РАДИОНУКЛИДЫ: ИСТОЧНИКМИ И ПУТИ ПОСТУПЛЕНИЯ В ОРГАНИЗМ ЧЕЛОВЕКА



Дәріс 9 Тақырып: Азық-түлік шикізат өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануы және оның қауіптілігі. Радионуклидтердің организмге түсу жолдары. Радиацияға қарсы қорғаныс жолдары және олардан қорғайтын заттар. Организмнен радионуклеидтерді шығаруға көмектесетін өнімдер.      Сабақтың мақсаты: Азық-түлік шикізат өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануы және оның қауіптілігі. Радионуклидтердің организмге түсу жолдары және адам организміне кері әсеріне тоқталу. Қарастырылатын сұрақтар: 1. Азық-түлік шикізат өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануы және оның қауіптілігі. 2. Радионуклидтердің организмге түсу жолдары. 3. Радиацияның туындауы және тағм өнімдеріне әсері және одан қорғану жолдары.    Қазақстан радиоэкологиялық жағдайы өте қауіпті елдер қатарына жатады. Бұл атом өндірісі дамуына байланысты. Елімізде радиоактивті шикізатты барлау, өңдеу, байыту жұмыстары жүргізіледі, радиоактивті шикізат энергетикада, өндірісте, медицинада және басқа бағыттарда қолданады.    Қазақстан территориясының әр бөлігінде уранды аймақ және көптеген ұсақ кен орындары мен уранды белгісі бар жоғары радиоактивті тау жыныстары кездеседі. Қазақстанда радиациялық жағдайдың радиоактивті ластануының бірнеше себептері бар: Семей полигонында ядролық қаруларды, Капустин Яр полигонында әскери қаруларды сынау, сондай-ақ халық шаруашылық мақсатында Республиканың басқа территорияларындағы ядролық жарылыстар уран және сирек кездесетін металдар өндіру нәтижесінде радиациялық жағдай туындауда. Қазақстан территориясының 13% радиациялық қауіпті жерлерге жатады. Оның ауданы 350 мың км2 Семей полигонынан 19 есе үлкен. Қазақстан территориясының 30%-ы радиациялық газ - радонмен ластануы мүмкін деген болжам бар. Бұл адам денсаулығына өте қауіпті. Өйткені қазақ жерінде әскери-полигон болмаған жер аз кездеседі. Атырау облысының Қаракөл-Шонай жеріндегі, Абыралы қойнауының жазық даласындағы Семей полигоны, Маңғыстау түбегіндегі полигон. 1946 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстанның территориясында 642 термоядролық атом, сутек бомбалары сынаудан өткен. Радионуклидтермен ластанған суларды ауыз суға, тұрмыстық қажеттіліктерге қолдану зияндылығын ұғына отырып, радиациялық қалыпты жағдай жан-жақты терең зерттеулерді қажет етеді.    Радиоактивті элементтер табиғатта қоректік тізбек арқылы (өсімдіктерден жануарларға) адам ағзасына түсіп, жеке ұлпаларында жинақталады. Тірі организм үшін ең қауіптілері 90Sr, 137Cs, Cs 131 изотоптары.        90Sr изотпы - химиялық табиғаты бойынша кальциге жақын болғандықтан сүйек ұлпаларына оңай түсіп, жинақталады. 137Cs изотопы – калийдің орнын басып, бұлшық ет ұлпаларында, ал Cs 131 изотопы қалқанша безінде жиналады.      Кесте. Биологиялық әсері бойынша радионуклидтердің жіктелуі топтар Биологиялық әсер көрсеткіші бойынша радионуклидтердің сыныбы Радионуклидтер А Радиациялық уыттылығы өте жоғары 210Pb, 210Po, 226Ra, 232U, 238Pu Б Радиациялық уыттылығы жоғары 106Ru, 131I, 144Ce, 210Bi, 234Th В Радиациялық уыттылығы орташа 22Na, 32P, 35S, 137Cs Г Радиациялық уыттылығы төмен 7Be, 14C, 51Cr, 64Cu Д Радиациялық уыттылығы өте төмен Тритий және оның туындылары   Қоршаған ортаның ластануы радионуклидтердің концентрациясы бойынша ғана емес, иондаушы сәулеленудің әсері бойынша да жүреді. Өйткені, радиоактивті ыдырау кезінде орасан зор энергия бөлінеді. Радиоактивті сәулеленудің биологиялық әсері күрделі, толық анықталмаған. Тірі жасушалар қоршаған ортадағы ионданған сәулелерді сіңіру барысында жасуша құрылымындағы атомдар мен молекулалардың байланыстары бұзылып, химиялық қосылыстардың өзгеріске ұшырауының нәтижесінде нуклеин қышқылдары мен ақуыздар синтезі бұзылады да, мутагендік әсер көрсетеді. Радиацияның көздері.Тірі ағзаларға үнемі әсер ететін Жерден және ғарыштан таралатын иондаушы сәулелерді радиациялық рең деп атайды. Радиациялық реңдер екіге жіктеледі. Біріншісі, табиғи радиациялық рең; екіншісі жасанды радиациялық рең.   Табиғи радиациялық реңге Жердің табиғи радионуклидтердің сәулеленуі және ғарыштық сәулелер кіреді. Табиғи радиациялық реңді қалыптастыратын иондаушы сәулелердің көздеріне: құрылыс материалдарының құрамына кіретін немесе пайдалы қазбаларымен бірге жердің бетіне шығарылған табиғи радионуклидтердің сәулеленуі жатады. Жасанды радиациялық рең – уран мен плутоний ядроларының ыдырау нәтижесінде пайда болатын жасанды радионуклидтер арқылы қоршаған ортаның ластануы.   Тұрғындардың табиғи көздерден алынатын жылдық әсерлі эквивалентті дозаның 80%-ы тамақпен, су және ауа арқылы ағзаға түсетін жердегі радионуклидтерге келеді. Жерде кездесетін басты радионуклидтер – калий-40, рубидий-87, уран-238 және торий-232-ден басталатын екі радиобелсенді топтарының мүшелері. Табиғи радиация көздерінің арасында ең көп кездесетін радон газы, радон-220 түрінде, уран-238 ыдырау өнімдерінің тізбегінде торий-232 және радон-222 қатарында пайда болатын. Радон ауадан 7,5есе ауыр болады, өкпеден тез шығады. Сондықтан радонның өзіндік зияны аз болғанымен, бірақ ыдырау өнімдері шаңға, темекі түтініне және басқа да ұсақ бөлшектерге түсіп, тыныс алу жолдарында қалып қояды. Радонның ыдырау өнімдері арасында ең қауіптілері – полоний-218 және полоний-214. Радиоактивті ыдыраудың ең басты түрлері: альфа-ыдырау, бета ыдырау, электрондық қармау және ядроның өздігімен бөлінуі. Альфа ыдырау өздігінен болатын радиоактивтік ыдырау. Альфа ыдырау процесінің нәтижесінде бастапқы ядродан электр заряды (Z) 2-ге тең, ал массалық саны (А) 4-ке кеміген жаңа ядро, яғни жаңа химиялық элемент пайда болады. Бета ыдырау – радиоактивтік ыдырау кезінде атом ядросынан электронның немесе позитронның бөлініп шығуы. Бұл процестің нәтижесінде бастапқы ядродан заряды 1-ге тең санға өзгерген жаңа ядро пайда болады. Альфа және бета ыдыраудың нәтижесінде иондалатын сәулелену пайда болады. Альфа, бета және гамма сәулелеріне табиғатта қарсы тұратын күш жоқ. Олар тереңдігі 27 см судан, қалыңдығы 17,4 см темір бетоннан, қалыңдығы 76 см қорғасыннан өтіп кетеді. Олардың иісі, дәмі болмайды, көзге көрінбейтін сәулелер. Радиацияның тірі ағзаларға әсері. Радиацияның тірі ағзаларға әсері әр түрлі деңгейде – молекулалық, ағзалық, популяциялық деңгейде болатыны дәлелденген. Иондалатын сәулеленудің тірі ағзаға әсері екі түрде болады. Біріншісі – тура әсер, екіншісі – жанама әсер. Иондалатын сәулелену организмге тура әсер еткенде тірі ағзалардың молекулалары радиациялық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ағзадағы молекулалар физикалық және химиялық қасиеттерін өзгертеді. Ал радиация жанама түрде әсер еткенде - жасушадағы органоидтардың (митохондрия, рибосомалар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты және т.б.) сандары мөлшерден тыс артып, ағзада физиологиялық және биохимиялық үрдістердің қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Жасуша мен жасуша органоидтарының мембраналары бұзылып, су мен зат алмасу үрдістері тежеледі. Өйткені жасушалардағы су радиацияның әсерінен радиолизге ұшырайды:   γ …………. → Н2О → Н2О + ē   ē..........…………. Н2О → Н2О   Судың иондары бірнеше секундтың ішінде 10-15, 10-10 химиялық активті бос радикалдары түзіп және өте улы асқын тотықтар түзеді. Түзілген асқын тотықтар ағзадағы биологиялық молекулалардың қызметін мүлдем өзгертіп жібереді. Әсіресе нуклеин қышқылдарының (ДНК мен РНК), ферменттердің, белоктардың және липидтердің химиялық құрылысы өзгеріп, атқаратын қызметінен мүлдем айырылады.    Бақылау сұрақтары. 1. Радиоактивті заттармен ластануыдың көздері. 2. Азық-түлік шикізат өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануы жолдарын көрсетіңіздер. 3. Азық-түлік шикізат өнімдерінің радиоактивті заттармен ластануы кезінде тірі организмде қандай өзгерістер болады? 4. Тағам өнімдерінің радоиактивті заттармен ластануы несімен қауіпті және оның алдын-алу жолдары бар ма? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с. 2. Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.  3. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски // Человек, 2002, № 5, с. 158-164. 4. Поморцев А. Мутации и мутанты // Фaкел, 2003, № 1, с. 12-15. 5. Рогачев В. Генетическая революция, первые шаги. // Эхо планеты, 2000, № 28, с. 6-9. 6. Аханова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с. 7. ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заң» 4 мамыр 2010 жыл № 274-IV ҚРЗ.   Лекция 9

РАДИОНУКЛИДЫ: ИСТОЧНИКМИ И ПУТИ ПОСТУПЛЕНИЯ В ОРГАНИЗМ ЧЕЛОВЕКА

План занятия:

1. Характеристика радионуклидов.

2. Опасность радиоактивных веществ для организма человека.

3. Пути поступления радионуклидов в организм.

4. Вещества и механизмы противорадиационной защиты.

5. Продукты, способствующие выведению радионуклеидов из организма.

6. Влияние кулинарной обработки на содержание радионуклидов в готовых блюдах

Характеристика радионуклидов

           Радиоактивные вещества по скорости выведения делятся на два вида:

1. быстровыводимые, концентрирующиеся в мягких тканях и внутренних органах – цезий, молибден, рутений, йод, теллур;

2. прочно фиксированные в костях – стронций, плутоний, барий, иттрий, цирконий, ниобий, лантаноиды.

           Из большого числа радионуклидов наибольшую значимость как источник облучения населения представляют стронций-90 и цезий-137.

           Стронций - 90. Период полураспада этого радиоактивного элемента составляет 29 лет. При попадании стронция внутрь его концентрация в крови уже через 15 мин достигает значительной величины, а в целом этот процесс завершается через 5 часов. Стронций избирательно накапливается в основном в костях и облучению подвергаются костная ткань, костный мозг, кроветворная система. Вследствие этого развивается анемия, называемая в народе "малокровием". Исследования показали, что радиоактивный стронций может находиться и в костях новорожденных. Через плаценту он проходит в течении всего периода беременности, причем в последний месяц перед рождением в скелете его накапливается столько же, сколько аккумулировалось за все предыдущие восемь месяцев. Биологический период полувыведения стронция из скелета составляет свыше 30 лет. Ускорение выведения из организма стронция является труднейшей задачей. По крайней мере до сих пор не найдено высокоэффективных средств для быстрого выведения этого радиоактивного элемента из организма.

           Цезий - 137. После стронция-90 цезий-137 является самым опасным радионуклидом для человека. Он хорошо накапливается растениями, попадает в пищевые продукты и быстро всасывается в желудочно-кишечном тракте. Цезий-137 - долгоживущий радионуклид, период его полураспада составляет 30 лет. До 80% цезия откладывается в мышечной ткани. Биологические процессы эффективно влияют на цезий, поэтому в отличие от стронция, биологический период полувыведения цезия у взрослых людей колеблется от 50 до 200 суток, у детей в возрасте 6 - 16 лет от 46 до 57 суток, у новорожденных - 10 суток. Причем около 10% нуклида быстро выводятся из организма, остальная часть - более медленными темпами. Но в любом случае ежегодное его содержание в организме практически определяется поступлением нуклида с рационом в данном году.


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1113; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!