Тематика курсовых работ предусмотрено 6 страница
Екінші атқарым – бұл маманның атқарымы, ол серіктестің мінез-құлқынан нақтылы бір нәсені күтеді, ал, олар керісінше серіктестің мінез-құлқын танып біледі. Ұжымдағы атқарымдық рөлдер қызметтік нұсқаулармен бекітіледі, онда оның міндеттері, құқығы, жұмысшының жауапкершілігі, ұжымның басқа жұмысшыларымен қарым қатынасы, сонымен қатар оның кәсіби біліктілігіне талаптар көрсетілген.
Сонымен бірге қызметтік нұсқаулар жұмыскердің дербестік дәрежесін, шығармашылық және бастамаларды бастауға мүмкіндігін қалыптастырады. Сайып келгенде, қызметкердiң кәсiби рөлi мен жүйесі олардың арасындағы бiрнеше элементтерден және құрылымдық өзара байланыстардан тұрады. Бұл рөлдiк қатынастар, рөлдiк күтулер, орындамау немесе лайықсыз орындау жағдайындағы рөлдiк мiнез-құлық, санкцияның рөлдiк мiнез-құлықы, бағалары. Үйрену үдерісінде келешек маманды қалыптастыру үшiн адамдар бiр рөлдi тең жағдайда орындай алмайтынын түсiндiруге мүмкiндiк берген имидж үлгiсiнiң элементiнiң ерекшелiгiн анықтау керек. Мұндай элемент «рөлдi мiнез-құлық» ұғым болып табылады.
Рөлдi мiнез-құлық атқарымы екi айнымалы сияқты жүзеге асырылады: әлеуметтiк рөлмен және жеке «Мен». Адам өз рөлiн қабiлеттiлiктерне, темпераментіне, мәдениетінің деңгейi және бiлiмiне байланысты жеке-жеке орындайды. Биiк деңгейлі маманының рөлiн табысты орындау бiлiмді және ресми ұйғарымдардың түсiнуiнде ғана емес, әлеуметтiк-психологиялық дайындық сонымен бiрге осы рөл, оның құқығы және мiндетпен қабылданатындығы және оның орындауымен қамтамасыз етуіне негiзделедi. Осы жағдайдағы ресми рөлдi ұйғарымдар тиiстi iшкi ниеттерге байланысты. Мұндай кәсiби талаптанулар жауапкершiлiк, деңгей, мiнез-құлықтың ерекшелiктерi еңбекпен кәсiби мүдделер, өз жұмысының өздiгiнен бағасы, қанағаттылықты қамтып көрсететiн рөлдi мiнез-құлықтың жеке стильi осыған байланысты iстеп шығарылады.
Рөлдi мiнез-құлықтың құрылымы рөлдi меңгеру, субъекттiң сезiмі, өздiк бағасына психоэмоциялық әсер үшiн шарттард жасау, сыртқы себептер және негiзгiсi ресми ұйғарымдардың бiлiм және түсiнулерi болып табылған iшкi шарттар, психологиялық дайындығы бар жауапты қызметкердiң рөлiн қабылдаумен анықталады.
Рөлдi мiнез-құлық - мiнез-құлықтың жеке стильiнiң элементтерiнен тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1. «қызметтік имидж» және «тұлғалық имидж» болып бөлінген категорияларын қарастыру;
2. Адам мiнез-құлқына ықпал ететiн әр түрлi себептердiң байланысын қарастыру;
3. Рөлдi мiнез-құлық атқарымы белгілерін қарастыру;
4. психоанализ жүйке жүйесі ауыратындарды емдеу әдісіне ттолық мәлімет беру.
Әдебиет:
- Г.Почепцов. Имиджелогия. - 5-е изд. - Рефл-бук.Ваклер- 2006 -516 6.
- Бураканова Г., Изтелеуова Л. Имиджелогия: Учебн. Пособие.- Астана: Изд. КазУЭФМТ, 2011.-145 с.
3. Базарова Б. Имидж түсінігі, құрылымы және оның түрлері//ҚазҰУ Хабаршысы, Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы, 2010.- №2.- 67-71 б.
№ 6 Дәріс. Болашақ маманның ойлау қабілетінің қалыптасуы
Мақсаты: Маман имиджінің мазмұны және құрылымы
Жоспар:
1. Ойлану. Теориялық ойлану. Ойланудың басты мақсаты.
- Аналитиктік ойлану. Интуитивтік ойлану. Практикалық (нақтылы-қимылдық) ойлану. Нақтылы-бейне немесе көркемдік ойлану.
- Психоэмоциялық әсер. Психологиялық дайындық.
- Техникалық қызмет атқару үдерісі.
* Түйін сөздер: Ойлау қабілеті, теориялық ойлану, интуитивтік және аналитикалық (логикалық) ойлану, маманның имиджі, имидж жүйесінің элементтері, оң имиджды, өзіндік таным, сана, этикет.
Ойлау қабілетінің қалыптасу қажеттілігі оның талдаулық мазмұнын болжайды.Философиялық термин «ойлау» кең ауқымды санаттарды ашады: «cана-сезім», «рухани сезім», өте оңды жоғарғы үлгіде нақты бейнеленеді және адамның білу қабілетінің тарихи үдерісі кезінде адамның тума ретінде белгісі болып келеді. Психологияда тұжырым адамның жеке сана-сезіміне ауысып оның қабілеттері тиімді қойылып, мақсатына жетеді. Философиялық тұрғыда ой – соңғы нәтиже болып адам еңбегінде психологияны қызықтырып адамның жоғарғы тұрғыда белсенді субьектісінің үдерісі ретінде табиғи көңіл - күйінің белгісі болып келеді.
Философиялық түбірмен психологиялық білім еңбегінің нәтижесінде, сапаның талдауы-өте жоғарғы тұрғыда абстрактылы болуы мүмкін. Ең алдымен, ойлану-атрибутты және жоғарғы құрылым формасының бейнесі ретінде субьектінің белсенді түсінуі. Оның көрсетілімі ретінде бейне мен жоғарғы тұрғыда тұрақтылық, өте тиімді түрде ішкі тіршілік тұрақтылығы, құрылым логикалық заңдылықтарынының шығармашылық бейнесі және адамның шынайы қалыптасуы қажет. Ойлану нәтижесі шындық субьектіде кейде болмауы мүмкін және ол шығармашылық мінездің «өмір бейнесі және оның жасампазы» ретінде көрсетілім туғызады. Оны келесі тұжырымдама ретінде түсінуге болады: жаңа білім құрылымын алу, көзқарастың шығармашылығының көрінісінің өзгеруін жаңарту. Ойлану - жан дүниенің қозғалысы, заттың шын мәнінде есігін ашушы. Оның қорытындысы болып ой, сана белгіленеді. Ойлаудың төл нәтижесі болып жалпыға ортақ әрекеттер және оның ең көрнекті белгілері жұрт алдында сөйлеуі жатады.
Ойлану - өзі бір қалыпты емес, оның түрлеріне ой-пікір айту және логикалық ойлану жатады. Жоғарыда айтылған ойлау қабілеті логикалық конструкция, тіл тұрғысында функционалдылығы бар конструкция сияқты түсініктеме береді.Ой көрсетілімінің басты белгісі-шешімнің қозғалу актісін шынайы мезгілдің көмегімен көру. Жеке түрі болып айқын бейнелеу ойлары белгіленеді. Оның функциялары жағдайды көрсетумен, өзгерістермен адамның қаруларын өз ісінде жүзеге асырып, нәтиже алумен байланысты. Тұлға ойлауының көмегімен толық, жан - жақты фактілік мінездеме туындайды. Оның басты ерекшеліктері үйреншіксіз, ойда-жоқта туындайтын заттарға байланысты.Бейнелік ойлаудың көмегімен тұлға толық, жан-жақты фактілік мінездеме тудырып, оның басты ерекшеліктеріне, құрамына байланысты қалыптасады.
Қаншалықты ойлау үдерісі адамның түсінігінде мінездеме болып келсе, философиялық, сапалы, жеке кәсіби тұрғыда адамды әр салада көрсету қасиеттері бар. Егерде тарихи-қоғамдық адам тәжірибесіндегі тұрақты формаларын қарайтын болсақ, ол барлық ойлау қабілетінің белсенділігін жазу оңай шаруа емес екендігін түсінуге болады. Түбірлі бөліну түріне оның қолдануымен, шешуін тапқан тапсырмалар, уақытпен ой белсенділігінің үдерісі, оның ішкі және сыртқы қағидалары, алгоритмдік ерекшеліктері жатады.. Теориялық ойлану дегеніміз - заңдарды, ережелерді, принциптерді білу. Ойланудың басты мақсаты - физикалық құрылым, яғни шынайы өмірге дайындау, мақсат қою, жоспар құру, жоба, схема жасау. Практикалық ойланудың бір ерекшелігі, ол қатал түрде уақыттың жетіспеушілігінен ашылады. Практикалық ойлануда тексерудің шектелген ерекшелігі гипотез болып табылады. Теориялық ойлануға қарағанда, практикалық ойлану өте қиын, яғни карама-қайшы, сана - сезімге қабылдауы қиын. Теориялық ойлануда келесідей қағидаларды пайдаланады: ойлану, іс жүргізілгенде мінез-құлықты жетілдіріп байыту, бір жағдайда ғылыми түсінік, ал басқа жағдайда тіршілік, яғни ситуативтік қабылдау.
Интуитивтік және аналитиктік (логикалық) ойланудың үш қағидалық айырмашылығы бар. Субьектінің ойлану үдерісінің барысындағы уақытты мойындау ( немесе мойындамау) оның қағидаларымен бөлшектенуіне әкелуі мүмкін. Аналитиктік ойлану уақытпен ашыла береді және оның әр кезегі болады, яғни ол бірнеше адамдардың ойлану деңгейінде сезімін көрсетеді. Интуитивтік ойлану- тез өтумен сипатталады және оның кезеңдері болмайды.
Бөлудің тағы да бір ең маңызды түрлері бар. Олар: шынайы ойлану және ауысу. Біріншісі шынайы өмірді логикалық заңдармен бағыт беру, екіншісі арманның шынайы тіршілікке берілуі, мақсатқа ұмтылуы, жетістікке жету. Нәтижелі және жетістік ойлану «Нәтиженің субьектіге байланысты білімінің ойлану барысындағы жаңа жетістігі» тұжырымдамасынан шыққан. Теориялық және практикалық, нақтылы-бейнелік және абстрактылық ойлану.
Практикалық (нақтылы-қимылдық) ойлану Л. С. Выготскийдің түсініктемесі бойынша, нақтылы тапсырмаға бағытталған конструктивтік, ұйымдастыру және ұйымдастырушылық адам тіршілігінде келеді. Практикалық ойлану-бұл ең басымен техникалық, конструктивтік бейне, адам миындағы еңбек операциясы. Ол адамның техниканы түсіну және техникалық тапсырмаларды шешуінен құралады. Техникалық қызмет атқару үдерісі дегеніміз- ақыл-ой және практикалық тұжырым бірлігі. Қиын элементтер абстрактылық ойланудың қимылымен шиеленісіп жатады және өзара байланысты болады. Мінездеме ерекшеліктері: нақтылы-ұйымдық ойланудың айқын байқау бейнесі, бөлшектерге назар аударуы, ерекше пайдалана білуі нақтылы жағдайдағы арадағы бейнені, схеманы және ойлау мен қимылдан керісінше тез өтуін көрсетуі болып келеді. Дәл осы ойлану үдерісі үлкен өлшемде оймен еркіндікті көрсетеді.
Нақтылы-бейне немесе көркемдік ойлану назарсыз қалған эмоционалдық-сезімділікті қосумен, адам көрсететін нақтылы ой бейнесін бүтін көрінуімен, обьектінің бүтіндей қосылуымен, бірлікпен, негізгі белгілермен, психологиялық қабылдау механизмінің үдерісімен негізге кіруімен мінезделеді. Абстрактылық, теориялық ойлану жалпы байланыс және қарым-қатынасты көрсетеді. Ол ең алдымен кең категорияларға сүйенеді, ал бейнелер, көрсетілімнің көмекші рөлін атқарады.
Ойланудың үш түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Көп адамдарда нақтылы-қимылдық, нақтылы-бейнелік және теориялық ойлану біркелкі өскен. Тапсырма шешуіне байланысты жоспарға бірінші болып біріншісі, немесе басқасы, немесе үшіншісі дамып, меңгерудің жұмысында қойылады.
Мәселенің шешілуі тек қана үш аспектінің ой белсенділігі арқылы ғана болуы мүмкін. Сезімдік, реттік, стратегиялық ойлану өзін-өзі біркелкі білдіреді. Егер оларды тиянақты дұрыстап қарасақ. Сезімдік ойлану- қадамдарды, істі және шешімді табудың әр кезде түсінікті екендігін көрсетеді. Шешімнің кенеттен басқа келуі, тек ойдың көзі ашылуында ғана мүмкін. Субьектіге дұрыс шешімге келу маңызды тапсырманы шешуі үшін, шешімнің алгоритмдік ізімен жүруі маңызды емес.
Реттік ойланудың мәнін шешу бірқатар қадамның басуында, рет-ретімен тапсырманы, мәселені шешуінде, олардың түрлерін өзгертуінде, жеңілдендіруінде, қателерін түзетуде, жаңа ойлар ойлауында болып келеді. Реттік қадамдар бірінен соң бірі, рет – ретімен орындалады және белгілі бір алгоритмдік жүйеге сүйенеді.
Стратегиялық ойлануда ең маңыздысы болып, кең таралған қадамның мақсаттары шектеліп белгіленеді. Ойлау үдерісінің мақсаты шешім табуда емес, жоспар құру тәртібінде, жетістікке жетуінде.
Логикалық ойлану адам интеллектінің көмекшісі, бір бөлігі. Шығармашылық ойлануда жарқ еткен қараңғыдағы отпен тең. Ұлы ойлар әр түрлі әдістермен туындайды. Кейде олар кенеттен басына дайын түрде, қосымша дайындықсыз келеді. Көбінесе барлық ойлаулардың соңғы формасы «сезім-ойға» қарағанда үлкен еңбек нәтижесінде келеді. Қандайда болсын тума ойдың бірі белгілі болып келеді және ми оларды тиянақты немес тиянақсыз дамытып, толық сыртқа жетілдіріп шығаруы қажет. Ойлану-иерархиялық құрылым бойынша санаға сүйенеді.
Мәнді ойлануға қарағанда - бұл сапасы жағынан басқа үдеріс, бірақ ол бастапқыларға қарағанда бөлек психологиялық үдеріс ретінде үзілмеуі тиіс. Басқаша айтқанда, тиянақсыз және тиянақты ойлардан нақты ойға дейін «көпір» болуы тиіс.
Бұл өту түсінуге дейінгі ойлану болып келеді. Оның ерекшеліктерін толығымен Ж. Пиаже қарастырған. Ол әр түрлі ойлардың ерекшеліктерін қарастырып көрсеткен. Түсінуге дейінгі ойланудың логикалық құрылымы жоқ және заттар мен көріністердің қарым-қатынас тәжірибесі бар. Ж.Пиаженің есептеуінше ойланудың дамуы-құрылым операциясының даму нәтижесі, яғни логикалық дамуының заттарымен қарым-қатынасы және практикалық тәжірибе өзгерісімен дамып ойлануына әкеліп соғады.
Талдаулық негізде түсінуге дейінгі және түсіну ойларынан нақты үдеріс принципі негізінде ұйымның ойлану процесі - бұл психикалық құрылым және символдық нақты сөйлеу тілдерінің көрнекті бейнесі. Егер символикалық бейнелеу болса, бұл үдеріс бір жағдайда түсінумен, басқа жағдайда, баста туындаған ой актісімен белгіленеді.
Кенеттен пайда болған мәселенің ойлау шешімін кейде интуиция деп атайды. Ойлауға қарағанда, интуицияны үдеріс деп атауға болмайды. Ол бірмезгілдік акт, себебі, сезгіштік шешім арқылы сананы бақылауға болмайды. Дәлелді іздеудің сезгіштік шешімінің дұрыстығы ойдың көмегімен іске асырылады.
Соңғы жылдарда әдебиетте көптеген шығармашылық жұмыстар туындады. Оларда автор тек халықтың ғана сана-сезімін белгілемеген, олардың арнайы политикалық және экономикалық, инженерлік, экологиялық ойларын белгілеген. Біздің көз-қарасымыз бойынша, «стильдік ойлану» түсінігін енгізу қажеттілігі қарастырылады. Бұл мақсат және нәтиже кәсіби имиджде әлеуметтік топтағы тұлғаның құрылымының ерекше әлеуметтік функциясын орындайды. Стильдік ойлану нақты категориядағы «идеалды ойлау» атрибуттылығын әлеуметтік қоғам құрылымында белгіленеді. Стильдік ойлану дамуы мен шығуына байланысты бірнеше сатылардан құралады. Ойлау үлгісін құру сатысында бейне және өрнек тәртібі кезінде бағытталған тиісті нәтижені іске асыру, мобильді шығармашылық стильдің, стильдік ойлаудың қажет функциясының шешімін атқарады және таңдау жүйесіне өтеді. Талдауды интегралды құру сатысында таңдалған мақсаттағы бейненің ойы қойылған мақсаттың технологиялық жетістіктерін ашады. Жетістікке жету сатысы саналы және тиянақсыз түрлерді қамтып, іске асырудың механизмін іздеп, жобалық нәтижені меңгереді. «Көз ашу», «құрылым» немесе ой шешімдері күтпеген жерден кенеттен келеді. Оның табиғатының детерминдік бейнесі болмайды. Ол, шығармашылық сияқты жоғарғы ойлау белсенділігімен, интеллектуалды шабуылмен, үзіліс дәрежесімен, бірігушілік және интуитивтік және рационалдық күреспен, эмоционалды сезгіштікпен, эстетикалық адамгершілікті уайымдауымен ерекшеленеді. Орындаушы сатыда стильдік ойлану имидждің ойлау бейнесінің шынайы іске асыру үдерісін қарастырады және нақты идеалды тұрғыда имиджді практикада жетістікке жеткен бейне ретінде бақылайды.
Дата добавления: 2022-01-22; просмотров: 18; Мы поможем в написании вашей работы! |
Мы поможем в написании ваших работ!
