Экссудативті-катаральды диатездер. Пәнің аталуы «Балалар ауруы» Алматы медицина колледжі Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» Дәрістің

Пәнің аталуы «Балалар ауруы» Алматы медицина колледжі Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» Дәрістің тақырыбы: Рахит (мешел), Конституция ауытқулары, аллергоздар. Спазмофилия Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту Курс-2,семестр-4  Оқытушы – Туменбаева М.Т              Рахит Рахит- мешел -фосфор және кальций алмасуының бұзылуы және сүйек бұлшық ет жүйелеріндегі өзгерістермен сиппаталатын емшек жасындағы балалардың ауруы.Бұл аурудың негізгі себебі организмдегі Д витаминінің жетіспеуі,сонымен қатар А,В,С витаминдері де жетіспейді.Д витамині организмде фосфор және кальций алмасуын реттейді.Табиғатта Д витамині малдан алынатын тағамдарда:жұмыртқаның сарысында,бауыр,балық уылдырығы,сары майда,кейбір балықтардың етінде.Адамның терісінде ультракүлгін сәулесінің әсерінен белсенсіз түрінен белсенді түріне ауысады.Сондықтан таза ауада көп болатын және дұрыс тамақтанған балаларда рахитпен ауырмайды. Мешелмен ауыруға бейімдейтін жағдайлар: 1.Баланы ерте қолдан тамақтандыруға аудару. 2.Баланы біркелкі ұннан жасалған тамақтармен тамақтандыру. 3.Шала туғандық,егіздік. 4.Нашар үй жағдайы,дымқыл,тар,күн түспейтін жағдай. 5.Күзде және қыста туған балалар. Мешелдің клиникасы төрт кезеңге бөлінеді: 1.Бастапқы кезең-баланың 2-3 айында басталып нерв жүйесі жағынан өзгерістерімен сипатталады:бала шошығыш,себепсіз жиі оянады,қатты терлейді,басын жастыққа терлеп үйкегеннен кейін шашы түсіп қалады,үлкен еңбегінің шеттері жұмсарып кетеді.Осы  кезеңде баланы емдей бастамаса,ауру екінші кезеңге өтеді.   2.Аурудың дер кезеңі-нерв жүйесі жағынан пайда болған өзгерістерге сүйек және бұлшық ет жүйелерінің өзгерістері қосылады. - бас сүйектері жағынан:желкесі жалпайып,маңдай және төбе сүйектерінің бұдырмақтары өседі,үлкен еңбегі мерзімінен кеш жабылады,тістері кеш және теріс жабылады. -кеуде сүйектері жағынан:баланың төсі құс төсі немесе етікші төсі болып өзгереді,кеуде клеткасының төменгі апературасы кең болады,қабырғаларында дөңестер четки пайда болады. - аяғы х және о тәріздес болып қисаяды,жамбасы қушық болады,табаны жалпақ түйе табан болады,саусақтарының буындарында інжу жібі білегінде білезік пайда болады. -бұлшық еттердің күш қуатының  төмендеуінін кесірінен бала басын кеш ұстайды,кеш отырып ,жүреді,буындары босап бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады,қарны үлкен бақа қарын болады омыртқа жотасында бүкірлік пайда болады. 3.Жазылу(реконвалесценция) кезеңі-біртіндеп бала организмдегі өзгерістер өтеді. 4.Қалдық өзгерістер кезеңі-сүйек өзгерістері кетпей бала өмір бойына қалады.     Рахит ауруының өту барысы үш дәрежеден тұрады:жеңіл,орташа,ауыр. Рахит болған балаларда өкпе қабыну және басқа аурулар ауыр өтіп,жиі асқынады,сондықтан рахитті фондық ауру деп аталады.Рахиттің емдеуі комплексті,жүйелі,жеке басты болу керек.    Емдеуді баланың тамақтануынан бастайды:оның жасына қарай құрамында Д витамині бар тамақтарды береді.Ауру балаға Д витамині тағайындалады,оның курстық және күнделік дозасы рахиттің дәрежесіне байланысты.Витаминнің екі дәрілік түрі болады:майлы және ерітінді.Майлы ертіндісінің бір тамшысында 1400МЕ,ал спиртті ертіндінің бір тамшысында 4000МЕ тамшылап мөлшерленеді.Д витаминінің орнына 18-20 ультракүлгін сәулесінің сеанысын өткізуге болады.Балаға кальций препараттары беріледі, виттаминдер,массаж,гимнастика, таза ауада көп серуендеу керек,тұзды немесе қылқанды ванналар өткізіледі.    Рахиттің профилактикасы әдейленген және әдейленбеген,туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі болып бөлінеді. Туғанға дейінгі әдейленген профилактика- аяғы ауыр әйелге Д витаминін беру немесе ультракүлгін сеаныстарын өткізу. Туғаннан кейінгі әдейленбеген профилактика - баланың тамағына Д витаминіне бай тамақтарды енгізу,ана сүтімен қоректенуі үшін күрес жүргізу,шырындар және қосымша тамақ беру,таза ауада серуендеу.Туғаннан кейінгі әдейленген профилактика- балаға Д витаминінің майлы ертіндісін 1 айдан бастап аптасына 2 рет бір тамшыдан бір жасқа толғанша беріледі.Д витаминінің артық болуын гипервитаминоз деп аталады.Бұл жағдай Д витаминының организмге көп енгізгенде немесе баланың организмі Д витаминын көтере алмағандықтан.Ол кезде бала құсады,денесі тырысады,қанда дәретте кальций көбейеді.Д витаминін алып жүрген   балаларда осындай белгілер пайда болса витамин алуды тоқтатып,сүт тағамдарын азайтып,5%глюкоза ,Рингер ерітіндісін ішкізіп немесе веннаға қан құямыз.   Конституция ауытқулары   Конституция ауытқуларына әдеттегіден тыс бір қатар сыртқы орта тітіркендергіштеріне ағзаның дұрыс жауап бермеуіне бейімделуі жатады.Диатездердің негізделуіне зат алмасу және иммундық әрекеттерінің ерекшелік ауытқуларына жатады.    Балаларда диатездің 3 түрін бөледі:                                            1.Экссудативті-катаральды; 2.Лимфалы-гипопластикалық; 3.Нерв-артиттік.

                      

Экссудативті-катаральды диатездер

«Диатез» гректің бейімділік деген сөзі. Яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі. Бұл тұқым қуалайтын жағдай.

Осы жағдайдың әсерінен зат алмасу бұзылады, әсіресе су және минералды тұздардың алмасуы, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Сондықтан балалар жиі ауырады, аурулары ұзаққа созылады, жиі асқынып кетеді.

Аллергендердің түрлері:

 

1. Тамақ аллергендері-сиырдың сүті, жұмыртқаның ақуызы, цитрус жемістері, какао, бал, шоколад, қызғылт және сары түсті жемістер мен көкөністер, грек жаңғағы т.б.

 

2. Дәрі аллергендері-антибиотиктер, витаминдер, сульфаниламидтер т.б.

 

3. Вакциналар, сарысулар.

 

4. Тұрмыстық аллергендер-үй ішінің шаң-тозаңы, үй жануарларының жүні, құс жүні, балықтың жемі т.б.

Клиникалық айқындалуы:

 Аллергиялық диатез баланың 3-5 айлығында басталып 1-2 жылға созылады, ал кейде тіпті өмір бойы айқындалып демікпеге, аллергиялық бронхитке, аллергиялық дематозға асқынуы мүмкін.

1. Аллергиялық диатездің терідегі айқындалуы:

 

а/ Үлкен еңбектің тұсында шаштың арасында майлы сары қабыршықтар пайда болады, бірте-бірте бұл қабыршықтар қалыңдап тұтас қабыққа айналады да, баланың басына телпек кигізіп қойғандай болады. Бұны себорея немесе гнейс деп атайды.

 

б/ Баланың күтімі жақсы болса да оның тері қыртысында баздану пайда болады, бұл базданудың емделуі өте қиын.

 

в/ Баланың бетінде құрғақ есекжем пайда болады. Тері қызарып, қалыңдап, қабыршықтанып кетеді. Кейбір кезде асқынып құрғақ есекжем сулы есекжемге айналуы мүмкін. Есекжем шыққан кезде баланың денесі дуылдап қышып кетеді, ол мазасызданып ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.

 

2. Аллергиялық диатездің шырышты қабатында айқындалуы:

 


а/ Бұл балаларда ринит, фарингит, ларингит жиі дамиды.

 

б/ Себепсіз іш өту кездеседі.

 

в/ Баланың тілінің үсті шұбарланып, тілініп, «географиялық карта» пайда болады.


 

3. Аллергиялық диатезде шеткі лимфа бездері ісініп үлкейіпкетеді.

 

Аллергиялық диатездің асқынуы-стрептодермия-терінің іріңді жарасы.

 

Емі:

 

1.Баланы жасына қарай тиімді тамақтандыру керек. Оның тамағынан мүмкін деген аллергендерді алып тастау керек. Сиыр сүтінің орнына айран беруге болады., ал жұмыртқаның сарысын баланың үсті таза кезде ептеп 1/3 бөлігінен бастап берген жөн, балаға берілетін майлардың 1/3 бөлігі өсімдік майы болуы керек, ас тұзын да азайтқан жөн.

 

2.Қандай тамақтың аллерген екенін білу үшін баланың анасы «Тамақтандыру күнделігін» жүргізеді. Онда күнделікті балаға берілетін тамақтың құрамы және баланың организмінің ол тамаққа тері және шырышты қабаттар жағынан берген жауабы жазылып отырады.

 

3.Жалпы емдеу- баланың денесінің қышуын азайтып, ұйқысын жөндеу үшін, аллергендердің әсерін басу үшін антигистаминдік, гипосенсибилизациялаушы терапия өткізіледі: пипольфен, тавегил, супрастин, димедрол, кальций препараттары т.б.

 

Жекеленген орындарды емдеу:

 

а/ Себорея болған кезде баланың басына стерильді жылы өсімдік майынан 2 сағатқа компресс жасау керек, соңынан жиі тісті тарақпен тарап қабыршықтарын алып тастаған жөн.

 

б/ Сулы есекжем болса балаға әртүрлі дәрілерге малынған дәріні 15-20 минутқа таңып қояды. Дәкені итошаған-череда қайнатпасына, Буров сұйығына малуға болады. Мақсаты: сулы есекжемді құрғақ есекжемге ауыстыру.

 

в/ Құрғақ есекжемге құрамында мырыш-тальк-глицерині бар және гипосенсибилиздаушы майлар (димедролды май, лоринден, оксикорт т.б.) қолданылады.

 

г/ Балаға түймедақ, итошаған, емен қабығы қайнатпаларымен және крахмалмен емдеу ваннасын жүргізуге болады.

 

д/ Денесі базданған кезде жөргекке бос орап, ауа ванналарын өткізіп, стерильді өсімдік майын жағу керек.

 

е/ Баланың денесі қатты қышынып, мазасызданып кетсе қасынбау үшін екі қолына тақтайша байланады, ал бетіне екі көзін, аузын, мұрнын ашық қалдырып дәріге малынған дәкемен маска жасалынады.

 

ж/ Егер диатез іріңді жараға асқынып кетсе, құрамында антибиотиктері бар майлар пайдаланылады.

 

Күтімі:

1. Гигиеналық жағдайды мұқият сақтау.

2. Таза ауада жиі серуендеу.

3. Баланың диетасын қадағалау.

4. Өте еппен шынықтыру.

5. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

6. Диспансерлік бақылау.

7.     Егулерді аллергияны басатын дәрілердің фонында жасау.

 

Алдын алуы:

Аналар аяғы ауыр кезінде және емізіп жүрген кезде аллергияны жиі шақыратын тамақтарды мейлінше аз жегені дұрыс.

Балаға да сол тамақтарды ептеп берген жөн.

 

                         

Лимфалы-гипопластикалық диатезі

ЛГД-конституция ауытқуы,инфекцияның болмаған жағдайында да, лимфа бездерінің тұрақты үлкеюі,тимомигалия(айырша безінің үлкеюі)эндокрин жүйесінің дисфункциясы, сыртқы орта 

әсеріне бйімделу әрекетінің төмендеуі, аллергиялық реакцияларына бейімділігі.

 

 ЛГД қалыптасуына негізгі ролі құрсақішті(жүктілік токсикозы,жүктіліктің екінші бөлегіндегі анасының инфекциялық аурулары)және құсақ сыртты (ұзақ инфекция токсикалық аурулар ақуызды немесе көмірсутегі көп тағамдармен тамақтандыру) әрекетті себебтеріне беріледі.

 

 Клиникасы. ЛГД-ді балалыры боздау,әлсіз,ісінкі,салмағы артықтау.Ұлпа тургоры және

тонусы төмен,терісі қаусаған.Дене бітімінің сыны бұзылған(денесі және мойыны қысқа,аяқ

қолы ұзын).Балалар тез шаршағыш,тері асты май қабаты жақсы дамыған гидрофильді.

 

 ЛГД біртіндеп дамып,3-6 жасында қатты байқалады.Келешекте диатез көріністері азаяды немесе мүлде жойылады,бірақ осы балаларда жыныстық дамуы кешігуі мүмкін.

 

Емі.Күн тәртібіңің сақталуы таза ауада жеткілікті болуы,денесін шынықтыру,жүйелі түрде массаж және гимнастикасы емінде маңызды орын алады.Тағамдардан сиыр сүті және жеңіл қорытылатын көмірсутектері шектелгені дұрыс.Сиыр сүті айрамен ауыстырған жөн.

Бүйрек үсті безінің әрекетің,ағзаның күшін нығайтатын(глицерам,дибазол,метацил)адаптогендер,дәрумендер В, А, С, Е, алоэ,элеутерококк,үнемі тағайындалады.

 

 Алдын алу.Жыныс арқылы таралатын індеттерді емдеу,жүкті әйелдің және баланы жасына

қарай дұрыс тамақтануын үйымдастыру.                              

                                     

                                  Нервті-артритті диатезі.

 НАД-кейбір ішкі ағзаларының және пурин алмасуының,нерв жүйесінің өзгеруі мен сипатталады.НАД қалыптасуына бір жағынан кейбір зат алмасуларының патологиялық

қәсиеттерінің мұра ретінде берілуі,басқа жағынан-тамақтану тәртіп ортасы ролін тигізеді.

 Ата анасында және туған туыстарында подагра, семіздік,бас сақинасы,невралгия,бүйрек,бауыр аурулары. НАД -негізгі самууындағы роліне пурин және оның сонғы қышқыл өнімдері -зәр қышқылының қанда жиналуы. Май және көмірсүтек

 алмасуының бұзылуы , кетоацидоз бейімделуі байқалады.

Клиникасы . Жасына  байланысты және әртүрлі: невростениялык, алмасу спастикалы,

 тері синдромдармен өтеді.

 

 Невростениялық синдромында өмірінің алғашқы жылында балалар мазасыз , жылауық,

үйқысы нашар,шошығыш.

 Алмасу бұзылыстар синдромында :буындардың түнгі уақытында ауырсынуы,кезеңді

дизуриялық бұзылыстар,зәрде оксалаттар,урат,фосфаттардың қатты үлкеюі.

НАД-ді балаларында мерзімді аяқ асты немесе әлсізденуден соң 1-2 күн арасында қайталанбалы құсуы,іштің бүріп ауруы,ауыздан ацетон иісі шығуы байқалуы мүмкін.Бул

жағдайын ацетонемиялық құсу деп белгілейді. 9-11 жасына қарай ацетон криздері

балалардың көбінде жойылады.

 Спастикалы синдромында: бронхоспазм,бас сақинасы ауруы,гипертониясы,жүрек,бүйреқ,бауыр,ішек шаншулары байқалады.

 Тері синдромында :көбіне үлкенірек балаларда қышыма,Квинке ісіну,нейродермит, құрғақ

және себорейлі экзема түрлері кездеседі.

 Емі. Негізгі емі -дұрыс үйымдастырылған тәртіб және диета. Диетаға көбіне сүт тағамдары, жеміс жидектері, ботқкалар кіреді. Ет, құс еті, балық, сорпалар, қант, кондітер өнімдері

шектеледі. Бауыр, паштет, сардина, бұршақ, шоколад, жасыл бұршақ, шпинат қабылданбау керек.

 Ацетомиялық кризі басталу белгілері пайда болған кезінде әр 10-15 минут сайын глюкоза

ерітіндісі,тәтті шай,шырындар,сілтілі минерал суы тағайындалады.Міндетті түрінде ,

тазалау клизмасы жасалады.

 Ацетонемиялық құрыс ұстамасы мен балалар емханаға жатқызылуы керек.

 Емі ацидың жойылуына,сусыздануына және кетон денелерінің тездетіліп шығарылуына

бағытталған.Осы мақсатпен көк тамыр арқылы 5-10% глюкоза ,0,9% натрий хлор ,4%

гидрокарбонат ерітінділері,кокарбоксилаза,аскорбин қышқылдары тамызылады.

Алдын алу.Күн тәртібінің сақталуы, дұрыс тамақтану.

Спазмофилия – гипокальцемиялық синдром: фосфор және кальций азаяды да, баланың организмі тырысуға бейім болады. Спазмофилия көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, әсіресе көктем кезінде және бала рахитке байланысты Д витаминін алып жүргенде кездеседі.

Спазмофилия келесі клиникалық формаларда кездеседі:

1. Ларингоспазм– дауыс желбезектерінің тырысып дыбыс саңылауының тарылуы. Бала қиналып шумен дем алады, үрейінде қорқыныш, терлеп кетеді, есінен талып қалып бірнеше секундтан кейін шумен дем алады.

2. Эклампсия– баланың барлық бұлшық еттері тырысуы, ауызынан көбік шығып, бала есінен айырылады.

Емдеу: ларингоспазм кезінде -1 – таза ауа жеткізу, 2 – салқын су шашу, құйрығынан ұру.

3. – ылғалданылған оттегі беру.

Баланың жағдайы жақсарғасын кальций препараттарын беру.

Эклампсия кезінде емдеу:1.дәрігерді шақыру, 2.сабырлы жағдай жасау, 3.баланы жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттардан сақтау, басын бұру; 4. Ылғалды оттегі беру, 5.дәрігердің нұсқауымен тырысуға қарсы дәрілерді енгізу.          

Глоссарий:

Рахит- мешел -фосфор және кальций алмасуының бұзылуы және сүйек бұлшық ет жүйелеріндегі өзгерістермен сиппаталатын емшек жасындағы балалардың ауруы.

Диатез- гректің бейімділік деген сөзі, яғни тері мен шырышты қабаттардың қабынуға бейімділігі.

Спазмофилия – гипокальцемиялық синдром: фосфор және кальций азаяды да, баланың организмі тырысуға бейім болады

 

 


Дата добавления: 2018-02-18; просмотров: 1612; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!