Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 1 страница



132. Лауазымдық міндеттері: Оқушының физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, арнайы білім қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, сөйлеу және психофизикалық дамуға зерттеу жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.

Сөйлеу кемшілігін түзету әдістерін көрсетеді, балалардың психофизикалық және сөйлеу күйін ескере отырып, сабақ топтарын толықтырады.

Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді.

Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын пайдаланады.

Арнайы ұйымдарда дамудағы сөйлеу кемшілігін барынша түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

Семиналарға, конференцияларға, педагогикалық қауымдастарға қатысады.

Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

133. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы конвенциясын", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңдарын мен білім беру мәселелерін,

педагогикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасын,

арнайы педагогика және психология, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинетін жарақтандыру және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін,

еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы күрес негіздері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді.

134. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл, педагог-шебер кемінде 6 жыл.

135. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

білім алушылардың дамудағы сөйлеу кемшілігін диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады,

білім беру ұйымы деңгейдегі тәжірибені жинақтайды.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

дамудағы сөйлеу кемшілігін алдын алу және жеңу үшін әдістер мен әдістерді қолдану;

ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастық жасау инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі,

тәлімгерлікті жүзеге асырады, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын сындарлы түрде айқындайды,

өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшы қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

оқу-дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыстар жүргізуге,

өз пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды жасауға, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді дамыту бойынша шығармашылық топтарды басқарады,

арнайы білім мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар, сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі,

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды,

өз тәжірибесін облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде жинақтайды, облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар;

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

арнайы білім берудің жаңа жетістіктерін енгізу;

авторлық бағдарламасының болуы немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

облыс деңгейінде дефектологтардың кәсіби қоғамдастығының желісін дамытуға қатысу және тәлімгерлікті жүзеге асыру;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болып табылады

 6-параграф. Арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдері

136. Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқушы контингенті мен оқытылатын пән ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Білім алушылар мен тәрбиленеушілердің жеке қабілеттерін дамытуды анықтайды және ықпал етеді.

Оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асырады.

Оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын, нысандарын, түрлерін қолданады.

Оқытылатын пән бойынша қажетті жоспарды жасайды.

Заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларын меңгереді.

Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған деңгейден төмен емес білімді, білікті және дағдыларды алуын қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу процесінің оқу жоспары мен кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға жауап береді.

Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтереді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы тұлғалармен байланысты жүзеге асырады.

Оқу пәнін, сабаққа қатысу режимін қолдайды.

Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындайды.

Оқыту процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауап береді.

137. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және напасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және арнайы педагогика, психология,

педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін,

еңбек туралы заңнама негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметі,

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

138. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша кәсіптік білім; жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл, педагог-шебер кемінде 6 жыл.

139. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

білім алушылардың дамудағы сөйлеу кемшілігін диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады,

білім беру ұйымы деңгейдегі тәжірибені жинақтайды;

білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияларды меңгеру.

2) педагог-сарапшы:

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

дамудағы сөйлеу кемшілігін алдын алу және жеңу үшін әдістер мен әдістерді қолдану;

ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастық жасау;

инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі,

тәлімгерлікті жүзеге асырады, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын сындарлы түрде айқындайды,

өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.

3) педагог-зерттеуші:

педагог-сарапшы қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

оқу-дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыстар жүргізуге,

өз пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды жасауға, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді дамыту бойынша шығармашылық топтарды басқарады,

арнайы білім мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар,

сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі,

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды,

өз тәжірибесін облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде жинақтайды,

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар;

3) педагог-шебер:

педагог-зерттеуші қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

арнайы білім берудің жаңа жетістіктерін енгізу;

авторлық бағдарламасының болуы немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуға қатысу және тәлімгерлікті жүзеге асыру;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болып табылады.

 6-тарау. Қосымша білім беру

 1-параграф. Балаларға қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)

140. Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.

Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.

Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.

Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

141. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері,


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 201; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!