Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады.



Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады.

Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады.

Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.

 

 

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру – қайтымсыз үдеріс, ол адамның іс-әрекетінің барлық салаларына, соның ішінде білім беру саласына енгізілуде. Білім беру саласындағы жазудың пайда болуы мен кітап басудың шығуы алғашқы төңкерістер болып саналса, ойлау мен оқытудың басты тәсілдері ретінде ықпал ете алатын білім беруді ақпараттандыру келесі төңкеріс болып есептеледі.

Заманауи білім беру жүйесінің түрлі саласына ақпараттық

технологиялардың енгізілуі әлдеқайда кең кӛлемді және кешендік сипат алады.

Қалыптасушы жағдайда жоғары оқу орындары білім беруді ақпараттандыру оқыту және тәрбиелеуді психологиялық-педагогикалық мақсатта іске асыруға бағдарланған заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, білім беру саласын тәжірибелік және теориялық ӛңдеумен қамтамасыз ету үдерісінде алдыңғы қатарда болады.Оқытудың ақпараттық технологиялары – бұл білім беру үдерісін іске асыру үшін пайдаланатын компьютердің электронды құралдарының, компьютерлік желілердің, компьютерлік телекоммуникациялардың, басқа да байланыс құралдары мен олардың жұмыс істеу тәсілдерінің жиынтығы. Бұл анықтамада келтірілген құралдар оқу үдерісін табиғи ақпараттандыруды жеткілікті дәрежеде тиімді ету де ғана емес, сондай-ақ ашық білім беру және дәстүрлі жүйе сипатындағы барлық үдерістер кешенін ақпараттандыруда да айтарлықтай тиімді болатындығы белгілі.

Әлемдік қауымдастығы елдерінің қатарында, соның ішінде Қазақстанда дәл

осы уақытта іске асыруға болатын білім беруді ақпараттандырудың маңызды міндетінің бірі - жаңа тиімділігі жоғары ақпараттық технологияларды және ғылыми білімді кең кӛлемде пайдалануға негізделген ақпараттық қоғамның болашақта ғаламдық дамуы мен шынайылығына сәйкес адамдардың тұтас заманауи ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Физика пәнін оқыту кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану

мынадай мүмкіндіктер береді:

- оқыту үдерісін тиімді ету және жетілдіру;

- дәстүрлі білім беру үдерісінде қол жетпейтін ақпараттық технологиялар

мүмкіндігін пайдалану;

- мультимедиалық технология мүмкіндіктерін пайдалану;

- студенттердің өз бетінше білім алу қызметінің түрлі формасын

ұйымдастыру;

- студенттердің оқуға тұрақты уәждемесін қалыптастыру;

- олардың әлеуметтік және кәсіби бейімділігін арттыру.

Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды

пайдаланып, оқыту кезіндегі педагогикалық үдерістің маңызды құрамдас бӛлігі

АКТ-ні пайдалану арқылы оқушы мен оқытушының ӛзара әрекетіне

бағытталған тұлғалық - бағдарланған оқыту болып табылады.

Жоғары оқу орнында физика саласы бойынша мамандарды даярлауда

ақпараттық технологияларды пайдалану, оқу орнының ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметтерін келесі маңызды мүмкіндіктермен жетілдіруге әкеледі:

• физика саласында жоғары кәсіби білім беру мазмұнын қалыптастыру

және сұрыпталған технологиялар мен әдістерді жетілдіру;

• ақпараттық технологиялар мен информатикаға байланысты жаңа оқу

пәндерін, арнайы курстарды енгізу және дамыту;

• «Физика» пәнін дәстүрлі оқыту мазмұнына ӛзгерістер енгізу;

• білім беруде дараландыру саралау деңгейін кӛтеру арқылы және

қосымша уәждемелік тетіктерді қолдану негізінде оқыту тиімділігін арттыру;

• үйретуші мен үйренуші әрекетінің сипатын және мазмұнын өзгерту,

білім беру үдерісінде субъектілердің ӛзара ынтымақтасуының жаңа

формаларын ұйымдастыру;

• жоғары білім беру жүйесін басқару тетіктерін жетілдіру.

Білім беру үдерісіне тән «құрал» санаты ұғымына түбегейлі қайта өзгерту енгізуге қабілетті, сонымен қатар жүйенің қалған компоненттері жоғары оқу орнындағы жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу, оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістері, мазмұны мен мақсатына елеулі әсерін тигізетін ақпараттық технологияларды педагогикалық қызмет тиімділігін көтеру құралы ретінде қарастырылды.

Білім беруді ақпараттандыру үдерісі оқушының игерген объектілер мен

құбылыстарды, үдерістерді, олардың арасындағы ӛзара ықпалдасуды модельдеу негізінде қабылданған шешімдер нәтижелерінің іске асуын болжау, оқу және практикалық есептер шешімін іздеу қабілетін қалыптастыру, оның белсенділік деңгейін көтеру, жеке тұлғасын дамыту мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін өзекті етеді. Дегенмен жоғары оқу орындарын басқаруды ақпараттандыру үдерісінің өзекті мәселелері бар.

Жоғары оқу орындарында қолданылатын ақпараттандырудың маңызды

құралдары даму сатысында тұр. Техниканы сатып алу және қолдануға кететін шығын жоғары, ақпараттық жүйелерді жасаушы және пайдаланушы мамандар өте аз, жоғары оқу орнындағы түрлі сала қызметінің әрекеттеріндегі білім беруді ақпараттандырудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыс жоқ. Сондықтан бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық индексіне сәйкес, АКТ-ның дамуы деңгейіне сәйкес келетін болашақ мамандардың заманауи инфокоммуникациялық мәдениетін қалыптастыру әлеуметтік-педагогикалық міндет болып есептеледі.

Бұл міндеттің іске асу деңгейі мемлекеттің жаңа экономикалық даму жолының анықталуына және болашақ мамандардың жаңа технологияларды жасау дайындығына тәуелді.

Соңғы жылдары қоғам жаңа формация жағдайына білім беру жүйесін

бейімдеуді қажет ететін ақпараттық қоғамға өзгеруде. Адамды ақпараттық қоғам өміріне дайындауда білім беру жүйесі оқыту формаларына, әдістеріне, мазмұнына жаңа өзгерістер енгізуді талап етеді.

Зерттеуде білім беруді ақпараттандыру үдерісін талдау үшін физикалық

ұғымдардың, олардың өзара тәуелділігі мен өзара шартының теориялық

информатиканың пәндік өрісінде терең түсіну мен дұрыс бейімдеу маңызды шарт болып табылады. Материя, энергия, ақпарат – ұғымдарының байланысы бастапқы алғышарт болып саналады. «Материя» ретінде «жүйе» түсіндіріледі, өзара бір субстанция жүйесінен екіншісіне өту жолымен жүйені тепе теңдік күйде құраушы элементтер ұстап тұрады (1-сурет).

С.И.Архангельский жоғары мектепте оқытуда ақпарат туралы мына

түсінікті ұсынады: «ақпараттың дидактикалық және гносеологиялық

анықтамасы оқыту теориясы үшін өте маңызды. Оқыту үдерісінде ақпарат білім жиынтығын бейнелейді… Оқытуда ақпарат ойлау жұмысының негізгі материалы ретінде түсіндіріледі»

 

 

4.. Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендіру үрдісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын төмендетпей, ұлттық менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Осыған орай білім берудің парадигмалары өзгерді. Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу – қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, 40 студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады. Жоғары оқу орнының жұмысының нәтижесі – білім алушылардың кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы, ал мамандарды даярлаудың сапа- сының өлшемі – мемлекеттік білім беру стандартындағы біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық дайын- дық деңгейі арқылы бағаланатын маманның кәсіби құзіреттілігіКредиттік оқыту жүйесінде СӨЖ-дің маңызының артуы жаңа оқыту жағдайында оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтауды қажет етеді. Бұл жүйе СӨЖ-ді белсендіру, оқу уақытын ұтымды пайдалану, оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолдану, оқыту сапасын арттыру сияқты мәселелерді қойып отыр. Басылымда кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұғым- дары мен оның әлемдік білім кеңістігіндегі жай-күйі, еліміздің ЖОО-да ендірудегі мәселелер, оқу үрдісіндегі СӨЖ маңызының артуының себептері, оқытушының рөлі, СӨЖ түрлері мен формалары сипатталды. Жаңа оқыту жүйесіндегі СӨЖ ұйымдастырудың үлгісі, оны тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, эксперимент жүзінде тексеру нәтижелері берілді. Өздік жұмысты тиімділеуде мониторингтің қажеттігі негізделіп, оны жүзеге асыру құралдары көрсетілді. ЖОО-ның оқу үрдісінде информатика пәні мысалында болашақ эконо- мистердің өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі мен СӨЖ-ді тиімділеу құралдары ұсынылып отыр. тілдіру және өздігінен оқу қажеттігін туғызады. Кредиттік жүйені қолдануға байланысты оқу үрдісіндегі басымдықтар да өзгерді, ол – білім көлемін бірыңғай ету, оқытуды жекелендіруге жағдай туғызу, СӨЖ-дің тиімділігі мен рөлін арттыру, оқу үрдісін тұлғаға бағытталған түрде ұйымдастыру. Кредиттік технологияға көшу дәстүрлі бағалаудың және студенттердің аудиториялық, аудиториядан тыс жұмыстарының сағаттарының орнына кредит жүйесін енгізуді талап етеді. Кредит жүйесі оқыту үрдісін сызықты емес түрде ұйымдастыруға, үздіксіз оқу жүйесіне өтуге, академиялық икемділікті және оқу нәтижесін басқа елдер- дің тануына мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту формалары мен өмірдің талабы арасындағы алшақтықты, маманның тиімді кәсіби әрекет жасауына қажетті ғылыми білімнің көлемінің ұдайы артуы мен мамандардың нақты даярлануы арасындағы сәйкессіз- дікті жоятын және толыққанды білімді қалыптастыруға, 36 өздік жұмыс пен өзіндік білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқыту жүйесінің қажеттігі білінді. Кредиттік технологияны Қазақстан жоғары мекте-бінің оқу үрдісіне ендіру жоғары мектептің келесі қарама- қайшылықтарын: – оқу-тәрбие үрдісінің негізгі субъектілері ретінде тәрбиеленушілерді жан-жақты белсендірудің талабы мен олардың педагогикалық әсер етудің пассивті объектілері түріндегі жағдайының арасындағы; – оқу-тәрбие үрдісінің қарқындылығын (интенсивті) арттыру қажеттігі мен іс жүзінде оны жетілдірудің экстен- сивті жолдарының басым болуы арасындағы; – білім беру масштабының өсуі мен әрбір білім алушының потенциалды мүмкіндіктері мен шығармашы- лық қабілеттерін толық дамыту мақсатында оқыту мен тәрбиелеуді жекелендіру арасындағы; – ЖОО-ның бітірушісінің кәсіпқойлығына қоғам мен нарықтың талабының жоғарылауы және әрбір білім алу- шының өз бетімен білім алуға уақытының аздығынан жаңа талаптарға сай келе алмауының объективті шектеулі мүм- кіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік берді

 

7. 8. 10.11.13 Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады:

-мәселелік жағдайлар туғызғанда;

-жаңа мәлімет беруде;

-практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда;

-оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде;

-оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда;

-техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде;


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!