Мінез. Мінез бітстері мен типтік бітістері

Билет

 Мектепке дейінгі педагогика пәні,оның зерттеу міндеттері.Мектепке дейінгі педагогика-жалпы педагогиканың бір саласы.Мектепке дейінгі педагогика-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту,дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.Ол жалпы педагогиканың басты қағидаларына сүйенеді, оны басшылыққа алады. Мектепке дейінгі педагогика-қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын,тәрбиесін, оларды қарапайым оқыту түрлерін зерттейтін саласы. Жалпы педагогиканың медодологиясы мен категориялық апаратына негізделеді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу меен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерін теориялық негізі болады.

Мектепке дейінгі педагогика пәнінің міндеттері                                                               -мектепке дейінгі педагогика ғылымының заңдылықтарымен, қағидаларымен болашақ мамандарды таныстырып,ғылыми дүниетаным қалыптастыру;                         -болашақ мамандардың адамгершілік және педагогикалық бейнесін және кәсіби құзыретілігін ,оқу-тәрбие ісіне шығармашылық қабілетін танымдық іздемпаздығын тәрбиелеу;                                                                                                   -мектепалды даярлау бағдарламаларын,оқу әдістемелік құралдармен жұмыс жүргізудің жолдарын,әдістернің ерекшелігін меңгерту;                                                                                            -теориялық білімдерін тәжірбиеде жаңа талапқа сәйкес түрлендіріп , жаңа ақпаратық технологияларды қолдана біліп, нақтылы әдістемелік шешімдер қабылдай білуге дағдыландыру;

Психология ғылымы қарастыратын мәселелер Психология – психикалақ құбылыстардың пайда болуын даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психология- ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері- Ежелгі Грекия. Психология грек тілінің екі сөзінен тұрады 1) «псюхе»(жан ) 2) «логос» (сөз ілім)деген мағына білдіреді. Сөйтіп бұл сөзді жан туралы , ғылым деп түсінген жөн. Жан туралы ғылым түсінік ежелгі грек ғылымы Аристотель (б.з.д 384-322)есімімен байланысты.Екі жарым жылға созылған осынау кезеңде психология басқы ғылымдармен философия, медитцина, әдебиет, жаратылыстану,т.б араласа,астарласа дамы келді. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғылымдардан жан құблыстарын ес,ойлау,түйсік, қиял т.б эксперимент тәжірбие жүзінде әр түрлі құрал-жабдықтар аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп тәжірбие ғылым ретінде дами бастады. Ғылымның осы саласын экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт(1838-1920) болды.Ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.з.д 436-370) сол кездің өзінде ақ жанды психика оттың  атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін,оның өшіп отыратындығын, айтып матералистік тұжырым жасады.Сол заманың екінші ойшылы,идиалист Платон (б.з.д 427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді,өшпейді деп тұжырымдады.Ғылымның алдағы жерде гүдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте заманнан (әл-фараби,Абай,Шәкәрімнің психологиялық ілімдері.) Қазан төнкерісіне дейінгі кезеңдерде сондай-ақ 20-жылдарда (М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие»(1923), «Ана мен бала» кітаптарында адамның жан қуаттары жөнінде сөз қозғалған. Отызыншы жылдары қазақ психолгия ғылымының жекеленген мәселелері Ә.Сыздықовтың(1898-1983) С.Қожахметовтың (1910-1945) С.Балаубаевтың (1902-1972) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше кітапшлары мен мақалалары жарық көрді.

Билет

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері Қазақстанда Республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтындағы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей байланысты.Бұл бөлім 1958 жылы ашылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Аэлита Александровна Анциферова (1958-1964) мұнда үш ғылыми қызметкер Бәшен Баймұратова, Вера Никифоровно Андросова, Лидия Алексеевна Давиденколар қызмет атқарды.1966-1976 жылдары мектеп жасына дейінгі педагогика секторы құрылып, оны Б.Баймұратова басқарды,1976-1980 жылдары осы институтта бастауыш білім беру және мектепке дейінгі әдістемелік бөлімінде аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 1980 жылдан бастап сол бөлімнің меңгерушісі болды.1958-1964 жылдар аралығында мектеп дейінгі балаларды адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу,ана тілінде сөйлеуге үйрету,сөз қорларын дамыту,балабақшадағы нәрселерді бөбекжайдағы сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.Зерттеу нәтижесінде Балалар бақшасының тәрбиелеу бағдырылаулау бақшасының «Тіл дамыту» «әдеби шығалмалар оқу» деген бөлімдері түпнұсқа материялдары негізінде жасалып, оны қазақбалабақшалары үшін алғашқы бағдарлама 1964 жылы іске қосылды.Тіл дамыудан оқу-әдістемелік еңбектер Б.Баймұратова жазылып, оны еңбекке тәрбиелеудегі орны туралы А.А Анциферова кандидаттық десертация қорғады. Нәрестелерді сабақ процесіне тәрбиелеу мәселедері туралы әдістемеік құрал дайындады. (Л.А.Давиденко). 1971-1975 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде үш ғылыми қызметкер –Б.Баймұратова, Г.С.Галеева және Р.М.Жұмағожина жұмыс істеді.

Психологияның зерттеу әдістері мен мен салалары Психологияда қолданылатын әдістер әртүрлі болады. Бақылау, эксперимент, әңгімелесу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады. Бақылау – психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс – әрекетін, оның мінез құлқын , психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез құлқын дұрыс түсіне білудің де маңызы зор. Мысалы оқушынң бет әлпетіне ден қоя берудің қажеті жоқ. Кейде оқушы кейде зер салып отырған адамның кейпінде болады , бірақ шынында ол мұғалімнің айтып жатқанан тыңдамай отырады. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның мінезін қабілетін, темперамент қабілетін білуге болады.Негізгі зерттеу әдісітері(Бақылау,эксперимент.)                                                                         Қосалқы және қосымша әдістер (әңгімелесу,тест, сауалнама,құжаттар талдауы,өмірбаян,статикалық әдістер,сұрақ-жауап)

Эксперимент Тәжерибе әдісіпсихология жөнінде ғылыми зерттеу жүргізуде, эксперименттік әдіс кенінен қолданылады.Эксперименттік әдістің артықшылығы,бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажетті жоқ.Эксперимент жасағанда психикалық үрдісті неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, қүту шапшандығын, т.б өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады. Тәжерибенің екі түрі бар:

1)зертханалық арнаулы аспаптар қолданылып жасалған тәжірибе зертханалық тәжірибе деп аталады М-лы: тері сезгіштік байқау үшін эстезиматер бар.Зертханалық тәжірбиені алғашқы рет В.Вунд,Лепциг қаласында 1879жылы жүргізді.

2) табиғи –жоғарыда аталған әдістің бұдан айырмашылығы сол табиғи тәжірибе зертханада емес оқушының күнделікті үйреншікті ортасында өткізіледі.табиғи тәжірбие әдісін психологияға 1910 жылы А.Ф:Лазурский енгізді.Бұл әдісті озінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың психологы А.Ф.Лазурский (1874-1917) еді.

Әңгімелеу әдісі бақылап отырған адам зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Сұрақ қоюда алдан- ала ойланып алған жөн.Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуы тиіс ал қойылған сұрақ балаларға түсінікті болуы тиіс.Әңгімелесу бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті тұтастай сыныппен өткізіледі.Әңгіменің мұндай түрі зерттеліп отырған оқушылардың жауабын бір-бірімен салыстырып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді

Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып ,оның психикасының дамуына былай жіктейді.

I Тәлім-тәрбие (педагогикалық )психологиясы адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді.Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларыңн қалыптастырудың,олардың тиісті оқу материялдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің мәселелерін қарастырады. Тәлім-тәрбие психологиясы мынандай тармақтары бар:

a)оқыту психологиясы дидактикалық психлологиялық негіздерін,оқыту мен білім берудің жекеленген әдістемеліктерімен,бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл –ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады.                     ә) тәрбие психологиясы гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерін психологиясын зерттеп ,оқушылар ұжымының еңбекпен түзету психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.

II Жас кезеңдер психологиясы әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қассиеттерін,психологиялық саналарын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан тұрады:балалар психологиясы,жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы мен кәрілік психология (геронтологгия) Бұл салада оқыту мен ақыл-ойдың дамуын зерттейді.

III Арнаулы психология Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын,ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы психология тармақтары:олигофрено психология –ми зақымы аурумен туған адам психологиясының дамуын. Сурдопсихология – санырау не керен болып туылған балалар психологиясы, тифлопсихология-нашар көретіндер мен зағиптардың психологиялық дамуын зерттейді.

IV Еңбек психологиясы  адам іс-әрекет түрлерінің психологиясын, ерекшеліктерін,еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талапатарын зерттеу мен бірге психология ғылымының дербес салаларына арналған білімдерге жіктеледі.Олардың ішінде инженерлік психология, авиатциялық психология, ғарыштық психология, т.б.бар.

V Медитциналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.

VI Әскери психология азаматты ел-жұрты мен Отаның қорғау мақсатында психологиялық тұрғыдан даярлайды.

VII Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрніс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

VIII Спорт психология  споршылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерді қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынудың өзара қарым қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын анықтайды.

IX Сауда психологиясы Әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдини-материялдық қажеттіліктерін өтеу мақсатына қарай дамыту шаралары білгіленеді.

X Ғылыми-шығармашылық психологияда шығармашылық адамның жасампаздық қызметті, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрніп, ғылыми жаналықтарды ашудағы интуициясы,сезімдік рөлі, т.б сипаттары зертеледі.Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық –эвристика тәсілі

XI Салыстырмалы психология психиканың физогенетикалық түрлерін қарастырады.Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыратады.

XII Заң психологиясы  құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу және оларды тәжірбие жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зертейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзу психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.

Билет

Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістері

Мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, шетел педагогиканың, педагогтарының, ойшылдарының құнды пікірлері; мектепке дейінгі педагогика әдіснамасы (методологиясы), мектепке дейінгі тәрбие жүйесі, зерттеу әдістері, зерттеу кезеңдері, жеке пәндерді оқыту әдістемесі.

Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері. Әр ғылымның өз мазмұны мен мәніне қарай оның дамуын қамтамасыз ететін белгілі ғылыми-зерттеу әдістері болады. Айталық, педагогика тәрбиелеп, оқытудың теориялдық мәселелерін зерттейді. Сол зерттеу жұмысында белгілі мәселені таңдап алып, оның өмірде қаншалықты көкейкесті екенін негіздеп, айқындаудың маңызы зор. Зерттеудің нәтижелі болуының негізгі шарты- теория мен практиканың өзара тығыз байланыстылығы. Педагогикалық зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін білу шығармашылықпен жұмыс істей білетін әрбір тәрбиешіге өзі ынта қоятын салада ғылыми ізденісті дербес жүргізу үшін де, сондай- ақ, басқалардың тәжірибесін зерттеп, бағалауы үшін де қажет.

Педагогикалық құбылысты зерттеудің үш кезеңі болады. Алғашқы кезең – көкейкесті тақырыпты таңдау, ол не үшін екенін айқындап алу. Екінші кезең- тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқып-үйрену, талдау жасау. Үшінші кезең – бақылау эксперименті арқылы жүргізілетін жұмыстың мән- жайын, дәрежесін анықтау. Педагогика ғылымында белгілі зерттеу әдістері қолданылады. Әдіс дегеніміз- мақсатқа жету тәсілі.

Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері мен тармақтары

Жас ерекшелік психологиясы- жалпы психология ғылымының бір саласы. Жас психологиясы- бұл ілім адамның әртүрлі жас кезеңдегі психикасының даму ерекшелігін зерттейді. Оның негізгі зерттейтіні –адам психикасының жас ерекшеліктерінің дамуы және оның психикалық құбылыстарын анықтау.

Тұлғаның даму кезеңдері:Ерте нәрестелік шақ /туғаннан 1 жасқа дейін/

Кейінгі нәрестелік шақ/1 мен 3жас/

Ерте балалық шақ /3-5жас/

Орта балалық шақ/5-11жас/

Жыныстық жетілу, жаткіншек жасы және бозбалалық/11-20жас/

Ерте ересек шақ/20-45жас/

Орта ересек шақ/40-45 және60 жас/

Кеш ересек/60 жас/

Билет

Мектепк дейінгі педагогика ғылымының басқа ғылым салалары байланысы

Педагогика ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы туралы оқушылардың өздері анықтап, айту ұсынылады. 3-5 минут ойланып, жазбаша түсіріп, кезекпен оқиды, олардың пікірі толықтырылып қортындыланады. Әр оқушы өз ойын дәлелдеуге тырысады.

· Мектепке дейінгі педагогика тарихымен;

· Физиология; биология;

· Психология; дефектология;

· Медицина, гигиена, педиатрия;

· Тіл білімі, балалар әдебиеті, т.б..

Жеке адамның психологиялық өзгешеліктеріне қысқаша сипаттама

Тұлғаның жеке- дара өзгешеліктері: темперамент, мінез, қабілет.

Темперамент дегеніміз- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Темперамент адамның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психологиялық құбылыс.

Мінез адамның негізгі өмірін, беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік . Ол- көп қасиеттің бірлігі түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

Мінез дегеніміз- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс –әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз -мақсатқа бағытталған, тәлім- тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс- әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және нәтижелі атқаруы.

Билет

1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас кезеңдері, жас ерекшелік көрсеткіштері және даму ерекшеліктері.

Нәрестелік кезең -0-1 жас.1 жас бала салмағы-10-10,5 кг,бойы-74-75 см.Ай сайын ол 600-700 г салмақ қосып, бойы 2-3 см өсіп отырады.Жаңа туған баланың ми салмағы 300 г болса, ай сайын 40г қосып отырады. Тәуліктің 18-20 сағ ұйқымен өткізеді.Әр 3 сағ кейін тәулігіне 7 рет тамақтанады.3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата алады.

Сәбилік 1-2 жас . 1 жастағы баланың салмағы 12-12,7 кг, бойы 85-86 см.Қимыл қозғалысы, дербестігі арта түседі. Ағзасы әлсіз, кінәмшіл, ауыруға ашулануға бейім келеді.Зерттеуші Н.М Шелеванов бөбектік шақты «сенорлық дамудың алтын кезеңі» деп көрсеткен. Негізінен тілді түсіну қабілеті жетіліп, зат белгілерін сөз бойынша ажырата алады.Жүруді үйренгенімен нық басуы , қозғалысы жетіле қоймаған. 2 жаста 200-300 сөз игереді. Заттардың түрлі қасиеттерін танып, күрделі әрекеттерді игереді.

Бірінші сәбилік кезең 2-3 жас.Орташа салмағы 11-15кг, бойы 95-96 см. Денесі, қимылы, жүйке дамуы осы кезде белсенді сипат алады. Үлкендермен қарым-қатынас нәтижесінде тілі мен ойы тез дамиды. Осы кезде 1200-1300 сөз біледі. Өз іс-әрекетін жоспарлау, елестету сезімі қатты дамиды.

Екінші сәбилік кезең 4 жас. Бала дамуының төртінші жылы екінші кезеңі сәбилік кезең деп аталады. Ұл бала бойы 100-109см,салмағы 15-19,3кг қыз бала бойы 98-109см, салмағы 14,8-19,8кг көкірек қуыс аумағы 51-56см.Көрнекі бейнелі ойлау қабілеті дамиды. Бұл кезде есте сақтау еске түсіру басқару мүмкіндігіне жетеді. Бала мінез-құлқы айтарлықтай өзгереді. Өзіндік тілегі бар жеке адам екенін сезіне бастайды.

Бала өмірінің бесінші жылы естиярлық кезең 5 жас деп аталады. Бала жылына 5-7 см өсіп, салмағы 1,5-2 кг қосады. Омыртқасы жақсы дамығанымен күш түсіретін жаттығулар берілмеуі керек.Бұл кезеңде ойлау мен сөйлеуді қатар алып жүреді. Қабылдау,қиял,ес,зейін дамыту ойын, еңбек, оқу ісінде жүзеге асады. Бұл жаста ана тілін игеруге бейімділігі жетіліп, барлық дыбыстарды дұрыс айтады. Байланыстыра сөйлеу элементтері қалыптаса бастайды. Әңгімесі 24-25 сөзден тұрады. Ойын кезде 180-210 сөзге дейін артады.

Ересектер 6 жас. Бойы 116см, салмағы 21,5кг . Көкірек клеткасы, иығы, жамбасы ұлғаяды, аяқ башпайлар мен қол саусақтары ұзарады. Мидың маңдай бөліктері шапшаң дамып, лексикны игерумен қатар синоним бейнелеу сөздерін пайдаланады. Зат,сын, сан есім, етістікті түрлендіріп қолданады. Сөйлеу белсенділігі алдынғыға қарағанда 2-3 есе төмендейді себебі зерттеушілер сыртқы сөйлеу ішкі түсінумен ауысуы деп біледі. Ойлаудың жоғарғы формасы- көрнекі ойлау, шығармашылықтың кейбір элементтері байқалады. Мұқият тыңдау, есте сақтау, танып білгер заттары мен құбылыстарын талдау, кей белгілерін ажырату, салыстыру қабілеттері дамиды. Білуге ынтасы артып, ақыл-ойы , қабілеті дамиды.

2 Темперамент. Темперамент типтерінің ерекшеліктері.

Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер дәрігер Гиппократтың еңбегінде кездеседі.

Темперамент түрлері:

Холериктер темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады. Ол адамдадың эмоциялық қозғыштығымен, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте-бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, сангвиник өткір қозғалғыш, қарым-қатынаста тұрақсыз болып келеді.

Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты,сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезімін білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе болады.Бір осал жері-қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы оңтайлықтың жоқтығы. Елеулеп ашуланбайды, көңіл күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.

Мелонхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер нткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре берейді, не де болса ішінде жүреді.Көп адаммен жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық-темпераменттің ең бір нашар жағы.

                              

Билет

3 Балалар тәрбиесінде қазақ этнопедагогиксын пайдалану жолдары және оның мазмұны.

Этнопедагогика-халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы.Мақсаты-халықтық салт-дәстүрді ,өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінің қадірлейтін , отанын, елін сүйетін жан-жақты саналы жасты тәрбиелеу. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат-жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқыты, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі жаста қазақ этнопед-сын пайдалану және оның мазмұны А.Баделдің зерттеу еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.Мұнда қазақ этнопед мазмұнын 5бағытта қарастыруды ұсынған; қазақ балалар фольклоры, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, этноэкология. Мектеп жасына дейінгі балаларға шығарма қысқы да, ықшам,тілі жеңіл, сөзі ойнақы түрде жазылып, белгілі сюжетке негізделе құрылады.Бала тілі дамуында мақал-мәтел, жұмбақ, өтірік өлең, жаңылтпаш,ертегі аса маңызды рөл атқарады.

4Ес.Ес түрлері және процестері.

Ес дегеніміз- сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.Ес түрлері; Қозғалыс «коньки тебу,жазу»,образдық нақтылыбейнені ойда қалдыру «музыкант,суретші»,сөз-логикалық ойдың түрлі формаларын есте қалдыру «ұғым,пікір,ой»,эмоциялық сезімдерді еске қалдырып отыру .Еске қадыру; мақсат қою, жоспарлай алу, мәнін түсіну, шартты белгілер сызба қолдану.

Қайта жаңғырту а) еріксіз «мақсат қоймайды», б) арнайы «мақсат қою,ерік күш жұмсау». Есте қалдыру, қайта жаңғырту-естің процестері. Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады.Бала есте қалдыруы өмірінің бірінші айында қимыл байланыстарына қозғалу ассоциясына сүйенеді.Есте қалдыру материадың қысқалығы әр жинақтылығы себеп болады.Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді.Сондықтан мұғалім балаланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйретуі қажет.

БИЛЕТ

1.Мектепке дейінгі тәрбиелу мен оқытуда басшыллыққа алатын нормативтік –құқықтық құжаттар.

1999ж 7маусымда ҚР «Білім туралы » Заңы қабылданды. Аталған заңның 23- бабында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту туралы :

1.Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.

2. 5-6 жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында , мектепке дейінгі ұйымда жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

1999ж 22 қарашадағы №1762 бұйрығымен бекітілген. Тұжырымдамада МД білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде 5-6 жастағы міндетті мектепалды даярлаудың Ережесі ұсынылған. Оның негізгі мазмұнында ҚР-да мектепке алдын ала даярлау қажеттілігін туғызатын факторларды, жалпы білім беретін бағдарламалар дене және психикалық денсаулығын қорғау мен нығайтуды, әлеуметтік мінез- құлқының қалыптасуын , ақыл-ой дамуы мен мотивациялық даярлығы , құрбы –құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым – қатынас деңгейі қарастырылған.

 2. Зейін. Зейіннің негізгі қасиеттері мен түрлері.

  Зейін- Сананың қандай да бір затқа не құбылысқа бағытталып шоғырлануын айтамыз. Зейіннің 3 түрі болады: ырықты , ырықсыз,үйреншікті зейін.

Ырықты зейін- алдына мақсат қойып көздеген нәрсені алдын ала белгілеп әдейілеп зейінін соған аударады бұны ырықты зейін деп атайды. Бұладамның еркіменістелетін зейін күші.

Ырықсыз зейін- егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны жағынан қызықты болып көрнекі құралдар қолданылса онда оқушылар педагогтың сөзңн өздері – ақ ұйып тыңдайды көрсеткендеріне көңіл қоя қарайды мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамды қыспай өзін-өзі болатыны былай тұрсын сонымен қатар бір нәрсені көруге естуге алдын-ала ниеттенбесе де пайда болады. Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады.

Үйреншікті зейін- үлкен адамдар зейінікөбінесе үйреншікті зейін болады. М-лы: бала кітап оқуда немесе жазужазуда әдейі зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді, бұларды меңгеріп алған соң қызықтырып тұрған күрделі міндетке ырықты зейін юбағынып кеін арнайы күш жұмсамай ақ орындалады бұл процесті үйреншікті зейін деп атайды.

Қасиеттері:1.Зейін бөлінушілігі-Бір мезгілде бірнеше нәрсені атқара білу мүмкіншілігі./Бала есеп шығарып отырып тақтадағы есепті бақылайды, сөзін тыңдайды./

2. Зейіннің аударылуы-бір обектіден екінші обектіге назарымызды көшіру. /Баланы бір пәннен екінші пәнге көшәру т. б./

3. Зейіннің көлемі- бір уақыт ішінде оның қамтитын обектілер санын айтамыз/ тахидаскоп аспабымен/

4. Зейіннің алаң болушылық- бір обектіге саналы түрде зейінді аудара алмаушылық

5. Зейіннің тұрақтылығы-бір жұмысқа ұзағырақ тұрақталады/хирург дәрігер жұмысы/

Билет

1.Балалардың адамгершілік тәрбисі

Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын , адамгершілік түсініктері мен мінез құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып , балалардың іс- әрекеті мен мінез –құлқынан, тәртібінен көрініс табады.

МЖД балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үй ішіне , жақындарына , құрбы –достарына , жалпы адамдарға , Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

2) Адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын , ұйымдасқан тәртібін , мәдениеттілігін , жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

3) Балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

2. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының ерекшеліктері

МЖД балалардың жас ерекшеліктері 3 кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең- Ерте балалық шақ- туғаннан бастап 3 жасқа дейін;

Екінші кезең- Балалық шақ- 3-10 жасқа дейін;

Үшінші кезең – Ересек шақ.

Бала мектеп есігін ашқанша , оның жетілу , даму процесін , тұлғаның дамуын зерттейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы балалар психологиясының құрамдас бөлгі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық ерекшеліктерін зерттейді.

Баланың психологиясы дамуында биологиялық және тәрбие факторларының рөлі, психологиялық дамыту мен үйрету, жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу, баланың психикалық дамуындағы жеке-дара ерекшеліктері туралы, сондай-ақ баланың дүниеге келуі және шартты , шартсыз рефлекстері, олардың бала дамуындағы маңызы жайында біліммен қаруландырады.

Бала психиканың дамуы – өткеді қайталау ғана емес , сонымен қатар, күрделі, бірте –бірте сапасы артып, өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады , бұл жағдайда сандық өзгерістерге айналады. Психикалық даму толықанды болу үшін ми қыртысы мен жоғары жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі маңызды.

Билет

1)Балалардың ақ-ой тәрбиесі?

Ақыл-ойдың дамуы-бұл бала жасына тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі.

Ақыл-ой тәрбиесі- балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы.

2)Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы- айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі-оқыту процесі. Ақыл-ой тәрбисінің тағы бір бағалы құралы-еңбек.Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен, олардың пішіндері, көлемдерімен,сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.

3)Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері-Табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру,әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелеу,көрнекіліктер пайдалану,қызықтыру, т.б

2)Нәрестелік кезенің даму ерешелігі?

Бала дамуының төртінші жылы екінші сәбилік кезең деп аталады.Бұл шақтағы баланың,дамуына ерекше мән береді. 4 жастағы ұл баланың бойы-100-109см,салмағы-15-19,3 кг қыз баланың бойы-98-109см,салмағы-14,8-19,8 кг,көкірек қуасының аумағы 51-59см. Миының құралымы мен сезімталдық қабілеті әрі қарай дамиды,белсендігі артып,қимыл-қозғалысы үйлесемді бола түседі. Көрнекі бейнелі ойлау қабілеті дамиды. 2,5-3 айдан 5-6 айға қарағанда тәулігіне 6 рет тамақтанады. 3 айдан анасын,6 айда таныс адамдарды ажырата алады. Бөтен адамдарда жатырқайды. Заттардың түсін, пішінін ажырата бастайды.Жылы сөйлесе қуанады, зекісе жылайды. 4-5 айда ыңылдайды, уілдейді. 6-7 айда былдырлайды(а-та,а-на,ма-ма). Нәрестенің көңілің музыка әуеніне, музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына,әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет.

Билет

Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі                                                   Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу-Маңызды педагогикалық процесс. Өйткені болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін абыройын, өмірден алатын орынын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке тәрбелеудің негізгі мақсатты-Еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып,оның нәтижесіне қуана білуге,балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдесу,дене қозғалысың үйлесімді,сергек болуына ықпал етуі.

Еңбек тәрбиесінің міндеттері:                                                                                                             -Балалардың негізгі еңбек дағдылырын қалыптастыру:                                                               -Үлкендерге және өзінен кішілерге көмек көрсете білу.                                                                   -Ұқыптылыққа шыдамдылыққа қиындықты жеңе білуге дағдыландыру.                       -Еңбек құрал-жабдықтары мен жұмыс істей білуге және оған ұқыпты қарауға тәрбиелейді.                                                                                                                                       -Еңбек сабақтарыңда қағаз,мата,табиғат материалдарын,өндіріске қажетсіз заттарды пайдалана білукер іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.                      Еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі Оның ойын мен тығыз байланыстылығында. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі,оларды танып біледі, соның нәтижесінің алғашқы қанағаттану сезімдері пайда болды.

Бөбектік кезеңдегі психологиялық даму?

Баланың өмірге келгенде бұрыңғы тұрақты мекенен бірден таныс емес өзгемелі ортаға тап болады. Баланың жарық дүниедегі өмірін бойындағы туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді.Ол жүйке жүйесінің ағзаны сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Осылай туған бойда ағзаның негізгі жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.

Бала туғанан кейінгі алғашқы апталарда көп уақытын ұйымен өткізеді. Алғашқы күндері бала бойынан қорғаныш рефлекстерін байқауға болады: терінің қатты тітіркену,дененің қорғаныш тартынысы, бетінің алдыңдағы бір нәрсенің қаратыуы, қабығын түюі,жарыққа қарашықтың кішіреюі және т.б. Олар тітіркендіргіштің қашықтықтаіуға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған.Бағдарлау рефлекстері жаңа туған нәрестеден қорғаныш реакциясынан басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясы түрінде байқалады. Нәресте дүниеге алғашқы үш күн ішінде күшті жарық көзіне қарай басын бұратыны белгілі.Сонымен қатар, балаларда ему рефлекс, жаармасу рефлексі, итеру рефлексі болады. Жаңа туған нәресте осы рефлекстермен арқасында 

Билет

1.Балалардың дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруы шарттары.Дене тәрбиесі адамның дене мүшелерін шынықтырып,бала психикасының дамуына әсер ететін,адам организімнің барлық жағынан жетілуіне, қимыл-әрекеті мен дағдысының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педагогикалық үдеріс.Дененің дамуы- тәрбиенің және бізді қоршаған ішкі,сыртқы ортаның әсерінен оргазимнің биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі.

Дене тәрбиесінің мақсаты-балалардың денсаулығын нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

1.Баланың денсаулығын сақтау және нығайту;

2.Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру;

3.Бала денесін шынықтыру;

4.балалардың жүру,жүгіру,секіру,өрмелеу,лақтыру сияқты қимыл-әрекеттерін дамыту.

Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар:балалардың күтімі және оның өсуіне қолайлы мәдени-гигеналық жағдай жасау,дұрыс жасалған күн режимі,тамақтандыру,дененің тазалығы,баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киінуі,гимнастика және қимылды ойындар ойнату,ұйқысын ұйымдастыру,серуенге шығару,күнді,ауаны,суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары:ауа,су,күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура түрінде-ауа және күн ваннасын,шомылу,сулы шүберекпен ысқылану,үстіне суық су құйыну түрінде пайдаланады. Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізді. М.ж.д балаға дене мүсінінің дұрыс қалыптастыруын, яғни денесін түзу,тік ұстауды,бала отырғанда,тұрғанда ,жүргенде денесін тік ұстауды әдетке енгізу қажет. Дұрыс мүсін адамның ішкі ағза құрылымының жетілуін жақсартады. Дене мүсінің дұрыс қалыптасуы сүйек –бұлшық ет құрылысының дұрыс дамуына байланысты. Қозғалыс тірегін дұрыс қалыптастыруды бала шақтан дағдыға айналдырған тиімді болып келеді.

2.Қабілет.Қабілеттің түрлері мен даму деңгейі.

Қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған,тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі ж.е нәтиже атқаруы.Адамның қандай да болмасын, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынандай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

1)Іс-әрекетті тез өзгерту.                                                                                                                   

 2)Іс-әрекетті орындау нәтижесінің сапасы.

Қабілеттілік- адамдардағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат.Қабілет екіге бөлінеді. Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететің кез келген адамнан табылатын қабілет – жалпы қабілет деп аталады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет- арнаулы қабілет деп атайды. Адам қабілеттерінің жан- жақты жетілуі – еңбектің,яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді.Талант бір әрекетті шығармашылықпен орындау. Дарындылық нышан арқылы қалыптасқан қабілет. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетке бет бұруы қабілеттің алғашқы белгісі. Мектеп пен мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай-ақ олардың қабілеттерін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу жұмыстарының зор маңызы бар. Дегенмен қабілеттілікті дамытуда оқыту әртүрлі дәрежеде ықпал жасайды. Түсінбей жаттап алу бұл дамытуға кедергі жасау мүмкін. Оқушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа,дербестікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді.

Билет

1.М.д балалардың эстетикалық тәрбиесі

Эстетикалық тәрбие дегеніміз- қоршаған дүниенің,өнердің сұлулығын баланың көру және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің мақсатты түрде бағытталған,жүйелі процесі.Эстетикалық тәрбие дегеніміз өте кең ұғым.Оған табиғатқа,еңбекке,қоғам өміріне,тұрмысқа,өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді.Алайда өнерді танып,білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық-ол эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады.Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдаудан, оған эмоциялық жауап қатудан оны түсінуге,эстетикалық ұғым,эстетикалық пікір,эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.Эстетикалық сезім дегеніміз-өмірдегі,көркемөнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу,толқу,рахаттану.Ол-адам табиғатына ғана тән жоғары сезім.Эстетикалық талғам –кең ұғым,ол өнердің терең мағыналы,тамаша шығармаларын түсінуді,содан ләззәт алуды ғана емес,табиғаттың еңбектің,тұрмыстың,киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиды.Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі компонентері:

1.Эстетикалық қабылдау.

2.Эстетикалық сезім.

3.Эстетикалық талғам.

1.Эстетикалық қ.деп- әсемдікті қабылдау процесін айтады,мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену,эмоция болып табылады.Табиғат,өнер,адам жасаған заттар,адамның сыртқы кейпі,әрекеттері мен қылықтары, адамның өзіде эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.

2.Сезім байлығы – адамның рухани өмірін жоғары да,әр тарапты дамытудың қажетті шарты.Адам рухани жағынан бай болып,әсемдікті көре біліп,одан ләззәт ала білуге тиісті.

3.Эстетикалық талғам-әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.

2.Жеке адам және іс-әрекет түрлері

Адам –бұл,ең алдымен,Homo Sapiens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Адам –жоғары психикалық қызметті арқасында меңгеру ,жасау,өзгерту қабілеттеріне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын саналы таратушы. Адамда:биологиялық,психологиялық,педагогикалық,әлеуметтік сияқты құрылымдары бар.Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы,биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Тұлға – адамның қоғамдық санасымен мінез-құлықты,адамзаттың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.Әрекет дегеніміз-түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Іс –әрекетті негізі 3 топқа бөледі: Ойын бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы баланың белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді,өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Оқу –мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Білім жүйесін меңгеру арқылы ой және дене еңбегінің мағынасын түсінеді. Еңбек-адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын әрекеттің бір түрі. Еңбек –адам тіршілігінің арқауы,оның өмірі сүруінің басты шарты.

Билет

1.Мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбиенің маңызы

Экологиялық тәрбие – бұл балалардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері.

Ол балалардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.

Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы айнала қоршаған ортамен тығыз байланыста және экологиялық тәрбие балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.

 Экологиялық саяхаттар, серуендер, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттердің барлығы ойындар арқылы дамиды, түйсікте сақталады. Бала алған білімді көру, ұстап қарау арқылы тез қабылдайды. Балалармен өткізген ойындар көп жетістіктерге жеткізеді.

Экологиялық тәрбие экологиялық мәдениетті қалыптастырып, экологиялық санасының өзегі болып баланың алғашқы руxани бейнесіне тұтастық әкеледі, оны қоршаған табиғи ортаны сүйе білуге, қорғай білуге үйретеді.

Мінез. Мінез бітстері мен типтік бітістері

Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын жəне оның өзіндік əрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды əр қырынан көрсететін қасиет.

Мінез дегеніміз-әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез бітістері

Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болғандықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Типтік мінездер-белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың нәтижесі.

Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға болады, яғни адамның ұстаған бағытынан, бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: ұжымдық, имандылық, қайырымдылық, үйірсектік, адамдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық, т.б. бітістер жатады.

Адамның өз-өзіне қатынасын білдіретін мінез-сипаттарына: кішіпейілдік, қарапайымдылық, өзін-өзі сыйлай алу, талап қоя білушілік, бұларға қарама-қарсы өркекіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.б. жатады.

Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге –мақсатқа талпынғыштық, дербестік, тоқтамға келгіштік, шыдамдылық, ерлік, т.б. жатса, әлсіз мінезге –ұялшақтық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т,б, кіреді.

Типтік мінездерді зерттеу – псиxология ғылымының алдындағы басты міндет.

Типтік мінездер-белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың нәтижесі.

Типтік мінез бітістерін 6 түрге жіктеуге болады:

1)Отансүйгіштік 2) Мақсаткерлік 3) Борыш пен жауапкершілік 4) Мейірімділік пен ізгілік 5) Адалдық пен шыншылдық 6) Достық

 

Билет

1.Балабақшада дидактикалық құралдарды пайдаланудың маңызы

Дидактикалық құралдар – бала қиялын дамытуда үлкен роль атқарады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында дидактикалық құралдарды қолдана отырып, баланың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін тәрбиешінің әдіс-тәсілдерінде белсенділікті арттыру жолдарын жаңадан қарастырып ұйымдастыру керек. Балаларға құрметпен қарап, олармен санасу, көрнекіліктерді сабақта қызықты, мазмұнды етіп қолдану балалардың да сабаққа деген ынтасы, белсенділігін, қызығушылығының артқандығын байқауға болады.

Балалардың танымын, білімін арттыруда дидактикалық құралдарды пайдаланудан шығатын нәтиже:

а) Мектепке дейінгі мекемелер балаларының қабілеттері мен қызығушылығын арттырады

ә) Оқуға жағымды жағдай туғызады

б) Баланың тұлға ретінде өзін көрсету ықыласын арттырады

в) Балаларды өзара жарыстырып, сайыс арқылы көрнекі құралдар жасату

г) Балаларға стандартқа сай емес шешімдерді іздестіруге мүмкіндіктер береді

ғ) Дербес білім алу дағдыларын үйретеді

д) Балалардың «табыстарын» өз көзімен көруге ықпал етеді

е) Балалардың жетістіктерін көрсетіп, олардың оқуға деген ықылас-ниеттерін оятып, сенімділіктерін арттыра түседі.

2.Ми мен психика. Психика мен сананың дамуы

Психика -түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды.

Психика жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам жануарлар психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.

Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми (бас миы және омыртқа жұлыны).

Перифериялық жүйке жүйесі –жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады.

Ми да, жүйкелер де нейрондардан, яғни бірімен-бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады. Адам миының аумағы үлкен, адам миының орта салмағы - 1400грамм.

Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.

Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақтары аксон, ал қысқа тармақтары дендрит. Нейрондардың тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.

Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі-жұлын(ұзынд-1см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзынд.орта есеппен 45-см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі-ми. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми- бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми-жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің тыныс алу, түшкіру, шайнау, жұту сияқты түрлі реакцияларымыз-сопақша мидың қызметі.

Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі аференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Аференттік - лат. «аферренс» деген сөзінен шыққан, «жеткізуші» деген мағынаны білдіреді.

Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұның ішінде ақ зат, сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады. Ми қабығы 4 бөлімге бөлінеді, олар: маңдай, төбе, желке, самай. Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан.

Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жəндіктерге тəн. Ал психиканың ең жоғары формасы – адамның санасы.

Сана – адамның қоамдық тарихи дамуының жемісі. Ол əлеуметтік даму заңына сəйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, əр алуан нəрселерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді.

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:

1.Жануарлар психикасының дамуы(ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады.

2.Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.

Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына əсер еткен шешуші факторлар – дыбысты тіл мен еңбек.

Билет

1. Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі.

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс – тәсілдерін жетік білуі.

-материалдарды түсінікті жеткізе білуі.

2. Сабақты өткізу әдістемесі.

-балалардың оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;

-тәжірибелік білім –білік дағдыларды қалыптастыра білу;

Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті.

-кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;

-балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білуі;

-ата-аналармен тіл табыса білуі;

-сөйлеу мәдениеттілігі.

3. Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету.

-өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;

-байланыстырап сөйлеуге үйрете алуы;

-балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;

-педагогикалық терминдерді дұрыс тиімді пайдалана білу дағдысы;

4. Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі.

-балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білуі;

-балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

-жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.

5. Жаңа технолоияларды пайдалана білу.

- қазіргі іс- тәжірибелерді пайдалана білуі;

- білім беруді дамыту бағыттарын айқындай білуі.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары:

 Ақылдылығы, қайырымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, шығармашылық қабілеттілігі, коммуникабельділігі, кәсіби шеберлігі, белсенділігі, жан-жақты қызығушылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдануы, зиялылығы, әзіл-қалжыңға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейірімділігі, әділдігі, интеллигенттілігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

2. Психология пәні, маңызы және әдістері.

   Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және алыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

  Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Психикалық құбылыс (түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдет,т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.

Психология- ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері- ежелгі Грекия. «Психология» гр. екі сөзінен тұрады: оның 1-сі- «псюхе»(жан), 2-сі-«логос» (сөз, ілім). Жан туралы ғылым.

Ғылым ретінде психологияның міндеті-психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу.

Психологияның, әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиологияны жөнді білмейтін дәрігердің жұмысы қандай пәрменсіз болса, психологияны білмейтін мұғалімнің де оқу-тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды. Осы жайды Украинаның аса көрнеті педагогы, психолог А.С.Макаренко (1888-1939) бізе талай рет ескерткен болатын.Ғылыми-техникалық прогресс елімізде осы ғылымның ұдай дамуына ерекше ықпал жасап келеді. Кеңес психологтары оқу-ағарту, тәлім-тәрбие мәселелерінің көптеген қырларына замана талабына сай зерттеулер жүргізді. Мәселен, төменгі сынып оқушыларын оқудың жаңа жүйесіне көшіруде психологтар (Л.Б.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, т.б.) елеулі еңбек сіңірді.

Психологияда қолданатын әдістер әртүрлі болады.

Бақылау- психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Баланың іс-әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуде үй іші жағдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына, өзіне және үлкен адамдарға қарым-қатынасының қандай екендігін біледі. Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге болады.

Тәжірибе. Ғылыми –зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні: сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады.

Тәжірибенің 2 түрі болады:

1. Зертханалық тәжірибе.

2. Табиғи тәжірибе.

Арнаулы аспаптар қолданылып жасалған тәжірибе зертханалық тәжірибе деп аталады. Мәселен, тері сезгіштігін байқау үшін эстезиометр бар.

Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі табиғи тәжірибе д.а. Жоғарыда айтылған әдістен мұның айырмашылығы сол, табиғи тәжірибе зертханада емес, оқушының күнделікті үйреншікті ортасында өткізіледі. Бұл әдістің өзінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың психологы Лазурский (1874-1917) еді.

Әңгімелесу әдісібақыланып отырған адамның зерттеушіге берген жауаптарынан құралады. Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ балаларға түсінкті болуы керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен, тіпті тұтастай сыныппен өткізуге болады.

Билет

1.Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі.

Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі м.ж.д. балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышн тудырады. Дегенмен балаларды еркелету қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.

Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:

А) балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;

Ә)өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

Б)балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

В)балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

Г)аудандық, қалалық, әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада пед-қ кеңестің жұмысына қатысады;

Д)балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.

 

Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші-әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, жақын жүргісі келеді.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, асықпай, байыппен сөйлеуі керек.

Тәрбиешіге қойылатын талаптар:

1)тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;

2)арнаулы білім, білік пен іскерлік дағдыны меңгеруі керек;

3)баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;

4)ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп түсіндіре алуы керек;

5)жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;

6)тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

2.Жеке адам қарым-қатынас психологиясы.

Қарым-қатынас –байланыс жасау барысында өзара алмасатын мәліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай:

Материалдық-адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекеет құралдары.

Когнетивтік-адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік.

Кондициялық- адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің алмасуы.

Мотивациялық-адамардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.

Іс-әрекеттік-адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс.

Американдық психолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік, кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай біледі. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі әр қилы. Басты мақсаты-топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау.

Мұғалім әр кез оқушылармен қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.

Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды.

Демократиялық оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.

Либералды мұғалімшешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады.

Билет

Ойын – мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі іс-әрекеті.

Ойын-мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойынды үлкендердің қызметіне еліктеп,өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.Ойынның негізгі ерекшелігі,ол балалардың қоршаған өмірді-адамдардың қимылын, іс-әрекетін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеу болып табылады.Ойында бөлме теңіз де, метро станциясын да, темір жол вагонында болуы мүмкін.Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі –оның өз әрекеттік сипаты.Ойынның түпкі ниетібұл балалардың неі және қалай ойнайтындығының анықтамасы.Мы: дүкен, ұшқыштар,әкесі мен шешесі т.б болып ойнайды.Ол сөзге тұжырымдалып, ойын әрекетінің өзегіболып табылады. Ойынның түрлері:ұлттық ойындар,сюжетті рөлдік ойындар,дидактикалық ойындар,сахналанған ойындар,қимылды ойындар,үстел үсті ойындар,құрылыс ойындар, қысқа көрністі ойындар жұмбақтар,еліктеу жаттығулары,ойын әрекеттерін тапсырмаларын орындау барысында жүргізіледі.                                                                                                     Сюжетті рольді ойындар-мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелгі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.     Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс. Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

    Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Түйсік. Түйсік түрлері мен негізгі заңдылықтары

2.Түйсік пен қабылдауға сипаттама

Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.

Материалдық дүниедегі заттармен құбылыстардың жеке сипаттарының сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін түйсік атаймыз. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы.

сипау, иіс жəне дəм түйсіктерін ажыратқан.

Қазіргі кезде сыртқы жəне ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін

20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер

бірнеше негіз бойынша жіктеледі.

I. Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нəтижелерінің адам 180түрлі түсті жəне соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған.

Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады. Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының əсер етуі нəтижесінде пайда болады.

Заттар мен нəрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, қара жəне барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.

Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы. Көз алмасы 3 түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.

Заттардың түстерін көру «3түсті көру» теориясымен түсіндіріледі. Алғаш осы теорияны ұсынған орыс ғалымы М.В.Ломоносов болса, дамытқан немістің ғалымы Г.Гельмгольц дамытты.

ІІ.Есту түйсігі. Біз түйсінетін дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі - консонанс (фр. үйлесімді, жағымды), жағымсызы (үйлесімсіз, жағымсыз) - диссонанс деп аталады.

Есту түйсігі ауа толқынының дабыл жарғағына əсер етуінен басталады.

Есту мүшесі – құлақ үш бөлімнен:

1.Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады.

2.Ортаңғы құлаққа – балғашық, төстік, үзеңгі кіреді.

3.Ішкі құлаққа босаға, иірім түтіктен, жартылай имек каналдардан тұрады.

Құлақта 24 000 көлденең талшықтан тұратын құлақ жарғағы болады.

ІІІ. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялык заттардың əсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының рналасқан аймағы 5 см-ден аспайды. Тітіркендіргіштер əсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына

жеткізеді. Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тəжірибесіне сəйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның, мысалы салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мəселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ең жаксы аңшы иттерден артық

сезеді. Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Иісті нəзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды, түрлі нəрселерді алыстан-ақ иісінен «таниды». Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады.

 

ІV. Дәм түйсіктері. Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады.

Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителиймен оралған сопақ денелерді айтамыз. Олар тілдің бетінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Көп орналасқан жері – тіл аймағы. Дәм түйсіктерінің негізгі төрт түрі бар-тәтті, қышқыл, тұзды, ащы. Тілдің түрлі бөліктері дəмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тəтті дəмді тілдің ұшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ еті, тұщыны - тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді. Егер əлдебір нəрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дəмін ажырата алмайды. Өйткені, дəм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.

 

V. Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол болады. Тері түйсіктері: сипап сезу, температура және ауырғанды білдіретін түйсіктер деп бөлінеді.

Бір нәрсе тигенде тілдің, саусақтың ұшы,арқа сезімтал келеді.Бір жеріміздің ауырғанын арқа мен бет терілері жақсы сезетін болса, саусақ ұштары мен алақан нашар сезеді.

 

VІ. Сипап сезу түйсіктері. Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алады. Мұның екі түрі бар: пассив сипап сезу, актив сипап сезу. Актив сипап сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің әлсіз немесе күшті тітіркендіргіштердің бұл заңмен түсіндіру қиынға соғады.

 

VІІ. Вибрациялық түйсіктер. «Вибрация» - латын сөзі, қазақша «діріл» деген мағынаны білдіреді. Вибрацялық түйсіктер заттардың туралы хабар береді.

Яғни, тербеліс (вибрациялық) түйсіктерді серпінді ортадағы 15-тен 1500Гц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі тіпті пайдасыз Негізінде, көп жағдайда олардан сақтанып жүрген абзал.

Заңдылықтары:

Сезгіштік және табалдырық абсолюттік, айырма

Адаптация – біртіндеп бейімделу.

Адамның түйсіне алу қабілеті – сезгіштік деп аталады.

Сезгіштіктің 2түрі болады:

1.Айырма сезгіштік – сезім мүшелерінің тітіркендіргіштер арқылы арасындағы болмашы айырмашылықтарды түйсіне алуы.

2.Абсолюттік сезгіштік -бұл сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы.

Сенсибилизация-түйсіктің, сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс.

Синестезия-түйсіктердің қосарланып жүруін айтады.

Бірізді образдар-аз уақытқа болса да, түйсіктің өз күйінде қалуы.

Билет

Тәрбиешінің ата аналармен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны.

 Осы орайда, балабақшаның ата аналармен жұмысының мазмұны:

А) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру;(дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.)

Ә) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата – аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық – техникалық база жасауға көмектесу);

Б)  балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата- аналар комитеті, ата – аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы);

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістер олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының ынтымықтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек.

Ата – аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.

 

 

Жеке адамның эмоциясы мен сезімдері

Өзінің танып – білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім деп аталады.

Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттар мен құбылыстардың сапалыры туғызатын қажеттіліктер, талап – тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.

Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі – түйсік, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл – күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды.

Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады.

Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым – қатынасына байланыты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.

Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама – қарсы полярлық сапалықтар деп атайды.

Сезімдердің екінші ерекшелігі олардың актив және пассив болып бөлінеді.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу.

 

Билет

Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады.Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді,мектепке даярлайды,отбасына көмектеседі.Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы керек.Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып,тәрбие беру,оны өмірге даярлау,педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты,әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.                                                                                            Балабақша тәрбиешісінің міндеттеріа)балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;                                                                                                                  ә)өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен қамқорлықпен қарайды;                                                                                    б)балалардың денсаулығына сақтауға қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;                                                                                                       в)балаларды отбасында,балабақшада тәрбиелеу мәселедері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізелді;                                                                      г)аудандық,қалалық әдістемелік бірлестіктерде балабақшада педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады; д)балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады,есеп береді,әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекетіОйын-мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойынды үлкендердің қызметіне еліктеп,өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.Ойынның негізгі ерекшелігі,ол балалардың қоршаған өмірді-адамдардың қимылын, іс-әрекетін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеу болып табылады.Ойында бөлме теңіз де, метро станциясын да, темір жол вагонында болуы мүмкін.Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі –оның өз әрекеттік сипаты.Ойынның түпкі ниетібұл балалардың неі және қалай ойнайтындығының анықтамасы.Мы: дүкен, ұшқыштар,әкесі мен шешесі т.б болып ойнайды.Ол сөзге тұжырымдалып, ойын әрекетінің өзегіболып табылады. Ойынның түрлері:ұлттық ойындар,сюжетті рөлдік ойындар,дидактикалық ойындар,сахналанған ойындар,қимылды ойындар,үстел үсті ойындар,құрылыс ойындар, қысқа көрністі ойындар жұмбақтар,еліктеу жаттығулары,ойын әрекеттерін тапсырмаларын орындау барысында жүргізіледі.                                                                                                     Сюжетті рольді ойындар-мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелгі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.     Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс. Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді, алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, темір жолдар т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

    Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы – ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т.б.), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұлттық санамақтарды, өлеңдерді, тақпақтарды дер кезінде қолданып, бірге оқып үйренеді. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын бүлдіршіндердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Билет

Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар Тәрбиешінің жеке басының үлгісі-жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы,таза ұқыпты жүруге,сөйлеген сөзі мәнді, ойлы,әдемі салмақты келіп, асықпай байыппен сөйлеуі керек.Бала еліктегіш болғандықтан жақсаны да,жаман да тез қабылдайды.

Тәрбиеші қойылатын талаптар:1)тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін,жүрісін-тұрысын жөнге салып,балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;                                                                                    2)арнаулы білім, білік пен іскерлік дағдыны меңгеруі керек.                                  3)баламен еркін жақын тарта сөйлесе білуі керек.                                                       4)ол өзінің көзқарасымен,ымишнарасымен де өз ойын балаға жеткізіп түсіндіруі алуы керек;                                                                                                         5)жұмысты ұйымдастыра білетін тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп,тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт.   6)тәрбиешінің әрбір қимылы,жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс; Жаңашыл педагог Ш.А.Амонашивли тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: «педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді,жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым-қатынастың жасаудың әдебін, дауыс сарының, жылы үнін игеруі керек,әріптестерінің табысына қызғанышпен,күншілдікпен құрауға құқы жоқ әріптестерімен өз тәжірбиесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек әріптестеріне жоғарғыдан менсінбей қарауға құқы жоқ,әріптестерінің ар- намысын, атақ-данқын сақтауы керек,балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек,бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс» деп тәрбиеші қызметінің өзге мамандықтардан ерекшелігін байқатады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің таным процестеріннің дамуы Танымдық процестерге түйсік,қабылдау,ес,ойлау,сөйлеу,және қатынас,қиял,ес, қиял, кіреді.

Түйсік-сыртқы дүние заттар мен құблыстарының жеке қассиеттернің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қаттаы жұмсақтыған кедір бұдырлыған т.б осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер 3 топқа топтастырылады: көру, есту, иіс, дәм, тері, сипап сазу.

Қабылдау- ми қабығының күрделі анализдік ж.е синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінен бірнеше тітіркендіргіштердің жиыны мен олардың қарым қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады мұны И . П Павлов қатынас рефлексі деп атаған.

Ес- сыртқы дүниезаттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

Зейін- адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы адам өмірінде зейіннің алатын орыны зор. Әсіресе таным процесінде білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыс зейін қоймаудан болады. Зейіннің 3 түрі болады: ырықты , ырықсыз,үйреншікті зейін.

Ырықты зейін- алдына мақсат қойып көздеген нәрсені алдын ала белгілеп әдейілеп зейінін соған аударады бұны ырықты зейін деп атайды. Бұладамның еркіменістелетін зейін күші.

Ырықсыз зейін- егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны жағынан қызықты болып көрнекі құралдар қолданылса онда оқушылар педагогтың сөзңн өздері – ақ ұйып тыңдайды көрсеткендеріне көңіл қоя қарайды мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамды қыспай өзін-өзі болатыны былай тұрсын сонымен қатар бір нәрсені көруге естуге алдын-ала ниеттенбесе де пайда болады. Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады.

Үйреншікті зейін- үлкен адамдар зейінікөбінесе үйреншікті зейін болады. М-лы: бала кітап оқуда немесе жазужазуда әдейі зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді, бұларды меңгеріп алған соң қызықтырып тұрған күрделі міндетке ырықты зейін юбағынып кеін арнайы күш жұмсамай ақ орындалады бұл процесті үйреншікті зейін деп атайды.

Қиял – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, байнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын олардың арасында табиғи байланыстар мен қатынастарын бейнелейтін пстихикалық процесс.

Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілде өзінше пайдалануы.

Билет

Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі

Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істеймін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы, анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықтауы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасиеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеруі, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педагогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.

Мектеп жасына дейінгі кезеңге сипаттама

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қортындысы- баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балады мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезең (3-7жас) ерте балалық шақтың онтогенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересекадамдармен қарым –қатынас жасау арқылы, соныменқатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлеуметтік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В. Штерн, К. Бюлер, К. Кофка, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Э. Шпрангер, Ж. Пиаже, В.М.Бехтерев, Д.М. Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготски, Р.Р. Лутрия, А.Н. Леньтев, П.Л. Гальперин және т.б.

Алайда сол бір объектіні зерттей отырып, психикалық даму- генетикалық және баланың психикасының екі әртүрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуын және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін.

Билет

Мектепке дейінгі педагогикалық үрдіс

Педагогикалық үрдіс. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекетінің (ойын, оқу, еңбек,тұрмыстық) ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі. Күн тәртібінің бірінші және екінші жартысын ұйымдастыру. Ертеңгілік қабылдау. Серуен және балалар белсенділігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйқысы және тамақтандыру әдістемесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау. Жоспардың түрлері.

Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуына үлкендердің ықпалы

Балалардың жеке басының дамуына үлкендер ықпалының негізгі жолы-олардың адамдар қоғамдағы мінез-құлқын реттейтін мораль нормаларын игерулерін ұйымдастыру. Бала бұл нормаларды мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалы арқылы игереді. Балалар үшін мінез-құлық үлгілері-үлкендердің өздері. Олардың іс-қылығы , өзара қарым-қатынастары болмақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдардың мінез- құлқы айтарлықтай ықпал етеді. Бала ортаға еліктеуге, олардан үлгіалуға бейім тұрады. Әйтседе іс жақын адамдармен бітпейді. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендер өмірімен көптеген жолдармен: олардың еңбегін бақылау, әңгімелесу, өлеңдер, ертегілер ді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметі не бөленген адамдар бала үшін үлгі болады.

Билет

Балабақшадағы оқыту түрлері

Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы

1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

3) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
4) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.

5.Дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістері:

6 Құрдастар тобындағы бала психологиясы

Баланың құрдастармен қарым-қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына қатты қатты әсер етеді.Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым-қатынас стиліне байланысты. Құрдастармен қарым-қатынас-әлеуметтік қарым-қатынастың қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым-қатынас жоғары эмоционалдық күшті талап етеді. Баланың құрдастармен өзара іс әрекеті-бұл қоршаған ортаны бірлесіп танудағы мүмкіндік емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл-қыздармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар құрдастармен қарым-қатынас жасауға қажеттілік туады. Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында яғни бала үнемі басқа балалармен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады

                                        

Билет

Мектепке дейінгі оқыту әдістерінің айырмашылықтары           Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушы арасындағы бірлесе жасайтын әрекет.

1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Раунд - Робин
5. Топтау әдісі
1) Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады. Мыс:
3) ЖАЛПЫ ОТБАСЫ:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

3) Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

4) Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.

5) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі. Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді

 

Мектепке жасына дейінгі баланың сезімі мен ерік-жігерінің дамуы Баланың сезімдері айқын болғанымен әлі тым өткінші жән тұрақсыз болады. Мектеп жасына дейінгі балалар сезімінің басты ерекшелігі – тұрақсыз,тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Үлкен адаммен салыстырғанда бала сезімінің сыртқы бейнесі неғұрлым
қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтанады да
сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша–ақ жылаумен алмасады.
 Мектепке дейінгі жас балалардың ерікті мінез-құлқы мен қасиеттерінің дамуы үшін үлкендердің бағасы өте маңызды. Осы бағалаудың негізінде балаларда өздерінің нені жасап жасай алатындықтары және нені мүлдем жасай алмайтындарын түсініп қабылдайды. Ересек адамның баға беруі әсіресе 4-5 жастағы балалар үшін өте маңызды. Балалар үлкендер жақтырмайтын істерден тиыла отырып олардың жағымды көз қарасына бөленуге тырысады. Сондай-ақ мектепке дейінгі жас балаларда сана сезім дамиды – өзі қандай, қандай қасиеттерге ие, оған деген қоршаған адамдардың көзқарасы қандай және мұндай көзқарас не үшін туғандағанын ойланып түсіну. Сана сезім әсіресе өзін-өзі бағалауда ерекше байқалады, яғни баланың өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы. Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқара білуі.

Билет

1.МЖД балалардың дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып , бала психикасының дамуына әсер ететін , адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне , қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педагогикалық процесс.

Дененің дамуы - тәрбиенің және бізді қоршаған ішкі , сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгруі мен өсуі.

Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту , денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.

2. Мәдени – гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.

3. Бала денесін шынықтыру.

4. Балалардың жүру , жүгіру , секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.

2.МЖД баланың мінез –құлқының мотивтері

Мектепке дейінгі шақ ішіндегі баланың мінез-құлық мотивтері айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала , ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әртүрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге , қандай да бір қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне- өзі айқын есеп бере алмайды.

Мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән, олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың үлкендер дүниесіне қызығумен , олардың үлкендерше іс – әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады.

Балалардың мінез –құлқына үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын процесінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері.

Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң, олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп , мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды.

Мектепке дейінгі балалық шақта намыс, өзін тану мотивтері дамиды.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты мотивтердің жаңа түрлері қалыптасады. Оған танымдық және жарыс мотив жатады. Тіпті 3-4 жастағы баланың өз төңірегіндегілерге : «мынау не?» «Бұл қалай?» « Не үшін?» тағы сол сияқты сұрақтарды үсті-үстіне жаудырады. Кейінірек « Неліктен ?» деген сұрақ басымдырақ бола бастайды.

БИЛЕТ

1.МЖД балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты мен міндеті

Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып , бала психикасының дамуына әсер ететін , адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне , қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педагогикалық процесс.

Дененің дамуы - тәрбиенің және бізді қоршаған ішкі , сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгруі мен өсуі.

Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту , денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.

2. Мәдени – гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.

3. Бала денесін шынықтыру.

4. Балалардың жүру , жүгіру , секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.

2. МЖД баланың сана сезімі

Сана жеке адамға тән дара қасиет . Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады.

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде , ең алдымен , жалпыны және болмыстағы елеуніні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне өзі есеп береді, сана тек қана сыртқы білімді емес , өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана- сезім түрінде де көрініс табады.

Билет

1. Тәрбиелеу-оқыту үдерістері екі бағытта − ересектер мен балалардың бірлескен әрекеттерінде және баланың дербес әрекеттерінде ұйымдастырылады. 1. Ерте жастың 1-ші және 2-ші (туғаннан 2 жасқа дейінгі) топтарында арнайы ұйымдастырылған ойын-әрекеттерінде және 1-ші кіші топтағы (2 жастан 3 жасқа дейін) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде; 2. Баланы ерте жастан дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілген режимдік сәттерде (баланы ертеңгілік қабылдап алғаннан бастап, серуен кезінде, ұйқыға дайындық, тамақтану кезінде) жүзеге асырылады. Ерте жастағы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізі арнайы күн тәртібі ережесімен реттеледі. Талапқа сәйкес баланың белсенді іс- әрекеттері, ұйқысы, тамақтануы уақытымен және белгілі бірізділікпен дұрыс жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдардағы стандартталған күн тәртібін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес балалар дәрігері мен педагогтар бірлесе отырып әзірлейді. Күн тәртібіндегі барлық үрдістер біртінділік, бірізділік және жүйелілік ұстанымдарына сай жүзеге асырылады. Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі баланың күн тәртібі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда: - ішкі ағзалардың жұмысы реттеледі; - сыртқы ортаның ықпалына төзімділігі артады; - сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ескере отырып мектепке дейінгі ұйымға баруға баланы ерте жастан дайындау жеңілдеу болады, бала тәртіпке үйренеді. Күн тәртібін сақтамау неліктен қауіпті: - ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады, иммунитет төмендейді; - ағзасы шаршайды және жүйке жүйесінің дамуы бұзылады; - мәдени-гигиеналық және басқа дағдылары мен біліктері баяу қалыптасады. Үш жасқа дейінгі баланың күн тәртібі – бұл тәрбиенің негізі. Күн тәртібін жүйке жүйесіндегі жұмыс қабілетінің үш жыл бойындағы өзгерістерін есепке алып сәйкесінше өзгертуге болады. Ұсынылып отырған балаларға арналған күн тәртібі, бұл жастың алғашқы айларынан бастап мұқият зерттелген және тәжірибеде кеңінен қолданып, тексерілген. Баланы ерте жастан дамыту мына жағдайларды сақтағанда: - ерте жастағы баланы жалпы дамытуды көздейтін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырғанда; 8 - баланы дамытуға бағытталған логикалық тәсілдер бойынша жинақталған ойындарды кеңірек қолданғанда; ойын тапсырмаларын орындау кезінде балаларға мүмкіндігінше дербестік бергенде табысты жүзеге асады. Ерте жастағы балалармен жүргізілетін тәрбиелеу-оқыту үдерістеріндегі жұмыстар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: - әрбір баланы дамытуды мақсат ететін дамыта оқыту ұстанымдарына; - ерте жастағы баланың жас және даму ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие салаларын кіріктіру ұстанымдарына; - баланы ерте жастан дамытуға тікелей ықпал ететін білім, білік және дағды (құзыреттілік) қалыптастыратын тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары мен міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге; - жоспарланған шаралар мазмұны мен түрлері мектепке дейінгі педагогиканың баланы ерте жастан дамытудың жас және психологиялық, педагогикалық негіздеріне сәйкес құрылады. Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезеңде бала айтарлықтай өзгереді, адам өміріндегі тұлға ретінде қалыптасатын, неғұрлым жедел дамитын кезеңі.

2.Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынасыXX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды, ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған. Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Нақты әлеуметтік, психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Қазіргі кезде қарым-қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтену, этика және психолингвистика ғылым салалары әр жақты зерттейді. Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін қатарластарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым- қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағаттандырады. Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір- бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда-қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы - адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы - қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы. Л.С.Выготский, Б.Н.Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі, - деп қарастырылды. Р.С.Немовтың пайымдауы бойынша, қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірақ адамда күрделі формада, саналы түрде болады. А.Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады,- деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау тұжырымдамасы, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасай отырып, қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев, А.А.Бодалев қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизацияны жатқызады. Сонымен қарым-қатынас деп – екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Біздің зерттеу жұмысымызда 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы әдепті лексика ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың балаларға психологиялық әсері, ықпалын қарастырамыз. Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары мен стильдері мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз. Осыған орай психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелері қолданылады. Балалардың коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның тұлғалық, когнитивті қасиеттерін зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелерді қолдану маңыздылық танытады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды. Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі: 1. баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым- қатынастан айрықша қатынас тағайындалады; 2. «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады. 3. Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады. И.А.Бойкова 5-6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен байланыс жасау мүмкіндіктері де шектеу болатындығын көрсетеді. Ал Д.Б.Годовикова балалардың ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын айтқан. Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады. Бұл қажеттілік үш жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды. А.И.Фукин 5-6 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін 3 топқа бөліп көрсетті: 1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді қатысатын балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімді көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді. 2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады. 3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады. Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады. Қазақстандық ғалым Х.Т.Шерьязданова мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан еңбектерінде қарастырылған. Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. Олай болса, ұлттық салт- сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы қарым-қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластарымен құра алады. «Қарым- қатынас» ұғымы психология, педагогика және олармен салалас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни жалпы нәтиже белгілі болады. Сондықтан 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектердің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық, психологиялық әсер деп санаймыз. Бала өсе келе мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 5-6 жасар кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.

Билет

1.Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі бағалауы. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін –өзі бағалауы,әдетте,ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін,әсіресе батылдық,ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық –психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеумметік салыстыру сәттері қамтылады.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жолдары.Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері және мазмұны оны жүзеге асырудың түрлерінің, әдістерінің және құралдарының өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Түрлері, әдістері мен құралдары тәрбиелеу процесінің процессуалдық жағын құрайды. Бұл құралдар іс жүзінде мінез-құлықты тәрбиелеу әрекетін іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге мүмкіндік туғызады. Тәрбиенің тиімділігі педагогикалық процесте бұл компоненттерді дұрыс таңдап алуға, мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде балаларды тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптеріне бағдарлауға байланысты. Мінезді тәрбиелеу түрлері – тәрбиелеу процесінің сыртқы көрінісі. Мектепке дейінгі педагогикада мінез-құлықты тәрбиелеу түрлері дара, кіші топтық, топтық болып бөлінеді.Мінезді тәрбиелеудің нақты мақсаты мен міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің түрі таңдалады. Мінезді тәрбиелеу әдістері – мінез-құлықты тәрбиелеу мақсатына жетуге бағытталған үлкен адамдар мен балалардың өзара байланысты әрекетінің тәсілдері. Тәрбиелеу әдістерінің көмегімен балалардың тәртібі түзетіледі, тұлғалық қасиеттері қалыптасады, олардың іс-әрекет, қарым-қатынас, өзіне және айналасындарға көзқарас тәжірибесі байытылады. Әдістер мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің әртүрлі жағдаяттарында, бала іс-әрекетінің түрлерінде пайдаланған жағдайда, сол сияқты педагог оларды бірге және ұдайы алмастырып  қолданған жағдайда тиімді болады.                                                   Мінезді тәрбиелеу әдісі 4 топқа бөлінеді:                                                                               тұлғаның санасын қалыптастыру әдісі;                                                                                    іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыру әдістері;                                                                                                               тәрбиеленушілердің тәртібі мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері;                                               тәрбие процесін бақылау мен оның тиімділігін талдау әдістері.                                 Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудегі жетекші принциптер мыналар: тұлғаны әртүрлі іс-әрекет барысында,                                                                                      балалардың күн тәртібі ережесі аясында тәрбиелеу;                                                                                      ата-аналар мен педагогтардың балаға талаптарының бірдей болуы;                                                                             баланың жағымды жақтарына сүйену, оны барлық ерекшеліктерімен қабылдау; тәрбие процесін ізгілендіру; педагогикалық басшылықты баланың ынтасы мен өзінділігінің дамуымен үйлестіру; тәрбиенің (мақсатының, мазмұнының, технологиясының) баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы; балалармен өзара іс-әрекетте екі жақты қарым-қатынас болуы принципі. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің түрлері мен әдістері көрнекілікке сүйенуді қажет етеді. Мұндай қосымша материал ретінде тәрбие құралдары қолданылады. Тәрбие құралдары – тәрбиелеу процесінде көмекші ретінде пайдаланылатын заттардың, объектілердің, құбылыстардың жүйесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу құралына әртүрлі тұрмыстық заттар, табиғи материалдар, ойыншықтар, көрнекті құралдар (суреттер, иллюстрацялар. фильмдер), техникалық құралдар, кітаптар, журналдар, өнердің әр түрлері, балалардың жан-жақты іс-әрекеті жатады.Жоғары деңгей – мінез-құлық нормалары қолдану деңгейінде меңгерілген, тәртібі мен қарым-қатынасын реттеуші болып табылады.Орта деңгей – мінез-құлық нормаларын қайталап жаңғырту деңгейінде меңгерілген, бірақ үлкендердің айтуымен немесе еске салуымен жасалады. Төменгі деңгей – мінез-құлық нормалары танып білу деңгейінде меңгерілген, яғни қылығын көрсеткен кезінде түсінеді.

Билет

1.Балалардың ақыл –ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл –ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен
Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.
Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

2.Мектеп жасына дейінгі баланың өзің- өзі бағалауы

 Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін –өзі бағалауы,әдетте,ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін,әсіресе батылдық,ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық –психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеумметік салыстыру сәттері қамтылады.

Билет

1.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлық, н әтижеге жетуге ын-талылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолқабыс тигізу ниеті калыптасады. Н. К. Крупская балаларды еңбекте біріктіруге ерекше мән берді, «балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек—бұл коллективтік еңбектің бастамасы. Баланың күші осы коллективтік еңбек үстінде әсіресе жақсы өрістейді» деп атап көрсетті. Сонымен бірге ол педагогтарды баланың мүмкіндіктерін, бала еңбегі-нщ ерекшеліктерін, оның өзіне тән ерекшелігін ойынмен байланысын мұ-қият ескеруге шақырды. А. С. Макаренко еңбек тәрбиесі туралы лекцияларында балалардың тұрмыстық еңбегшің қарапайым түрлерінің маңызды ролін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез-құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін-өзі үйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете білетш балалар еңбек бейнетінің кадірін біледі, басқа адамдардың да еңбепн құрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды. Н. К. Крупская сияқты, А. С. Макаренко да балалардың коллективтік еңбегіне аирықша мән берді, мұндай еңбек үстінде оған қатысушылардың өзара жауапкершілігі пайда болады. «Бірлескен еңбек, коллективтегі жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұдайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра ал-мақ, деп жазды ол.— Бұл дұрыс көзқарас әрбір адамның қоғамға өзінің бар күшш беретшдігінде ғаңа емес, сонымен бірге оның басқалардан да осыны талап ететіндігінде, қасында масыл біреудің тіршілік етуше төзпсікелмейтіндіг.інде»’. А. С. Макаренконың еңбектерінде балалардың еңбепн ұиымдастыру, бірте-бірте оның мазмүнын күрделілендіріп/ баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын талап дәрежесін көтере түсу туралы ұсыныстар айтылады, ба-лалардың семьяда тұрақты еңбек міндеттері болуының, олардың ортақ іс-ке қатысуының маңызы атап көрсетіледі. Мектепке дейінгі совет педагогикасы Н. К. Крупская мен А. С. Мака-ренко негізін қалаған еңбек тәрбиесінің негізгі принциптеріне сүйене оТы-рып, балаларды еңбекте тәрбиелеу проблемаларын талдайды. Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Бұл өзара байланыс әр түрлі формада балалар еңбегінің көрінеді: ойын ересектердің еңбегін бейнелейді; ойын-өзіндік ерекшеліктері да еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі. Ойындарда ересектердің еңбек әрекеттерін бейнелеу арқылы балалар олардың еңбегіне дұрыс қарауға дағдыланады; жолаушыларға ұқыпты қарайды, түскі тамақтың дәмді болуының қамын жасайды және т.^с. с. Мектепке дейінгі сәбилер бүл ретте нақты еңбск әрекеттерін жасамайды: олар машина айдаған, тамақ пісірген сияқтанады. Ересектеу балалардың ойындарында еңбектену кажеттігі: стол басын-да езі тамақ ішкен ыдысты жуу, қуыршақ қызын шомылдыру немесе оның кірленген көйлегін жуу қажеттігі жиілейді. Мұндай ойын балаларды нақ-ты еңбек әрекетіне итермелейді. Ойынның барысында (мектепке дейінгі неғұрлым ересек жаста) өзіне алған рольді бейнелеу үшін тиісті атрибуттар: матрос малакайы, жол жү-рісінің ережелері, жалаушылар мен фонариктер және т. б. қажет болатын реттерде де еңбектің ойынмен байланысы байқалады. Ойында персонаж-дардың істӘрекеттерін неғұрлым толық бейнелеу, өзінің ойын дәлірек жет-кізу ниеті балаларды еңбекке араласуға ынталандырады. Көп жағдайда еңбек ойынмең алмасып отырады. Бала бояулар салын-ған розеткаларды столдарға апарып қояды. Тәрбиешінің столына қайтып келе жатып қолындағы подносты руль ғып ойнап, машинаны бейнелейді. Мектепке дейінгі сәби балалардың еңбек іс-әрекетіне тән нәрсе — іс-әрекет процесінің өзіне қызығу. Мысалы, бала өсімдікті суғара сала оған қайта су құя бастайды; стол үстіне әр балаға қасық қойған соң, екінші рет тағы қоя бастайды. Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті ба,сшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып коя-ды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат кою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру (керёкті норсенің бәрін дайындап, әрекеттердің қай кезекпен істелетінін белгілеп қою), істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды. Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пай-далы нышандар айқын көріне бастайды. Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе, олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қа-тысатын болады. Оған тән мысал мынау. Жыл бойы педагог ересек топ балаларын сәбилерге қамқорлық жасауға бау-лиды. Қамқоршылар өздерінің кіші жолдастарына қамқорлық сезіміне бөленіп, оларға қонаққа барып тұрды, киінуді, ойыншықтарды жинауды үйретті, шанамен сырғанап, солармен бірге ойнады. Бір жолы педагог сәбилер үшін ойыншық жа- осыны талап ететіндігінде, қасында масыл біреудің тіршілік етуше төзпсікелмейтіндігінде».А. С. Макаренконың еңбектерінде балалардың еңбепн ұиымдастыру, бірте-бірте оның мазмүнын күрделілендіріп/ баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын талап дәрежесін көтере түсу туралы ұсыныстар айтылады, ба-лалардың семьяда тұрақты еңбек міндеттері болуының, олардың ортақ іс-ке қатысуының маңызы атап көрсетіледі. Мектепке дейінгі совет педагогикасы Н. К. Крупская мен А. С. Мака-ренко негізін қалаған еңбек тәрбиесінің негізгі принциптеріне сүйене оТы-рып, балаларды еңбекте тәрбиелеу проблемаларын талдайды. Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Бұл өзара байланыс әр түрлі формада балалар еңбегінің көрінеді: ойын ересектердің еңбегін бейнелейді; ойын- өзіндік ерекшеліктері да еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі. Ойындарда ересектердің еңбек әрекеттерін бейнелеу арқылы балалар олардың еңбегіне дұрыс қарауға дағдыланады; жолаушыларға ұқыпты қарайды, түскі тамақтың дәмді болуының қамын жасайды және т.с. с. Мектепке дейінгі сәбилер бүл ретте нақты еңбск әрекеттерін жасамайды: олар машина айдаған, тамақ пісірген сияқтанады. Ересектеу балалардың ойындарында еңбектену кажеттігі: стол басын-да езі тамақ ішкен ыдысты жуу, қуыршақ қызын шомылдыру немесе оның кірленген көйлегін жуу қажеттігі жиілейді. Мұндай ойын балаларды нақ-ты еңбек әрекетіне итермелейді. Ойынның барысында (мектепке дейінгі неғұрлым ересек жаста) өзіне алған рольді бейнелеу үшін тиісті атрибуттар: матрос малакайы, жол жү-рісінің ережелері, жалаушылар мен фонариктер және т. б. қажет болатын реттерде де еңбектің ойынмен байланысы байқалады. Ойында персонаж-дардың істӘрекеттерін неғұрлым толық бейнелеу, өзінің ойын дәлірек жет-кізу ниеті балаларды еңбекке араласуға ынталандырады. Көп жағдайда еңбек ойынмең алмасып отырады. Бала бояулар салын-ған розеткаларды столдарға апарып қояды. Тәрбиешінің столына қайтып келе жатып қолындағы подносты руль ғып ойнап, машинаны бейнелейді. Мектепке дейінгі сәби балалардың еңбек іс-әрекетіне тән нәрсе — іс-әрекет процесінің өзіне қызығу. Мысалы, бала өсімдікті суғара сала оған қайта су құя бастайды; стол үстіне әр балаға қасық қойған соң, екінші рет тағы қоя бастайды. Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті ба,сшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып коя-ды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат кою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру (керёкті норсенің бәрін дайындап, әрекеттердің қай кезекпен істелетінін белгілеп қою), істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды. Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пай-далы нышандар айқын көріне бастайды. Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе, олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қа-тысатын болады. Оған тән мысал мынау. Жыл бойы педагог ересек топ балаларын сәбилерге қамқорлық жасауға бау-лиды. Қамқоршылар өздерінің кіші жолдастарына қамқорлық сезіміне бөленіп, оларға қонаққа барып тұрды, киінуді, ойыншықтарды жинауды үйретті, шанамен сырғанап, солармен бірге ойнады. Бір жолы педагог сәбилер үшін ойыншық жа- кандай болу керек екенін (ол бар ықыласымен еңбектенеді, жұмыеі рына дейін апарады), жақсы еңбектену, маңайындағыларға қамі жасау дегеннің не екенін түсіндіреді, оларға еңбек туралы жазылі бектің маңызы мен сұлулығы жарқын, тартымды көрсетілген шЫғар ды оқып береді. Балалардың бойында еңбекші адамға кұрметпен сезімін, соған ұқсағысы келу құштарлығын қалыптастыра отырып, і оларды еңбек нәтижелеріне ұкыпты қарауға тәрбиелейді. Мектепке дейінгі балалардың ересектер еңбегі туралы білуі о. бойында еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруға үлкен ықпал » тиіс, бірақ еңбек қызметімен танысу балалардың өздерінің еңбегі^ тастырылмаса, оның жай формалды болып қалуы мүмкін. Тікелеі үстінде балалар еңбек жігерін сезінеді және нәтиже алу үшін сош гер жұмсаудың қажет екенін түсінеді, еңбек сүйгіштік дегеніміз күш-кайратты, қиыншылықтардан қаймықпай, тапсырылған істі аі дейін алып бара білуді қамтитынын сезіне бастайды. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» әрбір жас тобі балалар меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктердің * ашып береді. Мәселен, мектепке дейінгі сәби балаларда шаруашылі мыстық еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырған кезде ші оларға ойыншықтарды ылғал шүберекпен сүртуді, қуыршақ көйлегін шаюды т. с. с. үйретеді. Естияр топтағыбалалар ойыншы кен шүберектерді шайып сығады, куыршақтың көйлектерін сабындг ды. .Мектепке дейінгі ересектер ойыншықтарды сабын жағылған гу жуады, ұсақ заттарды жуады, сабаққа, еңбекке, ойынға қажетті за дайындайды, содан соң оларды тәртіпке келтіреді. Балаларға еңбёк іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділіі гілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынылып отыр бектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін, оның тәрбиелік құі ғын, сондай-ақ оны ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гиги талаптарды ескеруге тиіс. Балалар өсіп, дамыған сайын олардың қызметінің сапасына, ұйымдастыру дәрежесіне койылатын талап ю ле береді, орындалатын жұмыстың мөлшері ұлғайтылып, қарқыны тіледі. Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың б< шамасы кёлетін нәрсенің бәрІн өз бетінше дербес орындау ынтас лыптастырады, қажет болғанда дёреу барып көмектесіп отырады. Л ке дейінгі балалардың ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз жасап, содаи қапаланып калуына жол/беруге болмайды, өйткені і жағдайда бала өз күшіне сенбеушілік >қәне еңбектенуге кұлық< пайда болады. Қайта керісінше, баланың дербестік көрсетуге ты; әрбір әрекетің көтермелеп отыру оның қиыншылықты жеңуіне көмеі өзінің іскерлігі оны қуаныш сезіміне бөлейді, е»ңбекті сүйе бастайді Мынаны есте ұстау керек: еңбек қол жеткен нәтижесімен, басқ келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс. Балалар бақшасында балалардың коллективте еңбектене білуін тастыру міндеті шешіледі. Бұл біртіндеп, еңбек процесінде балалар тақ тапсырмамен шағын топтарға біріктіру жолымен жүзеге асыр (егер олар екеу-үшеу болып жұмыс істеуді үйренген болса, онда тапсырманы 6—7 баладан құралған топтың орындауына болады). Л еңбек процесінде тәрбиеші балаларда тапсырылған іске жауапке туралы ұғым, дербес және келісіп қимыл жасау, жұмысты өзара алу, бір-біріне көмектесу және бірлескен күш-жігермен нәтижеге құлшыну кабілетін қалыптастырады Өзіне-ёзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, тө-сегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. . Еңбек кызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қа-жеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі кызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды, Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көр-сету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бүлшық еттерінің жет-кілікті дамығандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылар-дың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орын-дауға құлықсыздығын туғызады. Алайда торбиеші осы балалардың өзін-де-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылык пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттенеді. Осының бәрі еабырлы-лықты, табандылық пеи игі тілектестікті, сәбилердің кейде пайдаеыз ықы-ласының өзін қолдап, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін колдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, өздерін киіндірген ере-сектерге суйіспеншілік пен сенім сезіміне бөленеді. Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қыз-мет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл турі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқаң тәртіп-ке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрі-иеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, кө-мектескені үшін алғыс айтуды үйретеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі кызмет көр-сетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріле-ді. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттер-ді: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларынын арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескерте отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндет-теріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолаисыздық жасамау ушін өтуге рұқсат сұрау және т. с. с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым сақтыққа, маңа-йындағыларды құрметтеуге қалыптастырады. Естияр топта еқбек күрделенеді, Балалардың өздер.і өсімдІктер-ді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, овощ өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, атжалмандарға, үй қояндарына, тауыктарға) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай жем керек екенін.оның калай деп аталатынын және калай сакталатынын түсіндіреді. — ; Жануарларды күту процесі оларды қадағалаумен тығыз байланыстыры-лады. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. ТІрі табиғат мүйісінің түрғындарына қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына анналады. Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғүрлым күрделі күтім тә-сілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақ-шада өсу мерзімі әр түрлі овощтардың алуан түрі отырғызылады, мүның өзі ‘ еңбекті неғүрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де үлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар тозаңдатқышпен өсімдіктерді бүркеді, шеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді.жерді қопсытады. Тәрбиешінің көмегімен балалар өсімдіктерді қбсымша қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін). Еңбек процесінде педагог балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, больш жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, үрықтарына.. қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі тура-лы ұғымды кеңейтеді, оларға ықылас туғызады. Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы ецбек гіроце-сінде балалар жеке кұбылыстар арасыңдағы байланысты анықтауды, заң-дылыкты аңғара білуді үйренеді. Табиғи кұбылыстарды материалист тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар тура-лы, жаңды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат.көбейеді. Балалардың еңбек істеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және копсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақша-да, гүлзарда, ал қыста — үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат . мүйісінде тұқым себу қажеттігін ездері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудін, кейінірек топыраққа.кешіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерінбіледі. Табиғат мүйісінде жану-арларды (құстарды, тиінді, үй қояндарын, көгершіндерді, бақаны, кесірт-кені және т. т.) күту жалғастырылады. Балаларда тірі табиғат мүйісінің, бақша мен гүлзардың жай-күйі үшін жауапкершілік артады. Өнім, гүл жинау оларды үлкен қуанышқа бөлейді. Олар гүлді ата-аналарына сыйға тартады, бөбектерді ©здері өсірген овощпен сыйлайды, винегрет үшін овощтар дайындайды.(оларды жуады, тазалайды, ас үйге апарады), топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді.

Қол еңбегі — алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, агаш-тан, табиғи материалдан. (ағаш бүрінен, емен жаңғағынан, сабаннан, ағаш кабығынан, жугері собығынан, шабдалы сүйегінен), қалдық матери-алдан (катушкадан, кораптан), мех, қауырысын, мата қиқымдарын және т. с. с, пайдалана отырып заттар жасау — балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын , атрибуттарын: қайықтар, машиналар, кәрзеңкелер, үйлер, мебельдер, жануарлар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, со-ларды риза ету үшін еңбектендіреді.

2. Мектеп жасына дейінгі баланың ерік дамуы Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқара білуі. Ол мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге көмектеседі. Ерік жігерлік қысым жағдайын адам өз әрекетін, тежеу және өзінің басқада сырттай сезімдерін білдіруден тежелу кезінде де бастан өткізеді. Табандылық, қалауыңнан бас тару, қоғамдық мәні бойынша анағұрлым жоғарғы мотивтерге төтеп беру де ерікті қысымды, күш жұмсауды, яғни шынайы ерікті әрекетті талап етеді.Адам мақсатқа жетудегі мүмкін деген жолдары мен амал-тәсілдерін қарастырады, әр жолдағы қозғалыс, іс-әрекеттерін, кездесуі мүмкін кедергілерді, оларды жеңудің жолдарын ойластырады, әрбір тәсілді, оның нәтижелілігін және өз мүмкіндіктеріне сәйкестігін алдын-ала бағалайды.Әрекеттің мақсатын таңдау, және оған жетуге деген талпыныс жеке тұлғаның жалпы бағыттылығымен; қызығушылығымен, бейімділіктерімен, көзқарас және сенім жүйесімен байланысты.Ерік жергілік әрекеттің соңы үнемі қандай да бір сезімнен аяқталынады. Осылайша, ерікті іс-әрекет сөздік ойлау ес, қиял және басқа да психикалық процестердің пайдаланылуын талап етеді.Алайда В.К.Котырло өзінің «Мектепке дейінгі жас баланың ерікті мінез-құлқының дамуы» атты кітабында «Ересек адамның еркінің сипаттамасын алып кішкене баланың ерікті мінез-құлқына ауыстыра салуға болмайды» деп жазған.Баланың мінез-құлық жалпы адамгершілік заңдылықтарына бағына отырып психикалық дамудың жасерекшелік заңдылықтарына да тәуелді.Еріктің пайда болуы мен дамуының негізі М.Сеченовтың психологиялық рефлекторлы табиғаты туралы ілімінде берілген. Ерікті «Ми мен моральдық сезімнің әрекеттік жағы» ретінде анықтай отырып Сеченов, ал бір затқа байланысты басқаратын өзіндігі жоқ қандайда бір агент емес екендігін атап өткен.Сеченовтың жағдайы ерікті іс-әрекеттер – ол өмірлік қажеттіліктердің әсерімен жатталған әрекеттер екендігі туралы айтады. Л.С.Выготский ерікті мінез-құлықты механикалық және мәні жағынан әлеуметтік ретінде қарастырған, ал бала еркінің даму көзін баланың өзін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасынан қарастырған. Осының барысында ол еріктің әлеуметтік бейімділігінің жетекші рөлі баланың ересектермен қарым-қатынасында деп есептеген. Алдымен ересектер сөздің көмегімен баланың мінез-құлқын ретке келтіреді, содан соң үлкендердің талаптарының мазмұнын түсіне отырып бала өзінің сөйлеу тілінің көмегімен өзінің ерік жігерлік даму жолында алға қарай маңызды қадам жасай отырып, өз мінез-құлқын реттейді. Сөйлеу тілін меңгергеннен кейін, сөз бала үшін тек қарым-қатынас құрамы ғана емес, сондай-ақ өз мінез-құлқын (іс-әрекетін) ұйымдастырудың құралы болады. Выготскийдің ойынша генетикалық жоспарда ерік – бұл өз мінез-құлық процесін меңгеру кезеңі.С.Л.Рубинштейннің ойынша балаға туғаннан инстинктивті және шартсыз рефлектаорлы, көзқарастар тән. Ерікті әрекетті орындау үшін бала ең алдымен өз тәні мен оның ағзаларын меңгеруі керек, яғни ерікті қозғалыстарды үйренуі керек.Бұл баланың өз импульсивті және рефлекторлы қозғалыстарын белгілі бір көрнекті нәтижелермен байланыстыру мөлшеріне байланысты болады: алдымен қол кездейсоқ ойыншыққа тиіп кетеді, сонансоң осындай бірнеше қозғалыстардан кейін, ол ойыншыққа тартыла бастайды, – еріксіз қозғалыстар ерікті қозғалысқа айналады. Осы меңгерілген ерікті қозғалыстар өз кезегінде қалағаныңды іске асыруға бағытталғанын анағұрлым күрделі ерікті қозғалыстардың пайда болуы үшін негіз болып табылады. Осылайша, тек қозғалыс ғана емес, әрекет болып табылатын ерікті акттің пайда болуы ерікті мінез-құлықтың ізашар дамуына дайындалынады.Егер дамудың бастапқы даму кезеңдерінде балалық ерік-жігер – бұл эмоционалды сезімдердің үйлесімі болса, ал нәтижесінде бала сол мезетте қалауын жеңуін білдіретін кейбір өзін-өзі ұстауға қабілетті бола бастайды.Бастапқы 1-ші жылдың өзінде-ақ ерікті қозғалыстар, ең алдымен жармасып ұстау, әсіресе іздестіру қозғалысы үдемелі дамып отырады. Ерікті қозғалыстар бұрынғы болған әсерлердің негізінде іске асырылады, осылайша балалық шақ – бұл ерікті қозғалыстардың қалыптасуы кезеңі болып табылады.Әрі қарай біз келесі жағдайларды қарастыра аламыз: ерік балаға туа берілген емес, ол өмір барысында тәрбиенің әсерімен қалыптасады. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде балалардың ерікті әрекеттерінің талдауы ерік жігердің жеке тұлғаның жалпы даму пррцесінен бөлек өзбетінше қалыптаспайтындығын көрсетеді. Көптеген ғалымдардың еңбектері (Сеченов И.М., Павлов И.П., Быков К.М.) баланың еркінің дамуы шартты рефлекстердің пайда болу процесін білдіреді, ал ерікті әрекеттің табиғаты адамның өзін қоршаған әлеммен өзара қатынасының ерекше формасы ретіндегі генетикалық қарастырылуы барысында ашылады.Запорожец А.В., И.М.Сеченовтың сезіну мен қозғалыстың үйлесімдігі туралы іліміне сүйене отырып, еріксіз қозғалыстар мен әрекеттердің негізінде қалыптасқан ерікті қозғалыстар мен ерік жігерлік әрекеттердің пайда болу процесін сипаттап берген. Өз кезегінде Д.БЭльконин баланың дүниеге келгеннен бастап ересек жасқа дейінгі дамуы – оның қоғамның мүшесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасу процесі туралы жазған.Мектепке дейінгі балалық шақтың қай кезеңінде маңызды мезеті қиыншылықтарды жеңе білу болып табылатын еріктің ретті бастамасын іздеуге болады.Еріктілікті (ерікті реттің жоғарғы формасы ретінде) кеңестік бірқатар психологтар мотив пен мақсаттың сәйкестілігі емес, олардың қатынастары кіретін іс-әрекеттің ерекше құрылымының сипаттамасы ретінде қарастырады.Дамыған ерік жігердің астарында жеке тұлғаның жоғарғы бағыты үшін төмендегісін жеңе отырып қиын жағдайларда өзін-өзі меңгере білуін, яғни адамгершілікті мінез-құлықтың жоғарғы, құндылығын іске асыруын түсіне отырып, – осы өзін-өзі меңгеруді анағұрлым қарапайым мінез-құлықтық әрекетін дайындайтындығын ұйғару қиын емес. Сондықтан мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ерікті мінез-құлықтың жастық ерекшеліктерін, оның даму динамикасын, мақсатқа жетумен оның жолындағы қиыншылықтарды жеңу мотивациясының алатын орнын зерттеу өте маңызды. Міне сондықтанда ең алдымен бала өзінің тәнін меңгеруді үйренеді. Балаға өз денесін басқару өте қиынға түседі. Бастапқыда бұл өзін-өзі сырттай бақылауды талап ететін ерекше тапсырма – бала тек өзінің қолына, аяғына кеудесіне қарап отырған кезде ғана қимылсыз болады, мұны олар басқарудан шығып кетпесін деп бақылайды. Тек содан кейін ғана балалар біртіндеп бұлшық еттін түйсінудің (сезінудің) негізінде өз денесінің жағдайын басқарады.Яғни ерікті қозғалыстың туындауы үшін бала орындайтын қозғалыс сигналдық мағынаға ие болуы керек. Тек осындай жағдай да ғана бұрын болмаған қимыл қозғалыстар сезілетіндей болады. Олар ерікті қозғалыстың пайда болуына дайындайды.«Қимыл-қозғалыстың сезінерлігі олардың еріктілігінің міндетті бірлігі ғана емес, сондай-ақ олардың аса қажетті алғышарты болып табылады. Ерікті басқарылымға айналмас бұрын қозғалыс сезінерлік болуы тиіс», – деп жазды. Үлкендердің нұсқауы оны қандай да бір істі бастауға немесе аяқтауға ғана ынталандыра алады. Ал баланың өз сөйлеу тіліне келетін болсақ, ол бұл кезеңде әрекетті немесе оның нәтижесін ғана білдіреді, бірақ әлі де болса әрекетті жоспарлап реттеуге келмейді. Бала сөзбен әрекеттің мақсатын белгілей алады, бірақ ол ешқашан белгілеген ісінің (әрекетінің) қалай орындалынатынын сөзбен анықтай алмайды.Орта мектепке дейінгі жас бала үшін үлкендердің сөз нұсқаулары анағұрлым тұрақты мағынаға ие болады. Нұсқауды алып, мағынасын түсінген соң олар бірден әрбір қозғаоысқа жеке нұсқауды қажет етпей ақ әрекетті дұрыс орындай бастайды. Баланың өз сөзі істі жоспарлауға және оны басқаруға пайдаланыла бастайды («Арманның суретін саламын. Алдымен көп ағаштар саламын, сонансоң қоян және түлкінің суретін саламын»). Осының барысында бала өз іс-әрекетін бағыттай отырып дауыстап сөйлей реттеуі әліде толық жетіле қоймаған. Балалардың әрекеттерінің мақсаты мен мотивтік өзбетінше ұстау кезіндегі сезінетін қиыншылық осымен түсіндіруге болады.Жоғарғы мектепке дейінгі жас бала үлкендердің салыстырмалы түрде күрделі сөздік нұсқауларын орындау біліктілігін меңгереді. Өз іс-әрекетін сөзбен жоспарлау барысында ол көбінесе дауыстап өз іштей басқарады. Алайда қиын жағдайларда тіпті үлкен мектепке дейінгі жас балалар өздерін сырттай-дауыстап сөйлей отырып басқарады.Бала еркінің даму проблемасы баланың іс-әрекетінің үлгілік мотивтің қалыптасуы мәселесі тығыз байланысты. Егер кішкене баланың мінез-құоқы қабылданатын жағдайдың тікелей ерекшелігі бойынша анықталынатын болса, онда мектепке дейінгі жас баланың іс-әрекетін реттеудегі үдеп отыратын ролді балаға қоршаған орта қоятын талаптар мен ережелер атқарады.Бала қоғамдық мазмұнын түсінеді, өзін қоршаған адамнан қарым-қатынас жасау процесінде бағынуға мәжбүр болатын құндылық нормаларын түсінеді. Белгілі бір жағдайларда осы қоғамдық талаптардың мәні баланың ішкі талаптарының мазмұнына айналады және бала оны сыртқы көмекті қажетсінбей, өз ынтасы бойынша, тәуелсіз өз бетінше әрекеттерінде басшылыққа ала отырып іске асыра бастайды.Бала мінез-құлық ережелерін меңгергеніне байланысты үнемі өзін-өзі қалағандай ұстай алмайтындығын түсіне бастайды. Сондықтан үлкендердің мақұлдау және тиым сөздеріне құлақ асып «болады және болмайтындығын» аулақ болуға ынталандыратын міндеттемелер туындайды.Өз мінез құлқын басқару баланың түйсіну объектісі болады. Бұл оның дамуындағы жаңа сатыны объектісі басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі баланың алатын орны және өз мүмкіндіктері болып табылатын жеке сананың қалыптасу сатысы білдіреді. Жеке сананың пайда болуы органикалық тұрғыда өз мінез-құлқын ерікті түрде басқарудың қалыптасумен байланысты. Алайда мінез-құлықты саналы түрде басқару мектепке дейінгі балалық шақта қалыптаса бастайды. Ерікті іс-әрекеттер байқаусыз имульсивті іс-әрекеттермен қатар өмір сүреді кіші мектепке дейінгі жас баланың мінез-құлқы толығымен имупльсивті іс-әрекеттен тұрады, еріктің байқалуы тек уақыт өте осыған аса қолайлы жағдайларда ғана байқалады [3].Орта мектепке дейінгі жас балаларда осындай көрсеткіштердің саны артып отырады бірақ олар мінез-құлықта әліде болса маңызды орын алмайды. Тек үлкен мектепке дейінгі жас бала салыстырмалы түрде ұзақ ерікті күш жұмсауға қабілетті болады.Бала өз қабылдауын есте сақтауын басқара бастайды. Есте сақтау мен еске түсіру процестерін басқару бала өз алдына арнайы мақсат қойып мысалы: ұнаған тақпақ, ертегіні еске сақтай бастағанда, яғни 4жасына таман мүмкін болады.Ойлау әрекетін басқару орта және үлкен мектеп дейінгі жас балаларда байқалады. Мысалы: Сөз жұмбақ шешуге тырыса отырып олар біріншісімен екіншісіне жүйелі түрде ауыса отырып әртүрлі нұсқау шешім пайдаланған кездер.Осылайша мектепке дейінгі жас баланың мінез-құқында өзгерістер болады: іс-әрекеттерін ерікті түрде, тек іс-әрекеттері ғана емес толық мінез-құлқын ерікті түрде басқару мүмкін болады.Мектепке дейінгі жас балалардың ерікті мінез-құлқы мен қасиеттерінің дамуы үшін үлкендердің бағасы өте маңызды..Сондай-ақ мектепке дейінгі жас балаларда сана сезім дамиды – өзі қандай, қандай қасиеттерге ие, оған деген қоршаған адамдардың көзқарасы қандай және мұндай көзқарас не үшін туғандағанын ойланып түсіну. Сана сезім әсіресе өзін-өзі бағалауда ерекше байқалады, яғни баланың өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы.Өзін-өзі дұрыс бағалай үшін бала алдымен өзі сырттан бақылай алатын басқа адамдарға баға беріп үйренуі тиіс. Ал бұл бірден іске аса қоймайды. Осы кезеңде өз құрбыларын бағалай отырып, бала ересектердің өздері яғни олар туралы пікірлерін қайталайды. Осы жағдай өзін-өзі бағалауда да байқалады («Мен жақсымын, өйткені анам солай дейді»).Баланың басқа адамдарды, олардың істерін және қасиетін өзбетінше бағалауы бастапқыда оның өзінің осы адамдарға деген қарым-қатынасына тәуелді болады. Бұл жеке алғанда ертегілер мен әңгімелеріндегі кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалаудан байқалады. Жақсы, жағымды кейіпкердің кез келген іс-әрекеті жақсы болып бағаланылады, ал жамандікі – жаман болып бағаланады. Алайда кейіпкерлердің қасиеттері мен іс-әрекетінің бағасы біртіндеп, оларға және жағдайды түсіну мен сол қасиеттер мен іс-әрекеттер шынайы мағынасына қарай құрыла бастайды.Мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгеру мөлшеріне байланысты. Олар бала басқа адамдарды бағалау барысында пайдаланатын өлшемдерге айналады. Алайда бұл өлшемдерді өз-өзіне қолдану анағұрлым қиынырақ болады. Баланы баурап сол немесе басқа істе жасауға интермелейтін, сезімдер, баладан жасалған іс-әрекеттердің шынайы мәнін жасырады, оларды алаламай әділ бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай баға беру тек өзінің іс-әрекеттерін, өз мүмкіндіктері мен қасиеттерін басқалардың іс-әрекет, қасиеттерімен салыстыру негізінде ғана мүмкін болады. Өзін басқалармен салыстыра білу біліктілігі үлкен мектепке дейінгі жас балаларда дамиды және ол дұрыс өзіндік баға берудің негізі болып табылады. Оның мазмұны нормаларына бағынудан көрінетін баланың практикалық біліктілігі мен моральдық қасиеттерінің күйі болып табылады [4

                               31-Билет

1.Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың мақсаттары мен оның өзекті мәселелері

Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

 -баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

 -бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

-отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

 -баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

 Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:

-біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;

 -екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін бірге әрекет жасау.

Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың псиxологиялық-педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізген жөн.

2.Сезімдерді дамытудың негізгі бағыттары

Ерте сәбилік шақтағы секілді мектепке дейінгі шақта да сезім балалар өмірінің барлық жағында үстем болады, оған реңк және мәнерлілік береді.

Үлкен адаммен салыстырғанда бала сезімінің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтынады да сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша – ақ жылаумен алмасады.

Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі едәуір дәрежеде тереңдей және нығая түседі.

Мектепке дейінгі балалық шақта сезімдердің дамуындағы басты бағыттардың бірі - баланың ақыл–ойының дамуына байланысты келетін саналығының арта түсуі. Бала қоршаған дүниені танып, өз қылықтарының салдарымен танысып, ненің жақсы және ненің жаман екенін түсіне бастайды.

Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттегіше дамуына, жағымды қасиеттерінің, басқа адамдарға тілектестік қарым–қатынастарының төселуіне себепші болады.

Билет

1.Мерекелер мен сауықтардың маңызы

Балалардың сезіміне, санасына үлкен әсер ететін, қуанышқа бөлейтін мектепке дейінгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар балалар өміріндегі орны ерекше.

Балаларға адамгершілік тәрбие беруде мереклер мен сауықтардың қызметі үлкен:

- Ортақ әсерге біріккен балалар ұжымшылдық негіздеріне тәрбиеленеді;

- Әдеби шығармалар, Отан, туған ел, табиғат, еңбек туралы әндер мен өлеңдер оларда патриоттық сезімдер қалыптастырады;

- Мереклер мен сауықтар балалардың бойында тәртіптілік, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелейді.

Балалар өз елі, туған жердің табиғаты, түрлі ұлттардың адамдары туралы көп жаңа нәрселерді мерекелер мен сауықтарға қатысу барысында сол елдің әнін айту, өлеңін оқу, биін билеу арқылы біледі. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау, сөйлеу, қиялдау қабілетін дамытады, ақыл-ой дамуына көмектеседі.

Мерекеге қатысуда балаларда көтеріңкі көңіл-күй пайда болады, олар мереке өтетін орынды безендіруге қатысады.

Костюмдердің әсемдігі, балаларға жеңіл, жағымды репертуар, балалар өнерінің жарқындығы – эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі.

2.Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының дамуы

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістеп отырады. Сәбилік шақта баланың ойлауын дамытудың негізі қаланады. Дамып отыратын ойлау балаларға өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын-ала көріп, жоспарлауға мүмкіндік береді. Баланың ойлауына түсінікті міндеттер аумағын кеңейте түсуі оның барған сайын жаңа білімдерді игеруімен байланысты. Білім алу – балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады.

Мектепке дейінгі шақта балалардың ойлауының түрлері әртүрлі болып қалыптасады, баланың ең алғаш көрнекі-бейнелі ойлауын, одан соң, логикалық ойлауын, көрнекі іс-әрекетпен ойлауына тоқталу нәтижесінде балалардың өзіндік мінез-құлқының қоршаған дүниеге деген білімін арттыруға болады.

Бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының негізгі түрі. Баланың затты іс-әрекетінде қарапайым құралдар қолдану мен байланысты шағын ауқымды практикалық мәселелерді шешуде байқалады.

Дайын байланыстарды немесе үлкендер көрсеткен байланыстарды пайдаланудан оларды өзі орнатуға көшу – бала ойлауы дамуының маңызды басқышы. Дәл осы шақта балада көрнекі іс-әрекет ойлауы қалыптасады. Көрнекі іс-әрекеттік ойлау –баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерінің көмегімен орындалады.

Бала ойлауының даму деңгейінің ең жоғарғы сатысы - логикалық ойлау. Логикалық ойлау дегеніміз – жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйене ойлау. Логикалық ойлауды дамыту үшін баланың нақтылы іс-әрекеттерін дамыту қажет.

Ойлау баланың іс-әрекет жасауымен қатар ересектердің көмегі арқылы дамып жетіледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының даму деңгейі келешектегі білімге деген құштарлығын, дүниетанымын дамыту жолындағы қозғаушы механизм деп санау керек.

Билет

1.Мерекелер мен сауықтарды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар Тәрбиелік мақсаты мен мазмұны дұрыс алынған мереке балаларға түснікті болады,олардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілсе,ол әрбір баланың зердесіне жеткізіледіБұл үшін әрбір жас тобындағы балаларға ұсынылған репертуарларды өлеңдерді әндердә билерді т.б дұрыс таңдап алу олардың әншілік, бишілік дағдыларының даму дәрежесін, қалауы ескеріледі. Мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін мерекелердің ұзақтығы балалардың жас ерекшелігіне байланысты сәби мен естияр тобындағы балалар мектепке дейінгі ересек жастағы балалардан әлдеқайда тез шаршайды, сәбилер әндерді өлеңдерді т,б азырақ қабылдайды. Сондықтан олар үшін мереке ұз 25-30 мин аспауы тиіс.Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға 45-55 мин дейін созылады және репертуарлар күрделі алуан түрлі болады. Мереке бағ бойынша ұжымдық және жеке репертуарлар болған жөн. Балаларға қуаныш әкелетін мерекеге барлық бала өз шамасына қарай қатысқаны манызды.

2.мектеп жасына дейінгі баланың тіл қызметінің дамуыБалаларды оқытқанда, олардың психикалық дамуы артта қалса, онда, сӛз, ойлау қабілетінің кӛрсеткіштері де артта қалғанын кӛрсетеді. Балалардың ерік қимылдары мектепке баратын жасқа сәйкес, ӛзіндік қасиеттеріне ие, ол алдын-ала ойланылмаған іс-әрекеттермен байланысты болады және олар қажеттіліктер мен сезімдерден туындайды. Л.С.Выготский ерікті мінез-құлықты әлеуметті дей отырып, ол бала еркінің дамуын, коршаған ортамен байланысты деп есептеген. Негізінен бұл жағдайды баланың үлкендермен әнгімелескенінен байқаған. Үлкендер алдымен сӛз арқылы баланың мінез-құлқын түзейді және практикалық мазмұнын игерте бастайды, сонымен қатар, бала ӛзінің ойы арқылы мінез-құлқын реттей алады. Балалар сӛзді игерген соң әңгімелесу үшін емес, сонымен қатар мінез-құлқын ұйымдастыруға қажет екенін түсінеді [4]. 6 жастағы балалардың тілін дамытуда байланыстырып сӛйлеуге үйрету басты орын алады. Бағдарламада жұмыстың бұл түріне арнайы тарау берілген. Байланыстырып сӛйлеуге үйрету барлық сабақта болады. Тіл дамытуға байланысты компоненттер ескеріле отырып сабақ комплексті жүргізіледі. 1. Тіл дамыту. 2. Сӛздің мағынасын түсініп айту. 3. Дыбысты дұрыс айту; 4. Кӛркем сӛздерді меңгерту, сӛздік жүргізу, әңгімелесу.

Билет

1 Мереке түрлері және оның маңызы Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды. Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ара - тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мерекеге дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс - әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс - әрекет жоспары оқылатын әңгімелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілетін суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек. Ескеретін басты мәселе – олардың балаларға түсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру – ең негізгі мақсат десек, бұдан ата - аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата - аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата - аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Мерекеге әзірлену және өткізу.
Әрбір сценарийді алдын - ала ұқыпты, жан - жақты әзірлейді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, ертеңгілікті үлкендерге арнаған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауындағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болуы сөзсіз.
Ертеңгіліктің терең мазмұнды ойын ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс. Балалар өнер көрсетіп жатқанда ойыншықтар тиелген машиналар шыған келсе немесе қолында сиқырлы таяғы бар бөгде бір кісі кіріп келсе, не болмаса екі адам қатар тұрып, пілдің бейнесін жасап, балпаң басып кіріп келсе, әлде сыпыртқыға отырып, құйындатып шауып кірген Жалмауыз кемпір, не болмаса ертедегі Қаңбақ шал не Алдар көсе кіріп келіп, ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып, ойынды қыздырып әкетсе, әрине балалар өздерін бір ертегідей сезінеді, ішек - сілелері қатқанша күледі. Мұндай көріністерден кейін қызықты атрибуттарды пайдаланып, билер биленсе, әртүрлі ойындар ойналса орынды болады.
Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, балалар белсенділігін арттыру ертеңгіліктер кезінде іске асуы тиіс. Күтпеген жерден сыйлықтар таратылып, оның өзі домалап келген қарбыздың ішінен немесе қонаққа келген адамның кәрзеңкесінен, бөлке нан немесе бауырсақ түріндегі қораптардан тосын түрде шығарылып жатса, балалар дүрліге мәз болып қуанып қалады.
Ертеңгілік кезінде ойынның бала өмірінде алатын орны зор, ойнау балалардың табиғи қажеттілігі, оның өсіп - жетілуінің негізгі шарты десе де болады. Сондықтан, ертеңгілік кезінде ойындарды ұйымдастыруға қажетті атрибуттар алдын - ала ескерілуі қажет. Ойналатын ойындардың бірсарынды болмауы, ойынға қатысатын, оны тамашалайтын балаларды жалықтырып алмауын қатты қадағалаған жөн. Ертеңгілікте музыкалық ойындармен қатар көп дайындықты қажет етпейтін және өте жеңіл ойналатын, күтпеген жерден басталын кететін тосын ойындарды да ойластырудың артықтығы жоқ.
Ертеңгілікті өткізу кезіндегі орналастыру (построение) ретін әр кезде әр қилы ойластырмаса болмайды. Өйткені, орналастырудың ұқсастығы балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Ертеңгілік кезінде балалардың қысылмай еркін отырып - тұруы олардың көңілділігі мен қуанышты күйі табиғи да шынайы болуына барлық мүмкіндік жасалғаны дұрыс.
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
• Қоғамдық - саяси мерекелер
• Тұрмыстық мерекелер
• Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі. Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.

Қоғамдық саяси мерекелер:
- 6 шілде - Астана күні;
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні

Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке – Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.

Тұрмыстық мерекелер:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі

Маусыдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мыс: жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.

Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты"
- Жаз келді жасыл...!
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!
Мерекелік ертеңгілікке неше топ қатысуы тиіс?
Ертеңгілікті сәбилер тобын басқа топтармен біріктіріп өткізуге болмайды, өйткені балалардың өз мерекесіне қатысуын олардың белсенділігін арттыруға пайдаланғаны дұрыс. Мұндай жастағы балаларға сырттан қонақтар шақырылса, балалар көңілін басқа жаққа аударып, мереке оларға қызықты болмай қалуы мүмкін. Ондай сәттерде кейбір балалар жылап та жібереді.
Басқа топтың балаларын қажеттілігіне қарай біріктіруге болады. Бұл жағдайда сценарий бойынша орындалатын бағдарламаға әр түрлі екі топтың балалары қатысуын қамтамасыз етуі қажет.
Кез келген ертеңгіліккке балалардың толық қатысуын қамтамасыз ету керек. Ертеңгіліктерде орын алатын басты рольді балалардың бірінен екіншісіне ауыстырылып отырғаны жөн. Әрине, әр баланың мүмкіндігі мен мінез - құлқын да ескерген жөн. Баланың барлық кезде тек орындаушы, не тек көрермен боп қалуы дұрыс болмайды. Көпшілік ойынға нашар қатысатын бала мейрамға да аса қатты қызықпайды, ондай бала өз күшіне өзі сенбей күннен - күнге тұйықталып, жеке - дара қалуы мүмкін. Сондықтан, педагогтың міндеті әр балаға көпшіліктен орын тауып беру.
Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылып, тереңде жатқан талап - тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

2.Баланың сөйлеу және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер


Дата добавления: 2020-04-08; просмотров: 685; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!