Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттаңыз



ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі Ғабит

Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиетіне қосқан

көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме,

очерк, публицистика, повесть, роман, драма

шығармаларының қалыптасып, дамуында

Ғ.Мүсіреповтің орны бар. Сондай–ақ, әдеби–сын мен

әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі

әдебиеті мен орыс әдебиетінің алтын қазынасын байыта

түскен ірі аудармашы да. Идеялық мазмұны терең,

көркемдік қасиеті көзтартарлық талай–талай асыл

бұйымдардың авторы.

Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетіндегі майталман

жүйрік сөз зергерлерінің бірі.Оның көркемдік шеберлігі

кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық

әдеби мектебіне айналды.Қазақ әдебиетінің дамуына

келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес,

бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның

көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар

тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де

аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит

Мүсіреповтің есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі.

Ғабит Мүсірепов – шеберлігі шығарма сайын

ширығып, шыңдала берген, бірден – бірге өрлеп, ең

шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір

шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі.

Идеялық мазмұны терең, көркемдік сипаты көз

9 тартарлық «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары

тек жазушы творчествосынан ғана емес, бүкіл қазақ

әдебиетінен келелі орын алатын көрнекті шығарма

ретінде танылды. Жазушының өмірінің соңғы кезеңіндегі

екі үлкен туындысы – «Кездеспей кеткен бір бейне» атты

прозалық поэмасы мен «Ұлпан» атты романы еді.

Жазушының бұл романдары қазақ әдебиетінің асыл

қорына қосылған елеулі көркемдік үлес.

«Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының басты кейіпкері Еркебұлан арқылы Сәкен Сейфуллин өмірінің бір эпизоды алынған. Сәкен өлімін домбыра ішегінің үзілуі арқылы берген бұл шығарма – ақындық шабыттан туған шығарма.

Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 1970) – классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды.

 

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!