Жануарлардан алынатын шикізаттарды

ЖЕКЕ ТОКСИКОЛОГИЯ

Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар

Фосфорорганикалық қосылыстардан улану

  Фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ) - фосфор қышқылының (фосфорлық, пирофосфорлық, фосфорлы, фосфондық , фосфиндік, тио және дитиофосфорлық,тиофосфорлы) күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигантты әсер етеді.

   Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар.

   ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары:

хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос.

     ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препараттары:

гардона, силикрон, токутион, фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әер ететіндер: антио, фосфамид, фталофос, гетерофос.

    Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік – резорбтивті (қанға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан.

   ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос фосфаколға, карбофос имидоксонға, диазинон диазоконға,антиофосфомидке, метилнитрофоскаранитрокрезолға айналып, өздерінен де аса уытты қосылыстар (метаболлиттер) түзеді.

   Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық ерітінділердегі және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде шығарылып, қолданылады.

   Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі.

    Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өңдегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өңделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды.

 

   Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады.

   • ФОҚ жүйке жүйесін салдандырып әсер етеді. Яғни жүйке жүйесі ферменті - холинэстеразаға тікелей, әлсірете әсер етіп, нәтижесінде ағзада ацетилхолин шамадан тыс көп мөлшерде жинақталып, өзінің уытты әсерін көрсетеді.

  • Онымен қатар фосфорорганикалық қосылыстар эстераза, протеаза және пероксидаза секілді басқа да ферменттердің қызметін әлсіретіп, каталазаның белсенділігін күшейтеді. Кейбір ФОҚ тек М-холинореактивті жүйеге әсер етсе, басқалары М-холинреактивті жүйеге ғана емес, Н-холинореактивті жүйеге де әсер етеді.

 

    Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:

    1. Мускарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен сипатталынады.

   2. Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда – қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.

  3. Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшық еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгілерімен ерекшеленеді.

  Көптеген фосфоорганикалық қосылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т.б.) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады.

   ФОҚ-ға сезімтал жануарлар:

                          мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі,

   ФОҚ-ға сезімталдығы төмен:

                          жылқы, шошқа, тауықтар және үйректер.

                                               

ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары

      Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) - ақ түсті кристалды зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД12 тышқандар үшін 2000-2300 мг/кг, қояндарға 970-1930мг/кг. Шыбын- шіркей личинкаларына, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу процессіне зиянын тигізетін жәндіктерге де әсері айтарлықтай күшті.

  Хлорофос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рицифон) - ақ түсті, суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т.б. дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға (оқалақ) қарсы пестицидтер ретінде қолданылады. Жануарларға өлтіре әсер ететін мөлшері: 300-500 мг/кг, организмде жинақталу дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыз арқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп арқылы сыртқа бөлінеді. Тері арқылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне қарағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн, бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады.

    Карбофос (мелатион, фостион, сумитокс) - сұрғылт түсті, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып (редька) иісі секілді, жағымыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі (еру дәрежесі жобамен 150мг/л). Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді, сілтілер әсерінен құрамын бұзады. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, карбофостың бұзауға уытты мөлшері 10-20мг/кг болса, ірі малдар үшін 50-100мг/кг. Өлтіре әсер ететін мөлшері мүйізді ірі қара үшін 200мг/кг болса, қойлар үшін 150мг/кг. Карбофостың 100мг/кг мөлшері балапандардың бұлшық еттерін әлсіздендіріп, 3 апталық балапандарға өлтіре әсер етеді. Мөлшері (ЛД50) 200-400 мг/кг, ал ересек құстарға 150-200мг/кг. Препараттың 1%-ды ерітіндісімен бұзауларды бүрку (опрыскивание) оларды өлімге ұшыратса, ал құстарды карбофостың 1,25 % ерітіндісімен немесе 4 % ұнтағымен (дустымен) шомылдырудың ешқандай зияны жоқ. Карбофоспен өңделген шабындықтарда, оның иісі 25 күнге дейін сақталынады.

    Карбофос - азықтық заттарды зиянды жәндіктер мен кенелерден, жануарларды әртүрлі эктопаразиттерден қорғауға арналған инсектоакарицид.

   Тиофос (паратион)- күңгірт-қоңыр түсті, иісі сарымсақтікі секілді, қою майлы сұйықтық. Сумен жақсы араласып, сарғыш-жасыл түсті эмульия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әер ететін мөлшері 13-25 мг/кг. Тиофоспен өңделген жайылымдарға малдарды 20-25 күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне қарсы қолданылады.

   Октометил (сирадан, пестокс-3) - жабысқақ, тұтқыр, күңгірт қоңыр түсті, иіссіз, судағы ерітіндісі (эмульсия) бұзылмай ұзақ сақталатын сұйықтық. Тері арқылы тез сіңіп, малдарға өте уытты , кумулятивті әсер етеді. Өлтіре әсер ететін мөлшері 10-30 мг/кг. Құрамында октометил кездесетін азықтарды, препарат ыдырап кетпейінше ,1-3 айға дейін қолдануға болмайды .

  Меркаптофос (диметил 0-2 этилтиофосфат, метасистокс, деметон, внуран) - майлы ,ашық-қоңыр түсті , өткір жағымсыз иісі бар, сумен жеңіл араласып, ашық-сары түсті эмульсия түзетін, өте уытты, кумулятивті сұйық зат. Өлтіре әсер ететін мөлшері 3-10 мл/кг. Меркаптафостың екі изомері бар: тиондық және тиолдық. Тиолды изомері тионды изомеріне қарағанда уытты. Ұзақ уақыт сақтау барысында меркаптофостың уыттылығы артады, яғни тиолды изомерінің саны ұлғаяды. Құрамында 0,35 мг/кг мөлшерінде меркаптофос бар азықтар мен азық-түліктерді қолдануға тиым салынады.

  ДДВФ(0,0-диметил–0-2,2-дихлорвинилфосфат,дихлорофос, вапона, нуван) - ацетонда және т.б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін түссіз сұйық. Тері арқылы өлімге ұшырататын мөлшері (ЛД50) 23-87 мг/кг. Аралар жиі уланады. Өсімдіктермен жануарларға зиянды әсер ететін жәндіктерге және кенелерге қарсы, сонымен қатар, қора-қопсыларды дезинфекциялау (залалсыздандыру) үшін қолданылады.

   Циодрин (кротоксифос) – керосинде, ацетонда және т.б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін, ашық -сары түсті сұйық зат. Өте уытты препарат. Ауыл шаруашылығы малдарының эктопаразиттеріне қарсы, сауылатын сиырларды өңдеу үшін қолданылады.  

                                                            

ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препарататтары

 

  Гардона (тетрахлорвинфос, винфос, рабон, аппекс ) - ақ түсті, суда нашар, органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты әсері төмен (ЛД50-1900-5000мг/кг), араларға орташа уытты әсер етеді. Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.

Селекрон (профенос ,куракрон ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен әрекеттесуі нашар (еру дәрежесі 20мг/л ), ашық-сары түсті сұйық. Тышқандарға орташа уытты - ЛД50 388мг/кг, араларға және т.б пайдалы жәндіктерге уытты әсер етпейтін , мақтаны, жүгеріні әртүрлі сорғыш,кеміргіш жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.

   Токутион (протиофос ) - толуол және циклогексанмен жақсы әрекеттесетін, ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1,7 мг/л, ашық түсті, майлы сұйықтық. Тышқандарға орташа уытты (ЛД50 925-966мг/кг), араларға және жәндіктерге уытты әсер етеді. Мақтаны зиянды жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.

   Трихлорметафос (фенхлорфос, тролен, роннел,нанкор ) - хош иісті көмірсуларда жақсы еритін, әлсіз-жағымсыз иісі бар, 30-50% эмульсия түрінде шығатын, химиялық таза препарат. Бүрге,бит және кене секілді малдың эктопаразиттеріне қарсы қолдануға ұсынылған инсектицид. Өсімдік шаруашылығында фитоцид ретінде жиі қолданылады.

   Бутифос (фолекс, мерфос) - суда жартылай, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, жағымсыз иісі бар, ашық- сары түсті сұйық. Мақта алқабына 1-2 кг/га мөлшерінде қолданылатын, топыраққа сіңу жылдамдығы 2 аптаға созылатын дефолиант. Малдар үшін орташа уытты. 40-60% эмульсия түрінде шығарылады.

    Диазинон (базудин, эксодин)– түссіз, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен нашар әрекеттесетін (еру дәрежесі 40 мг/л) сұйық зат. Өте уытты. Уыттылығына орай мүйізді ірі қараға қолдануға болмайды. Қойлардың қотырына қарсы қазіргі кезде жиі қолданылатын инсектицид.

    Неоцидол (базудин, диазол, гром) – диазинон эмульсиясының 60%-ды қоспасы. Өте улы пестицид. Құрамындағы әсер етуші заты (диазинон) – ацетонда, бензолда, этанолда және хлороформда жақсы еритін, түссіз майлы зат. Мал шаруашылығында тек қойларды тоғыту үшін, яғни псороптоз ауыруын алдын алу және емдеу мақсатында 0,05%-ды сулы эмульсия түрінде қолданылады. Өсімдік шаруашылығында неоцидолдың 60%-ды эмульсиялық қоспасы, 40%-ды дымқыл ұнтағы, 5-10%-ды түйіршікті ұнтағы қолданылады.

   Диазинон өте уытты зат. ЛМ50 – ақ тышқанға 76-108 мг/кг, балапандарға 8,4 мг/кг. Кумулятивті әсері әлсіз. Диазинонды ішке қолданғандағы уытты мөлшері: 2 апталық бұзауларға, бір жасар таналарға – 2,5 мг/кг, қой-ешкілер үшін - 30 мг/кг. Жылқыларға ішке қолданғанда уланудың клиникалық белгілері байқалмайды. Неоцидолдың 0,1%-ды сулы эмульсиясы сыртқа бүрку кезінде 2 апталық бұзауларда улану белгілері байқалса, пестицидтің 0,25%-ды қоспасы алты айлық бұзауларды оншалықты уландыра қоймайды. Бұл препаратты ірі қараға қолданбаған жөн.

    Неоцидол сыртқы ортада тез ыдырайды. Бұл препараттпен өңделген азықтық өсімдіктерді 20 күннен кейін қолдануға, сойылатын малды 15-20 күннен кейін союға болады. Уланудан өлген малдан токсикологиялық талдау үшін зертханаға етін, бауырын, бүйрегін және майын жіберуге болады.

   Золон (фозалон) – органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін кристалды зат. Өсімдіктерді қорғау мақсатында 35%-ды эмульсиясы қолданылады. Өсімдіктерді өңдеуде препараттың 0,1-02%-ды сулы эмульсиясын 1,5-3 л/га мөлшерінде бүркиді. Ал 0,2%-ды сулы эмульсиясын мүйізді ірі қара, қой және ешкілердің кенелеріне қарсы қолдануға болады. ЛМ50 – зертханалық жануарлар үшін 84-108 мг/кг. Уытты әсері орташа. Азық-түлік құрамында 30-40 күнге дейін сақталынады. Фозалонның сүттің, еттің және жұмыртқаның құрамында болмағаны дұрыс.

    Картопты, мақтаны әртүрлі зиянкестерден қорғау үшін қолданылатын хлорорганикалық заттарды алмастырғыш химиялық зат.

    Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда және органикалық еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т.б.) жақсы еритін ақ түсті кристалл. Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың 0,05-0,2% сулы эмульсиясын 0,5-2,5 м/га мөлшерінде бүркіп қолданады. Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50- ақ тышқандар үшін 140-220 мг/кг. Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1,0 мг/кг) қолданғанда ешқандай улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс жоғарылатып қолданса (25-50 мг/кг), өлім- жетімге ұшыратады. Азық құрамында, жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі мөлшері 2 мг/кг.

      Жоғарыда аталған ФОҚ- препараттарымен қатар, зиянды жәндіктерге қарсы қазіргі уақытта төмендегі препараттар қолданылады: Актеллик (Фосбецид), Лейбацид, Сумитион, Дурсбан (Дарсбан, Пиринекс, Сайрен), және тағы басқалар.

      Бұл препараттардың барлығы да жүйелі түрде әсер етеді. Әмбебап пестицидтер ретінде фитоверм, агравертин, неорон секілді препараттарды қолдануға болады.

      Клиникалық белгілері. Фосфорорганикалық қосылыстармен улану- өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтуі мүмкін.

      Өте жіті түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданып, тілдің салдануы, сілекей ағу, миоз, экзофтальмия, бронхоспазм, дірілдеу, шектен тыс терлеу, тремор және қан қысымының жоғарылауы секілді белгілермен сипатталынады. Сонымен қатар, малдың аяқтары салданып, жүріс-тұрысы өзгереді, жиі-жиі зәр бөледі, есінен танып (кома), құлап қалады. Ауа жетпей тұншығу (асфиксия) нәтижесінде 1-2 сағат ішінде мал өледі. Мысалы, хлорофос ерітіндісін дұрыс қолданбау, яғни ыстық суда (90С°-градуста) ерітіп, 12-16 сағат өтпей тұрып қолдану барысында болған улану, іс жүзінде тіркелген. Бұл жағдайда хлорофос өзінен 5-6 есе улы ДДВФ-қа айналып, малдар қолданылған жерді тілімен жалауы арқылы уланады (өз терісін немесе екінші бір малды жалау арқылы). Улану белгілері 15-20 мин кейін білінеді.

     Жіті уланудың белгілері: мал тынышсызданады, тітіркендіруге (дауысқа немесе жарыққа) қарсы реакциясы әлсірейді, терінің ауруға сезімталдығы жойылады, қозғалыс координациясы бұзылып, мал жығылып қалады.

     Жылқыларда ішектің түйілуі (колик), шектен тыс терлеу, тілдің астынғы ерінінің салдануы, иттер мен шошқаларда құсу сияқты белгілер байқалады. Сауын малдарында кенеттен сүті тоқтап қалады, құстарда аяқтары, қанаты салданып, айдары және сырғалығы көгеріп кетеді. Ауа жетпеу және орталық жүйке жүйсінің салдануы нәтижесінде 24-28 сағат ішінде мал өледі.

     Уланудың созылмалы түрінде азыққа тәбеті жойылады, мал күйзеледі, бұлшық еттердің тонусы әлсіреп, жүріс-тұрысы өзгереді, малдың салмағы төмендейді, 6-7 ай өткен соң, қойлардың аяқтары мен мойнының бұлшық еттері тартылып, мойын бір жағына қисайып қалады. Дене температурасы төмендеп, арықтау нәтижесінде мал өледі.

     Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Көптеген авторлардың айтуынша (А.В.Акулов, Г.П.Ясновой,1966; Ф.П.Кохток 1970) уланудан өлген малды сойып зерттегенде, тіршілікке қажетті мүшелерде, соның ішінде бауырда, бүйректе, өкпеде, жүректе, қалқанша және ұйқы бездерінде қан толулар байқалады. Сонымен қатар, осы мүшелерде түйіршікті дистрофия қалыптасады. Көкбауырда гемаглобин мөлшері көбейіп, бауыр ұлпаларында гликоген азаяды. Осы көрсеткіштердің барлығы ФОҚ-мен уланғанда орталық жүйке жүйесі мен қан тамырларының зақымдалынатынын білдіреді.

    Химиялық-аналитикалық зерттеулер нәтижесі ФОҚ-дың мида және паренхиматозды мүшелерде, лифа түйіндерінде және қойдың құйрық майында көп мөлшерде, қаңқа бұлшық етінде шамалы ғана жиналатындығын көрсетеді (Конюхов,1980).

      Фосфорорганикалық қосылыстардан улануды балау - жүйке жүйесінің салдануының клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық сою нәтижесіне, ішек-қарындағы азық қалдықтарынан, май ұлпаларынан, мидан, бауыр және бүйректен, сонымен қатар, азық құрамынан химиялық-токсикологиялық зерттеу барысында ФОҚ-ды табу арқылы баланады.

     Зертханалық жағдайда тірі және өлген малдардың қан мен ұлпалардағы холинэстераза ферментінің белсенділігін анықтау,салыстыру арқылы да фосфорорганикалық қосылыстарды балауға болады. ФОҚ-мен улануды сіреспе, құтырық, Ауески ауруы, энцефалит секілді аурулардың клиникалық белгілерінен айыруда жұқа қабатты және газды хромотография әдістерінің маңызы зор.

    Емдеу. Фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда, алғашқы күндері атропин сульфатының және платифилин препараттарының емдік әсері нәтижелі. Антидот (у қайтарғыш) ретінде фосфолитин жеке түрінде немесе ТМБ-4 препараттарымен бірге қолданылады. Жекеленген түрде ТМБ-4 препараттары ФОҚ-дан уланған малдарға емдік қасиет көрсете алмайды, бірақ фосфолитиннің фосфорға қарсы белсенділігін арттырады, уланған малдың тез жазылуына септігін тигізеді. Антидоттың емдік қасиеті оның уақытында қолданылуына, малдың улану дәрежесіне байланысты.

      Тропацин – синтетикалық атропин сияқты зат. Холиномиметикалық және спазмолитикалық әсер етеді. М - холинореактивті жүйені әлсіретеді, көздің қарашығын кеңейтеді, кеңірдектің, ішкі мүшелердің қан тамырларының бірыңғай жолақты бұлшық еттерін босаңсытады. Сілекей, кеңірдек және ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын баяулатады. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға және ірі қараға – 1 мг/кг.

     Атропин сульфаты – перифериялық әсері басым холинолитикалық препарат. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға – 1 мг/кг, ірі қараға – 0,5 мг/кг.

     Дипроксим (ТМБ-4) – холиноэстераза ферментін реактивизациялайды. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқы, шошқа және қойға - 10 мг/кг, ірі қараға – 2 мг/кг.

    Фосфолитин – сарғыш түсті, қоймалжың түсті зат, 75 % - ды ерітіндісі қолданылады. Бұлшық етке еккендегі мөлшері: жылқыға – 12,0 мл, ірі қараға – 10,0, қой мен ешкіге – 0,5 мл.

     Бұл көрсетілген дәрілік заттардан басқа венаға 20 %-ды глюкоза ерітіндісін 1мг/кг, 10 % кальций хлоридін мүйізді ірі қараға 150-200мл, қой-ешкіге, шошқаға, иттерге тәулігіне 1-2 рет 15-20 мл мөлшерінде 2-3 күн қатарынан егеді.

    В1 витаминнің 0,1мг/кг мөлшерін 1 мг/кг аскорбин қышқылымен немесе 5 мг/кг глюкозамен араластырып, ерітінді түрінде тері астына, қаңқа бұлшық етінің салдануын және әлсіздігін жою үшін егеді.

    Ағза жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыру үшін 1000 мл изотониялық ас тұзы ерітіндісінен, 400 мг кальций хлоридінен, 400 мг калий хлоридінен, 80 мг тиамин бромидінен (В1 витамині) және 1000 мг аскорбин қышқылынан тұратын қоспа дайындап, мүйізді ірі қараға 2000 мл, бұзауларға 1000, қой-ешкілерге 500 мл беру жақсы нәтиже береді.

   Жүрек жұмысын жақсарту үшін тері астына 20 % - ды кофеин натрий бензоат ерітіндісін, мүйізді ірі қараға және жылқыға 3 г, қой-ешкіге 1 г егеді.

 

Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу

Шаралары

- ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтердің қолдану, тасымалдау және сақталу ережелерін қатаң сақтау шарт.

- жанаса әсер ететін препараттармен өңделген азықтармен малдарды 6 тәуліктен кейін азықтандыру және жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ препараттарымен өңделген жайылымдарда 45 тәулік өтпейінше малдарды жаймау керек.

- төмендегі препараттар азық құрамында көрсетілген қалдық мөлшерден аспау керек - сүтті малдар мен жұмыртқалағыш тауықтар үшін антио 2 мг/кг, бутифос 3 мг/кг, дурсбан 0,2 мг/кг, карбофос 2 мг/кг. Ал бұл малдарға берілетін азықтарды метафоспен өңдеуге тиым салынады, тек семіртуге арналған малдарға азыққа метафос мөлшері 0,5 мг/кг, метилмеркаптофос 1мл/кг, фосфомит 2мг/кг, хлорофос 1 мл/кг мөлшерінде қосылып беріледі. Метилнитрофос және фталофос мөлшері семіртуге арналған малдардың азық рационында 2 мл/кг-нан, сауын малдарға 1 мл/мг-нан аспау керек.

- мал суарылатын суларда ФОҚ-дың болмауы тиіс және мұндай жерлерде пестицидтерді шашатын құрал-саймандарды жууға тиым салынады.

 

 

Жануарлардан алынатын шикізаттарды

ветеринарлық- санитарлық сараптау

    Фосфорорганикалық пестицидтермен өңделген азық -түліктерді, соның ішінде, етке өткізілетін тауықтарды, 25 күн өтпейінше союға болмайды.

Пестицидтердің ең жоғарғы қалдық мөлшері (жқм): етте- абат (дифос) 1мг/кг, амидофос (руэлен) және тролен 0,3мг/кг, бойтекс 0,2мг/кг; дурбсон 0,1 мг/кг; жұмыртқада – абат 1мг/кг болуы тиіс. Бұл азықтарда ДДВФ және хлорофостың болмауы қажет. Жоғарыда аталған пестицидтердің ешқайсысының сүт және сүт өнімдерінде кездесуіне тиым салынады.

ЕСКЕРТУ: фосфорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері 2-5 сағ. қайнатылған еттің құрамында өз күшін жоймай, зертханалық жануарларға уытты әсер етеді.

 

Хлорорганикалық қосылыстардан улану

   Ауыл шаруашылығы саласында хлорорганикалық қосылыстардың (ХОҚ) маңызы өте зор. Олардың зиянды жәндіктерге, кенелерге, патогенді саңырауқұлақтарға қарсы пестицидтік әсері кең, уыттылығы жоғары және өте төзімді.

   ХОҚ өзінің уыттылық дәрежесіне қарай, өте уытты (хлорлы қоспа, гексахлоран), уытты (дихлорэтан, гексохлорбутадиен, полихлоркамфен, тиодан), орташа уытты (ДДҮ, ДДЕ, полихлорпипен, полихлорбутан) және уыттылығы төмен (эфирсульфонат, тедион, мильбекс, фтолан, дилор) пестицидтер болып бөлінеді. Бұл препараттар ауыл шаруашылығы малдары ағзасына тыныс алу, ас қорыту жолдары және бүлінбеген тері арқылы енеді.

   Көптеген хлорорганикалық қосылыстар кристаллды немесе аморфты заттар,суда нашар, майлы ерітінділер мен липидтерде жақсы ериді. Май ұлпаларында, орталық жүйке жүйесінде және т.б. мүшелерде жинақталып ас қорыту жүйесі және бүйрек, сауын малдың сүті арқылы бөлінеді.

   Химиялық құрамына байланысты хлорорганикалық қосылыстар-хлор туындыларының алифатты көмірсутектері (гексохлорбутадиен, немагон, дихлорэтан), ациклді көмірсутектері (гексахлоран, линдан), хош иісті көмірсутектері (гексохлорбензол, кельтан, тедион), полихлортерпендер (полихлоркамфен, полихлорпинен), полихлорциклодиендер (гептохлор, дилор, алдрин) секілді қосылыстарға жіктеледі.

   Хлорорганикалық қосылыстар өзінің әсер еткен нысандарында (объектілерінде) ұзақ уақыт уытты әсерін сақтайды.

ХОҚ-тардың карбаматтардан немесе ФОҚ-дан айырмашылығы, олар жыныс гормондарына уытты (гонадотоксинді) әсер етеді. Нәтижесінде гормондардың метаболизмі өзгеріп, ұрғашы малдар бедеулікке ұшырайды. Сойылған малдардың тінде, қарастырылып отырған пестицидтер, 6 айға дейін бүйректе, 9 ай өзінің әсерін жоймайды.

 

    Хлорорганикалық қосылыстардың алифатты көмірсулары

    Дихлорэтан (этилендихлорид)- суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, қоршаған ортаға тез тарайтын, хлороформның иісіндей иісті, түссіз сұйықтық. Сумен араласқанда гидролизденіп, хлорлы сутек бөледі. Өте уытты. Қолдануға болатын шектеулі мөлшері: суда 2 мг/л, дәнде 7 мг/кг. Қора-жайларды өңдеу үшін 300-450 г/мН мөлшерінде қолданылады. Теріні және кілегей қабықтарды қатты тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесіне наркотикалық заттар секілді әсер етеді. Уланған малдың мұрнынан және тік ішегінен қан кетеді, көз алмасында, бауырда қанқұйылулар байқалады, өкпе ісінеді, эритроциттер гемолизденеді.

   Немагон (фумазон)- суда нашар, майда және органикалық еріткіштерде жақсы еритін, өткір иісті, сары түсті, ауыр сұйықтық. Жануарлар үшін орташа уытты: балапандар өте сезімтал (ЛМ50-60 мг/кг). Теріні және кілегей қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді.

 

     ХОҚ-дың ациклді көмірсулары

    Гексахлоран - суда нашар, майлар мен органикалық еріткіштерде жақсы еритін түссіз, ұшқыр, уытты, майлы сұйықтық . Теріні және кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. 12 %-ды дуст, фосфат ұнындағы 25 %-ды ұнтақ және минералды- майлы эмульсия түрінде шығарылады. Өте кумулятивті. Топырақта 2-3 жыл сақталынады. Өсімдік және мал өнімдерінде жинақталуына байланысты, етке өткізіледі. Сауын малдарды, тауықтарды өңдеуге тиым салынады. Бұл өнімдердегі гексахлоранның шектеулі қалдық мөлшері: азық-түліктерде 1 мг/кг; сүтте, майда, етте және жұмыртқада гексахлоранның қалдығы болмауы керек.

    Линдан (мексан) - суда нашар, органикалық қосылыстарда жақсы еритін, өте уытты, ақ түсті кристаллды ұнтақ. 12%-ды дуст, 25%-ды суспензия және 20%-ды эмульсия түрінде шығарылады. Жарыққа, қышқылдарға, тотықтырғыштарға өте төзімді препарат. Осы препаратпен өңделген азықтар мен малдарды азықтандыру нәтижесінде организмге енеді. Инсектоакарацид ретінде жеміс, көкөніс алқаптарын, мәдени өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылады (20-110 кг/га). Майлы ерітіндісі өте уытты, ол теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, қан арқылы сорылып, резорбтивті әсер етеді. Бүйрек, ішек және сүт бездері арқылы бөлінеді. Линданмен уланғанда еркек малдың енінің микроқұрылысы өзгеріп, спермотогенез бұзылады, яғни гонадотропты әсер етеді.

 

     Хлорорганикалық қосылыстардың ароматты көмірсутектері

     Гексахлорбензол - суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, жағымсыз иісті, сұрғылт кристаллды ұнтақ. Уыттылығы төмен болғанымен өте кумулятивті, кілегей қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. Көбінесе дәндерді өңдейді (2-4 кг/т).

     Гептахлор - ақ түсті, кристаллды, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, сыртқы орта әсеріне төзімді, өте уытты инсектицид. Қояндарға терісі арқылы өлтіре әсер етеді (ЛМ100-500 мг/кг). Гептахлор еркек малдарға қарағанда, ұрғашылардың организмінде 8-есе көп мөлшерде жинақталады. Азық-түлік құрамында бұл препараттың болмағаны дұрыс.

    Полихлорпинен (стробон және хлортен) - ашық сары немесе ашық қоңыр түсті, иісі скипидардың иісі секілді, органикалық еріткіштерде жақсы еритін сұйық акароинсектицид. Құрамында 66 %-ға дейін хлор бар, шырын секілді сұйық. Қызылшаның ұзын тұмсықтарына және колорада қоңызына қарсы қолданылады. Орташа уытты, теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, гепатотропты әсер етеді. Сыртқы ортада белсенділігі 2-3 жыл сақталатын төзімді зат. Полихлорпипеннің әсерінен бүйрек үсті безінің милы қабаты зақымданады, әртүрлі торшалар дистрофияланып, ісінулер, қан қоюланулар байқалады, қан құрамындағы холестериннің деңгейі көтеріледі. Сулы эмульсиясы қолданылады.

   Полихлоркамфен (токсофен, фенотокс) - суда ерімейтін, ал органикалық еріткіштерде жақсы еритін, құрамында 66-69 % хлор бар, қою сұр, қолдану аясы өте кең инсектоакарацид. 1 %-ды сулы эмульсиясы түрінде картопты, қант қызылшасын, бұршақты, көп жылдық шөптерді өңдеу үшін, сонымен қатар, малдың эктопаразиттерін жою үшін қолданылады.

   Дихлордифенилүшхлорметан (ДДҮ) - 1873 жылы синтезделініп алынған, алғашқы ХОҚ-дың бірі. Инсектицидтік әсері 1937 жылы анықталды. 1940 жылы кеңінен қолданыла бастады. Ал 1970 жылдан мал шаруашылығында қолдануға тиым салынған. Бірақ шет мемлекеттерде (Жапония) әлі де кеңінен қолданылады. Азықтағы шектеулі қалдық мөлшері: 0,05 мг/кг. ДДҮ- ақ түсті суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, минералды қышқылдарға, жарыққа өте төзімді, техникалық түрі ашық қоңыр түсті кристаллды ұнтақ. Дуст, эмульсия түрінде қолданылады. Топырақта ұзақ сақталатын инсектицид. Кенелер ДДҮ-ға төзімді. Азықтағы шектеулі қалдық мөлшері 0,05 мг/кг, ал уытты мөлшері малдар үшін: күре тамырға енгізгенде 55 мг/кг, ішке 550 мг/кг.

  Дихлордифенилекіхлорэтан (ДДЕ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін ұнтақ, ДДҮ-ның негізгі метаболиттерінің бірі. ДДД бүйрек үсті безі милы қабатының жұмысын нашарлатып, сөл бөлу қызметін төмендетеді. Тыныс алу ферменті- цитохромоксидазаның жұмысына әсерін тигізіп, гипоксия және асфиксия қалыптастырады. Стероидті гормондардың гидроксилденуі малдардың өнімділігін төмендетіп әсер етеді. Азықтағы қалдық мөлшері: 0,05 мг/кг аспауы керек.

  Патогенезі. Хлорорганикалық қосылыстар теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. Тері асты және ішкі майларда, орталық жүйке жүйесінде, бүйректе, бауырда, бездерде жинақталып, кумулятивті әсер етеді. ХОҚ-мен қайталап жанасу созылмалы улануға әкеп соқтырады.

ХОҚ-тар негізінен орталық жүйке жүйесіне, бауырға уытты әсер етіп, миды тітіркендіреді, жүйке ұштарындағы медиаторларда жинақталып, орталық және шеттік жүйке жүйесі қызметін бұзады. Осының нәтижесінде, жүйке жүйесімен мүшелер арасындағы байланыс бұзылып, әртүрлі дірілдер, тыныс алу жүйесін, жүректің, ішкі мүшелердің жұмыс істеу қабілетінің нашарлағаны байқалады. Бауырға енген ХОҚ, мығым орналасып, оның белок түзу және уға қарсы (антитоксиндік) функциясын зақымдайды.

     Хлорорганикалық қосылыстардың метаболиттерінің мал ағзасын уландыруда маңызы зор. Мысалы, дихлорэтан қан арқылы тарап, орталық жүйке жүйесінде, бауырда, бүйрек үсті безінде, іш майларында жинақталып, бауырда хлорсызданады (дехлорлану). Нәтижесінде оның өте уытты метаболиттері хлорэтанол және монохлорлы сірке қышқылы түзіледі. ХОҚ орталық жүйке жүйесіне наркотикалық әсер етіп, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесін зақымдайды. Олар қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, организмнің сусыздануына, бауыр торшаларының дистрофиясына, ақзат синтезінің төмендуіне әкеп соқтыратын гепатоцид мембранасындағы және эндотелий торшаларындағы липидтердің қайталап тотығуын үдетеді. Белоктармен, соның ішінде, микопротеидтер, гликопротеид және альбуминдермен кешенді әрекеттесіп тиол ферменттерінің белсенділігін төмендету, торшаның биомембранасының өткізгіштік қасиетін бұзу- ХОҚ-ға тән көрініс.

    Клиникалық белгілері. Ағзаға түскен удың мөлшеріне, жанасу ұзақтығына байланысты жіті және созылмалы түрде өтеді.

Жіті түрінде ағза жалпы қозады, алғаш рефлекторлы сезімталдық жоғарылап,кейіннен керісінше төмендейді. Тыныс алу жиілеп, сілекей ағады, мойнының, дененің және аяқтардың бұлшық еттері тартылып, қозғалыс координациясы бұзылып, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Күйісті малдарда ентігу, таз қарынның кебуі (тимпания) байқалады, жатаған келеді. Қандағы ацетилхолин мөлшері 80 %-ға дейін көтеріліп, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігі 35%-ға дейін төмендейді. Әртүрлі дірілдер қалыптасып, ауа жетіспей, нәтижесінде тыныс алу тоқтайды.

     Гексахлоранмен уланған бұзауда 30-45 мин. кейін улану белгілері байқала бастайды. Бұзау ыңырсып, қатты мазасызданады. Бұлшық еттері дірілдеп, сілекей ағады, іші кебеді. Арқа омыртқалары иіліп, тыныс алуы нашарлаған мал өледі. Өлтіре әсер ететін мөлшері 5-10 мг/кг.

     Кельтонмен жіті жән созылмалы түрде уланған тауықтардың қанында гемоглобин мен эритроцит мөлшері көбейіп, бауырдың ақзат түзу функциясы бұзылады. Жүректің биоэлектрлік белсенділігі өзгереді.

    Уланудың созылмалы түрі ағзаның жалпы күйзелуімен, тәбетінің төмендеуімен, бұлшық ет тонусының әлсіреуімен және жиі-жиі несеп, нәжіс бөлуімен сипатталынады. Уланудың ауыр түрінде атаксия, салданулар байқалады.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезінде ішек-қарын жүйесі кілегейлі қабықтары қабынып, паренхиматозды мүшелерге қан толуымен сипатталынады. Кеңірдек және бронхтар көпіршікті сұйыққа толы, өкпе ісінген, тыныс алу жүйесі, кілегейлі қабықтары, эндокард, эпикард, бауыр мен бүйрек және т.б. ұлпалар қанталаған. Күйісті малдардың қарыны газға толған.

    Созылмалы улану кезінде құрсақ қуысы мүшелерінде және өкпеде қан іркілу, майлы дистрофия, бауыр мен бүйректе қан толу, көлемінің ұлғаюы, ми ұлпасының ісінуі секілді белгілер байқалады. Сонымен қатар, жекелеген мүшелер мен ұлпалар ісініп, жүйке бұлшық еттері мен бауыр өлі еттенеді.

   Балау. Анамнездік деректер, клиникалық белгілер, сою және химиялық - токсикологиялық талдау нәтижелеріне сүйене отырып баланады. Балаудың зертханалық әдісінде, ХОҚ-дың өте көп жиналатын деполық мүшелері - тері асты және іш майларын, бауыр, бүйректі ми мен жұлынды патологиялық - анатомиялық тексеру үлкен нәтиже береді.

    Емдеу. Хлорорганикалық қосылыстардың қанға өтуін тежеп, қарынды уытты заттардан босату қажет. Бұл үшін тұзды іш өткізгіштер, сорғыш және құстырғыш дәрілерді қолданады. Ішке белсендірілген көмір, күре тамыр арқылы натрий хлорлы натридің гипертониялық ерітіндісін, 40 % глюкоза,

10% кальций хлориді немесе 0,5-1 мл/г кальций глюконатын береді. Дірілдерге (судороги) қарсы ұйқы келтіретін және тыныштандыратын препараттар қолданылады. 7 % хлоралгидрат ерітіндісін күре тамыр арқылы жылқыға 100-200 мл, мүйізді ірі қараға 50-75мл енгізу дұрыс нәтиже береді. Спецификалық антидот ретінде ацетилцистейн және цистесан, организмді қалпына келтіру үшін метионинді 25 мг/кг, аскорбин қышқылын 5 мг/кг және глюкоза, калий, натрий хлориді ерітінділерінің қоспасын кешенді түрде қолданылады.

    Сульфаниламид препараттарын қолдануға болмайды, өйткені олар, керісінше, ХОҚ-дың уытты әсерін 1-2-3-есе арттырып жібереді.

    Алдын алу шаралары. Малдарды өңдегенде ХОҚ-ды қолданылатын мөлшерінен асырмаған абзал. Азықтардағы шектеулі қалдықтың мөлшерін бақылап тұру қажет. Тасымалдағанда және қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ХОҚ-мен өңделген жайылымдарға малдарды көрсетілген уақытында (21 күннен кейін) жіберген жөн. ХОҚ-тың азықтардағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері: ДДҮ изомерлерімен метоболиттері- 0,05 мг/кг; гептохлоркамфен- 0,05- дейін; дилор-0,1 дейін; полихлоркамфен және полихлорпинен-0,25 мг/кг дейін.

   ДДҮ және гексахлораннан созылмалы түрде уланған мал етінде бұл пестицидтер 9-10 айға дейін сақталынады, еттің сапасы өзгереді, қышқылдық-сілтілік тепе-теңділік бұзылады.                                      

   

Жасанды пиретроидтар

Пиретроидтар – құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир. Синтетикалық жолмен хризантема өсімдігінен алынады. Біздің дәуірімізге дейін пиретроидтар дәрілік түймедақ гүлінің ұнтағы ретінде қолданып келген. Ал химиялық құрамы тек өткен ғасырдың 50-ші жылдары ғана белгілі болды.

Цинерин мен пиретрин - өзіне тән иісі бар, тотығу және гидролиздену нәтижесінде белсенділігін тез жоятын сұйықтық. Оларды синтездеу өте қиын. Сондықтан, қазіргі уақытта оларды жасанды жолмен алып, алынған күрделі эфирді - жасанды пиретроидтар дейді. Жасанды пиретроидтар қазіргі уақытта өте жиі қолданылады. Өздерінің күшті инсектицидтік және акарицидтік белсенділігімен ерекшеленеді. Әсері ФОҚ-ға қарағанда күштірек және әр гектар жерге жүз граммға дейін ғана қолданылады.

Пиретроидтардың сыртқы ортаға төзімділігі төмен. Бірақ ауыл шаруашылығында және ветеринарияда дұрыс қолданбау - адамдар мен жануарлар арасында улану тудырады. Пиретроидтардың уыттылығы әр малға әр түрлі. Оның ішінде жоғары уытты, орташа уытты және уыттылығы әлсіз препараттары болады. Жылы қанды жануарлар үшін децис, сумицидин секілді пиретроидтар өте улы. Барлық пиретроидтардың кумулятивті әсері төмен.

Ровикурт - әлсіз иісі бар, органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін, ашық түсті майлы сұйықтық. Құрамындағы әсер етуші зат - перметрин. Мал дәрігерлігінде перметрин (амбуш, корсар) түрінде қолданылады. Ол құрамында 25% әсер етуші заты (перметрин) бар эмульсия түрінде шығарылады. Өндірісте сонымен қатар, құрамында перметрин бар стомазан, креопир, анометрин және пирвол қолданылады.

Перметринді астық тұқымдастарды, көкөніс өнімдерін, жүзімдіктерді, дәрілік өсімдіктерді өңдеу үшін зиянкестер мен кенелерге қарсы 0,01-0,02 %-ды эмульсия түрінде 0,1-0,2 кг/га мөлшерінде бүрку арқылы қолданылады. Малдарды 0,05-0,1%-ды сулы эмульсиясымен шомылдырылады. Сауын малдарға қолдануға болмайды. Бұл пестицид аралар мен балықтарға өте улы әсер етеді.

Пирволдың 0,05%-ды сулы эмульсиясымен өңделген қой етінен 3 күннен кейін 0,051, бауырынан-0,045, бүйрегінен-0,043 мг/кг перметрин кездестірген. Ал 10 күннен кейін бұд өнімдердің перметриннен толық таза болатыны анықталды. (Э.К.Рахматуллин, 1997).

Арриво, инта-вир, цимбуш, циперкил, циракс, щерпа, циткор, ципершанс- құрамында әсер етуші зат циперметрин бар, әлсіз иісті түссіз сұйық түрде қолданатын заттар. Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Эмульсия және таблетка түрінде шығарылады. Астық және жүзім алқаптарын, қылқан жапырақтарды, мәдени өсімдіктерді, астық қоймаларын зиянкес жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін, бүрку арқылы қолданады. Құрамында циперметрин бар пиретроидтар қауіпті емес. Атжалман үшін ЛМ50 - 250-300 мг/кг. Бірақ аралар мен балықтар үшін улы (ЛМ50-0,0012).

Бұл препараттармен қатар, өндірісте децис, биорин, дельтацид, буфетрин (құрамында әсер етуші зат- дельтаметрин бар), бутокс (әсер етуші зат-0,005% декаметрин), данитол (фенпропатрин), зета және фюри (зета- циперметрин), фенакс (фенвалерат) сияқты пиретроидтар қолданылады. Пиретроидтардың кемшілігі: жиі қолдану барысында жәндіктер мен кенелер бейімделіп алады.

Токсикодинамикасы.Пиретроидтар (децис, сумицидин, цимбуш) орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді. Бауырдағы және қан сарысуындағы холинэстеразаның, сілтілік фосфатазаның, жалпы ақзаттың және мочевинаның деңгейін төмендетеді.

Клиникасы . Пиретроидтардан мүйізді ірі қараның, қойлардың, шошқалардың улануы тіркелмеген. Ал улана қалған малдар жалпы әлсірейді, кейінен қозады, тремор, әртүрлі дірілдер қалыптасады. Сілекей ағады, терінің сезімталдығы төмендейді.

Ағзадан пиретроидтар несеп, нәжіс арқылы бөлініп шығады.

Патологиялық – анатомиялық өзгерістер . Зертханалық жануарларға пиретроидтардың өлтіре әсер ететін мөлшерін еккенде мида зат алмасудың бұзылуы, эпикард пен эндокардта нүктелі қан талаулар, ішек-қарынның кілегейлі қабығында катаральды қабынулар байқалады.

Емдеу . У қайтарғыш (антидот) жоқ. Улану кезінде ішке бесендірілген көмір, іш өткізгіш, құстырғыш заттар береді.

 

Авер мектиндер және ивермектиндер

Авермектиндер - streptomyces avermitilis саңырауқұлағынан алынатын өнім. Бұл саңырауқұлақты алғаш жапон ғалымы Саташи Омура топырақ құрамынан бөліп алған. Ал «Мерк Шарп Дом Компани» ғылыми зертханасының қызметкерлері саңырауқұлақтың биологиялық, нематодтық, инсектицидтік және акарицидтік белсенділігін анықтап, авермектиндердің ивермектиндерге дейінгі ыдырау өнімдерін сараптап, ивомек препаратын шығарды. Қазіргі уақытта баймек, цедектин, аверсект, рустомектин секілді авермектиндер тіркелген.

Ивермектиндер - авермектиндердің химиялық дериваты (ыдырау өнімі).

Авермектиндер және ивермектиндер - ақ түсті кристалды зат. Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Өндірісте құрамында 1% әсер етуші зат - глицерин полипропиленгликоль, поливинилпиролидон қоспалары бар препарат қолданылады. Дәрілік затты тері астына немесе ауыз арқылы 0,0002-0,0003 мг/кг мөлшерінде енгізеді. Остертагиоз, гемонхоз, трихостронгилез, коопериоз, диктиокаулез, онхоцеркоз, шошқаның аскаридозы және трихоцефалезі кезінде қолдану үлкен нәтиже береді. Сауылатын малдарға қолдану тиімсіз.

Токсикодинамикасы. Авермектиндер жәндіктер мен кенелердің жүйке жүйесінен келген импульстардың дұрыс өтуіне әсерін тигізетін гамма- амино майлы қышқылын қоршап алады (блокадалайды). Ал жүйке жүйесі қызметі гамма-аминомайлы қышқылына тәуелді емес цестодтар мен трематодтарға авермектиндер әсер ете алмайды.

Малдарға авермектиндердің әсер ету механизмі толық зерттелмеген. Өйткені, малдарда орталық жүйке жүйесінен келген импульстардың синапстар арқылы берілуі гамма- аминомайлы қышқылының қатысуынсыз жүреді.

Жылы қанды жануарларға авермектиндер мен ивермектиндер өте уытты. Ауыз арқылы бергенде ЛМ50- зертханалық жануарлар үшін 15-60 мг/кг, иттерге 80 мг/кг;

Тері астына және бұлшық етке еккенде жылқы, мүйізді ірі қара, қой, шошқа үшін ЛМ50 -1-5 мг/кг.

Клиникалық белгілері . Улану белгілері препарат енгізілгеннен кейінгі 3-4 сағаттан соң біліне бастайды. Мал әлсірейді, азыққа тәбеті болмайды, аяқтарының бұлшық еттері дірілдеп, жүріс-тұрысы бұзылады, әртүрлі салданулар байқалады. Қан құрамында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Соңғы 20 жылда бұл препараттардан жаппай улану белгілері байқалмаған.

Емі . Арнайы у қайтарғыш жоқ. Симптоматикалық ем қолданылады.     

Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелерде морфологиялық өзгерістер байқалады. (препараттан улану қазіргі кезде де толық зерттелмеген).

Токсикологиялық талдау . Авермектиндер мен ивермектиндер негізінен майлы жерлерде жинақталады. Мысалы, ивомекті сиырдың терісі астына 0,3 мг/кг мөлшерінде еккенде, 7 күннен кейін тері асты майында 0,27 мг/кг, бауырда – 0,8 мг/кг, 21 күннен кейін – тері асты майында 0,07, бауырда 0,07 бұлшық етте 0,004 мг/кг, 28 күннен кейін тері асты майындағы мөлшері 0,03 мг/кг, бауырда 0,01 мг/кг мөлшерінде табылған. Ал бұлшық етте кездеспеген. Осыған орай, сойылатын малдарды препаратты енгізгеннен кейін 30 күн өтпей союға болмайды. Сауылатын малдарға қолдануға болмайды.

Алдын алу шаралары. Әр түлік малына енгізу мөлшерін қатаң сақтап, сойылу мерзімінен бұрын союға тиым салынуы керек.

 

Фтор және оның қосындылары

  Фтор (Fluorum) Ғ - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі бар, ақшыл сарғыш газ, галоген тобына жатады. Алғашқы рет 1810 жылы француз ғалымы физик А. Ампер алған, ол алғашқыда фторды флуор атымен атаған, ал кейіннен фтор (фторис) сөзінен алынған – бұзушы, қиратушы деген ат берген. Бізде бұл екі атауда сақталған, ал басқа елдерде флуор деп атайды. Француз химигі А.Муассон жарты ғасыр өткеннен кеиін фторды таза күйінде алған.

Фтор - табиғатта кең таралған. Ол көптеген минералды заттардың құрамына кіреді: флюорит СаҒ2, апатит-Са10, (Ғ,СІ)2 (РО4)6, криалит-Na3AtF6  және т.б. фтор су көздерінде де болады, өсімдік және жануарлар ағзасының құрамдас бөлігі.

Фтор алмасуының бұзылуынан, жануарлар арасында флюороз ауруы пайда болғаны анықталған. Бұл ауру ішетін судың құрамында фтордың қалыпты мөлшерден көп болуының салдарынан болады. Кейіннен, басқа елдерде бұл аурудың ауыл шаруашылық малдарында да жиі кездесетіні белгілі болды.

   Фтор адам мен жануарлар ағзасына қажетті микроэлементтердің бірі болғандықтан, оның жеткіліксіз түсуі кері әсерін тигізеді.

   Ветеринарлық токсикологияда, фтор қосылыстарының кейбір түрлеріне ғана жеке тоқталады. Осындай фторлы қосылыстардың бірі фторлы натрий, бұл қосылыс ауыл шаруашылығында әртүрлі мақсатта өте кең қолданылады.

   Фторлы натрий (натрий фториді) және кремний фторидін шегірткелерге қарсы және өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы дәрілеу үшін қолданады.

   Натрий фторидін алмастыратын инсектицидтің бірі - фторлы кальций (СаҒ2). Осы химикаттарды дұрыс қолданбау малдың улануына әкеліп соғады. Фтор қосылыстарының уыттылығына оның судағы ерігіштігіне қарап баға береді. Мысалы, суда еритін натрий фторидінің (4%-ға дейін), басқа фтордың қосылыстарымен салыстырғанда уыттылығы жоғары.

 

Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын кейбір фтор препараттарының қысқаша сипаттамасы:

   Фторлы натрий - лайлы, ақ түсті,иіссіз,кристалды ұнтақ,көп сақтағанда әртүрлі көлемді кесектерге айналады. Фторлы натрий кеміргіш жәндіктердің жұлдыз құрт сатысын жою үшін және сүректерді консервілеу үшін ерітінді түрінде қолданылады.

 Фторлы натрийдің уытты мөлшері ірі қара малына және жылқыға 10 г-нан жоғары. Бірақ 50г-нан асқан жағдайда мал өлімге ұшырайтынын зерттеушілер анықтаған.

  Фторлы кремнийлі натрий (Na2SіF6) - ұсақ, ақ немесе сәл сарғыш түсті, иіссіз, ауыр ұнтақ. Суда нашар ериді (1%-ке), сондықтан өсімдік зиянкестеріне қарсы тозаңдандыру, қоймалардағы кеміргіштерді жою үшін қолданады. Бұдан басқа фтордың қосылыстары ауыл щаруашылық малдарына антигельминтті зат ретінде де қолданады.

  Уралит - күрделі құрамды, құрамында 77% фторлы натрий, 15% динитрофенол және 8% мифузорлы топырағы бар препарат. Паста және ерітінді түрінде қолданылады, сары түсті, сүйектерді консервілеу және оның шірімеуін алдын-алу үшін қолданылады.

     Жануарлар уралитпен өңделген затты сүйсіне жалайтыны және фтор қосылыстарымен ластанған өсімдіктерді жейтіні белгілі. Бұл құбылыс фтор қосылыстарының дәмінің тұзды болуымен түсіндіріледі.

     Токсикологиясы.    Ауыл шаруашылық малдары жиі фторлы және кремний фторлы натриймен байланыста болуы мүмкін.

    Фтор ионының әсер етуіндегі басты ерекшелігі, оның ағзадағы энзимді құбылыстарының (процестердің), ұлпалардың оттегін қабылдауының және бұлшық еттерде сүт қышқылы түзілуінің төмендеуімен сипатталады.

   Ағзаға көп мөлшерде түскен фтор қандағы кальций,фосфор және қан ақуыздарына әсер етіп, минерал алмасу құбылысын бұзады.

  Фторидтер қанның ұйығыштығын төмендетеді. Фторидтермен улану жас малдарда және буаздық кезеңде ауыр өтеді, өйткені мұндай жағдайда жануарлардың фторға деген сезімталдығы жоғары болады.

  Фтор қосылыстары азықпен көп мөлшерде түскен жағдайда, сүйек ұлпаларында көп шоғырланғанда, мал тәбетінің төмендегені байқалады.

  Егер рационда кальций,фосфор және Д-витамині көбейсе, жануарлардың фтордың уытты әсеріне төтеп беру қабілеті күшейеді.

  Американдық ғалымдардың мәліметі бойынша, минералды азықта фтордың мөлшері ірі қараға 0,3%, қойға 0,35%, шошқаға 0,45% құстарға 0,6%-тен аспау керек.

   Басқа фторлы қосылыстармен фторлы натрийдің ағзаға мүлдем қауіпсіз мөлшері 1кг салмаққа: ірі қараға - 30-50мг: қой мен шошқаға - 70-100; шөшелреге - 150-300; күрке тауықтарға - 300-400мг. Осы мәліметтерге қарап, фторлы қосылыстардың мөлшерлерінің кең ауқымды әсер ететіндігін байқауға болады.

   Фтордың қосылыстары ерімейтін қосылыстар түрінде сыртқа нәжіс, зәр арқылы бөлінеді.

   Зәрдің 1 литріндегі фтордың мөлшері 10мг-нан асса, онда огранизмде фтордың көп мөлшерде екенін немесе жіті уланғанын немесе созылмалы интоксикация салдарынан сүйек ұлпаларынан шыққанын байқаймыз.                      

   Уланудың клиникалық белгілері. Фтор және оның қосылыстарынан улану жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрде өтуін көбінесе флюороз деп те атайды. Жіті улану – фторлы және кремнийдің фторлы натрийін жануарларға гельминтоз кезінде антигельментик ретінде қолданғанда және азықтық жеммен бірге ағзаға түсуінен, жануарлардың фтор және оның қосылыстарын қолданатын кәсіпорындардың жанында ұзақ ұсталуынан немесе жайылуынан болады.

    Ірі қара малы фторлы натриймен жіті улану кезінде малда жалпы әлсіздік, шаншу, құрсақ қабырғасы аумағының ауырсынуы, бұлшық еттердің тартылуы байқалады. Өкпе, жүрек қызметтері бұзылады, тыныс алуы жиілейді, тамыр соғуы әлсірейді, дене температурасы қалыпты жағдайда немесе сәл жоғарылайды. Ұзаққа созылған жағдайда температурасы 36С°-қа дейін төмендеуі мүмкін.

   Таз қарынның желге толуы байқалады. Малдың тәбеті болмайды, кейде зерттегенде ауыз қуысының кілегейлі қабықтарының ісініп, қызарғанын, көз қарашығының үлкейгенін, мүйізді қабатының бұлдырауын көруге болады. Уланудан кейін 2-3 тәуліктен соң несеп құрамынан фтор кездестіруге болады. Зәр қоюлау және түсі әдеттегідей күңгірттеу. Мал тыныс алу орталығының және жүректің параличінен (салдануынан) немесе ауыр жағдайда 2-3 тәулік ішінде мал өледі. Мал жазылған жағдайда қалпына келу процесі әсіресе, асқорыту аппаратының қалпына келуі ұзаққа созылады. Фтормен созылмалы улану кезінде малдың өнімділігі едәуір төмендейді. Алғашқыда сүттің бөлінуі күрт азаяды, мал арықтайды, тәбеті төмендейді, ал соңынан флюорозға тән клиникалық белгілер көрініс табады. Созылмалы түрдегі уланудың айқын көрінісі ірі қарада алғашқыда терісі құрғайды, серпімділігі жоғалады, түктері сынғыш келеді, іші өту, тәбетінің төмендеуі байқалады. Тіс эмальдарының дақтануы, уланудың созылмалы түрінің алғашқы белгілерінің бірі.

    Зертханалық зерттеу кезінде зақымдалған сүйектерде фтордың мөлшері қалыптағыдан 5-6 есе көбейгенін анықтаған. Американдық зерттеушілердің мәліметтері бойынша жануарлар сүйегінің құрамында фтордың мөлшері 0,6мг-ға дейін жоғарлайды.

   Ұсақ мал. Ұсақ малдардың (қой, ешкі) клиникалық белгілері аз дәрежеде зерттелген. Фторидтермен уланғанда қойларда ірі қаралардан ерекшелігі, оларда уланудың жіті ағымы жиі кездеседі, улану фторды антигельминт ретінде қолдану салдарынан болады. Фтордың ағзаға ұзақ уақыт енуінен уланудың созылмалы түрі туындайды. Жіті интоксикация кезінде қойларда, ірі қара малында көрінетін клиникалық белгілер байқалады, яғни мазасызданады, тыныс алуы жиілейді, құрсақ аумағы ауырсынады, сілекейі ағады, іші өтеді. Бірнеше тәуліктен кейін мал өлімге ұшырайды. Жіті улануда ешкілер күйзеледі, бұл кезде қоршаған орта әсеріне ешқандай реакция болмайды, азық пен судан бас тартады, сүт түзілуі азаяды, ал ауыр жағдайда сүттің бөлінуі мүлдем тоқтайды, нәжіс пен зәрдің бөлінуі жиілейді. Дене температурасы қалыпты.

     Шошқа. Ересек шошқалар фтор қосылыстарына төзімді келеді. Бірақ, соңғы жылдарда бұларда улану бір емес бірнеше рет байқалған. Улану аскаридоз және басқа да гельминтозды ауру кезінде фторды антигельминтті препарат ретінде қолдану салдарынан болады. Уланған малдың жағдайы күйзелген, тәбеті болмайды, мазасыздану байқалады, малдың нәжісі сұйық және жиі бөлінеді, бұлшық еттері дірілдейді. Ал қалған клиникалық белгілері басқа жануарларға ұқсайды.

    Жылқы. Уланудың әлсіз дәрежесінде мал күйзеледі, тәбеті төмендейді, қатты шөлдейді, қозғалысы қиындайды, сұйық нәжіс бөлінеді, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілі байқалады. Кілегейлі қабықтарын зерттегенде оның сары немесе қаралау түске (уралит) боялғанын көреміз. Тыныс алуы, тамыр соғысы жиі. Дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді. Өлімге душар ететін немесе ауыр түрінде мал мазасызданып, қозады. Шаншу белгілері жиі байқалады. Кілегейлі қабықтары гиперемияланады, ісінеді, мал дефекация кезінде ауырсынады. Тамыр соғуы (80-100) және тыныс алуы (40-60) жиілейді (минутына). Зәр қоюланады және түсі күңгірттенеді. Өлім жүректің және тыныс алудың салдануынан туындайды. Осы симптомдарға қарамастан дене температурасы қалыпты болады.

    Мысық пен ит. Бұларда жіті улану кезінде құсу, іші өту және депрессияның айқын көріністері байқалады.

Құстар. Бұлар да фтордың қосылыстарымен қатынаста болуы мүмкін (соның ішінде, фторлы барийді кеміргіштерге қарсы қолдану кезінде). Клиникалық белгілері қозу,құсу, іші өту және салдану құбылыстарының көрінуімен байқалады.

    Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексе тез сіресіп қатады. Ұлтабар түбі, ащы ішектің кей жерлері қанталап қабынған, өліетке айналған. Олардың кілегейлі қабығы оп-оңай сыдырылады, оның астындағы қабаты кілкілдеп қалыңдаған. Сиырдың бауыры сарғайған, әрі морт сынғыш келеді, бозарған, ал жылқы бауыры ұлғайған. Бүйректердің көлемі үлкейген, оларды қан кернеген, оның үстінгі қабатында қан дақтары көрінеді. Жүрек еті болбыр, оның түсі қоңыр. Шошқаның ащы ішегі бір-бірінің ішіне кіріп қатпарланған. Құстың етті қарнының ішкі қабығы астыңғы қабаттардан айрылған, оның ішектері қабынған, кейде бауыр жарылған.

     Жіті түрінде асқорыту ағзаларының кілегейлі қабықтары зақымдалады. (ауыз қуысы, асқазан, ішек). Бірақ, бұл өзгерістер жануарлар бір тәулік немесе одан көп күн ауырғанда байқалады.

     Ал,созылмалы түрде уланғанда патологиялық өзгерістері айқын білініп, алдымен сүйек ұлпалары зақымдалады, тістері бұзылады, олардың үйкелуі, мүжілуі жоғары,түсі қоңырлау. Сүйектері ерекше ақ түсті, буындарда экзостаз байқалады. Гистологиялық зерттеу кезінде остеопороз көріністері айқындалады. Бауырында майлы қайта түрлену құбылысы (перерождения), бүйректе созылмалы паренхиматозды нефритке тән өзгерістер байқалады. Жүрек бұлшық еті, басқа бұлшық еттер сияқты болбыр, ақшыл түсті. Кілегей қабықтың астында қан ұюлар байқалады. Асқазан – ішек жолдарында созылмалы қабыну белгілері көрінеді, лимфа түйіндері (әсіресе шажырқайлық) үлкейген.

    Балау. Фтор қосылыстарымен улануды балау едәуір қиын. Алдымен, шаруашылықта құрамында құрамында фтор бар қосылыстар мен минералды зат бар-жоғын анықтап аламыз. Клиникалық белгілердің балауда алатын орны шамалы.

      Емі. Фтор ағзада кальциймен қосылып, нәтижесінде кальций мөлшері азайып, ұлпалардың декальцинациясы туындайды. Осыған байланысты жіті улану кезінде кальций препараттарын, 10% - ды хлорлы кальцийді венаға егеді және асқазанды жылы сумен жуып-шаяды. Бұдан басқа созылмалы улану кезінде (флюороз) ірі қара малының рационына алюминий препараттарының (сульфат және хлорид) 0,5%-ға дейінгі мөлшерін қосуға болады. Соңғы кезде фтормен улануда антидот ретінде магнезия сульфатын ірі қараға 800г, ұсақ малдарға 100г зонд арқылы береді. Тамыр арқылы хлорлы кальций (200-300мл 10%-ды ерітінді түрінде баяу жібереміз), ауыз арқылы магнезия сульфатын беруге болады. Соңғысының мөлшерін 3-4 есе азайтып береміз. Ал қалғанына симптопатикалық (кофеин, жылу) ем жүргіземіз.

       Алдын - алу шаралары. Фтормен уланудың алдын алу үшін, ең алдымен минералды азықтың құрамынан осы элементтің мөлшерін анықтаймыз. Көптеген минералды тыңайтқыштардың құрамында фтордың белгілі мөлшері болады, сондықтан жануарлардың, құстардың улануы байқалады. Минералды азықты берер алдында, оның құрамындағы фтордың деңгейі оның тағайындалған мөлшеріне сәйкес келуін қадағалау керек.

   Малға беретін азық пен судың құрамындағы фтордың мөлшері бір литр суда 1мг-нан аспауы тиіс. Құстар сүтқоректілерге қарағанда фтор қосылыстарынан улануына өте төзімді келеді. Егер құстың азығының құрамында фтордың мөлшері 300-400мг/кг-ға дейін рұқсат етілсе, ал ірі қараға 10 есе аз болуы керек, яғни 30-40мг/кг.

Талдау. Фторды анықтау зертханалық жағдайда жүргізілуі қажет. Зерттеу үшін әр түрлі зерзат (жануарлардың органы, дән, шөп, құрама жем, су, т.б) жіберуге болады. Бұдан басқа сапалы анықтау үшін көптеген реакциялар қояды. Асқазан ішіндегі жынның құрамында фтордың бар-жоғын тез анықтау үшін және де тіс пен сүйекті зерттеу үшін, Николаев әдісі бойынша күкірт қышқылын қолданады.

 

Азот қосылыстары токсикологиясы

     Азот – (Nіtrogenіum), N- жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75.5%). Сондықтан да оның жер бетіндегі тірі жан үшін маңызы зор.

     Азот бос күйінде және қосынды түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда азот оттегімен қосылмайды, сондықтан да ауада бос күйінде кездеседі. Белгілі бір жағдайларда азот оттегімен әр түрлі қосындылар түзеді. N2O азот қышқылынан бастап, N2O5 азот ангидридіне дейін, ал бұл екі аралықта оның 3 тотығы болады.(NO. N2O3. NO2).

Кейбір азот қосындыларының физикалық-химиялық сипаттамасы.

    Бұл бөлімде азоттың бейорганиклық қосындыларынан азот (НNO3) және азотты (НNO2) қышқылдың тұздарын қосамыз. Азот қышқылы (НNO3) күшті қышқылдар қатарына жатады, жанасқан кезде кез-келген тірі торшаны зақымдайды. Бұл жағынан азот қышқылы күкірт және басқа да күйдіргіш қышқылдармен пара-пар. Азот қышқылдарының тұздары (NaNO3. KNO3) бізге нитрат және селитра деген атпен белгілі. Бұлардан басқа аммиак, барий, кальций селитралары да өндірісте қолданылады.

   Азот қосындыларының ішіндегі ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қосындылардың маңызы зор. Олар мәдени өсімдіктердің өсуіне қажетті азотты толықтырады. Ал, кейбір жағдайда азот өсімдіктерде жинақталып, шамадан тыс көбейіп, малды уландырады. Азот қышқылы (НNO2) таза күйінде табиғатта кездеспейді, байланысы берік емес. Тек әлсіз сулы ерітінді түрінде алынуы мүмкін. Азотты қышқыл тұздарының немес нитриттердің әсері күштірек болады. Практикада жалпы нитриттер деп аталатын амилнитрит және натрий нитритінің маңызы зор. Азотты тыңайтқыштар азықтық өсімдіктердің өсуін тездетеді. Өсімдіктерде азоттың өте көп жинақталуы малға уытты әсер етеді.

    Құрғашылықта өсімдіктердің бойына 20% нитрат жинақталады, жем-шөп құрамындағы нитраттар малдың асқорыту ағзаларында аса улы зат – нитритке айналады. Сонымен қатар, нитраттың сыртқы ортаның өзінде де нитритке айналуы мүмкін. Мысалы, қайнатылған қант қызылшасының ұзақ уақыт салқындатылуы немесе тоңазытылуы, содан соң жібітілуі де нитриттің пайда болуына жол ашады.

    Малдардың нитрат пен нитритке сезімталдығы ұзақ уақыт ашыққанда, ұзақ уақыт су ішпесе, колибактериозбен немесе сальмонеллезбен ауырғанда арта түседі.

     Патогенезі. Нитраттардың негізінен уытты әсері жоқ. Ол ас тұзы сияқты бейтарап және ағзадан бүйрек арқылы шығып, диуретиқалық әсер етеді. Нитрат оттегі атомының азаюына байланысты құрамын өзгертіп, аса уытты зат нитритке айналады.

     Малдың асқорыту жолында олар денитрификациялық (азотты әдепкі қалпына келтіру) бактериялардың көмегімен аммиакқа дейін өзгереді: нитрат – нитрит- гибонитрит – гидроксиламин – аммиак. Күйістілерде бұл процес мес қарында, ал басқа малдарда тоқ ішекте өтеді. Ағзаға азоттың көп мөлшерде түсуі, оның аралық өнімдерінің (нитрит және гидроксиламин) жинақталуына әсерін тигізеді. Кейін олар қанға сіңіп әр түрлі деңгейде патологиялық процестер туғызады. Қанға сіңген нитриттер гемоглобинмен әсерлесіп, оны метгемоглобинге айналдырады, нәтижесінде тотығу – тотықсыздану процесі бұзылады.

    Токсикологиясы. Құрамында нитрат және нитриттер бар жем-шөптің немес судың уыттылығы көптеген факторларға байланысты болады. Олар: ағзаға түсетін нитрат пен нитриттің мөлшері, рацион құрамында газ түзуші азықтардың көп болуы, малдың физиологиялық күйі. Күйістілер нитритке қарағанда нитраттарға сезімтал келеді, ол күйістілердің ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты. Шошқа, қоян және құстар нитраттардың жоғарғы мөлшерін қабылдай алады, себебі нитраттар қарыннан қанға өтіп, еш өзгеріссіз ағзадан шығарылады.

 

Нитрат пен нитриттердің салыстырмалы летальды мөлшері

 

Жануар түрі Нитраттар (NO3) Нитриттер (NO2)
Ірі қара малы 300-500 100-150
Қой 600-800 130-160
Жылқы 600-700 30-50
Шошқа 800-1000 50-70
Қоян 1500-2000 50-80
Тауық 2000-3000 100-150

 

Нитриттер қан уы болып табылады, себебі олар қан тамырларын кеңейтіп қан қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын әлсіретеді. Ал, қандағы гемоглобинмен қосылып, метгемоглобин түзеді. Соның салдарынан ағзада газалмасу бұзылып, ұлпаларда атоксия құбылысы байқалады.

    Клиникалық белгілері. Көбіне жіті түрде өтеді. Ал созылмалы түрі сирек кездеседі. Ірі қара малының тәбеті нашарлайды, жалпы әлсірейді, қозғалыс координациясы бұзылады, құрсақ қуысының маңын басқанда ауырсынады, бұлшық еттер дірілдейді, тыныс алу жиілейді, кілегейлі қабықтары көгереді, іші өтеді. Аз уақыт мал кома жағдайында болып, ақырында өледі. Буаз малдар іш тастайды. Ұсақ малдарда нитраттармен улану сирек кездеседі, клиникалық белгілері ірі қара малға ұқсас.

     Шошқа - өте жиі уланады, себебі оларды азықтандыруда асханалық және қант қызылшасы жиі қолданылады. Әсіресе, азотқа бай топырақта өсірілген асханалық қызылша өте қауіпті. Құрамында нитраты бар азықты беру шошқалар үшін қауіпті емес. Ірі қара малдарындағыдай шошқа қарнында нитраттар нитриттерге айналмайды. Ал егер нитратқа бай азықтарды дайындау барысында нитраттар нитриттерге айналса, онда ол шошқалар үшін өте уытты болып табылады. Мысалы, пісірілген қызылшаны жылы жерде 12 сағат бойы салқындатқанда нитриттер көптеп жинақталады. Мұндай қызылшамен азықтандырылғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде –ақ шошқада уланудың клиникалық белгілері көріне бастайды. Олар әлсіреп жатып қалады. Орнынан тұрып, қайтадан құлайды, сілекей көп бөлінеді, тыныс алуы қиындайды, кейде құсады. Көз және ауыз қуысы, кілегейлі қабықтары анемия жағдайында болады. Дене қызуы қалыпты, ал өлер алдында төмендеп кетеді (37-37,5), бұлшық еттері тырысып салдану нәтижесінде мал өледі. Созылмалы улану кезінде шошқа іш тастайды, торайлар өлі немесе өте әлсіз туылады.

      Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып, қарағанда қанның түсі қызғылт - қоңыр, нашар ұйиды. Ас қорыту ағзаларында әртүрлі қанталаулар, паренхиматозды ағзалар қанға толған, қуықтың көлемі ұлғайған, іші зәрге толы, қарыннан күйген мүйіздің иісіндей болып азот тотығының иісі шығады.

     Балау. Улануды анықтау кешенді түрде жүргізілуі керек. Клиникалық белгілерінде, патанатомиялық өзгерістерінде, химиялық - токсикологиялық талдау нәтижесімен балау қойылады. Мал тірі кезінде қаннан, танау сұйықтығынан нитрат пен нитриттерді анықтау керек. Күре тамырдан қан алып, ондағы метгемоглобиндерді анықтайды.

      Болжау. Алғашқы белгілері көрінгеннен кейін-ақ болжау қолайсыз деп табылады. Шошқа бірден өліп кетеді, ал егер жалпы жағдай жақсарғандай болса, 1-2 күннен кейін өледі.

     Емі. Ірі қара мал мен қойларға 1кг салмаққа 10мг мөлшеріндегі метилен көгі емдік әсер етеді. Оны 1% сулы ерітінді түрінде венаға егеді. Ал шошқаларға 1кг салмаққа 0,01-0,02г метилен көгін 2% ерітінді түрінде қолданады.

     Сақтандыру шаралары. Мал азығы мен суға азот тыңайтқышының түспеуін қадағалау керек. Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдарға малды жауын жауған соң ғана жаю керек. Құрамында 5%-ды нитраты бар пішенмен малды азықтандыруға болмайды.

ГЕРБИЦИДТЕР

Гербицидтердің химиялық құрамы және негізгі қасиеттері.

   Гебицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар тобына жатады. Барлық гербицидтер селективті, яғни таңдаулы әсер ететін және зиянды шөпті өсімдіктерді жоятын, бірақ дақылдарға зиянды әсері жоқ препараттарға жатады. Сонда да гербицидтер арасында барлық өсімдіктерді жойып жіберетін қосылыстар да кездеседі. Мұндай қосылыстар селективті емес гербицидтерге жатады, қазіргі кезде сирек қолданылады.

    Гербицидтер ретінде карбон қышқылы, триазин, мочевина және фенол туындылары кеңінен қолданылады. Карбон қышқылы туындылары өсімдіктердің өсуін реттейтін, өндірілуі мен қолданылуы жағынан бірінші орындағы белсенді гербицид. Осылармен қатар, 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д), 2,4-дихлорфеноксипропион қышқылы (2,4-ДП), 2-метил-4-хлорфеноксимайлы қышқылы (2М-4ХМ), 2,4-дихлорфеноксимайлы қышқылы (2,4-ДМ), 2-метил-4-хлорфеноксисірке қышқылы (2М-4Х) туындылары да гербицид ретінде жиі қолданылады.

    Өсімдіктер шаруашылығында соның ішінде, мақта шаруашылығында, гербицидтерден басқа мәдени өсімдіктердің жапырақтарын түсіру үшін химиялық зат - дефолианттар қолданылады. Сонымен қатар, басқа да мақсаттарда қолданылатын препараттар бар, мысалы альгицидтер, олар балық өсіретін тоғандар мен күріш алқаптарындағы балдырларды жою үшін қолданылады. Бірақ бұл препараттардың, біріншіден, жануарлар үшін уыттылығы төмен, екіншіден, уыттылық қасиеттері аз зерттелген.

     Малдәрігелік токсикологияда дәнді дақылдарды (астық тұқымдастар, жүгері жоңышқа және т.б.) өңдеу мақсатында жоғары және орташа дәрежелі уытты бірнеше гербицид қолданылады. Олардың химиялық құрамы, негізгі қасиеттері 7-ші кестеде көрсетілген.                       Жалпы (селективті емес) гербицидтер қатарына бейорганикалық туындыларымен (натрий және кальций хлораты, аммоний сульфаты) қатар, органикалық туындыларды да жатқызуға болады.

    Гербицидтердің құрамында белсенді әсер етуші заттардан басқа, қосымша зат болады. Қолданылатын гербицидтердің көпшілігі өндірісте концентрат түрінде шығарылады, олардан ерітінділер немесе суспензиялар дайындалады.

  Гербицидтер қолдану тәсілдеріне байланысты әр түрлі физикалық күйде болады, бұл қолдану барысында еңбек шығынын азайтады.  

  Селективті (жүйелі) гербицидтер органикалық туындылардың ароматты және алифатты қатарына жатады. Белгілі мөлшерде бұл гербицидтер карбамин қышқылының препараты ретінде қарастырылады да карбоматтар тобына жатады. 

Токсикологиялық маңызы бар, уыттылығы жоғары және орташа гербицидтер.

1 2 3 4
Аталуы және синонимдері Химиялық құрылысы Препараттың қолданылу нормасы және уыттылығы (1 мг/кг) Физикалық-химиялық қасиеттері және препараттың шығарылу формасы
Динитроортокрезол, ДНОК, ДИНОК (аммоний және натрий тұздары)   Кең көлемде әсер ететін қосылыс. Гербицидті қасиеттерімен қатар өте күшті инсектицидті қасиеті де бар. 1 гектарға 3,5кг-дан – 15 кг дейін Препарат 40 % аммоний тұзы түрінде шығарылады. Суда жақсы ериді, сары түсті. 0.2-1% ерітінді түрінде шашады. Жылқылар үшін өте қауіпті.
Пентахлор – фенол ПФХ, пентахлор және оның тұзы, натрий пентахлор феноляты.   Кең көлемде әсер ететін препарат. Жабайы шырмауықтармен күресу үшін мақта шаруашылығында қолданылады. Пентахлор фенол 20% майиен араласқан ерітінді түрінде мақта алқаптарын өңдейтін десикант түрінде қолданылыды. Жануарлар мен құстарға өте қауіпті..
2.4 (натрий және аммоний тұздары, амид, бутил, октил) Дихлорфено окси сірке қышқылының туындылары Дәнді дақылдарды өңдеу үшін қолданылатын селективті гербицид. 0,5-2,5 кг/га Тұздары суда ериді, эфирлері ерімейді.Бутил эфирінің концентратында 60% 2.4-Д бар. Тұзды және эфирлі препараттарында фенолдфң иісі бар.
Бутифос Тиофосфат туындылары Дефолянт. Егін жинаудан 10 күн бұрын шашады. Эмульсия немесе майлы ерітінді түрінде 1,5-2 кг/га мөлшерде. Жағымсыз иісті ерітінді. 70% концентрат түрінде шығарылады.
Карботион, вапам. Металдитиокарбомин қышқылының туындылары. Гербицид және фунгицид түрінде қолданады. Ашық және жабық алаңдарда қолданылады. 1500-2000кг/га. Уыттылылығы орташа. Өзіне тін иісі бар, кристал зат, 40% суда еритін коннтрат түрінде шығарылады. Ерітіндіні дайындалғаннан кейін дереу қолдану керек.
Карбин, барбан.  Хлор фенилкарбамат туындысы Бидай, тары, қант қызылшасы, зығыр, күнбағыс дәндерінің арам шөптеріне арналған Мөлшері 3-5 кг/га Белсенді зат қосылған органикалық еріткіштегі барбанның 12%-ды ертіндісі.
Монуран, хлорфенидим. Диметил мочевина туындысы Жүйелі түрде әсер ететін гербицид. Мақта және қызылша өсіруде 15-20 кг/га мөлшерінде суспензия түрінде қолданылады 40-50% ұнтақ түрінде шығарылады. Суда ерімейді, уыттылығы әлсіз.
Хлор ИФК, ХИФК, хлорпрофам. Жоғарыда аталған препа- раттар секілді әсер етед, бірақ құрамында хлор бар. Жүйелі түрде әсер ететін гербицид. Мақта және қызылша өсіруде 15-20 кг/га мөлшерінде суспензия түрінде қолданылады Химиялық таза препарат, ақ кристалды зат, техникалық түрінде қара-қоңыр түсті, 40% концентрат түрінде шығарылады
Фенизан   Құрамында дикамб (360 г/л) және хлорсульфурон (22,2 г/л) бар, мөлшері 0,4 - 2 л/га; астық тұқымдастар, сұлы және тарының арам шөптеріне қарсы қолданылады
Глифосат (раундал)   Гербицид, адамдар мен малдар үшін өте қауіпті Арам шөптерге қарсы қолда-нылады, тері мен көзді тітір-кендіреді, бас ауырады, жүрек айниды, қан қысымы көтеріледі.

       

Жылы қанды жануарлар үшін өте уытты гербицидтерге негізі бензолды ядро болатын қосылыстар жатады. Құрамында хлоры және күкірті бар гербицидтерде де хлорорганикалық инсектицидтерге тән қасиеттер байқалады. Құрамында хлор бар гербицидтерге фенооксисірке қышқылының барлық туындылары жатады. Уыттылығы төмен гербицидтердің физикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі (симазин, дихлор, альмочевина, темір купоросы, күкірт және оның препараттары т.б.), көптеген гербицидтердің мұндай қасиеттері әрі толық зерттелмеген. Бірақ бұл қосылыстардың ұзақ уақыт бойы азықпен ағзаға түсуі, оған белгілі бір дәрежеде теріс әсер етуі де мүмкін.

   Токсикологиясы. Бензол, фенол және крезол қосылыстарының ағзаға түсіп, оны уландыру процесі жақсы зерттелген. Мысалы, ДНОК-ң екі нитротобы бар екені белгілі. Бұл препараттың мал ағзасына еніп, ұлпалар мен қан сарысуына таралуына жақсы жағдай жасайды. Сонымен қатар, нитроқосылыстардың өкпе, ішек және зақымдалған тері арқылы да сіңірілетіні белгілі. Әсіресе, фенол мен крезол туындыларының майда ерітілген туындылары тез сіңгіш келеді. Нитроқосылыстар канның ақзаттарымен тығыз байланысты, сондықтан өлген малдың қан сарысуынан көп мөлшерде кездестіруге болады. Фенол қатарындағы нитроқосылыстар ағзадан бүйрек арқылы өте жай бөлінеді. Олардың тек аз бөлігі ғана уыттылығы төмен қосылыстарға айналады. Күйісті малдарда бұл заттар мес қарын микрофлорасы әсерінен белгілі бір дәрежеде заласызданады. Олардың жай бөлінуі қосылыстардың ағзада жиналып қалуына жағдай туғызады.

    Фенол және крезол туындылары ұлпалардағы фосфорлану құбылысын бұзады. Бұл қосылыстарды тексеру барысында тері астына еккенде иттерді өлтіре әсер ететін уытты мөлшері 1кг салмағына 25мг, препаратты ауыз арқылы жібергенде оның мөлшері екі есе көбейтіледі. Нитроқосылыстардың уыттылығы қоршаған орта температурасына байланысты. Қысқы кезеңге қарағанда бұл заттар жылдың ыстық кезеңдерінде қауіптірек.

      Құрамында ДНОК бар (немесе басқа да нитрофенол қосылыстары) азықтармен сауылатын, етке өткізілетін малдарды, сонымен бірге құстарды азықтандыруға жол берілмейді.

   Фенооксисірке қышқылы туындыларының уыттылығы зертханалық малдарда жақсы зерттелген. Бұл препараттардың уытты мөлшері ірі малдарға қарағанда зертханалық жануарлар үшін көбірек. Егер тышқан мен егеуқұйрықтар үшін ол 1кг салмаққа 400 мг болса, онда иттерге олардың уыттылығы 4 есе жоғарылайды (1кг салмағына100мг). Мүйізді ірі қараның фенооксисірке қышқылы туындыларының уытты әсеріне төтеп бере алатын 1 реттік мөлшері 1кг салмағына 500-1000 мг, ал олар азық арқылы апта бойы 1кг азықта 100 мг мөлшерде ішке түсіп тұрса, уланудың клиникалық белгілері байқалады. Созылмалы түрде улану олардың белгілі бір уақыт ішінде аз мөлшерде ағзаға түсіп тұруы салдарынан болуы мүмкін. Бос күйіндегі фенооксисірке қышқылының, оның тұздарының және эфирлерінің өзара өзгешеліктері бар. Қышқылдар эфирге қарағанда уытты, ал эфирлер тұздарға қарағанда уытты болады.

    Гербицидтердің көпшілігі карбаматтар және мочевина тобына жатады. Бұл препараттардың кейбіреуінің ортадан төмен, көпшілігінің уыттылығы аз болады. Гербицидтердің әсер ету аясы өте кең,бір мезгілде гербицид және фунгицид ретінде әсер ете алады.

   ИФК мен хлор ИФК құрылымдарының өзара айрықшылығы бір хлор атомының қосылуында, бірақ осыған байланысты уыттылық 3 есеге жоғарылайды. Бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады, карбамин қышқылы алифатты тізбегіндей, сонымен қатар бензол ядросындағыдай белсенді заттарды тасымалдаушы болып табылады. Карбамат тобындағы гербицидтердің қалдықтары бар азықтарды қолдануда ешқандай шек қойылмайды.

    Зертханалық жануарлардың (қоянның) асқазан-ішек жолына (1кг салмағына 2-3г) массивті мөлшерде хлор-ИФК препаратын енгізген кезде қандай оксигемоглобин метгемоглобинге айналып, анемия мен формалы элементтердің дегенерациясы дамиды.

  Улану кезіндегі клиникалық белгілері. Үй жануарлары болсын, жабайы жануарлар болсын гербицидтермен уланған кезде білінетін клиникалық белгілері уытты заттардың құрамына, түсу мөлшеріне және басқа да түрлі жағдайларға байланысты болады. Жануарлар уыттылығы жоғарылау фенол мен крезол препараттарымен уланғанда мынадай клиникалық белгілері байқалады/ тәбетінің болмауы, шөлдеу,терең әрі жиі тыныс алу (кейбір малдарда ауыр түрде уланғанда терлеу байқалады), несеп бөлінуінің төмендеуі, жалпы бұлшық еттер әлсіздігі, ентігу. Жіті түрде уланғанда күйісті буаз малдарда іш тастау байқалуы мүмкін. Дене температурасы басында қалыпты болады, өлер алдында көтеріледі. Клиникалық белгілері ағзаға у түскеннен соң немесе бірнеше сағат өткеннен кейін біліне бастайды.

    Фенооксисірке қышқылының препараттарымен уланғандағы клиникасы фенол мен крезол препараттарымен уланғандағы белгілерге қарағанда әлсіз білінеді. Бұл кезде жалпы бұлшық ет әлсіздігі, тәбеттің болмауы УҚПЕ-да артқы аяқтарымен қозғалыс байланысының бұзылуы байқалады.

    Карбаматтар тобындағы гербицидтермен уланғанда клиникалық белгілер онша білінбейді, олар біраз уақыт өткеннен соң байқалуы мүмкін. Малдың мінез құлқында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, сонымен қатар ағзаның негізгі жүйелерінің қызметтерінде де зақымданулар болмайды.

  Балау және болжам. Гербицидтермен жіті улануда балау оңай. Әдетте анамнез негізінде қарап анықтайды. ауыр дәрежеде уланғанда болжам қолайсыз.

  Емі. гербицидтермен уланғанда жүргізілетін ем жоқ. Жүрек қызметін және жалпы тонусын реттейтін дәрілер арқылы симптоматикалық ем жүргізіледі.

  Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Гербицидтермен жіті уланғанда асқазан-ішек жолдарында, бауыр және бүйректе аздаған өзгерістер болады. Фенол- крезолды гербицидтермен созылмалы түрде уланғанда бұл өзгерістер әсіресе бауырда жақсы байқалады.

    Алдын – алу шаралары. Жануарлардың, құстардың, балықтардың және пайдалы жәндіктердің улануын болдырмау үшін ауыл шаруашылығында бірқатар игілікті шаралардың жүргізілуі тиіс. Жануарлардың өңделген жерлермен қатынасын болдырмау. Бұл негізінен уыттылығы орташа препараттарға және уыттылығы төмен заттарға байланысты. Еліміздің мақта өсіретін аудандарында гербицидтердің дұрыс қолданылуын бақылау - уланудың алдын-алу барысында ерекше орын алады.

                                                                          

                            Триазин туындылары

    Симметриялы триазин туындылары нәтижелілігі жоғары (жақсы әсер ететін) гербицидтер. Оларды жүгері, бұршақ, картоп,пияз, сәбіз, т.б. алқаптарды химиялық тұрғыдан өңдеу үшін қолданылады. Көбінесе,олар суда нашар ериді, сілтілер мен қышқылдардын әсерлеріне төзімді, жануарлар үшін уыттылығы төмен,кумулятивті қасиеті қатты білінбейді, топырақта 14 айға дейін сақталады.

   Атразин - ақ кристалл ұнтақ, суда нашар, органикалық еріткіштер мен қышқылдарда жақсырақ ериді. Топырақта 2 жылға дейін сақталады, 50% дымқыл ұнтақ күйінде шығарады. Оны жүгері алқабындағы арамшөппен күрес үшін 3-8кг/га мөлшерімен пайдаланады.

    Препараттың уыттылығы жоғары емес (ЛМ50 850-3000 мг/га). Кумулятивті әсері әлсіз байқалады.

   Симазин - ақ түсті кристалл, иіссіз. Суда және органикалық еріткіштерде нашар еритін зат. Техникалық препарат 50% әсер ететін затты құрамына енгізеді. Атразин тәрізді қолданады, тамырға әсер ететін тұрақты, күшті гербицид болып есептеледі. Зертханалық жануарлар үшін уыттылығы 1400-4000 мг/кг. Ал оны 4-8кг/га мөлшерінде пайдаланады.

    Пропазин - ақ түсті кристаллды зат. Су және органикалық еріткіштерде дұрыс ерімейді,өсімдік майларында жақсы ериді, 50% дымқыл ұнтақ түрінде шығарылады, 3-6кг/га мөлшерде қолдану керек.Зертханалық жануарлар үшін уыттылығы төмен (6000мг/кг). Кумуляция коэффициенті - 3,7. Пропазиннің әсерінен жануарлар ағзасында тепе-теңсіздік туындайды.

    Прометрин- ақ, әлсіз, жағымсыз иісті ұнтақ. Суда нашар. органикалық еріткіштерде жақсы ериді, 50%дымқыл ұнтақ ретінде шығарылады, зертханалық жануарлар үшін уыттылығы төмен. Қояндарда 250-500мг/кг прометрин әсеріне жалпы күйдің төмендеуін, эритроцит және альбумин мөлшерінің азайғанын , лейкоциттердің көбейгенін байқауға болады.

    Мезоранил - кристалды зат, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қырыққабат алқаптарында арамшөппен күресу үшін қолданылады (3-10кг/га). Тышқандар үшін орташа өлтіріп әсер ететін мөлшері- 635мг/кг. Триазин туындыларының ішінде кешенді препараттар да шығарылады.

      Карагард - уыттылығы төмен гербицид, орташа өлтіріп әсер ететін мөлшері (зертханалық жануарлар үшін) 1000мг/кг-нан жоғары. Токсикоздың ауыр түрі жануарларда демікпе, жалпы күйзелу, шөлдеу, тәбеттің төмендеуімен сипатталады.

    Гезагард (прометрин) - өзіне тән әлсіз иісі бар, суда еритін, ақ түсті кристалл. Көкөніс және бұршақ тұқымдастар алқабындағы астық тұқымдас арам шөптерді жою үшін, егіс науқаны кезінде, топыраққа бүрку арқылы қолданады. Уыттылығы төмен. ЛМ50 – тышқандар мен атжалмандарға 1700-3750 мг/кг. Топырақ құрамында 7 айға дейін сақталады.

    Триазин туындыларының патогенезі жануарлар ағзасына егістіктегі (жүгері, бұршақ, картоп, сәбіз, т. б) арам шөппен бірге түседі. Бұл пестицидтер жергілікті тітіркендіу әсерінсіз бірден қанға өтеді. Торшадағы нуклеин қышқылдарының алмасуын бұзады, бұл ақ зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады. Олардың әсер ету механизміндегі басты нәрсе- антифолилік белсенділік.

    Атразин, пропазин, симазин торшаның бөлінуін тоқтатады, хромасомалардың бірігуін тудырып, хромасомды мутациялық, цитогенетикалық әсер тудырады. Бұл белгілер оны жануарларға 1,30 ЛМ50 мөлшерде құрсаққа еккенде болуы мүмкін.

     Агелон әсерінен дене салмағы төмендеп, гемоглобин, эритроцит саны азайып, бауырдың белок түзу қызметі бұзылады. 1,20 ЛМ50 мөлшерінде карагард жануарларға төмендегідей әсер етеді: өсімі төмендейді, ОЖЖ қозады, лейкоцитоз, өкпе ұлпасында сульфгидрильді топтар көбейеді.

     Созылмалы улануда ОЖЖ-нің қозуы күшейеді,ұлпа тыныс алуының қарқындылығы бәсеңдейді, бауырдың антитоксикалық және ақуыз түзетін қызметі бұзылады. Бауыр, өкпе, жүрек, т.б. сульфгидрильдік топтар көбейеді, лейкоцитоз, гипергликемия, протромбинді индекс және малдардың өсіп, өну қабілеті төмендейді, карбангидраза, пероксидаза ферменттерінің белсенділігі азаяды. Әсіресе, еркек малдар сезімтал келеді. Эмбриотоксикалық әсері де байқалады.

     Клиникалық белгілері. Жалпы күйдің, тәбеттің төмендеуі, сілекей ағу, тыныс алудың жиілеуі, өкпеде сырыл, т.б. қозғалыс өзгереді. Жүндері ұйпаланып, тері зақымданады (құрғақтық,эритема, өліеттену сияқты белгілер көрінеді). Зәр бөлу жиілейді, терлеу, көз және мұрыннан су ағу, атаксия өршіп, коматозды күй байқалады.

     Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өкпеге қан толған, асқазан, ми қыртыстарында нүктелі және дақты қанталаулар бар. Шажырқай мен ішкі ағзалар қанға толған, бауыр майлы дистрофияланған, кейбір торшалар өлі еттенген, жүрек еті мен бүйрек дистрофиясын байқауға болады. Созылмалы түрінде жүдеу, арықтау, қарынның кілегей қабығының гиперкератозы, бүйрек пен бауыр дистрофиялануы байқалады.

     Балау. Анамнез жинау, клиникалық белгісі, патанатомиялық өзгерістер, азық, азық қоспаларын,патологиялық зер заттарды химиялық- токсикологиялық тексеруден өткізу.

     Емдеу және алдын-алу. Күйдірілген магнезия, тұтқыр препараттар (танин, танальбин) қолдану арқылы асқазанды жуу. Адсорбциялайтын зат ретінде белсенді көмірді пайдалануға болады. Антидот ретінде «В» тобындағы витаминдердің құрамына кіретін ораний қышқылын қолданады. Ол қан түзілу, амин қышқылы, нуклеин қышқылы, пурин, пиримидин синтездеріне қатысады. Оны барлық жануарларға 0,1-0,2 мг/кг мөлшерінде береді, бұлшық етке егуге немесе ішке беруге болады.

 

Фенол туындылары

     Фенол туындылары екі топқа бөлінеді. Хлор туындылары (пентахлорфенол, натрий пентахлорфеноляты) және нитро туындылары (динитрофенол, динитроорторезол, нитрофен, динитрофенил карбонат). Бұларды әмбебап пестицид, инсектицид, акарицид, фунгицид, бактериоцид, гербицид ретінде кең қолданылады. Бірақ олардың барлығы жануарлар үшін өте уытты.

    Пентахлорфенол (ПХФ) - әлсіз, фенолға тән иісі бар, кристалды зат, суда нашар, органикалық еріткіш пен майда жақсы ериді, сақтауға төзімді, ұшқыр. Мақта, соя, картоп, қызылша алқаптарында инсектицид, фунгицид, гербицид, десикант, дефолиант ретінде 20-30 кг/га мөлшерінде пайдаланады. Жануарлар үшін өте уытты, тышқан үшін ЛМ50-187 мг/кг, атжалманға-125, қояндарға өлтіріп әсер ететін мөлшері 70-160 мг/кг, 20% майлы ерітінді түрінде шығарады. Түсі қоңыр, ішке түссе, асқазан, ішек, бауыр, бүйрек қызметтері бұзылып, гипохромды анемия дамып, дене қызуы көтеріледі. Кумулятивті әсері-орташа, тері және кілегейлі қабықтарды тітіркендіреді. Натрий пентахлорфеноляты- қоңыр түсті ұнтақ 15-25/кг/га мөлшерінде гербицид ретінде пайдаланылады. Зертханалық жануарлар үшін өте уытты. Кумулятивті әсері орташа, кілегейлі қабықпен теріні тітіркендіреді. Суда ериді. Жүгері, соя, картоп көктемей тұрып, арамшөптерге қарсы (беде, жоңышқа) пайдаланылады.

    Динитрофенол – сары түсті кристалды зат, суда нашар ериді, жарылғыш зат, инсектицидтік қасиеті бар. Жануарларға өте уытты. Атжалман үшін орташа өлтіріп әсер ететін мөлшері 40мг/кг, қояндарға-200, итке-25 мг/кг. Жергілікті жерді тітіркендіріп әсер етеді. 

      Динитроортокрезол (ДНОК) - жағымсыз иісті, суда нашар еритін сары түсті кристалл зат. Құрамында 25-40 %-ды дуст немесе суспензия түріндегі әсер етуші заты бар аммоний тұзы күйінде шығарылады. Қысқа төзімді зиянкестермен арамшөптерге қарсы, бау-бақшалармен жүзім алқаптарын өңдеу мақсатындағы инсектицид және фунгицид ретінде қолданылады. Қолдану мөлшері астық тұқымдастар үшін 3-5кг/га, бау-бақщалармен жүзім алқаптарында 10-20кг/га.

    ДНОК жануарларға өте уытты. Тышқанға ЛД100-40мг/кг, атжалманға-85, мысыққа-60, қойға-200 мг/кг. Тері мен кілегей қабыққа тез сіңеді. Препараттың гонадотропты, эмбриотоксикалық әсері бар. Нитрофен-қою қоңыр, паста тәрізді,өткір иісті, 70% әсер ететін заты бар масса. Нәтижелілігі жоғары фунгицид, инсектицид, акарацид, гербицид ретінде бақшаларда, алқаптарда қолданады.(40-75кг/га мөлшерде). Жануарларға улылығы орташа. Тышқанға ЛД50-450мг/кг,атжалманға 700-800, мысыққа 250 мг/кг. Кілегей қабықты тітіркендіреді.

     Дихлорфеноксисірке қышқылы (2-Д) – таза күйдегі, фенолдың әлсіз иісі бар, суда нашар ерйтін, түйіршікті зат. Сақтауға төзімді. Шабындықтар мен жайылымдардағы арам шөптерді жою үшін және арборицид ретінде, 10%-ды ұнтақ түрінде, 10-12 кг/га мөлшерінде қолданылады. ЛД50 – иттерге 100 мг/кг; тышқан, үй қояндары және теңіз шошқалары үшін 300-1000; тауықтарға – 2000-4000; балапандарға – 360-820; мүйізді ірі қараларға 500 - 2000 мг/кг. Қойлар өте сезімтал келеді (1000 мг/кг), Эмбриоуытты әсер етеді. Ірі қаралар мен қойларға төменгі уытты мөлшері - 100 мг/кг. Сиырларға күніне 10 мг/кг мөлшерінде 4 апта әсер етсе, сүттің мөлшері күрт төмендейді. Торайларға күніне 200 мг/кг-нан беріп отырса 3 айдан кейін жаппай қырылып қалады. Егер шошқаларға күніне 500 мг/кг мөлшерінде қолданса, төлінің дамуы баяулайды. Туылған торайларда қан аздық, әлсіздік, салмақсыздық (100г) байқалады. Көпшілігі туылғаннан кейінгі алғашқы күндері-ақ өлім-жітімге ұшырайды. Препарат балықтар мен аралар үшін өте уытты.

     Дихлорфенокисірке қышқылының аминді тұзы (2,4-ДА) – 40-50 %-ды суда еритін дайын қоспа (концентрат) түрінде шығарылатын, өткір иісті, күңгірт сұйықтық. Сауда тораптарында 10 %-ды “аминді ерітінді” деген атпен белгілі. Арборицид ретінде бидай, күріш, жүгері және тары алқаптарын арам шөптерден арылту мақсатында қолданылады. Қара топырақты жерлерде тез ыдырайды (3-6 апта). Құмдауыт жерлерде ыдырау мерзімі ұзақтау (3 айға дейін). Мөлшері – 1-12 мг/кг. ЛД50 – тышқандар үшін – 980-1200 мг/кг; тауықтарға – 1950; 10-күндік балапандар үшін 560 мг/кг. Кумулятивті әсер етеді. Ірі қаралар мен қойларға ең төменгі уытты мөлшері - 100 мг/кг. 2,4 Д-ын сиырларға күніне 10 мг/кг мөлшерінде 4 апта берсе, сүттің мөлшері күрт төмендейді. Торайларға күніне 200 мг/кг-нан беріп отырса 3 айдан кейін жаппай қырылып қалады. Егер шошқаларға күніне 500 мг/кг мөлшерінде қолданса, төлінің дамуы баяулайды. Туылған торайларда қан аздық, әлсіздік, салмақсыздық (100-380г) байқалады, көпшілігі туылғаннан кейінгі алғашқы күндері-ақ өлім-жітімге ұшырайды. Препарат балықтар мен аралар үшін өте уытты.

     2,4 Д - ның натрилі тұзы (диканирт) – фенолдың иісі тәрізді, суда жақсы еритін, ашық сұрғылт ұнтақ. Ауыл шаруашылығы алқаптарын арам шөптерден тазарту үшін 1-3 кг/га мөлшерінде қолданылады. ЛД50-ақ тышқандар үшін 370 мг/кг, ат жалманға –710, тауықтарға - 665, үй қояндары үшін - 800 мг/кг. Кумулятивті әсері әлсіз.

     2,4 Д – ның бутилді эфирі (2,4 - ДБ) – фенолдың иісі секілді иісті, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, күңгірт-құба түсті сұйықтық. Шабындықтарды, жайылымдарды және бау-бақшаларды арам шөптерден арылту үшін қолданылады. Мөлшері 0,4 – 18 кг/га, топырақта 4 – 6 апта, өсімдік құрамында 56 күнге дейін сақталынады. Уыттылығы орташа гербицид. Зертханалық жануарлар үшін ЛД50- 400 - 1250 мг/кг, жабайы құстарға 1000 - 1350 мг/кг. Бұзауларға препараттың 1000 мг/кг мөлшері өлтіре әсер етсе, қойларға, егер күніне 250 мг/кг мөлшерінде қолданып отырса, 9 күннен кейін жаппай қырылып қалатыны жайлы деректер бар.

     Клиникалық белгілері. Токсикоздың өтуіне байланысты жіті түрінде тәбеттің төмендеуі, шөлдеу, құсу секілді белгілер байқалады. Жануарлар терлеп, сілекейі шұбырып, іші өтіп, іші түйнейді. Дене қызуы төмендеп, салмағы кемиді, кілегейлі қабықтары бозарады, сарғаяды, тыныс алуы жиілеп, тахикардия, аритмия, бұлшық ет дірілі байқалады, қозғалыс координациясы бұзылады. Эритроцит, лейкоцит мөлшері төмендеп, метгемоглобин көбейеді (әсіресе балапандар қанында). Сиырлардың сүттілігі төмендейді. Осы сиырлардан туылған бұзаулардың салмағы және қанындағы лейкоцит мөлшері азаяды. 2,4 – Д-ның бутилді эфирін қайталап қолданған кезде, төлдердің анамолиясы және өлі тууы кездеседі. Орталық жүйке және жүрек – қан тамыр жүйесі зақымданады.

     2,4 – Д-ның аминді тұзымен созылмалы улануы малдың жалпы күйзелуі, тәбетінің болмауы, диарея, жақ асты лимфа түйіндерінің үлкеюі, кілегей қабықтарының бозаруы, тамыр соғуының жиілеуі, мұрнынан су ағу және тыныс алудың нашарлауы секілді клиникалық белгілермен ерекшелінеді. Сонымен қатар, эритроцит, лейкоцит және гемаглобин мөлшері төмендейді. Тауықтың мекиендері 2,4 Д препаратының әсеріне өте төзімді. Ал әтештері уланған кезде, айдары және сырғалығы көгеріп, көлемі үлкейеді, жемсауынан үнемі күңгірт түсті шырыш бөлініп тұрады, тыныс алуы жиілеп, қиындайды. 2,4 – Д-ның бутилді эфирімен өңделген жайылымдарға 52 – 78 сағат өткеннен кейін ғана мал жаюға болады.

       Патогенезі. Динитрифенол қосылыстарының уытты әсері құрамында темірі бар ақзаттардың функциясының тежелуімен білінеді, фенол туындылары организмге түскеннен кейін, тотығу-тотықсыздану процестерін бұзады. Фенол туындылары энергия алмасуын бұзып, АТФ  синтезін тежейді. Нәтижесінде ағзадағы жылу алмасу өзгеріп, қанның формалық элементтері гемолизденеді және метгемоглобин саны көбейеді.

      Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ішкі мүшелер қанға толған, өкпеде ұсақ ошақты және жайылмалы (диффузды) қанталаулар байқалады, өлік сіресіп қалады. Тыныс алу мүшелерінің кілегейлі қабықтары сарғыш-қызыл, қанға толған. Ас қорту жүйесінің кілегейлі қабықтары сарғайған. Бауыр алаланып, қанға толған. Бүйрек, талақ, ұйқы безі көгерген.

     Балау. Кешенді түрде жүргізіледі.

    Емдеу. Асқазанды натрий гидрокарбонаты, калий перманганаты, магний тотығы қосылған жылы сумен шаяды. Белсендірілген көмір мен тұзды іш айдағыштарды береді. Арнайы у қайтарғыш ретінде 1% - ды ерітінді күйіндегі метилен көгін (0,5-1мг/кг мөлшерде) қолданады, оны 40% - ды глюкоза ерітіндісімен қосып берсе, әсері анағұрлым күштірек болады. Антидот ретінде натрий тиосульфатының 10% - ды ерітіндісін вена тмырына енгізсе болады (ірі малға-100мг, ұсақ малға-10мг). Майлы іш айдағыштар және сүтті пайдалануға болмайды.

     Алдын-алу. Бұл пестицидтердің азық пен суға түсуіне жол бермеу керек.

Хлораттар

      Әсері күшті дефолиант ретінде магний хлоратын, кальций хлоратын, кальций хлорат- хлоридін, натрий хлоратын қолданады. Мақта, соя, картоп, қант қызылшасы, қарасора, жүзім алқаптарында қолданылады (7-35кг/га).

     Магний хлораты- ақ түсті кристалл ұнтақ, суда жақсы ериді. Құрамында 60% магний гидраты, 40% магний хлориді бар. Уытты мөлшері тышқандарға ЛД50-620мг/кг, теңіз тышқанына-1000мг/кг-нан асады. Кумулятивті әсері әлсіз байқалады. Мал қанындағы магнийдің орташа мөлшері - сиыр қанында 2-3мг/% болады, ал 3,2мг/%- дан асып кетсе, гипермагнемия қалыптасады. Магний ионының антогонисі-кальций ионы.

     Кальций хлораты- ақ түсті, кристаллды ұнтақ,суда жақсы ериді, зертханалық жануарларға уыттылығы төмен. Тышқандарға ЛМ50-1112 мг/кг.

Кальций хлорат-хлориді - ақ түсті,өте ұсақ, жеңіл, жұмсақ ұнтақ, суда оңай ериді. Белсенді дефолиант. Уыттылығы төмен пестицид. Құрамындағы кальций хлораты мен кальций хлоридінің ара қатынасы 1:2. Натрий хлораты- ақ түсті, майда, жұмсақ ұнтақ зат, суда жақсы ериді, жарылғыш зат. Химиялық өңдеу үшін қолданылады.     

     Патогенезі. Ағзаға сіңгеннен кейін торшалық және субторшалық деңгейде зат алмасуға әсер етеді. Қалқанша безінің ингибиторы (тежегіші), натрий, калий, магний, кальций иондары биологиялық мембранадан ешқандай қиындықсыз өтіп, торшадағы зат алмасудың соңғы өнімдерін сыртқа шығаратыны белгілі. Сөйтіп, натрий-калий алмасуы бұзылуы ағзаға елеулі әсерін тигізеді. Хлораттар жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді. Магний хлораты әсерінен бауырдың ақзат түзу қызметі, көмірсу, май алмасу, ұйқы безі ферменттерінің (трипсин, симпаза, липаза) белсенділігі бұзылады. Нәтижесінде, адинамия, тыныс алудың бұзылуы, гематоэнцефалиялық және басқа да барьерлердің өткізгіштігі өзгереді, гемоглобин мөлшері кемиді. Лейкоциттердің фагоцидтік белсенділігі төмендеп, өсіп-өну функциясы, бүйрек қызметі тежеледі (бүйректен қан кету). Өлексені сойып зерттегенде кілегейлі қабықтардың зақымданғанын, ішектің катаралды қабынғанын, ас қорту жолының кілегей асты қабығының домбығуы мен инфильтрациясын байқауға болады. Ішкі ағзалар қанға толып, дистрофиялық өзгерістер пайда болады.

      Емдеу және алдын алу. Пестицидтерді сақтау, қолдану ережелерін қатаң сақтау. Асқазанды адсорбенттер (белсендірілген көмір) және жұмсартқыш заттар қосылған жылы сумен шаю. Натрий хлориді изотониялық ерітіндісі, глюкоза, адреналин ерітіндісін (1/1000), эфедрин

(5%) 1 мл-ден тері астына жіберуге болады. Антидот ретінде кальций хлориді қолданылады (10% - ды ерітінді, 0,5мг/кг). Қалыпты жағдайдағы магний мөлшері- магний хлораты, натрий хлораты және хлоридімен уланғанда магний препараттары антидот бола алады.

                                                                   

 

Мочевина туындылары.

        Бау-бақша өнімдерін және мақта, картоп, қант қызылшасы, дәнді бұршақ еккен кезде химиялық өңдеу үшін және өңделмеген жердегі арамшөпті жою үшін пайдаланылады. Бұларға арезин, гербан, дикуран, диурон, дихлораль мочевина (ДХМ), дезанекс, поротан, линурон, патфан,тепсин-м, тенфан, феурон, метурин, монурон, небурон тәрізді гербицидтер жатады. Олардың бәрі – ұнтақтар, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Сыртқы ортада екі жылға дейін сақталады. Жануарлар үшін уыттылығы төмен, бірақ кумулятивті әсері күшті, кейбіреуі тітіркендіріп әсер етеді.

       Патогенезі. Ішке түскенде асқазанның кілегейлі қабықтарын тітіркендіруі мүмкін. Қанға сіңгеннен кейін, қалқанша безінің қызметтін бұзады. Алдымен ОЖЖ қоздырып, кейіннен тежейді. Гемодинамикалық ауытқулар болады (кілегейлі қабықтар мен терінің көгеруі). Мочевина туындылары ақуыз құрылысын бұзатын (дихлоральмочевина, диурон, которан,т.б.), денатурациялаушы агенттерге жатады. Бұл топтың гербицидтері ыдыраған кезінде ағзаға уытты әсер ететін бауырда метаболиттер түзеді де, ағзаға улы әсер етеді. Мысалы: хлоранилин қан морфологиясын бұзады, диурон - қандағы эритроцидтердің санын азайтады. Дихлормочевина әсерінен қанның формалық элементтері азаяды, эритроцидттердің шөгу жылдамдығы жылдамдайды.      

      Құрамында фтор қосылыстары бар которанның ыдыруынан көмірсу алмасуы бұзылып, фторлимон қышқылы түзілуі әсерінен Кребс циклінің бірден-бір маңызды ферменті - аконитаза блокадаланылады. Оған қоса, жүректің биоэлектрлік белсенділігі өзгереді. Ағзаға метуриннің көп түсуі нәтижесінде витаминдер алмасуы бұзылады. Мысалы: бауыр, бүйректе аскорбин қышқылы 50%- ға кемиді. Гемоглобин, эритроцит санының кемуі салдарынан таяқша және сегментядролы лейкоциттер саны көбейеді. Монурон әсерінен бауырдағы гликолиз бұзылып, гексогиназа және фосфор фруктогиназа белсенділігі төмендейді. Бауыр митохондриясында никотин-амид коферменттеріннің саны азайып, гликолиздің бұзылуына әкеп соғады. Фенурон ағзаның өсіп, өну функциясын бұзады.

     Клиникалық белгілері. Алдымен жануарлар қозады,содан кейін тынышталады. Тәбеті төмендейді. Аз қозғалып, өсіп-дамуы баяулайды. Күйістілер арасындағы буаз малдар іш тастауы мүмкін. Мочевина туындыларына әсіресе, тауық сезімтал, олар әлсіреп, қанаты салбырап, әрең қозғалады. Қояндарға линуронды бір рет пайдаланғанда 1000мг/кг жабығу,демікпе, жүрек қызметінің өзгеруі білінеді. 10-күн бойы пайдаланса, жүдеу, диарея, қозғалыс координациясының бұзылуы байқалады. Тауықтарда 3000-5000мг/кг жалпы күйдің тез нашарлауы, демігу, айдары мен сырғалығының көгеруі, өлім-жетім болады. 250мг/кг мөлшердегі линуронды30-күн бойы азықпен бергенде, олар арықтап және жұмыртқа беруі тоқтағаны байқалған. Линуронның әсерінен (30-күн бойы 100мг/кг мөлшерде) қойлардың қандағы лейкоцидтің саны көбейіп, 250мг/кг линурон мөлшерінің әсерінен жалпы күйдің төмендеуі, бұлшық ет дірілі, жүрістің бұзылуы, кейінен бұлшық ет тонусы әлсіреп, қабықтың сарғаюы мен гематурия болады.

      Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелер қанға толған, мидың преваскулярлы және перицеллюларлы қабаттарының домбығуы білініп, қалқанша без қанға толады. Фолликулярлы эпителий проферацияға ұшыраған. Бауыр, өкпе зақымданған. Ленурон, фенурон және тағы басқа препараттардың әсерінен бауыр, бүйрек, кілегейлі қабықтар, талақ зақымдалып,өкпе, эндокард пен перикардтың қанға толғанын көруге болады. Текоранмен уланса, тері және шажырақай қан тамырлары қанға толып, миокард дистрофияланады. Тоқ ішек және аш ішектердегі катаралды қабыну білінеді. Дихлормочевина әсерінен уланған өлексені сойып көргенде, бауырдың майлы дистрофиялануы байқалады. Қалқанша без ашық қызыл түсті және көлемінің ұлғайғанын байқауға болады.

     Балау. Анамнездік деректер жинап, клиникалық және патанатомиялық белгілерге көңіл бөліп, азықты химиялық-токсикологиялық талдаудан өткізеді.

     Емдеу және алдын-алу. Синтетикалық мочевина туындыларын пайдалану барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Емдік мақсатта мочевинаның ыдырау өнімдерін бейтараптау үшін формалин ерітіндісін пайдаланылады. Ми және өкпедегі домбыққан ісікті кетіру үшін, қалыпты мөлшердегі кальций хлоридін пайдаланады. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы мен глюкозаны да пайдалануға болады. Алдын-алу үшін мочевина препараттары арнайы, қауіпсіз орындарда сақталынып, өз керегінше қолданылуы керек. Которонның мөлшері азықта 4 мг/кг-нан аспауы керек.

 

Ас тұзының токсикологиясы

     Хлорлы натрий (NaCl) - жануарлар мен құстардың рационындағы арнайы және қажетті азықтық қоспа болып саналады. Ол ақ түсті кристаллды ұнтақ, суда жақсы ериді. Азықтық мақсатта ірі кесек, ірі ұнтақ немесе брикет күйінде пайдаланылады. Қазіргі кезде оны азыққа қосумен қатар, жеке кесек күйінде ірі қара малға, оның өнімділігін арттыру және жаңа туылған төлдердің өсіп, өнуін жоғарылату мақсатымен береді. Кейбір әдебиеттерде шошқаларды тұздың жоғарғы мөлшерлерімен (1,25-1,66 г/кг) ұзақ уақыт азықтандырғанда алынған тиімді нәтижелер жазылған. Осы кезде жануарлардың өсімі 33-36% жоғары болады. Бірақ ас тұзын абайлап пайдаланған жөн, себебі, онымен жануарлардың, әсіресе, шошқа және құстың улануы жиі кездеседі.

     Токсикологиялық маңызы және мөлшері. Жануарлардың ас тұзымен улануы, әсіресе, құстардың улануы, құрама жем мен құрғақ сүт алмастырғышта тұз концентрациясының көбейіп кетуінен, ірі қара малына арналған құрама жемді шошқа мен құстарға байқамай беріп қойғаннан, ас тұзымен ұзақ уақыт ашыққаннан соң, ағзаға көп мөлшерде ас тұзы түсуінен, тұздалған балық пен әртүрлі тұздықтарды бергеннен болады. Кейбір кездері, құрама жемді алыс қашықтықта темір жол вагондарымен және автотранспортпен тасымалдағанда тұздың сеперациясы, яғни, натрий хлоридінің ауыр кристалдары құрама жемнің төменгі қабаттарына шөгіп, нәтижесінде құрама жемнің төменгі қабаттарынан азықтандырылған мал улануы мүмкін.

    Ас тұзының уытты және өлтіре әсер ететін мөлшері әртүрлі. Бұл токсикалық әсерге әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты болуы мүмкін. Жас төлдер натрий хлоридіне анағұрлым сезімтал, арық немесе күтіп-бапталуы нашар мал аз мөлшерінде де уланып қалуы мүмкін. Сумен ашығу уытты әсерді күшейтеді, кристалдармен тұзбен азықтандырғаннан гөрі ас тұзы ерітінділерімен суару әлдеқайда қауіпті. Ас тұзының өлтіріп әсер ететін мөлшері- ірі қараға-5-6г/кг, қойға 3-4г/кг, жылқыға- 2-3г/кг, шошқаға- 1,5-2,5г/кг, құсқа 3-4г/кг, су тышқанға 2г/кг. Үлкен мөлшерде көп уақыт ас тұзын берсе, созылмалы улану туындайды.

    Патогенез. Ол суда жақсы еріп, қанға жылдам сіңеді де, изононияның бұзылуына әкеліп соғады да, орталық және шеткі жүйке жүйесінің, жүйке мен синапстарда импульстардың өтуіне зор ықпал жасайтын, бір және екі валентті катиондардың қызметін бұзады. Қан мен ұлпааралық сұйықтағы осмостық қысымның бірден жоғарылауынан эритроциттер бүрісіп, тіршілікке маңызы зор мүшелер торшаларында сусыздану пайда болады. Нәтижесінде зат алмасу құбылысы алдымен үдеп, кейіннен тежеледі. Ас тұзы сонымен қатар,асқазан мен аш ішектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, геморрагиялық гастроэнтеритке әкеп соқтырады.

      Клиникалық белгілері. Ірі қарада ас тұзын қабылдағаннан кейін улану белгілері 30-120 минуттан кейін біліне бастайды. Тынышсыздану, жиі күйіс қайыру, тісін қышырлату, жиі және көп зәр бөлу, іш өту, шөлдеу, әлсіздік, теңселіп жүру, атаксия болады. Жануарлар ұзақ жатып алады, бұзауларда опистонус болады, рефлекстер күшейеді. Бұлшық еттің кейбір бөліктеріндегі діріл, бірте-бірте үзіліссіз дірілге ұласады. Тыныс алу мен жүрек қызметі нашарлайды. Мал қалтырап, дірілдеп, аз уақыттан соң өледі. Қойда улану белгілері 16-18 сағаттан соң, өлім 1 тәулік ішінде болады. Шошқада 2-3 сағаттан соң қозу, құсу, қатты шөлдеу, сілекей ағу болады. Көз қарашығы үлкейіп, нашар көреді. Іші өтіп, кейде қан аралас зәр бөледі. Жүйке жүйесі бұзылуынан өзіне тән емес қимыл, қозғалыстар жасайды. Дене бұлшық еттері дірілдеп, қалтырайды. Өлер алдында құлағы мен терісі көгереді, тері сезімталдығын жоғалтады. Жануар тәулік көлемінде, не одан кейін өледі. Құста шөлдеу, тұмсығынан сұйық ағады, атаксия, қанаттары түсіп, басын артына қаратып алады. өлер алдында аяқ пен қанат салданады.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Көптеген нүктелі эндокардтағы қанталаулар, өкпе мен шажырқайдағы ісіктер, бауыр, бүйрек, лимфа түйіндері қанға толған. Катаралды және геморрагиялық гастроэнтерит және бауырдағы дақтарды көруге болады. ОЖЖ-де периваскулярлы аумақтағы тамырлар қабырғаларындағы эозинофил инфильтраты, гемодинамикалық өзгерістер, ісік, жүйке торшаларының дистрофиялық өзгерісі- вакуолизация мен кариопинкоз байқалады.

    Балау. Анамнездік,деректеріне, клиникалық белгілеріне және симптом, патологиялық өзгерістерге сүйенеді. Ал балауды бекіту үшін азықты, қарындағы азықты химиялық-токсикологиялық тексерістен өткізеді. Асқазан-ішек және бауырдың құрамынан хлорлы натрийдің мөлшерін тексереді. Мөлшер бойынша ол 0,25-пайыздан аспауы керек.

     Емдеу. Су ішкізу жүйкені, жүрек жұмысы мен тыныс алуды қайта қалыпына келтіру керек. Суды мал ішпей қойса, клизма, зонд арқылы су жіберу керек. Мұнсыз басқа әдістердің әсері шамалы. Арнайы антидот ретінде кальций хлоридінің, 10%-ды ерітіндісін ірі қараға күре тамырға жібереді, ал 5%-ды ерітіндіні 1%-ды желатин ерітіндісінде ұсақ малдарға бұлшық етке және тері астына 1-2 мл/кг мөлшерде егеді. Жүрек әлсіздігі мен тыныс алу тарылғанда кофеин натрий-бензоотын, кордиамин және басқа да қуаттандыратын заттар береді.   Ас қорыту жолы жұмысын жақсарту үшін ішке өсімдік майларын және нәр бергіш шырышты заттар береді.

     Алдын алу. Тұзбен ашығу болмау үшін міндетті түрде үнемі қажетті мөлшерде ағзаға тұздың келуін қамтамасыз ету керек. Шошқаларға азық қалдықтарын берген кезде хлорлы натрийдің мөлшерін бақылау керек. Құрама жемдегі ас тұзының мөлшерін, оны тасымалдағаннан кейінгі әр қабатындағы хлорлы натрийдің мөлшерін анықтау керек.

 

КАЛИЙ ТҰЗДАРЫМЕН УЛАНУ

 

      Құрамында 62 пайыз тотығатын калий бар, калий тыңайтқыштары күйіс қайтаратын малды тез уландырады.

     Әсер ету жолдары. Калий тұздары ішек-қарынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді және қабындырады. Сонымен бірге, қанның тепе-теңдігі және қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің жұмысы тозады.

Өлекседегі өзгерістер. Ішек-қарынның кілегейлі қабықтары қансырап қабынған, кей жерлері ісінген, өліеттенген.

     Клиникалық белгілері. Калий түздарын жегеннен кейін тез арада клиникалық өзгерістер көріне бастайды. Азыққа тәбеті тартпайды, бұлшық еттері дірілдейді, жүрек соғысы, демалуы жиілейді. Одан малдың іші өтеді. Қарынның жиырылуы бәсеңдейді, қан қысымы төмендейді.

    Балау. Анамнестік деректері клиникалық белгілері және патоморфологиялық өзгерістері негізінде қойылады.

    Емі. Ауру малға бүркеуіш және кілегейлі заттар қолданады (сүт, қайнатынды, өсімдік майлары). Қан тамырына 30%-ды глюкоза ерітіндісін 200-300 мл мөлшерінде, 10 пайыздық хлорлы кальций ерітіндісін 150-200 мл мөлшерінде жібереді. Жүрек сергітетін дәріден кофеинді қолданады. Мал толық жазылғанша дәрілерді қолданады.

 

Молибден қосылыстарынан улану

     Молибден (Molydaenum),Мо – жылтыр-сұр түсті металл, табиғатта көп жағдайларда минерал түрінде кездеседі. Молибденнің құрыш (сталь) металлының сортын дайындаудағы маңызы өте зор.

     Молибденнің ауыл шаруашылығындағы биологиялық маңыздылығы өте зор екендігі таяуда ғана белгілі болған. Молибден өте аз мөлшерде болса да өсімдік және мал ағзасында атқаратын қызметі ерекше. Өсімдіктер молибденді топырақтан суда еритін қосынды түрінде алады да, өсімдік арқылы мал ағзасына енеді. Молибден өсімдіктердің азотты сіңіруіне септігін тигізіп, нитраттардың ферментативтік ыдырауына, ақзаттар мен амин қышқылдарының түзілуіне қатысады.

     Молибден қосылыстары биосфераның белсенді ластағыштары. Молибденнің көп мөлшері кездесетін геохимиялық аумақтар бар екені анықталған. Молибденнің қоры топырақта неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым өсімдіктерде де көп болады.

    Көбінесе өсімдіктер сілтілік және бейтарапты реакция көрсететін молибденді топырақтан алады. Топырақта молибденнің жетіспеуі өсімдіктерде бірқатар аурулар тудырады.

    Мысалы: Жоңышқаның 1 кг кепкен түрінде 38 мг-ға дейін молибден болады. Яғни жоңышқа молибденді құрамында көп жинайтын белсенді өсімдіктердің бірі болып саналады. Мұндай өсімдіктермен малдарды азықтандыру улануға әкеліп соқтырды.

    Қоршаған ортада мыстың жетіспеуі молибденнің ағзаға уытты әсерін күшейтеді.

    Аммоний молибдаты - түссіз, мөлдір түйіршікті зат. Ылғалды ауада молибден қышқылды аммоний суда өте жақсы еритін кешенді қосылыс - аммоний полимолибдатына айналады.

    Жануарлардың молибденге деген сезімталдығы әр түрлі. Молибден қосылыстары- сүтті ірі қара малдарға, әсіресе жас бұзауларға өте уытты әсер етеді. Сезімталдығы төмен малдарға жылқылар мен шошқалар, жатады.

     Егерде топырақ құрамындағы молибден мөлшері 0,01%-дан асып кетсе, малдар улануы мүмкін.

     Патогенезі. Ағзаға түскен молибден қосылыстары бауырдағы мыс және сүйектегі фосфордың мөлшерін азайтып, АYФ алмасуын бұзады. Сонымен қатар, ақзат алмасуы және амин қышқылдарының түзілуін тежейді.

    Жануарлар ағзасында молибден сүйекте (1-2 мг/кг), бауырда, тері жабындыларында жинақталады. Сиыр сүтінде 40 мкг/л дейін кездестіруге болады. Ауыл шаруашылық малдарының рационында мыс және молибден қосылыстары белгілі дәрежеде ғана болуы керек. Мал азығында –50 мг/кг- нан жоғары молибден болса мал, улануға шалдығады.

    Клиникалық белгілері. Молибденнен уланған малда улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жануарлардың іші өтуі, жатырдың қабынуы, арықтауы, анемия, остеопороз, бұлшық ет дірілі, бедеулік, сүттіліктің төмендеуі және тері түтіктері, түсінің өзгеруі секілді белгілерді байқауға болады.

      Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішектің және қарының кілегейлі қабықтары катаралді қабынады. Бауыр үлкейіп, майлы дистрофияға ұшырайды, сүйектері сынғыш келеді.

     Емдеу және алдын алу шаралары. Ең алдымен жайылымды ауыстыру керек. Емдік мақсат үшін мыс сульфатын бұзауларға күніне 1г, ересек жануарлаға –2г мөлшерде береді. Емнің нәтижесі 2-3 күннен кейін белгілі болады. Уланудың алдын алу мақсатында топырақтағы молибденнің өсімдік құрамына өтуін тежейтін күкірт қышқылды аммонийды тыңайтқыш түрінде қолданады.

 

Карбамин, тиокарбамин және дитиокарбамин

қышқылдарының туындылары (карбаматтар)

     Карбамин қышқылы туындылары өз кезегінде алкилкарбамин қышқылының арилді эфирлері (байгон, беномил, дикрезил, севин, алкилсевин) және арилкарбамин қышқылының алкильді эфирлері (ацилат, бетанал, ИФК, хлор-ИФК) болып бөлінеді.

    Тиокарбамин туындыларына – тиллам, тиобенкарб, триаллат, ялан және видат (оксамил) жатса, ал дитиокарбамин туындылары – карбатион, тетраметилтиурамдисульфид (ТМТД), цирам, цинеб секілді препараттардан тұрады. Бұл пестицидтердің барлығы да өте белсенді инсектоакарицидтер, фунгицидтер және гербицидтер ретінде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Олар қоршаған ортада тез бүлінетіндіктен кумулятивті әсер етпейді.

    Байгон – суда нашар, спиртте жақсы еритін, ақ түсті, түйіршікті, белсенді инсектицид. Жануарлар үшін өте уытты. Атжалман үшін ЛД50– 82-113 мг/кг. Эмульсия немесе дымқыл тартқыш ұнтақ, 5(-ды дуст және 5-10(-ды ұсақталған ұнтақ түрінде шығарылады.

    Беномил – суда және майда нашар, спиртте жақсы еритін, ақ түсті, түйіршікті фунгицид. Жануарлар үшін уыттылығы төмен, тератогенді әсері бар. Жайылымдарды өңдеу және тағы басқа да шаралар үшін 1-12 кг/га, мақталы алқаптарға 75-150 кг/га мөлшерінде қолданылады.

    Дикрезил – орташа уытты, мүйізді ірі қара және тауықтарға зиянын тигізетін кенелерге қарсы қолданылатын ақ түсті, түйіршікті зат, 0,2-1(-ды сулы эмульсия түрінде қолданылады.

    Севин – орташа уытты, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, жарыққа және жоғарғы температураға төзімді, түйіршікті инсектоакарицид. Бейтарап, қышқылды және сілтілі орталарда нафтолға дейін гидролизденеді. Бұл препаратқа ұрғашы малдарға қарағанда еркек малдар өте сезімтал келеді. ЛД50  зертханалық жануарлар үшін 310-850 мг/кг; үй қояндары үшін-710; тауықтарға- 2120; қойларға-225; шошқаларға-354,5; мүйізді ірі қараға-150; жылқылар үшін-50 мг/кг. Яғни, бұл препаратқа тауықтар төзімді келсе, жылқылар өте сезімтал. Уланған кезде несеп арқылы нафтол бөлінеді.

    Алкилсевин – севинге ұқсас, суда нашар еритін препарат. Кенелерге, қандалаларға және мамық құрттарға қарсы 0,05-0,2 -ды эмульсия немесе суспензия түрінде қолданылады.

    Ацилат – суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін түйіршікті зат. Жануарлар үшін уыттылығы төмен. Қант қызылшасының, бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктердің арам шөптеріне қарсы қолданылады.

    Бетанал – жануарлар үшін уыттылығы төмен, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, түйіршікті, белсенді гербицид. Қызылша алқаптарын өңдеу үшін қолданылады (6-8 кг/га).

ИФК (изопропилазотфенилкарбамат) – спиртте және ацетонда жақсы, суда нашар еритін, түйіршікті, белсенді гербицид. Жануарлар үшін уыттылығы төмен, ағзадан аминфенол түрінде бөлініп шығады.

   Видат (оксамил) - әлсіз күкіртті иісі бар, органикалық еріткіштерде және суда жақсы еритін кристалл. 10% -түйіршік күйінде шығарылады. Қызанақ, қияр алқаптары құрттарын жоятын нематоцид ретінде қолданады.

   Атжалманға өлтіре әсер етеді (ЛМ50-110 мг/кг), кумулятивті әсері жоқ, топырақтан тез шайылып кетеді.

   Хлор – ИФК – органикалық еріткіштерде жақсы еритін, пияз және қызыл жонышқа алқаптарын өңдеу үшін қолданылатын белсенді пестицид. Мөлшері 9-30 кг/га. Топырақта белсенділігін 3-4 айға дейін сақтайды.

   Тиллам – сумен нашар әрекеттесетін, жануарлар үшін уыттылығы орташа сұйықтық.

   Триаллат – жағымсыз иісі бар, суда ерімейтін, ашық-сұр түсті, түйіршікті зат. Зығыр, бидай және тары алқаптарын өңдеу үшін қолданылатын гербицид. Мөлшері 2-4 кг/га. Уыттылығы төмен. Бұл препаратқа қой, шошқа, тауық және үй қояндары өте сезімтал келеді.

     Ялан - жағымсыз иісі бар, ашық-сұр түсті, суда нашар ерйтін, уыттылығы орташа сұйықтық. Күріш алқаптарын өңдеуде жиі қолданылатын гербицид. Гонадо- және эмбрио уытты әсер етеді.

     Тетраметилтиурамдисульфид (ТМТД) – күңгірт-сұр түсті, суда нашар, органикалық еріткіштерде еритін, ұсақ түйіршікті зат. Астық тұқымдастардың, көкөністердің әртүрлі ауруларына қарсы қолданылатын фугицид. Жүгері, бұршақ, бидай, сәбіз, қант қызылшасы тұқымдарын дәрілеу үшін де қолданылады. Алколойдтардың уытты әсерін арттырып, қалқанша безі гормонының бөлінуін тежейді. Жануарлар үшін өте қауіпті емес. Сезімтал малдар: үй қояны ЛД50 -225 мг/кг, содан кейін ірі қара, шошқа. Кумулятивті әсер етеді.

    Карбатион – орташа уытты, суда және метил спиртінде еритін зат. Гербицид, нематоцид және фунгицид ретінде жиі қолданылады. Оның метаболиті – метилизотиоционат - өте уытты.

Цирам – суда нашар еритін, иіссіз, ақ түсті кристалды, белсенді фунгицид. Уыттылығы төмен болғанымен де эмбриотоксинді, гонадотоксинді, бластомогенді және тератогенді әсер етеді.

    Цинеб – суда ерімейтін, түйіршікті фунгицид. Уыттылығы әлсіз болғанымен, тітіркендіріп әсер етеді. Картоп және қызанақтың фитофторы, шие коккомикозына қарсы таптырмайтын фунгицид. Мөлшері 2-9 кг/га.

Бұл препараттармен қатар ронит, шабет (циклоат), эптам, витавакс 200, кемикар-Т, дитам-М-45, пенкоцеб, ридомил-МЦ сияқты пестицидтер өндірісте кеңінен қолданылады. Бұлардың барлығы органикалық ертіткіштерде және суда нашар, сілтілерде жақсы еритін қатты заттар. Картоп, қызанақ, қияр және пияз алқаптарын фитофтороз, макроспориоз, альтернариоз және ризоктониоз ауруларына қарсы өңдеу үшін қолданылады. Уыттылығы төмен. Тышқандар мен атжалман үшін ЛД50-1216 мг/кг. Аздап тітіркендіріп әсеретеді. Кумулятивтілігі әлсіз. Улана қалған жағдайда бүйрек, талақ, қалқанша безі және бүйрек үсті безі зақымданады.

    Патогенезі. Карбаматтар эритроцидтердің осмостық резистенттілігін төмендетіп, қанның формалық элементтерін гемолизге ұшыратады. Торшаның биоқабығының функционалды жағдайын бұзып, калий мен натрий иондарының тасымалдануына кері әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде натрий, калий және кальций иондарының дитиокарбаматтардың дисульфидтік топтарымен байланысып, қанда кальций иондары мөлшері азаяды. Яғни, кальций мен фосфордың арақатынасын өзгертеді.

    Севин, триаллат секілді карбаматтар ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін 40%- ға дейін бәсеңдетеді. Севин, ТМТД әсерінен иммуногенез, пируватдегидрогеназа, сукцинатдегидрогеназа және ксантиноксидаза ферменттерінің белсенділігі төмендеп, құрамында мыс бар ферменттердің, церулоплазминнің белогының белсенділігін жоғарылатып жібереді. Нәтижесінде, нуклеин қышқылы алмасуы және биосинтезі бұзылып, гипергликемия қалыптасады. Севин, ТМТД және цинеб жануарлардың өсіп-өну қызметіне уытты, кері әсерін тигізеді. Севин ұрғашы малдардың хромосомаларына уытты әсер етеді. Буаз малдардың өлі тууын, іш тастауын жиі кездестіруге болады.

      Диметиламин, күкіртсутек, күкіртті көміртек, тиомочевина секілді карбаматтардың метоболиттері, өз кезегінде, иммунды-реактивті жүйені, тотығу-тотықсыздану үрдісін өзгертіп, ақзат, көмірсу және минерал алмасуды нашарлатады, гормоналды баланс (тепе-теңдік) бұзылады. Бауыр мен бүйрек қызметіне зақым келеді. Карбаматтардың ағзадан бөлінуі шошқаларда 30-күнге, басқа малдарда 4-5 күнге созылады.

       Клиникалық белгілері. Удың мөлшері және улану дәрежесіне байланысты улану – жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Севинмен ауыр түрде уланған малдар тынышсызданып, сілекей ағу, бұлшық еттердің дірілі, ентігу, тұншығу секілді белгілер көрсетеді. Тиллам, ялан сияқты тиокарбаматтардың уытты мөлшері әсерінен қозғалыс координациясы бұзылып, әртүрлі салдану белгілерін байқауға болады. Карбаматтар (карбин, тиурам, цинеб, манеб) ақзаттармен кешенді түрде байланысып, аллергия, экзема және астма (демікпе) секілді аурулар шақырады.

     Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Бауырдың қан тамырларына қан толып, бауыр үлкейеді, майлы дистрофияланады. Аналық без өлі еттеніп, өкпе ісінеді, тамырларда тромб пайда болады. ТМТД – мен уланғанда өкпе қабынады, паренхиматозды мүшелерде өлі еттенген ошақтар, қан құйылулар, көкбауырдың атрофиясы, сүйек кемігінің аплазиясы байқалады.

     Балау. Негізінен анамнестік мәліметтеріне, клиникалық белгілерге, патологиялық-анатомиялық сою және химиялық-токсикологиялық тексеру нәтижелеріне сүйенеді.

     Емдеу. Кешенді түрде жүргізіледі. Ең алдымен күдікті пестицидтермен малдардың қарым-қатынасын жою. Ацетилхолинэстераза ферментінің жұмысын жақсарту үшін бұлшық етке 0,5 мг/кг мөлшерінде атропин сульфатын енгізу керек.

    Оксидоредуктаза ферментінің белсенділігін арттыру үшін 3 тәулік бойы бұлшық етке 5 мг/кг тропациннен, 5 мг/кг бензогексоннан және 2 мг/кг кокарбоксилазадан тұратын уқайтарғыш (антидот) қоспасы қолданылады.

   ТМТД-дан уланғанда 2 мг/кг кокарбоксилазадан, 10 мг/кг лазикстен және 20 (-ды камфораның майлы ерітіндісінен) ірі малдарға 10мл, ұсақ малдарға 1мл тұратын уқайтарғышты бұлшық етке егеді. Сонымен қатар, 0,5 %-ды лимон қышқылы ерітіндісін (ірі малдарға 1-2л, ұсақ малдарға 0,1л) ішкізеді.

    Алдын алу шаралары. Карбаматтарды қолдану және тасымалдау ережелерін қатаң сақтау қажет. Уланған малдарды уақытында емдеп немесе сойған дұрыс. Үнемі қоршаған ортадағы, азық құрамындағы карбамат мөлшерін қадағалап отыру керек.

 

Сынап және оның қосылыстары

    Сынап- (Hydraqyrum) Hq- жалғыз ғана сұйық, ауыр металл, ақшыл жылтыр түсті, атомдық салмағы-200,61 г.

    Сынап қосылыстары ветеринария мен медицинада кеңінен қолданылады. Сынаптың ерігіш қосылыстары ішінде, медицина мен ветеринарияда жиі қолданылатын, ең уыттысы - екі хлорлы сынап(HqCl2) немесе сулема. Ол жағымсыз металл иісті ұнтақ немесе ақ түсті кристалл күйінде болады.

   Сынаптың кейбір бейорганикалық қосылыстары және тұздары еріткіштерде (су, спирт) әлсіз ериді немесе ерімейді. Бұл қосылыстардың уыттылығы, олардың сулема түзу қасиетіне немесе белсенді Hq ионын түзетін диссоциациялану дәрежесіне байланысты. Сынап қосылыстарына мынадай қосылыстарды жатқызуға болады: Каломель (Hq2Cl2), екі йодты сынап(HqІ2), ақ сынапты преципитат(HqClNH2), сынап тотығы(HqO) және тағы басқалар.

     Сынаптың органикалық қосылыстары бейорганикалық қосылыстарына қарағанда едәуір уытты келеді. Бұл топтағы улы химикаттар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және техникалық дақылдардың тұқымдарын егу қарсаңында дәрілеу үшін кеңінен қолданылады.

     Сынаптың органикалық қосылыстарының ішінде ең жиі қолданылатыны – этилмеркурхлорид. 

    Этилмеркурхлорид – Химиялық құрамы сулемаға ұқсас,суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде әлсіз еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Сулемаға қарағанда уыттылығы күшті. Тышқандар үшін ЛМ50 –26,4 мг/кг, шошқалар үшін- 45 мг/кг. Топырақта 4-5 айға дейін фунгицидтік әсерін сақтайды. Өте аз концентрацияда ауыл шаруашылығында дәндерді дәрілеу үшін қолданылады.

    Ауыл шаруашылығында этилмеркурхлоридтен басқа гранозан, меркургексан және меркурбензол қолданылады.

     Меркурбензол - құрамы 1% сынаптан, 20% гексахлорбензолдан, 76% тальктен және 3% бояғыш заттардан тұратын зат.

     Меркургексан - құрамында 1% сынап, 20% гексахлорбензол, 20% гексахлоранның гамма-изомері және бояғыш заттары бар кешенді препарат.

    НИУИФ-2 немесе гранозан - құрамында 2,5% этилмеркурхлорид, 9,6% тальк және 1,5% минерал майы бар, ақ түсті ұнтақ, суда ерімейді, өзіне тән жағымсыз иісі бар. Ол құрғақ күйінде дәнді-дақылдар тұқымдарын дәрілеу үшін пайдаланылады. 1т астық дәрілеу үшін 4 кг гранозан жұмсалады. Дәрілеу егін егер алдында 2 ай бұрын жүргізіледі. Соған қарамастан препараттың уыттылығы ұзақ уақытқа сақталынады.

   Токсикодинамикасы. Сынап өте күшті у. Мал ағзасына уытты әсері жоғары және жинақталғыш келеді. Сынап препараттары кілегейлі қабықтардан, гематоэнцефалит кедергілерінен оңай өтіп кетеді. Ауыз арқылы түскен сынап қосылыстары ағзаға альбуминат түрінде сіңіп (гранозан), мида, бауырда, бүйректе жинақталып, уытты әсер етеді. Құрамында сульфгидрильдік топтар болатын ферменттерді оқшаулайды, кальций және көмір алмасуын бұзады, орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметін өгертеді.

    Сауын малдарда сынаптың органикалық қосылыстары сүтпен бірге бөлініп шығады. Бұл жаңа туған, енесін еміп жүрген төлдердің мүшелері мен ұлпаларында сынаптың жинақталуына себепкер деген сөз.

   Клиникалық белгілері. Сынаппен улану (меркурализм) деп аталынады. Ол жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрде көбінесе шошқалар уланады.

   Ірі қара малда: ауыз арқылы түскенде, ауыздың кілегейлі қабықтары қанталайды, ашық қызыл түсті, майда, дөңгелек түрдегі эрозиялар (күлдіреуіктер) пайда болады. Мал әлсірейді, азыққа тәбеті болмайды, бұлшық еттері дірілдейді, кейде жөтеледі. Нәжісінің түсі, иісі өзгеріп, іші өтеді. Дене қызуы қалыпты деңгейден ауытқымайды. Мал ауыр дем алады, көкірек тұсын басқанда ауырсынады. Несептің түсі күңгірт-қызыл болады. Жіті улануға тән негізгі белгі- сілекейдің көп бөлінуі. Жас мал сынапқа сезімтал келеді. Ағзаға сынап енген соң 2-3 сағаттан кейін мал өледі. Созылмалы түрі 2-3 күнге созылып, ақыры өліммен аяқталады. Ағзаға сіңген сынап, зат алмасу құбылысын бұзады, қан құрамындағы эритроциттердің мөлшері төмендейді, паренхиматозды мүшелерді зақымдайды. Әсіресе, сынап сыртқа бөлініп шығатын немесе жинақталып қалатын мүшелердің (бауыр,бүйрек, көк бауыр) зақымдану дәрежесі жоғары болады. Улану дәрежесіне қарай, сынап препараттары орталық жүйке жүйесін және жүректі салдандырып әсер етеді.

     Шошқада: жалпы күйзеледі, щөлдей береді, тәбеті төмендейді, бұлшық еттері дірілдейді, кілегейлі қабықтары көгереді. Ұзақ уақыт жатып қалады, сіресулер, салданулар байқалады. Торайлар 5-7 күн өткен соң өледі, ал ересек шошқаларда улану 15-20 күнге созылып, өліммен аяқталады.

     Жылқы: әлсірейді, сілекей көп бөлінеді, іші өтеді, нәжісіне қан араласады, тыныс алуы қиындайды. Жүрек қызметі нашарлайды.

     Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Тері және тері асты шелі көгерген, жалпы анемия жағдайында, ішек-қарын кілегей қабығы ісініп кеткен, талаурап қабынған, тоқ ішек қанталап, өліеттенген, қан тамырлары кеңейген, қан қара-қошқыл түсті, нашар ұйиды. Қаңқа бұлшық еттері бозғылт, болбыр, әр жерлерінде қанталаулар бар. Бауыр, бүйрек көлемі ұлғайған, өлі еттенген ошақтар айналасына әк тектес зат жиналған.

    Балау. Балау клиникалық белгілеріне және химиялық талдау нәтижелеріне байланысты қойылады. Бірақ, кейбір жағдайларда улану жіті түрде өткен кезде клиникалық белгілер байқалмайды немесе толық көрінбейді. Мұндай жағдайда химиялық талдау жасалынады.

   Емі. Қазіргі уақытта сынаппен улануды емдеу үшін ветеринария мен медицина саласында меркаптан туындылары жиі қолданылады. Шет елдерде антидот ретінде БАЛ (британдық антилюзит) қолданылады. Оны 5%-дық ерітінді түрінде, 1 кг салмаққа 2,5-5 мл көлемінде бұлшық етке егеді. ТМД елдерінде бұл препаратқа ұқсас - унитиол қолданылады.

     Унитиол – ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Ұнтақ түрінде флакондарда (5г), сұйық түрінде ампулаларда (5%-ды 5 мл) және таблетка түрінде (0,25 – 0,5 г) шығарылады. Күре тамырға, бұлшық етке егеді, ішке береді. Күре тамырға 5%-ды глюкоза немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітінділерімен араластырып, баяу жайлап егіледі.

Мөлшері: Мүйізді ірі қара, жылқы үшін – 10 мг/кг.

                                            қойларға – 30 мг/кг.

                    Шошқа , ешкі,ит, құстарға – 25 мг/кг.

Дикаптол – ампулада шығарылады.

Мөлшері: Бұлшық етке – 4 мг/кг.

Натрий тиосульфаты– күре тамырға егіледі, ішке беріледі.  

                                            Ішке мөлшері:

                                            Ірі малдарға: 25 – 40г.

                                            қой, шошқаға: 6 – 8 г.

                                            Күре тамырға:

                                             Сиыр, жылқы – 20%-ды 

                                            ерітіндісінен 200 мл.

                                            Қой- ешкіге – 10 мл.

    Бұдан басқа тері астына кофеин егеді. Антидот болмаған жағдайда қарынды ақзатты сумен жуады, іш өткізгіштер береді.

    Сақтандыру, алдын-алу шаралары. Улы химикаттармен дәріленген азыққа және жемге арналған азықтық заттарды пайдалануға үзілді – кесілді тиым салынады. Дәріленген дәнді жуып, тазалағаннан кейін де малға беруге болмайды. Гранозаннан уланып, сауыққан малды (мысалы шошқа) 6 – 8 айдан кейін союға болады, бірақ оның ішкі мүшелері мен етіндегі гранозанның қалдық мөлшеріне міндетті түрде химиялық - токсикологиялық талдау жүргізеді.

 

Қорғасын қосылыстарынан улану

    Қорғасын (Plumbum), Рb – ауыр металл, атомдық салмағы 207,2г. Табиғатта қорғасын және оның қосылыстары галений минералы және қорғасын алуда қолданылатын күкіртті қорғасын (РbS) немесе қорғасын жылтыры түрінде кеңінен таралған. Қорғасын бу немесе шаң түрінде атмосфераны ластап, жануарларды уландыру көзі болып табылады. Қорғасынды балқытқанда, электр желілеріне қорғасын қап дайындағанда, қорғасын бояуын өндіру өнеркәсіптерінде жұмыс істейтін адамдар арасында да улану байқалады. Қорғасын техника саласында кеңінен қолданылатын, зор маңызы бар металл, жақсы зерттелген өндірістік у. Қорғасын туындылары ішіндегі уыттылығы төмендері- қорғасын металы, сурик, қорғасын ацетаты т.б., уыттылығы ең жоғарғылары белгілі инсектицид - қорғасын арсенаты. Сонымен қатар, қорғасын тотығы, мышьяк қышқылды қорғасын секілді қосылыстары да ағзаны уландыра алады. Дүние жүзінде қолданылатын тағы да бір уытты препараты - тетраэтилқорғасын (ТЭҚ), ағзаға тері арқылы еніп, уланудың жүйкелік белгілерін көрсететін улы зат. Ол жанар май құрамына жанғыш зат қоспасы- антидетанатор ретінде қосылады.

    Тетраэтилқорғасын - ұшпалы сұйық, өте уытты заттар қатарына жатады, кумулятивті әсер етеді. Органикалық ерітінділерде, липидтерде, майларда жақсы ериді.

    Патогенезі. Қорғасын препараттарының тұтқыр, антисептикалық, күйдіргіш қасиеттері бар. Ағзаға қорғасын препараттарының ерімеген, ұшпалы препараттары өкпе арқылы, ал ерітінділері ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары және тері жабындылары арқылы енеді. Тетраэтилқорғасын бүтін молекула ретінде әсер етеді. Қорғасын- эритроциттердің резистенттілігін төмендетеді, торша қабықшасының өткізгіштік қабілетін жоғарлатады, сол себепті ағзадағы су және калий –80(-ға дейін кемиді. Эритроциттер гемолизденеді. Гемоглобиндердің бүлінуі нәтижесінде билирубиндер жинақталып, ми торшаларындағы фосфорлық тотығуды бұзады. Гемоглобиннің синтезделуі нашарлап, ферменттер жүйесінің аминдік, сульфгидрильдік және карбоксильдік топтары азаяды.

    Қорғасын – бүйректе, бауырда, сүйекте, өңеште және т.б. мүшелерде жинақталады. Улану жіті және созылмалы түрлерде өтуі мүмкін. Қабыну нәтижесінде бүйрек бүрісіп қалады.

   ТЭҚ әсерінен тиамин жетімсіздігі, холинэстераза ферментінің белсенділігінің төмендеуі байқалып ағзада ацетилхолин көп мөлшерде жинақталады, кокарбоксилаза ферментінің түзілуі қиындайды.

    Н.В.Лазаревтың мәліметтері бойынша қорғасынның жалпы 41%-ы сүйекте, 22%-ы бауырда, 11%-ы бүйректе болады. Оның ағзадан шығуы өте баяу жүреді.

    Қорғасын қосылыстары ағзаға түскеннен кейін, әртүрлі макромолекулалардың, яғни, ферменттермен сульфгидрильдік тобымен химиялық байланысқа түсетін уытты тиол тобына жатады. Сондықтан, қорғасын қосылыстарымен уланудың патогенезі өте күрделі, улану ауыр түрде өтеді.

     Қорғасын қосылыстарына- ірі қара, ит, қой, құстар өте сезімтал болып келеді. Ал жылқылардың сезімталдығы төмен. Қорғасынның судағы уытты мөлшері-0,2-1 мг/л, осыған орай су көздеріндегі оның мөлшері 0,1 мг/л аспауы керек.

     Клиникалық белгілері. Ірі қара малының жіті улануы кезінде жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады.   Жасырын кезеңі 34-90 күн, малда іш өту, іші кебу, сілекейінің ағуы, шөлдеуі, азыққа тәбетінің болмауы және қандағы жалпы ақзат деңгейінің төмендеуі байқалады. Уланудың жітілу түрінде- жасырын кезеңі ұзаққа созылады, құрсақ қуысының ауырсығаны және тырысу белгілері байқалады, қалтырайды. Ұйқы басады, жалпы әлсіздік, температурасының жоғарылауы, жүрек соғуы жиілейді, тыныс алуы нашарлайды.

    Созылмалы улану кезінде жасырын кезеңі өте ұзаққа созылуы мүмкін. Малда жалпы әлсіздік сезіледі, арықтайды, буындарының ісуі, ішінің өтуі, кебуі, қатуы, жүрмей қалуы, терлеу секілді белгілерді байқауға болады.

   Қой мен қозыларда улану жалпы малдың әлсіреуімен, тынышсыздануымен, іші өтуімен, іш тастауымен сипатталады.

    Жылқыларда - кілегейлі қабықтарының бозаруы, құрсақ қуысының ауырсынуы, ішінің қатуы байқалады. Зәрі қоюланып, температурасы жоғарлайды, тыныс алуы жиілейді, жүрек соғуы жылдамдайды. Ал тауықтардың улануы- арықтауымен, шөлдеуімен, бұлшық еттерінің әлсіреуімен сипатталады.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Жіті улану кезінде малдар арықтайды, асқазанының кілегейлі қабығы және ащы ішектің гиперемиясын, ісінуін, нүктелік қанталаулар көруге болады.

    Бауыр босаңсыған, қабықшасының астында қанұюлар, сарғайған нүктелерді байқауға болады. Тамақ плеврасының, қабықшасының астында, эпикардта нүктелі және жолақты қанталаулар бар, жүрек еті- бозарып кеткен, босаңсыған, піскен ет сияқты.

    Құстарда- ішекте және асқазанда кілегей қабықтарының қабынуы және өліеттенуі байқалады. Бауыры сарғайып, эпикард астында көптеген қанұйылуларды көруге болады.

    Жануарлардың жітілеу және созылмалы уланулары кезінде ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуы және асқазан жарасы, түсі сұр және қара өліеттенулер көруге болады.

    Балау. Балау үшін анамнездік деректері, сонымен қатар, клиникалық белгілері, патологиялық анатомиялық сою қорытындысы және химиялық-токсикологиялық талдау әдістері ескеріледі.            Қорғасыннан уланған кезде-эритроциттердің базофильді түйіршіктенуін ескерген жөн. Балаудың негізі бауырдан- 10 мг/кг, бүйректен-25 мг/кг жоғары қорғасын қосындыларын табу болып табылады.

   Емі. Уланған малдардың тез арада асқазанын таза жылы сумен жуып-шаю керек. Ішке натрий немесе магний сульфатын береміз. Ірі қара малына –300-400г, ұсақ жануарларға 30-40г. Осы кезде қорғасын қосылыстары ерімейтін тұздарға айналып, ағзадан ішек арқылы шығып кетеді.

    Парентальды түрде егу үшін унитиол және тетацин- кальцийді 10-30 мг/кг, ішектің түйілуі кезінде атропин сульфатын -0,5 мг/кг тері астына егеді. Унитиолдың бір реттік емдік мөлшері сиырлар үшін –10мг/кг, қойларға-15 мг/кг, аңдарға-20мг/кг, тауықтарға 30мг/кг құрайды. Күйіс қайыратын малдарға униталды күре тамырына және құрсақ қуысына, ал басқа жануарларға тері астына және бұлшық етке егу керек.

   Ауыз арқылы ішке бергенде, унитиолдың мөлшерін қанша жоғарлатықанымен де өте төмен нәтиже береді. Қойлар мен бұзауларда тері астына еккенде сол жерде қабыну процессі жүреді. Қорғасыннан уланған кезде тетацин- кальциді қолданған өте тиімді.

   В2 витаминін, кокарбоксилаза, несеп айдағыштар, тыныштандырғыштар қолданып, күре тамырға глюкозаның, аскорбин қышқылының ертіндісін егуге болады.

    Уланудың алдын алу. Қорғасын қосылыстарынан уланудың алдын алу үшін ең алдымен қорғасынның және оның қосындыларының мал ағзасына азық - су,ауа арқылы түсуіне жол бермеу керек. Малдардың, соның ішінде жас малдарды үлкен жол жағасында құрамында 200 мг/кг қорғасын бар топырақты жерлерде жаюға болмайды.

    Натрий сульфатының немесе магний сульфатының ең аз мөлшерінің өзі (50-100 мг/кг) аптасына 2-3 рет мал ағзасына түссе, қорғасын қосындыларымен әрекеттесіп, оны ерімейтін тұздарға айналдырады.

    Құрамында өте уытты зат тетраэтилқорғасын бар этилді жанармайларды (бензин) қолдану ережесін қатаң сақтаған жөн.

    Тетраэтилқорғасынның уытты әсерін басу, төмендету үшін хлорлы әк қолданылады.

 

Селен қосылыстарынан улану

    Селен (Selenіum, Se) - қосындылары биологиялық белсенді заттар, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Қоршаған ортада селен біркелкі таралмаған. Топырақта неғұрлым көп болса, өсімдіктерде де соғұрлым көп мөлшерде шоғырланады. Ауыл шаруашылық малдарының ұлпаларында көптеп кездеседі. Селен мал ағзасынан ас қорту, несеп бөлу жүйелері және тыныс алу жолдары арқылы сыртқа бөлінеді.

    Селен қосындылары- натрий селениті, натрий селенаты т.б. өте уытты әсер ететін заттар қатарына жатады. Селеннің уыттылығы таралу аясына байланысты біркелкі емес. Ол селеннің топырақта, жануарлар ағзасына, өсімдік құрамында мөлшеріне байланысты. Натрий селенитінің ең қауіпті, өлімге әкеліп соқтыратын мөлшері- жылқылар үшін-2-3мг/кг, қойлар үшін-3,5-5 мг/кг, шошқаларға –3 мг/кг, ірі қара малына 9-10 мг/кг, ересек шошқалар үшін 10-15 мг/кг болып саналады.

    Патогенезі. Селен- ағзадағы зат алмасу процесі үшін өте қажет. Егер селен жеткіліксіз болса, ағзада патологиялық процестер пайда болады. Селеннің ағзада жеткіліксіздігінен бұзауларда, торайларда, күркетауықтарда - ақеттену ауруы пайда болады. Натрий селенитінің емдік мөлшері (0,1-0,2 мг/кг массасына) зат алмасу процесін қалпына келтіреді, бойдың өсуіне көмегін тигізеді. Селен- ағзада бүйректе, бауырда, тамақта, эритроциттерде және тері жабындыларында жинақталады. Ал уытты мөлшері- селеногемоглобин түзеді

    Клиникалық белгілері. Уланудың жіті түрінде жануарлардың азыққа тәбеті төмендейді, терлейді, тыныс алуы нашарлайды, температурасы төмендейді. Күйіс қайтаратын жануарларда- жалпы әлсіздік, асқазан гипотониясы, күйіс қайыру процесі тоқтайды, іші өтуі мүмкін.

      Шошқаларда- бұл белгілерден басқа құсу, лоқсу, шайқалып жүру, парез, тахикардия, аритмия байқалады, тұншығу салдарынан шошқа өлімге ұшырайды.

    Ал созылмалы улану кезінде жануарларда - жалпы әлсіздік, арықтау, гипотония, жас торшалардың өсіп- өнуі бәсеңдейді. Ауру малдардың кейде жүні түседі, тұяқтары жұқарып кетеді, ал құстарда- қанаттары түсе бастайды.

    Селеннің 10-15 мг/кг мөлшері азықта болса - малдың төлдеуі төмендейді, өлі төл немесе өсіп-өнуі төмен торайлар туылады.

    Ал тауықтарда азықтың құрамында 5 мг/кг селен болса- балапан шығару қабілеті нашарлайды.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Малды сойып зерттеген кезде- мал арықтаған, миокард, бауыр, бүйрек - дистрофияларға мен өлі еттенуге ұшыраған. Лимфа түйіндерінде, тамақта - атрофия байқалады. Құрсақ және жамбас қуыстарына сұйық жиналғанын көруге болады.

   Қойларда- бронхтары және мұрын қуысы- көбікті сұйыққа толы. Құрсақ және жамбас қуыстарынан қызғылт түсті сұйықтар кездеседі. Жүрек еттері қанталаған, қанұюлар байқалады. Ұлтабары, ащы ішегі қызарған болады.

    Балау өте қиын, аса сақтықты қажет етеді. Дұрыс балау үшін қанды, нәжісті тексеру керек. Паренхиматозды мүшелерді, ішек - қарынды ішіндегі азығымен, міндетті түрде бүйректің милы қабығын алып зертханаға жібереді, Қалыпты жағдайда мүйізді ірі қара мен жылқы қанында 0,05 – 0,25 мг/кг қорғасын болатын болса, улану кезінде бұл көрсеткіш 4 – 5 есе көбейіп кетеді. Егер бүйректің милы қабығынан 25 мг/кг қорғасын табылса (қалыпты жағдайда 10 мг/кг) малды қорғасыннан уланған деуге болады.

    Алдын алу және емдеу шаралары. Емдік мақсаты ретінде малға 10 мг/л суға араластырып натрий арсенитін, әртүрлі іш өткізгіш, құстырғыш, адсорбентті заттарды, натрий тиосульфатын қолдану жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

    Сонымен қатар уланудың алдын алу мақсаты ретінде азықтың, судың,топырақтың құрамынан селен мөлшерін анықтап тұрған жөн.

 

Таллий қосылыстарынан улану

     Таллий (Thallum), Tl – көкшіл – сұр металл, ауада металдың сыртқы қабығы тотығып, тез қараяды. Ол шашыраңқы (рассеянный) элементтер категориясына, сирек кездесетін минералдар қатарына жатады. Басқа элементтермен әрекеттескенде, таллий әртүрлі қосындылар түзеді. Ол қосындылар фотожабдықтар, оптикалық шынылар жасауда қолданылады. Таллий қосылыстары - әртүрлі қышқыл тұздары түрінде кездесіп, өте уытты әсер етеді. Тәжірибелік маңызы бар препараттары – таллийдің сірке қышқылды, күкірт қышқылды, көмір қышқылды, тұз қышқылды және азот қышқылды тұздары. Таллийдің сірке қышқылды (таллий ацетаты) және күкірт қышқылды (таллий сульфаты) тұздары кеміргіштерді жою үшін қолданылады. Медицинада бұл тұздарды бастың саңырауқұлақты ауруларын (трихофития) емдеу кезінде, шашты түсіру үшін қолданылған деген деректер бар.

   Бір валентті таллийдің сульфаты және нитраты тұздары құмырсқалармен күресу үшін қолданылады. Бұл аталған препараттар инсектицидтер және фунгицидтер түрінде нәтижелі әсер етеді .

   Ағзада түскен таллий қосылыстарының уытты мөлшері жануарлардың орталық жүйке және жүрек қан тамыр жүйесіне уытты әсер етіп, асқазан жолдарын, бүйректі зақымдайды, зат алмасу процесін бұзады.

   Таллийдің үш валентті қосылысының уыттылығы басқа қосылыстарына қарағанда 2 есе төмен- ЛМ50 35-40 мг/кг.

   Таллий ацетатының ауыл шаруашылық және үй жануарына уытты мөлшері малдың әр кг тірі салмағына шаққанда 9-27 мг/кг. Өте сезімтал мал – қой.

   Таллий қосылыстары тиол ферменттерінің сульфгидрильді тобының қызметін тежеп, торша биомембранасындағы көмірсу және ақзат алмасуды бұзады.

   Сол себепті жас төлдаер ересек малдарға қарағанда өте сезімтал болып келеді.

   Таллий- тері және кілегейлі қабықтар арқылы еніп, ағзаға біркелкі тарайды. Ал бүйректе талий мөлшері басқа мүшелерге қарағанда 10 есе көп болады.

    Клиникалық белгілері. Малдың жұтынуы қиындайды, жүрек-тамыр соғысы жиілейді, лоқсиды, іші өтеді, әлсірейді, ентігеді. Созылмалы және жіті улануы кезінде қойлардың жүндері түсіп, тақырланып қалады.

   Уланудың жітілеу түрінде полиневрит, конъюктивит, бауырдың, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жануарларда тырысу және салдану секілді белгілер байқалып, қандағы гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері азаяды.

   Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ауыз қуысының және ішек- қарынның кілегейлі қабығының катаралді қабынуымен сипатталады. Бауыры үлкейген, майлы дистрофиясына ұшыраған, кілегейлі қабықтарының беткі жақтарында ұсақ нүктелік қан құюлар байқалады.

     Өлексенің немесе лажсыз сойылған малдардың терісінен жүні түскен жерлерді көруге болады.

   Емі. Асқазанды 0,5%- натрий тиосульфатының ерітіндісімен, калий хлоридімен жуып шаяды. 10% натрий тиосульфатының ерітіндісін тамырға 1 мл/кг мөлшерінде егеді. «В» тобы витаминдерінің 5%-ды глюкоза ерітіндісін вена тамырына егуге болады. Ал ішке 0,5-5г метионинді береді, несеп айдағыш дәрі- дәрмек қолдануға болады.

   Балау. Жүндері тақырланып қалғандықтан ( алапеция) балау өте қиынға соқпайды.

    Уланудың алдын алу үшін мал азығындағы, қоршаған ортадағы талий қосындыларының деңгейін қадағалау керек.

 

Кадмий қосылыстарынан улану

     Кадмий қосылыстары - халық шаруашылығында әр салада қолданылады. Бұлар өте уытты әсер етеді.

    Фунгицид ретінде кадмий- кальций, кадмий – мыс, кадмий - мырыш, кадмий – хроматы, кадмий - сульфаттың араласқан тұздары ұсынылған. 4,5% кадмий тотығы, пестицид 90% ылғал сіңіретін ұнтақ түрінде өсімдіктердің кейбір ауруларына қарсы қолданылады. Ағзадан кадмий несеп және ас қорыту жолдары арқылы шығады. Кадмий тотығынан басқа косметикалық бояулар, люминоформалар жасау мақсатында қолданылатын кадмий сульфаты да өте уытты. Кадмий тотығының ЛМ50 –72 мг/кг мөлшері тышқанға өте уытты.

    Бұл препараттар мал ағзасына түскеннен кейін орталық жүйке жүйесін тітіркендіріп уытты әсер етеді. Осының салдарынан ақзаттың, фосфоркальцилік және т.б. алмасулар қызметі бұзылады. Остеопороз болуы мүмкін.

   Антидот ретінде унитиол және тетацин-кальций 10-15 мг/кг мөлшерінде қолданылады. Мыс сульфатын 25 мг/кг, ферроглюкин және мырыш сульфатын –10-20 мг/кг, глюкоза, «С» витамині, кальций хлоридін беруге болады.

 

Сурьма қосылыстарынан улану

    Сурьманың ІІІ валенттті қосылыстары микробқа қарсы қолдануға болатын заттар тобы.

     Құрамында сурьма бар бояулардың қышқылдармен әрекеттесуі нәтижесінде өте уытты газ - стибин бөлінеді. Ағзаға түскен сурьма тотығы және хлориді, сурьма сульфиді бауырда, бүйректе, теріде, тері жабындыларында жиналып, кумулятивті әсер етеді.

     Сурьма - жергілікті тітіркендіріп және жалпы резорбтивті әсер ете отырып, жүрек етін және орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Сурьма қосылыстарының әсерінен ферменттердің сульфгидрильді тобының қызметі тежеліп, қанның формалық элементтерін бүлдіріп, ақзат алмасуын, бауырдың функционалдық жағдайын, бүйректің, өкпенің, ас қорыту жолдарының қызметін бұзады. Улануға қарсы унитиолды 10-15 мг/кг мөлшерде қолдануға болады.

 

Зооцидтер

    Қора - жайларда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген химиялық препараттар қолданылады. Мұндай препараттар зооцидтер деп аталады. Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.

1. Органикалық зооцидтерге – зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, крысид, глифтор және тағы басқалар жатады.

2. Бейорганикалық зооцидтерге – Барий карбонаты, мырыш фосфиді және тағы басқалар жатады.

  Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі,, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.

  Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, ВаСО- сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.

  Оның құстар үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г, ал тышқандар үшін

0,12-0,2 г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.

   Патогенезі. Қарында барий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға тез сіңеді.

   Барий иондары ішкі мүшелердің біріңғай саласы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді. Осыған байланысты жүрек- қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.

   Клиникалық белгілері. Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады. Яғни, үрейлену, сілекей ағу, құрсақ қуыстарында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттердің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім тууы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды, өлімге ұшырау аз кездеседі.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.

   Балау - қиын. Шешуші мәліметті химиялық - аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.

  Емі. Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1 %-ды ертіндісімен қарынды тазалап алып, артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10%-ды натрий сульфаты ертіндісін ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.

Зоокумарин (варфарин)- ақ түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар, спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын ұнтақ. Зоокумарин- өте уытты. Оның 6 мг/кг мөлшері итті, 50 мг/кг- күйіс қайтаратын малдарды, 1-1,2 мг/кг- шошқаларды өлімге ұшыратады.

   Зоокумарин- кумулятивті антикоагулянт, әсіресе өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді. Патогенезі, клиникалық белгілері патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі түйежонышқамен уланғанға ұқсас.

   Бактокумарин - құрамында зоокумариінің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.

   Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0,5% немесе 0,18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63,4 мг/кг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.

  Мырыш фосфиді (Zn P) – сұр түсті, иісі сарымсақтың иісіндей, суда нашар, ал қышқылда жақсы еритін ұнтақ. Жануарлар үшін 40-60 мг/кг мөлшері өте уытты, яғни уланған жануарлар толығымен өлімге ұшырайды. Көбінесе уланулар құстар мен шошқаларда байқалады, аз мөлшерде улану ірі қара мен ұсақ малдарда кездеседі.

   Патогенезі. Қарындағы қышқылдардың әсерінен қанға тез сіңіп, мүше торшаларына еніп, соның әсерінен тыныстану торшаларын бітеп тастайтын фосфорлы сутегі (РН) түзіледі. Салдандырып әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі, ішек- қарынның зақымдалуы, сонымен бірге малдың күйі төмендеп, өкпеде ісінулері пайда болуымен сипатталады.

   Клиникалық белгілері. Ірі қара малында уланудың алғашқы белгілері азық жегеннен соң 30-50 минуттан кейін байқалады. Аз уақыттың ішінде азыққа тәбеті жойылып, қатты терлейді, қозады, дене бұлшық еттері тітіркенгіш болып келеді, атаксия, дене температурасы төмендеп, іші өтеді, кейде қан араласқан іш өту байқалады. Тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлап, бірнеше сағаттан соң өлімге әкеп соғады. Кейде ауру бірнеше күнге созылады.

Жылқыларда - жоғарыдағы белгілермен қоса, жөтелу және өкпе алвеолаларының бітелуі әсерінен тұншығу байқалады.

  Шошқаларда - құсу, көз астының ісінуі, көз алмасының шығыңқырауы және өлер алдындағы қалтыраумен сипатталады.

  Ал құстарда- тұмсығынан көбікті заттың ағуы, шөлдеу, бір орында жатып қалу және қалтыраумен сипатталады.

    Патологиялық- анатомиялық өзгерістер. Кілегейлі және сірлі қабаттардың қанталауымен, сонымен бірге, ішкі мүшелердің қанға толуымен, бауырдың өліеттенуімен, қарынның кілегейлі қабатының гиперемиясы, ошақталған өкпенің эмфиземасы, бауыр, сүйек бұлшық еттері және жүректің майлы дистрофиясымен сипатталады.     Сойып зерттеу нәтижесінде қарынның иісі сарымсақ иісіндей.

     Балау үшін анамнез қорытындыларына, клиникалық белгілеріне, сойып зерттеу нәтижелеріне назар аударылады. Сонымен бірге, мырыш пен фосфордың қалдықтарын көру арқылы балау қоюға болады.

   Емі. Ішек- қарынды 1%-ды калий перманганаты ертіндісімен жуып-шаю қажет. Өсімдік майы, сүт, ақзатты су қолдануға болмайды, себебі олар уытты заттардың сіңімділігін одан әрі жеделдетеді.

   Парэнтеральды жолдар арқылы глюкоза, аскорбин қышқылын, кальций хлоридінің ерітіндісін, натрий кофеин- бензоаты, кордиамин,камфора ерітіндісін енгіземіз. Ганглиостимуляторлар- лобелин гидрохлориді мен цититонын қолдануға болмайды, өйткені олар малдың өліміне әкеліп соқтырады.

   Алдын алу шаралары. Мырыш фосфидін зооцид ретінде ғана қолдану керек.

Басқа топ қосындылары

Бромды метил (бромды метил) - инсектицид немесе зооцид ретінде қолданылады. Ұшпалы түссіз, органикалық қосындыларда еритін, ал суда ерімейтін сұйықтық. Ыстық температурада бромды сутегіне оңай айналады. Сонымен бірге тұқымдық дәндерді, элеваторды, кемеледі фумигациялау үшін қолданылады.

  Бромды метил өте уытты заттар қатарына жатады. Жануарлардың ағзасына түскен бромды метил орталық жүйке жүйесін белсендіріп, бауыр, бүйрек, өкпе жұмысын жақсартады.

   Токсикологияда бромды метилдің рөлін метаболизмді заттар атқарады /құмырсқа қышқылы, метанол, формальдегид, бромид/.

    Бромды метилдің әсерінен ақзаттардың функционалды топтарының белсенді метилдердің болуы. (сульфгидрильді, амидті) жануарлар организміне негізінен тыныс алу мүшелері арқылы келеді. Орта өлімді көпцинтрацил тышқандар үшін 30 минутта-6,6 г/м, антилман үшін- 11 г/м, қояндар үшін –29 г/м.

   Уланудың патогенезінде маңызды рөлді қышқылды қайта қалпына келтіру және организмнің нейтроэндрокринді регуляциясының бұзылуы алады Бромды метил негізінен ақзаттардың функционалды топтары мен ферменттерді метилдейді. Бұл уытты концентрациялы препарат /бос сульфгидриль және карбон/ қан мен бауырда бос сульфгидриль және карбоксил топтарының мөлшері төмендейді.

     Клиникалық белгілеріне келетін болсақ, малдың күйі төмендеп, тәлтіректеп жүреді, талықсу мен жүрек жұмысы әлсіреп, көздің кілегейлі қабығының қабынуы мен тыныс алу мүшелерінің қабынуы байқалады.

     Сойып зерттеу кезінде өкпе торшаларының гиперемиясы мен қанға толған ошақтарды көруге болады. Бауыр, бүйрек, мидың қан тамырларының қанға толуын байқаймыз.

    Уды қайтару мақсатында цистеин қолданылады. Бұл амин қышқылы ақзаттардың құрамының бұзылуынан қорғайтын бромды метилдің функционалды топтарынан тұрады. Цистеин ұнтақ түрінде қатты тығындалған 10г пробирка мен флаконда шығарылады.

    Ерітіндіні қолданар алдында дайындайды. Тәуліктік дозасы малдың ішіне 1,0-10 кг. Күніне 2-3 рет 100 кг- 0,3-0,5 г

    Натрий үшхлорацетаты - суда жақсы еритін, сары кристалл. Гербицид ретінде картоп, қырыққабат қызылша өсетін жерлерге қолданылады. Жерге арналған мөлшері –23-50 кг/га, мақта үшін 100-200 кг/га. Бұл препарат уытты әсері төмен пестицидтер қатарына жатады. ЛД атжалман үшін-3-5 г/кг. Жергілікті жерге әсер ету қабілеті бар. Малдардың улануы жайылымды өңдегеннен кейін байқалады. Өндірістік пириден активті гербицид ретінде кеңінен танымал. Оның ішінде практикалық маңыздыларына жататындар реглон мен гиракват. Гиракват уыттылығына байланысты біздің елде қолданалмайды. Реглон- ақ түсті, сумен спиртте жақсы еритін кристаллды зат. Ол жоғары токсикалық пестицидтердің тобына жатады. Күшті электрант. Арамшөптермен күрес үшін 5-15-кг/га, қант қызылшасын егетін жерді тыңайту үшін қолданылады. Орташа улану дозасы тышқандар үшін-80 мг/кг, теңіз шошқасы үшін 124, қояндар үшін –228, атжамандар үшін-282 мг/кг. Бұл препарат теріге резорбтивті уытты әсер етеді. Топырақта 2-2 күн сақталады.

   Десикацияны күріш, соя, мақта, картоп, күнбағысты егер алдында жүргізеді. Реглон ферментті у болып табылады. Мал организміне түскенде каталазлық белсенділігін өзгертеді, сонымен бірге периксидаза мен коферменттерін, қышқылдану процестерін бұзады.

   Реглонның комулятивті және канцерогенді қабілеті болмайды. Организмнен ішек пен бүйрек арқылы бөлінеді.

   Клиникалық белгілері. Жаппай мазасыздану, азыққа тәбеті болмайды, арықтаған, іші өтуі байқалады. Қанда эритроциттердің, лейкоциттердің, және бос сульфгидрильді топтардың мөлшері көбейеді. Сойып - зерттеу кезінде қарын мен ішектің кілегейлі қабаты қабынып, қанға толған, бауыр мен өкпе көлемі ұлғайған. Қуық толы, жүрек бұлшық еті солған, ми қан тамырлары қанға толған.

   Антидотты емі жоқ.

   Күкіртті ангидрид - газ тәрізді тұншықтырғыш иісті, суда жақсы еритін ұнтақ. Қоймаларды, бау-бақшаларды өңдеу үшін қолданылады. Малдардың организміне тыныс алу мүшелері арқылы енеді. өлімге ұшырататын концентрациясы барлық малдар үшін (0,1-0,3 мг/кг).

    Патогенезі. Күкіртті антигидрид патогенезінде өкпе уланады және тыныс алу органдарының кілегейлі қабығының қабынуымен сипатталады, сонымен бірге қышқылды альбуминат, күкіртті және күкірт қышқылының әртүрлі сульфаттарының түзілуі және кокарбоксилаза ферменттерінің тежелуі байқалады.

   Клиникалық белгілері. Конъюктивт, ларингит, тұншығу, жүрісі бұзылады, кілегейлі қабықтың цианозы, талықсу байқалады.

     Патологиялық – морфологиялық көрсеткіштері тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталады.

    Емі. Симптоматикалық.. Жергілікті жерге натрий гидрокарбонаты қолданылады.

    Формальдегид (40 формалиннің ертіндісі) - спороцид, бактерицид, фугицидтерге қарсы дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. Формалин өткір иісті. Ерітінді құрамы метанол мен ацетоннан тұрады. Қораларды дезинфекциялау үшін қолданылады. Орташа уытты пестицидтерге жатады. ЛМ50 тышқандарға-38-2,24 мг/кг, ауылшаруашылық малдары үшін жоғары уытты: ЛМ50-60 мг/кг.

   Патогенезі. Торша протоплазмасы ақзатының коогуляциясы процесі байқалады. Сонымен қатар, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, тыныс алудың рефлекторының тоқтауы және бүйрек салдануымен сипатталады.

    Клиникалық белгілері. Кілегейлі қабаттардың қабынуы, іш өту, жөтел, тұншығу, талықсу, гемотурексия, анурия байқалады.

   Уланған жануарларға емдік мақсатта ішке әлсіз амиак ертіндісін (0,5-1%), ішкізеді, осының әсерінен формалин гексаметилентетраминге ауысады.

   Анабазин сульфат – суда жақсы еритін, ашық сұйықтық. Техникалық препараты қоңыр түсті 30% анабазин қосындыларынан тұрады. Активті инсектоакарицид. Өте уытты әсер ететін дозасы ЛМ50 тышқандарға –4,4мг/кг.

    Патогенезінде ең алғаш анабизин орталық жүйке жүйесіне әсері етеді. Сонымен бірге аденозинүшфосфор қышқылының синтезі жинақталып, эритроциттердің мөлшері төмендеп, қандағы қан сарысуы мен калийдің мөлшері артады.

   Анабизиннің төменгі дозасы орталық жүйке жүйесі мен тыныс орталығын қоздырып, соңынан салдандырады. Вегетативті ганглийдегі жүйке импульстарының берілуін тежейді. Әсер ету механизіміне қарай никотин, цитизин, лобелинге жақын.

  Емі ретінде ішке тұздың әлсіз ерітіндісі және талықсуға қарсы препараттар қолданады. Сонымен қатар емен қайнатпалары қолданылады.

  Никотин сульфат - темекі иісіндей, қоңыр түсті сұйықтық. Органикалық ертінділерде жақсы ериді, сумен оңай араласады. Инсектоакарицид ретінде қолданылады.

   Ауылшаруашылық малдары үшін өте уытты. Орталық және мен вегетативті жүйке жүйелерін зақымдайды. Төменгі дозасы қоздырып, ал үлкен дозасы жүйке ганлийларының функциясын тежейді.

   Клиникалық белгілері. Жүйкелік бұзылулар /бұлшық тітіркеніп, талу байқалады/ саливация, тұншығу, жүректік ақаулар, тер көп мөлшерде бөлініп, іші өтеді, дене температурасы көтеріледі, соңынан тыныс алу тоқтайды.

    Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Күйіс қайыратын малдардың қатпаршағының қалдықтармен толуы, кеңірдектің, бронхтың, өкпеде қан аралас сұйықтық толуымен сипатталады.

    Емі. Никотинмен уланған малды емдеуді бірден жүргізу керек.

Егер де никотин- сульфатының аз мөлшері қарын мен ішектен қанға өтпеген жағыдайда, тез арада ірі қараға 0,5 % танин ертіндісін 1л мөлшерде және басқа препараттар қолданылады. Сонымен қатар калий перманганатының 0,1-0,2% - ерітіндісі ірі қараға 25-40 мл қолданылады. Сонымен қатар адсорбенттер, әлсіз тұздар, барбитураттар, бромидтер қолданылады.

                        

 

МЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

    Мыс (Cuprum), Cu – атомдық массасы 63,54 болатын ауыр металл. Бұл металл бізге ежелден белгілі. Табиғатта құрамында 1-10 пайыз таза мыс бар қосынды түрінде кездесіп, мыс сол қосындылардан алынады. Мыс өсімдіктер мен жануарлар ағзасына күнделікті өте қажетті элемент. Ветеринария саласында мыстың күкіртті қышқылы кеңінен қолданылса, ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресу үшін тыңайтқыш түрінде әртүрлі бейорганикалық және органикалық қосылыстары қолданылады. Мыстың микрозлемент ретіндегі маңызы өте зор. Мыс ағзадағы ферментативтік тотығуға, ал омыртқалыларда қан түзу процесіне қатысып, қалыпты деңгейде сүйек кемігінде қан түзу функциясын қуаттандырады,тотығу процесін жеделдетеді. Сөйтіп, зат алмасу процесіне әсерін тигізеді. Мыс – шаян тәрізділер, маллюскалардың тыныс алу пигменті – гемоцианин құрамына кіреді.

     Кейбір өсімдіктер құрамында мыстың мөлшері өте көп болады да, малдардың улануына әкеп соқтырады. Жануарлар ағзасында мыс күрделі және әртүрлі органикалық қосылыстар түрінде болады. Олар ақзаттармен байланысқа түсіп, басқа мүшелерге қарағанда бауырда көбірек жинақталады. Одан басқа мыс көптеген ферменттер құрамына да кіреді (лактаза). Қойлардың азық рационына мыс қосындыларын қосып беру, олардың өсуін және жүнінің сапасын жақсартады, ал мыстың топырақта жетіспеуі өсімдіктерді экзантема ауруына шалдықтырады. Өсімдіктер құрамында мыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы малдарда, әсіресе, мүйізді ірі қарада анемия, жалақтық (лизуха), іш өту секілді аурулар тудырады. Кейбір мемлекеттерде (Англия, Дағыстан) азық құрамында мыстың жетіспеуінен қозыларды жаппай өлімге ұшырататын ауру – энзоотикалық атаксия пайда болатындығы дәлелденген. Аурудың ең негізгі белгілері - қозғалыс координациясының бұзылуы, теңселіп жүруі, дірілдеуі, кейбір кездері аяқтарының тырысуы және салдануы жатады. Энзоотикалық атаксиядан өлген малды сойып, зерттегендегі негізгі белгілердің бірі – ми жарты шарындағы ми ұлпаларының сұйылуы.

        Күкірт қышқылды мыс немесе мыс сульфаты – көбінесе дезинфекциялағыш зат ретінде қолданылады. Ол қара-көк түсті кристалл, суда жақсы ериді. Бұл препарат бізге тотияйын деген атпен белгілі. Тотияйын құрамында күкірт қышқылды мыстан басқа темірдің, мырыштың және магнийдің күкірт қышқылды тұздары, аз мөлшерде мышьяктың туындылары кездеседі. Тотияйынның әкпен қосындысын бордос сұйықтығы түрінде өсімдіктердің зиянкестерімен, соның ішінде, саңырауқұлақтар тудыратын аурулармен күресу үшін қолданылады. Сонымен бірге, бордос сұйықтығын жәндіктермен күресу үшін париж көгімен де (зелень парижская) араластырып қолданылады. Мыс сульфатының уландырғыш мөлшері: 1 килограмм салмағына шаққанда қойға-200 мг, ірі қара малына-40 мг.

    АБ препараты (фитопатолог Александр Борнгард есімімен аталған) – сұр-көкшіл түсті, құрамында 15-16% мыстың күкірт қышқылды гидрототығының тұзы бар құрғақ ұнтақ. Астық тұқымдастардың дәнін қара күйеге қарсы өңдеу үшін қолданылады.

    Мыстың хлорлы тотығы – ақшыл- жасыл түсті, құрамында 50% белсенді әсер ететін заты бар, құрғақ немесе суспензия түрінде қолданылатын ұнтақ. Құрамында мыстың хлорлы тотығынан басқа: куприкол 30%, купритокс 30-50%, купрозан 37,5% және цинеб 15% кездеседі. Бұл препараттар ұнтақ және паста түрінде шығарылып, фунгицидті әсер етеді.

      Мыс үшхлорфеноляты - қызыл-қоңыр түсті ұнтақ, органикалық еріткіштерде және суда ерімейді. Дуст түрінде қолданылады. Құрамы 20% негізгі әсер етуші заттан, 80% қоспа заттардан тұрады. Бұл препарат мақтаның гоммоз ауруымен күресте қолданылатын өте күшті химиялық зат. Бұл препарат малдың паренхиматозды мүшелерін және орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

    Токсикологиясы. Мыс препараттары ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы, ал малдәрігерлік жұмысында антгельминтік дәрілік зат ретінде кеңінен қолданылады. Мыс бұршақ және соя күнжарасында (жмых) көп кезігеді, сондықтан бұл құнарлы мал азықтарын көп бергенде, мал уланады. Мыс тұздары ағзадан өте баяу бөлініп шығады. Мыс тұзының әлсіз ерітіндісі тұтқыр дәрі ретінде әсер етіп, ішек-қарынның кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, ал оның 10-30 пайыздық ертіндісі қарынның кілегейлі қабығын күйдіреді, ащы ішекте ағзаға сіңіп, бауырға барып жиналады.

        Алиментарлы жолмен түскен мыс қосылыстарының уыттылығы әлсіз. Қарынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіретін мөлшерде түскен мыс тұздары малдарды құстыртады. Сондықтан , мыстың күкірт қышқылды тұзын ертеде осы мақсат үшін қолданылған. Бұл препарат ағзаға өте аз мөлшерде ғана сіңеді. Ұзақ уақыт әсер еткенде ағзада жинақталып, ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, малды арықтатады, және басқа да клиникалық белгілер мен паталогиялық өзгерістер байқалады. Көптеген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, кілегейлі қабықтар зақымданған сайын, мыс қосылыстарының ағзаға сіңуі де арта түсетіндігі дәлелденген.

      Мыс ағзаға альбуминат түрінде сіңеді. Бүкіл ағзаға таралып, онда ұзақ уақыт сақталынады. Көп мөлшерде бауыр мен бүйректе жинақталынады. Ағзадан несеп, нәжіс және құсу арқылы бөлінеді.

     Мыс қосылыстарын қанға немесе тері астына енгізу өте қауіпті. Қоянның терісі астына мыс тотығының 0,05г, ал итке 0,5г молшерін жіберсе, өледі. Мыс сульфатының тауықтарды жаппай өлтіретін мөлшері 1грамм.

    Мыс сульфатының концентрацияланған ерітінділері ұлпалар мен кілегейлі қабықтарды күйдіріп әсер етсе, араласқан ерітінділері капилярларды тарылтып, секрецияны тежеп, тұтқыр және дезинфекциялық зат ретінде қолданылады.

     Ауыл шаруашылығы малдарының мыс қосылыстарымен жіті улануы сирек кездеседі. Ал мыстың ағзаға аз мөлшерде түсіп, онда жиналуынан болатын созылмалы түрі кездеседі. Уланудың бұл түрі қойлар арасында жиі кездеседі.

     Уланудың клиникалық белгілері. Ас қорыту жүйесіне мыс қосылыстары көп мөлшерде әсер етсе, уланудың жіті түрінің белгілері байқалады: ауыз қуысы кілегейлі қабығы тітіркенеді, сілекей ағады, құсады, іші өтеді, жүрек жұмысы нашарлайды, кейбір кездері тырысу, салдану белгілері және өліммен аяқталатын коллапс байқалады. Нәжісі шырыштанған, жасыл-көк түсті.

    Мыс қосылыстарының ұзақ уақыт әсер етуі, көп жинақталып, баяу бөлінуі нәтижесінде уланудың созылмалы түрінің белгілері байқалады. Мыстың көп жиналатын орны – бауыр. Бауырдың ағзаға түскен мысты залалсыздандыру қабілеті әлсіремейінше, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Бауырдың жұмысы әлсіреген кезде көзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюы және айқын көрінетін гемолиз байқалады. Осы белгілер көріне бастағаннан ауру жіті түрге ауысып, аурудың соңғы өліммен аяқталады. Несеп қызыл-қоңыр түстеніп гемоглобинурия немесе гемоглобинемия қалыптасады. Мыс сульфатымен улануда, бұл белгілерден басқа, ринит, коньюктивит секілді белгілер байқалады.

     Қойларда: қойдың мыстан улануы жақсы зерттелген. Ауру қой үйірінен қалып қояды, басы салбырап, сыртқы орта тітіркендірулеріне жауап беру қабілеті төмендейді, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары, кейбір кездері терісі сарғаяды,тамыр соғуы жиілейді, несебі қызыл-қоңыр түсті, іші өтеді. Бұлшық еттері дірілдеп, мойны артқа қайырылады, жүріс-тұрысы бұзылады. Бүйірін басса ауырсыну байқалады. Мал кешкілік мезгілде ешқандай ауру белгісін көрсетпей, таңға жуық өліп кетуі мүмкін.

     Мүйізді ірі қарада: Қойларға қарағанда ірі қараның мыс қосылыстарына қарсы тұру қабілеті жоғары. Кейбір әдебиеттерде, егер 227кг салмақты бұқаға күнде 5г мыс беріп отырса, ол созылмалы түрде уланып, 4 айдан соң өлімге душар болатыны айтылған (Shand kewіs, 1961). Сақа малға қарағанда бұзаулар улануға сезімтал келеді. Егер 8-11 айлық бұзауларға құрамында 80-130 мг/кг мыс бар сүт алмастырғышпен азықтандырғанда уланудың өршуі байқалады.

     Мыс қосылыстарымен созылмалы уланғанда кілегейлі қабықтары сарғаяды, зәрі қызыл-қоңыр түсті, орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылады (мазасызданады, дірілдер байқалады). Басқа да клиникалық белгілері қойдікіне ұқсас.

    Шошқа: Мыс қосылыстарымен жіті улану сирек кездеседі. өйткені, шошқалар құсады, сондықтан, шошқа құсқан кезде, оның өміріне қауіпті мыстың мөлшері сыртқа шығып кетеді. Созылмалы улану белгілері қойлардікіне ұқсас, бірақ шошқаларда гемоглобинурия байқалмайды.

    Жылқының және ит-мысықтардың мыс қосылыстарымен улануы өте сирек кездеседі. Байқалатын клиникалық белгілері негізінен ірі қара малға ұқсас.

     Құстар: Балапандардың мыс қосылыстарына сезімталдығы өте жоғары екенін айта кеткен жөн. 1кг азықта 100мг-нан жоғары көлемде мыс қосылыстары бар азықты беруге болмайды. Егер ондай азық берілсе, олардың өсуі төмендейді, гемолитикалық анемия, әлсіреу, бұлшық ет дистрофиясы байқалады.

      Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық көрсеткіштер қарынға түскен мыстың көлеміне және ағзаға әсер ету ұзақтығына байланысты. Өлексе іші кеуіп дөңкиген. Тексеру барысында қарын мен ішектің кілегейлі қабығындағы қабыну процесстері назар аудартады. Ішек-қарынның кілегей қабығы қанталап қабынған, оның кей жері ойылған, құрсақ қуысына қызыл су толған. Басқа мүшелердегі өзгерістер айқын емес.

     Созылмалы улануда керісінше, өлексені сойғанда өзгерістер айқын көрінеді. Мұндай өзгерістердің негізгісі – кілегей қабықтардың сарғаюы. Бауыр аздап үлкейген, сырты кедір-бүдірлі, сарғыш түсті, атрофиялық цирроз байқалады. Өт қабы өтке толып, үлкейген және өт қою, жасыл-қоңыр түсті.

     Бүйрек үлкейген, бүйрек қабы астында қанталаулар байқалады,паренхимасы болбыр, оңай жыртылғыш. Талақн қанға толған, қара-қоңыр түсті. Перикард сұйыққа толы, эндокард асты қанталанған. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қанталаған, сары-қоңыр түсті.

     Емі. Малдың қарынын жуып, тазалау керек. Одан кейін адсорбциялық заттар (көмір қоспасы), мыс қосындыларын бейтараптайтын заттар: күйдірілген магнезия, күкірт енгізу керек. Жұмыртқа ақзатын, дәм түзгіш заттар (глюкоза) берген жөн. Симптоматикалық ем ретінде строфантин, кофеин қолдануға болады.

    Созылмалы улану кезінде ең алдымен азық арқылы мыс қосылыстарының ағзаға түспеуін қадағалау керек. Азықпен бірге 3 апта бойы қойға емдік зат ретінде 50-500 мг мөлшеріндегі молибден қышқылды аммоний беруге болады, 0,3-1г гипосульфитін күнде беріп отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

    Балау. Жіті улануды балау малдың клиникалық белгілерімен бірге патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне және химиялық-токсикологиялық талдау нәтижелеріне қарай қойылады.

    Созылмалы улану клиникалық белгілері, яғни кілегейлі қабықтардың сарғаюы, гематурия белгілеріне қарай баланады. Сонымен қатар, бауырдағы мыстың көлемін химиялық зерттеудің де үлкен маңызы бар. Егер мал мыстан уланса, онда бауырдың 1-килограмында мыстың мөлшері 1000 мг асып кетеді. Қалыпты жағдайда бауырдағы мыс көлемі 25-50 мг/кг-нан аспауы керек.

    Алдын алу шаралары. Өсімдіктерді мыс қосылыстарымен өңдегеннен кейін, бұл өсімдіктермен малдардың, әсіресе қой мен шошқаның жеп қоймауын болдырмаған жөн. Құрамында инсектофунгицидтер улы химикаттар ретінде сақталуы қажет. Мыс мөлшерінің бұршақ және соя күнжарасында қанша бар екендігін зертханалық тексеруден өткізу қажет.

 

 

Мышьяк және оның қосылыстары

    Мышьяк (Arsenіcum)AS - өзінің табиғи қосылыстарымен ежелгі заманнан белгілі. Табиғатта ол негізінен қоспалар түрінде таралған: Аурипигмент атты (сары түсті) (As2 S3) үш күкіртті мышьяк және Реальгара деген атпен белгілі, екі күкіртті мышьяк (күңгірт қызыл түсті As2 S2) Бұл препараттардан өзге ол басқа элементтермен қосылған түрінде де кездесе береді. Мышьяк элемент ретінде XVІІІ ғасырдың соңында (Лавуазье) белгілі болды. Аз мөлшерде мышьяк өсімдік және жануарлар ағзаларында да кездеседі. Бірақ мышьяктың ағзадағы қызметі әлі толық зерттелмеген. Мышьяктың органикалық және бейорганикалық химиялық қосындыларының түрлері өте көп және ол құрамындағы 3 және 5 валентті мышьякқа байланысты екі топқа бөлінеді. Ариниттер және арсенаттар жылықанды жануарлар мен адам ағзаларында белсенді түрде әсер ете отырып, олардың көбісі едәуір уытты болып келеді. Мышьяк қосындыларының ауылшаруашылықтағы мәні өте зор. Олар әртүрлі өсімдік зиянкестеріне қарсы инсектицид және гербицид ретінде қолданылады.

    Сальворсан және басқа органикалық мышьяк қосындылары табылғаннан кейін, мышьяк препараттары емдік зат ретінде тек ХХ ғасырдың басынан бастап қолданыла бастады. Мышьяк және оның қосындыларының токсикологиялық мәні зор. Мышьяктан адамдар және жануарлар әр дәуірде әртүрлі жағдайда уланған (әдейі, қасақана). Уланудың жіті және созылмалы түрлері кездеседі. Сонымен қатар, мышьяк қосылыстары әскери қару- жарақ жасауда да жиі қолданылады (люизит, арсиндер, мышьякты сутек).

    Мышьяктың физикалық- химиялық қасиеттері.

    Мышьяк жай күйінде әдетте ақ сұр және қара сұр түсті қаптамамен жабылған тығыз масса болып табылады. Ол өте нашар ерігендіктен жануарларға қауіпті емес. Мышьякты еріген күйінде тек химиялық зертханаларда ғана кездестіруге болады.

   Мышьяк деген атпен мышьяк ангидриді шығады. Бұл кейде мышьякты сусыз қышқыл деп аталады. Формуласы As2 S3. Ол мышьякты қышқылдан келесі теңдеу арқылы түзіледі.

2H3 AsO3 ( 3H2O+ As2O3 )

    Мышьякты ангидрид - ақ, фосфор секілді (аморфты, шыны тәрізді) кесек немесе ақ ұнтақ түрде кездеседі. Бұл зат сонымен қатар, ақ қалайы деген атпен де белгілі. As2 S3 –ін қыздырған кезде көпіріп ұшып кетеді, түзілген будан сарымсақ иісі шығады. Мышьяктың аморфты тотығы ыстық суда аз мөлшерде ериді (1:5), ал қышқыл мен сілтіде жақсы ериді. Ұнтақ түріндегі мышьяк ангидриді ұнмен кейбір ұқсастығы бар. Ол көпіршіштерге қарсы қолданылатын ұнтақ ретінде, ұнмен, көмірқышқылды бариймен араластырылып қолданылады.

     Мышьякты қышқылдың (натронды және калилі) сілтілік тұздары сонымен бірге, тиоарсениттер (күкіртпен қосындылары) жақсы ерігіштігімен ерекшеленеді және арамшөптерге қарсы әр түрлі препараттармен бірге қолданылады. Кезінде мышьякты қотырға қарсы да қолданған. Мышьякты қышқылдың препараттарынан мышьяк қышқылды натрий және мышьяк қышқылды кальций кең қолданылады.

   Мышьяк қышқылды натрий (натрий арсениті). Бұлыңғыр сұр түсті ұнтақ және түйіршікті сұр паста. Суық суда 26,7%-ға дейін ериді. Мышьяк қышқылының екі препараты бар, мышьяк қышқылды натрий және мышьяк қышқылды кальций. ГОСТ бойынша 79-82%- ға дейін (51-52% - дан кем емес) мышьякты ангидрид бар. Оны арамшөптерге шашу үшін, сонымен қатар, зиянкес жәндіктерге қарсы қолданылады.

     Мышьякты қышқылды кальций (кальций арсениты) шегірткелерге, күйелерге, орманның зиянды кеміргіштеріне қарсы қолданылатын ақшылдау және қоңыр сұр түсті ұнтақ. Суық суда ерімейді. Құрамында мышьякты ангидрид 70-72% мөлшерінде кездеседі. Мышьякты ангидридтен басқа, мышьяк қышқылына сәйкес келетін мышьяк ангидриді бар.

     Мышьяк қышқылы және оның тұздары аз мөлшерде уытты. Тірі ағзаларға әсері 5 валентті мышьяктың 3 валентті мышьякқа ауысуына байланысты. Мышьяк қышқылының екі препараты бар, мышьяк қышқылды натрий және мышьяк қышқылды кальций. Мышьяк қышқылды натриді бөлмедегі шыбындарды жою үшін, қағазға сіңдіру арқылы қолданылады. Осы қағаздармен әсерлесу барысында иттер мен мысықтар уланады.

      Мышьяк қышқылды ангидрид ақ және ашық сұр түсті жақсы тозаңданатын ұнтақ. Суда нашар ериді. Көп жағдайда өсімдіктерді (қырыққабат, қызылша және т.б.) дәрілеу мақсатында зиянкесті жәндіктерді жою үшін қолданады (41-42%).

    Ауыш шаруашылығында қолданылатын жоғарыда аталған мышьякты және мышьяк қышқылдан басқа құрамына мышьяк кіретін келесі препараттарды да білген жөн.

1. Париж көгі (мыс ацетаты және арсенитінің қос тұзы) 1867 ж алғаш рет Америкада колорад қоңызына қарсы қолданылған ең алғашқы инсектицид. Жасыл түсті ұнтақ қазір қолданылмайды

2. Протарс- тальк және каолинмен 14-18 % - ға дейін араласқан мышьякты кальцийдің (арсенит) қоспасы сұрлау немесе жасылдау түсті ұсақ ұнтақ. Ол суда ерімейді және топырақта өзінің уыттылығын бірнеше жыл сақтайды.        

  Аталған қосылыстар бидайды дәрілеу және безгек масаларымен күресу үшін қолданылатын белгілі инсектофунгицид.

   Мышьяктың органикалық қосылыстары мал ағзасына әлсіз әсер етеді. Өздерінің уытты әсерін олар протозойлы микрозиянкестерге - трипана, амеба және тағы басқаларға қарсы көрсетеді. Ауылшаруашылығында мышьяк препараттарын қолдану кезінде олардың салыстырмалы улылығын ғана ескермей, суда аз ерігіштігін де ескеру қажет. Өсімдіктер мышьяк препараттарымен өңделгеннен кейін өздерінің бойына осы препараттарды ұзақ уақытқа дейін сақтай алады. Бұл препараттар жауын суымен шайылып кетпейді, өзінің химиялық құрамын ұзақ уақыт өзгертпейді.

     Мынандай келеңсіз жағдайлар орын алған: химикаттар өзінің уыттылығын ұзақ уақыт сақтап, жануарлардың қараусыз қалдырылғаны улануына себеп болған.

    Токсикологиясы. Мышьяктың токсикодинамикасы өте жақсы зерттелген. Мышяк қанға сіңгеннен кейін ұлпаға тікелей және жанама түрде әсер етеді. Мышьяктың тез сіңбеуіне байланысты оның токсикалық жергілікті әсері өте әлсіз. Оның ерекшелігі сол - ол күйдіріп әсер етпейді сонымен бірге, мышьякпен әсерлескен ұлпалар сау ұлпаларға қарағанда көбірек бұзылады. Паразиттермен зақымданған (мысалы: қой қотыры) малдарды шомылдыру кезінде мышьяктың ерітінділерді, тері арқылы сорылуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда терінің зақымдану дәрежесінің орны- ерекше. Себебі сұйық ерітінділер зақымдалмаған тері арқылы сіңірілмейді. Сондықтан терідегі зақымданған ошақтардың көп болуына қарай мышьяк препараттары ерітінділерін қолдану қаупіде арта түседі. Ас қорыту жүйесі арқылы түскен мышьяктың әсері, оның ерітінді түрінде ену- енбеуіне байланысты. Мышьяктың ерітінділері ас қорыту жүйесі арқылы таралып, паренхиматозды мүшелерде, соның ішінде бауырда көп, ал бұлшық ет пен сүйектерде аз жиналады.

     Мышьяктың көп мөлшері, әсіресе, түктерде (шаш, жүн) кездеседі. Мышьяктың мүшелер мен ұлпалар таралуын тәжірибе жүзінде шошқаларда тексерілген. Натрий арсенатын 2 торайға 104 мг берген кезде олар өліп қалған: біреуі 3 күннен кейін, екіншісі 8 күннен кейін. Мүшелермен, ұлпаларды талдау қорытындылары кестеде көрсетілген.

     Кестеде мышьяктың мөлшері түкте, одан кейін бауырда, бүйректе көп мөлшерде кездесетін көре аламыз. Сонымен қатар мышьяк препараттарын бергеннен кейін 8 күннен соң барлық ұлпаларда мышьяктың мөлшері төмендесе, бауырда сол қалпында сақталады, ал ішек-қарында, майларда және тұяқтарда оның мөлшері керісінше көбейе түседі.

    Мышьякты зат алмасу және капиллярға әсер ететін улар қатарына жатады. Оның зат алмасуға әсері ағзадағы тотығу процессінің төмендеуімен айқындалады. Ал, мышьяктың капиллярларға әсеріне келетін болсақ, оның тонусының төмендеуімен, біртіндеп салдануға әкеп соқтыратын капилляр саңылауларының кеңеюімен сипатталады.

Натрий арсенатын бергеннен кейінгі торайлардың мүшелері мен ұлпаларындағы мышьяктың мөлшері

( Гарнер бойынша)

 

Мүшелер мен ұлпалар

Мүшелер мен ұлпалардағы 1 кг/мг-ға шаққандағы мышьяк мөлшері

 

Мүшелер мен ұлпалар

 

 

Мүшелер мен ұлпалардағы 1 кг/мг-ға шаққандағы мышьяк мөлшері

Препаратты бергеннен кейінгі 3- ші күн                                                    Препаратты бергеннен кейінгі 8-ші күн            Препаратты бергеннен кейінгі 3- ші күн                                                         Препаратты бергеннен кейінгі 8-ші күн
қарында 0,30 0,10 Көк бауырда 0,28 0,08
Аш ішекте 0,50 0,30 қанда 0,30 0,14
Тоқ ішекте 0,45 0,10 өтте 0,50 0,24
бауырда 2,12 2,10 майда 0,10 0,45
Ұйқы безінде 0,25 0,20 Бұлшық етте 0,32 0,12
жүректе 0,37 0,08 сүйекте 0,21 0,08
бүйректе 0,77 0,40 теріде 0,30 0,10
бауырда 0,47 0,75 Тері жабындысында 3,50 2,00

 

Барлық мүшелердің капиллярлары зақымданады, бірақ соның ішіндегі айқын өзгерістер ішек капиллярларында білінеді. Капиллярлардың зақымдану механизмі өте күрделі. Жылдам сіңірілген мышьяк тікелей миға әсер етеді. Осыған орай оны жүйке уы депте санауға болады. Мышьяктың бүйрек арқылы бөлінуі негізінен апталап, айлап ұзақ уақытқа созылады. Ол тек зәр арқылы ғана емес, сонымен қатар, нәжіспен, сүтпен және жатыр бөлінділері арқылы сыртқа шығады.

Алиментарлы (ауыз қуысы арқылы) енген мышьяк препараттарының жануарлар үшін орташа летальды мөлшері (г)

(Гарнер бойынша)

Рет-тік саны Малдың түрі Мышьякты ангидрид Натрий арсениті
1 Мүйізді ірі қара малы 15,0-45,0 1,0-4,0
2 қой 3,0-10,0 0,2-0,5
3 Шошқа 0,5-1,0 0,05-0,1
4 Жылқы 10,0-45,0 1,0-3,0
5 Ит 0,1-1,5 0,05-0,15
6 Құстар 0,05-0,3 0,01-0,1

    Мышьяк және оның қосылыстарынан уланудың клиникалық белгілері . Мышьяк және оның препараттарынан улану жануарларда жіті және созылмалы түрде өтеді. Жоғарыда келтірілгендей, ол әртүрлі себептерге байланысты; уланудың келіп түскен мөлшері, күйі (құрғақ күйі, ерітінді түрінде), түсу жолдары, жануарлардың сезімталдығы және т.б. Барлық жануарларда клиникалық белгі негізінен, не ас қорыту жолдарының, не жүйке жүйесінің зақымдануымен белгіленеді.

    Осыған байланысты, уланудың асқазандық (ауыз арқылы) және жүйкелік салдану (тері арқылы әсер ету) түрін ажыратуға болады.

   Ірі қара малдың мышьякпен жіті улану кезіндегі клиникалық белгілері Улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті улану кезінде, әдетте, алғашқы тәуліктерде, кейде 12 сағат ішінде білінеді. Алғашқыда әртүрлі қабынумен және мазасызданумен сипатталынса, кейіннен малдың қажу- күйзелуін байқауға болады. Бірінші тәуліктің аяғына қарай еріксіз бұлшық еттің дірілі (бас, қабырға), жануарлардың азықтан бас тартуы, суды аз мөлшерде қабылдауы, сілекей ағу сияқты белгілер байқалады.

   Удың ағзаға бір тәуліктен кейін ас қорыту жолдары арқылы түскеннен кейін тимпания белгілері алдыңғы қарында едәуір немесе толық атония, перистальтиканың шуғыл әлсіреуі байқалады.

   Жүрек қызметі әлсірейді. Тамыр соғуы жиілейді, кілегейлі қабықтар, әсіресе, коньюктивада гиперемия байқалады, көз қарашығы кеңейген. Өкпені тыңдағанда ылғалды сырыл естіледі. Өлерінің алдында тырысу және аяқтарының азуы байқалады. Өлімнің себебі: тыныс алу орталығының салдануы

     Мышьяк препараттарымен уланудың созылмалы түрінде малдың тәбеті бұзылады. Жалпы әлсіздік байқалады және малдың біртіндеп сүттілігі төмендейді, іш тастайды т.б.

     Ұсақ мал, қойдың мышьякпен улануы жиі кездеседі. Бұл жағдай, мышьяк препараттарының кейбіреулерін тоғышарлық ауруларға (қотыр, биттеу) қарсы ванна түрінде қолданумен түсіндіріледі.

    Қойдың улануының клиникалық белгілерінің ірі қара малдарынан онша айырмашылығы жоқ. Ерекше көзге түсетіні малдың құлағы және мүйізі суйды, мал күйзеледі, терлейді, ауыздың шеті көбіктеніп тұрады, бұлшық еті дірілдейді, мал ұйқылы жағдайда болады. Мал жатқанда басын астына қарай бұрады. Тамыр соғысы (120-200)тынысы жиілейді (30-60),кілегейлі қабығы көгереді (цианоз).

    Арқасы пальпация кезінде ауырсынады. Руминациясы баяулаған, жіті жағдайы малдың өліміне әкеп соғады.

     Шошқалар жіті түрде уланады. Мал күйзеледі, төсеніштің астына кіріп кетеді, тәбеті нашарлайды, құлағы мен құйрығының сууы байқалады. Қатты мазасыздану байқалмайды. Зерттеу кезінде ауыз қуысының кілегейлі қабығының ойық жарасы және эрозия байқалады. Соңы өлімнен аяқталады.

    Жылқының жіті улануы 4-6 сағаттан 2-3 тәулікке дейін созылады. Малдың жалпы күйзелуі байқалады. Мал азықтан бас тартады. Басын салбыратып, ұйқылы күйде тұрады. Бас, мойын және артқы аяқ бұлшық еттері әлсін-әлсін тартылады. Ал, уланудың ауыр түрінде жануар көбінесе жатады. Жатқан кезде аяқтарын астына жиып алады, ауырсынады, ішіне қарай береді. Сілекейдің тоқтауы да мүмкін. Алғашқы сағаттарда дефикация және зәр бөлу процессінде өзгерістер болмайды. Іш өту 4-5 сағаттан кейін немесе одан кеш басталуы мүмкін. Нәжіс қан аралас, кейінен ішектің шырышты қабығымен аралас шығады. Дене температурасы қалыпты, кейде төмен. Ал созылмалы өткенде, яғни 2 тәуліктен асқан кезде, мұрын қуысынан серозды сұйық ағады, коньюктива қабынады және ішек атониясы байқалады.

Ит және мысық. Ет қоректілерде мышьяк қосылыстарымен улану кездейсоқ немесе өте сирек кездеседі. Ақ мышьяктан улану мөлшері ауыз арқылы түскенде иттерге 0,1-1 г, мысыққа 0,05-0,1.

     Клиникалық белгілері. жалпы әлсіздік, жүрек қызметі нашарлайды, құсады. У түскеннен кейін 6 сағаттан 2 тәулік арасында жануарлар өледі.

Құстардың мышьякпен улануы. Тауықтар және күрке тауықтар жиі, үйректер және қаздар сирек уланады. Құстардың бұл заттардан улануы кеміргіштерге қарсы қолданылған мышьяк препараттарын шоқып жегеннен және улы химикаттарды дұрыс жерде сақтамағаннан болады.

      Тауықтарда жіті улану кездерінде айдарында және сырғалығында цианоз байқалады, жұтынуы қиындайды және өңешке пальпация жасағанда қатты ауырынады, жалпы әлсірейді, шөлдейді, дене температурасы төмендейді.

     Созылмалы уланған құс арықтайды, нәжісіне қан араласады.

    Балау - клиникалық белгілеріне қарсы және зәр, нәжіс, ал иттерге шошқаларда құсықты химиялық талдау нәтижесіне қарай қойылады.

   Өлгеннен кейінгі балау мүшелердегі патологиялық- анатомиялық өзгерістеріне қарап қойылады.

   Болжам - улану жағдайына қарай, яғни уланудың ауыр түрінде қолайсыз.

    Емі. Унитиолды жануарларға тамыр арқылы және ауыз арқылы береді (тері және бұлшық етке қолданбайлы, өйткені абсцесті қабыну реакциясы туындайды). Унитиол ерітіндісін күре тамыр арқылы баяу жібереді. Бұларды 40%-ды стерильді глюкозада дайындайды немес ерігеннен кейін стерильдейді.

   Ауыз арқылы бергенде стерилизацияның керегі жоқ. Унитиол ертіндісінің концентрациясы 10%-ды.

    Жануарлардың жіті улану кезіндегі унитиолдың күре тамыр арқылы берілетін мөлшері ірі қараға 10-20мг/кг, шошқаға, ешкіге, итке және құсқа 25 мг/кг, қойға 50мг/кг. Ал ауыз арқылы мөлшерін екі есе көбейтіп береді.

    Уланудың созылмалы түрінде ауыз арқылы 8-10 күн береді (0,05мг/кг).

      Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлімге әкелетін жіті улану кезінде тері асты шелінде, әсіресе құрсақ қуысында тамырларда қанқұюлар байқалады. Лимфа түйіндері үлкейген, қара-сұр түсті, жұмсарған, қабықты және милы қабаттың шекарасы тегістелген. Асқазанның кілегейлі қабығы гиперемияланған, геморрагиялық қабынған. Кей жерлерде ойық жаралар кезедседі. Ішектер толығымен зақымдалады, әсіресе тоқ ішек қатты өзгерістерге ұшырайды. Ішек ішіндегі жынға қан және шырын араласқан. Тоқ ішекте қан құйылуы байқалады. Созылмалы улануда бауыр атрофияланады. Жіті кезінде бауыр борпылдақ, бас шеті жуандаған, сұр майлы түстенеді. Өт қабы үлкейген және өтке толған. Бүйрек үлкейген, консистенциясы болбыр, жүректің көлемі үлкейген, жүрек қабында сары түсті экссудат жиналған. Жүрек бұлшық еті болбыр, эпикард және эндокард астында қан құйылу байқалады.

     Алдын алу. Алдын алу шаралары улы заттарды дұрыс қолданудан басталады. Астық-жеміс зиянкестерімен күресу үшін құрамында мышьяк қатысқан (протарс, арсенит т.б.) қосылыстардың өте кең қолданылуын ескере отырып, оларды қолдану өте қатаң, түрде жүргізілу керек. Бұл заттарды астық сақтайтын қоймаларда сақтауға тиым салынуы, олармен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларының ескерілуі және мышьяк құрылымды препараттарды қолданған кезде әрқашан ескерілетін мөлшерін сақтау керек.

 

ЦИАНИДТЕР ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ

    Цианид қосындылары адамға да, малға да күшті және қауыпты у болып саналады. Бұл топтың улы негізгі құрамындағы цианидті сүтегі (көгертетін қышқыл). Ауыл шаруашылығында бұл қосындылардан натрий цианидін, цианиплавты (қара цианид) және қальций цианидін қолданады. Көгертетін қышқылдың малды өлтіретін мөлшері - 1 мг массаның әрбір килограмына.

Әсер ету жолдары. Тері мен кілегейлі қабық арқылы цианидтер организмге тез сіңеді. Бұл заттар мал денесіндегі цитохромоксидаза ферментінің жұмысын бұзады, осыған байланысты мал тұншығады, сонымен бірге мидың, сопақ мидың қызметі бұзылады.

   Өлекседегі клиникалық өзгерістер. Тұншығу белгілері байқалады: қан күрең қызыл, ұюы нашар, қан тамыр бойына құйылған. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қызарған, өкпе ісінген, бауыр мен бүйрекке қан толған. Қарын жынысынан ащы иіс сезіледі.

    Белгілері. Цианидтердің уы мал ағзасына көп мөлшерде енгенде мал дем алу орталығының параличінен өліп кетеді. Цианидтер аз мөлшерде енгенде де малдың улануы жіті түрде өтеді: аузынан сілекей шұбырады, көзінен жас ағады, үрейленеді, тыныстауы нашарлайды, жүргенде тәлтіректейді, денесі қалтырайды, әлсірейді, көзін ақ шел басады. Тамыр соғу аритмиясы байқалады, қан қысымы төмендейді, біртіндеп мал ес-тұсынан айырылады.

     Балау. Уланған малдың ауру белгілері еске алынады, малға берілген жем-шөпті, сойылған малдың қарын жыны лабораторияға тексеруге жіберіледі.

    Емі. Ауыз арқылы 3 пайыздық күкірт қышқылды темір және 5 пайыздық натрий гидрокарбонатының ерітіндісін ірі қараға 250-300 мл мөлшерінде ішкізеді, қан тамырына натрий тиопсульфатының 10 пайыздық ерітіндісі (1-2 мл массаның әрбір килограмына), глюкоза ерітіндісінде дайындалған (массаның әрбір килограмына 0,5 мл) метилен көгінің 1 пайыздық ерітіндісі (25 мл) жіберіледі.

   Сақтандыру шаралары. Цианидтер қосындысынан жасалған химиялық заттарды қоймада сақтау және оларды қолдану ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау керек. Химиялық- токсикологиялық зертханалардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

                             

Дәрілік заттардан улану

Дәрілі заттарды өз мөлшерінде қолданбау малдарды уландыруы мүмкін. Улана қалған жағдайда негізінен орталық жүйке жүйесі, тыныс алу орталығы және ішкі мүшелер (бауыр, бүйрек, ас қорыту жолы және тағы басқа да мүшелер) зақымданады.

Тыныс алу жүйесінің зақымдануы - тыныс алудың жіті жетімсіздігіне әкеліп соқтырады.

Тыныс алуды зақымдануының 3 түрі бар.

1) Орталық (неврогенді) 2) аспирационды-обтурационды 3)Өкпедегі патологиялық процестер.

1. Тыныс алу жүйесін зақымдаушылырға невротоксикалық улар тән. Уланған жер бұлшық еттері параличі және тыныс алу орталығының әлсіреуі тыныс алу ритмін бұзады, кейде дем жетпеуден мал өліп кетеді.

2. Аспирационды - обтурациялық зақымдану (механикалық асфекция) –малдар кома жағдайында болғанда, тыныс алу жолына бөгде зат тұрып қалуынан, тіл тартылып қалғанда бронх бездерінің гиперсекрециясы кезінде, көп мөлшерде бөлінуден болады. Механикалық асфекция- кілегейлі қабықтардың көгеруінен (цианоз), көбікті ылғалды сыралдармен ерекшеленеді.

Тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлігі күйген кезде, жұтқыншақтың стенозды, дауыстың жоғалуы, ентігу, дианоз, ауру малдың ерекше қозуы байқалады.

3. Өкпенің токсикалық ісінуі- өкпе мембранасына улы заттардың әсер етуіне байланысты пайда болатын қабынулар мен өкпе ұлпаларының ісінуімен ерекшеленеді. Өкпенің зақымдалуы азот тотығымен фосген, түтін т.б ингаляциялық жолмен енген улар заттар әсерінің нәтижесі. Сілтілі қышқылдармен дәрілік заттар және олардың тыныс алу жолына шоғырлануы жоғарға бөліктің күюіне әкеп соқтырады. Өкпенің жіті қабынуы да осы улы заттардың әсерінің нәтижесі.

Улану нәтижесінде жүрек қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы – барлық жіті улануларда байқалады.

Организмге жоғарға дәрежелі улы заттардың көп мөлшерде түскен малдарды өлім-жітімге ұшыратады немесе коллапс қалыптасады.

Коллапс екіге бөлінеді. Алғашқы токсикогенді коллапс- экзотикалық шок түрінде өтеді.

Улану кезіндегі психоневрологиялық зақымдану – психикалық, неврологиялық және сомотовегетативтік зақымдану белгілері бар токсикалық энцефалопотия түрінде білінеді. Жіті улану кезіндегі психоневрологиялық зақымданудың аса ауыр белгілері – ол кома және интоксикациялық психоз.

Кома – (сыртқы тітіркендіргішке қарсы жүйке жүйесінің аса жоғары дәрежеде қозып, жауап беруі, естен тану) – наркотикалық заттармен улануда қалыптасады. Токсикалық кома кезінде уланудың айқын белгілері білінбейді, егер улы заттардың организмнен бөлінуін тездетсек зардап шеккен адам немесе малдың көңіл-күйі жақсара бастайды.

Интоксикациялық психоз – атропин, кокаин, тубазид, этиленгликоль т.б уланғанда, ыстан (түтін) пайда болады және әртүрлі психопатологиялық белгілер көрсетеді (галмоцинация есі ауып қалу).

Самотовегетативті зақымданудың әртүрлі белгілері бар: мысалы, миоз (көз қарашығының кішіреюі), терлеу, гипотермия сияқты белгілері алкогольмен, барбитураттармен, ФОС-пен уланғанда көрінеді.Меңдуана (беладона) алколоидтармен асматол, аэронмен уланғанда мидриоз (көз қарашығының үлкеюі), гиперемия, терінің құрғақтануы, гипертермия секілді белгілері байқалады.

Нейротоксикалық заттармен (ФОС, пахикорпин, бромды метил) уланғанда жүйке жүйесі бұлшық еттерінің өткізгіштігі бүлініп, парез, параличтер қалыптасады, ал асқынуы –миофибриляцияға (діріл) ұласады.

Көптеген диогностикалық дәлелдемелер метил спирті және хининнен уланғанда көздің көруінің зақымдануы тіпті көрмей қалуға ұласуы мүмкін екенін дәлелденген. Миоз сияқты көздің жақсы көрмеуі, есту қабілетінің нашарлауы, көзге көрінетін белгілердің түрлі-түсті болып көрінуі (цветное зрение) барлығы дәрілік заттардың уытты әсерінен болады. Уланудың ауыр түрінен кейін ұзақ уақыт организм қалыпты жағдайға келе алмай тітіркеніп, шаршап, өзін әлсіз сезініп тұрады.

Оған тән ерекшеліктер: тері қабатында діріл, көгерген ісіктер байқауға болады, ұстаған кезде дененің салқындағаны, ентігу, тахикардия, гипотензия (ослаб.чувст-ть), тіршілікке осы қажетті функциялардың, соның ішінде қан айналудың бұзылуы жетімсіздігі шоктың ерекше белгілерінің бірі.

Улы заттар ыдырап, организмнен бөлінгеннен кейін екінші дәрежелі коллапс дамиды. Бұл жүрек қан тамыр жүйесінң компенсаторлық мүмкіндігінің тежелуімен: бауыр, бүйрек, тыныс алу жүйесі жұмыстарының бұзылуымен, асқынумен сипатталады.

Улы заттар жүрекке тікелей әсер етіп, бұлшық еттерінің өткізгіштік қасиетін нашарлатып, соғу ритмін бұзады. Кәрі малдарда өкпе ісінуі байқалады.

Ал бауыр зақымданғанда 3 дәрежелі (токсикалық гепотопатия) айқын белгілері байқалады.

Өлген малдарда патологиялық тексергенде – бауыр үлкейген, сарғаю, гемаррогиялық диатез анықтауға болады. Бүйрек зақымданғанда бел аумағын басқанда ауырсынады, олигурия. Ауыр түрде өтуі бауыр, бүйрек жетіспеушілігімен ерекшеленеді.

Ас қорыту жүйесінің зақымдануы – диспептикалық бүліну (айну, құсу), гастроэнтерохолит, іш құрылыстың күюі, қан ағу (қышқылмен, сілтілермен уланғанда) секілді клиникалық белгілері көрсетеді. Уланған кездегі құсу организмге жақсы әсер етіп, улы заттың бөлінуіне әсер етеді. Бірақ кома кезінде, күйдіретін улы заттармен жұтқыншақ зақымданғанда (стеноз) құсу қауіпті.

Ас қорыту жүйесі уланғанда организмнің дегидратациясы және электролиттік балансы бұзылады.

                              

                         Улы әсер ететін дәрілік заттар

Амидопирин, аналгин, фенацитин, бутадиен – ауру басқыш, ыстық түсіргіш және қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер. Мөлшерден тыс көп қолданғанда организм уланады. Улану жіті және созылмалы түрде өтеді.

Жіті түрінде – құлақ шыңылдап, ентігеді, дене температурасы төмендеп, жүрек соғу жиілейді, құсады, әлсірейді, мидриоз, естен танады, қан қысымы төмендейді.

Созылмалы улану кезінде жалпы әлсіреуі, бас ауруы, қозу, ұйқының бұзылуы, жүрек шаншуы және айнуы, тәбеттің нашарлауы секілді белгілер байқалады. Солармен қатар, орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылып ішкі органдар зақымданады.

Аминазин және т.б фенотиазин туындыларымен улану – бұл дәрілер нейролептикалық заттар. Организмді тыныштандырады. Мөлшері көбейіп кеткенде уланып, жалпы әлсіздік, ауыздың кебуі, жүрек айну, бас айналу, қарашықтың тарылуы, естен тану секілді белгілер көрсетеді. Сонымен қатар тері дерматитін, экзема, т.б аллергиялық аурулар байқауға болады.

Емі. қарынды әлсіз тұзды сумен шаю, В1-6 %-2мл, коллапс кезінде кофеин бензонат натрий 10%-1мл, 5% 2мл эфедрин гидрохлоридін, йод қолдану керек.

Антибиотиктер–микробтардан, өсімдіктерден және мал өнімдерінен алынатын микробтарға қарсы заттар.

Адамға егілетін мөлшері- стерептомицин 0,1мг/м3, тетрациклин 0,1мг/м3 олармен жанасу теріні зақымдайды (бөртпе, дерматит, экзема), коньюктивит, ринит, астма, жиі несеп бөлу, есту қабілетінің нашарлауы, бас айналу сияқты белгілер білінеді.

Антибиотиктер ас қорыту жүйесіндегі микрофлоралар құрамын өзгертіп, дисбактериоз шақырады.Сонымен қатар, патогенді микробтар әсерін күшейтіп, Candida тұқымдас саңырауқұлақтардың көбеюін мүмкіндік жасайды осының нәтижесінде іш өту, эрозия және тік ішек жарасы т.б патологиялық өзгерістер дамиды. В1 және В2 витамин жетіспеуінен витамин жетіспеушілігі, аллергия байқауға болады.

Емі. Саңырауқұлақтармен уланғанда тері жарақаттанады 1-2% иод ерітіндісі, эозинменнің спирттегі ерітіндісі, күкірт салицил сүртпесімен ішке-ниститин, декомиен.

                             

 

Витаминдермен улану

Тиамин (В1)жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды; дерматит, аллергиялар шақырады.

Цианокобаламин (В12)- бұл витаминдер көп қолданғанда-организмге ттітіркендіріп әсер ететін болғандықтан кобальтқа, осы витаминнің өзіне деген бейімделу күшейеді.

Алколоидтар- морфин, попаверин, эфедрин анобазин т.б ұзақ уақыт қолдану нәтижесінде тамырлардың дисфункциясы нашарлап, аллергиялық дерматит, атрофиялық ринит,фарингит байқалады, тыныс алу жүйесі жұмысы нашарлайды, қарыннан бөгде зат сөл бөліну нашарлайды, қуықтың бұлшық еттерінің тонусы күшейіп, спинктр тартылып қалады, зәр бөлу қиындайды.

                           

Нейролептиктерден улану

Нейролептиктер, фенотизиндер, тиоксантендер және бутерофенондар болып бөлінеді.

Фенотизиндер:

- Хлорпромазин

- Трифлюоперизин

- Перфеназин

Тиоксантендер:

- Хлорпротиксен

 Бутерофенондар:

- Дроперидол

- Галоперидол

Егер трицикликалық антидепрессанттар ООЖ қоздырса, ал нейролептиктер оларды басады. Олардың әрекеті сан-салалы, олар допаминергиялық, холинэргиялық, гистаминдік, серотиндік рецепторлардың бөгетімен байланысты, әрі маңдайлық бөліктің төменгі құрылымына импульстердің берілуіне кедергі келтіреді. Нейролептиктер ми қабығының астындағы жиынтығында, әсіресе дофаминді рецепторлар қарайып ісінген жерге әсер етеді. Мұндай аминазин, тиоредазин, девопрамазин сияқты нейролептиктер норадренергиялық рецепторларға, ал галоперидол-допаминергиялық рецепторларға күшті әсер етеді. Сондай-ақ, нейролептиктердің құсық болдырмайтын (бутирофенондар, фенотиазиндер) қасиеті бар. Олар 4 қарын түбіндегі тригер-аймағындағы нейрондарды басады. Термореттеу орталығының ішкі секреция бездеріне байланысты гипоталамо-гипофизарлы белсенділігін басады (гипотензия әсері). Сорудың төмендеуі ішкі қабырғаларының қабынуына байланысты. Фенотиазиндер тобындағыларға (аминазиндерге) биотасмалдау тән. Метобализм ішекте ферменттермен ғана емес, ішкі бактериялармен де болады, метобализм бауырда да жалғасады. Көп мөлшерде метобалиттер пайда болады, олардың биологиялық белсенділігінің жоғалтпайтын 150 түрі бар.

Нейролептиктердің уытты қасиеті екі топқа бөлінеді:

- ООЖ улануы;

- Басқа ағзалар мен жүйелерді улауы.

Орталықтан орташа тыныштандыратын, әрі антихолинергиялы тыныштандыратын әсері, ООЖ қозуын басуға негізделген. Нейролептиктердің улы мөлшері ретикуярлық формацияны қоздырады, ол ООЖ-ның белсенділігіне және қозуына жауап береді. Гипаталамустың қозуы гипотензияға әкеліп соқтырады. Басқа ағзалар мен жүйеге антихолинергиялық әсердің тиімділігіне қарамастан, альфа-адренэргиялық блок көз қарашығының кішіреюін тудырады. Жүректің тез соғуына антихолинэргиялық әсер етеді. Альфа-адренэргиялық блок қан тамырларының кеңеюін және қалыпты гипотензияны тудырады. Жансызданғанда көңілсіз күй кештіру PR, QT ара қашықтығын ұзартады, St сегментін төмендетеді.

Уланудың алғашқы белгілері. Дистоникалық реакциялары (48-72 сағать аралығында) көздің қайта ауруы, тілдің, еріннің ауруы, жақтың, тамақ бұлшық еттерінің түйілуі, мойын еттерінің ауруы, омыртқаның бір жағына қарай қисаюы, қарынның алдыңғы қабырғасының түйілуі. Малдың жата алмауы салдарынан тік тұруы – ауру басталғаннан 5-6 күнге дейін созылады. Қимылдың бұзылуы, қозғала алмаушылық, бұлшық еттің ширығуы, «сүйретіліп жүру» қозғалыстың жасандылығы, баяу қозғалу, өз бетімен істелінетін қозғалыстың кешеуілдеуі (көп жылғы терапиядан кейін), беттің, тілдің, еріннің еріктен тыс қайталанатын қозғалысы.

Емдеу сырттан тез мұзбен суытуды, әрі ішкі қан тамырларына (қ/т) бензодиазепинді енгізуді қажет етеді, бұл бұлшық еттің ширығуын азайтады, одан әрі нейролептиктерді енгізбей шұғыл терапия жүргізуге болады (АВС). Нейролептиктерден улану синдромы 10 күнге дейін созылады. Егер бұл синдром күшейген болса, онда ауруға нейролептиктерді қайталаудың қажеті жоқ.

              Седативті және ұйықтататын дәрі-дәрмектер

 

1. Барбитураттар

2. Бензодиазепиндер

Улану белгілері. Кәрі малдар бұл дәрі-дәрмектерге әсеріне өте сезімтал.Көбінесе бауыр зақымданады. Сонымен қатар, бас ауру, әлсіздік, бұлшық еттер бөлігінің қалыпты жұмысының бұзылуы білінеді. Көз еріксіз жыпылықтайды немесе көз қарашығының қозғалысы бейберексіздікке ұшырайды. Орталық жүйке жүйесі зақымдалады: брадикардия, гипотензия, естен тану. Тыныстың тарылуы ауырлауы, ауаның жетіспеушілігі, қарашықтардың кішіреюі, көздің салданып жабылуына.

Улануды емдеу.

1. Өмірге қажетті негізгі ағзалар мен жүйе жұмыстарын қалыпқа келтіру:

- ЖТЖ өтімділігін қамтамасыз ету, желдету мен оттегін жіберу;

- Қан тамырларына ерітінді жіберу, 50% 50мг глюкозасы, 100мг тиамин, 2 мг налоксон;

- белсенді көмір (БК) 1 г/кг әлсіретуге байланысты есеппен.

2. Антидот ретінде:

- бензодиазепиндермен уланғанда – флюмазенил.

Салицилаттардан улану

Препарат Абсорбция (макс) (сағ) Бөлу көлемі (л/кг Жартылай ыдырау кезеңі (сағ) Клиренс (мл/мин) Бүйректің сыртқа шығаруы (%)
Асперин 1-2 0,15 0,25 650 2
Салицилат 2 0,17 2-30 10-60 2-30 (рН-ге тәуелді болуына байланысты)
Дифлунисал 1-2 0,1 5-20 8 3

 

Ацетилсалицилды қышқыл рК= 36-ке қарағанда (диссоциация коэффициентімен) әлсіз қышқыл. Салицилаттардың терапевтік дозадағы ыдырау мөлшері 2-ден 4,5 сағатқа созылады. Ал қатты уланғанда ыдырауы 18-36 сағатқа созылады (емделген кезде). Аспериннің (Ацетилсалициалды қышқыл) биологиялық ыдырау кезеңі 20-25 минут, өйткені қарын мен қанда асперин тез араласып салицил қышқылына айналады. Бүйрек арқылы бөлінуі салицилаттардың көлемді дозасын қабылдағанда болады. Салицилаттардың сыртқа бөлінуі бірнеше факторларға байланысты:

-  салицилаттардан уланғанда қан мен ағза тіндерінде қышқылдың көбеюі-гипокалиемиеге әкеледі, әрі бүйрек арқылы салицилаттардың шығуын кемітеді.

- Бауырда салицилат энзимдерінің мол болуы олардың бүйрек арқылы сыртқа шығуын көбейтеді.

Салицилаттардың уытты мөлшері

- 160 мг/кг кадеге асырғанда жеңіл улануға ұшырайды

- 240 мг/кг-орта дәрежеде

- 480 мг/кг-өлім тудырады.

Уланған кездегі клиникалық белгілер. Фосфорландыруды, қышқылдандыру процесінің бұзылуы метаболизмді тездетеді. Ең негізгі оттегін пайдалану көбейеді, содан-қан тамыррының соғуы жиілейді, көмір қышқылы көп жинақталады, өкпе жұмысы артады, дене қызуы көтеріледі, тілдегі глюкоза деңгейі көбейеді. Салицилаттар Кребс циклына кіреді және май мен көмір сутегі айналымын тежейді. Метаболикалық ацидоз туындайды, өйткені органикалық қышқылдар пайда болады. Гипергликемия жиі байқалады. Өйткені олар глюкоза-6-фосфаттаза белсенділігін арттырады, әрі бүйрек глюкогенолизін көбейтеді. Бауыр зақымданады. Сонымен қатар, жүрек айну, құсу, құлақтың шулауы, терең ұйқыға берілу, бағдарлай алмау, тырысу, ессіз күй кешу, судың азаюынан сұйықтықты жоғалту, жүректің тез соғуы, қысымның өзгеруі, глюкоза днңгейінің өзгеруі, ООЖ (церебральді) бұзылуы секілді белгілер білінеді.

Емдеу.Метаболикалық ацидозды түзеу рН 7,2-де 1-1,5 мэкв/л Nа гидрокарбонат 5-10 мл. Гипогликемияда – Кальций глюконаты 5-140 мл. Гипогликемияны емдеу: Глюкоза 50 мл 50% . Тырысуға қарсы қолданулар

 (5 мг қ/т диазепам). Гипопротромбинемияда К витамині.

                    

Димедролдан улану

 

Синонимдер: Aiiedyl, Allthgan, Allergital6 Amidryl, Benadryl, Dimidril.

 Димедрол гистаминге қарсы препараттар тобының негізгі өкілі болып табылады. Препараттардың бұл тобы ағзаның гистаминге реакциясын төмендетеді, әрі Н рецепторларын блокадалайды. Ол гистамин тудыратын тегіс бұлшық ет түйілуін жояды, уақ тамырлардың өтуін төмендетеді, қанда ісінудің дамуынан белгі береді, гистаминннің гипотензиялы әрекетін төмендетеді, аллергиялық реакцияның ағымын жеңілдетіп, дамуынан белгі береді.

Димедролдың гистаминге қарсы әрекетімен бірге басқа да фармакалогиялық қасиеттері бар: тыныштандырады, вегативті жүйке түйінінде жүйкенің қозуына бөгет жасайды, орталық холинолитикалық әсер етуі және қабынуға қарсы қасиеті бар. Сондай-ақ, ол кесілетін жерді жансыздандырады, түйілу пайда болған тегіс бұлшық еттерді босатады, холинорецепторлардың вегативті түйіндерін қоршайды. Димедролдың ерекшелігі оның тыныштандыратындығында, ұйықтататын әсері де жоқ емес. Жүректің айнуын болдырмауға да әсер етеді.

Алғашқы мөлшері - 0,1 г

Тәуліктігі - 0,25 г

Өлтіретін мөлшері - 40мг/кг

Уыттылық концентрациясы – 10 мг/л

Таблетка, дәрі ерітіндісі, майшам түрінде шығарылады, көзге мұрынға тамызатын тамшылар, танауға арналған таяқшалар құрамына кіреді.

Уланудың клиникалық белгілері. Қабылданған кезде ауыз іші жансызданады, тері сүр әрі бозғылт тартады. Қарашық ұлғаяды. Көздің еріксіз жыпылқтауы мүмкін. Клиникалық жағдайды анықтау ООЖ қызметінің өзгеруі, бұл 2 вариантты болуы мүмкін:

1. Психомоторлы қозу

2. Сылбыр, ұйқылы, бұлшық еттерінің босаңсуы.

Осы екі вариантта да бұлшық еттер жиырылып тартылады, айналасын аңғарушылықтан айырылады. Жоғарыдағы жағдайлармен қоса тері гиперемиясы, қозудың көтерілуі, құрғауы, жұтынудың қиындауы, қарашықтың ұлғаюы, жарықты бағдарламау сияқты белгілер байқалады. Қатты уланғанда: есінен айырылып қалып, ессіз күй кешу.

                                      

                                          Анилиннен улану

Синонимдері: CAS 62-53-3 аминобензин, аминофен, бензиномин, цианол, крситаллин, кианол, фениламин.

Анилин қарапайым жағымды иісі бар амин. Тітіркендіретін қасиеті бар.Ол метгемоглобинді, гемолитикалық қаны аздықты, оттегін шығаруды бұзады.

Анилин нитробензолдық сутегімен тездеп қалпына келтіреді, қосылу кезінде, тұз қышқылымен нитробензолдық безді қалпына хлорбензол мен келтіріп, су аммиагінің тез реакцияға түсуі арқылы пайда болады.

Анилин өндірісте, антиоксиданттар, фотохимикатьтар, изоцианаттар, дәрілер, мен ауылшаруашылық химикаттары түрінде қолданылады.

 

Физико-химиялық қасиеті. Анилин тез уландыратын, мөлдір, майлы сұйықтық, ауа мен жарықтың әсерінен қоңыр түске айналады. Ол аминге ұқсас, иісі және ащы дәмі болады. Судан ауыр, дем алған кезде оның буы ауадан ауыр және улы. РН= 8,1, молекулярлы массасы-93,13.

Уытты әсер ету механизмі .

1. Анилин метгемоглобинемияны тудырады, гемоглобин молекуласындағы темір екі валенттінен үш валенттілік жағдайға тлтығады.

2.  Метгемоглобулин оттегін тасымалдай алмайды, сондықтан ағзадағы ауаның жетпеуіне әкеледі.

3. Гемолитикалық қанның азаюынан, Хейнц денешіктері пайда болады.

4. Анилин кілегей қабықтарын тітіркендіреді.

5. Өлікті сойып, тексеру кезінде бүйректер мен бауырдың зақымдалғанын, қуық қабырғаларының тесіліп шіруі байқалған.

Анилин тері өңешті немесе ауыз қуысы арқылы сіңеді. Сіңген анилиннің 90% ағзада қалып қояды. 15-тен 60% -ке дейінгі сіңген анилин метаболизмдері Р аминофенол және глюкуронидті, сульфат коньюгаттары түрінде зәрмен шығады. Анилин бауыр микросомальды ферменттерін аз шығарады. Этанол мен ксенобиотиктерді қабылдау анилин метаболизмінің жылдамдығын төмендетеді. 1% анилин бүйректер арқылы өзгеріссіз сыртқа шығады.

Уланудың клиникалық белгілері. Анилин теріні және кілегей қабықтары мен көзді тітікендіреді. Терінің көгеруі, бас ауырып, айналу, әлсіздік, ұйқышылдық, бағыт-бағдарды жоғалту, терең ұйқыға кетусекілді белгілер білінеді. Гемолитикалық қаны аздық дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүрек, бауыр және бүйректер зақымданады.

Емдеу.

1. Өмірге қажетті ағзаладың қызметін қалпына келтіру (тыныс, қан айналысы, жүйке қызметі)

2. Көз бен теріге әсер еткенде – зақымдалған жерді 15 минут жылы сумен жуу, теріге сабынды пайдалануға болады.

3. Ауыз қуысы арқылы уланғанда қарынды зонд арқылы жуу, белсенді көмір, метгемоглобулинемияны емдеу (1-2 мг/кг 1% метил ерітіндісін жайлап қан тамырға жібереді).

 

                                             Стрихнин

 Табиғатта Strychnos nux vomica ағашының дәнінде кездесетін алколоид, 16 ғасырда қолданылатын уыттылығы күшті родентицид. Стрихнин дәмсіз, түссіз кристалл, ащы,жағымсыз дәмі бар ақ ұнтақ, ІҚЖ арқылы не мұрындағы кілегейлер арқылы сіңеді.

Белгілері 15-20 минуттан кейін ішке түскен соң білінеді мазасыздық, үрей, қорқыныш, тырысу (жұлқу), түйілу (экстензорспазм), дененің артқа қарай сіресіп дірілдеуі, жақтың қарысуы (ұрттағы бұлшық еттердің қызметінің төмендеуі, бет-әлпетінің өзгеруі, діріл, мидың салдануы).

Емдеу- белсенді көмір, бензодиазепиндер, фенобарбиталар және тырысуды бақылау үшін жүйке бұлшық еттерді бөлуді қамтиды.

 

Өзіндік зеттеу сұрақтары

1. Жануарлардың фосфорорганикалық қосылыстардан улануы.

2. Фосфорорганикалық қосылыстардың жанасып әсер ететін препараттарына сипаттама.

3. Фосфорорганикалық қосылыстардың жүйелі әсер ететін препараттарына сипаттама.

4. Фосфорорганикалық қосылыстардан улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

5. Фосфорорганикалық қосылыстарды анықтаудың қандай әдістері бар?

6. Жануарлардың хлорорганикалық қосылыстардан улануы.

7. Хлорорганикалық қосылыстардың химиялық құрамына байланысты жіктелуі

8. Хлорорганикалық қосылыстардан улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

9. Нитраттар мен нитриттерден улану. Нитраттарды анықтау әдістері.

10. Жануарлардың ас тұзынан улануы. Ас тұзын анықтау әдістері.

11. Дәрілік заттардан уланудың жалпы сипаттамасы.

12. Азот қосылыстарының жалпы сипаттамасы.

13. Мочевинадан улану, анықтау әдістері.

14. Зооцидтер мен гербицидтер токсикологиясы.

15. Фенол қосылыстарынан улану, анықтау әдістарі.

16. Минерал тектес улардан улану.

17. Ауыр металл тұздарынан улану.

18. Мышьяк препараттарының токсикологиясы.

19. Карбаматтардан улану.

21. Триазин туындыларына сипаттама.

 


Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 98; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!