Компоненттерді себу, кептіру, жинау

Жоспары

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім

1. Компоненттерді дайындау

 

2. Компоненттерді майдалау

Компоненттерді себу, кептіру, жинау

       

4. Өнімдерді нығыздау және жинау

 

III. Қорытынды

 

 

Кіріспе

1. Пиротехникалық өндірістің сызбасына қойылатын талаптар

       Қазіргі заманғы пиротехникалық өндірісте әртүрлі салалар мен цехтар бір жүйеге қосылып жұмыс жасайды және әр сала өзіне тән жұмыс атқарады.

        Кез келген пиротехникалық өнімді өндіру кезінде әр түрлі келесі фазаларға бөлінеді:

        1.қоспаны дайындау (металл ұнтағын себу, майдалау, кептіру және тотықтырғыштарды, басқа қосылыстарды майдалау);

        2.құрамды дайындау (қоспаларды араластыру алдында олардын салмағын, көлемін есептеу, араластыру, түйіршіктеу, кептіру және полимерлеу);

        3.шашкаларды пішіндеу, құю, тығыздау.

        4.пиротехникалық өнімді жинау, құрастыру.

        5.қағаз, пластмасса, металл корпустарын дайындау.

        6.шашка, зарядтарды және дайын өнімдерді сынақ жасап тексеру.

        Бұл әр фазаның өзіндік өндірістік базасы болады және олар арнайы керекті техникамен, құрал–жабдықтармен, приборлармен жабдықталады.

        Кез келген пиротехникалық өнім келесі жалпы талаптарға жауап беру керек:

- өндіріс орнының тазалығы, қоспаға әртүрлі бөгде заттардың түсуін алдын алу;

- өрт кезіндегі жарылысқа төтеп беретін құрал–жабдықтар мен аппараттармен қамтамасыз ету;

- өндірістегі ылғал мен температуралардың қалыпты болуы;

- техникалық процестерді жүзеге асыру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау;

        Пиротехникалық өнімнің тиімділігі мен қауіпсіздігі компоненттердің сапасына байланысты.

 

 

Компоненттерді дайындау

         

Компоненттер пиротехникалық өндіріске әртүрлі қораптарда келеді. Мысалы,магний, алюминий ұнтағы, Аl-Мg құймасы металл қораптарда келеді; цирконий – металл қорапта немесе полиэтилен қапшықта келеді.

    Банкілердегі қақпақты ашу ұшқынның пайда болуының алдын алу үшін түсті металдар сынықтармен жүзеге асады. Соңғы жылдар ішінде ұнтағы бар металл банкілерді ашатын жаңа аппараттар енгізіліп жатыр. Бұл операциялар өртке қауіпті болғандықтан аппараттармен жұмыс істеу дистанционды жүзеге асады. Қақпақты ашатын аппараттың ең қарапайым түрі арнайы ашылатын клині бар қондырғы.

   Құрылғы төмен қарай бағытталып, арнайы металл жанғышы бар банкалар тесіледі, құрылғы жоғары қарай көтерілгенде қақпақты өзімен бірге алып кетеді. Ұнтағы бар металл банкілер арнайы арбаларда орнатылады және себуге сол арбалардың көмегімен жүзеге асады.

Магний ұнтағы, аллюминий мен АМ құймасы кептірілмейді себебі олар гигроскоптық қасиет көрсетпейді және пиротехникалық зауыттарға қолдануға дайын болып келеді. Цирконийді арнайы вакуум– кептіргіш қондырғыда кептіреді.

Тотықтырғыштар зауыттарға көбіне ағаш бөшкелерде немесе қағаз қапшықтарда келеді. Мұндай тасымалдау түрі герметикалық жоғары емес, сондықтан тотықтырғыш кептіруге ұшырайды.

     Тотықтырғыштардың пиротехникалық өнімдерге қосу кезіндегі ылғалдылығы 0,2 % -дан жоғары болмау керек.

     Қағаз қапшықтардағы тотықтырғыштар қолмен босатылады.

     Майдалаудан өткен тотықтырғыштар кептіруге ұшырайды. Тотықтырғыштар аз мөлшерде керек кезде вакуум құрғатқыштар қолданылады.

 

Компоненттерді майдалау

  Тотықтырғыштардың құрамындағы гомогенділігін, жанармай және басқа компоненттердің құрамының көлемі ондық микронмен өлшенетін болу керек.

      

Пиротехникалық өндірістің сызбасы

 

Байланыстырғыштарды лак қолдану және технологиялық қоспа қосу алдында өлшеу
Өлшеу
Жіңішке майдалау
Майдалау және ұсақтау
Ірі майдалау
Жанармай      Тотықтырғыш                   Байланыстырғыштар

                             
 
Соңғы себу
 
Кептіру
Өлшеу
Құрамды дайындау,түйіршіктеу,кептіру
 

 


Құрамның сапасын анықтау үшін үлгіні таңдау
                     

                                 
 Қаптаужәне   корпусты  дайындау  
Дайын өнімнің сапасын тексеру
 
Құрастыру бөлшектері
 
Өнімдердің соңғы сынағы


Дайын өнімді шығару
                                                                     →→

                                                                    

Өнімнің ірі бөлшектерінің көлемін кішірейтуді майдалау деп атайды. Одан ары майдалау ұнтақтау деп аталады. Ірі, орташа, майда және жіңішке майдалау түрі бар.

  Пиротехникалық зауыттарда келесі аппараттар қолданылады:

         1) Дискілі майдалау аппараты

         2) Бірқатарлы балғалы майдалау аппараты

         3) Дезинтегратор, дисмембратор

         4) Шарлы диірмен, вибродиірмен, газағынындағы диірмен.

         Олардың өнімділігі 1 сағат ішінде 1 килограмнан жүздеген килограмм өнім бере алады.

Компоненттерді себу, кептіру, жинау

Құрамды дайындау үшін әртүрлі дисперсті құрамды компоненттер қолданылады. Соған байланысты майдаланған тотықтырғыштар, байланыстырғыштар және басқа компоненттер фракциялық себуге ұшырайды.

Тор ретінде жібек немесе металл торлар қолданады. Бұл торлардың барлығы ГОСТ бойынша шығарылады.

       Көбінесе вибраторлар қолданылады, олар көбінесе металл ұнтақтарын себуде қолданады.

       Пиротехникалық өндірісте қолданылатын торлар шаңданудың алдын алады. Ол торлардың өнімділігі 600кг/сағ өнім бере алады.

       Соңғы кездері химия өнеркәсібінде майдалау аппараты, кептіру аппараты және себу аппараты көлік құрамында біріктірілген.

Құрамдарды түйіршіктеу. Бұл операцияда ұяшықтарының размері 0,9-1,8 мм болатын металл торлар арқылы құрамдарды тазалайды және механизделуі мүмкін. Түйіршіктеу процесінде бір-бірінен размері бойынша айырылатын түрлі типтегі түйіршіктегіштер қолданылады.

       Түйіршіктегіштерді де бронекабиналарда орналастырады және оларды қолдану кезінде араластырғыштарға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

       Құрамдарды кептіру. Бұл жұмысты құрғатқыш шкафтарда жүргізеді. Әдетте көп мөлшердегі құрамдарды құрғату керек болғандықтан, құрғатқыштар құрамдарды одан әрі қолдану үшін сақтағыш ролін де атқарады.

       Кептіру бірнеше сағат бойы 30-45о С температурада өтеді. Кептіру кезінде ерітінді жойылады.

      Қоспада қалған ерітінділер мен ылғалдың мөлшері 0,65 % аспау керек.

      Полимерлі байланыстырғыштары бар пиротехникалық құрамдар (каучук, эпоксидті шайыр және т.б.) полимерленуге арналған арнайы камераларда 75-80о С температурада 24 сағатқа дейін ұсталады.

      Құрамдарды нығыздау

      Құрамдарды нығыздау мен формалауды пресстеу, шнектеу, құю, кейбір жағдайларда қолмен ұру арқылы жүргізуге болады.

      Шнектеу нығыздаудың өндірістік әдісі болып табылады. Алайда оны пиротехникалық өндірістерде қолдану құрамдардың механикалық әсерге сезімтал болғандықтан қиындық туғызады. Шнектеуге көптеген құрамдардың қажетті мөлшердегі майысқақтыққа ие болмауы да кедергі жасайды.

      Құю арқылы нығыздау сары фосформен, оның құймаларымен және ерітінділерімен жұмыс кезінде қолданылады. Соңғы жылдары құю арқылы нығыздауды 20 % кем органикалық заттары бар қоспалы порохтар үшін қолданылады.

      Пиротехникалық өнімдердің көптеген бөлігі гидравликалық немесе механикалық пресстерде суық престеу әдісі арқылы нығыздалады. Бұл жағдайда өнімдер цилиндр тәрізді формаға келеді.

      Престеу кезіндегі қысым тәжірибелі жолмен таңдалады. Көбінесе 100-120 МН/м2. Жеке жағдайда бұл қысым өседі. Нығыздау жекелеген немесе топтық болуы мүмкін. Осыған байланысты қарапайым жағдайда матрицадан, пуансоннан және поддоннан тұратын нығыздаушы құрылғы қолданылады. Ірігабаритті өнімдерді нығыздау кезінде формалаудың дәрілік әдісін қолданады.

     Ірігабаритті өнімдер үшін секционды құрал қолданылады.

     Нығыздаудың топтық әдісі кезінде барлық нығыздалатын заттарға бір қысымды қолданатын және барлығын бірдей тығыздықпен қамтитын компенсатор қолданылады.

     Гидронығыздаушы жабдық. Формалайтын өнімдердің размеріне байланысты гидравликалық престердің әртүрлі түрлерін қолданады.

   Олардың көбісі жеке гидроприводтармен жабдықталған. Нығыздау төменгі траверсті 4-ші (немесе 2-ші) колонна көтеру арқылы жүзеге асады. Нығыздайтын траверсті түсіру қайтқыш цилиндрдің көмегімен жүзеге асырылады.

   Механикалық нығыздауыштар. Олардың түрлері өте көп. Оларды негізінен ұсақ заттарды нығыздау үшін қолданады. Дәріленген машиналар дозаторлармен жабдықталған, яғни олардың жұмысын автоматтандырады.

   Пиротехникалық өнеркәсіпте вибронығыздау және изостатикалық нығыздау маңызды роль атқарады.

  

            Өнімдерді нығыздау және жинау

  

        Өнімдерді нығыздау және жинау кезінде келесі операциялар жүргізіледі:

    -бөлшектерді жабдықтауға дайындау;

    -бөлшектерді жинау;

    -жиналған өнімдердің сапасын тексеру.

 

   Бөлшектерді жабдықтауға дайындау. Пиротехникалық

өнімдердің корпустары, бөлшектері және басқа да элементтері

жинағыш ұстаханаларға әкелінеді.

Бөлшектерді кірден тазалау керек.

  Бөлшектерді жинауды арнайы ұстаханаларда конвейерлерде

немесе жеке үстелдерде жүргізеді. Барлық жинағыш ұстаханаларда ортақ

 жинағыш залдан бөлектетілген, өртке қауіпті және жарылғыш заттарды

жинайтын операцияларды өткізетін кабиналар болады.

Көп мөлшерде шығарылатын өнімдерді жинау кезінде жартылай

автоматты сызықтар қолданылады. Жинағышқа түсетін элементтердің

геометриялық размерлері мен массаларына бақылау жасау үшін әр түрлі

автоматтар шығарылуда.


Дата добавления: 2021-01-20; просмотров: 44; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!