Хлор а мин ерітінділерін даярлау 5 страница



4. Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.

 

Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қажет.


Ш. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты

қабылдау

Науқастың дене салмағын өлшеу

Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.


 

Науқастың бойын өлшеу

Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.

 


Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту

Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.

Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ерітіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алатын журналды (Ф-060/у).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.

2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.

5. Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.

7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

8. Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ерітіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.

9. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

10. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.

11. Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.

12. Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).

14. Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

15. СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.

16. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.

 

Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.


 

Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу

 

Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Клеенка алжапқышты тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.

2. Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.

3. Суды ағызыңыз (t 350-380С)

4. Науқасқа шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.

5. Егер науқас өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: – басын – денесін – қолдарын – шат аймағын – бұт аралығын – аяқтарын.

6. Науқасқа себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура сол ретпен сүлгімен сүртіңіз.

7. Науқасқа таза киімдерін кигізіңіз.

8. Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.

9. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.


 

Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

3. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.

4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

5. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.

6. Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

7. Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

8. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

9. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

10. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

11. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

12. Қолданылған күтім заттарын, шомылғынызарарсыздандырыңыз.

13. Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту :

- бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;

- бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;

- науқастың көңіл күйі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

- желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;

- толған шомылғыны – су кіндікке жетеді.


 

НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ

 

Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.

 

Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен)

Тасымалдау

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

- Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек

- Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.

- Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.

- Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.

- Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімщеге жіберілді деп хабар береді.

- Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.

Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау

- Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейтеді.

- Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.

- Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді

- Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шықпауы керек.

 


ІV. Қауіпсіз ауруханалық орта

Науқасты Фаулер қалпына жатқызу

(жартылай жату және жартылай отыру қалпы

аралығындағы жағдай)

 

Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

 

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егер де  ол болса).


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 143; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!