ISO 50001 – международный стандарт – путь к энергосбережению

I .Стандарттау нысандарын реттеу.

Реттеу - өнім, процесс және көрсетілетін қызметтерді стандарттау да қолданылатын әмбебап әдіс. Алуан түрлілікті басқару сияқты, реттеу бәрінен бұрын көптүрлілікті қысқартумен байланысты. Реттеу жөніндегі жұмыстардың нәтижесі, мысалы, соңғы дайын өнім үшін құрастырылатын бұйымдардың шектейтін тізімі; бұйымның типтік конструкция альбомдары; техникалық, басқарушылық және басқа да құжатгардың типтік формалары.

Реттеу, әмбебап әдіс ретінде жеке әдістерден тұрады:

· жуйелендіру;

· селекция:

· симплификация;

  • типтеу;
  • оңтайландыру.

Жүйелендіру.Стандарттау нысандарын жүйелендіру -стандартгаудың нақты нысандар жиынтығын ғылыми негізде ретімен жүктеу мен ранжирлеу (размері немесе салмақтары бойынша реттеу).

2. Параметрлік стандарттау. Әдістің мәнін түсіну үшінпараметр ұғымын нақгырақ қарайық. өнім параметрі - ол өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Өте маңызды параметрлер - өнімнің мақсаты мен оны пайдалану жағдайларын анықтаптын сипаттамалар болып, мына параметрлер есептелінеді:

  • размерлік параметрлер(түрлі киімдер размері ыдыстың сыйымдылығы);
  • салмақтық параметрлер (спорт жабдықтары жеке түрлерінің массасы);
  • машина мен жабдықтар өнімділігін сипаттантын параметрлер (желдеткіштер. еден жуғыштарөнімділігі, көліктер қозғалысының жылдамдығы);
  • энергетикалық параметрлер (қозгалтқыш қуаты және басқалары).

3.Өнiмдi унификаттау. Бірден функция атқаратын бөлшек, агрегат типтерін тиімді қысқарту ic-әрекеттері -өнімді унификаттау. Ол дайын өнім элементтерін классификацпялау мен ранжирлеу, селекция мен симплификациялау, типтеу мен оңтайландыруларға негізделеді. Унификаттаудың негізгі бағытгары мыналар:

  • бұйым, машина, құрал-жабдық, аспап, желі мен бөлшектердің параметрлік және типразмерлік қатарын әзірлеу;
  • біртекті өнімдердің унификатталған топтарын жасауға арналған типтік бұйымдарды әзірлеу;

- - бұйым мен материалдар пайдалануын рұқсат ететін номенклатурамен орынды минимуммен шектеу.

4. Агрегаттау - геометриялы және функционалды өзара алмасушылығы негізінде, турлі бұйымдар жасауда көп рет пайдаланылатын жеке стандартты унификатталған желілерден машина, құрал мен жабдықтар жасау әдісі. Мысалы, жиһаз өндірісіндегі 15 размерлі қалқалар мен 3 размерлі стандартты жәшіктерді қолданудағы элементтердің түрлі ком-бинациясынан 52 турлі жиһаз жасауға мумкіндік болган.

Агрегаттау машина жасауда, радиотехникада өте көптен қолданылады.

Бұйымды конструктивтік аяқталған агрегатгарға бөлшектеу - агрегаттау әдісінің жегілуіне бірінші себеп болды.

5. К е ш е н д i стандарттау. Кешенді стандарттауда нақты мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында кешенді стандарттау нысанының толық өзіне және де оның негізгі элементгеріне мақсат бағытында және жоспарлы өзара байланыстағы талаптар орнату мен қолдану іске асырылады. өнімдерге қолданыста - бұл дайын бұйымдар сапасына, оларға қажетті дайындайтын шикізат, материал және желінер бөлшектеріне, сондай-ақ сақтау жағдайлары мен тұтынуына (эксплуатация) өзінің деңгейі бойынша өзара байланысқан талаптар орнату мен қолдануды аткару.

 

17. Стандарттаудың принциптерін түсіндіріңіз.

Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:

1. Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.

2. Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.

3. Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.

4. Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.

5. Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.

6. Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.

7. Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.

8. Жинақтылық және оңтайлы иіектеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.

 

 

18. Параметірлік стандарттау ж әне параметрлік қатар деген не?

Параметрлік стандарттау

· Өнімнің маңызды параметрлеріне оны қолдану шарттары мен мақсатын анықтайтын сипаттамалары жатады:

· - өлшемдік параметрлер (киімнің өлшемі, ыдыстың сыйымдылығы);

· - салмақтық параметрлер (сорттық жабдық түрлерінің салмағы);

· - машина және құралдардың өңдірістілігін сипаттайтын параметрлер;

· - энергетикалық параметрлер (қозғалтқыш қуаты)және т.б.

Параметрлік қатар

vӨлшемділік қатары (размерный ряд)

vМатаның ені

vЫдыстың көлемі

vКиім өлшемдері (типоразмер) (ерлер және әйелдер үшін)

Параметрлік қатарларды стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады.

Стандартталатын басты параметрдің өзгеру диапазоны, параметрдің ең кіші және ең үлкен мөлшерлерімен шектеледі.

  Диапазонды жіктеу немесе параметрлік қатарды тұрғызу деп екі қатар сандар арасындағы интервалдың өзгеру заңдылығын анықтауды айтады.

Параметрлік стандарттау

ГОСТ 8032 “Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел”

ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размеры»

Параметрл ік қатар

1. R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00…  (1,6)

2. R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50..  (1,25)

 

19. Озық стандарттаудың ерекшелігі неде?

Озық стандарттау -  стандарттау нысандарына қазіргі күнгі практикада қол жеткен нормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.

Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің баяу жүруіне әкелуі мүмкін. Осыны болдыртпау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.

Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт-дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын-ала әзірленген болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді.

 

20. Кодтау және классификациялаудың бірыңғай жүйесі не үшін қолданылады?

Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) — мәліметтерді олардың алдын ала тағайындаған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілік программалардың мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметгерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді; 3) белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану. Кодтық таңба (кодовый знак; code character) — берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы.

Кодтау бланкі (программаны жазуға арналған бланк, стандартты бланк) (бланк кодирования (бланк для записи программы, стандартный бланк); doding (program) sheet) — алғашқы мәліметтер мен алғашқы программаның операторларын (командаларын) компьютерге енгізу мақсатымен оларды тізбектік жазуға арналған бланк. Бланкіге ақпарат жазу берілген тілде қарастырылған ереже бойынша орындалады.

Кодтау жүйесі (система кодирования; system of coding) — 1) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны; 2) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы; код. Кодтаудың дескрипторлық тәсілі (дескрипторный способ кодирования; descriptor way of coding) — алдын ала жасалған тізімнен, топтастырғыштар мен сөздіктерден тандалған белгілерді объектіге қосып жазу (телу) ==Кодты оңтайландыру==. Кодты оңтайландыру (оптимизация кода) — кодты генерациялау кезеңінде немесе осы кезеңнен кейін программаны транслятормен автоматтық машинаға тәуелді оңтайландыру.

Code in C++.png

Кодтық парақ (кодовая страница; code page) — пернелікте (клавиатурада), экранда (принтерде де) компьютерге мәліметтер енгізу-шығару үшін пайдаланылатын 256 түрлі символ жиыны; әр түрлі символдың экрандағы бейнссі мен пернелік арасындағы байланысын аңықтайтын кесте түрінде болады. Кодтық парақтың алғашқы 128 символы халықаралық стандартқа сөйкес ascii-кодымен өрнектеледі де, қалған бөлігі нақты бір мемлекеттің стандартына сәйкес өзгеше бола береді. Кодтық саңылау (кодовое отверстие; code hole) — перфокартадағы кодтық тесу.

Халықаралық классификациялау патенті - халықаралық келісім негізінде қабылданды. Топтасуды ойлап табу функционалды сала негізінде салынған және негізгі сала немесе қосымша кұрал үшін халықаралық масштабта біркелкі топтау және іздеуді, хабарлауды ойлап табу. Классификация (классифицирование) (от лат. classis — разряд и лат. facere — делать) — «особый случай применения логической операции деления объема понятия, представляющий собой некоторую совокупность делений (деление некоторого класса на виды, деление этих видов и т. д.)»[1].

 

«Классификация — это осмысленный порядок вещей, явлений, разделение их на разновидности согласно каким-либо важным признакам.»

Классификация предназначена для постоянного использования в какой-либо науке или области практической деятельности (например, классификация животных и растений). Обычно в качестве основания деления в классификации выбирают признаки, существенные для данных предметов. В этом случае классификация (называемая естественной) выявляет существенные сходства и различия между предметами и имеет познавательное значение. В других случаях, когда цель классификации состоит лишь в систематизации предметов, в качестве основания выбираются признаки, удобные для этой цели, но несущественные для самих предметов (например, алфавитные каталоги). Такие классификации называют искусственными.

 

Наиболее ценными являются классификации, основанные на познании законов связи между видами, перехода от одного вида к другому в процессе развития (такова, например, классификация химических элементов, созданная Менделеевым).

 

Классификация по существенным признакам называется типологией; она основана на понятии типа, как единицы расчленения изучаемой реальности, конкретной идеальной модели исторически развивающихся объектов (биологические, языковые и т. п. типологии).

 

Всякая классификация является результатом некоторого огрубления действительных граней между видами, ибо они всегда условны и относительны. С развитием знаний происходит уточнение и изменение классификаций.

 

Делением называется раскрытие объема известного понятия; оно происходит путем перечисления всех видов (то есть меньших по объему понятий), входящих в состав делимого понятия. Отсюда ясно, что разделены могут быть только общие понятия, охватывающие собой различные части; ясно также, что для деления необходимо иметь основание или принцип (principium divisionis), делающий возможным правильное перечисление полученных благодаря делению членов его (parles divisionis).

 

От правильного деления требуется:

 

полнота деления: все члены деления должны быть перечислены;

чистота: члены деления не являются пересекающимися понятиями.

 

21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.

Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қүжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рэсімі. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді. Сәйкестікті растау органы берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін мына жағдайларда тоқтатады:
1) сынақтан өткен өнімнің теріс нәтижелері;
2) сәйкестікті растау бойынша органға тиісті ескерту жасамай өнімнің құрылғысының (құрамының), комплектілігінің, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясының өзгеруі;
3) технология талаптарының орындалмауы;
4) өнімнің белгілі бір түрінің шығарылуының немесе қызметтер көрсетудің тоқтатылуы;
5) мемлекеттік бақылау барысында өнімніңтехникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда.

Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

22. Сертификаттауға қатысушылар кім?

Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.

Сертификаттаудың қатысушылары

Сертификаттау жүйелеріне қатысу түрлері: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.

Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз- өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.

Сертификаттау жүйесінің қатысушысы- осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.

Сертификаттау жүйесінің мүшесі- осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.

Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.

Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

23. Сынау зертханалардың функцияларын атап көрсетіңіз.

Сынақ зертханасы - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.

Зертхана – ҚР-ң үкімітінің қаулысымен қабылданған бір рет тіркелген жеке меншік түрінің тәуелсіздік ұйымы, және олардың филиалдар өкілдік құрылымдық бөлімшесі. Зертхананың құқықтық қабілеттілігі сәйкестік растау мақсатпен тіркеу аттестатының орнына алу кезінде пайда болады және ҚРң үкіметі қабылдаған жарамсыз мерзімінің өтуі, оның пікірі, жоюмен және мойындаумен байланысты тоқтайды.

Зертханадағы өлшеу құралының үлгілерін тек қана жұмыс құралын калибрлеу үшін қолдану керек. Өлшеу құралының үлгілерін халықаралық және ұлттық эталонға сәйкес тексеруін қамтамасыз ететін орган калибрлейді. Сынау жабдығы периодты қайта калибрлеу арасындағы қадағалауға ұшырайды. Мүмкіндігінше, үлгі заттары халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес тіркеледі. Сынау зертханасында сәйкес құрал – жабдықтардың пайдалану туралы құжаттамасы болуы керек. Барлық стандарттар, басқармалар, анықтамалық деректер және басқа құжаттар персонал үшін қолайлы болу керек. Сынау зертханасы техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес әдістер мен процедураларды қолдану керек. Бұл құжаттар сынау жүргізуге жауапты қызметшілер құзырында болуы қажет. Сынау зертханасы сынау жүргізуге тапсырыстарды төмен дәлдікті немесе нысанды емес нетижеге әкелетін әдістер бойынша қабылдамауы қажет. Егер керек жағдайда процедуралар мен сынаудың стандартты емес әдістері қолданылса, зертхана оларды толықтай қайта протоколдауы тиіс. Егер нәтижелер өңделген деректердің һэлектронды технологиясы көмегімен алынса, жүйенің сенімділігі мен тұрақтылығы дәл емес болу мүмкіндігін жібермеуі тиіс.

 

24. Сәйкестікті міндетті растаудың негізгі мақсаты неде?

Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.

25. Сәйкестік белгісі қашан қойылады?

Сәйкестік белгісі – өнімнің стандарттармен, басқа құжаттармен, техникалық реттеу саласында нормативтік актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау процедурасынан өткендігі туралы қызметкердің сатып алушыны хабардар етуіне арналған белгілемесі. Сәйкестік белгісі - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың немесе қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігіне қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін, белгіленген тәртіппен қорғалған белгі; Өнімдер, процестер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес келген кезде сертификаттау жөніндегі орган өтінушігестандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгідегі сәйкестік сертификатын береді. Сәйкестік сертификаты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркелуі тиіс. Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

26. Өнімнің өмірлік циклі деген не?

Өнімнің өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жок,

Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейікті циклі бес кезенңге бөлінеді. Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ тауар жөніндегі идея дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады. Міне, тап осы сынақтан сүрінбей өткен тауар ғана оған деген мұқтаждықты тудыра алады. Сөйтіп, оның тауарлық бәсекеге төзімділігіне сенім оянады да, ақырында сол тауарды ендіру процесі басталатын болады.

Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар сатыла бастайды. Бірақ бұдан бастапқы кезде бәлендей пайда, табыс түсе қоймағанымен, тауар өндіру жалғаса береді яғни ол өзінің келесі кезеңіне көшеді деген сөз.

Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының ушінші кезеңіне бет алғанының нышаны.

Тауар бұл кезеңде өзініқ жоғары деңгейіне жетіп сандық және сапалық жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер тап осы кезеңде өз тауарын одан әрмен жарнамалау жолдарын қарастыра отырып, оны өткізуді ынталандыруға күш салады. Нарық конъюнктурасының өзгерістерін де үнемі қадағалаудан қол үзбейді. Өйткені бәсеке жағдайындағы тауар өткізу процесі қашанда «қауіп-қатерге» толы және онық жалғасуына күтпеген оқиғалар кедергі келтіріп, тауардың нарықтан тыс қалуы да мүмкін.

27. Сапа менеджмент жүйелері енгізудің тиімділігін көрсетіңіз.

СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.

Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. СМЖ моделін таңдау;
2. университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
3. университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
4. университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
5. қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
6. процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.

Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?
1. қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;
2. процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
3. жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
4. процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
5. процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
6. жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.

28. Жылу энергетикасындағы сапа саласындағы мәселелерді шешу жолдары қандай?

Жылу энергетикасы – жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау және тұтыну саласы;

Жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган – ЖЭО-ның жылу энергиясын өндіру саласында, елді мекендер шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ. және одан астам белгіленген қазандықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Жылу энергиясы – жылу тасығыш беретін, жылумен жабдықтау жүйесінде оның шығысымен және жылу энергиясын өлшеуге немесе есептеуге мүмкіндік беретін термодинамикалық өлшемдерімен сипатталатын энергия;

Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алу – жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың саны мен сапасын коммерциялық есепке алу аспаптарымен, ал олар жарамсыз немесе болмаған жағдайда есептеу тәсілімен белгілеу және алынған деректерді жылумен жабдықтау шарттары бойынша өзара есеп айырысу үшін пайдалану;

Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру – нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жай-күйде жылу желілерін ұстауды, сондай-ақ жылу тасығышты қабылдауды, қайта түрлендіруді және (немесе) жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және технологиялық байланысқан іс-қимылдар кешені;

Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) жылу энергиясын тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;

2) Қазақстан Республикасында жылу энергетикасының қауіпсіз, сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу міндеттері:

1) жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) жылу өндіруші, жылу беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау;

3) жылу энергетикасы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кемсітусіз және тұрақты шарттарды қамтамасыз ету;

4) жылумен жабдықтау ұйымдары үшін электр және жылу энергиясын аралас өндіруді басымдықпен пайдалануды қамтамасыз ету;

5) жылу энергетикасы саласында энергия үмдеуді қамтамасыз ету және энергетикалық тиімділікті арттыру;

6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылар үшін жылу энергетикасы саласында көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.

 

29. ҚР энергоүнемдеудегі ISO 50001дің маңыздылығы неде?

ISO 50001 – международный стандарт – путь к энергосбережению

Одним из ключевых факторов успешного развития компании является постоянное повышение энергетической эффективности ее деятельности. Переход на энергосберегающий путь развития – одна из приоритетных задач Республики Казахстан. В соответствии с Законом Республики Казахстан «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» субъекты государственного энергетического реестра, потребляющие энергетические ресурсы в объеме, эквивалентом тысяче пятьсот и более тонн условного топлива в год, обязаны создать, внедрить и организовать работу системы энергоменеджмента в соответствии с требованиями международного стандарта ISO 50001:2011 «Системы энергоменеджмента. Требования и руководство по использованию».

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1404 утвержден Комплексный план повышения энергоэффективности Республики Казахстан на 2012 - 2015 годы, в который вошли мероприятия по внедрению международного стандарта ISO 50001:2011 по системам энергоменеджмента. Энергетический менеджмент – это совокупность средств и методов, направленных на управление процессом энергопотребления и систематический контроль над энергетическими издержками. В основе его лежит декларация повышения энергоэффективности, планирование потребления энергоресурсов и повышения энергоэффективности, выработка целевых показателей энергоэффективности и путей их достижения, система мотивации персонала.

Стандарт ISO 50001 является практическим инструментом, который позволит постоянно снижать потребление энергии, сокращать нагрузку на окружающую среду и получать финансовые и конкурентные преимущества. Цель этого международного стандарта – дать организациям возможность создания систем и процессов, необходимых для улучшения энергетических параметров, в том числе энергетической эффективности и интенсивности.

Преимущества от внедрения системы энергетического менеджмента:

 

· повышение энергетической результативности;

· снижение эксплуатационных затрат;

· повышение энергоэффективности;

· снижение энергоемкости;

· энерго – и ресурсосбережение;

· снижение воздействия на окружающую среду;

· снижение выбросов парниковых газов;

· разработка климатических проектов;

· обеспечение соответствия закону Республики Казахстан «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности»;

· демонстрация социальной ответственности;

· улучшение имиджа на рынке;

· повышение устойчивости бизнеса;

· гарантии стабильности партнерам;

· повышение уровня доверия заинтересованных сторон;

· привлекательность для инвестиций;

· стимул для инноваций.

 

30. Тұтынушы құқығын қорғаудағы өнім сапасы қамтамасыздандырудың маңыздылығын түсіндіріңіз.

Тұтынушылардың мүддесі азаматтардың мүдделері мен өсіңкі сұраныстарын және өнімді алу саласындағы ұйымдастырушылықтан тұрады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру өнім дайындаушылардың тұтынушылармен өзара әрекеттесу үрдісінде ғана мүмкін болады. Берілген саладағы қоғамдық қатынастар өндіруші жағы бұзған жағдайда мүліктік міндеттемелерді реттеуге бағытталған, нақтырақ айтсақ, олар тұтынушының абсолютті құқығын бұзу нәтижесінде туындайды. Сондықтан ҚР Заңнамасына тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейін жоғарылату мәселесін шешу тапсырылған.

Тауар өндірушілердің қалыпты бәсекелестігі келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін өркениетті нарықты құрғанда ғана мүмкін болады:

- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне белгіленген талаптар қою;

- саудада пайда болатын қатынастарды қалыптастыру тәсілдерін регламенттеу.

Өнімді компетентті таңдау, заңда өнім туралы объективті ақпаратқа қойылатын талаптар болса, сонда ғана мүмкін болады. Өнімнің негізгі сипаттамалары сенімділік, қызмет ету мерзімі және ұсынылатын өнімнің жарамдылығы, оның кепілдік мерзімі және т.б. өткен соң анықталатын техникалық кемшіліктері болып табылады.

Жарамдылық мерзімі ең маңызды сипаттама болып табылады. Бұл терминнің мағынасын өнім қауіпсіз және атқаратын қызметі бойынша қолдануға жарамды болып табылатын кезең деп ұғамыз. Қалыпты өмір сүруге қажетті тұтынушы талаптарының қанағаттандырылмауы (нәтижесінде-қоғамның) өнім сапасының төменділігімен жиі түсіндіріледі. Тұтынушы бағасынан гөрі сапасын алдыңғы кезекке қояды, өйткені жоғарғы сапа сатып алынған тауарды жөндеу және пайдалануға шығатын шығындарды төмендететінін түсінеді. Өнім сапасы сату көлемін ұлғайтуды, шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді, осыдан келіп кіріс артады. Шығарылатын өнім сапасы өндіріс экономикасының дамуының өзіндік нышаны болып табылады.

Бірақ өнім сапасын жоғарылату – бұл бұйымның өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтитын, өндірушілер үшін еңбектенуді көп қажет ететін жұмыс, олардың негізгілері:

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

- өндіріс;

- пайдалану.

Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыра отырып, ұйым әр түрлі тәсілдермен: үлгі бойынша, өзгешелігі бойынша, стандарт негізінде, алдын ала байқау бойынша анықтауға болатын өнімнің сәйкес сапасын қамтамасыз етуге және өндірістік үрдістерді жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды орындауға міндетті. Сатылатын өнім үшін сапа эталоны болып табылатын дана үлгі деп аталады. Эталонды зерттеу (өнімнің бірнеше данасы) бизнес аясында сапа туралы жақтар арасындағы дау-дамайды шешуде маңызды шарт болып табылады.

31. Көлбеулік манометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

Манометр (греч. manos — редкий, неплотный, разрежённый + др.-греч. μέτρον — мера, измеритель) — прибор, измеряющий давление жидкости или газ

Принцип действия манометра основан на уравновешивании измеряемого давления силой упругой деформации трубчатой пружины или более чувствительной двухпластинчатой мембраны, один конец которой запаян в держатель, а другой через тягу связан с трибко-секторным механизмом, преобразующим линейное перемещение упругого чувствительного элемента в круговое движение показывающей стрелки.

Принцип действия манометров

Манометры могут быть жидкостными, деформационными, грузопоршневыми, тепловыми, что определяет принцип действия манометра, который основан на уравновешивании давления, измеряемого путем деформации пружины или более чувствительной мембраны и преобразовании движения этого элемента в движение стрелки на приборе. Манометры вертикальные оснащены вертикальной деформационной пружиной. Этот измерительный прибор обычно имеет стальной цилиндрический корпус со шкалой, закрытый защитным стеклом, и латунный штуцер для присоединения к месту отбора давления. Такое же устройство имеют манометры горизонтальные, которые оснащены горизонтальной деформационной пружиной.

32. Өлшем нәтижелері (0,4+-0,05) мм, (647,4+-0,6) мм, (2689,34+-0,27)г. Осы өлшемдерді дәлдік бойынша салыстырыңыз.

33. Тексеру кезінде ұзындығы 20мм мераның шамасы 20,0005 мм алынған. Абсолютті және салыстырмалы қателіктерді салыстырыңыз.

34. t уақыт моментінде жылдамдықты анықтау өрнегі мына түрде жазылған: а – үдеу. Формуланың дұрыстығын анықтаңыз.

35. Термостаттағы май температурасы үлгілі шыны термометр мен тексеруші бу аралас газ термометрмен өлшенеді. Бірінші көрсеткіш 111с – қа, ал екінші 110с-қа тең. Нақты температураның шамасын анықтаңыз.

36. Еңбек қауіпсіздігі және стандарттау

Ұйым еңбекті қорғау тұжырымдамасымен келісілген, құжаттамалық ресімделген ұйымның тиісті фунциялары мен деңгейлері үшін еңбекті қорғау саласындағы мақсаттарды айқындауға, енгізуге және қолдауға тиіс. Қойылған мақсаттар мен міндеттердің қолжетімдігін тиімді бақылау үшін олар мүмкіндігінше сандық белгіленуі тиіс.
Мысалы – еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың [8], ұжымдық шарттың [1] және т.с.с нәтижесі бойынша еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың жоспары түрінде құжаттамалық ресімдеуге болады.
Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлағанда жұмыс істеп тұрған ұйым олар орындауға міндеттенген заңдық және өзге де талаптарды, сондай-ақ алдын ала талдаудың қорытындысын (4.1-тармақты қараңыз) ескеруге тиіс. Сондай-ақ ол өз технологиялық мүмкіндіктерін, қаржылық, өндірістік және коммерциялық талаптарды, сондай-ақ тиісті мүдделі тараптардың пікірлерін ескеруге тиіс.
Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі жоспарды (бағдарламаны) әзірлей отырып, ұйым мыналарды:

- ұйымдағы тиісті функциялар мен деңгейлер үшін жауапкершілік пен өкілеттіктерді;

- материалдық ресурстар мен мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау мерзімдерін айқындауы тиіс.

Жоспарлар (бағдарламалар) тұрақты жоспарлау негізінде қайта қаралуға және түзетілуге тиіс.Қызметкерлер саны кемінде 50 болатын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған кезеңіндегі еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс берушіге еңбекті қорғау жөніндегі болмаған мамандардың міндеттерін орындау бойынша үлкен жауапкершілік жүктейді. Мамандарды ауыстыру мына шарттар бойынша орындалуы мүмкін:

o қызмет көрсету;

o қоса атқарушылық (оның ішінде негізгі жұмыс орны бойынша);

o қызмет көрсету.

Қызметкерлер саны кемінде 50 болатын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған кезеңіндегі еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құруды міндеттейді.

 

37. Экология және стандарттау

1946 жылдың 14 қазанында Лондонда бас қосқан 25 ел делегаттары жаңа халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Бұл ұйымның басты мақсаты — өндірістік стандарттарды халықаралық формаға сай үйлестіруге және біріктіру жөнінде жәрдемдесу болып табылады. Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) жолдауында биылғы жыл әлемдегі экология мәселесіне арналды. Сондықтан да оның биылғы ұстанымы «Ауа-райының өзгеруіне стандарттар көмегімен қарсы тұру» деп аталды.

Бұл оқиға экономика дамуында, өнеркәсіп, сауда, басқарма құрамында және тұтынушылық қозғалыстардың мүдделерін қамтамасыз етуде стандарттар маңызының артқанын көрсетеді.

ИСО тәжірибесінің негізінде тұрақты жетілдірілуге ұмтылу тұрады. Бұндай көзқарас қауіпсіз өнімді шығаруға және көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық дамыған елдер басқарудың озық құралдарын қолданудың экономикалық тиімділігін әлдеқайда жоғары бағалаған болатын.

Мысал ретінде, Финляндияда орналасқан аты әлемге әйгілі «RAUTARUUKKI» металлургиялық зауытын алсақ та болады. Аталған зауыттың мамандары мүлтіксіздікке жету мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Бұл кәсіпорында ХС ИСО енгізілген. Дегенмен, кәсіпорын басшылары тексеріспен келетін аудиторлардың кемшілікті аз табуы – мекеменің нарық заманында алға жылжуына көп кедергі келтіреді деп есептейді екен. Яғни, мұнда сынға кеңінен жол беру арқылы өздерін шыңдауға бейімделген.

ДСҰ елдері халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын серіктестермен ғана тізе түйістіре қызмет атқарады десек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл талаптарды толық орындап, ДСҰ құрамына кіреді деп, нық сеніммен айтуға болады.

Стандарттаудың халықаралық қолдауға ие болғаны мәлім және де ол экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі болып табылады, сонымен қатар бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік жеткізулер және т.б. секілді мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыттарын қолдаудың шешуші факторы болып табылады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолданудың аумағы айтарлықтай кеңейді.

Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) – халықаралық стандарттарды әзірлейтін және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым.
ИСО – бір ел бір комитет – мүшені білдіретін 157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар (комитет – мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.
ИСО – мемлекеттік және жеке секторды байланыстыратын үкіметтік емес ұйым. Бір жағынан көптеген ұйымдар (комитеттер – мүшелер) өз елдерінің мемлекеттік құрылымының бөлігі болып табылады немесе өз үкіметтерінің мандаттары болады. Екінші жағынан, басқа да комитет – мүшелер өнеркәсіптік ассоциация арасындағы ұлттық серіктестік арқасында дүниеге келген жеке секторға кірді.
Осылайша, ИСО қоғамның айтарлықтай кең қажеттілігі сияқты, бизнес талаптарына да сәйкес келетін шешімдер негізінде жетуге тиіс консенсусқа мүмкіндік береді.

38. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

39. Саудадағы техникалық кедергілер түсінігі

арастырылып отырған келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының (1993 жылы бұрынғы тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім осы ұйым түрінде қайта құрылды) халықаралың стандарттау шеңберіндегі жұмыстар ережелеріне арналған 40 құжаттың бірі. Бұл ережелер мыналар:

1.Үйлестіру. Егер халықаралық стандарттар (ерікті техникалық құжаттар ретінде), регламенттер (міндетті түрде орындалуға тиісті құжаттар) немесе сәйкестікті бағалау ережелері (сертификаттау жұмыстарында) болса, онда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшелері оларға сәйкес келмейтін ұлттың құжаттарды дайындамауға тиісті.

2.Ұлттың режим және дискриминацияламау. Шетелдік өнімдердің сапасын бағалау жағдайының қолайлылығы отандық өнімдерді бағалау жағдайынан кем болмауы тиісті, яғни шетелдік өнімдерге қойылатын талаптар отандық өнімдерге қойылатын талаптардан қатаң болмауға тиісті.

3.Хабарлау және айқындылық. Егер жекелеген елдердің халықаралық нормативтік құжаттардан өзгеше құжаттар қабылдау туралы ниеті болса, онда ол ДСҰ секретариятына оның дәлелді себептерін және құжат жобасының қысқаша мазмұнын хабарлауға тиісті. Барлық қабылданған нормативтік құжаттар жедел жариялануы керек. Олар барлық ел ішіндегі және сыртқы мүдделі жақтардың қол жеткізуіне (айқындылың) ыңғайлы болуы қажет.

4.Стандарттау туралы ақпарат. ДСҰ мүше болу олардың арасындағы сауда қатынастарында кедергі болуы мүмкін деген стандарттау жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы ескертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты ДСҰ әрбір мүшесі бір немесе бірнеше ақпараттық орын ашады. Бұл орындарда ешбір қиындықсыз елде қолданылып жүрген және дайындалып жатқан стандарттар, регламенттер ж.б. жөнінде ақпарат алуға болады.

 

41. Өнімнің қаптамасында қандай ақпарат көресетіледі.

Өнімді (тауарларды) таңбалауға, затбелгі жапсыруға және тұтынушыларға арналған ақпаратқа қойылған жалпы талаптар

1. Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты уақтылы ұсынады.

2. Өнімді (тауарды) өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпарат тікелей өніммен (тауармен), орауышта (ыдыста), затбелгіде, кольереткада, контрзатбелгіде, заттаңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтарда) берілген мәтінмен, шартты белгілермен және (немесе) суреттермен біргезаңнамаға сәйкес өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерін таңбалауға қойылатын талаптар ескеріле отырып берілуге тиіс.

Өнімді (тауарды) өткізу кезінде тұтынушыға арналған ақпаратты дайындаушы (өндіруші) және (немесе) буып-түюші, өнім беруші ұсынады.

3. Орауыштағы (ыдыстағы), затбелгідегі, кольереткадағы, контрзатбелгідегі, заттаңбадағы, жапсырмадағы (стикердегі), құжаттардағы, жаднамалардағы (қосымша парақтардағы) қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

Тұтынушыға арналған ақпарат өнім (тауар) туралы ақпарат берілетін мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдің емле ережесі нормалары ескеріле отырып жазылады.

4. Тұтынушыға арналған ақпарат тікелей өнімнің (тауардың) әр бірлігіне орауышта (ыдыста), затбелгіде, кольереткада, контрзатбелгіде, таңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда, жаднамаларда (қосымша парақтардағы) оқуға (танысуға) қолайлы жерге орналастырылады.

5. Тұтынушыға арналған ақпарат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада көзделген тәсілмен беріледі және айқын әрі оңай оқылуға тиіс.

  6. Тұтынушыға арналған ақпарат бір нақты түсінікті, толық және өнімнің (тауардың) құрамына, қасиеттеріне, тағамдық құндылығына (тағам өнімдері үшін), энергия тұтынуына (энергия тұтынатын жабдықтар үшін), табиғатына, тегіне, дайындалу (өндірілу) және тұтынылу (қолданылу) тәсіліне, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтерге қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын және берілген өнімді (тауарды) сыртқы түрі немесе органолептикалық көрсеткіштері бойынша соған жақын басқа өнім ретінде қабылдауға жол бермейтін болуға тиіс.

 7.Ингредиенттер тізімінде:

өнімді (тауарды) дайындау (өндіру) барысында буланып кететін ұшпа компоненттерін;

қайта өңдеу үшін агенттер ретінде пайдаланылатын заттар мен көмекші материалдарды;

еріткіштер немесе жеткізгіштер ретінде пайдаланылатын заттарды көрсетпеуге болады.

8.Тұтынушыға арналған ақпаратта Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы мен мекен-жайы көрсетіледі.

9.Тұтынушыға арналған ақпаратта өнімнің (тауардың) таза салмағы, жалпы салмағы, негізгі өлшемдері мен көлемі орауышта (ыдыста) шамалардың метрикалық жүйесімен (Халықаралық бірліктер жүйесімен) көрсетіледі

10.Тағамдық өнімнің арнайы қоректік қасиеттері, емдік, ем-дәмдік немесе сауықтыруға арналғандығы туралы, онда биологиялық белсенді заттардың барлығы, зиянды заттардың жоқтығы туралы немесе сауықтыру-емдік арналуы туралы өзге де балама сипаттамалар және аурудың жеке түрлері болған жағдайда қолдануға қайшы айғақтар туралы ақпарат тұтынушыға орауышқа (ыдысқа), өнімнің (тауардың) әрбір бірлігіне қоса берілетін немесе жабыстырылатын затбелгіге, кольереткаға, контрзатбелгіге, құлақшаға, жапсырмаға (стикерге), құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға) жазылып жеткізіледі.

11.Сақтау шарттары арнайы сақтау шарттарын (төмен температураны, жарық режімін және басқаларды) талап ететін өнім (тауар) үшін көрсетіледі. Сапасы қымталған орауышты ашқаннан кейін өзгеретін өнім (тауар) үшін орауышты ашқаннан кейінгі сақтау шарттары көрсетіледі.

12.Нақты өнімді (тауарды) сәйкестендіретін штрих код қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сканерлеуші құрылғылармен есептеу үшін қолайлы орында затбелгіге және (немесе) орауышқа (ыдысқа) орналастырылады.

44.Статистикалық мәліметтерге қандай талаптар қойылады.

 - статистикалық жүйені статистикалық қызметтің барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу негізінде үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу және барабар ұйымдастырушылық негіз құру;

- халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында статистиканың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу;

- мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды акпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелі тәсіл енгізу;

- деректерді жинау, топтау, және кесте құру жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру;

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құрудың келесідей жетілдіру жолдары бар: — мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың жаңа электрондық базасын құру; — Статистикалық мәліметтер: жинақтау, топтау, кесте құру бойынша “Мемлекеттік статистика туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Мәліметтерді жинау, топтастырудың кейбір институттарында әдістемелік жұмыстар жүргізіледі және мемлекеттік мекемелерге статистикалық бақылауды жүргізу бағдарламасын жасауда кеңес береді, статистикалық стандарт, есеп беру формалары өңделеді, баспаға мәліметтер дайындалады. Осылай ету арқылы барлық Франция әкімшіліктерінің статистикалық жұмысын үйлестіріп отырады. Францияның статистикалық жұмыстарының негізгі принциптері: өзінің маманданған қызметінде статистикалық мәліметтерді дайындау мен баспаға беруде үкіметке тәуелді болмау, респонденттерден алынған жеке мәліметтердің конфиденциялдығын (құпия болуьн) қамтамасыз ету. СЭЗИ-да біртұтас жүйе құрайтын және елдің территориясындағы барлық тұтынушылардың қолы жететін мәліметтердің жиынтығы ұлттық және аймақтық деңгейлерде құрылған. Институт басқару бөлімі және бөлімшелерден тұрады. Жалпы статистика бөлімі арнайы бақылау нәтижелері арқылы алынған мәліметтерді экономикалық талдаумен айналысады, әдістемелік жұмыс жүргізеді, статистикалық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады.

 

45. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеуді классификациялау.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру. Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең қарапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен кашыктықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді. Өлшеу – бірқатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі, өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері.

Өлшеу әдістері дегеніміз - нақты бір өлшеуіш міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы. Өлшеу әдісі түсінігіне өлшеу қағидаларын теориялық негіздеумен қатар, өлшеу құралдарын қолдану іс-әрекеттерін әзірлеу де кіреді.

Өлшеу әдістері классификациясының ішінен өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы бойынша классификация кеңінен қолданылады. Бұл классификация бойынша тікелей бағалау әдісі және салыстыру әдісі ажыратылады.

Тікелей багалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізделетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысалы, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу. Нөлдік әдіс - салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен толық теңестіріледі (23, а-сурет).

Дифференциалды әдіс кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жаңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі. Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды өлшеуде пайдаланылмайды.

Мысал. Иықтары тең таразыда массаны өлшеу, мұнда таразыға тх массаның әсері токір массасымен біршама ғана теңестіріледі, ал массалардың айырмасы масса бірліктерінде градуирленген таразы шкаласы бойынша есептеледі (23, б-сурет). Бұл жағдайда өлшенетін шаманың мәні, mx = m0 + Δm, мұнда Δm - таразы көрсеткіші.

23-сурет. Салыстыру әдістері

Алмастыру әдісі — өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі. Мысалы; бұйымның мөлшерін рычагты микрометрмен өлшеу немесе электрлік шамаларды айнымалы ток көпірлері көмегімен өлшеу.

Мысал. Серіппелі таразыда өлшеу. Өлшеу екі іс-өрекетпен жасалады. Алдымен таразыға өлшенетін массаны салады және таразы көрсеткішінің жағдайын белгілейді. Сонан соң тх массасы то кір массасымен алмастырылады. Мұнда таразының көрсеткіші алғашқы жағдайдағы орынға келуі керек. Сонымен қатар mx = m0 (23, в-сурет).

Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.

Мысал. Стробоскоп көмегімен валдың айналым санын өлшеу – вал периодты түрде жарық көзімен жарықтандырылады, ал жарық көзінің жиілігі валда жасалған ен баңылаушыға қозғалмайтындай болып көрінетіндей етіп орнатылады. Шкалалардың негізгі және нониусты белгілерінің сәйкес келуін пайдаланатын сәйкес келу әдісі сызықты мөлшерлерді өлшеу үшін қолданылатын штапгенприборларда жүзеге асырылады

Шамамен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен (мысалы, рычагтық таразыда массаны салыстыру) салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлшемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Ал тікелей бағалау әдісінде өлшем өлшеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет.

Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар:

Нөлдік әдіс

Дифференциалды әдіс

Алмастыру әдісі

Сәйкес келу әдісі

46.Метрологияның негізгі постулаты.Метрологияның негізгі аксиомалары.

Өлшеу теориясы олардың алғашқы аксиомаларын сипаттайтын, постулаттар негізінде құрылады. Бүгінгі күні олар аяқталмаған, нақтыланып және толықтырылып отырады.

Бірінші α постулаты: зерттеу объектісінің қабылданған моделінің шеңберінде белгілі өлшенетін физикалық шама және оның шынайы мәні бар. Модель объектіге барабар болып танылғанша, өлшенетін шама мәнінің маңызы болады. Зерттеудің әр түрлі мақсаттары кезінде берілген объектімен әр түрлі модельдер салыстырылуы мүмкін, онда α постулатынан α1 салдары шығады: өлшеу объектісінің берілген физикалық шамасы үшін өлшенетін шамалар жиыны бар болады. Осыдан, объектінің өлшенетін қасиетіне оның моделінің қандай да бір параметрі сәйкес келу керек. Бұл параметр өзгермейтін болып саналу керек, әйтпесе өлшеу тексерілген бола алмайды. Көрсетілген факт екінші β постулатымен сипатталады: өлшенетін шаманың шынайы мәні тұрақты.

Айнымалы физикалық шаманы өлшеу үшін тұрақты параметрді таңдау немесе ерекшелеу және оны өлшеу керек. Жалпы жағдайда мұндай параметр қандай да бір функционалдың көмегімен енгізіледі. Мұндай тұрақты параметр-лердің мысалы орташа түзетілген немесе орташа квадраттық мәндер болып табылады. Берілген аспект β1 салдарында көрсетіледі: айнымалы физикалық шаманы өлшеу үшін оның тұрақты параметрін, яғни өлшенетін шаманы анықтау қажет. Өлшеу объектісінің математикалық моделі қасиеттердің толық сипаттамасын бермейді. Ол берілген есепті шешу үшін мәні бар, олардың кейбіреулерін белгілі жуықтау дәрежесімен сипаттайды.

Өлшенетін шама қабылданған модельдің параметрі ретінде анықталады, ал оның мәні өлшенетін шаманың шынайы мәні ретінде қабылданады, яғни объектінің қасиеттерін идеалдандыру болады, ол модель параметрі мен объекті-нің нақты қасиеті арасындағы сәйкессіздікті себептейді, бұл сәйкессіздік табалдырықты деп аталады. Табалдырықты сәйкессіздік ұғымының сипаты үшінші γ постулатымен анықталады: өлшенетін шаманың объектінің зерттеле-тін қасиетіне сәйкессіздігі бар болады. Сәйкессіздік өлшеудің қол жеткізетін дәлдігін шектейді. Өлшеулерді және өлшеу мақсатын нақтылауды объектінің моделін нақтылау үшін жүргізеді. Модельдің енгізілген параметрі табалдырық-ты сәйкессіздікпен анықталатын қателіктерге тең қателікпен өлшенуі мүмкін, яғни объектінің абсолюттік барабар моделін салу мүмкін емес және табалдырықты сәйкессіздікті жоюға болмайды. Осыдан γ1 салдары пайда болады: өлшенетін шаманың шынайы мәнін іздеп табу мүмкін емес.

Модельді априорлы ақпарат бар болған кезде салуға болады. Сонымен бірге ол неғұрлым артық болса, модель неғұрлым аса барабар болса, оның параметрі соғұрлым дәлірек болады, яғни априорлы ақпараттың ұлғаюы табалдырықты сәйкессіздікті өзгертеді. Бұл жағдай γ2 салдарында өрнектелген: өлшеудің қол жеткізілетін дәлдігі өлшеу объектісі туралы априорлы ақпаратпен анықталады.

Келтірілген постулаттар және олардың салдары өлшеудің теориялық іргетасын салу ұмтылыстарының бірі болып табылады, және де оларды соңғы инстанциядағы ақиқат деп санаудың керегі жоқ.

47.Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.Өлшеу құралдарын калибрлеу.Өлшеу құралдарын сынау.

Метрологиялық қамтамасыз етуді маңызды функцияларының бірі -өлшеу құралдарын (ӨҚ) тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Бұл жоспарда метрологиялық қамтамасыз ету өнім сапасын бақылаумен тығыз байланысты, дәлірек айтқанда өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметі төмендегілерді бақылайды:

кәсіпорынның өнім сапасы параметрлерін өлшеуде қажетті дәлдігі мен дұрыстығының бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру – техникалық іс-шараларын әзірлеуді және орындауды;

өлшеу құралдары өндіріс-өнім параметрлерін бақылау үшін және өлшеу құралдарын пайдалануда қалыпты жағдайларды құру үшін қажетті әдістемелермен, нұсқаулармен және өлшеу картоларымен қамтамасыз ету;

өндіріс бөлімшелерінде өнімнің сапасын анықтайтын бақылау - өлшеу операцияларының орындалуын;

кәсіпорынның ӨҚ мен өлшеу әдістерін пайдалануының сәйкестігін тұрақты бақылау үшін метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүргізу;

тексеру және аттестация жұмыстарын дер кезінде орындау;

бар құралдармен өлшенуге мүмкіндігі жоқ параметрлер үшін жаңа құралдардың өндірісін қамтамасыз ету;

стандартталмаған ӨҚ-на метрологиялық сараптау жүргізу;

ақаулардың болу себебін анықтау жұмыстарын жүргізу.

Өлшеу құралдарын калибрлеу – мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға тиісті емес өлшеу құралдарының нақты мәні мен пайдалануға жарамдылығын анықтап, растау мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы. Өлшеу құралының жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттамаларының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші лаборотория жасайды. Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады. Калибрлеудің ММҚ органы жүргізетін салыстырып тексеруден айырмашылығы, оны кез келген метролдогиялық қызмет (жеке тұлға) орындай алады. Ол үшін бұл қызмет біліктендірілген деңгейге сәйкес болуы шарт. Калибрлеу – ерікті операция. Оны кәсіпорынның өз метрологиялық қызметі де жүргізе алады. Бұл – оның салыстырып тексеруден тағы бір ерекшелігі. Дегенмен калибрлеудің бұл ерекшелігі кәсіпорынның метрологиялық қызметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды. Талаптардың ең бастысы – жұмысшы өлшеу құралының ұлттық (мемлекеттік) эталонға міндетті түрде бағынуы. Осылайша, калибрлеу функциясы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ал егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің принциптнрі халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшем бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кіреді. Осы талаптардың орындалуы («эталонға сәйкестендіру») басқа көзқарастан да маңызды: өлшеу – технологиялық процестің ажырамас бөлігі, яғни олар өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өлшеулер мемлекеттік эталоннан алынған мөлшерлер мен заңдылық метрологиясының нормалары мен ережелерін сақтау арқылы алынған нәтижелерімен салыстырылуы керек. Өнімді сатушыға деген сенім беделді ұлттық метрологиялық ұйым атынан берілген өлшеу құралын калибрлеу туралы сертификатпен нығайтылады.

2. ӨҚ салыстырып тексеруге өткізу кезінде ашық қораптарда және сонымен қатарқолдану құжаттары, салыстырып тексеру методикасы және соңғы реткі салыстырып тексеру куәлігі болуы тиіс.

3. Салыстырып тексеруге тапсырылған өлшеу құралдары өз мекемесіне тиісті атаумен – ӨҚ иесімен жуылмайтын бояумен белгіленуі қажет (қысқаша атауы – атаудыңаббревиатурасы), мысалы: «Ұлттық сараптау және сертификттау орталығы» – «ҰССО».

4. Салыстырып тексеруге тапсырылатын шыны термометрлер және вискозиметрлерөз мекемесіне сай белгіленіп, арнайы зауыттық футлярларға орнатылуы қажет.

5. Салыстырып тексеруге тапсырылатын оттегілік манометрлер міндетті түрде майсыздандырылып, және олардың майсыздандырылу туралы оған жауапты адамныңқолы қойылып, ӨҚ иесі мөрімен расталған болуы қажет.

6. ӨҚ тапсырыс берушіге қайтару кезіндегі қажетті құжаттар:

- жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар және сенімхат

- тапсырыс берушінің жағынан жұмыстын орындалуын нактылайтын қол қойылғанакті

7. ӨҚ салыстырып тексеру (калибрлеу) барысындағы, олардың комплектісіне барлықдау талаптары ӨҚ қайтару кезінде қабылданады.

48. Өлшеудің принциптері. Әдістері.

Өлшеу түрлері және әдістері

Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті:

Ø физикалық мән;

Ø өлшеу әдісі;

Ø өлшеу жабдығы;

Ø жұмысты атқарушы;

Ø өлшеу жұмыстарын атқару жағдайы.

 Өлшеу түрлері:

1. Өлшенетін мән уақытқа байланысты өзгеру сипатына байланысты өлшеу әдістері бөлінеді:

Ä статикалық өлшенетін мән уақытқа байланысты тұрақты (дене өлшемдері; тұрақты қысым);

Ä динамикалық өлшенетін мән өзгермелі және уақытқа байланысты өзгереді (діріл; өзгермелі қысым).

2. Өлшеу нәтижелерін табуына (өлшеу теңдеуі түріне) байланысты байланысты өлшеу тәсілдері бөлінеді:

Ä тікелей өлшеу өлшеу нәтижесін тікелей оқып анықтау (бұрыш өлшемінің мәні бұрышөлшегішпен, диаметр өлшемі штангенқұралмен анықталған, салмақты таразымен өлшеу);

Ä жанамалы өлшеу өлшеу нәтижесін бір белгілі осы мән және өлшенетін мәндер арасындағы байланыс арқылы (бұрандама орташа диаметрі өлшемін үш сым, бұрыш мәнін синустық сызғыш көмегімен, дененің қаттылығын Бриннель немесе Роквелл өлшеу межелігі бойынша) анықтау;

Ä жиынтық өлшеу өлшем бірлігі әртүрлі екі немесе бірнеше өлшемдерді бірден (тікелей немесе жанамалы) өлшеп анықтау. Өлшеу нәтижесінде мәндер арасындағы функционалдық байланысты орнату, мысалы: дене ұзындығына қатысты температура; қысымға байланысты өткізгіш дене электркедергісінің; қысымға байланысты қайнау және балқу температурасының өзгеруі);

Ä қосынды өлшеу өлшем бірлігі бірдей екі немесе бірнеше өлшемдерді әртүрлі мөлшерлерді қолданып қайталап өлшеу арқылы табу. Қосынды өлшеу нәтижесі тікелей өлшеу нәтижелері бойынша құрастырылған теңдеулерді біріктіріп шешімін табу арқылы анықтайды (таразы тастары жиынтығындағы жеке тас салмағын салмағы белгілі бір тас арқылы немесе әртүрлі жинақталған тастардың салмағын тікелей салыстыру арқылы анықтау).

3. Өлшеу нәтижесінің дәлдігін қамтамасыз ету жағдайына байланысты өлшеу әдістері бөлінеді:

Ä казіргі кезеңдегі техника деңгейіне байланысты максималды мүмкін дәлдікті өлшеулер. Бұл өлшеулер қатарына эталондық өлшеулер жатады (мысалы, физикалық тұрақты – еркін түсу удеуінің абсолютты мәні). Бұл өлшеулер қатарына кейбір жоғары дәлдікті талап етуші арнайы өлшеулер жатады.

Ä орнатылған қателік ықтималдығымен кейбір берілген мәннен аспайтын бақылау- тексеру өлшеулері. Стандарттарды енгізу және орындау, өлшеу техникасының және зауыттық өлшеу лабораторияларының күй-жағдайын қадағалауы жүктелген мемлекеттік лабораториялары орындайтын өлшеулер осы қатарға жатады.

Ä өлшеу нәтижесінің қателігі өлшеу жабдықтарының сипаттамаларымен анықталатын техникалық өлшеулер. Бұл өлшеулер машинажасау саласының кәсіпорындарында өнімдер шығару кезінде жүргізіледі.

4. Өлшеу нәтижелерін көрсету тәсілі бойынша өлшеулер абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді:

Ä абсолюттіқ өлшеулер кезінде мәндерді тікелей өлшеу немесе физикалық шамаларды қолдануына негізделген (бөлшек өлшемін штангенқұрал немесе микрометр көмегімен анықтау; күшті F өлшеу үшін масса m мәнін өлшеу және еркін түсу удеуін g қолдану арқылы табады).

Ä салыстырмалы өлшеулер кезінде аттас өлшем бірлігі болып немесе оның орнына алынған өлшеммен анықталған өлшемді (шетті өлшемдер бойынша келтірілген ішкі өлшемдерді өлшегіш аспаппен тесік өлшемін; білік өлшемін рычагті қапсырмамен анықтау) салыстырады.

5. Бұйымның өлшенетін параметрлер жиынтығына байланысты өлшеулер әдістері жеке көрсеткішті және кешенді болып бөлінеді:

Ä жеке көрсеткішті өлшеулер кезінде элемент әрбір параметрін жеке өлшейді (цилиндрлік біліктің сопақтығын, қырлылығын, эксцентриситетін; кілтекті біріктірудегі өлшемдер)

Ä кешенді өлшеулер кезінде сапаның қосынды көрсеткіші (физикалық мән емес) анықталады.

 Өлшеу әдістері

1. Өлшенетін өлшемдер мәндерін анықтауының негізгі екі әдісі бар: тікелей бағалау әдісі және мөлшерлермен салыстыру әдісі.

Ä Тікелей бағалау әдісі бойынша өлшем мәнін аспап өлшеу қондырғысы бойынша тікелей анықтайды (сызғышпен өлшеген

өлшем ұзындығы, микрометрмен анықталған бұйым өлшемдері).

Ä Мөлшерлермен салыстыру әдісі бойынша өлшем мәнін мөлшер өлшем мәнімен салыстырады. Мысалы: микрокаторды нольдік сызықшаға шетті өлшемдер көмегімен орнатады, одан кейін өлшенген өлшем дәлдігін осы нольдік сызықшадан ауытқуы бойынша қорытындылайды. 2. Сызықтық өлшемдерді өлшеу кезінде жоғарыда көрсетілген әдістерден басқа түйіспелі және түйіспелі емес өлшеу әдістері болады. Түйіспелі емес өлшеу әдісі бойынша өлшеу аспабы бөлшек бетімен түйіспейді, сондықтан олардың беттерінде деформация болмайды. Осы себепке байланысты бұл әдіс қолдануға үйлесті. Осы әдіс негізінде өлшеуші микроскоптар, өлшеуші проекторлар және пневматикалық ұзындықтарды өлшегіштер жұмысын атқарады.

Казіргі заман машинажасау саласындағы бөлшектер пішіндері күрделі болып келеді (бұрандамалы, көп кілтекті біріктірулер т.б.). Осы бөлшектер жарамдылығын анықтау үшін, бүкіл өлшемдерін және беттер өзара орналасуын бірден бақылау қажет. Ол үшін бақыланатын білікке сәйкес қапсырма-калибр, ал тесікке тығын-калибр орындайды. Егер олар өзара сәйкестенбесе, онда бүкіл өлшемдері және беттер өзара орналасуы қате, ал бөлшек жарамсыз. Бұл бақылау әдісі кешенді деп аталады.

Кешенді бақылау әдісі тек қана «жарамды» немесе «жарамсыз» деген жауап береді, ал жарамсыздық себебін анықтамайды. Сондықтан осы себепті анықтау үшін жеке элементті немесе дифференциялданған бақылау әдісін қолданады.

  

 

 

49.Өмір сапасына стандарттау қандай әсер етеді?

Өмір сапасы және адамның жанжақты дамуы – бұл санаттар экономикалық өсу және қоғамның дамуы проблемаларының қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұндық сипаттамасын құрайды.

Өмір сапасын арттыру көрсетілген бағдарламаларда негізгі орын алады. Өйткені өркениетті елде мемлекеттің негізгі міндеті - бұл халықтың лайықты өмір сапасын және деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы нарықтық экономика қайта құруларында өмір деңгейін және сапасын арттыру өте маңызды болуда. Атап айтқанда мемлекет саясатының әлеуметтік функциясымен қоғам өмір сапасын және деңгейін арттыруға қатысты өсіп келе жатқан күтілімдерді байланыстарады.  Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық – түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын Сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

Заң негізінде сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

- сынақтың кәсіби түрде өтуі;

- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

50.Өлшеу нәтижесінің сапасы.

Өлшеулер дәлдігі — өлшенетін шаманың шын мәніне жуықтығын бейнелеп көрсететін өлшеу нәтижесінің сапасы. Жоғары өлшеулер дәлдігі жүйелі және кездейсоқ қателіктердің барлық түрінің аз ғана шамасына сәйкес болады. Сандық дәлдік салыстырмалы қателік модуліне кері шамамен білдірілуі мүмкін. Мысалы, егер өлшеулер қателігі болса, онда дәлдік болады

Сынау жұмыстарының нәтижесінің тиімділігі оның дәлдігіне, қатесінің мөлшеріне тікелей байланысты қателігінің шамасы белгісіз сынақ нәтижесінің құндылығы жоқ. Себебі, мұндай нәтиженің пайдасыннан зияны басым болып кетуі ықтимал. Сынау жұмыстарына дайындалғанда алдын ала оның нәтижесінің дәлдігіне әсер ететін себептерді жан-жақты зерттеп, өлшеу қателігінің шамасын есептеп, оның мөлшерінің белгіленген мөлшерден асырмау жолдарын қарастыру қажет.

1. Өмірде, практикалық жұмыстарда, әсіресе, ғылыми-зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі аса маңызды орын алады.

Өлшеу дәлдігі адамның тәжірибелігіне, пайдаланатын аспабындағы бөліктердің мәніне байланысты болады. Осы екі сызғышпен дененің ұзындығын өлшеп көрейік. Бұдан адамтәжірибесінің молдығына қарамастан, өлшеудің аспаптық қатесі немесе жаңылысы үнемі туып отыратынын көреміз. Сондықтан өлшенген физикалық шамалардың мәнін жазғанда оның қандай дөлдікпен орындалғанын да керсетіп отыру керек. Өлшеудін екінші нәтижесі, біріншіге қарағанда жоғары дөлдікпен алынған. Сейтіп біз құралдық (аспаптық) жаңылыс деп аталатын өлшеу қателеріне үнемі кездесіп отырамыз.

2. Өлшеу қатесі аспаптық жаңылыстан баска әр түрлі себептерге де байланысты болуы мүмкін. Өлшеудің мүкият жүргізілмеуі, аспапты жеткілікті білмеу, өлшенетін шаманың құбылмалығы - осының бәрі де өлшеу катесін арттыра түседі. Мысалы, айдындағы судың температурасы оның тереңдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Сол сиякты ұзын сымныңдиаметрін өлшегенде бірдей мән алу өте қиын. Осыған байланысты қателерді абсолют, салыстырмалы, т. б. деп ажыратады. Олармен жоғары сыныптарда танысасыңдар. Бұл жерде тек өлшеу аспабына байланысты туындайтын қатені ескере отырып, өлшеу нәтижелерін дұрыс жазудың мысалдары көрсетіледі.

51. Өлшеудің қателігі, түрлері

Қандай да болса дәлдікпен және мұқият орындалған өлшеу жұмыстарының нәтижесінде өлшеу қателіктері болады. Сондықтан өлшенетін өлшем нақты мәні және өлшеу нәтижесі арасында әрқашан да ауытқу болады. Өлшеу нәтижесі Dизм және өлшенетін өлшем нақты мәні Dе арасында айырмашылық өлшеу қателігі деп аталады.                                                                                                    Өлшеу қателіктері келесі негізгі себептерге байланысты: өлшеу аспабының қателігі; орнатушы мөлшерлердің қателігі; өлшеу күшіне байланысты қателік; температуралық деформацияға байланысты қателік; өлшеуді орындаушының субьективтік қателігі.

Қателіктерді келесі үш топқа бөледі: өрескел, жүйелік және кездейсоқ.

Өрескел қателіктер деп өлшеу жағдайына сәйкес емес және әлдеқайда астам өлшеу нәтижесін атайды. Мысалы, өлшеу барысында аспаптың 8 сан мән көрсеткіші 0 сан мәні көрсеткішімен немесе 1 сан мән көрсеткіші 4 сан мәні көрсеткішімен шатастырылып алынды. Мұндай қателіктер бірнеше қайталап өлшеу кезінде айқындалынады, оларды есеп нәтижесіне ескермейді.

Қайталап өлшеу кезінде өлшенетін мән тұрақты немесе басқа заңдылық бойынша өзгеретін қателігі - жүйелік қателіктер деп аталады. Мысалы, өлшеу жағдайындағы температура нормальдік температурадан ауытқуына байланысты немесе өлшеу аспабының көрсеткіш тілі, белгісі нольдік сызықшасынан ауытқуына байланысты болуы мүмкін.

Жүйелік қателіктерді анықтап жою үшін өлшеу аспаптарын мемлекеттік немесе салалық метрологиялық қызмет орындарында тексереді, арнайы өлшеу әдістерін қолданады, бірнеше рет қайталап және өлшеу орындарын өзгертіп, өлшеу аспаптарын ауыстырып өлшеу жұмыстарын орындайды.

Жүйелік қателіктерді өлшеу санын арттыру арқылы азайтуға болмайды.

Өлшеу жүйелік қателіктерінің құраушылары – құралдық, әдістемелік және субьективтік.

Құралдық қателіктер қолданылатын өлшеу аспабының дәлдігіне байланысты: кинематикалық сұлбасының кемшіліктері; аспап бөлшектері өлшемдерінің, пішін және беттер орналасуының ауытқуы; аспап пайдалану кезіндегі тозуы.

 Әдістемелік қателіктер қолданылатын өлшеу әдістемелерінің кемшіліктеріне байланысты: өлшеу жұмыстарының нормальдік жағдайының қамтамасыздығы; аспап дұрыс орнатылмауы; өлшеу әдістемесінің қателігі; дәлдікті емес есептеу байланыстарын қолдануы.

Бір мәнді қайталап өлшеу кезінде, әсер етуші факторлар кездейсоқ заңдылық бойынша өзгеруіне байланысты пайда болатын қателік, қездейсоқ қателіктер деп аталады. Мысалы, аспап көрсеткіштерінің тұрақсыздығы, өлшемдерді оқып алу кезіндегі дөңғелету.

Өлшеу барысында кездейсоқ қателіктердің шамасы мен бағыты тұрақты болмайды. Өлшеулер нәтижесіндегі кездейсоқ қателіктерді кеміту үшін, біріншіден мұқият өлшеу, екіншіден өлшеулер санын арттыру қажет.

52.Жүйелік қателік,оның түрлері.

Жүйелі қателік – бірдей ФШ-ны кайталап өлшеу кезінде тұрақты түрде қалатын немесе ережелерге сәйкес өзгеретін өлшеу нәтижелерінің құрамы болып табылады. Оның ерекшелігі - олар алдын ала болжанып, табылады және осыған байланысты құраушы түзетпелерді енгізе отырып, толығымен жойыла алады

Жүйелі қателік өзінше ӨЖ-нің физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне тәуелді әсер етуші факторлардың нақты функцияларын, оларды пайдалану жағдайларын, және сонымен қатар бақылаушының жеке сапасын береді.

Жүйелі қателіктер кезінде алынған бақылау нәтижелері түзетілмеген деп аталады. Өлшеу кезінде жүйелі қателіктерді максималды дәрежеде жоюға және әсерін ескеруге тырысады. Оған мына жолдар арқылы жетуге болады:

• қателіктердің қорек көзін өлшеуді бастамай тұрып алып тастау. Көптеген өлшеу аймақтарында жүйелі қателіктің басты қорек көздері белгілі және оларды тудыру жолдарын жою мен олардың өлшеу нәтижелеріне әсерін болдырмайтын әдістері өңделген. Осыған байланыты өлшеу тәжірибесінде жүйелі қателіктерді экспериментті мәліметтерді өңдеу арқылы емес, сәйкес өлшеу әдістерін тарататын ӨЖ-ні пайдалану арқылы жоюға ұмтылады;

• түзетулерді анықтап, оларды өлшеу нәтижесіне енгізу;

• жойылмаған жүйелі қателіктердің шегін бағалау;

Тұрақты жүйелі қателік өлшеу нәтижелерін бірігіп өңдеу әдісімен таба алмайды. Бірақ та кездейсоқ қателікті сипаттайтын өлшеу нәтижесінің көрсеткішін де, жүйелі қателіктің айнымалы құрамын табу нәтижесін де бұрмаламайды. Тұрақты жүйелі қателіктер тек өлшеу нәтижелерін өте жоғары дәлдіктегі әдістер мен құралдар көмегімен алынған басқа нәтижелермен салыстыру жолымен табылуы мүмкін. Кейде бұл қателіктер өлшеу процесінің арнайы жолдарымен жойылуы мүмкін. Бұл әдістер төменде қарастырылған.

Нақты айымалы жүйелі қателік кездейсоқ қателіктің бағалау сипаттамаларын және олардың таралу аппроксимациясын бұрмалайды. Сондықтан да оны тауып алып, өлшеу нәтижелерінен жою керек.

Жүйелі қателік құрамы өлшеу құралдарының физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне, қолдану шарттарына, сонымен қатар бақылаушының жеке сапаларына байланысты болатын әсер етуші факторлардың белгілі бір функциясы болып табылады. Жүйелік қателіктер екі белгісі бойынша жіктеледі:

1) Уақытқа байланысты өзгеру сипатына қарай олар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты - өлшеуклердің барлық сериялары ішінде өзгеріссіз қалатын қателіктер болып табылады. Өзгермелі - өлшеу процесінде өзгерістерге ұшырап отыратын қателіктер болып табылады. Олар монотонды өзгеретін, периодты және күрделі заңдылық бойынша өзгеретіндер болып бөлінеді. Егер қателік өлшеулер процесінде монотонды өсетін немесе азаятын болса, онда ол монотонды өзгеретін деп аталады. Периодты қателік деп мәні уақыттың функциясы болып саналатын қателік есептеледі. Жүйелі қателіктер анағұрлым күрделі заңдылықпен өзгере алады, ол қандай да бір сыртқы факторларға, себептерге негізделген болып келеді.

2) Туындау себептеріне байланысты қателіктер әдістемелік, құралдық және субъективті деп бөлінеді (3.1 бөлімді қара).

Жүйелі қателіктерді байқау әдістері және оларды аластату

Жүйелі қателіктер болған жағдайда алычнған бақылаулар нтижелері түзетілмес қателіктер болып саналады. Жүйелі қателіктердің өлшеулер кезіндегі әсерлерін болдырмау немесе ескермеуді өлшеулер басталғанға дейін жүйелі қателіктер көзін аластату арқылы мүмкін етуге болады; яғни түзетпелерді анықтау және оларды өлшеулер нәтижелеріне енгізу; алынып тасталмайтын жүйелі қателіктер шекарасын бағалау

 

54.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу алгоритмін көрсетіңіз.

Тікелей өлшем – деп шаманың сандық мәнін тікелей өлшеп табуды айтады. Тура өлшеу деп шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. тікелей өлшенетін шамаларға берілген дәлділікпен түр-лендіруші, мысалы температура, тығыздық. Мұндай түрлендірулер өлшеп түрлендіру операциясының көмегімен жүзеге асады.

Қарапайым тура өлшеудің мәні Q физикалық шаманың өлшемін реттелетін q[Q] көпмәнді өлшемнің шығыс шамасымен салыстыру болып табылады. Тура өлшеу процедурасынын тарату шарты болып келесі элементарлы операцияларды орындау болып табылады:

• өлшенетін Х физикалық шаманы оған біртекті немесе біртекті емес басқа Q физикалық шамаға өлшеп түрлендіру;

• QM физикалық шаманы N[Q] берілген мәнге ұдайы өзгерту. Ол Q түрлендірілген шамасына біртекті.

• біртекті физикалық шамаларды салыстыру; түрлендіріл-ген Q-ды ұдайы қайталанылатын QM= N[Q] өлшемімен салыстыру.

Өлшеп түрлендіру – бұл, жалпы жағдайда, біртекті емес түрленетін және түрлендірілген ФШ-дың өлшемдері арасындағы мәнді өзара байланысын орнататын операция. Өлшеп түрлендіру Q = FX түрдегі теңдеумен беріледі, мұндағы F – кез-келген функция немесе функционал. Дегенмен түрлендіруді сызықты түрде жасауға үмтылады: Q = KX мұндағы К – тұрақты шама.

55. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Жанама өлшеу (орыс. косвенное измерение ) — өлшенетін шамамен белгілі бір заңдылықпен байланысқан шаманы тура әдіспен өлшеу. Әдетте өлшенетін шамалар электрлік шамаларға түрлендіріледі. Жанама, бірлескен және жиынтық өлшеулер бір принципті маңызды ортақ қасиетпен біріктіріледі. Олардың нәтижелері өлшенетін шамалар мен тура өлшеулерге ұшырайтын шамалар арасындағы белгілі функционалды тәуелділіктер бойынша есептеумен анықталады. Айырмашылықтар тек функционалды тәуелділікте ғана болады. Дәлдік сипаттамасы бойынша өлшеулер дәлдігі бірдей және дәлдігі бірдей емес болып бөлінеді. Дәлдігі бірдей – бұл сол және бір жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша бірдей орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Дәлдігі бірдей емес – әр түрлі жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша әр түрлі орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Осы өлшеулердің нәтижелерін өңдеу әдістемесі әр түрлі. Өлшеулер санына байланысты бір еселік және көп еселік өлшеулерді ажыратады. Көп еселік өлшеулерді қателіктің кездейсоқ құраушысын азайту мақсатымен жүргізеді. Жанама өлшеулер кезінде тәуелділіктер үш түрлі болуы мүмкін:

1) сызықтық

 ,

мұнда - тұрақты коэффициент;

2) сызықтық емес

,

мұнда ) – қандай да бір функция;

3) тәуелділіктің аралас типі

 

 .

Y және Xi арасындағы байланыс түрі жанама өлшеулер қателіктерін есептеу әдістемесін анықтайды. Бірнеше бір аттас шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер жиынтық деп аталады, олар кезінде олардың ізделіп отырған мәнін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Олардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше бір аттас емес шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер бірлескен деп аталады. Жанама, бірлескен және жиынтық өлшеулер бір принципті маңызды ортақ қасиетпен біріктіріледі. Олардың нәтижелері өлшенетін шамалар мен тура өлшеулерге ұшырайтын шамалар арасындағы белгілі функционалды тәуелділіктер бойынша есептеумен анықталады. Айырмашылықтар тек функционалды тәуелділікте ғана болады.

56. Көптеген өлшеулердің нәтижелерін алу кезінде, жеке нәтижелердің қателіктері белгісіз болады. Сондықтан олардың жуық мәндерін жазу кезінде алдын ала көбірек мәндік цифрларын алады. Соңынан қателіктер белгілі болғанда қорытынды нәтижелерді соларға байланысты дөңгелектейді. Сандарды дөңгелектегенде мәндік цифрлары деген ұғым енгізілген. Сандағы мәндік цифрлар деп, санның ортасында немесе соңында тұрған цифрларды (нөль де жатады) айтады. Егер нөлдер санның сол жағында орналасса, онда олар мәндік цифрларға жатпайды. Мысалы, 0,045060 санындағы төрттің сол жағындағы нольдер мәндік цифрларға жатпайды, ал 5 пен 6 арасындағы жэне санның соңындағы нольдер мәндік цифрларға жатады.

Қателікті көбінесе бір мәндік цифрымен береді, тек аса жауапты өлшеулер үшін екі мәндік цифрмен алынады.

Өлшеу қателігі өлшенген шаманың мәнінде қай цифрлар күмән тудыратынын көрсетеді. Мысалға, өлшенген 4,5060±0,002 санында мәндік цифрлар бесеу, Олардың нақтысы үшеу (4,50), ал төртіншісі мен бесіншісі күмәнді себебі олар қателікпен анықталып отыр. Бесіншісі цифрды (0-ді) жазбай санды қателіктің дәлдігіне келтіріп мына түрде алуға болады 4,50610,002.

Сандарды дөңгелектеу ережелері:

а) Егер бірінші лақтырылған цифр 5-тен үлкен болса, онда ақырғы сақталған цифр 1-ге артады. Мысалы; 27,3763 санын жүздікпен дөңгелектегенде, мына түрде жазамыз 27,38.

б) Егер бірінші лақтырылған цифр 5-тен кіші болса, онда ақырғы сақталған цифр өзгермейді.

в) Егер лақтырылған сан тек 5 цифрынан тұрса, онда ақырғы сақталатын цифры жұп сан болатындай дөңгелектелінеді. Мысалы; 23,65 саның ондыққа дейін дөңгелектеген кезде, 23,6 деп аламыз, ал бірақ 17,75 саны 17,8 болып дөңгелектелінеді. Жуықталган сандармен әртүрлі математикалық амалдарды орындау кезінде төмендегідей заңдылықтарды қолданған жөн:

а) Сандарды қосып және азайтқанда шыққан санның мәнін ең аз дәлдігі бар қосылушы немесе азайтушы сандардың мәндік цифрлеріне сәйкес дөңгелектейді. Мысалы, 4,5+5,66-1,456=8,70≈8,7.

б) Сандарды көбейтіп және бөлгенде шыққан санның мәнін ең аз дәлдігі бар

санның мәндік цифрлеріне сәйкес дөңгелектейді. Мысалы,4,5-5,66/1,456=17,493≈17,5

в) Түбір табу, дәрежелеу, логарфимдеу және белгісіз шамадан функцияларды алу кезінде шамада қанша мәндік цифрлер бар болса нәтижеде сонша болуы керек. г) Аралық есептеулер кезінде нәтижелерді бір санға артық алуға болады (артық цифрі). Ал соңғы нәтижеде аяққы цифр дөңгелектеу ережесі бойынша алынып тасталады.

 

57. Ең кіші квадраттар әдісі— қателер теориясының белгісіз шамаларды кездейсоқ қателері бар өлшеулердің нәтижесін бағалау үшін қолданатын әдістерінің бірі. Ең кіші квадраттар әдісі берілген функцияларды олардан гөрі қарапайым функциялар арқылы жуықтап өрнектеу үшін де пайдаланылады. Бұл әдісті 1794 — 95 ж. ‘’К.Гаусс’’ және 1805 — 06 ж. француз математигі ‘’А.Лежандр’’ (1875 — 1961) ұсынған. Ең кіші квадраттар әдісі алғашқыда астрономия және геодезия бақылаулардың нәтижесін өңдеу үшін қолданылдыЕң кіші квадраттар әдісі — математикалық статистиканың аса маңызды бір бөлімі және ол статистика қорытынды жасау үшін ғылым мен техниканың әр түрлі саласында кеңінен қолданылады. Гаусс бойынша, Ең кіші квадраттар әдісінің мәні — физикалық шаманың () дәл мәнін (белгісіз) оның бақылаулар нәтижесінде есептелген жуық мәнімен (Х) ауыстырғандағы “шығын”, (X–)2 қателік квадратына пропорционал болады деген пайымдауға негізделген.

 

 

 

 

59. Өлшеу құралдары, түрлері.

Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін - шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады.

Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын), шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын - тасымалдаушы; алғашқылармен бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер етпейтін - аралық түрлендіргіштер.

Өлшенетін шаманың сан мәнін алу бойынша 4-ке бөлінеді: тікелей, жанама, жиынтық және бірлесіп өлшеулер.

Тікелей өлшеу деп өлшенетін шаманың мәнін бірден эксперимент көмегімен өлшеу. Жалпы практикадағы өлшеу осы тікелей өлшеу бола алады. Тікелей өлшеуге мысал келтірер болсақ онда сызғышпен өлшеу, штангенциркульмен өлшеу немесе таразымен салмақты өлшеуді атап өтсек болады.

8-сурет. Өлшеу тізбегі: 1-2- сезімтал элементі бар алғашқы. өлшеуіш түрлендіргіші; 3 - аралық өлшеуіш турлендіргіштер

Өлшеуіш аспаптар

Өлшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.

Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады.

Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарыңтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.

Өлшеуіш қондыргылар мен жүйелер

Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.

Өлшеуіш жабдықтар

Өлшеуіш жабдыңтар - шаманы өлшеудің қосалңы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалңы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылрылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары - ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температура, ылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істейді

60. Нормалау деп өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының іс жүзіндегі мәндері олардың номиналды (нақты) мәндерінен рұқсат етілген шекке дейін ғана ауытқуын анықтауды айтады. Метрологиялық сипаттамаларды нормалау арқылы олардың бірін-бірі ауыстыра алатындығы мен өлшемнің бірегейлігі қамтамасыз етіледі. Метрологиялық сипаттамалардың реалды мәндері (іс жүзіндегі мәндері) өлшеу құралдарын жасау кезінде анықталады, содан соң жұмысқа пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл тексеріліп тұрады. Егер сипаттамалардың біреуі талапқа сай келмейтін болса, онда мұндай өлшем құралы қайта жөндеуге жіберіледі, не мүлдем қолданудан шығарылады. Метрологиялық сипаттамаларға қойылатын нормалар (талаптар) стандарт арқылы тағайындалады. Сөйтіп өлшем құралының нормаланған жағдай мен жұмыс жағдайында қолданылу айырмашылығы белгіленеді. Өлшем құралдарының қолданылуының нормаланған жағдайы мен жұмыс жағдайы олардың нормативтік-техникалық құжаттарында көрсетіледі. Нормаланған жағдайда метрологиялық сипаттамалардың мәндері әсер етуші факторларға тәуелсіз болады. Өлшем құралдарының көптеген типтері үшін нормаланған жағдайда температура - (293±5) К, салыстырмалы ылғалдық - (65 + 15)%, ток кернеуі - 220 В± 10 %. Нормаланған жағдаймен салыстырып қарағанда, жұмыс жағдайында әсер етуші шамалардың өзгерісі көбірек, сондықтан метрологиялық сипаттамалар әсер етуші факторларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Жұмыс жағдайынан тыс шектерде метрологиялық сипаттамалардың мәндері белгісіз.

 


Дата добавления: 2020-01-07; просмотров: 182; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!