Экзогенді канцерогендер тобына жатады:



A. триптофан

B. холестерин

C. 3,4-бензпирен

D. бос радикалдар

E. гормондардың көп мөлшері

ANSWER: C

Эндоген ді к анцероген дерге жатады :

A. нитрозаминдер

B. аминоазот қосындылары

C. қарапайым химиялық қосылыстар

D. оттектің бос радикалдары

E. полициклдық ароматты көмірсутектер

ANSWER: D

Өспе дамуының негізінде жатыр :

A. ДНҚ зақымдануы

B. жыныстық жасушалардың мутациясы 

C. антионкогендердің белсенуі 

D. ДНҚ репарация гендерінің белсенуі

E. организмнің иммундық серпілістерінің тежелуі

ANSWER: A

Канцерогенез сатыларының бірізділігі:

A. прогрессия, инициация, промоция

B. промоция, прогрессия, инициация

C. промоция, инициация, прогрессия

D. инициация, промоция, прогрессия

E. инициация, прогрессия, промоция

ANSWER: D

Инициация сатысы сипатталады:

A. өспелер өсу жылдамдығының ұлғаюымен

B. өспелік жасушалардың метастаздануымен

C. сау жасушаның өспелік жасушаға трансформациялануымен

D. біріншілік өспелік түйіндердің пайда болуымен

E. антибластомды резистенттіліктің тежелуімен

ANSWER: C

Промоция сатысында байқалады:

A. латентті жағдайдағы, өзгерген жасушалардың ынталандырылуы

B. жасушалардың аса қатерлі клондарының пайда болуы

C. жасушалар бөлінуін реттейтін гендердің мутациясы

D. өспенің метастаздануы

E. өспелердің қайталануы

ANSWER: A

Онкоген концепциясына сәйкес протоонкогендер - бұл:

A. жасушаның бөлінуін тежейтін гендер

B. зақымданған ДНҚ репарация гендері

C. жасуша саралануы мен өсуінің гендері

D. жасуша өлімін бағдарлайтын гендер

E. жасушаның митоздануын тежейтін гендер

 ANSWER: C

Қалыпты жасушаның ісік жасушаларына айналуының негізінде жатыр:

A. белсенді онкогеннің түзілуі

B. апоптоз механизмдерінің белсенуі

C. антибластомдық резистенттіліктің белсенуі

D. жасуша бөлінуіндегі супрессор гендердің белсенуі

E. ДНҚ репарациясы ферменттерінің түзілуінің жоғарылауы

ANSWER: A

Протонкогендердің белсенуінің және олардың онкогендерге айналуының негізінде жатыр:

A. өсу факторларының түзілуінің төмендеуі

B. антиапоптозды гендердің инактивациясы

C. супрессорлық – гендердің инактивациясы

D. апоптоз механизмдерінің белсенуі

E. мутация

ANSWER: E

Онконәруыздардың әсерінен жасушалар:

A. бөлінуін тоқтатады

B. р-53 нәруыз-супрессорын түзе бастайды

C. бөлінудің аутокриндік реттелу түрін жоғалтады

D. сыртқы өсу факторларының әсерінен бөліне бастайды

E. олардың бөлінуін реттеуші әсерлерге сезімталдығы жойылады

ANSWER: E

Организмнің иммундық механизмдерінен өспелік жасушаларды қорғайтын факторлар:

A. фагоциттер

B. Т-лимфоцит-киллерлер

C. Т-лимфоцит-хелперлер

D. тосқауылдық антиденелер

E. аллогендіктежелу

ANSWER: D

Т ақырыбы : « Өспелердің п атофизиология сы »

( 2 когнитив ті деңгей )

Өспелік жасушалар шексіз және қабатталып бөлінеді, өйткені оларда:

A. тез қартаю байқалады

B. адгезиялық қасиеттері айқын

C. Хейфлик лимиті төмен

D. эндокриндік реттелуі басым

E. митоздық оралым толығымен тежелген

ANSWER: C

Биопсиялық материалды жарық оптикалық деңгейде тексергенде – жасушалардың, ядро және ядрошықтардың полиморфизмі, полиплоидия, ядролардың басым болуымен көрінетін ядролық-цитоплазмалық индекстің өзгеруі, көптеген митоздардың пайда болуы анықталған. Тін өсуінің патологияларының осы типтік түріне тән:

A. аутокриндік реттелу

B. теломеразаның тежелуі

C. (G0) тыныштық фазада болуы

D. кейлондардың көп болуы

E. гистондардың көп болуы

ANSWER: A

Науқас 55 жаста, шахтер. Жалпы әлсіздікке, азып кетуіне, даусының өзгеруіне, тыныс алуының қиындауына, жөтелетініне шағымданады. Науқас 40 жыл бойы темекі тартады. Ларингоскопияда жұтқыншақта дауыс байламданында бөртпелік жаралар анықталды. Мойнындағы лимфа түйіндер ұлғайған. Тіндік өсу патологияларының осы типтік түрінің негізгі басты белгісін атаңыз :

A. организмге жүйелік әсер ету

B. инфильтративті өсу

C. метастаздану

D. аурудың қайтадан өршуі (рецидив)

E. кахексия

ANSWER: B

П ациент те асқазан обыры дамыған, салмағының азаюы, майлы және бұлшықеттік тіндердік азаюы байқалады.Бұл паранеопласти калық процесс байланысты :

A. өспелік жасушалардың басқа ағзаларға тасымалдануымен

B. организмнің жалпы әлсіреуімен және зорығуымен

C. бір типті жасушалардың басқа типтіге айналуымен 

D. кесіп тастағаннан жерде өспенің қайта дамуымен

E. өспе жасушаларының қоршаған тіндерге енуімен

ANSWER: B

Беркитт лимфомасы дамуын осы теория арқылы түсіндіруге болады:

A. химиялық канцерогенез

B. физикалық бластомогенез

C. иммунологиялық бақылау

D. митохондриялық канцерогенез

E. вирусты-генетикалық

ANSWER: E

Өспе дамуындағы жасырын кезеңнің болуы осыған байланысты:

A. баяу өсетін жасуша түрлерінің басым болуына

B. коканцерогенді факторлардың әсерінің күшеюіне

C. өспелік жасушалардың генотипінің жылдам өзгеруіне

D. өспеге қарсы қорғаныстық механизмдердің тежелуіне

E. промоторлардың трансформацияланған жасушаларға әсер етуіне

ANSWER: A

Промоция сатысының аяқталуы саналады:

A. кахексияның дамуы

B. өспелердің қайталануы

C. өспенің метастаздануы

D. біріншілікті ісіктік түйіндердің түзілуі

E. қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналуы

ANSWER: D

BRCA-I, АРС, NF-1, Rb, p16, p21-гендерінің  инактивациялануы әсерінен:

A. апоптоз белсенеді

B. транспозондар көбейеді

C. жасушаның бөлінуі тежеледі

D. жасушалардың жетілуі тежеледі

E. жасушалар бақылаусыз, ретсіз бөлінеді

ANSWER: E                                       

Сүт безі обырымен ауыратын науқастарда P 53 генінің бұзылыстары бір аллелдің мутациясымен және басқасының бөліктерінің делециясымен көрінеді. Өспе кезінде р-53-тің қызметтік инактивациясы және мутациясы осыған алып келеді:

A. апоптоз механизмдерінің тежелуіне

B. промоторлардың қызметінің тежелуіне

C. онконәруыздардың түзілуінің тежелуіне

D. жасушаларда протоонкогендер санының көбеюіне

E. супрессорлық – гендердің белсенуіне

ANSWER: A

Өспелік жасушалардың өсуіне ықпал етеді:

A. апоптоз механизмдерінің күшеюі

B. өспелерді некроздаушы альфа факторлардың артық өндірілуі
C. өспелік жасушалардыңантигендік қасиетінің әлсіздігі

D. жасушалардың саралануының күшеюі
E. табиғи киллерлердің белсендірілуі

ANSWER: C

 

Тақырыбы: «Өспелердің патофизиологиясы»

(3 когнитивті деңгей)

Науқасқа бір жыл бұрын өкпенің ірі жасушалық обыры бойынша радикалды хирургиялық операция жасалған және химиотерапия қабылдаған. Науқас солжақ бұғана астылық лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Лимфа түйіндерін биопсия жасағанда морфологиясы өкпе обырына ұқсас жасушалар анықталды. Бұл феномен түсіндіріледі:

A. өкпе обырының рецидивімен

B. өкпе обырының метастаздануымен

C. лимфогранулематоз дамуымен

D. лимфангит дамуымен

E. лимфома дамуымен

ANSWER: B

Науқасқа бір жыл бұрын асқазанның пилорикалық бөлігінің аденокарциномасы бойынша ота жасалғанда аналық безінде метастаздар анықталған – Крукенберг метастазы. Науқастағы асқазан обырының ең ықтимал метастаздану жолы:

A. гематогендік

B. лимфогендік

C. периневральдік

D. имплантациялық

E. интраканаликулярлы

ANSWER: B

Асқазан обыры бойынша ота жасатқан науқаста 9 ай өткен соң, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, салмағының азаюы, оңжақ қабырға астының ауыруы, құсу пайда болған. Бауырды зерттегенде көлемді өспе анықталған, қан құрамында альфа-фетопротеин және обырлық-эмбриональді антиген деңгейі жоғарылаған. Канцерогенездің осы сатысының дамуына ықпал етеді:

A. өспелік жасушаларда апоптоздың күшеюі

B. тіршілікке қабілеті төмен жасушалардың жиналуы

C. ісік жасушалары жасушалық геномының тұрақсыздығы

D. жасуша саралануын ынталандыратын факторлардың әсерленуі

E. организмнің реттеуші әсерлеріне тәуелді жасушалардың басым болуы

ANSWER: C

Науқас С., 43 жаста, аналық бездің стромалық өспесі дамыған. Гормональді ем тиімсіз болған. Өспелердің дәрілік заттарға резистенттілігін түсіндіріңіз:

A. жасушаларда көптеген дәрілерге тұрақтылықтың активациясы

B. жасушалардаспецификалық гормон-байланыстырушы рецептордың артуы

C. жасушаларда өсу факторларының азаюы

D. митоген тәуелді ферменттің азаюы

E. сигнальді жолдардың тежелуі

ANSWER: A

Науқас 48 жаста 3 жыл бұрын құрамы гиперплазиялы эпителиден тұратын тікішектің аденоматозды полипі алынып тасталған. Науқас қантты диабеттің 2 типімен ауырады. Қазірге кезде көлемі 5х5 см полип тәріздес өспе анықталған. Биопсия жасағаннан соң қан кету байқалды. Өспе алынып тасталды. Гистологиялық зерттеуде қатерлі өспе аймақтары анықталды. Бұл жағдайдағы өспе алдалық ауруға жатады:

A. полип

B. қанкетулер

C. тік ішектің обыры

D. 2 типті қантты диабет

E. тікішектің эпителийінің гиперплазиясы

ANSWER: A

12 жыл бойы анилиндік бояулармен жұмыс істеген, бояу цехында қызмет атқаратын жұмысшы зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болатынына және зәрмен қан шығатынына шағымданады. Тексергенде қуығында папиллярлық рак дамығаны анықталды. Қуықта рак пайда болуына ықпал ететін этиологиялық фактор осы топқа жатады:

A. химиялық нағыз канцерогендер

B. химиялық органикалық канцерогендер

C. химиялық неорганикалық канцерогендер

D. механикалық канцерогендер

E. физикалық канцерогендер

ANSWER: B

Науқас жалпы әлсіздікке, бірден азып кеткеніне, тыныс алуының қиындауына, жөтелге, қан түкіруіне, кеуде тұсының ауыратынына шағымданады. Кеудесінің солжақ тұсы ішке қарай кірген, мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Қан талдамасында ауыр дәрежелі анемия, гипопротеинемия. Диагноз солжақ өкпенің обыры. Осы симптомдар науқаста канцерогенездің келесі сатысы дамығанын айғақтайды :

A. промоция

B. инициация

C. прогрессия

D. амплификация

E. трансформация

ANSWER: C

 

Т ақырыбы : « А ллерги ялардың п атофизиология сы. Иммунопатология. ЖИТС п атофизиология сы »

(1 когнитив ті деңгей )

Поллиноздардың себебін атаңыз:

A. антибиотиктер

B. тұрмыстықүй тозаңы

C. арам шөптердің тозаңы

D. төсектегі микрокенелер

E. эпидермалық аллергендер

ANSWER: C

Аутоиммунды ауруларды жататынын атаңыз:

A. поллиноз

B. Артюс феномені

C. сарысулық ауру

D. ревматоидты артрит

E. экзогенді аллергиялық альвеолит

ANSWER: D

Жүре пайда болған (екіншілікті) эндоаллергендер:

A. аталық бездер

B. бас миы

C. «тін+микроб» кешені

D. қалқанша бездің коллоиды

E. жұлынның сұр заты

ANSWER: C

Аллергия пайда болуына қолайлы әлеуметтік жағдайлар:

A. вакциналарды егулердің кең таралуы

B. тұқым қуалауға бейімділік

C. биологиялық тосқауылдар өткізгіштігінің жоғары болуы

D. аллергия медиаторларын залалсыздандыру жүйесінің бұзылуы

E. микроорганизмдер әсерінен нәруыз құрылымыныңөзгеруі

ANSWER: A

Дереу дамитын аллергиялық реакцияға жатады:

A. туберкулез

B. квинке ісінуі

C. жанамалы дерматит

D. трансплантаттың ажырауы реакциясы

E. инфекциялық-аллергиялық бронх демікпесі

ANSWER: B

Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрлерінің негізгі медиаторлары:

A. лимфокиндер

B. лейкотриендер

C. комплемент жүйесініңкомпоненттері

D. простагландиндер

E. биогенді аминдер

ANSWER: A

Баяу дамитын аллергиялық серпілістерге жатады:

A. есекжем

B. Квинке ісінуі

C. сарысулық ауру

D. бактериялық аллергия

E. атопиялық бронхиалды демікпе

ANSWER: D

Организмнің сенсибилизациясы осы кезде дамиды:

A. бұлтты жасушалардың дегрануляциясы

B. организмге гаптеннің енуі

C. аллергия медиаторларының түзілуі

D. аллерген алғаш түскенде

E. организмге аллергендердің парентеральді енуі

ANSWER: D

Аллергиялық реакциялардың реагиндік типіндегі біріншілікті нысана- жасуша:

A. лимфоциттер

B. нейтрофилдер

C. мес жасуша

D. эозинофил

E. тромбоцит

ANSWER: C

Цитотоксикалық немесе цитолиздік түрге жататын аллергиялық серпілістерде антиденелердің келесі түрлері түзіледі:

A. реагиндер

B. преципитиндер

C. Cенсибилизацияланған лимфоциттер

D. G 1-3 ииммуноглобулиндері

E. А иммуноглобулиндері

ANSWER: D

Иммундық зақымданудың 2 типі бойынша дамитын ауруды атаңыз :

A. жанамалы дерматит

B. жітігломерулонефрит

C. иммундыагранулоцитоз

D. аллергиялықальвеолит

E. анафилаксиялық шок

ANSWER: C

3 түрге жататын (иммундық-кешендік) аллергиялық серпілістердің жиі себептері:

A. вирустар 

B. өсімдіктер тозаңы

C. ерігіш нәруыздар

D. жануарлар мен өсімдіктер тозаңы

E. тіректік мембрананыңөзгерген бөліктері

ANSWER: C

Иммундық зақымданудың 3 типі бойынша дамитын ауруды атаңыз :

A. бруцеллез

B. агранулоцитоз

C. гравис миастениясы

D. сарысулық ауру

E. атопиялық бронх демікпесі

ANSWER: D

Аллергиялық серпілістердің жасушалық байланысқан түріне осылардың пайда болуы тән:

A. сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің

B. жартылай тіркелген антиденелердің

C. тосқауылдайтын антиденелердің

D. преципитиндердің

E. реагиндердің

ANSWER: A

Аллергияның патохимиялық сатысы түсіндіріледі:

A. организм сезімталдығының жоғарылауымен

B. аллергия медиаторларының бөлінуімен

C. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің жиналуымен

D. организмнің аллергияға жауап беру реакциясымен

E. иммуноглобулиндердің бөлінуімен

ANSWER: B

Патофизиологиялық саты сипатталады:

A. организм сенсибилизациясы дамуымен

B. аллергия медиаторларының түзілуі және бөлінуімен

C. аллергенмен қайта жанасқанда антиденелердің пайда болуымен

D. ағзалар мен тіндердегі қызметтік және құрылымдықөзгерістермен

E. нысана жасушалары беткейінде «аллерген+антидене» кешенінің тіркелуімен

ANSWER: D

Брутон гипогаммаглобулинемия кезінде бұзылады:

A. фагоцитоз

B. хемотаксис

C. нейтрофилдердің адгезиясы

D. иммундық жауаптың Т-типі

E.  иммундық жауаптың В-типі

ANSWER: E

Ди Джордж синдромы кезінде байқалады:

A. айырша безінің гипоплазиясы 

B. иммунды реакцияның гуморальды түрінің жоқ болуы

C. қанда лимфоциттер санының көбеюі 

D. G иммуноглобулиннің жоғары деңгейі

E. антиденелер дамуының күрт өсуі 

ANSWER: A

АИВ - тың негізгі нысанасы:

A. В-лимфоциттер

B. Т-лимфоцит киллерлер

C. Т-лимфоцит хелперлер (Th1)

D. нейтрофилдер

E. эозинофилдер

ANSWER: C

АИВ -инфекци я кезіндегі иммунды тапшылыққа тән :

A. CD4+/CD8+қатынасының жоғарылауы

B. CD4+лимфоциттердің саны мен белсенділігінің артуы

C. инфекцияланған макрофагтардыңқызметтік белсенділігінің төмендеуі

D. айналымдағы иммундық кешендердің мөлшерінің төмендеуі

E. барлық иммуноглобулиндердің азаюы

ANSWER: C

Т ақырыбы : « А ллерги ялардың п атофизиология сы. Иммунопатология. ЖИТС п атофизиология сы »

( 2 когнитив ті деңгей )

А ллерги ялық реакция лар кезінде жасушаішінде цГМФ деңгейінің жоғарылауынан дамиды :

A.Т-лимфоциттердіңцитотоксиндік әсерініңәлсіреуі

B. нейтрофильдерден лизосомалық ферменттердің бөлінуі азаяды

C. мес жасушалар мен  базофилдерден гистаминнің босауы тежеледі

D. бронхтардың тегіс еттерінің жиырылу қабілеті жоғарылайды

E. глюкокортикоидтардың түзілуі артады

ANSWER:D

Иммунды зақымданудың 1 тип і бойынша дамитын алергиялық реакцияларда организмге аллерген қайта енгенде теріде пайда болатын көріністерінің максималь ді уақытын атаңыз :

A.15-20 минут

B. 6-8 сағат

C. 24-48 сағат

D. 3-7 тәулік

E. 10-14 тәулік

ANSWER:A

Аллергиялық рекцияның дереу дамитын түрінде міндетті түрде болады:

A.эндогенді аллергендер

B. аллергияның жасушалық медиаторлары

C. аллергияның гуморальді медиаторлары

D. айналымдағы бос антиденелердің

E. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

ANSWER:D

Науқас 28 жаста, ампициллинді бұлшықет ішіне енгізгеннен соң 30 минуттан кейін мазасыздық, басының ауруы, тыныс алуыныңқиындауы, денесіне бөртпелердің шығуы, қышуы пайда болған. Тексергенде: науқас есеңгіреген, терісінде күлдіреуік бөртпелер бар, салқын жабысқақ тер бөлінеді. Анамнезінде: 20 жасар шағында антибиотиктермен ем қабылдаған кезінде терісінде бөртпелер пайда болған. Осы аллергиялық реакцияның негізгі медиаторларын атаңыз:

A.плазмин, гепарин

B. лимфокиндер, монокиндер

C. гистамин, лейкотриендер

D. тромбоксан А2, простациклин

E. комплемент жүйесініңқұрамбөліктері, каллидин

ANSWER:C

Аллергиялық серпілістің баяу дамитын түрі осылардың бар болуымен байланысты:

A.лейкотриендердің

B. нейтрофильді лейкоциттердің

C. айналымдағы бос антиденелердің

D. сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің

E. айналымдағы иммунды кешендердің

ANSWER:D

Сенсибилизация жағдайына тән:

A.спецификалық иммуноглобулиндердің жоғарылауы

B. Т-лимфоциттердіңқызметінің тежелуі

C. аллергия медиаторларының түзілуі

D. аллергияның клиникалық көрінісі

E. мес жасушалардың дегрануляциясы

ANSWER: A

Антидене жасушаныңқұрам бөлімі болып саналады:

A.аллергиялық реакцияның реагинді түрінде

B. аллергиялық реакцияның ынталандырушы түрінде

C. аллергиялық реакциянгың цитотоксикалық түрінде

D. аллергиялық реакцияның иммунды кешендік түрінде

E. жасушалық – байланысқан түрінде

ANSWER: A

Аллергиялық реакциялардың реагинді типінің I сатысында байқалады:

A.мес жасушалардың, нейтрофилдер және эозинофилдердің бірігуі

B. Т-, В-лимфоциттер және макрофагтардың бірігуі

C. спецификалық Т-лимфоцит-эффекторлар клонының түзілуі

D. жасуша ішілік процестердің тежелуі

E. мес жасушалардың активациясы

ANSWER: B

Иммундық зақымдануы 1 тип бойынша дамыған кеш аллергиялық реакция кезіндегі қабынулық инфильтраттың негізін құрайтын жасушалар:

A.базофилдер, тромбоциттер

B. моноциттер,гистиоциттер

C. эозинофилдер, нейтрофилдер                                

D. В-лимфоциттер, Т-лимфоциттер                                           

E. Плазмалық жасушалар, мес жасушалар

ANSWER: C

Аутоиммундық реакциялар патогенезінің міндетті тізбегі болып саналатын ауру:

A.поллиноз

B. сарысулық ауру

C. агранулоцитоздың миелотоксикалық түрі

D. бронх демікпесінің атопиялық түрі

E. жүйелі қызыл жегі

ANSWER: E

Спецификалық гипосенсибилизацияның маңызы:

A.аллергия медиаторларының бейтарапталуында

B. аллергендерге организм төзімділігі төмендеуінде

C. айналымдағы бос антиденелердің титрі төмендеуінде

D. организмнің спецификалық реактивтілігінің жоғарылауында

E. тотальді иммундық депрессияда

ANSWER: C

Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады:

A.аллергеннің аз мөлшерін

B. G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді

C. кортикостероидты дәрі-дәрмектерді

D. А.М.Безредко әдісімен сары суды

E. аллергияны шақырған аллергенді

ANSWER: C

 «Иесіне қарсы трансплантат» реакциясының дамуын қамтамасыз ететін трансплантацияланған тіннің жасушалары:

A.стромалық жасушалар

B. организмніңаутоантигендері бар жасушалары

C. тіндердегі иммундыжүйенің жасушалары

D. трансплантацияланған ағзадағы қан жасушалары

E. құрамындагисто сәйкестіктің басты кешенінің гендері бар жасуша

ANSWER: C

Екіншілік иммунды тапшылықты жағдай осы кезде жиі байқалады:

A.Квинке ісінулерінде

B. жіті пиелонефритте

C. сарысулық ауруларда

D. гемолиздік анемияларда

E. глюкокортикостероидтарды қабылдағанда

ANSWER: E

ЖИТС-ке тән :

A.инфекцияға қарсы иммунитеттіңактивациясы

B. Т-лимфоцит хелперлер популяциясының артуы

C. CD25мембраналық рецептормен вирустың бекуі

D.  интерферондардыңвирусрепликациясын тежеуі

E. Т-хелперлер-2 (Th2) тежелуі

ANSWER: D

АИВ -инфекци ялардың инкубациялық кезеңінің аяқталғанын дәлелдейді :

A.дене температурасының жоғарылауы

B. лимфа түйіндерініңұлғаюы

C. сілемейлі қабаттарда және теріде кандидоз пайда болуы

D. АИВ-ке қарсы антиденелердің пайда болуы

E. адамның жүдеуі

ANSWER: D

ЖИТС-ң этиотропты емі ретінде қолданылады:

A.иммуномодуляторлар

B. иммунодепрессанттар 

C. саңырауқұлақтарға қарсы препараттар 

D. бактерияларға қарсы препараттар 

E. АИВ транскриптазасының кері ингибиторлары

ANSWER: E

 

Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы. Иммунопатология. ЖИТС п атофизиология сы »

( 3 когнитив ті деңгей )

Ер адам орманда серуендеп жүргенде көз қабағының ісініп қызарып кеткенін және жас ағуын байқаған. Кейін мұрны бітіп қалған, тамағы қарлығып тынысы тарылған. Үйіне қайтып келгенде осы симптомдар сәл басылған. Бұл жағдай аллергиялық реакциялардың осы типі дамуымен байланысты:

A.реагиндік типі

B. цитотоксикалықтипі

C. жасушамен-байланыстытипі

D. иммундыкешендіктипі

E. стимулдаушытипі

ANSWER: A

Науқас Р., 10 жаста, тыныс алуыныңқиындауына, тұншығуына, өкпесінің сырылына шағымданады. Жөтелдің соңында ашық түсті қақырық түседі. Ұстамалары жусан гулдегенде туындайды. Осы аллергиялық реакцияның патогенезінің басты тізбегіндегі ең маңыздысы:

A.лимфокиндер

B. иммуноглобулиндер Е

C. комплемент жүйесінің компоненттері

D. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

E. IgG, IgMфракциясының преципитацияланушы антиденелері

ANSWER: B

Аяғының ашық жарақатымен түскен науқасқа екінші рет сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині енгізілген. 9-ыншы тәулікте науқаста қызба, тізе және иық буындарының таралған қышитын бөртпелері, ісінуі, ауырсынуы, лимфа түйіндерініңұлғаюы пайда болған. Нақты қорытынды жасау үшін қанда осының деңгейін анықтау керек:

A.В-лимфоциттердің

B. иммуноглобулин А-ның

C. иммуноглобулинЕ-нің

D. преципитациялықIgG, IgM-нің

E. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің

ANSWER: D

Науқасқа жергілікті анестезия жасағанда кенеттен бас айналуы, құрсақ тұсыныңқатьты ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. Объективті: науқас бозғылт, бетінде салқын жабысқақ тер бөлінеді. ТАЖ - 38 мин-1, АҚ - 80/40 мм сын.бағ., ЖЖЖ-110 мин-1, жіп тәрізді. Бұл аллергиялық реакцияның дамуы ең алдымен осының түзілуімен байланысты:

A.преципитиндер

B. D классының иммуноглобулиндері

C. G1,4 классының иммуноглобулиндері

D. антигенпрезентациялаушы жасушалар

E. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер

ANSWER: C

Науқас ауқымды миокард инфаркты мен ауырған. Төрт аптадан соң науқаста жүрек тұсының ауырсынуы, перикард шуылы, плеврит, жоғары температура байқалады. Қан талдамасында эозинофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, антикардиальды антиденелер титрініңөсуі анықталды. Қойылған диагноз: «Инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)». Антикардиальды антиденелер түзілуін ескерсек, науқаста синдром дамуының негізіндегі аллергиялық реакциялардың типі:

A.реагиндік

B. цитолиздік

C. жасушамен байланысқан

D. иммунды кешенді

E. стимулдаушы

ANSWER: B

Аллергологиялық анамнезі қалыпты адамға диагностикалық мақсатта құрамында йоды бар – урографин енгізілген. бұрын рентгенконтрасты препараттар қабылдамаған. Бірнеше минуттан кейін үрей сезімі, өлімге деген қорқыныш, бас айналуы, денесінің ысуы, жүрек тұсының ауруы, тынысыныңқиындауы байқалған. Терісі бозғылт, салқын тер бөлінеді, ЖЖЖ - 120 мин-1, АҚ 70/30 мм сын. бағ. Шынайы анафилаксиялық шокқа қарағанда бұл анафилактоидты реакцияның патогенезінде:

A.сенсибилизация сатысы болмайды

B. мес жасушалардың дегрануляциясы болмайды

C. препараттан дозаға тәуелді әсер дамымайды

D. препаратты алғашқы енгізгенде реагиндер түзіледі

E. «антиген-антидене» кешені жылдам түзіледі

ANSWER: A

Науқаста кенеттен әлсіздік, ентікпе, дене температурасының жоғарылауы, жүрек лүпілі, құсу, сарғаю пайда болған. Зерттеу кезінде өзгермеген эритроциттердің беткейіне бекіген иммуноглобулиндермен анемия анықталған.Аллергиялықреакциялардың осы типінде жасушалардың зақымдану механизмі осымен байланысты болуы мүмкін:

A.мес жасушалардыңдегрануляциясына

B. лимфокиндер менмонокиндердің босауына

C. супероксидті анион-радикалдар түзілуінің тежелуіне

D. комплементке қатысты цитоуыттылықтың тежелуіне

E. антиденеге тәуелді жасушалықцитоуыттылықтыңактивациясына

ANSWER: E

1 жасар нәрестеде жіті отит, пневмония. Пациенттің ағасы менингиттен қайтыс болған, немере ағасы – пневмониямен бронхитпен жиі ауырады. Зерттеу жүргізгенде Т-лимфоциттер саны қалыпты, В-лимфоциттер күрт төмендеген, А және М иммуноглобулиндер аз, гамма-глобулиндер күрт төмендеген. Науқастағы иммунды тапшылық жағдайында осының түзілуі тежеледі:

A.комплементтің

B. гранулоциттердің

C. Т – лимфоциттердің

D. плазмалық жасушалардың

E. иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінің

ANSWER: D

Сыртқы дем алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымының төмендеуінде дамитын гипоксия аталады:

A. тіндік

B. қандық

C. тыныстық

D. гипоксиялық

E. циркуляторлық

ANSWER: D

Қанның оттегіге сиымдылығы төмендеуінің себебін атаңыз:

A. РаО2 төмендеуі

B. РvО2 төмендеуі

C. қанағыстың баяулауы

D. полицитемиялық гиповолемия

E. олигоцитемиялық гиперволемия

ANSWER: E

Гемоглобиннің патологиялық түрлері түзілгенде байқалады:

A. қанның оттегілік көлемінің жоғарлауы

B. оттегі бойынша жоғары артерио-веналық айырмашылық

C. веналыққанда оттегі құрамының жоғарылауы

D. көмір қышқыл газының парциалды қысымының төмендеуі

E. гемоглобиннің оттегімен қанығуының төмендеуі

ANSWER: E

Гемдік гипоксияны туындатады:
A. тауға шыққанда

B. өкпе эмфиземасы

C. кессондық жұмыстар

D. темір тапшылығы

E. синильді қышқылмен улану

ANSWER: D

Тиреоидты гормондардың тапшылығынан дамиды:

A. тіндік гипоксия

B. гемдік гипоксия

C. тыныстық гипоксия

D. циркуляциялық гипоксия

E. гипоксияның жүктемелік түрі

ANSWER: A

Гипоксияға жедел бейімделу механизмдеріне жатады:

A. миокард гипертрофиясы

B. сүйек кемігінің гиперплазиясы

C. өкпе қан ағысының күшеюі 

D. митохондрилер санының жоғарлауы

E. тыныс орталығы нейрондарының гиперплазиясы

ANSWER: C

Гипоксияға жедел бейімделудің гемодинамикалық механизмдеріне жатады:

A. қызмет атқаратын қылтамырлар санының жоғарлауы

B. анаэробты гликолиздің белсенуі

C. қанайналымның орталықтануы

D. миоглобиннің жоғарлауы

E. эритропоэз белсенуі

ANSWER: C

Гипоксияға бейімделу кезінде осының есебінен қанның оттегіге сиымдылығы жоғарылайды:

A. тахипноэнің

B. тахикардияның

C. миокардтың гипертрофиясының

D. эритропоэтин түзілуінің жоғарылауынан

E. оксигемоглобиннің диссоциация қисығының оңға ығысуынан 

ANSWER: D

Гипоксияға ұзақ уақыт бейімделудіңқалыптасуына тән:

A. тахикардия

B. гипервентиляция

C. қанағыстың таралуы

D. митохондриогенез күшеюі

E. қордан қанның шығарылуы

ANSWER: D

Оттегіні қолдану жүйесінде гипоксияға бейімделудіңұзақ уақытты тегершіктеріне жатады:

A. тыныс бұлшық еттерінің гиперфункциясы

B. генетикалық аппаратының белсенуі

C. қанның соққы көлемінің жоғарылау

D. митохондрилер биогенезінің тежелеуі

E. гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының азаюы

ANSWER: B

Гипоксия кезінде көмірсу алмасуының бұзылысы сипатталады:

A. бауыр мен бұшық еттерде гликогеннің жоғарлауы 

B. анаэробты гликолиз тежелуімен 

C. сүт қышқылының жиналуымен

D. гликогеногенез жоғарлауымен

E. глюконеогенез күшеюімен

ANSWER: C

Гипоксия кезінде май алмасуының бұзылысы осының жиналуымен сипатталады:

A. аммиактың

B. гликогеннің

C. сүт қышқылының

D. ацетосірке қышқылының

E. пирожүзім қышқылының

ANSWER: D

Оттегі жеткіліксіздігіне ең сезімтал болады:

A. сүйек 

B. бұлшықет

C. дәнекер тіні

D. жүйке жүйесі құрлымдары 

E. паренхималық ағзалар тіндері

ANSWER: D

Тақырыбы: «Гипоксия»

(2 когнитивті деңгей)

Циркуляциялық гипоксия кезіндегі оттегі бойынша артерио-веналық айырмашылық жоғарылауының патогенезінде маңызды:

A.қанағыстың жылдамдауы

B. веналыққанның артериализациялануы

C. қанда дезоксигемоглобин деғнейінің азаюы

D. тіндердің оттегіні пайдалануының жоғарылауы

E. оксигемоглобинніңқисық диссоциациясының солға ығысуы

ANSWER: D

Гемоглобиннің оттегіге ұқсастығының азаюы осы кезде байқалады:

A.ацидоз және гипокапнияда

B. ацидоз және гиперкапнияда

C. алкалозе және гиперкапнияда

D. эритроциттерде 2,3-ДФГ азаюы және гиперкапния

E. эритроциттерде 2,3-ДФГкөбеюі және гипокапния

ANSWER: B

Экзогенді гипобариялық гипоксия кезінде қанның газдыққұрамына тән өзгерістері:

A.нормоксемия, гипокапния

B. нормоксемия, гиперкапния

C. гипоксемия, нормокапния

D. гипоксемия, гиперкапния

E. гипоксемия, гипокапния

ANSWER: E

Ер адам 52 жаста , көміртегі газымен уланып клиник аға түскен . Туындаған бұзылыстардың негізгі механизм ін атаңыз :

A.өкпеніңвентиляциялық жеткіліксіздігі

B. ағзалар мен тіндерде қанайналым бұзылыстары

C. гемоглобиннің тыныстықфункциясының тежелуі

D. оттегі бойынша артериовеналық айырмашылықтың жоғарылауы

E. альвеолаларда оттегінің парциалды қысымының төмендеуі

ANSWER: C

Жасушаның гипоксиялық зақымдалуының патогенезінде маңызды:
A.фосфолипазаның тежелуі
B. жасушада натрийдің азаюыя

C. липидтік асқын тотықтыңқарқындылығының азаюы
D. мембрана-насостық жүйелердің жұмысының бұзылуы

E. митохондрияларда кальций мөлшерінің азаюы

ANSWER: D

Жасушаның гипоксиялық зақымдануының патогенезінде басты рөл атқарады:

A.гликолиздің тежелуі

B. фосфолипаза А2тежелуі

C. креатинфосфаттыңмобилизациясы

D. жасушада натрийдің көбеюі

E. жасушада рН жоғарылауы

ANSWER: D

Гипоксеми ясыз гипоксия дамуы мүмкін :

A.тау ауруында

B. өкпе гиповентиляциясында

C. эритроциттерде 2,3-дифосфоглицерат азайғанда

D. жүрек жеткіліксіздігінде

E. гемоглобинопатияларда

ANSWER: D

Гипоксия кезінде теңгерілу механизмдерініңөзгеруін нақтылайды:

A.Na++-АТФ-азаның белсенуінің тежелуі
B. анаэробты гликолиздің тежелуі
C. фосфолипазы А2 белсенуі
D. гликогеннің мобилизациясы
E. ЛАТ-ның белсенуі

ANSWER: D

Гипоксияны емдеудің патогенетикалықұстанымы бағытталады:

A.макроэргтер шығысының жоғарлауы 

B. екіншілікті белгілердің жойылуына 

C. гипоксияға әкелетін ауруды емдеу

D. жасушалық мембраналар зақымдану деңгейінің төмендеуі

E. биологиялық тотығу әсерінің төмендеуі

ANSWER: D

Антигипоксанттар:

A.АТФ түзілуін тежейді

B. кальцилік каналдарын блокадалайды

C. бос-радикалдық тотығуды белсендіреді

D. тыныстық тізбекте электрондардың ауысуын белсендіреді

E. плазмада физикалық еріген оттегі мөлшерін жоғарылатады

ANSWER: D

 

 

Тақырыбы: «Гипоксия»

(3когнитивті деңгей)

Артериялыққанның О2 парциялды кернеуі - 62 мм. сын.бағ., артериялыққанның оттегінің гемоглобинге қанығуы - 68 %, артериялыққанның СО2 парциялды кернеуі - 52 мм. сын.бағ. тең болуы гипоксияның осы түріне тән:

A.гипоксияның тіндік түрі

B. гипоксияның гемиялық түрі

C. гипоксияның циркуляторлы түрі

D. гипоксияның тыныстық түрі

E. гипоксияның аралас түрі

ANSWER: D

Митральді стенозбен ауыратын науқаста ентігу, цианоз, жайылымды ісінулер пайда болған. Тексергенде өкпесінде ылғал сырылдар естіледі, жүрек шекарасы ұлғайған, гепатомегалия, асцит. РаО2 71 мм сын.бағ., РаСО2 51 мм сын.бағ., РvО2 30 мм сын.бағ., О2 бойынша а/в айырмашылық 6,8 көл%. Алынған нәтижелер осы дамығанын айғақтайды:

A.гемдік гипоксия

B. аралас гипоксия

C. гипоксиялық гипоксия

D. субстраттық гипоксия

E. біріншілік тіндік гипоксия

ANSWER: B

Қанның оттегіге сиымдылығы қалыпты. Артериялыққандағы оттегі қалыпты, веналыққанда төмендеген. Артериялыққанның оттегімен қанығуы қалыпты, ал веналыққанда артерио-веналық айырмашылық жоғарылаған. Оттегілік баланстың осы көрсеткіштері тән:

A.тіндік гипоксияға

B. гемдік гипоксияға

C. гипоксиялық гипоксияға

D. циркуляциялық гипоксияға 

E. жүктемелік гипоксияға

ANSWER: D

Науқас жалпы әлсіздікке, бас айналуына, иіс пен дәм сезінуінің бұрмалануына шағымданады. Тексергенде терісі бозғылт, тырнақтары қайырылған, шашы құрғақ, сынғыш. Қан талдамасында темір мөлшері төмендеген. Бұл жағдайда дамыған гипоксия осылай аталады:

A.гемдік және тіндік гипоксия

B. гемдік және тыныстық гипоксия

C. гипоксиялық және циркуляциялық гипоксия

D. гипоксиялық және тыныстық гипоксия

E. жүктемелік және субстратты гипоксия

ANSWER: A

Науқас стационарға ботулизмнің ауыр түрімен түскен. Диафрагма, құрсақ пресінің, қабырға аралық бұлшықеттердің парезі байқалады. Бұл ауруда ең бірінші гипоксияныңқай түрі дамиды:

A.тіндік гипоксия

B. тыныстық гипоксия

C. циркуляциялық гипрксия

D. гемдік, гипоксияның анемиялық түрі

E. гемдік, гипоксияның сапасыздану түрі

ANSWER: B

Алкоголь суррогатын ішкен орта жастағы ер адам стационарға ес-түссіз жағдайда жедел-жәрдеммен жеткізілді. Тері және сілемейлі қабаттарының түсі өзгермеген. Қан анализінде: гемоглобин 145 г/л; эритроциттер саны 4,7х1012/л; қанның оттегіге сиымдылығы 20 көл%; артериялыққандағы оксигемоглобин 96%; веналыққандағы оксигемоглобин 80%. Осындай белгілер қай гипоксияға тән:

A.гипоксияның тіндік түріне

B. гипоксияның гемиялық түріне

C. гипоксияның циркуляторлы түріне

D. гипоксияның тыныстық түріне 

E. аралас гипоксияға

ANSWER: A

Науқас Г., 65 жаста, ортан жілігі мен сирақтарының ашық сынығы бойынша қаралуда. Қанкету тоқтатылды. Науқас есеңгіреген. Терісі және сілемейлі қабаттары бозарған, жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 110, артериялыққысымы 85/50 мм сын. бағ. Осындай экстремальді жағдайда дамитын гипоксияны атаңыз:

A.тіндік

B. экзогендік

C. циркуляциялық

D. тыныстық

E. аралас

ANSWER: E

Т ақырыбы : « Су -электролит алмасуының бұзылыстары »

( 1 когнитив ті деңгей )

О рганизмнің айқын г ипогидратаци ясының дәлелі :

A.гематокриттің төмендеуі

B. артериялық гипертензия

C. орталықты веналыққысымның жоғарылауы

D. көз алмасының тургорының жоғарылауы

E. шөлдеу сезімі

ANSWER: E

П лазм а осмолярлығының жоғарылауы ең алдымен осының секреци ясын күшейтеді :

A.рениннің

B. адреналиннің

C. альдостеронның

D. ангиотензин-II-нің

E. антидиурездік гормонның

ANSWER: E


Дата добавления: 2019-11-25; просмотров: 470; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!