Нейролептик, бутирофенон туындысы: 12 страница




ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1. Фармакология ғылыми пән және оны оқыту, оның мазмұны, теориялық, және клиникалық пәндермен байланысы. Фармакологияның негізгі кезеңдері мен бағыттары.

2. Рецепт, дәрігер қызметінің негізгі құжаты ретінде, оның құрылымы және рецептуралық бланкілердің түрлері, амбулаторияда емделетін науқастарға рецепт жазу және дәріханадан босату ережелері. Мемлекеттік және халықаралық фармакопеялар, оның мазмұны мен тағайындалуы.

3. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны.

4. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны. Дәрілік заттардың әсерлерінің түрлері.

5. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің пайда болуына әсер ететін жағдайлар.

6. Дәрілік заттарды қайталап енгізу, олармен жүретін көріністер. Мысал келтіру.

7. Дәрілік заттардың жұптастырылған әсері. Дәрілік заттардың фармакологиялық және фармацевтикалық әсерлесуі.

8. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі. Теріні және шырышты қабаттарды тітіркендіретін заттар, әсер механизмі, қолданылуы.

9.Жергілікті анестетиктер. Жіктелуі, әсер механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері. Жергілікті анестетикалық заттардың стоматологияда қолдану ерекшеліктері.

10. Қармаушы заттар (органикалық және органикалық емес), жіктелуі, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

11. Қаптаушы және сорып алушы заттар: әсер ету принциптері, препараттары, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

12. Холинергиялық синапстар аймағында әсер ететін заттар, жіктелуі. Тікелей М – және Н – холиномиметикалық заттар. Ацетилхолин. Фармакологиялық әсерлері және олармен шақырылатын әсерлері.

13. Холинэстразаға қарсы заттар. Жіктелуі, әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері, препараттардың жалпы сипаттамасы, қолданылуы.

14. М – холиномиметикалық заттар, әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері. Препараттары, қолданылуы. Стоматологияда қолдану ерекшеліктері.

15. М – холиноблокаторлар, жалпы сипаттамасы. Негізгі препараттарының әсер ету ерекшеліктері, қолданылуы.

16. Атропин: әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері, қолданылуы, улану, көмек шаралары. Стоматологияда қолдану ерекшеліктері.

17. Н – холиномиметиктер. Әсер механизмі, фармакологиялық әсерелері, препараттары, қолданылуы. Никотиннің улы әсерлері, шылым шегумен күресу шаралары.

18. Ганглиоблокаторлық заттар. Жіктелуі, әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері. Препараттардың жалпы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

19. Бұлшық ет релаксанттары. Жіктелуі, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы, асқынулар, көмек шаралары, стоматологияда қолданылуы.

20. Адреномиметиктер, жіктелуі. Адреналиннің және норадреналиннің әсерлерінің ерекшеліктері, қолданылуы.

21. Тікелей адреномиметиктер, альфа-адреномиметиктер, бета-адреномиметиктер, негізгі әсерлері және қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.  

22. Тікелей емес адреномиметиктер (эфедрин гидрохлориді), әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.    

23. Адреноблокаторлық заттар, жіктелуі. Негізгі фармакологиялық әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері.  

24. Симпатолитикалық заттар. Әсер механизмі, негізгі әсерлері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

25. Наркозға арналған заттардың жіктелуі. Ингаляциялық наркозға арналған заттар: препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы. Жанама әсерлері. Стоматологияда қолданылуы.    

26. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар: салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.    

27. Этил спирті, жергілікті және жанама әсері, медицинада қолданылуы, соның ішінде стоматология практикасында. Жедел улану, көмек шаралары. Алкоголизм, әлеуметтік аспектілері, емдеу принциптері. Стоматологияда қолданылуы.

28. Ұйықтатқыш заттар, жіктелуі, әсер механизмі, препараттардың жалпы сипаттамасы, қолданылуы. Улану, көмек шаралары, дәріге тәуелділік даму.

29. Тырысуға қарсы заттар, әсер механизмдері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

30. Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі. Морфин: әсер механизмі, фармакологиялық әсерлері, қолданылуы, жедел улану, емдеу. Дәріге тәуелділік, әлеуметтік аспектілері, емдеу шаралары. Стоматологияда қолданылуы.

31. Жасанды наркотикалық аналгетиктер, әсерлерінің ерекшеліктері, қолданылуы, соның ішінде стоматологияда қолданылуы. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері.

32. Наркотикалық емес анальгетиктер. Наркотикалық анальгетиктерден айырмашылығы. Жіктелуі. Негізгі әсерлері, әсер механизмдері. Стоматологияда қолданылуы.    

33. Психоторопты заттар. Жіктелуі. Тыныштандыратын заттар. Әсер ету механизмі. Орталық жүйке жүйесіне әсері. Препараттары, қолданылуы, жанама әсерлері.

34. Нейролептиктер, жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер механизмі, қолданылуы. Негізгі жанама әсерлері. Аминазин. Фармакологиялық әсерлері, қолданылуы, асқынулар.

35. Нейролептиктердің салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы, жанама әсерлері. Нейролептаналгезия туралы түсінік.

36. Транквилизаторлар, нейролептиктерден айырмашылықтары. Жіктелуі, жеке препараттардың әсер ету ерекшеліктері және механизмі қолданылуы, жанама әсерлері, дәріге тәуелділік дамуы, соматологияда қолданылуы.

37. Психостимуляторлар. Жіктелуі, әсер ету механизмдері, фармакологиялық әсерлері, препараттары, қолданылуы, жанама әсерлері, дәріге тәуелділік дамуы.

38. Аналептиктер, жіктелуі әсер механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, препараттары, қолданылуы.

39. Тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар, жіктелуі, негізгі препараттарының қолданылуы.

40. Жүрек гликозидтері, анықтамасы, жіктелуі. Жүрек гликозидтерінің жүректің жұмысының негізгі көрсеткіштеріне және гемодинамикаға әсері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетілуі. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушіліктерінде препараттарды таңдау. Жүрек гликозидтерінің уытты әсерлері, оларды алдын алу мен емдеу.

41. Тәждік қан айналымының бұзылуында қолданылатын заттардың жіктелуі, әсер механизмі, қолданылуы. Органикалық нитраттар, препараттардың жалпы сипаттамасы, әсер механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

42. Стенокардия ұстамасын тоқтатуға және алдын алуға арналған заттар. Миокард инфарктын емдеудің негізгі шаралары.

43. Антигипертензивті заттардың жіктелуі. Нейротропты әсерлі антигипертензивті заттар, жіктелуі, әсер механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

44. Миотропты әсер ететін антигипертензивті заттар, кальций каналын тежейтіндер, су – тұз алмасуына әсер ететін заттар және ренин-ангиотензин жэүйесіне әсер ететін заттар. Препараттардың жалпы салыстырмалы сипаттамалары, қолданылуы.

45. Гормондық препараттар, анықтамасы, жіктелуі. Гипофиздің алдыңғы және артқы бөлігінің гормондары, қолданылуы, соның ішінде стоматологияда.

46. Қалқанша безінің гормондық препараттары, фармакологиялық әсерлері, қолданылуы. Антитиреоидты заттар, препараттары, стоматологияда қолданылуы.

47. Инсулин препараттары және жасанды гипогликемиялық заттар, әсер механизмі, қолданылуға көрсетілуі, жанама әсерлері

48. Аталық және аналық жыныс гормондары, препараттары, негізгі әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері. Анаболикалық стероидтар, фармакологиялық әсерлері, қолданылуы, соның ішінде стоматологияда.

49. Глюкокортикоидтар. Зат алмасуға әсері, фармакологиялық әсерлері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

50. Витаминдік препараттар. Жіктелуі, арнайы және арнайы емес әсерлері. Аскорбин қышқылы, рутин, ниацин, олардың фармакодинамикасы, препараттары, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда.

51. В1 , В2, В6, В12, РР витаминдері, фармакодинамикасы, қолданылуы.

52. Майда еритін витаминдер, фармакодинамикасы, препараттары, қолданылуы.

53. Қан жасауға әсер ететін заттар. Жіктелуі. Гипохромды анемияда қолданылатын заттар, препараттары, жанама әсерлері.

54. Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар, препараттары, жанама әсерлері. Лейкопоэзді ынталандыратын заттар, препараттары, қолданылуы.

55. Геомастазға әсер ететін заттар, жіктелуі. Агреганттар және антиагреганттар, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы.

56. Коагулянттар мен антикогулянттар, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

57. Фибринолиз тежегіштері, фибринолитикалық заттар, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

58. Ферменттік препараттар, алыну көздері, жіктелуі, препараттардың салыстырмалы сипаттамалары. Стоматологияда қолданылуы.

59. Қабынуға қарсы стероидты және стероидты емес құрылымды заттар, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы, жанама әсерлері. Стоматологияда қолданылуы.

60. Аллергияның дереу дамитын түрін басу немесе алдын алу үшін қолданылатын аллергияға қарсы заттар, жіктелуі. Аллергиялық реакция медиаторларының босап шығуын тежейтін заттар, препараттары, қолданылуы.

61. Аллергиялық реакциялар медиаторларының антагонистері. Гистаминге қарсы заттар, әсер механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

62. Микробтарға қарсы заттар, жіктелуі, әсерлерінің ерекшеліктері. Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар. Олардың микробтарға қарсы белсенділігін анықтайтын жағдайлар және оларға қойылатын негізгі талаптар.

63. Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі. Галогенді қосылыстар, препараттары, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

64. Формальдегид, бояғыштар және тотықтырғыштар тобының препараттары. Әсер механизмі, препараттары, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

65. Фенол тобы және оның туындылары. Жеке препараттардың ерекшеліктері, қолданылуы. Детергенттер, қаситеттері, қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

66. Металл қосылыстары (сынап, күміс, мырыш, мыс). Антисептикалық әсер механизмі, препараттары, қолданылуы, асқынулары. Стоматологияда қолданылуы.

67. Химиотерапиялық заттар, анықтамасы, жіктелуі. Химиотерапияның негізгі әдістемелік шаралары. Химиотерапиялық заттарға қойылатын талаптар.

68. Антибиотиктер, анықтамасы, жіктелуі. Цефалоспориндер. Жіктелуі, цефалоспориндердің әр түрлі ұрпақтарына жататын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

69. Пенциллин тобының антибиотиктері, жіктелуі, әсер спектрі және механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

70. Макролидтер, тетрациклиндер және левомицетин тобының антибиотиктері, әсер механизмі мен спектрі, жіктелуі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері. Стафилококқа қарсы антибиотиктер, әсер механизмі, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда.

71. Аминогликозидтер тобының антибиотиктері, әсер механизмі мен спектрі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, асқынулар.

72. Линкозамидтер, әсер спектрі және механизмі, линкомициннің сипаттамасы., қолданылуы, соның ішінде стоматологияда. 

73. Полимиксиндер, саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Жалпы сипаттамасы, препараттары, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, жанама әсерлері.

74. Сульфаниламидті препараттар, жіктелуі, әсер механизмі мен спектрі, препараттары, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, асқынулар.

75. Сульфаниламидтер препараттарының АІЖ – нан сіңуіне және әсерінің ұзақтығына байланысты салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы.

76. Жұптастырылған сульфаниламидтік препараттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

77.  Әр түрлі химиялық құрлысты микробтарға қарсы жасанды заттар (хинолон, 8 – оксихинолон, нитрофуран, хиноксолин туындылары), әсер спектрі, қолданылуы, жанама әсерлері.

78. Туберкулезге қарсы заттар, жіктелуі, әсер спектрі, қолданылуы, соның ішінде стомактологияда, препараттары, жанама әсерлері.

79. Вирустарға қарсы заттар, жіктелуі, әсер механизмі, препараттары, қолданылуы.

80. Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі шаралары.  


Фармакология пәні бойынша «Стоматология» факультетінің


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 154; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!