Келісілді»                                                                                                           «Бекітілді»



   № 1 ОКП төрайымы                                                                директордың ОІЖ орынбасары

__________В.П Курноскина                                            _______ Г.И. Алмагамбетова

«___»___________2020 ж                                                                                                 «___»___________2019 ж

 

 

Пән:«Ішкі аурулар»

 

Мамандық:0301000 «Емдеу ісі»

Квалификация: 0301013 «Фельдшер»

 

 

Билет № 30

1. ЖИА. Миокард инфарктісі анықтамасы, жіктелуі , клиникалық көріністері,емі, асқынулары

2. Есеп  Науқас оң жақ қабырға аймағының ауырсынуына , бірнеше рет құсуға шағымданады Шағымдарын қуырылған ет, өткір салат жеумен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта Пальпация оң жақ қабырға астында ауырсыну .Қандай синдром?

3. Өкпеден қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.

 

Оқытушы:                        Исмагулова Г.Ш

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЖҚ МКК «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

Келісілді»                                                                                                           «Бекітілді»

   № 1 ОКП төрайымы                                                                директордың ОІЖ орынбасары

__________В.П Курноскина                                            _______ Г.И. Алмагамбетова

«___»___________2020 ж                                                                                                 «___»___________2020 ж

 

 

Пән:«Ішкі аурулар»

 

Мамандық:0301000 «Емдеу ісі»

Квалификация: 0301013 «Фельдшер»

 

 

Билет № 31

1. ЖИА.Миокард инфаркті:жіктелуі, этиологиясы,клиникасы, диагностикасы.

2. Есеп: Науқас бас айналуына, желке тартуына, құсуға , жүрек қағуына,.әлсіздікке шағымданады АҚ 200/100 мм с,б Қандай синдром?

3. Жеделкоронарлық синдром ST көтерілуімен(миокард инфаркті) кезіндеалғашқымедициналықкөмеккөрсету.

 

                                                Оқытуш ы                     Исмагулова Г.Ш

 

 

Есеп 1

Науқас бас ауруына,басының айналуына,жүрегі айнуына,көз алдында шіркейлердің ұшуына шағымданады.Науқастың беті гиперемияланған,қара тер басқан.АҚ 200/100 мм/с.б

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 2

 

Емхананың емшара бөлмесіне егде әйел кісі қаралған:кезекте отырған кезде жөтелмен алқызыл түсті қан бөлінді. Тері жамылғысы бозарған, жабысқақ тер,ентігу.Қарау кезінде науқаста пульс 100 рет 1 мин, АҚҚ 80/70 мм.сн.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 3

Науқас Н, оң жақ қабырға асты аймағының қатты ауырсынуына ,бірнеше рет құсуға шағымданып жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде науқас жағдайы орташа ауырлықта. Пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсыну. Иррадиацияся оң жауырын,оң бұғана, оң жақ иыққа.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 4

Емхананың емшара бөлмесіне 23 жасар әйел кенеттен дамыған ауа жетіспеушілігіне шағымданып барды.Қарағанда:ентігу минутына 20-30 рет,тыныс шығару қыйын,қашықтықтан құрғақ ысқырықтысырылдар естіледі.Жөтелі құрғақ.Пульсі минутына 100 рет.АҚ 130/80 мм сын.бағ.Емханаға дәрігердің қабылдауына келді,сырқаттық қағазында созылмалы бронхит деп көрсетілген.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 5

Емхананың емшара бөлмесінде 60 жасар әйел адамда кенеттен бас айналуына, әлсіздікке шағымдануда. Есі бұзылғын.АҚҚ 80/70мм.сн.бағ, терісі бозарған, пульс 90 рет 1 мин. Анамнезінде ЖИА,Миокард инфаркті.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 6

Денсаулық пунктіне 35 жастағы ер адамдар кенеттен эпигастрий аймағында сол жақ иығына тағылатын ауру сезімі пайда болды.Науқас бозарған,салқын тер,біраз мазасызданған,пульсі минутына 90 рет,АҚ 100/70мм/с.б.Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 7

Жаз мезгілінде қапырық бөлмеде болған уақытта 40 жастағы әйелде кенеттен басының айналуы,жүрегі айнуы басталды.Содан кейін есінен тану дамыды.Науқастың терісі бозарған,тыныс алуы әлсіз,жиі.Аздаған тахикардия.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 8

Ұзақ уақыт жүрек ақауымен ауратын науқастың кенеттен жағдайы нашарлайды:Ауа жетіспеушілік сезімі,ентігу тез арада өршіп дамыды.Тыныс алуы қырылдап,көп мөлшерде ала қызыл көбіктің бөлінуімен жөтел пайда болды.Тері мен шырышты қабықтары көгерген.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 9

Науқас бірнеше ретті құсықпен, эпигастрии аймағындағы аурсыну шағымдарымен ауруханаға жеткізілді.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта.Есі айқын. Тері жамылғысы боз,салқын тер. Құсық «кофе тұнбасы» тәрізді. АҚҚ 80/60 мм.сн.бағ. Пульс 90 рет 1 мин.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 10

Науқаста келесі шағымдар: кенеттен пайда болған әлсіздік, бас айналу, аяқ қолдарының мұздауы. Қарау кезінде: есі анық, тері жамылғысы боз, пульс әлсіз,жиі,тынысы беткей, АҚҚ90/70мм.сн.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 11

Әйел 65 жаста төс артының қатты қысып ауратындығына шағымданады.Ауру сезімі кенеттен,далада шамамен 40 минут бұрын пайда болған.Өтіп бара жатқан адамдар қандайда бір дәрі беріп емханаға әкелген.Ауру сезімінің қарқыны дәріні қабылдағаннан соң басылмаған.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 12

Тырысқаққа қарсы анатоксинді еккеннен кейін 5 минуттан соң,науқас бүкіл денесінің қатты ыстықтануына шағыиданады.Тез арада есінен тану байқалды.Қарағанда:пульсі минутына 120 рет,тек ұйқы артериясында анықталады,АҚ 80/60 мм.с.б.терісі бозарған,сұрланған белгілерімен.Тынысы беткей жиі.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 13

Ауруханаға тұншығу, ұстама тәрізді құрғақ жөтел шағымдарымен науқас жеткізілді.Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта,есі анық, ортопноэ қалыпта, терісі боз,еріндері цианоздалған, тынысы жиі және терең, аускультацияда патологиялық тыныс шулары жоқ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 14

Туберкулездік диспансерде ем алып жатқан науқастың жөтелгеннен кейін жағдайы кеттен нашарлап, аузынан қан кетті. Қан түсі ашық қызыл, көпіршікті және ұйымайды.Терісі боз.АҚҚ 70/60 мм.сн.бағ. Аускультацияда көпірщікті сырылдар естіледі.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 15

Науқас шағымдары: оң жақ қабырға асты доғасының қатты ауырсынуы, құсық,жүрек айну.Анамнезінде қонаққа барып майлы тағам жегеннен кейін пайда болған.Созылмалы холециститі бар.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 16

Науқас 59 жаста басының қатты ауыру сезіміне,жүрегі айну,ыстықтау сезіміне,сол жақ кеуде торының ауырсынуы бойынша шағымданып келді.Науқас абыржыған,бетінің терісі кенеттен гипермияланған.Пульсі минутына 92 рет,АҚ200/90мм сын.бағ.Анамнезінде-кеуде және бел омыртқа аймағының остеохондрозы.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 17

20 жастағы жүкті әйелге қанның биохимиялық сараптамасы тағайындалған.Көктамырдан қан алу кезінде әйел басының айналуына шағымданып,есінен танған.Кенеттен терінің бозаруы пайда болды,тахикардия минутына 100рет.АҚ 100/60 мм сын.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 18

Науқасты тексеру жүргізу үшін көктамырына рентген контрастты зат енгізеді.Дәріні енгізу кезінде науқас ыстықтау сезіміне шағымданады.Дәріні енгізу тоқтатылады.Науқас есінен танды,бетінің ісінуі тез арада өрістей бастады.

Алғашқы диагнозыңыз?

Есеп 19

Науқаста шағымдары: кенеттен пайда болған әлсіздік, бас айналу, аяқ қолдарының мұздауы. Анамнезінде ыстық күннің астында үзақ жүрген. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта,есі анық, тері жамылғысы боз, пульс әлсіз,жиі,тынысы беткей, АҚҚ90/70мм.сн.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 20

Анамнезінде асқазан жарасы бар науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. «Кофе тұнбасы» тәрізді құсық пайда болды. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Терісі бозарған,салқын тер.Пульс жиіленген.АҚҚ 90/70мм.сн.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 21

58 жастағы науқас аурухананың терапиялық бөлімшесінде жүректің ишемиялық ауруы диагнозымен жатыр.кешке кезекші медбикеге тағыда кеуде торының сол жақ жартысында қатты ауру сезімінің пайда болғандығына, сол жақ қолға және жауырынға иррадиация берілетіндігіне шағымданады.Пульсі минутына 96 рет,АҚ 100/70 мм/с.б.

Алғашқы диагнозыңыз?

Есеп 22

Аулдық медпунктке шақыру түсті. Шақыруумен келген медбике,14 жасар қызды көрді.Қыз бала кереуеттің шетіне қолымен сүйенип ртыр.Қара тер басқан,ісінкі бет.Тынысы құрғақ ызындаған сырылдармен,жөтелі құрғақ қақырық бөлінбейді.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 23

Электричкада егде ер кісі төс артының қысып ауру сезіміне шағымдана бастады. Жақын арадағы бекеттегі дәрігерлік пунктке жеткізілді. Анамнезінде: ұзақ уақыт ишемиялық аурумен ауратындығы анықталды.Бүгін электричкаға кешігетіндіктен,жаяу жүгіріп келген. Науқас бозарған,АҚ 140/90 мм/сб,аздаған тахикардия.Шұғыл көмек көрсетініз.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Есеп 24

Өт қапшығын зерттеу өткізу үшін науқастың көктамырына адипиодонды (биллигностты)енгізу тағайындалған.Контрастты заттың 2 мл енгізген кезде,нақастың бетін бөртпе басып,тершеңдік пайда болды.Науқас есінен танды.

Алғашқы диагнозыңыз?

Есеп 25

Емхананың емшара бөлмесіне егде әйел кісі қаралған:кезекте отырған кезде жөтелмен алқызыл түсті қан бөлінді. Тері жамылғысы бозарған, жабысқақ тер,ентігу.Қарау кезінде науқаста пульс 100 рет 1 мин, АҚҚ 80/70 мм.сн.бағ.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 26

38жастағы әйел тыныс алуының қиындауына,әсіресе дем шығару кезінде қиналатындығына шағымданады.Жөтелгенде жеңілдік әкелмейді.Жөтел бензин иісі пайда болғаннан кейін дамыған(терезесі ашық болған).Науқас біраз үрейленген,еріндері көгерген.Науқас үстелге қолын сүйеп тұр.Тыныс алғанда ызыңдаған сырылдар естіледі.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

 Есеп 27

Науқас 72 жаста.Ауа жетіспеушілік сезіміне,әлсіздікке шағымданады.Науқас кереуетте отырады,тұншығудан жата алмайды.Бетінің цианозы байқалады.Тыныс қырылдаған.Ауызы мен мұрынынан ал қызыл көбік бөлінеді.АҚ 200/110 мм/с.б,пульс минутына 100 рет.Анамнезінде:гипертоникалық ауру.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 28

14 жасар ер бала баскетбол ойыны аяқталғаннан кейін жүрек аймағында ауырсыну сезімі, жүректің қатты соғуы, кенеттен әлсіздік, бас айналу пайда болған. Қарау кезінде: тері жамылғысы боз, ылғалды, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Аускультацияда өкпелерде везикулярлы тыныс,бір қалыпты, жүрек шектері өзгеріссіз, шулар жоқ. ТАЖ 34рет 1 мин. Пульс әлсіз 200 рет 1 мин. АҚҚ 65/30 мм.сн.бағ.Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 29

Пойыз жолаушысының біреуінде кенеттен хал жағдайы нашарлады.Төс артында қатты ауру сезімі,сол жақ қолына,мойынына таралуы дамыды.Ауа жетіспеушілік сезімі,бас айналу,әлсіздік пайда болды.Беті бозарған,қорыққан. Тіл астына нитроглицерин 1тб берілгеннен кейін жағдайы жақсарды.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

Есеп 30

Ер адамның жасы 52де төс артының ауру сезіміне сол жақ қол мен жауырынға таралатындығына шағымданады.Нитроглицериндер 2 рет қабылдағанда жеңілдік әкелмеген.Науқас бозарған,салқын тер.

Алғашқы диагнозыңыз?

Есеп 31

Жаз мезгілінде қапырық бөлмеде болған уақытта 40 жастағы әйелде кенеттен басының айналуы,жүрегі айнуы басталды.Содан кейін есінен тану дамыды.Науқастың терісі бозарған,тыныс алуы әлсіз,жиі.Аздаған тахикардия.

Алғашқы диагнозыңыз?

 

 

Гипертониялық криз 1, 16 билет

Өкпеден қан кету 2,14,25 билет

Бауыр шаншу 3.15 билет

Бронх демікпесі 4,22,26 билет

Кардиогенді шок 5,28билет

Стенокардия 6,23,29 билет

Талма 7,17,31 билет

Өкпе ісінуі 8,27 билет

Асқазаннан қан кету 9,20 билет

Коллапс 10,19 билет

Миокард инф 11,21,30 билет

Анафилактикалық шок 12,18,24 билет

Жүрек астмасы 13 билет


Дата добавления: 2021-03-18; просмотров: 437; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!