Деби тек туралы Л.И.Тимофеев, Г.Н.Поспелов, Б.В. Томашевский, В.Е.Хализев пайымдарын сипаттаңыз



Жанр туралы түсінік жазба әдебиеттің қалыптасуы, дамуы барысында анықталады. Әдебиет - өнердің үлкен бір саласы болса, яғни, өнердің үлкен бір тармағы деп қарастыруға болады. Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып келеді. Десе де, жанрға бөліп, жік-жігімен қарастыру әңгімеміздің басында айтып кеткендей жазба әдебиетпен тікелей байланысты. Қазақтың жазба әдебиеті негізінен ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатынын тіл білімі ғалымдары жан-жақты дәлелдеп берді (Т. Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Аманжолов және т.б). Демек біздің әдебиетімізде жанр, тек пен түрге ажыратып қарастыру да осы кезеңнен бастау алады. Әдебиетті жасайтын ақын, жазушы, драматург, сатирик, публицист, сыншы және т.б атқаратын қызметіне орай әдеби жанр жасайды. Жанр дегеніміздің өзі ішінен тек пен түрге ажыратылады. Яғни түр жиналып тек жасайды, тек бірігіп жанр қалыптастырады. Әдебиеттегі белгілі бір заман ағымына, сол замандағы адамдар психологиясына (образ) қарай әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жанр деп баға беріледі. Бірақ, бұл шартты құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс орын алмай жанр қалыптаспайды, әдебиет те алға қадам баспайды. Жанр дегеніміз әдебиеттің өсіп-өркендеуіне, қарыштап дамуына қызмет етеді. Әдебиеттің үш үлкен тегі: поэзия, проза және драма. Осы үш ұғым қай кезеңде де көрініс береді. Әрине сол кезеңнің шығармашылық тұлғаларына байланысты бір жанрдың қарқынды дамып, енді бірінің кенже қалуы ықтимал. Бірақ қашанда халық тұрмысының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап отыратыны сөзсіз.

Профессор Л.Тимофеев пен Н.Венгров: «Әдебиет тегін
жанр деп атау дұрысырақ», - дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз.

 

 

4. М .Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының композициялық ерекшеліктерін сипаттаңыз

Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады....Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

5.Жанрды текке бөлудің 2 принципін баяндаңыз. Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты. Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, “алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалықжанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, ода, идилла, сонет, рондо, мадригал, ғазел, хокку, танка, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия — мұң, эпиграмма — сықақ, ода — мадақ, т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеумет лирика, философия лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме,повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттердегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға:новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Эпостық жанрлардың әрқайсысы өзіндік табиғатына, алған тақырыбына байланысты іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мыс., роман жанрның өзі іштей тарихи роман, лирикалық роман, деректі роман, мемуарлық роман, шытырман оқиғалы роман, серілік роман, психологиялық роман, т.б. болып жіктеледі. Ал әдеби ағымға, әдеби бағытқа, стильге қатысты романтикалық роман, реалистік роман, классикалық роман, т.б. түрлерге бөлінді. Кейде қалыптасқан дәстүрлі жанр табиғатынан өзгеше көркем шығармалар пайда болады. Кезінде, Л.Н. Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасын дәстүрлі бір жанр аясында қарастыруға қарсы болып, “Бұл роман емес, тіпті поэма да емес, ал тарихи шежіреден мүлдем алыс” деп пікір білдірген. Кейін автор оны “Илиада” мәнеріндегі шығарма деген. Яғни көне эпикалық дәстүрдің өз шығармасының жанрлық табиғатында көрініс тапқанын сезген. Әдебиеттану ғылымы бұл стильде жазылған көркем шығармаларға екі жанрлық анықтама беріп, “роман-эпопея” деп атады. Кейін сөз өнерінде бұл жанрлық түрде іргелі шығармалар жазылды (Дж.Голсуорси, М.А. Шолохов, Әуезов, Ә.Нұрпейісов, т.б. роман-эпопеялары). Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар.Трагедия жанры тарихи-эволюция ұзақ даму кезеңінен өтті. Эсхил, У.Шекспир, Ф.Шиллер, Г.Ибсен, М.Метерлинк, Ж.Б. Мольер, Ю.А. Стриндберг, Әуезов, т.б. қаламынан туған трагедияларды бір жанрлық қатарға қоя алмаймыз. Әдеби дәуір, ағым мен бағыт әрбір жанрға ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір суреткердің даралық, ұлттық, классик. стилінің жанр табиғатына өзгеріс енгізетіні де әдебиеттану ғылымында белгілі (қ. Стиль). Драм. Ж-лар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірімен ұштасқан трагикомедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін — күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның жанрлық ерекшелігі — шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғылы аяқталады. Әлем әдебиетінде трагедия жанры У.Шекспир шығармалары арқылы биікке көтерілді (“Отелло”, “Гамлет”), қазақ әдебиетінде трагедия жанрының үздік үлгісін Әуезов (“Қаракөз”, “Абай”) жасады. Жалпы драмалық жанрларға оқиғаны ширыққан тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне жеткізе суреттеу тән

6.Тектердің шығу тарихын пайымдаңыз. Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш үлкен топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те, қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге (триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.Платонның «Мемлекет» трактатының үшінші кітабында Сократ поэзияның тегі турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей сөйлейді, бұл «дифирамбаларда басымдықпен» (лириканың өзіндік маңызды сипатының мәні бойынша) орын алады; екіншіден, аық сөзі араласпай, кейіпкерлердің «сөз алмасуы» түрінде түзілетін туындылар трагедия мен комедияларға (поэзия тегі ретінде драма тап осындай) тән; үшіншіден, өз сөзіңді қатысушы тұлғаларға тән бөгде сөзбен біріктіру (эпоста ұшырасатын): «Және де ол (ақын-В. X.) қай кезде бөгде сөзді келтіреді және сол кезде оның белгілі бір аралығында өз атынан сөйлейді, оның бұнысы әңгімелеу болып табылады». Выделение Сократ және Платон бөліп көрсеткнн үшінші, поэзияның (аралас түрдегі) эпикалық тегі оқиға туралы әңгімені қатысушы тұлғаның (көне гр. diegesis) қатысуынсыз шектеу және айтылатын сөзге (көне гр. mimesis) іс-әрекет, мінез-құлық арқылы еліктеуге негізделген.Аристотельдің «Поэтикасының» үшінші бөлімінде осыған ұқсас пікірлер айтылады. Бұл жерде эпостың, лириканың және драмның сипаты болып табылатын поэзиядағы (сөз өнеріндегі) еліктеудің үш амалына қысқаша сипаттама беріледі: «Бір нәрсеге, бір ғана нәрсеге еліктеп, өзіңнен алыс оқиға турасында Гомер сияқты сөз қозғау, не болмаса, тап осындай, бірақ еліктеуші өзімен өзі қалып, ештеңке өзгертпей немесе барша суреттелетін тұлғаларды қатысушы және іс-әрекет үстінде екендігін танытады»Қайта Өрлеу дәуірінде аристотельдік үшем нақытылана түстін А.С.Минтурно «De Poetika» (1559) трактатында сөз өнерінің құрамындағы эпос, мелика (яғни, лирика) және сахналық поэзияны (яғни, драма) бөліп көрсетті.Тап осындай рухта – сөз саптаушыға («сөз иесіне») көркем тұтастықтық қатынастағы типтер ретінде әдебиет тектері кейінірек бірнеше мәрте қарастырылды. Сонымен қатар, XIX ғ. (әуелі романтизм эстетикасында) эпосты, лириканы және драманы сөздік-көркем формалар түрінде емес, әлдебір ойжүрту арқылы танылатын философиялық санаттама түрінде басқаша ұғыну орнықты да, әдебиет тектері көркем мазмұнның типтері түрінде пайымдала. Осы себепті олардың осы бір қарастыруы поэтикадан (сөз өнері туралы ілімнен) алшақтай түсті. Осылайша, Шеллинг лириканы шексіздік пен еркіндік рухына, эпосты – тап-таза қажеттілікке жатқызса, драманы осы екеуінің өзіндік синтезі: еркіндік пен қажаттіліктік арасындағы күрес ретінде қарастырды. Гегель (Жан-Польдің ізін ала) «объект» және «субъект» санаттамасының көмегімен эпос, лирика және драманы: эпикалық поэзия – объективті, лирикалық – субъективті, ал, драмалық болса – осы екеуінің қоспасынан тұрады деп сипатта. В.Г. Белинскийдің «Поэзияны тек пен түрге бөлу» (1841) мақаласының арқасында гегельдік концепция (және оған сәйкесетін терминология) отандық әдебиеттануда түбегейлі қалыптасты.XX ғ. әдебиет тектері талай мәрте психологияның (еске алу, көрініс, қуаттылық), лингвистиканың (бірінші, екінші, үшінші грамматикалық жақ), сондай-ақ, уақыт санаттамасының (өткен, қазіргі, болашақ) түрлінше құбылыстарына жатқызылды.Бірақ та Платон мен Аристотельден тамыр тартқан дәстүр өзін түгеспей, әлі күнге дейін өмір сүруін жалғастырып келеді. Әдебиеттің тектері әдеби туындының тілдік ұйымдасыру типі ретінде жете назар аударуға лайықты дау тудырмайтын дәуірден үстем реалдылық болып табылады.Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады. Драма апеллятивтік, сөздің өзіндік іс-әрекеттік қырына назарын аударып, сөз оқиға өрбуінің белгілі бір сәтіндегі жүзеге асатын өзіндік іс-әрекет ретінде танылады. Эпоста өз кезегінде кең ауқымды түрде тоже широко опирается на апеллятивтік тілдік бастауға (өйткені, туындының құрамына олардың іс-әрекеттерін алмастыратын кейіпкерлердің сөз саптауы енуіне) арқа сүйейді. Осы әдеби текте сырттай сөйлеушінің әлдене турасындағы хабарламасы басымдыққа ие болып келеді.Сөз тінінің осы бір қасиетімен лирика, драма жәнеи эпос, сондай-ақ (тап олардың өзі айқындаған) басқа да әдеби тектердің қасиеттері: туындының кеңістіктік-уақыттық ұйымдасытру амал-тәсілдері; олардағы адамның өзіндік көрініс берулері; автордың қатысуының формалары; мәтіннің оқырманға арналу сипаты табиғи байланыста болып келеді. Әрбір әдеби тек, басқаша айтар болсақ, ерекше, тек өзіне ғана тән қасиеттерге ие болып келеді.Әдебетті текке бөлу поэзия мен прозаға бөлшектеумен қабыспайды. Кейбірде сөз ыңғайында лирикалық туындыларды поэзиямен, ал, эпикалықты – прозамен дәрегейлестіреді. Бұндай сөз қолданысы дұрысты емес. Әрбір әдеби тек өз бойына әрі поэтикалық (өлеңдік), әрі прозалық (қара сөздік) туындыны сыйдырады. Эпос өзінің өнердің ежелгі кезеңдерінде көбіне өлеңдік (антикалық эпопеялар, француздық ерлік туралы әндер, орыс былиналары мен тарихи әндері және т.б.) болып келді. Эпикалықтың өздік тектік негізінде өлеңмен жазылған туындылар жатыр, олар Жаңа уақыттың әдебиетінде де ара-кідік ұшырасады (Дж. Н.Г. Байронның «Дон Жуаны», А. С. Пушкиннің «Евгений Онегині», Н.А. Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрадысы»). Әдебиеттің драмалық тегіде де әрі өлең, әрі проза, тіпті кейде екеуі қабаттаса бір туынды бойында ұшырасады (У. Шекспирдің көптеген пьесалары). Тіпті басым жағдайда өлең түрінде кезігетін лирикада прозалық болып келеді (тургеневтік «прозалық өлеңін» еске түсірейік).Әдеби тектердің теориясында өте өткір терминологиялық проблемалар да туындайды. «Эпикалық» («эпикалы»), «драмалық» («драматизм»), «лирикалық» («лиризм») сөздері тек қана әңгімеге өзек болып отырған туындының тектік ерекшеліктерін білдірмейді, сонымен қатар оның басқа да қасиеттерін танытады. Эпикалық деп асқақ-сабырлы, тыншымды қалыптағы өмірді кең ауқымды, күрделі де, көп қырлы әлемге деген көзқараспен пайымдап, әлдебір тұтастық ретінде қабылдау болып табылады. Осыған байланысты кейбірде гомерлік поэмаларда және одан кейінгі бір қатар туындыларда көрініс тапқан (Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі») «эпикалық құлаштылық» жайында сөз етіледі. Эпикалы болса, тек эпикалық (әңгімелеуші) туындыларда ғана емес, идеялық-эмоционалдық ауандылық ретінде барлық әдебиет тектерінде драмада (А.С. Пушкиннің «Борис Годуновы») және лирикада (А.А. Блоктың «Куликово алаңында» циклінде) орын алады. Драматизм деп әлдебір қарама-қайшылыққа қатысты көңіл қобалжуымен, алаңдау мен алабұртумен байланысты болып келетін ой ауанын атау қалыптасқан. Және ақыр соңында, лиризм дегеніміз – бұл автор, әңгімеші, персонаждар сөздерінде айшықталған асқақ эмоционалдылық. Драматизм мен лиризм де барша әдеби тектерде ұшырасады. Осылайша, Л.Н. Толстойдың «Анна Каренина» романы, М.И. Цветаеваның «Отанға деген сағынышы» драматизмге толы. И.С. Тургеневтің «Байбатшалар ұясы» романы, А.П. Чеховтың «Үш апалы-сіңілі» және «Шие бағы» пьесалары, повести И. А. Буниннің әңгімелері мен хикаяттарының бойына лиризм барынша сіңірілген. Эпос, лирика және драма, осылайша, туындының эмоционалды-мағыналық типтерінің эпикалық, лиризмдік және драматизмдік «үн қатымының» бір жақты-қатаң байланушылығынан азат болып келеді.Біздің ғасырдың ортасында неміс ғалымы Э. Штайгер осы екі ұғымның (эпос –эпикалық т.с.с.) шектелуінің төлтума тәжірибесін қолданды. Ол өзінің «Поэтиканың негізгі ұғымдары» еңбегінде эпикалықты, лирикалықты, драмалықты ұғыным, еске алу, толқу сияқты ұғымдармен байланысты стильдік (реңктік//тоналдылық — Tonart типті) құбылыс ретінде сипаттады. Және де әрбір әдеби туынды өз бойына (эпостың, лириканың немесе драманың сыртқы формасына қарамай тәуелсіздіктегі) үш бірдей бастау көзді біріктіреді: «Егер де мен лирикалық пен драмалықты лирика және драмамен байланыстыратын болсам, ештеңке түсіндіріп бере алмаймын» деп тұжырымдады.Алғашқы қауымдық синкреттік шығармашылығында эпос, лирика және драма қоғамның ертеректегі кезеңінде қалыптасты. XIX ғ. аса ірі орыс тарихшылары және әдебиет теорияшыларының бірі А.Н. Веселовский өзінің «Тарихи поэтикасының» алғашқы үш тарауын әдеби тектердің шығу төркініне арнады. Ғалым, әдеби тектер іс-әрекеттері жоралғылық ойын-биі болып табылып, еліктеу дене қимылдары қуанышты немесе қайғылы айқай әнмен сүйемелденетін алғашқы қауымдық халықтардың ғұрыптық хорынан шықты деп дәлелдеді. Веселовский эпос, лирика және драманы из ғұрыптық «хорлық іс-әрекеттердің» дамыған «протоплазмасы» деп ұйғарды.Хордың белсенді қатысушыларының (ән бастаушылары, корифейлерінің) айқайлауы лиро-эпикалық әндерге (кантилендерге) дамып, уақыт өте келе ғұрыптан ажырауы: «Лиро-эпикалық сипаттағы әндердің ең бірінші болып, табиғи жолмен хор мен ғұрыптың байланысынан бөлініп шығуы болып табылады». Веселовскийше, поэзияның өзіндік ілкі формасы лиро-эпикалық әндер. Осындай әндердің негізінде кейіннен эпикалық әңгімелеу қалыптасты. Ал, хорлық айқайдан өз кезегінде ғұрыптан бөлініп шыққан лирика (басында топтық, ұжымдық сипата болған) өсіп шықты. Эпос және лирика, осындай репетте, Веселовскийдің түсіндіруі бойынша «ежелгі ғұрыптық қордың ыдауының салдары». Драма хор мен хор бастауышының реплика алмасуларынан пайда болған деп тұжырымдайды ғалым. Және де оның (эпос пен лирикадан өзгешелігі), дербестікке ие бола отырып, сонымен қатар, ғұрыптық хордың және оған әлдебір ұқсастықтың «барша синкретизмін сақтап қала алған».Веселовский ұсынған әдебиеттің тектерінің шығу теориясы алғашқы қауымдық халықтар өмірі туралы замана ғылымына белгілі көптеген фактілермен расталды. Осылайша, драманың бірте-бірте ғұрыптық іс-әрекетке қатысушылардың белсенді сөздерімен сүйемелденетін ғұрыптық қойылымдардан: би мен пантомимадан шыққандығы даусыз. Сонымен қатар, Веселовскийдің теориясында эпос пен лириканың қалыптасуы ғұрыптық іс-әрекеттерден тыс тәуелсіз өмірге келуі есепке алынбаған. Осылайша, мифологиялық аңыздамалар негізінде кейіннен прозалық аңыз (сага) және ерегілер хордан тыс қанат жайды. Олар бұқаралық ғұрыптарда әнге салынбады, тайпаның әлдебір өкілі тарапынан әңгімеленді (және де, ықтималдығы, көп жағдайда бұндай әңгімелеу көпшілікке қаратыла айтылмады да). Лирикада ғұрыптан тыс өмірге келуі бек мүмкін. Лирикалық өзін-өзін таныту алғашқы қауымдық халықтардың өндірістік (еңбектік) және тұрмыстық қарым-қатынастарында дүниеге келді. Әдеби тектердің қалыптасуының түрлі жолдары болды. Және де ғұрыптық хор соның бірі болып табылады.

7.А.Н.Веселовскийдің синкретизм ілімін байыптаңыз. Синкретизм - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады.

8.Гегельдің жанрлар генезисін зерттеуін баяндаңыз. Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек.

9.Эпикалық баяндау және оның субьектісі туралы пайымдаңыз. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Баяндау- әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиетте және әдістеме ғылымында қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақпрозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр. Әдістеме ғылымындағы баяндау - оқу материалының мазмұнын белгілі жүйемен әңгімелеп түсіндіру тәсілі. Баяндау барлық сыныптарда, әр түрлі (көбінесе, гуманитарлық) пәндер бойынша қолданылады. Баяндау әдісін қолдануда оқушыларға оқу материалын неғұрлым толық, ғылыми нанымды әңгімелеу көзделеді. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру, пікірлесу, әңгімелесу, көрнекілік тәсілдерін пайдалануға болады. Ұтымды қолданылған баяндау әдісі оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын, белсенділігін арттырады.


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!