бір айдаса, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқырағаның жерді қара түтек боран қылып, аспанды қара жаңбырлы қара бұлтпен қаптағаның Әділге қылған кәрің бе? Әйтпесе, рахымсыз зұлымдыққа ызаланып, жазасызды аяп жылағаның ба?..» [2, 52] – деген үзіндідегі (курсивпен берген – Ж.Қ.) «қара бұлт», «қарлы жаңбыр» сөздерінің үдемелене қайталануы кейіпкердің басына төнген жамандықтан, қайғыдан хабар береді. Сонымен қатар бұл үзіндіде баяндаушының өз кейіпкеріне деген ашық аяушылығын, ыстық ықыласын көреміз. Ол Әділге жаны ашып, тауды да өз қатарына қосады.

Ш.Құдайбердіұлы романындағы пейзаж таза реалистік үлгіде емес екенін, онда лирика-романтикалық саздың да басым көрінетініне назар аударғымыз келеді. «Әділ-Мария» романының көркемдік әдісінде ауыз әдебиетінің әңгімешілдік сипаты, бейнелеу үлгілері молынан кездеседі. Шығарма құрылымындағы көтеріңкі баяндаудан ғасырлар бойы басым орын алып келе жатқан көркем шығармашылықтағы поэзия өрнектері мен прозаның белдесуі тәрізді құбылыс анық аңғарылады. «Әділ-Мария» романының махаббат тақырыбына жазылған басқа шығармалардан өзіндік ерекшелігі баяндау мәнерінен, оқиғаның лирикалық бояуға қанықтығынан көрінеді.

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесіндегі Шұғаны бөліп әкеткенде Әбдірахман, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Ахмет қайраттылық таныта алмай, шарасыздық тұсауында қалады. «Әділ-Мария» романында Әділ өз махаббаты үшін қайратты қарсылыққа бара алады. Ол – зорлыққа қарсы тұра алған рухани күшті тұлға. Махаббат үшін, адамдық үшін қандай кедергілерге төтеп беруі, қиындықтармен жан аямай күресуі Әділ мен Мария рухының биіктігін, беріктігін дәлелдейді. Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы оның метафизикалық дүниетанымымен тығыз байланысты. Оның философиялық концепциясында тірі мен өліні, өмір мен өлімді, жоғары мен төменді қарсы қою маңызды орын алады. Нақты өмір сүріп, тіршілік еткенімен, ішкі рухани жан қозғалысынан, ардан ада, мейірімділіктен айырылған, шынайы махаббатты танымаған жандар өлі болып саналады, олар – төменгі әлемнің өкілдері.

Ш.Құдайбердіұлытің махаббат тақырыбын арқау еткен шығармаларында шығыс әдебиетінің әсері байқалады. Әлемдік сопылық дәстүрімен байланысы күшті Шәкәрімүшін махаббаттың ғарыштық мәні бар, ол абсолюттік танымға – құдайды сезінуге баспалдақ сынды. Біздің ойымызша, Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында ғана емес, «Әділ-Мария» романында да Әділ мен Марияның таза махаббат үшін құрбан болып, бірге өлуін, ал оларға кедергі жасаған Еркімбектің тірі қалуын осы тұрғыда түсіну керек сияқты.

Суреткер шығармаларындағы діни-романтикалық мотив өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық сынды метафизика үстемдік құрған дүниенің өзгеше суретін сомдауда, жоғары ақиқаттарға ұмтылуда байқалады және онда тіршілік ететін адам жанына айрықша назар аударылады. Жеке тұлға, құпия әрі ерекше тіршілік иесі ретіндегі адамның жаны туралы ілім суреткер шығармашылығының басты бағдары ретінде көрінеді. Ақын туындыларындағы лирикалық кейіпкердің кіші ғарыш болған жан дүниелері терең діни парадигмаларға, рухани сана архетиптеріне негізделген. Шығыс пен Батыстың рухани жинақтаудағы ауқымдылық Ш.Құдайбердіұлының имандылыққа, махаббатқа, танымға, өзін-өзі жетілдіруге, этика мәселелеріне иек артқан көп желілі дүниетанымдық парадигмасын танытады. Суреткер дүниетанымдық, методологиялық тұғырының шырқау биігіне адам жаны, рухы, ары мен адамгершілік мәселелерін шығарады.

Баяндаушының оқырманмен аралық қызметі, баяндаушы-куәгер, баяндаушы-оқиғалады, кейіпкер әрекеттерін талқылаушы екенін баяндаңыз. Баяндаушы бейнесі туралы М.Бахтин пайымдарын сипаттаңыз

 

Орыс зерттеушісі В.М.Жирмунскийдің пікі­ріне ден қойсақ: «Әдеби туынды біз­ге кар­ти­на немесе музыкалық шы­ғар­ма сияқты көр­кем­дік-эстетикалық ләз­зат сыйлайды. Біз әдеби шығарманы оқы­ғанда оны қосымша құрал­дар­сыз-ақ түсіне­міз. Оған біздің сезім-күйіміз, қа­был­дауы­мыз, интуициямыз қатысады» [1,17-б].
Көркем туындыларды өмірге әкелетін автор. Автор жасаушы, шығарушы деген ұғымды береді. Автор жасаушы, баяндаушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Автор жасаушы өзінің шығармасын тудырады. Оның көзқарасы, идеясы, дүниетанымы – сол туындының негізін құрайды.
Автор кейде шығармашылық үдерісте өзінің жасайтын мәтініне билігі жүрмей де қалады. Ол сюжет жетегінде көркем шығармасын өзі күтпеген жағдайда дамытады, аяқтайды. Ал, автордың көркем шығармада көрінуі күрделі. Оқырман әрбір шығарманы оқу үстінде, одан авторды іздеп отырады. Әрине, автор көркем мәтінге өзінің ұстанымымен, көзқарасымен тікелей қатысады. Онда ол шығарманың кіріспе­сінде, эпиграфында, басталуы мен аяқ­талуында, арнауында, авторлық ескертулерде қатысады.
Құрылымы жинақы аяқталған туынды жасау – қаламгердің шығармашылық мақсаты. Автор әңгімелеуші өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, олармен бірігіп те кетеді. Сондықтан автор олардың ой сезімдік, білімдік, тілдік дәреже деңгей­лері­нен асып, өзінше бөлектенбейді, со­лар­дың әлеуметтік ортасында бірге жүреді. Мұндай баяндаудың артықшылығы: бірнеше тараптан көрінеді. Біріншіден, кейіпкерді си­пат­­тауға кең мүмкіндік туады, екіншіден, автор өзінің түсінік, көзқарасын оқырманға күштеп таңбайды.
Автордың баяндаған жайттарын оқырман өз көзімен көріп отырғандай сезінеді. Бұл баяндауда оқиғалар көрнекі түрде ізбе-із көрсетіліп, оларға аратұра авторлық түсініктемелер беріліп отырады. Мұндай баяндауда уақыттың бірлігі бұзылмайды. Шығарманың кейіпкерлері оқиға­ға тікелей араласады.
Автор бейнесінің, әсіресе, прозалық шығар­ма­лар­дағы орны ерекше. Егер лирикалық шығар­мада лирикалық субъек­тінің көңіл күйі сол субъектінің өзі арқылы, жеке берілсе, дра­малық шығармаларда да іс әрекет қатысушы кейіп­керлердің өздері арқылы көрсетіледі. Ал, прозалық шығармаларда осылардың бәрін бі­реу баяндайды. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әр түрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады [2,90-б].
Өмірдегі жазушының орнына әңгімелеу­ші автордың бейнесі қалыптасады. Көркем туындыда автор бейнесінің көріну дәрежесі әр түрлі болады. Кейде ол шығармада барынша анық көрінеді, яғни, шығармадағы болып жатқан оқиға құбылыстарға автордың көзқарасы анық байқалады. Ол бірде «жасырынып”, кейіпкер бейнесінің «тасасында қалады”.
Кей көркем туындыда автор шығарма­ның басқа кейіпкерлерімен бір қатарда тұрады, оқи­ғаға басқа кейіпкерлер ретінде қатысады. Мұнда ол шығармадағы басқа компоненттердің бірі ретінде қарас­тырылады.
Шығармаға өзек болатын өмір құбылыс­тарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт, бейнелілік беретін, бір сөзбен айтқанда, шы­ғар­маның идеялық көркемдік мазмұнын қа­лып­тастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі болады. Автор бейнесі автордың сөзінен байқалады. Автор сөзінің ар жағында жазушы немесе айтушы субъект тұрады. «Осы тұрғыда көркем шығармадағы «баяндаушы адам” мәселесі туады. Прозалық шығармадағы баяндаушының композициялық негізгі үш түрі бар. Олар: үшінші жақ (ол) түріндегі әңгімелеуші автор; арнайы әңгімелеуші (бұл не шығарманың кейіпкері, не белгілі бір әң­гі­мелеуші адам); бірінші жақтағы (мен) әңгімелеуші» [3,90-б].
Үшінші жақтан әңгімелеуші шығармада баяндалатын жайттардан тыс тұрады. Алай­да, бұл оның өзіндік дүниетанымы, көзқарасы болмайды дегендік емес. «Ол» түріндегі әңгі­мелеуші әңгімені объективті жүргізеді, арасында тек түсініктер ғана беруі мүмкін. Сол сияқты ол қандай да бір жолмен әңгімеге еніп, оған араласып та отырады. Бұл әсіресе, авторлық шегіністерде байқалып, оның рухани әлемі, қоғамдық саяси мәселелерге көзқарасы ашылады. Бұған байланысты зерттеуші Б.Май­тановтың қазіргі қазақ прозасы авторларына қатыс­ты (мәселен, Р.Мұқанова) айтқан ой-тұжырымдары бар. «Ол» баршаға ортақ жайт­тарды, бәріне қатыстылықты білдіреді.
Зерттеуші Б.Майтанов: «Автор мәртебесі классикалық әдебиетте аса биік деңгейге жетті. В.Виноградов, М.Бахтин тәрізді ғұламалар оны көркем шығарманың алтын өзегі, мазмұн мен пішіннің мәйегіне санады. Өзге жұрт био­графиялық автор, жазушы өмірі сияқты ба­қырайып тұрған шындықтың құрсауында жүр­генде, олар текст құрсағындағы автор жаратындысына тән атом, иондар, қозғалысын зерттеумен айналысты. М.Бахтин кейіпкер еркін­дігін автор зорлығынан құтқаруға тырысты. Бұл дені дұрыс эстетиканың негізгі заңдылығы еді. Баяндау құрылымына байланысты ол қос енді сөз теориясын өзгеше тереңдікпен дамытты, ал алмастырылған төл сөз (замещенная прямая речь) теориясын жаңадан ашты. Ю.Лотман мәтін ішіндегі мәтіндердің араласымы, яғни Ю.Кристева жиі айтатын интертекст туралы, сонымен қатар мәтін құбылысына автормен қатар оқырманның да ортақтас болу мүмкіндігі, көру нүктесі хақында ой толғады», деп автордың тұтас мәтінге қатыстылығын ашып көрсетеді [4, 151-152-б].
Бірінші жақтан әңгімелеудің ерекшелігі – баяндаудың субъективтілігімен, шындыққа ерекше жақын болып көрінуімен байланысты. Мұнда жеке адам ерекше сезіледі. Әңгіме­леу­шінің өзі бейнеленуші болмыстың бір бөлігі ретінде алынады.
Көркем туындыдағы баяндаулар шығарма­ның көлеміне қарай ұзақ та, ықшам да болады. Мұндағы баяндаушы суреттеліп отырған оқиға мен оқырманның арасын байланыстырады. Әдеби шығармаға баяндаудың әр түрлі тәсілдері тән.
Баяндау – оқырман мен баяндаушы ара­сындағы байланысты белгілейтін тілдік не­гіз. Мұнымен қоса, баяндау мәтіндегі бел­гілі бір үзінділерді немесе шығарманың тіл­­дік құрылымын анықтайтын мағынада да қолда­нылады. Кейде баяндау суреттеу, бейнелеу тәсілдерімен де аралас қолданылады. Өткен ға­сыр­дың орта шенінде орыс әдебиеттануында (негізінен, М.М.Бахтин еңбектерінің әсері­нен) тілдің ара жігін, яғни баяндаушы немесе әңгімеші мен кейіпкердің тікелей тіл қатысымын алшақтататын көзқарас туындады. Осының нәтижесінде бейнелеу сипатындағы әңгіменің жиынтығы баяндау деп аталып, бұ­рын онымен тең қолданылатын суреттеу мен талдау (мінездеме) оның құрамдас бөлігіне айналды. «Қысқаша әдеби энциклопедияда» зерт­теуші А.П.Чудаков баяндауды: «эпикалық әде­би шығарманың төл сөзден басқа бүтін құрамы” деген [5,309-б]. Баяндауда оқиға жөніндегі суреттеу даралай көрінеді.
Мәтін автордың ойын объективтендіріп, шығармашылық және адам мен қоршаған дүние туралы толғанысын сыртқа шығарып, автор санасынан да тысқары адам баласының жетістігіне айналды. Осы тұрғыдан келген­де, мәтін оқшау дүние емес, ол мәтіндік компо­ненттердің бірегейі болмаса да, негізгісі. Оның құрылымын мәтіннен басқа, мәтіннің авторы (мәтіннің адресанты), оқырман (адресат), бейнеленетін шындық, тілдік жүйе құрайды. Мәтіндік қызмет – күрделі де көп компонентті, психологиялық интеллектуалдық қарым қатынасты көрсетеді.
Зерттеуші Л.Г.Бабенконың көрсетуінше, мә­тін­ді қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол мәтіннің болмысынан туындайды. Мә­тін­ді қабылдау екі сатыдан тұрады. Олар: ма­териалдық белгілерді тікелей қабылдау; тіл­дің образдық белгілері арқылы мазмұнды қа­былдау [7,129-б].
Мәтінде баяндаудың композициялық тілдік формасының екі базалық негізі – автор сөзі мен кейіпкер сөзі дараланып көрінеді. Негізінен алғанда, автор туындысына өзі баяндаушы болады. Ол шығармадағы оқиғаның ретін, кейіп­керлердің көріну тәсілдерін, шығарма тілінің көркемдігін қамтамасыз етеді.
Автор кейде шығармасында өзі жасаған шындық әлемімен бірігіп, біртұтас дүние болып кетеді. Баяндау құрамына шығарма авторы, кейіпкер, олардың арасындағы қарым қатынас, шығарманың белгілі бір мезгілдік, кеңістік және экспрессивтік тұрғыдағы бағдары енеді. Бұлардың бәрі бірлікте бола отырып, автордың идеялық эстетикалық көзқарас қатынасын білдіреді.
Көркем шығарманың құрылымы түрлі компоненттерден тұрады. Олар көркем туынды тілі­нің эстетикалық заңдылықтарына бағынып, көркемдік тілдік жүйе құрап, шығарманы жинақыландырады. Шығармадағы баяндаушы автор бола отырып, ол суреттеліп отырған мәсе­леге өзіндік көзқарасын білдіреді. Яғни, автор туындыдағы оқиғадан оқиғаны тудырып, соған жетелеп, кейіпкерлерін сөйлетіп отырады. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыс­тарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт беріп, бейнелі күш дарытатын, бір сөзбен айт­қанда, шығарманың идеялық мазмұнын қалып­тастыратын жазушының өз бейнесі – автор бейнесі деп аталады

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!