Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 14 страница



тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

 16-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-психологы

283. Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады.

Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді.

Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды.

Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.

Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді.

Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық).

Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

284. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

285. Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Психология" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және бейіні бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер-5 жыл.

286. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебер":

"педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,

оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

 17-параграф. Аға шебері

287. Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік жұмыстар жүргізеді.

Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді.

Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін ұйымдастырады.

Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін, шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы, зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады.

Білім алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

288. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін,

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

289. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі (орта арнайы, орта кәсіптік), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдардағы орта басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

290. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебер":

"педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

 18-параграф. Оқу өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі

291. Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды.

Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді; жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады.

Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

292. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 164; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!