Сыныптан тыс бірлестіктерде беделге ие

Жауапкершілік

1. Өзіне жүктелген жұмысты әрқашан өз уақытында, жақсы орындайды;

2. Өзіне жүктеген жұмыс көбіне өз уақытында, жақса орындайды;

3. Өзіне тапсырылған жұмысты орындамайтын уақыты сирек (немесе нашар орындайды);

4. Өзіне жүктелген жұмысты сирек орындайды;

5. Өзіне жүктелен жұмысты ешқашан соңына дейін орындаған емес;

Белсенділік

1. Көптеген жұмыстарға бастамашылдықпен қатынасады, сонымен қатар мұны көптің мойындауын талап етпейді;

2. Жаңа жұмыстарға  бастамашылдықпен қатынасады;

3. Жаңа жұмыстарда  бастамашылдық таныта бермейді;

4. Қандайда бір, жаңа істерге ұмтылмайды;

1.5. Өзін-өзі ұйымдастыруы

1. Барлық жұмыстың барысын әр-кез дұрыс жоспарлайды, жоспарға сйкес орындайды;

2. Көп жағдайда өз іс-әрекетін дұрыс жоспарлап, өз уақытында орындайды;

3. Өз іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алады, өз іс-әрекетінің әрбір кезеңіне есеп беру қажет болған жағдайда ғана, жасалған жоспарды өз уақытында орындайды;

4. Өз жұмысымен уақытын дұрыс ұйымдастыратын кезі сирек;

5. Өз іс-әрекеті мен уақытын дұрыс ұйымдастыра алмайды, уақытты босқа жоғалтады;

1.6. Білім құмарлық:

1. Мәдениет пен ғылымның әрбір және жаңа салаларынан қандайда бір жаңалықтарды біліп жүреді;

2. Көп жағдайда мәдениет пен ғылымның жаңа және әрбір саласына байланысты жаңа мәліметтерді алуға тырысады;

3. Қандайда бір жаңа дүниелерді танып-білуге тырысатын кездері сирек; ғылым мен білімнің қандайда бір салсына байланысты ғана қызығушылық танытады;

4. Жаңа білімдер мен біліктіліктерді игеруге қызығушылық танытпайды;

5. Жаңа білімдер мен біліктіліктерді игеруге салқын қарайды;

1.7.  Ұқыптылық.

1. Өз заттарын ұқыптылықпен ұстайды. Қоғамдық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарайды, оны әр-кез тәртіпке келтіріп отырады;

2. Өзіне қарастырылға және өз заттарына ұқыптылықпен қарайды (кітаптар, канспектілер). Өз жауапкершілігіндегі қоғамдық заттарды тәртіпке келтіруге атсалысады (тақта, сынып бөлмесі т.б.);

3. Өз айналысын тәртіпке келтіруге тырыса бермейді. Кейде мектепке жағымсыз кейіпті, өз-өзін тәртіпке келтірмеген күйінде келеді. Қоғамдық заттарды ұқыпты пайдалануға тырыспайды;

4. Өзінің сыртқы келбетіне, заттары мен кітаптарына қамқорлықпен қарамайды;

5. Өз заттарын тәртіпте ұстауға тырыспайды, өз-өзін ретке келтірмеген, әркез жағымсыз кейіпте жүреді. Сәті түссе қоғамдық заттар мен құрал-жабдықтарды бүлдіруден бас тарпайды;

2. Адамдарға қатынасы

2.1. Ұйымшылдық

1. Кез-келген адамға қамқорлық көрсетуге тырысады, таныс және таныс емес адамдарға қомқорлық көрсетуге трысады;

2. Өз жұмысы мен жоспарына кесірін тигізбесе таныс емес адамдарға көмек қолын созуға бейім;

3. Өзіне қатысты болмаса өзгенің шаруасына араласпайды;

4. Өз бастамашылығымен өзгенің шаруасына көмек көрсетпейді;

5. Қоғмның таныс емес мүшесіне ешқандай көмек көрсетпейді. Мұны өз ойында артық жұмыс деп санайды;

2.2. Адалдық пен шынайылық

1. Өзінің жолдастарына, мұғалімдеріне, ата-анасына қатынасы әр-қашан адал, әділ. Өзіне пайдалы емес жағдайда да әділ шешім қабылдай біледі;

2. Өзінің жоластырына, мұғалімдеріне ата—анасына қатынасы әр-кез адал болуға тырысады;

3. Өз пайдасы үшін әр-кез өтірік айтады;

4. Әр-қашан өтірік айтады;

5. Шындықты айтпауға бейім;

2.3. Әділдік

1. Өзі әділ деп тапқан жақты қорғайды;

2. Өзі әділетті емес деп тапқан жақты әркез қорғамайды;

3. Әділетсіз деп тапқан жаққа сирек қарсы шығады;

4. Әділеттіліке ұмтылмайды;

5. Әділеттіліктің орын алмауына қызығушылық танытпайды;

2.4 . Көзқарастың тазалығы

1. Өз пайдасын емес өзгелерге пайдалы жұмыс атқарады;

2. Өз пайдас үшін емес, өзгелер үшін еңбек етуге жиі трысады;

3. Өз пайдасы үшін емес өзгелер үшін жұмыс жасауы сирек;

4. Өз пайдасы үшін жұмыс жасайды;

5. Әр-қашан өз пайдасы үшін ғана жұмыс атқарады;

2.5 . Қарым-қатынас

1. Өзге адамдармен оңай қарым-қатынасқа түседі, өзгелермен жұмыс жасағанды, демалғанды жақсы көреді;

2. Өзге адамдармен қарым-қатынас жасағаннан рахат алады;

3. Шектеулі адамдардың тобымен ғана қарым-қатынас жасағанды жақсы көреді;

4. Жекелеген жұмыс түрлерін орындағанды дұрыс деп санайды;

5. Тұйық, қарым-қатынасқа бейім емес;

2.6. Жолдастық қарым-қатынас

1. Өмірдің түрлі қиын жағдайлары мен жұмыстағы қиындықтарда жолдастарына көмектесуге дайын және көмек береді;

2. Жолдастарына көмектеседі;

3. Жолдастарына көмек сұрағанда көмектеседі;

4. Өзінің жолдастарына жиі көмектеспейді; көмек сұрған жағдайда бас тартуы да мүмкін;

5. Өмірдің түрлі қиын жағдайларында жолдастарына көмек көрсетуден бас тартады, ешқашан көмектеспейді;

2.7. Шынайылық:

1. Өзінің өзге жолдастарына шынай көңілін білдіре алуы, оларға қамқорлық танытуы;

2. Өз жеке басында мәселелер болмаса, өзгелерге шынай көңілін білдіруі;

3. Өз мәселелерінің көптігінен, өзгелердің мәселесіне қатысты өз көңілін білдіріп, қайғыларын бөлісе алмайды;

4. Өзге адамдарға көңңл білідіріп, өзінің ішкі сезімін жеткізе аламайды;

5. Өзге адамдардың қиындықтарын ешқандай бөлісе аламайды;

2.8. Сыпайылық пен тәсілқойлық:

1. Оның әрбір әрекеті мен сөзі өзге адамдарды силауға бағытталған;

2. Өзге адамдарға тиісті құрметін көрсетеді;

3. Сыпайлық пен тәсілқойлық танытуы сирек;

4. Жиі шалт қимылдайды, дөрекі;  

5. Әр қашан шалт қимылдайды, өз құрдастарымен және үлкендермен қатынасында ұстамсыздық танытады. Дау-жанжал барысында өзгелерге тіл тигізеді;

3. Өзіне қатынасы

3.1. Қарапайымдылық

1. Өзінің лайықты бағасын көрсете бермейді;

2. Кейде өзінің жоластарының сұрауымен өзінің қол жеткізген жетістіктері мен қабілеттері жөнінде айтады;

3. Өзінің қабілеттері мен жетістіктері жөнінде өз жолдастарына баяндайды;

4. Қандайда бір іске азғана қатынасын не азғана жетістігі мен қабілеті жөнінде жиі мақтанады;

5. Азғана жетістігі және артық айналысатын жұмыстарымен мақтанады;

3.2. Өзіне сенімділік:

1. Өзгелермен ешқашан кеңеспейді, тіпті бұл қажет болған жағдайдың өзінде өзге адамдардың кеңесін қажет етпейді;

2. Тапсырылған жұмысты өзгенің көмегінсіз орындайды. Көмекке қажет болған жағдайда ғана көмек сұрайды;

3. Кейде қйын жұмыстарды орындайды, өзі атқаралатын жұмыстарды орындау үшін де өзгелерден көмек сұрайды;

4. Өзіне жүктеген жұмысты өзі атқара алатын жағдайдың өзінде өзгелердің көмегіне, қолдауына жиі жүгінеді;

5. Қарапайым жұмыстың өзін орындау үшін, жиі өзгелердің көмегіне сүйенеді;

3.2. Өзін-өзі бақылауы

1. Өзгенің сынын шдамдылықпен тыңдай алады, өзінің іс-әрекеті мен жұмыстарына әділ баға береді;

2. Көп жағдайда әділ сынды дұрыс қабылдайды, дұрыс кеңестерді назарға алады;

3. Кейде әділ сынды тыңдап, өз іс-әрекетінің барысында оларды есепке алуға тырысады;

4. Сын мен кеңестерге дұрыс назар аудармайды, бірақ кемшіліктерді түзетуге тырысады;

5. Кез-келген сынды терістейді. Өзінің кемшіліктері көрсетліген нұсқамаларды қабылдамайды, оларды түзету үшін ештеңе жасамайды;

3.3. Өзінің күшін бағалай алуы

1. Өз күші мен мүмкіндігін әркез дұрыс бағалай біледі. Әркез өзінің шамасы келетін жұмыстарды алады;

2. Тапсырманың күрделілігі мен өз күшінің мүмкіндігін дұрыс бағалай біледі;

3. Өзіне жүктелген жұмыстың күрделілігі мен өзінің күшін дұрыс бағаламайды;

4. Көп жағдайда өз күші мен тапсырылған жұмыстың күрделілігін дұрыс бағалай алмайды;

5. Өзіне тапсырылған жұмыс пен өз күшін ешқашан дұрыс бағалай аламайды;

3.4. Алғашқы болуға және жетістікке ұмтылуы

1. Әрқашан, барлық іс-әрекетте бірінші болуға тырысады және қол жеткізеді;

2. Көптеген салалар бойынша бірінші болуға тырысады, қандайда бір салаға ерекше көңіл бөледі;

3. Өзін қызықтырған қандайда бір салада еңбек етіп, елді мойындатады;

4. Қандайда бір сала бойынша жетістікке жетуге жиі тырыспайды, жағдайға тез қанағаттанады, «ортаншыл».

5. Қандайда бір жағдайда болсын бірінші болуға тарыспайды, өз іс-әрекетінің өзіне қанағаттанады;

3.5. Өзін-өзі бақылау

1. Өз сөзі мен іс-әрекетін тыйанақты орындайды;

2. Өзінің сөзі мен іс-әрекетін барлық уақытта бақылауда ұстамайды;

3. Көп жағдайда ойланбай жұмыс атқарады, сәттілікке үміт артады;

4. Барлық уақытқа дерлік ойланбай әрекет етеді, өзін-өзі тыйанықты бақылмайды;

5. Сәттілікке үміт артып, әркез ойланбай әрекет жасайды;

Ерік-жігер сапасы:

4.1. Батылдық

1. Кез-келген жағдайда, қарсыласы өзінен басым түскен жағдайдың өзінде күреске түседі;

2. Көп жағдайда, қарсыласы өзінен басым түскен жағдайдың өзінде күреске түседі;

3. Әр кез өзінен басым түсетін қарсыласпен күрсеуге өзін міндеттей алмайды;

4. Өзінен басым түсетіндермен күресуден бас тартады;

5. Өзінен басым түсетіндермен күресуден бас тартады, қорқады;  

4.2. Шешім қабылдау

1. Әрқашан өзінше, ешбір толқусыз жауапты шешім қабылдайды;

2. Көп жағдайда өзінше, ешбір толқусыз жауапты шешім қабылдайды;

3. Жауапты шешім қабылдар алдында, кейде толқиды;

4. Жауапты шешімді сирек қабылдайды;

5. Жауапты шешімді өза алдына қабылдай алмайды;

Беріктік

1. Қиындықтан бас тарпайды, ұзақ уақыт еңбек ету қажет болған жағдайдың өзінде, көзделген жоспарды әрқашан орындайды;

2. Көбіне қиындықтардан бас тарпайды, ұзақ уақыт еңбек ету қажет болған жағдайдың өзінде, көзделген жоспарды көп жағдайда орындайды;

3. Көзделген жұмыстың қиындықтары мен ауыртпашылықтары аз, көп күш салуды қажет етпеген жағдайда ғана жұмысты соңына жеткізеді;

4. Аздаған қиындықтарға кездескеннің өзінде істен бас тартады, ойлаған шаруаны соңына өте сирек жеткізеді;

5. Ойлаған шаруаны жүзеге асырудан, болмашы қиындықтарға кездескеннің өзінде бас тартады;

4. 4. Өзін-өзі бақылау

1. Әр қашан қажетсіз эмоцияларды тұншықтыра біледі;

2. Өз эмоциясын басқара алады;

3. Кейде өз эмоциясын басқара алмайды;

4. Қажетсіз эмоцияларын жиі баса алмайды;

5. Өз сезімдерін басқара алмайды;

5. Балалар ұжымындағы баланың жағдайы

5.1. Сыныптағы беделі

1. Барлық сыныптарының арасында өз беделін ешбір шартсыз пайдаланады;

2. Сыныптарының көпшілігінің алдында өз беделін пайдаланады;

3. Өз сыныптастарының арасындағана өз беделін пайдаланады (қандайда бір топтың, тек ұлдардың не қыздардың арасында);

4. Жекелеген топтардың арасындағана беделге ие;

5. Сыныпта беделді емес;

5.2. Сүйкімділік

1. Сыныптың сүйіктісі, жекелеген кемшіліктеріне көңіл аударылмайды;

2. Сыныпта оған сыныптың сүйкімдісі ретінде қарайды;

3. Жекелеген балалардың сүйкімдісі ретінде саналады;

4. Сыныпта оны жақсы көрмейді;

Сыныптан тыс бірлестіктерде беделге ие

1. Мектептен тыс ұйымның мойындалған беделдісі ретінде саналады;

2. Мектептен тыс ұйымның балалары арасында көпшілігінің беделдісі ретінде саналады;

3. Мектептен тыс ұйымның жекелеген мүшелерінің арасында беделге ие;

4. Мектептен тыс ұйымның мүшесі ретінде есептеледі, алайда онда беделге ие емес;

5. Мектептен тыс ұйымның мүшесі ретінде саналмайды;

III Бөлім. Эмоция мен психикалық процестерінің ерекшеліктері;

1. Қабылдау

1. Сабақ барысында алаңдаушылық танытпайды, оқытушы мен оның айтқандарын әр қашан назарда ұстайды;

2. Жиі алаңдамайды, мұғалімді және оның айтқандарын назарда ұстайды;

3. Жүйелі алаңдайды, мұғалімді тианақты тыңдамайды;

4. Жиі алаңдайды, өзіне қызық болған жағдайда ғана тыңдайды;

5. Сабақ барысында өз қабалдауын қиындықпен тұрақтандырады, азғана дүниені игереді;

Ес

1. Білімді игеру барысында әр-қашан материялдың құрылымы мен мағынасына назар аударады, жәй қарапайым механикалық тұрғыдан жаттап алу қажет материялдарды оңай игереді;

2. Өзіне тікелей қатыс материялдығана есте сақайды. Жәйғана механикалық тұрғыдан есте сақтау қажет материялдарды есте сақауы қиын;

3. Механикалық игерілуі қажет материялдар жеңіл игеріледі, бір-екі рет қарастыру жеткілікті, материялдың құрылымы мен ішкі мағанасына назар аудармайтын әдеті бар;

4. Материялды игеру барысында ұзақ уақыт талқылаудан өткізеді, баяндау барысында формалық қателіктер жібергенмен, мағынасын дәл береді;

5. Материялды есте сақтау үшін бірнеше рет қайталайды, оның құрылымы мен мағынасына назар аудармайды. Баяндау барысында мағыналық қателіктер жібереді;

Ойлау

1. Материялдың түпкі мағынасын тез қабылдайды, тапсырманы өзгелерге қарағанда жылдам шешеді, әр-қашан өз шешімін ұсынады;

2. Материялдың түпкі мағынасын жылдам түсінеді, көптеген тапсырмаларды жылдам шешеді, кейде өз шешімін ұсынады;

3. Мұғалімнің түсіндіруінен соң материялды қанағаттанарлық деңгейде түсінеді, тапсырмаларды орта деңгейде шішеді, әдетте мәселеге қатысты жоғарғы деңгедегі шешімдерді ұсына бермейді;

4. Соңынан материялдың түпкі мағынасы сақталынады, тапсырманы шешуде, ойлау процессінің баяу жүруімен ерекшеленеді;

5. Материялды қосымша сабақтан соңғана түсінеді, тапсырмаларды өте баяу шешеді, тапсырмаларды шешу барысында әдеттегі әдістерді ешбір ойланбастан пайдаланады;

4. Эмоционал ық реактив тілік

1. Өмірдің түрлі жағдайларын эмоциялық тұрғыдан қабылдайды, әңгімелер мен кинофильмдер оны қатты толқытуы мүмкін;

2. Өмірдің түрлі жағдайларын эмоциялық тұрғыдан қабылдайды, алайда оны кез-келген жағдай толқыта алмайды;

3. Болып жатқан оқйғаларға шынай эмоцисын сирек көрсетеді;

4. Шынайы эмоциялық реакциясы проактикалық тұрғыдан жоқ;

5. Жалпы эмоционал ық қалып

1. Үнемі белсенді, барлық салады өте белсенді, барлық іс-шараға араласады, барлық жұмысты атқарады;

2. Мектеп өмірінің барлық саланысында белсенділік көрсетеді;

3. Мектеп өмірінің кейбір салаларындағана белсенділік танытады;

4. Жолдастарымен салыстырғанда, белсенділігі төмен;

5. Денсаулығының жақсы болуына қарамастан, метктеп өмірінің ешқандай саласында болып жатқан оқиғаларға араласпайды;

6.Эмоционал ық тұрақтылық

1. Эмоциялық тұрғыда қатты толқуы болмайды, әрқашан салқын қанды;

2. Эмоциялық толқуы сирек, әдетте салқын қанды;

3. Эмоциялық ұстамды;  

4. Жоғары эмоциялы қозу, жоғары белсенді эмоциялық белсенділікке бейім;

5. Болмашы себептерге байланысты жиі ашуланады, толқымалы;

САБАҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

ҮЛГІ

 

Сабақтың психологиялық мақсаты:

1) нақты бір сабақтың және оқу пәнінің мазмұнында қатысушыларды дамытуды жоспарлануы;

2) алдыңғы сабақта қол жеткізген соңғы нәтижені және тақырыпты оқытудың психологиялық міндетін, бекітілген сабақтың міндетін ескеру;

 3) қатысушыларды дамытуға мүмкіндік беретін жекелеген психо-педагогикалық құралдар мен әдістемелік әдістердің қарастырылуы;

 Сабақ стилі:

1) сабақтың мазмұны мен құрылымының дамыта оқыту қағидасына сәйкес келуі;

- қатысушылардың ойлау әрекеттері мен ес процессіне түсірілетін салмақ қатынасы;

- қатысушылардың шығармашылық және қайталау іс-әрекеттірінің мазмұнын анықтау;

- дайын білімді сол күйінде игеру (оқытушы сөзінен, оқу құралынан, әдістемелік нұсқаулықтан) және өзбетінше іздену процессін жоспарлау

- мұғаліммен бірлесіп сабақтың мәселелік-эвристикалық тапсырмаларын шешу (сұрақты кім құрастырады, қояды, кім шешеді).

- өзін-өзі бақылауын есепке алу, мұғалімнің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған оқушылардың іс-әрекеттерін талдау және бағалау, қатысушылардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі талдауы және өзара бірін-бірі сынмен бағалауы;

- қатынасушылардың іс-әрекетке деген ынтасын ояту (қиындықтарды жеңуге деген ереік-жігерін қалыпастыру, дамыту, қызығушылықтарын қалыпастыру, ұзаққа созылған жұмыс барысына қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастыру) және міндеттеу(үгіттеу, жылдам сынға алу, белгілу жөнінде еске түсіру);

2) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

- сабаққа дайындық және маңыздысы – сабақтың психологиялық мақсатын түсіну және оны жүзеге асыруға дайындық;

- сабақ басында және сабақ барысындағы өзін-өзі ұстауы (жинақылық, сабақтың психологиялық мақсатына және сабақтың тақырыбына өзін бейімдеуі, қойылған мақсатты жүзеге асыруға деген тұрақты әрекеті, сабақ барысындағы ерік-жігері, сабақ барысында болып жатқан оқйғаларды оптимистікпен қабылдау, педагогикалық тапқырлық) ж.б.;

- педагогикалық такт (өзін-өзі ұстау, көрсетуі, жағдайды бағалай білуі);

- сабақ барысындағы психологиялық аура (іскерлік қарым-қатынасты ұстап тұру, шынайы қарым-қатынас, сабақ барысында көңілді атмосфераны сақтау ж.б.).

Қатысушылардың танымдық қарым-қатынасын ұйымдастыру

1) қатысушылардың қиял, ойлау т.б. психикалық іс-әрекеттерінің өнімді жұмыс жасауына арналған іс-шаралар;

- қарастырылып отырған объектіні және құбылысты қатысушылардың бойына сіңіру және оларды талдау жолдарын жоспарлау;

- сендіру, көндіру әдістерін қолдануы;

- қатысушылардың зейіні мен қабылдау әрекеттерін жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жасалған жағдай;

- жаңа білімді қабылдауға қажетті, алдын игерілген білімдер мен біліктерді белсенді әрекет етуіне жасалған түрлі жұмыстардың формалары; (әңгіме, жеке сұрақ жүргізу, қайталау арқылы жаттығу жүргізу);

2) жаңа біліктер мен білімдерді қалыптастырыу барысын ұйымдастыру іс-әрекеті:

- қатысушылардың білімі мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау (нақты сезімдік деңгейде бейнелеу, түсінігінің қалыптасуы, бейнелерді жіктеп, жинақтау, қорытындылау);

- қатысушылардың қиялы мен ойлау әрекетін ұйымдастыруда, жаңа бейнелер, ұғымдар мен жаңа көзқарасының дамуын қалыптастыруда психологиялық заңдылықтарға негізделуі;

- қатысушылардың белсенділігі мен өз бетінше ойлау әрекетін қамтамасыз ететін жұмыстың формасы мен әдістерін жоспарлау (сұрақтарды жүйелеу, проблемалық жағдай тудыруы, тапсырмаларды шешудің түрлі эвристикаық деңгейі, артық не жеткіліксіз мәліметтерді пайдалану, сабақ барысында қатысушылар үшін іздену және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қатысушылардың өзбетінше әрекет етуі барысында олардың мүмкіндіктерін ескере отырып сабақ барысын күрделендіру, қатысушылардың таным қабілеттірін дамыту мақсатында тапсырмалардың қатарын күрделендіру);

- ойлау қабілеттерін (жазбаша, салыстырмалы, жіктеуші және түсіндіруші, бағалаушы, мәселелік) және талқылау, қорытындылау қабілеттерін дамытуға жетекшілік жасау;

- қатысушыларға түрлі шығармашылық жұмыстарды пайдалану (жұмыстың мақсатын түсіндіру, оны орындау шарттарын анықтау, материялдарды таңдау және жүйелеуге үйрету, сонымен қатар нәтижелерді өңдеу мен жұмысты әрлеу);

жұмыс нәтижелерін бекіту:

- жаттығу арқылы дағдыларды қалыптастыру;

- жаңа жұмыс жағдайына алдын игерілген іскерліктердің мазмұнын көшіру және механикалық көшіру жөнінде ескерту;

Қатысушылардың ұйымдастырылу деңгейі:

1) қатысушылардың білім алуға деген қатынасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен ақыл-ой деңгейінің даму көрсеткіші;

2) қатысушылардың топқа біріктіргендегі білім деңгейлері, оларға топтық, жеке тапсырмалар беруде және фронтальды жұмыс формасында осы жағдай ескерілгенбе?

Қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

1) сабақты ұйымдастыруда қатысушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру;

2) оқушылардың қарым-қабілеттерін ескере отырып ұйымдастыру;

3) сабақты деңгейлеп ұйымдастыру;

Сынып ұжымына психологиялық мінездеме жазу үлгісі

Форма 1)

1. Сынып ұжымы туралы жалпы мағлұмат: оқушылардың саны, жастық құрамы, ұл-қыз балалар саны, сынып құрылған мерзімі;

2. Сынып әрекеттерінің сипаты мен мазмұны: оқушылар үлгерімі, тәртібі, сынып жетекшісінің қоятын талаптары, ата-аналардың оқу-тәрбие процесін реттеуге қосатын үлесі;

3. Сынып оқушыларының оқу процесіне қызығушылығы;

4. Оқудан тыс қызығушылықтары;

5. Мектеп өміріне қатынасушылығы;

6. Сынып ұжымының қалыптасқандығы, ішкі құрылымының ерекшеліктері, сыныптың ұйымшылдық деңгейі;

7. Ресми емес көшбасшыны, ұжымнан тыс қалған оқушыларды анықтау, олармен жүргізілген жұмысқа сипаттама;

8. Көшбасшының ұжымға әсері

9. Жалпы қорытынды.

ТӘРБИЕЛІК  ЖҰМЫСТАРҒА  ШАМАМЕН  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ  БЕРУ СХЕМАСЫ

1. Мектеп, сынып, жұмыс түрі, сыныптан тыс өткізілген жұмыс түрі, сабақ;

2. Өткізілген жұмыстың мақсат, міндеттері;

3. Балардың сабаққа қызығушылығы, белсенділігі;

4. Барлық балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырылған, жекедаралық қарым-қатынас сипаты;

5. Тәрбиеші тұлғасының ерекшеліктері, қатысушылармен эмоцияалық байланысы және ұжымдағы қатынасты жақсарту мақсатында жеке тәрбиелік жұмыстар, өз оқушыларымен қарым-қатынасы барысындағы мұғалімнің негізгі бағыт-бағдары, түрткісі;

 

СОЦИОМЕТРИЯ ЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Американдық психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті үсынған болатын. Бүл әдіс боиынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерии) әр қилы. Басты мақсаты — топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топағы адамдардың өзара карым-қатынастарының үйлесімді болуы, немесе бір-бірін ұнатуы, ұнатпауы олардын. сезімдік-эмоциялық күйлеріне байланысты. Топ ішіндегі қатынастар Социограммасы мен адамдардың таңдауын керсететш матрицалық кесте арқылы жүргіземіз

Социоматрица жасау. Кестеге зерттелінугаілер тізімі түсіріледі және олардың қалаулары жоғарғы қатардағы олардың нөмірімен қиылысқан жеріне түсіріледі. Кестенің төменгі қатарына әрқайсысының жинаған қалауларының саны жазылады.

Бағалау шкаласы:

6 және одан көп — жүлдыздар

3-5 — қалаулылар . 1-2 — қалаусыздар

0 — шектеулілер.

Ұсынылған кестедегі көрсеткіштер бойынша топтағы балалардың екеуі «жұлдыз», бесеуі «қалаульшар», оны «қалаусыздар», ал екеуі «шектеулілер» қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалытаспағандығының белгісі больш отыр.

Социоматрица

N Аты-жөні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
1. Айжан                 + +           +                            
2. Асан         +       + +                                        
3. Арай       +   +   +                                            
4. Арман     +             + +                                      
5. Бағлан   +               +         +                              
6. Гүлназ                     + +           +                        
7. Гүлмира     +               +     +                                
8. Данияр           +       +                 +                      
9. Дөулет                   +   +                                    
10. Дамир +                           + +                            
11. Зарина       +       +   +                                        
12. Мадина           +       +                 +                      
13. Нүрғали           +           +           +                        
14. Нағима       +       +       +                                    
15. Оңалбай   +               +           +                            
16. Өскен + +               +                                        
17. Палсая     +     +                                                
18. Руслан     + +               +             +                      
19. Толқын       +               +           +                        
20. Уели +       +         +                                        
21. Шоқан   + +                             +                        
22. Юсуп                       +             +                      
23. Элдар +             +           +   +   +                        
24 Юсуп                                     +   + +                
25 Жолдас                             +         +     +              
26 Жандар                                               +       +   +
27 Қайрат                                     +           + +        
28 Таңатар                   +           +         + +                
29 Мақсат                                       +               +   +
30 Мейірбек                                           +     +       +  
  Таңдаулар 4 4 5 5 2 5 0 4 2 12 3 7 0 2 3 5 0 5 6 2 2 3 1 1 2 1 0 2 1 2

 

Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық тандаулар санын өзара таңдау санына болу керек. Бұл сыныпта үжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.

өзара тандау 8

Р =            =       = 0,15

таңдау саны 57

Социоматрицадағы көрсеткіштер бойынша зерттелінушілер статусына байланысты социограмма жасалады. Ең ішкі шеңберге «жұлдыздар», екінші шеңбер ішіне «қалаулылар», үшіншісіне «қалаусыздар», ал сыртқысына «шектеулілер» белгісі түсіріледі.

 

 

Социограмма

 

 

Социограмма

Δ - қыздар

Ο - ұлдар

> - қалау

<−> - бір-бірін қалау

 

Жиналған материалдарды таңдау нәтижесінде келесі қорытынды жасауға болады. Социометриялық талдау барысында сыныптағылардың екеуі жұлдыз болып шықты. Олардың белгілері ішкі шеңберде орналасқан. Сонымен қатар сыньштағы оқушылардың ауызбіршілігі төмен, бір-бірімен қарым-қатынасы шектеулі екендігін байқауға болады. 33 оқушыньң алтауы шектеулі (олардың белгілері сыртқы шеңбеңберде орналасқан), оңаша қалғандар. Бұл оқушылар басқалармен, әсіресе сыныптағы майталман лидерлермен қарым-қатынасқа болғысы келеді, тек оларды бұл оқушылар қабылдамайды. Сонымен қатар 13 оқушыны 1-2 сыныптастары ғана қалап алған, олар басқаларға ұнамсыз, қалаусыз деп айтсақ болады. Ал 12 оқушыны 3-4 адам тандап алған. Оларды қалаулыларға жатқызуға болады.

Бұл жерде бір атап ететін мәселе — ұл балалар мен қыз балалардың арасында қарым-қатынас шектеулі, тек қаиа бір қалау орын алған. Бір сыныптағы балалар жеке топтар болып оқып жүрген себептерін зерттеп, оң көрсеткіштерін нығайтып, арақатынастарын жақсарту нәтижесінде өзімішілік татулықты тереңдетуге мүмкіндік туады.

 

Социограмма

Δ - қыздар

Ο - ұлдар

> - қалау

<−> - бір-бірін қалау

 

 

 

Социоматрица

Аты-жөні                                                              
N 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30  
1.                                                              
2.                                                              
3.                                                              
4.                                                            
5.                                                              
6.                                                              
7.                                                            
8.                                                              
9.                                                              
10.                                                              
11.                                                              
12.                                                              
13.                                                              
14.                                                              
15.                                                              
16.                                                              
17.                                                              
18.                                                              
19.                                                              
20.                                                              
21.                                                              
22.                                                              
23.                                                              
24                                                              
25                                                              
26                                                              
27                                                              
28                                                              
29                                                              
30                                                              

 

Социограмма

Δ - девочки

Ο - мальчики

> - выборы

<−> - выборы

 

 

 

Социоматрица

Ф.И.О                                                              
N 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30  
1.                                                              
2.                                                              
3.                                                              
4.                                                            
5.                                                              
6.                                                              
7.                                                            
8.                                                              
9.                                                              
10.                                                              
11.                                                              
12.                                                              
13.                                                              
14.                                                              
15.                                                              
16.                                                              
17.                                                              
18.                                                              
19.                                                              
20.                                                              
21.                                                              
22.                                                              
23.                                                              
24                                                              
25                                                              
26                                                              
27                                                              
28                                                              
29                                                              
30                                                              

 


Дата добавления: 2022-12-03; просмотров: 15; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!