А) Шектескен сигнал беру желісі                               6) Квазиш ектескен сигнал беру желісі

СИГНАЛ БЕРУ ЖЕЛІСІ

       Мазмұны:

       1. Сигнал беру жүйелерінің эволюциясы.

       2. Сигнал берудің жалпы арнасы.

       3. Сигнал беру желісі.

 

 

1.1 Сигнал беру жүйелерінің эволюциясы

 

       «Сигнал беру» (сигнализация) терминінің анықтамасы ITU ұсынысында келтірілген. Сигнал беру деп, жалғауды орнату мен аяқтау үшін әдейі арналған ақпараттармен алмасуды (автоматты байланыс кезіндегі), сондай-ақ желіні басқару мен шақыруға қызмет көрсетуді айтады. Кей кездері байланыс желілеріндегі сигнал беру ролін немесе қызметтерін адамның жүйке жүйелері атқаратын қызметтермен салыстырады.

       Желілік иерархия бойынша телефонияда сигнал берудің екі түрін топтастырылады: абоненттік және станцияаралық. Сонымен қатар тағы ба бір класс жиі енгізіліп отырады – станцияішілік сигнал беру. s

       Сигнал беру жүйелері берілетін хабарлардың қызметтеріне негізделген әдістер бойынша топтастырылады. Осы көзқарас бойынша негізінен сигналдардың үш тобын бөлектеуге болады:

       - акустикалық, абонентке шақыруға қызмет көрсетудің негізгі фазалары туралы (мысалы, «Станция жауабы», «Шақыруды жіберуді бақылау») ақпарат береді;

       - желілік, жалғауды орнату мен аяқтау процессі кезіндегі (әсіресе, «Бос емес», «Абонент жауабы») коммутация жасаушы арналар мен құрылғылардың жағдайын анықтайды;

       - басқарушы (регистрлік), байланысты ұйымдастыруға қажет болатын нөмір немесе адрес туралы ақпараттан тұрады. Бұл дәрісте қарастырылатын станцияаралық сигнал беру жүйелері арналар коммутациясы бар белгіленген телефон байланысының желілерінде қолданылады.

       Телефонияның дамуының маңызды бағыттарының бірі, оның коммутациялық станцияларының елеулі түрде күрделенуінде болып табылады. Бұл процесс сигнал беру жүйелері үшін де маңызды. Қазіргі заманғы телефониядағы сигнал беру жүйесіне енгізілген қызмет атқарулар тізімі аса күрделі. Ол ЖҚТфЖ автоматтандырудың бастапқы кезеңімен салыстырғандағы қызмет атқарулар тізімімен өте аз ұқсайды.

       Алғашқы телефон станциялары қолмен жұмыс істейтін болған. Жалғауды операторлар орнататын. Жіберілетін сигналдар жиынтығы да өте аз болған. Байланысты ұйымдастыру үшін, абонент операторға шақыру сигналын жіберетін. Оператор болса, одан қажет абонеттің атын немесе нөмірін анықтап білетін. Одан кейін оператор шақыру сигналын сол абонентке жібереді, содан соң байланысты орнататын.

       Автоматты электр байланысында телефонды сигнал беру 1890 жылы, Алмон Строужердің қадамды іздегіші бар автоматты телефон станциясы пайда болғаннан бастап қолданыла бастады. Осындай типті станция импульстер мен үзілістер (пауза) тізбегі түріндегі телефон нөмірін қабылдай алатын болған. Келесі жүз жылдықта сигнал беру жүйелерінің дамуы коммутациялық жабдықтың эволюциясымен қатар (параллель) пайда болды. Алайда, ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін барлық телефонды сигнал беру жүйелері үшін, келесі ортақ қасиеттер маңызды болды:

       - сигналдық ақпаратпен алмасу абоненттік терминал мен өзі қосылып тұрған АТС (абоненттік сигнал беру) арасында немесе АТС-тер (станцияаралық сигнал беру) арасында жүргізілді;

       - сигнал беру ағылшын тіліндегі әдебиеттерде POTS (Plain Old Telephone Service) деген аббревиатурамен белгілі болған дәстүрлі телефонды қызмет көрсетулерге бағытталды;

       - сигнал беру абоненттердің екі терминалдары арасындағы жалғауды орнатуға немесе ажыратуға бағытталды;

       - сигналдық ақпарат дәл жалғауды орнату үшін пайдаланылған арнамен беріліп отырды.

       Декадты-қадамды және машиналық АТС-тер үшін, станцияаралық сигнал беру процедурасы «сигнал беру» сөзінің бастапқы мағынасына әлдеқайда жақын болатын. Электромеханикалық АТС-дің телефондық жалғауды орнатуға қатысатын блоктары, электрлік сигналдармен жалғауды орнату үшін таңдалған арна арқылы алмастырылып отырды. Ақпараттармен алмасудың бұндай әдісі телефонды арнаның жиілік жолақтарындағы сигнал беру, немесе қысқаша айтқанда, жолақ ішіндегі сигнал беру деп аталады.

       1.1-суретте сигнал берудің осы принципі А және Б екі станцияларының терминалдары арасындағы жалғауды орнатуы үшін көрсетілген. Сөйлесу және сигнал беру арналары бір ғана физикалық тізбекте құрылған. Бұл тізбектер екі- немес үш сымды болған. Бір сымды тізбектер («сым-жер» деп аталатын сұлба) автоматты телефон желілерінде қолданылмай қалған. Сигнал беру арнасын ұйымдастыру үшін, әрбір жалғаушы желі желілік жинақпен жабдықталады. Авматтандырылудың алдында, барлық жинақтар негізінен электромеханикалық релелерден тұратын болған. Осыдан бастап, бұл жинақтардың РСЛ (реле соединительных линий – жалғаушы желілер релесі) атауы жиі кездесетін болды.  

1.1-сурет. Телефон арнасымен сигнал беру

 

Координатты АТС-мен бір уақытта пайда болған, белгіленген сигналдық арна арқылы (ВСК-выделенный сигнальный канал) ақпарттармен алмасу идеясын 1.2-суреттен көруге болады. Белгіленген сигналдық арна (ВСК) А және Б станцияларының коммутациялық басқару құрылғыларын бір-бірімен байланыстырады. Координатты АТС-де басқару құрылғысының қызметін регистрлер мен маркерлер орындайды. Белгіленген сигналдық арна (ВСК) арқылы желілік және басқарушы сигналдармен алмасуды іске асырудың бірнеше нұсқалары болады. Әйтседе, бұл нұсқалардың барлығына ортақ бір қасиет бар: әрбір сөйлесу арнасы белгіленген сигналдық арнамен (ВСК) (қолданылатын сигнал беру жүйесінің типіне ұарай біреуімен немесе екеуімен) мағыналас байланысты болады.

 

1.2-сурет. Белгіленген сигналдық арна (ВСК) арқылы ақпараттармен алмасу

 

Қазіргі уақытта ЖҚТфЖ бір немесе екі белгіленген сигналдық арнасы (ВСК) бар сигнал беру қолданылады. Көліктік желі цифрлы тарату желілерінің (ЦСП) базасында құрылғын жағдайда, әдетте екі белгіленген сигналдық арнасы (ВСК) бар сигнал беру қолданылады. Белгіленген сигналдық арнаны (ВСК) ұйымдастыру үшін, ИКМ-30/32 трактісінің он алты арналық интервалында құрылған, қорларды үлестіретін алгоритм стандартталған.

Шақырушы абонент терген нөмірді жібергенде, импульстер мен үзілістер арқылы жалғауды орнату процессі баяулайды. Осы кемшілікті жою үшін көпжиілікті сигнал беру енгізілді. Ол жерде қолданылатын көпжиілікті коданың сигналды комбинациялары екі синусоидалы сигналдардан тұрады. Берілетін сигналдар алты мүмкін болатын жиіліктің ішінен екі әр түрлі номиналды жиілікті пайдаланады. Осындай әдісті көбінесе «6 ішінен 2» кодасы деп атайды.

Кез-келген берілетін сигнал коданың бөгеуге тұрақтылығын жақсартатын жиіліктер санымен бірдей болады. Осындай типтегі көпжиілікті кодалардағы кодалық комбинациялардың мүмкін болатын саны қиюластырулар санымен анықталады.

«6 ішінен 2» кодасы үшін ол былай есептелінеді:

 

.                                                                                           (1.1)

 

Қолданылатын алты жиілік үшін келесі мәндер белгіленген:

f0=700 Гц;

f 1=900 Гц;

f2= 1100 Гц;

f4= 1300 Гц;

f7=1500 Гц;

f11=1700 Гц. 

 

Жиіліктердің атауларындағы индекстер ерекше етіліп таңдалған, яғни әрбір комбинациядағы жиіліктердің қосындысы жіберілген цифрды анықтайды, тек «0» цифрасын есептемегенде.

Екіжиілікті комбинациялармен алмасу әдісі «импульсті қайықша (челнок)» деген атпен белгілі. Бұндай атау тоқыма қайықшасының (челнок) тура және кері қозғалысының тәсілдерімен ұқсастыққа ие. Координатты станциялар арасындағы регистрлік ақпаратпен алмасу келесі түрде іске асырылады:

- регистр маркерге қосылады да, өзінің ақпаратты беруге дайын екендігі туралы хабарлайды;

- маркер «сұрау» сигналын жібереді, ал оған жауап ретінде регистр ақпараттың біраз бөлігін таратады;

- содан кейін маркерден қайтадан «сұрау» сигналы келліп түседі (немесе қабылданған туралы растау сигналы), ал оған жауап ретінде регистр ақпараттың келесі бөлігін таратады;

- барлық ақпаратты таратқан соң, регистр босайды.

Осындай әдіспен ақпаратты тарату кезінде, оның анықтығы, дұрыстығы жоғарылайды.

Ал екінші жағынан, сигналды ақпаратпен алмасу уақыты көбейеді. Егер жиналған ақпаратты өте жоғары жылдамдықпен жіберу қажет болса, онда «импульсті пакет» әдісі қолданылады. Бұл әдіс жергілікті коммутациялық станцияның автоматты қалааралық телефон станциясымен (АМТС) байланысы үшін қолданылады. Жиналған кодалық комбинациялар ақпараттың тұрақты қабылдануын қамтамасыз ету үшін, бірінен кейін бірі үзілістер арқылы жіберіледі.

Шақырушы абоненттің нөмірін автоматты анықтау (АОН-автоматическое определение номера) процедурасын іске асыру үшін, бұрынғыдан да әлдеқайда жоғары жылдамдықпен жіберу әдісі таңдалды. Бұл әдіс «үзіліссіз импульсті пакет» деген атқа ие болған.

Қабылдаушы жақта кодалық комбинацияларды бөлу, олардың жиіліктерін құраушылардың өзгеруін анықтаумен негізделген. Егер жіберілетін кодалық комбинациялардың тізбектерінде екі немесе бірнеше комбинациялар қатарымен бірдей болса, онда барлық жұп санды бірдей комбинациялар «Қайталау» сигналымен алмастырылады.

Мысалы 5543333 нөмірін жіберу талап етілді. Екі қатар келе жатқан «бестердің» орнына, сондай-ақ қатарымен келе жатқан «үштердің» екіншісі мен төртіншісінің орнына «Қайталау» сигналы беріледі. Оны «п» әрпімен белгілейді. Сонда 5543333 нөмірі 5п43п3п түрінде берілетін болады.

Сигнал беру жүйелерін стандарттау – ITU іс-әрекетіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Телефон байланысы үшін ITU-T сигнал беру жүйелерінің бірнеше спецификацияларын дайындады, олврдың біріншісі 1934 жылы пайда болды. Әрбір жаңа спецификация ЖҚТфЖ жаңа талаптарын және қолданылатын техникалық құралдардың жаңа мүмкіндіктерін ескеріп отырды.

Бағдарламалық басқаруы бар коммутациялық станциялардың өмірге келуі сапалы жаңа сигнал беру жүйелерін жетілдіруді ынталандырды. Осының барлығы бірқатар себептердің себебінен пайда болды, солардың ішінен келесілерді атап өткен маңызды:

- сигнал беру жабдығының жоғарғы бағасы және желілік жинақтардың пайдалы әрекет ету коэффициентінің төмен болуы;

- ақпаратарды қабылдап және тарататын негізгі құрылғылардың жұмыс істеу уақыты;

- коммутациялық станциялар айырбастай алатын сигналдардың шектеулә құрамы.

Желілік жинақтардың пайдалы әрекет ету коэффициентінің төмен болуы былайша түсіндіріледі, олар тек жалғауды орнату және ажырату кезеңдерінде ғана жұмыс істейді. Бұл кезеңдердің орташа жиынтық уақыты  сөйлесу ұзақтығының математикалық күту уақытынан әлдеқайда аз. Желілік жинақтардың пайдалы әрекет ету коэффициентін  келесі түрде анықтайды:

 

.                                                                                                    (1.2)

 

Әдетте  шамасы 10% аспайды. Бұл техникалық жүйелер үшін өте төмен пайдалы ірекет ету коэффициенті.

Қарастырылған сигнал беру жүйелерін пайдаланған кезде, қосуды басқаруға қажет уақыт бірқатар жағдайларда айтарлықтай өсті. Әсіресе, халықаралық шақыруларға қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ кейбір қызмет көрсету түрлеріне тапсырыс берген кезде елеулі түрде кідірістер болды. Ал бұндай жағдайлар шақыруларға қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеліп соқты.

Қызмет көрсетудің жаңа түрлері, сондай-ақ сигнал беру жүйелерінің ресурстарын  (мысалы, техникалық пайдалану тапсырмаларын шешу үшін) пайдалануға талпыну берілетін сигналдар құрамының кеңеюін талап етті. (1.1) қатынасы жаңа сигналдарды енгізу мүмкіндігінің шектеулі екендігін көрсетеді. Берілетін жиіліктердің жаңа номиналдарын енгізу пайда болатын сұрақтарды уақытша ғана шешеді, ал осындай шешімдердің техникалық іске асырылуы қымбат, әрі күрделі жұмыс болып табылады.

Осылардың барлығын ескере отырып, ITU-T жаңа сигнал беру жүйесінің спецификациясын жетілдіріп шығарды. Ол сигнал берудің жалпы арнасын (ОКС-общий канал сигнализации) пайдалануға негізделген. ОКС-ті пайдаланғанда, сөйлесу арнасынан сигнал беру жүйесінің барлық элементтерін толығымен жояды.

 

 

1.2 Сигнал берудің жалпы арнасы

 

 

Алдымен №6 сигнал беру жүйесі деген атқа ие болған, спецификация жетілдіріліп шығарылған. Ол халықаралық және қалааралық байланыс желілері үшін тағайындалған болатын. Сигнал берудің жалпы арнасы (ОКС) ретінде аналогты және цифрлы арналар қолданыла алатын болған. Көп ұзамай, №6 сигнал беру жүйесінде бірқатар маңызды кемшіліктер анықталды. Басқа жағынан ОКС туралы идеяның өзінің - өте тартымды болғаны анықталды.

№ 6 сигнал беру жүйесінің спецификациясы 1968 жылы бекітілген. Бес жылдан кейін, ITU-T жалпы қолданыстағы телефон желілерінің (ЖҚТфЖ) (иерархиясларының барлық деңгейлерінде) және басқа да электр байланыс желілерінің келешегі зор талаптарына жауап беретін жаңа жалпы арналық сигнал беру жүйесін жетілдіру туралы шешім қабылдады. Осы сигнал беру жүйесі ITU-T стандартының ең сәтті жобасы болып табылды. Оның спецификациясы №7 сигнал беру жүйесі деген атпен белгілі болды. Бұдан былай «ОКС» деген аббревиатураны пайдалана отырып, №7 сигнал берудің жалпы арнасына (ОКС7) арналған ITU-T сәйкес спецификациясын түсінетін боламыз. 

Квазиэлектронды және цифрлы коммутациялық станциялардың басқару құрылғылары – олардың архитектурасына қарамастан – арнайы мамандандырылған ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) немесе жоғары өнімді компьютер түрінде қарастырыла алатын аппаратты-бағдарламалық кұралдарға жүктелді.

Коммутациялық станциялардың өзара тиімді әрекеттестігі үшін, басқару жүйелерінің қызметтерін атқаратын компьютерлердің тура қатынасы қажет бодады. Бұл қатынас сигналды буындардың шоғырын қамтамасыз етеді. Ал сигналды буын деп, тікелей екі коммутациялық станцияларды байланыстыратын және солардың арасында сигналды ақпаратпен екі жақты алмастыруды қамтамасыз ететін, бір-біріне қарама-қарсы бағытталған жалпы арналық сигнал беру арнасын (ОКС) айтады.

Жалпы арналық сигнал беру арнасының жұмыс істеу принциптері 1.3 суретте көрсетілген. Бір ОКС жабдығы N сөйлесу арналарынан тұратын жалғаушы жолдар (СЛ-соединительные линии) шоғыры үшін қолданылады. Бұл жағдай сигнал беру арнасын жалпылама түрде қарауға рұқсат етеді.

1.3-сурет. Жалпы арна бойымен сигнал беру

 

Жалпы арналық сигнал беру жүйесінің моделіндегі функционалдық деңгейлерді бөлектеу принциптері бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Оның себебі, жеті деңгейден тұратын белгілі ISO моделінен айырмашылығында. 1.4-суретте жалпы арналық сигнал беру жүйесінің моделі, және де стандарттау бойынша халықаралық ұйымда қабылданған ұқсас құрылымнан оның айырмашылығы көрсетілген. Жеті деңгейден тұратын бұл құрылым – OSI деген аббревиатурамен жақсы танымал – ашық жүйелердің өзара байланысының моделі.

 

       1.4-сурет. Жалпы арналық сигнал беру жүйесінің моделі

 

ОКС жүйесінің үш төменгі деңгейі хабарларды тасымал жүйесін МТР (Message Transfer Part) құрайды. МТР-ның осы деңгейлерінің функционалды мүмкіндіктері алдында болған үш тұтынушылар-жүйесінің сигналды жүктемесіне қызмет көрсету үшін арналған, олар:

- мәліметтер беру желісі  - DUP (Data User Part);

- хэндовер процедуралары - HUP (Handover User Part);

- телефон желісі - TUP (Telephone User Part).

DUP және TUP жүйелері Казақстан желілерінде қолданылмаған. Хэндовер процедурасы туралы ақпарат жылжымалы байланыс желілеріне арналған дәрістерде келтірілген («Телекоммуникациялық желілердің негіздері» пәнінде «Жылжымалы байланыс желілері» модуліндегі «Ұялы байланыс желілерінің ұрпақтары» дәрісі). Сонымен қатар сол дәрісте NMT-450 аналогты стандартындағы жылжымалы байланысына бағытталған HUP және MUP жүйелері туралы айтылған. Қазіргі уақытта осы жүйелердің барлығын қолдау тиімді емес болып табылады.

Сигналды байланыстарды басқару жүйесі SCCP (Signalling connection control part) OSI моделінің 3 деңгейіне дейінгі МТРЗ функцияларын толықтырады, және ол келесі тұтынушылар-жүйелердің жұмысы үшін қажет:

- NMT-450 стандартындағы жылжымалы байланыс - MUP (Mobile User Part);

- интегралды қызмет көрсетуші цифрлы желі - ISUP (ISDN User Part).

SCCP функционалды мүмкіндіктері де ТСАР (Transaction capabilities application part) транзакцияларының қолданбалы қолдауларын пайдаланады. ТСАР жүйесі өз кезегінде, келесі қолданбалы жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет:

- GSM стандартының мобильді байланысының - MAP (Mobile Application Part);

- эксплуатациялық басқарудың - ОМАР (Operations, Maintenance and Administration Part);

- интелектуалды желінің - INAP (Intelligent Network Application Protocol);

- CAMEL протоколының - CAP (CAMEL Application Protocol).

ТСАР жүйесінің одан ары қарай берілуі үшін, ақпарат белгілі форматтағы сигналды хабарлар түрінде қалыптасады. Хабардың ОКС бойынша берілу үшін, оны сигналды бірлікке (сигнальная единица - СЕ) түрлендіріледі. Бұл процесті  сигналдық хабарларды биталармен толықтырғыш түрінде қарастыруға болады, ол ақпараттың дұрыс және сенімді берілуі үшін қажет. СЕ құрылымы 1.5-суретте көрсетілген.

 

F – жалау;

СК - тексеруші комбинация;

SIO- қызметтік ақпараттар байты;

"/"- резервтік биталар;

LI - ұзындық индикаторы;

FIB - тура бағыттағы индикациялау биті (сигналды жіберу);

FSN - жіберілген сигналды бірліктің (СЕ) реттік нөмірі;

ВIВ - кері бағыттағы индикациялау биті (растауды беру),

BSN - расталған сигналды бірліктің (СЕ) реттік нөмірі.

1.5 сурет. Сигналды бірліктің (СЕ) форматы

 

Сигналдық хабар (пайдалы ақпарат) СIF өрісінде болады. Бұл өрістің ұзындығы – байтқа еселі айнымалы шама. Осы себептен, сигналдық бірлік те (СЕ) басқа өрістердің құрылымының арқасында байтқа еселі айнымалы ұзындықта болады.

 

Сигнал беру желісі

 

 

       Бағдарламалық басқаруы бар коммутациялық станцияны сигнал беру пункті түрінде қарастыруға болады. Техникалық әдебиеттерде «сигнал беру пункті» терминінің  ағылшын тіліндегі қасқартылған түрі - SP (Signaling Point) кездеседі. Сигнал беру пункті сигналдық хабарлардың құрылу, жіберілу, қабылдану және түсіндірілу функцияларын орындайды.

       Кейбір сигнал беру пунктілері сигналды бірліктің (СЕ) бір сигнал беру буынынан басқасына орын ауыстыру функцияларын атқарады. Олар транзитті сигнал беру пунктілері – STP (Signaling Transfer Point) деп аталады. SP мен STP жиынтықтары, сондай-ақ олардың сигналдық буындарын жалғастыратын жиынтықтар өз кезегінде желі құрады. Ол желі сигнал беру желісі деп аталады.

       Араларында сигналық ақпараттардың алмасуы мүмкін болатын кез-келген екі SP байланысқан деп аталады. Екі SP байланысы не сигналдық буындардың тура шоғырымен, не екі SТP көмегі арқылы транзитті ұйымдастыра отырып, сигнал беру желілерінің құралдарымен іске асырылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, екі SP (сигнал беру желілері құрылымының көзқарасы жағынан) шектескен (көршілес), ал екіншіден шектессіз (көршілес емес) болып табылады. Сигнал беру желісінде шектескен де, шектеспеген де сигнал беру пунктінің (SP) болуы, негізінде, әр түрлі жұмыс істеу режимдерін қолданумен ескерілген.

       Қазіргі заманғы сигнал беру желілерінде жұмыстың үш режимі қолданылуы мүмкін: шектескен, шектеспеген және квазишектескен. Квазишектескен режим шектеспеген режимнің жеке жағдайлары түрінде болады.

       Желі арқылы сигналдық ақпараттың жүретін жолы алдын ала тағайындалады, және де біршама уақыт периодында белгіленіп алынған болып табылады. Іс жүзінде сигнал беру желісі шектескен және шектеспеген режимдерді қолдайды. Техникалық әдебиеттерде жұмыс режимінің атауы әдетте сигнал беру желісінің түрі арқылы теңестіріледі. Басқаша айтқанда, шектескен және шектеспеген сигнал беру желілері болып бөлінеді.

       Шектескен және шектеспеген сигнал беру желілерін ұйымдастыру мысалдары             1.6-суретте көрсетілген. Екі нұсқа үшін де, жалпы арналық сигнал беру жүйесі бес коммутациялық станция орнатылған телефон желісі үшін құрылады.

а) Шектескен сигнал беру желісі                               6) Квазиш ектескен сигнал беру желісі

 

1.6-сурет. Сигнал беру желісінің құрылымы

 

       Барлық станциялар бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша байланысқан. Бұл топологияны байланысқан сигнал беру желісі қайталайды.

       Квазибайланысқан желіде төрт STP орнатылады. Олар бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша байланысады. Бес сигнал беру пунктінің (SP) кез-келгені екі STP-не тіреледі. Бұндай шешім сигнал беру желісінің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы сенімділіктен басқа, сигнал беру желісі сигналдыө хабарлардың жылдам өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл талап, сигналдық хабарлардың маңызды түрде тежелуінің ЖҚТфЖ-дегі трафиктің қызмет көрсету сапасының көрсеткіштеріне әсер етуімен ескеріледі.

       Сигнал беру желісі – телекоммуникациялық жүйенің маңызды компоненті болып табылапды. Ол біраз бөлігі телефон байланысы жүйесінің шеңберінен шығып кетенін тапсырмаларды шешу үшін құрылады. Келесі ұрпақ желілеріне өту сигнал беру жүйелерін жаңаландыруға қатысы бар, бірқатар қызықты жаңа тапсырмаларды тудырды.


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 27; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!