Хлор а мин ерітінділерін даярлау 14 страница



Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцессі және т.б).

Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де  қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.

- Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

- Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.

- Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)

II. Науқасты арқасымен жатқызу

- Науқастың тұлғасын денесінің айналысына 3600С аударыңыз

- Науқасты 450С аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруды істеуін сұраңыз.

- Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.

- 10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.

III. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы.

- кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.

- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне қөзіңізді жеткізіңіз.

- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.

- Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.

- науқасты тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз.

- науқастан енкейуді 6-8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды, сосын 6-8 рет енкейуді қайталайды (6 цикл барлығы)

- емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

6. Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.

7. Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, (стандартты қара)

- Емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасаңыз.

Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігергехабарлаңыз

Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)

Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз (қақырық өз бетімен бөліну үщін).

2. Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

3. Түкіргішті даярлаңыз, түкіргіштін -1/3 -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз (5% хлорамин ерітіндісі), егер де  қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).

І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз.

- Еден деңгейіннен 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз

( орнықты тіректі қолдану)

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет қайталаңыз.

- Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз ( науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)

ІІ-қалып. Щиттің үстіндегі төсекке науқасты жатқызыңыз.

- Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз өсіне айнала тұлғаны бұру қажет екенін науқасқа түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін ,терең дем алу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтын көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минут үзіліспен емшарашы 3-5 рет қайталаңыз.

ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.

- Кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.

ІV-қалып. Тізе - шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз.

- Төсектегі науқастын жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей (ыңғайлы) қалыпты беріңіз.

- Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5% хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.

- Емшараны орындаған және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.

Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім щағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).

 


 

ІX. Дәрі – дәрімектерді қолдану жлдары мен әдістері, ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 129; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!