КБР (комплемент байланыстыру реакциясы) ( РСК)



Болжам агглютинация реакциясы.

 

Жүргізу қадамдары
1 Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Қажетті жабдықтарды таңдап алу: 1.1. заттық әйнекше. 1.2. 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысу. 1.3. физиологиялық ертінді. 1.4. қиғаш агардағы таза дақыл. 1.5. бактериологиялық ілмек. 1.6. от көзі (спиртовка). 1.7. заттық әйнекшелер қойылатын тұғыр (подставка). 1.8.дәкелі салфетка 1.9. пастер түтікшесі Заттық әйнекшені салфеткамен сүрту.
2 Әйнекшенің бір шетіне бақылау үшін физиологиялық ертінді тамызу. Әйнекшенің екінші шетіне 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысуды тамызу.
3 Бактериологиялық ілмекті әр зерттеу материалын алар алдында өңдеу.
4 Әр бір тамшыға өңделген бактериологиялық ілмекпен бактериялық гомогенді жүзгін пайда болғанша микроб дақылының шамалы мөлшерін араластыру.
5 Егер реакция оң болса бірнеше минуттан кейін тәжірибелік тамшыда бактериялар бір-бірімен жабысып түйіршіктену басталады, оны әйнекшені шамалы шайқап жылдамдатуға болады. Бақылау тамшы біркелкі лайланған күйінде қалады. Нәтижесін қорытындылаңыз.

 

 

ГАР (гемагглютинация реакциясы)

Жүргізу қадамдары
1 Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Қажетті жабдықтарды толығымен атау  
2 ГАР – ы ойшықтары бар арнайы пластмасс планшеттерде қойылады.
3 планшеттің 6 ойшығына 1:10 – нан 1:320 – ға дейін вирусты сұйылтамыз. 7-ойшықша бақылау эритроцит.
4 Барлық ойшықтарға 0,5 мл-ден 1% тауық эритроциттерінің жүзгінін (взвесь) құямыз. Планшетті бөлме температурсында 30 минутқа қалдырамыз.
5 Реакция нәтижесін 30 минуттан кейін оқимыз. Бақылау ойшығында эритроциттер айналасы тегіс «түйме» тәріздес тұнба түзеді. Реакция оң нәтижелі болған жағдайда ойшықтардың түбінде айналасы бұдырланған «қол шатырына» ұқсас тұнба пайда болады. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз

 

Антиденелерді табу үшін қолданылатын( гемагглютинациялық

Тежеу) реакция ГАТР-РТГА

Жүргізу қадамдары
1 Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Бұл реакция науқастың қан сарысуындағы антиденелерді анықтау үшін қолданылады. Қажетті жабдықтарды толығымен атау
2 Планшетканың ойшықтарында науқастан алынған қан сарысуын 1:10 – нан 1:320- ға дейін сұйылтады.
3 Ойшықтардың бәріне 0,25 мл-ден сол ауруға сәйкес типтік вирустық диагностикум қосады. Содан кейін оларға 0,5 мл-ден 1%-ды тауық эритроциттерінің жүзгінің (взвесь) қосады. Үш бақылау қойылады: 1. Сарысуды бақылау (CБ) – сарысу + эритроциттер 2. Вирусты бақылау (ВБ)- вирус + эритроциттер 3. Эритроцитті бақылау (ЭБ) – физ.ерітінді + эритроциттер Бөлме температурада 45 мин. ұстағаннан кейін реакция нәтижесін тіркейді.
3 Егер реакция оң болса тиісті титріне сай тәжірибелік ойшықтарда (антиденелердің мөлшері жеткенше дейінгі) «түйме» тәріздес тұнба түзіледі. ВБ – айнала шеті бұдыр (қолшатырына ұқсас) тұнба, ЭБ - «түйме» тәріздес (айналасы тегіс) тұнба, СБ – «түйме» тәріздес (айналасы тегіс) тұнба пайда болады.
4  
5 Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 

Тұмау вирусының типін анықтау үшін қолданылатын (гемагглютинациялық

Тежеу) реакция ГАТР - РТГА

Жүргізу қадамдары
1 Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Тұмау вирусының типін анықтау үшін қолданылатын (гемагглютинациялық тежеу) реакция ГАТР - РТГА -толығымен түсінік беру Қажетті жабдықтарды толығымен атау  
2 Пластмассалы планшеттің 5 ойшығына 0,25 мл-ден құрамында вирусы бар материал құйылады, ойшықтардың әр қайсысына тұмау вирусына қарсы типтік А0; А1; А2; В; С сарысулар қосылады
3 Содан кейін әрбір ойшыққа 0,5 мл-ден 1% тауық эритроциттерінің жүзгінін қосады. Планшетті 1 сағат уақыт бөлме температурада ұстайды.
4 Тұмау вирусы «түйме» тәріздес тұнба пайда болған сарысу типіне жатады.
5 Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз

 

ЖГАР (жанама гемагглютинация реакциясы) ( РНГА)

Жүргізу қадамдары
1 ЖГАР -реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Антиденені анықтау мақсатында қойылатын ЖГАР –толығымен түсінік беру Қажетті жабдықтарды толығымен атау
2 Полистиролды планшеттің ойшықтарының қатарына (5) 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді құйып шығады. Содан кейін 1-ші ойшыққа 1:25 есе сұйытылған 0,5 мл зерттелетін сарысу құйады да, одан кейін ойшықтан ойшыққа 0,5мл-ден ауыстырып екі еселенген сұйытулар жасалынады. 1:50 ден 1:800 ге дейінгі сұйылту жасаймыз.
3 Осындай сұйылтылған сарысуға 0,1мл эритроцитарлық диагностикум қосылады. Реакцияға 2 бақылау қойылады: 1. АБ-антигенді бақылау (қолшатыр) – физиологиялық ерітінді +антиген. 2. СБ-сарысуды бақылау(түйме) - физиологиялық ерітінді +сарысу 3. Планшетті 370С температурада 2 сағатқа термостатқа қояды.
4 Егер реакция оң болса ойшықтарда «түйме» тәріздес тұнба түзіледі, тәріздес «қолшатырына» ұқсас тұнба түзіледі.  
5 Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 

 

Сақиналы преципитация реакциясы.

 

Жүргізу қадамдары
1 Сақиналы преципитация реакциясы - қойылу мақсаты анықтамасы Преципитация дегеніміз – құрамында антиден бар (преципитин) иммундық сарысумен әсер еткенде ерітіндіден антигендердің (преципитогеннің) тұнбаға түсуі құбылысы. Қажетті жабдықтарды толығымен жинап алу.
2 Преципитациялық пробиркаға преципитациялаушы сарысу құяды, содан кейін пробирка қабырғасымен сызаттан ағызып преципитиноген құяды.
3 Реакция нәтижесі оң болғанда екі сұйықтық шекарасында күңгірт сақина (преципитат) пайда болады. Осыған байланысты бұл реакцияны сақиналы преципитация деп аталады.
4 Қойылатын шарт – міндетті түрде антиген және антидене мөлдір болу керек. Олай болмаса реакция нәтижесі айқын болмайды.
5 Реакция жоғары сезімталдығымен және арнайлығымен сипатталады. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 

 

КБР (комплемент байланыстыру реакциясы) ( РСК)

Жүргізу қадамдары
1 КБР -реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Қажетті жабдықтарды толығымен атау
2 КБР негізгі екі кезеңмен жүргізіледі: I –этап 1-пробирка: (тәжірибелік) антиген және антидене өзара байланысып комплементті қосып алады (байланыстырады). 2 - (Бақылау Антиген) және 3 - (Бақылау Сарысу ) пробиркаларда байланысу болмайды, себебі олар бақылау пробиркалары болып табылады да оларда қосылатын заттардың бірі болмайды (оларда антиген немесе антидене жоқ).  
3 II – этап комплемент қандай жағдайда екенін (байланысты ма, әлде бос қалды ма) анықтау үшін гемолитикалық жүйені (гемолитикалық сарысу + қойдың эритроциті).қосамыз.
4 Реакция оң нәтижелі болған жағдайда тәжірибелік пробиркаларда гемолиз болмайды, себебі бос комплемент жоқ. Бақылау пробиркаларында гемолиз болады, өйткені бос комплементтің қатысуымен гемолитикалық сарысу эритроциттерді гемолиздейді.
5 Реакция теріс нәтижелі болса, барлық пробиркаларда гемолиз болады. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 

Күл (дифтерия) бактериясының токсигенділігін анықтау.

 

Жүргізу қадамдары
1 Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Қажетті жабдықтарды толығымен атау. Токсигенді бактериялар- бұлар экзотоксин бөлетін бактериялар.Токсигенділікті анықтау үшін агардағы диффузия тәсілін қолданамыз.
2 Петри табақшадағы қоректік ортаның дәл ортасына алдын-ала дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысу сіңірілген сорғыш қағазды қоямыз.
3 Сорғыш қағаздың екі жағына науқастан алынған дақылды шамалы қашықтықта ілмекпен түйіндақ тәрізді себінді жасаймыз. Табақшаларды термостатқа 24 сағатқа 370С-қа қояды.
4 1 тәуліктен кейін нәтижесін байқайды: Экзотоксин мен антитоксит қосылған жерінде преципитация сызығы (немесе мұртша) пайда болады (егер сыналатын штамдар токсин түзетін болса). Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы болады.  
5 Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 

Полиомиелит вирусының типін анықтау үшін қолданылатын түсті реакция

Жүргізу қадамдары
1 Түсті реакция - тіндік дақылдың жасушаларының өсіп-өнуі кезінде метаболизм үрдісінің нәтижесінде қышқыл өнімдер бөлініп, қоректік ортаның pH – ының өзгертуіне негізделген. Оны қоректік ортаның құрамындағы индикатор фенол-қызылының түсінің өзгеруіне қарай анықтайды. Қышқыл ортада фенолрот өзгеріп, орта сары түске боялады. Тіндік дақылдың жасушаларын вирус зақымдаған жағдайда (метаболизм тоқтағандықтан) ортаның түсі қызыл болады (өзгермейді). Қажетті жабдықтарды толығымен атау.
2 Тіндік дақылдың жасушалары бар 3 пробиркаға 0,25 мл-ден вирусы бар материал енгіземіз.
3 Әр пробиркаға 0.25 мл-ден тиісті полиомиелит вирусының типтеріне (I,II.III) сәйкес cарысуды құйып шығамыз.
4 Бетіне 0,6 мл-ден вазелин майын құямыз. Термостатта 48-72 сағат (37°С) инкубациялаймыз.
5 Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

 


Дата добавления: 2023-01-08; просмотров: 79; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!