Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

БИЛЕТ

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Ежелгі тас дәуірі немесе палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Олдувэй кезеңінде Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген. Ең ежелгі еңбек құралдары ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар қолданған. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Тәңірқазған, Семізбұғы,Қарасу, Шақпақата, Шүлбі,Қызылтау тұрақтарынан тастан жасалған құралдар табылған.Ашельде тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.Бұл еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан, Ш.Уәлиханов тұрақтарынан табылған.Мустье кезеңінде 300ге жуық тас құралдар ең көне тұрақ Батпақтан табылған.Тұрақтар көбіне Орталық Қазақстаннан табылды.

2. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609- 639 жылдары аралығында ( VII ғасыр ) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды . Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуымен ене бастады . « Қазақстанда ислам діні VIII ғ. тарай бастағанмен , XIX ғ. аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді ...» деп Ш . Уәлиханов « Ислам діні» атты еңбегінде жазды. Ислам дінінің Қазақстанда таралуы мәдениетке үлкен өзгерістер әкелгендігі мәлім болып отыр . Оған бір дәлел : « Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың X ғасырдағы қалаларында мешіттер көптеп салына бастаған» деп ғұлама Әл Макдисидің жазып қалдыруы.

Ислам дінінің мәдениет саласындағы жетістіктері :

1. Қала мәдениетінің өркендеуі

2. Мешіттердің көптеп салынуы (Құйрықтөбе, Отырар, Баласағұн, Тараз қалалары)

3. Жерлеу салтына өзгерістердің енуі (Құйрықтөбе қаласының жанындағы зираттардан адамдардың мұсылманша зерттелгені)

4. Діни медреселердің ашылуы (Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медресе салынуы)

5. Ғылым мен білім салаларының дамуы (Хисамаддин әл-Сығанақи сияқты ғұламалар шығуы)

6. Жазба әдебиеттің жандануы

3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.    

 

Милитаризм Жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.
Метрополия Басқа елдерді өздері басып алып, отарлап билеуші, қанаушы мемлекет
Мобилизация Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар.
Реквизиция Азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
Монархия Мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын мемлекеттік басқару

 

 

2 – БИЛЕТ

1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

Мезолит б.з.б 12 -5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады. Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырыла құрылып, үстінен аң терісі жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспаналар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. табылды. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақ белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген. Мезолит дәуірінде тас өңдеу әдістері бұрынғыдан да жетіле түсіп, адамдар тас құралдарды жасаудың бұрғылап тесу, қырнап тегістеу және егеп кесу тәрізді жаңа әдістерін меңгерді. Нәтижесінде, пышақ тәрізді тіліктер мен жіңішке жалпақ тастар тас құралдардың басқа түрлерін ығыстырып, қолданыстан шығара бастады. Сонымен бірге тас құралдар жасаудағы мезолит дәуірінің үлкен жаңалығы – ұзындығы 1-2 сантиметр болатын ұсақ сына тастар, яғни «микролиттердің» көптеп қолданысқа енуі еді. Одан өзге мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы ─ садақ пен жебенің ойлап табылуы.Бұл кезде 100 метр қашықтыққа ұшатын бумерангтар аңшылықта кеңінен қолданды.Егіншілікте қазғыш таяқ,қайла, үшкір тас бекітілген тесені қолданды.

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың арасында маңызы айтарлықтай «Алаш»,«Үш жүз» ,«Түркістан федералистер» партиялары бар.Одан өзге Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап»,«Жас арбакештер одағы»(қайтып келген тыл жұмыскерлерінен құралды), Әулиеата мен Меркедегі «Қазақ жастарының революциялық одағы»,Сергиопольде «Солдаттардың орыс-мұсылман» және басқалары бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді. Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословилік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен түрде жүргізді. Сонымен бірге 1916 жылғы, оның ізінше болған 1917 жылғы Ақпан төңкерісі Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүрсілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болғаны анық еді.

3.Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

 

Жағымды жақтары:

Тың игеру жүргізілген Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары болды.

-Қазақстан КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды;

- Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті;

- Қазақстан – көп ұлтты республика болды;

- Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті;

- Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді.

 

Жағымсыз жақтары:

-Экологиялық жағдай ауырлады;

-Мал шаруашылығы төмендеді;

- Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді;

-Жер-су аттары орысша айтылды;

-Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді;

- Тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады;

 

Билет

1. Мезолит адамдарының кәсібі.

Аңшылық осы кездегі адамдардың негізігі кәсібінің біріне айналды. Себебі мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты аңдарды ұраға жығып, қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді. Енді некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды. Оған уақыт та, күш-қайрат та көп кетті. Аңшылық одан әрі жетіліп, дами түсті. Терімшіліктің дамуы – алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді.Ол шамамен 10 мың жыл бұрын пайда болды.Ғалымдар оның пайда болуын терімшіліктегі әйелдер еңбегімен байланыстырады. Аң аулау, мал өсіру қалыптасты. Қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Ит қолға үйретіліп, аңшылардың көмекшісіне айналды.

2.Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.

Әбілғазы Бахадүр Хан- тарихшы, шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. Әбілғазы Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекетік басқару ісін меңгерді. Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. Әбілғазы жазған “Түрік шежіресі” атты тарихи шығармасы кеңінен танымал болды. Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.

3.Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

Жағымды жақтары: Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша өкіметтің органдары жұмыс істеді.Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтарын» Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.

Тыл жұмысында болған жұмысшылар орыс жұмысшыларымен, солдаттарымен қарым-қатынаста болып, саяси сауаттылығы өсті. 1917 жылы бұрынғы «реквизицияланған жұмысшылар» өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрды.

Верныйда- «Қара жұмысшылар одағы»

  «Алаш» партиясы «Үш жүз» партиясы
Басшылары Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар. Жетекшісі: Көлбай Тоғысов
Саяси қызметі Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру. Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.
Қазақ революциясына көзқарасы Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады. «Алаш» партиясы ақиқат жағында болды. Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.

Сергиопольде- «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын»

 

Жағымсыз жақтары: Уақытша үкіметке бұрынғы империядан қалған мәселелер мұра болып қалды. Елде ұлттық, әлеуметтік, экономикалық діни мәселелер шешімін таппады. Елде ашаршылық қаупі төнді. Сырдария мен Жетісу облыстарын ашаршылық жайлады.

Уақытша үкіметке қарсы қозғалыс күшейіп, барған сайын Кеңестердің ықпалы күшейді.

 

БИЛЕТ

1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.

Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:

- Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды

- Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды.

- Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды.

- Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.

- Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).

- Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты.

- Құрылтай- (мәслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады.

2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.

1. 1917 ж. 25 қазанда Петроградта төңкеріс болып, билік кеңестердің қолына көшті. 1917 ж. қазан айынан 1918 ж. наурызға дейін Кеңес үкіметі Ресейге билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында кеңес үкіметі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1918 ж. қаңтарда – Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылды. 28-29 наурызда контрреволюциялық күштер Кеңес үкіметін құлатты. Кейіннен Оралда азамат соғысы кезінде біржола орнады.1918 ж. Орынборда шығып тұрған Қазақ газеті жабылды. 1918 ж. сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесінің кеңестерінің төтенше V съезі болды. Съезд Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасын жария етті. ТуркАКСР құрамына Сырдария мен Жетісу облысы енді.Ерекшеліктері:

─ Кеңес үкiметiнiң бейбiт және қарулы күрес жолымен орнауы.

– Кеңес өкіметінің алдымен iрi қалаларда орнауы.

– Ұлт-азаттық және аграрлық қозғалыстың пролетариат диктатурасын орнату жолындағы күреспен ұш тасуы.

 

3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.

БИЛЕТ

1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.

1960-1980 жж. Дейінгі кезең – тоқырау жылдары. Бұл жылдары жаңашыл үрдістер әлсіреді. Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. Қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екенін мойындау және коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту еді. 1960 жылдардың ІІ жартысында басшылық тарапынан ауыл шаруашылығын тұрақтандыру үшін біраз жұмыстар атқарылды.

- Ауылшаруашылық өнімдерін сатып аду 2 ессеге өсіру;

- Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. сом бөлінді,

- Материалдық-техникалық базаны нығайту. Тракторлар – 198 мың, комбайндар- 10 мыңға көбейді.

- Дәнді дақыл өсірумен шұғылданатын 783 шаруашылық солтүстік аймақта астық өсіруге мамандандырылды.

- Қой өсірумен айналысатын 587 шаруашылық оңтүстік аймақта қой өсіруге мамандандырылды.

- Республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшірілді;

- 1970ж.дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал семіртетін кеңшарлар құрылды.

 

3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

«Әскери коммунизм саясаты»

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы – азық –түлік салғырты. Оның мәні. Ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салдары – Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық. Жыртылатын жер көлемі, жиналған астық мөлшері бірнеше есе азайды. Мал шаруашылығы саласы бұдан да ауыр жағдайға ұшырады. Мал басы шұғыл кеміді. Көптеген зауыттар отынның жетiспеушiлiгiнен жабылып, жұмысшылар жұмыссыз қалды.

«ЖЭС»

1921 ж.- жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні-салғыртты салықпен ауыстыру. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 ж. қуаңшылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды.700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

БИЛЕТ

1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)

Алтын Орданың ыдырауы мен ақ Орданың әлсіреуі барысында солтүстік-батыс Қазақстан жерінде Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайықтың ортасында болды. Ноғайлар Солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына, Солтүстік-батыста Қазан қаласына, Оңтүстік-батыста Арал мен Каспий теңізіне дейінгі аймақтарда көшіп-қонып жүрді. Едіге өзін хан деп жариялауға құқы болмағанымен Алтын Орданың билеушісі болды. Беклербек – «ұлы әмір» деген атағы болды. Жоғарғы сатыда бектер, мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрды. Олар ауылдар мен ұлыстарды басқарды. Ордада билік мұрагерлік жолмен берілді. Ноғай Ордасының этникалық құрамына қоңырат, маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей т.б. тайпалар кірді. XVI ғ.Ноғай Ордасы ыдырай бастады. 1550 ж. ортасында Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінді. Оның халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылды.

2. ХХ ғ. 60-80 ж. әлеуметтік демографиялық жағдай.

Басқарудың жаңа формаларына ауысқан кәсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады. Көптеген қалаларда экология тазалығын қорғау, өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі шаралар жүргізілмеді. Әлеуметтік мәселелер жылдар бойына шешілмеді. Негізінен аймақтық – географиялық, тарихи сипатына кереғар қалалар салынды. Пайдалы қазбалар өндіру орындарын жұмыс қолымен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдық жинақтау шаралары жүргізіліп, сырттан адамдар әкелінді.Әлеуметтік-тұрмыстық салаға қаржы бұрынғысынша аз бөлінді. Экономиканы дамытуды көздеген шаралар соғыс ракеталарын көбейту мен 200 ұлтты орыстандыру саясатының қалқасында қалып қойды.

 

3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жетістіктері

Индустрияландыру- өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.

Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. 1927 жылы түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды.

Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті.1931 ж. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Орта азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Кенді алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.

Келеңсіз жақтары

Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

- Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды;

- Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді;

- Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді;

- Халық дәстүрі бұзылды;

- Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады;

Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды;

- Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.

БИЛЕТ

1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.

Қола дәуірі адамзат тарихында ерекше орын алды. Өндіріске металл құралдарының енуі еңбек өнімділігін арттырды. Шаруашылықтың жаңа түрлеріінң пайда болуына себеп болды. Еділ бойы, Орал өңірі, Қазақстан және алтай аймағын мекендеген тайпаларында өндірістік қатынастар дамып, мал шаруашылығы жедел дами бастады.

2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.

Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Монғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі ата-мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

 

3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Қиындықтары

Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі;

-Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы,

- Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы;

- Жергілікті мамандардың жетіспеуі;

- Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы;

- Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі;

-ЖЭС тоқтатылып тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.

Нәтижелері

Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты.

-Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарын қамқорлыққа алды.

- Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысына Мәскеу құрылыс техникумының түлектері, метро құрылысынан 750 маман мен жұмысшылар келді.

- Донбасс шахтерлері Қарағандыны қамқорлыққа алды.

- Қазақ жұмысшылары үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері, техника үйрену үйірмелері ашылды;

- Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді.

БИЛЕТ

1. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.

Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.

14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған.

Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады.

2.Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.

Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.

Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды. Басты жәрмеңкелер:

1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.

2) Ақмола губерниясында – Атбасар.

3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.

4) Бөкей ордасында – Орда.

3. Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Ол 1916 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске басшылық жасады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады.1917—1918 жылдары Әулиеатада белсенді саяси қызметімен көріне білді.1918 жылы Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның төрағасы болып сайланады. 1919 жылы Т. Рысқұлов Мұсылман Бюросын ұйымдастырып, оны Түркістанның жергілікті халықтарының құқын қорғаушы ұйым (мемлекеттік құрылым) дәрежесіне дейін көтере білді.1920 жылы Түркістан Орталық Атқару комитетінің жергілікті халықтан шыққан тұңғыш төрағасы ретінде республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. 1920-1921 жж ол РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарып, осы комиссариаттың төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. Комиссариатта жүріп бүкіл елдегі (РСФСР) жоғарғы оқу орындары (университеттер) жүйесіне басшылық жасады. Бұл жылдары оған болашақ диктатор — И. В. Сталинмен қызметтес болуға тура келген еді. 1922 жылы Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Түркістаннан біржола кетіп, 1924 жылы Коминтерннің өкілі етіп Монғолияға жіберіледі. 1926 жылы Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.Осы жылы «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы болады.Түрксіб темір жолын салуда басшылық етеді. Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.

9-БИЛЕТ

1. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.

1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын Орданың ханы болғаннан кейін, Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан Астрахань, Қырым мен Мамай Ордасын өзіне бағындырады. Қалыптасқан жағдай, Мамайдың 1380 жылы Куликов даласында орыс-қыпшақ әскерінен жеңілуіне себепкер болады . Осыдан кейін Тоқтамыс Әмір Темірге бағынуды қойып, дербес саясат жүргізе бастайды. Сонымен бір мезгілде ол Әмір Темірдің иеліктеріне шабуыл жасай бастайды.

Бұл оқиғалар қазақтың "Едіге батыр" эпосында жырланады. Жырда Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыстың басталуына қазақ биі мен батыры Едігенің тікелей қатысты екендігі айтылады. Моғолстан әмірлерімен күресті аяқтаған Әмір Темір әскерін сол кезде Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа қарсы бағыттайды. Темір 1391 жылы 18 маусымда Құндыз түбінде Тоқтамыс әскерін талқандайды. Тоқтамысқа қарсы көтерілген жергілікті билеушілер (ішінде Едіге бар) Темірдің билігін мойындайды.

1393 жылы Тоқтамыс Алтын Ордадағы билігін қалпына келіреді. Ал Едіге би Ақ Орданың тағына Темір Құтлықты қояды. Темір Құтлық Әмір Темірдің саясатына тәуелді болады. 1395 жылы Солтүстік Кавказда Терек өзені бойында Тоқтамыс пен Темір әскері арасында шайқас болып, Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір орыс княздығы жеріне кіреді. Москваға барар жолда жаман түс көрген Темір оны жамандыққа жорып кері қайтады. Мауераннахрға қайтар жолда Темір Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымда орналасқан қалаларына, Астраханға өрт қояды.

 

2.1916 ж. көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.

Жетісу көтеріліс басшыларының бірі – Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етті:

ü Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді

ü Феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды.

Ол 1916 ж тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алыны, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.

Жетісу көтерілісінің жетекшісінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді. 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

ü Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

ü Қару өндіруді ұйымдастырды.

ü Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

ü Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

ü Мергендер жасақтарын құрды

ü Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «рухани көсемі» атанды.

 

3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер

Жауабы:1841 ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілерСозақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін басып алды.

БИЛЕТ

1. Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.

Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.

2.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму ерекшеліктері.

Патша үкiметi қазақ халқының ең құнарлы жерiн, мал жайылымдықтарын озбырлықпен тартып алды. Халықтың ауыр жағдайымен санаспады.Қазақстанның жерi Ресей империясының меншiгi деп жарияланды. Капиталистiк қатынастар кеңiнен ене бастады. Қазақстанда негiзiнен кен өндіру мен өңдеуші кәсіпорындар салынды. Тау-кен өнеркәсібі түстi металдар мен темiрдiң шикiзаттық қорына бай Орталық Қазақстан мен Алтайда дамыды.Қарағанды мен Екiбастұзда көмір кен орындары ашылды.

Ембi-Жем аймағында мұнай шығарылды. ХХ ғасырдың басында өлке экономикасында ауыл шаруашылығы шикiзаттарын өңдейтін – былғары жасайтын, май шайқайтын, сабын қайнататын, жүн жуатын,терi илейтiн т.б. кәсіпорындар басым болды.

Қалалардағы еңбекшiлер мен өнеркәсіп орындарындағы жұмыс шылардың жағдайлары соғыс жылдары күрт нашарлады. Шетелдiк кәсіпкерлер жұмысшылардың мүшкiл жағдайын пайдаланып, қанауды күшейттi. Жалақы мөлшерін жүйелi түрде азайтты, ең қажеттi тауарларға деген бағаны көтерді. 1915 жылы жаздф бұған жауап ретiнде Екiбастұз және Қарағанды көмір кендерi мен Спасск зауытының қазақ жұмысшылары ереуiл жасады. Жұмысшылар төменгі еңбекақы мен еңбектiң ауыр жағдайларына наразылық бiлдiрдi. Бiр жылдан соң жұмысшы қозғалысы Риддер түстi металл кенiштерiн, Спасск мыс кенiштерiн, Ембi мұнайкәсіпшіліктерін, Екiбастұз көмір кен орындары мен Орынбор–Ташкент темiр жолын т.б. өндіріс орындарын қамтыды.

3.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.

1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.

1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.

Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.

Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді. Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.

Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» , «Ұлт театры туралы» , «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық», «Күміс қоңырау» повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.

1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті. Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.

БИЛЕТ

1. Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.

Абылай хан жоң­ғар қолына түсіп қалғанда Қаз дауысты Қазыбек би елшілікке барғанда Қалдан Серенге айтқаны… «біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан қуат береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» деп жоңғар ханын сөзден жеңіп Абылай ханды елге алып қайтқан деседі.

«Тура биде – туған жоқ» ­деген­дей, қазақ халқының тарихында қара қылды қақ жарған билер өте көп болған. Со­лар­дың басындағы Төле би, Қаз дау­ысты Қазыбек би, Әйтеке би т.б. хан­ның өзімен шендескен әрі олар көршілес қалмақ, жоңғар, қоқан, хиуа, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен елдері арасындағы дау-жанжалдарды шешу жолында қоғам және мемлекет қайраткері ретінде көріне білген.

Патша заманының кезеңінде билерді генерал-губернаторлар сайлап, бекіткен. Жалпы қай кезеңде болсын бидің рөлі төмендеген емес. Жұртшылықтың өзі сайлаған билер патшалық билерден анағұрлым беделді болған. Оның мысалы Қалдан Талқанбайұлының өмір жолынан көреміз.

Кей кезде ел-елдің, мемлекет арасында жүрген билерді елші деп те атаған. Тарихта Таңатар, Тәтімбет, тағы басқа кісілердің елші ретінде танылғаны белгілі. Демек, елші дегеніміз де би. Ше­шен де бидің орнында болған. Оны Әз Жәнібек ханның тұстасы Жиренше шешен сөздерінен байқалады.

Қазақ халқының (Қазақ хандығының – Т.Д.) тарихында билер кеңесі ең жоғарғы билік айтатын орын болған. Әсіресе, күрделі мәселелерді шешуге байланысты билер кеңесіне жиналған. Тарихта Мөртөбедегі, Құлтөбедегі, Битөбедегі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қарақұм мен Ырғыздағы билер кеңесі көп нәрсені шешкен кеңестер қатарынан орын алады. Сондай билер кеңесінде Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын бекітіп, заңдастырған.

Билер сотының қазақ қоғамында орны ерекше болған. Нұралы ханның іс-әрекетіне қарсы болып, хан тағынан тайдыруға – 185 би қол қойып, ақ патшаға хат жазған. Билер соты екі жақты тыңдап алып барып, тіпті ант қабылдатқан кезі де болса керек. Қылмыстық іске үкім, азаматтық істерге кесім шығарып отырған. Екі жақтың биі келісе алмаса Төбе бидің алдында тарқасқан.

Тіпті кеңестік кезеңнің өзінде арнайы сайланбаса да ел іші би деп таныған адамдарына әрдайым жүгініп отырған.

2.1916 жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.Шу озені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новокиев көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар болды.

Революцияның ірі ошағы ─ Қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

 

Салдары

ü Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды

ü 37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа және Балқаш маңындағышөлді далаға қуылды

ü 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

ü Ж.Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

3. 1917 жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.

 

Жауабы:

1917 ж Түркістан федералистер партиясы. Түркістанда

1917 ж күзде Үш жүз партиясы Түркістанда

1917 ж Алаш партиясы Орынборда құрылды

БИЛЕТ

1. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.

Әмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды әлсіретуді міндет етіп қойды. 1371 – 72 ж. Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Әмір Темір әскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Әмір Темір әскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өзені шатқалында Әмір Темір әскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар Ад-Динмен шайқасы болды. Қамар Ад-Дин әскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мәжбүр болды.

1376 жылдың көктемінде Әмір Темір Моғолстанға Қамар Ад-Динге қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы Бұқа ханды, Әділ-шахты және басқа әмірлерін аттандырды. Бірақ әмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Әмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Әмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін әскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Әмір Темір Қамар Ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Әмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Әмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан әскері ойсырай жеңілді. Қамар Ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Әмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі.

1389 ж. Әмір Темір Моғолстанға жорығында жеңіске жетіп, 1390 ж Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.

2.1916 жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.

Торғай көтерілісінің ерекшелігі

· табанды болып, ұзаққа созылды

· билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықта жүргізілді

· басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Торғай облысындағы көтерілістің барысы

Ø 1916 ж қыркүйек көтерілісшілер саны -20 мың

Ø 26 қарашада – 50 мың-ға жетті

Ø 1916 ж 22 қазан Амангелдінің басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Амангелді қоршауды тоқтатып, жазалаушы әскерлерге қарсы қозғалады. Түнқойма пошта станциясы маңында жазалау отрядына шабуыл жасап, артынша көтерілісшілерді аман сақтау үшін қашыққа шегініп кетеді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

ü Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

ü Қару өндіруді ұйымдастырды.

ü Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

ü Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

ü Мергендер жасақтарын құрды

ü Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «рухани көсемі» атанды.

Тарихи маңызы

· Қазақ халқының таптық санасы өсті

· Қазақстан халықтары ұлттық мүделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Арал апаты. Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл арал теңізі деп аталады. Арал теңізі 1960-1970 ж дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатса, 1998 ж 18 м төһмендеген. Соның салдарынан теңіз 2 суайрыққа бөлінді Үлкен арал және кіші арал 1992 ж. Арал теңізінің тарылуына Арал апаты пайда болды.

Теңіздің жиегінен 400 шақырымға созылған «тұзды бұлт» өсімдіктер мен жануарлар түрлерін азайтты. Теңіз түбінен 70 млн тонна улы шөгінділер көтеріліп, тұзды шаңға айналып, егістіктер мен жайылымдарды улап, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр.

БИЛЕТ

1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

ХХ ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс ітеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіп орындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкенде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. ХХ ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды өмір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Іс жүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыскеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салады.

Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойынша Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істейді.

 

2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.

Жауабы:

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1680-1748) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.

Әбілқайыр ханның мақсаттары:

ü Қалмақтар мен башқұоттардың Қазақ жерін шабуылдарын тоқтату

ü Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу

ü Ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте ресеймен байланысм орнату.

Әбілқайыр хан 1726 ж Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күманданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.

1730 ж кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен әскери одақ құру,Әбілқайырдың талабы Ресейдің құрамына кіру болды.1730 ж қыркүйекте Петербургке аттанған елшілер Сейтқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырылды.1731 ж 19 ақпан кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен императрица Анна Иоанновна қабылдады.Кейін Тевкеелев қазақ жеріне жіберілді.

1731 ж 10 қазанда кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

Патша үкіметінің мақсаты жоңғар соғыстарын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салып алу болды.

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

 1931-1933 жылдардағы ашаршылық(«Ұлы жұт») ─ Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі . Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды.Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид”(Геноцид - қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді) деген тарихи атқа ие болды. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің І хатшысы Ф.И.Голощекин болған. Әсіресе, Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп кетті. Салдарынан Қазақстанда сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауылшаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып өтті. 2, 1 млн. адам қырылды. 1 млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерлерге көшірілді.                                                       

БИЛЕТ

1. Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)

АБЫЛАЙ ХАН (Әбілмансұр) (1711-1781) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен күштерін біріктіріп, жауға қарсы соғысқа шыққан. 1771 жылы Әбілмәмбет дүние салған соң, Абылай орта жүздің ханы болып сайланды. Абылай тек орта жүзге ғана емес, ұлы жүз бен кіші жүзде де ықпалын жүргізді. Сыртқы саясатта қазақ елінің дербестігін сақтауда және оның қорғаныс қабілетін нығайтуда, аса үлкен тарихи рөл атқарды. Көршілес елдермен экономикалық байланысты, сауда-саттықты күшейтті. Россия үкіметі, Қытай мемлекеті, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. XVIII ғасырда қазақ жерін жаулап алмақ болған Жоңғар хандығы мен Манчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктірді. XVIII ғасырдың орта шенінде жоңғарлар шет жағалап басып алған қазақ жерлерін толық азат ету үшін Абылай көптеген шешуші шаралар қолданды. Ол Орыс және Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық саясат жүргізді. Қытай мен жоңғар хандығы сияқты екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды. Осы тарихи маңызы зор шаралар қазақ халқының бұдан былайғы емірінде прогрессивтік рөл атқарды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

 

2.ХХ ғ. басындағы ұлт – азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі.

Жауабы:

Қазақ өлкесіне капиталистiк қатынастардың енуi, патша үкiметi отарлық езгiсiнiң күшеюi халықтың ұлттық сана-сезiмiнiң өсуіне жеткiздi. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр түрлi топтан тұрды. Олардың негiзгi бөлігін Петербург пен Мәскеу, Қазан, Томск, Варшава т.б. қалалардағы жоғары оқу орындарын бiтiрiп келген ұлт зиялылары құрады. Ұлт зиялыларының саяси-идеялық көзқарастарын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетi айқын бiлдiрдi. «Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннiң редакторлығымен 1911–1915 жылдары шығып тұрды. Журналды шығаруға Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, Б. Қаратаев, Б. Майлин, С. Сейфуллин және т.б. белсене қатысып, мақалалар жазды. Журнал беттерiнде жарияланған мақалаларда патша үкiметiнiң жүргiзiп отырған отаршылдық саясаты әшкереленді. Сонымен қатар қазақ даласында ағарту мен бiлiм беру iсiн, тауар-ақша қатынастарын дамыту, аграрлық мәселені шешу проблемалары қарастырылды. «Айқап» журналы отырықшы өмір салтын қалыптастыру, аграрлық мәселеге зор мән бердi.

1913–1918 жылдары шығып тұрған «Қазақ» газетi либералдемократиялық бағыттағы ұлт зиялыларының көзқарастарын бiлдiрдi. Газет редакциясында ұлт-азаттық қозғалыс eөnaiaadi Ә.Бөкейханов А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар қызмет еттi. Ұлт көшбасшылары патша үкiметiнiң меншiгiне қаратып алған жерлердi қазақтарға қайтаруын талап еттi, жердi сатуға қарсы шықты. Ресейдегi демократизмнiң жалғыз көрінісі Мемлекеттiк Думаға қазақ даласынан сайланған депутаттар – Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұлов, А. Бiрiмжанов, Т. Нұрекенов, М. Тынышбаев, Б. Қаратаев, Т. Аллабергеновтер Дума мiнбесiн пайдаланып қалуға тырысты. Олар қазақ қоғамын эволюциялық жолмен дамытуды жақтады. Ресей империясының қол астында отарлық езгiде жаншылған халықтардың ХХ ғасырдың басындағы азаттық күресiнiң өрбуіне – түрiкшiлдiк, исламшылдық идеялары елеулi әсер еттi. Бұл идеялар түркi халықтары мен мұсылман жамағатын бiрлiкке, өзара байланыстарын нығайтуға шақырды. Түрiкшiлдiк идеясының көшбасында И. Гаспринский тұрды. Қазақтың бiрқатар зиялылары М. Шоқай, М. Тынышбаев т.б. бұл идеяны қолдады. ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа тартылуы, оның өзіне ғана емес, ұлттық шеткерi аймақ- тарының езiлген халықтарына да ауыртпалық әкелді.

 

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Қазақстандағы лагерьлер жүйесі

Қазақстаннның 1930 – 1950 жылдардағы әкімшіл- әміршіл жүйе аясында қалыптасқан, сталиндік жазалау шараларын жүзеге асыру үшін ең өктем де сорақы істері – Қазақстанда лагерьлер жүйесінің қаптауы. ГУЛАГ- еңбекпен түзеу лагерьлерінің бас басқармасы (1930 – 1950). ГУЛАГ-тың құрылуы Сталиннің бұйрығымен 1929 жылдан бастап жүзеге аса бастады. 1930 жылдың 25 сәуірінен бастап ОГПУ-дың бұйрығымен УЛАГ (Управление исправительно-трудовых лагерей) құрылды. 1930 жылдан бастап бұл атау ГУЛАГ (Главное управление исправительно-трудовых лагерей ) болып өзгертілді.1934 жылдың 10 -шілдесінде Ішкі Істер жөнінен арнайы комиссариат құрылып,оның құрамына ГУЛАГ кірді. 1934 жылдың 27- қазанынан бастап барлық Ұлттық комиссариаттың еңбекпен түзеу лагерьлері ГУЛАГ-қа өтті. Жалпы ГУЛАГ-тың құрамында 953 лагерь, мыңдаған лагерьлік пункттер мен бөлімшелер,425 колония,2000 спецкомендатура болса,соның ішінде Қазақстанда 11 ірі лагерь (КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный, СтепЛАГ, Ақтөбе, ЖезқазғанЛАГ, Петропавл, Кеңгір, Өскемен, Дальный, ҚамысЛАГ), 15-ке жуық лагерьлік пункттер (Ақтөбе, Жамбыл, Ырғыз, Қазалы, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Семей, Түркістан, Орал, Шымкент, Екібастұз) болды.С.Сейфуллин,Б.Майлин,С.Асфендияров,Т.Рысқұлов,Ж.Шанин,Т.Жүргенов және т.б. ұлт зиялылары репрессияға ұшырап(Сталиндік қуғын- сүргін кезеңдері 1 кезең – 1929-1933 жылдар 2 кезең – 1937-1938 жылдар 3 кезең – 1947-1953жылдар), осы лагерлерьде азап шекті.

БИЛЕТ

1. Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.

Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген Тұман шаньюйдің ұлы Мөденің атымен байланысты. Б.з.б. ІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі – шаньюй деген атақ алады. Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мемлекет 3 бөлікке бөлінді:

     1)Оң қанат

     2)Сол қанат

     3)Орталық қанат

 Ол шексіз билікке – «Аспан ұлы» деген атаққа ие болды. Сол кезде ғұн, үйсін, қаңлы елдері бір-біріне көрші, жақын елдер еді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді.

 Ғұндардың Хань әулеті арасындағы соғыс б.з.б. 188 жылы Хань әскерінің жеңілісімен аяқталды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Осы кезде ғұн басшыларының қол астына қазіргі Кореядан бастап қазақ жеріне дейінгі жер бағынатын болды.

 

2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.

Түркістанда Түркістан генерал-губернаторы А. Н. Куропаткин, Жетісуда Жетісу губернаторы Фолъбаум, Торғайда генерал Лаврентьев, Семей облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы генерал Ягодкин жазалау экспедицияларын басқарды.Көтеріліс орталықтарын басып-жаныштаудан кейінгі қарусыз, бейбіт қазақ халқын жазалау,«Алаш» қайраткерлерінің қаупінің орынды екенін растады. Жазалаушы экспедициялар жергілікті халықты қырып-жоюға тұрақты армия және казак бөлімдері, қаруланған қоныс аударушылар қатысты. Жүздеген қазақтар өлтірілді, сусыз даламен шөлді жерлерге, тауға ығыстырылды. Аштық пен суықтан қырылды. Генерал губернатор курапаткин бекіткен сот үкімдерімен 1917 ж 1 ақпанда Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347, каторгалық жұмыстарға 168, түрмеге 129 адам кесілді.

 

1916 ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.

Ø Пішпек, Пржевальск, Жаркен уездеріндегі шұрайлы жерлердің 2 млн 510 мың 360 десятина тартып алынды.

Ø Жетісудағы 238 мың астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.

Ø 37355 қазақ отбасылары құнарсыз тауға н/е Балқаш маңындағы шөлді жерге қудаланды.

Ø 1916 ж 9 қыркүйекте жазалаушылар Бекболат Әшекеевті Боралдау асуында дарға асты.

Ø Жәмеңке Мәмбетов абақтыға қамалып, 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

 

Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.

Жазалаушы экспедициялар

Бейбіт халық пен көтеріліске қарсы террорлар

Өз жақтарына феодалдықты тарты

САЛДАРЛАРЫ

Туған жерден қуу. Жерді тартып алу. Қытайға қоныс аудару. Мал басының азюы.

3.Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.

Семей полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды .Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды. 1949 жылы алғашқы сынақ өткізілді.. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семейдегі атом полигонын жабу турасындағы Жарлыққа қол қойып,бұл азаптың соңын салды.

17-БИЛЕТ

1. Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.

Қазақ халқының қалыптасуы б.з.б. ІІ мыңжылдықтан басталады. Халықтың қалыптасуына дейін қазақ жерінде бірнеше андрондық тайпалар өмір кешті.Олар:сақтар,үйсіндер,қаңлылар және т.б.Кейін Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастайды. Маңғыт, барлас сияқты түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір түтас мемлекет – Түркі мемлекеттерінің құрамына кірді. Осы мемлекттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған.Олар:Қарахан және Қыпшақ мемлекеттері.Бірақ  ХІІІ ғ. моңғол шапқыншылығы болады. Ол қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150 - 200 жылға кешеуілдейді. Шыңғыс ұрпақтары өсіп, жаңа үлестік жер алғанда жергілікті ру - тайпалар да бөліске түсті.Алтын Орда,Ақ Орда,Моғолстан,Әбілқайыр хандықтары пайда болады.Кейінірек, XV ғ. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қазақ хандығы пайда болады.

2. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аянбай шайқасып, ерен ерлік көрсете білген батырлардың бірі – Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы болатын. Оның шын есімі Ерасыл. Ол 1691 жылы туып 1769 жылы қайтыс болған қазақтың атақты қолбасшы батыры. Қабанбай батыр жоңғарлармен болған шайқастарда 1724 жылы Түркістанды қорғауға, 1725 жылы Алакөл, 1729-1730 жылдары Аңырақай, Бұланты түбіндегі ұрыстарда қазақ жасақтарын басқарған. Осындай ірі шайқастарда Қабанбай өзін тамаша тапқыр, асқан айлакер ретінде көрсете жүріп, қазақ жасақтарын ұрысқа бастап, жеңіске жетеді. Осыған орай, Абылай хан Қабанбай батырды елден ерекше «Дарабоз» деп ардақ тұтқан. Ер Қабанбайдың даналығы, би болғандығы туралы елде тараған аңыз- әңгімелер көп.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Осы сәтте Бөгенбай батыр халқын қалмақтарға шабуыл жасауға ұрандап, оларға ұлттық рух береді. Сөйтіп, олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығарып туған елі мен жерін қорғауға серт беріседі. Бөгенбай батырға риза болған халық оны бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген Бөгенбай батыр 1778 жылы 81 жасында қайтыс болды.

 

Ендігі кезекте ерекше бөліп айтатын батыр тұлғаның бірі – Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Ол 1706 жылы туып, 1781 қайтыс болған атақты батыр, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы ұлы қолбасшы. Наурызбай батыр дене бітімі адамзат баласында сирек кездесетін ерекше жаралған адам болған. Оған қатысты тарихи деректерде: «Мүсіні қолмен құйғандай, жауырыны қақпақтай, бойы биік, денесі тік, белі жіңішке. Өзі ақын, әнші, күйші де болған» деп айтылады. Шынымен де Шапырашты Наурызбай «Төрелер күйі» авторының бірі болған. Ол Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында белгілі қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, батыр атанған. Осылайша, Наурызбай батыр қазақ халқының тәуелсіздігі мен болашағы үшін аянбай күресе білді.

3. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.

Жоғары оқу орындары

Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары, Қазақ мемле кеттiк педагогикалық институты (қазiргi Қазақ Ұлттық педагогикалық университетi), Алматы мал-дәрігерлік институты, Қазақ ауыл шаруашылық институты, Алматы медициналық институты,С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетi (қазiргi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi),Тау-кен институты

Ғылыми мекемелер

Түркiстан Шығыс институты, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы, Химия-биологиялық зертхана, Өсiмдiктердi қорғау өлкелiк станциясы, Санитарлық-бактериологиялық институты, Тыңайтқыштар және ауыл шаруашылық топырақ зерттеу институты

Өнер ошақтары

Қызылордада кәсіби қазақ театры,көркемөнер шеберханалары,Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесі, Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі,Верныйда Қызыл әскерлер хоры, Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы

БИЛЕТ

1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады. Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.

2. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылып, ол 1938 жылы жанынан түрлi бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылған КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды.1932 жылы республикада 12 ғылыми-зерттеу инс титуты,15 тәжірибе станциясы, 186 тiрек пунктi, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды. Егер 20-жылдары республикада Одақтың орталық аймақтарынан келген ғалым-академиктер жұмыс iстесе, 30-жылдары жергiлiктi ғалымдар да қалыптаса бас тады. Профессор ғылыми атағы аса көрнектi қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берiлдi. Дегенмен де қазақ ғалымдары көп болған жоқ. 1936 жылы ҚазМУ-дегi 42 оқы тушының 8-i ғана қазақ едi. Осындай жағдай басқа жоғары оқу орындарында және ғылыми зерттеу институттарында да болды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегiмен айналысқан, олардың 27454-iнiң жоғары бiлiмi болған.

 

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.

Күштеп ұжымдастырудың мәні

Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергiлiктi жердiң ерекшелiктерi мен дәстүрлері есепке алынбастан, алдын ала ойластырылған дайындықсыз, әкімшіл-әміршіл шаралармен жүргiзiлдi. Ұжымдастыру жөніндегі iс-шаралар ауылдың дәстүрлі тұрмыс түрiн талқандауға бағытталды, тарихи қалыптас қан ұлттық көшпелі өмірдің негiздерi жойылды.

Күштеп ұжымдастырудың салдары

Аштықтан 2 млн 100 мың қазақ қырылды. Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою. Шаруалар көтерілісі.Халықтың жаппай қоныс аударуы. Азық-түлiк проблемасының ушығуымен 1932–1933 жылдарда жаппай аштық орын алды. Мемлекет азық-түлiк өндіруді бақылаусыз билеу мүмкiндiгiн алып, iс жүзiнде азық-түлiк салғырты қалпына келтiрiлдi.

БИЛЕТ

1. «Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.

ХҮІІ ғасырда қазақ хандығына жан-жақтан қауіп төніп, елдің ауыз бірлігі әлсірей бастайды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.

1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

«Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.

2. 1917 жылғы шілдедегі І жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.

1917 жылы шiлдеде Орынборда Бiрiншi жалпықазақ съезi шақырылды. Онда мемлекеттiк басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, сот, Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т. б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съездiң негiзгi шешiмi: «демократиялық, парламенттiк және Ресей Федеративтiк республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешiм қабылданды.

3. М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Мұстафа Шоқай (1890–1941) – аса көрнекті саяси, қоғам және мемлекет қайраткерi, публицист,журналист, гуманист, демократ. 1917 жылдың ақпанына дейiн Мемлекеттiк Думадағы мұсылман фракциясының Түркiстан жөніндегі iстерi бойынша хатшысы болып iстедi. Петербургтен Түркiстанға қайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бiрi болды. 27 жасында ол бүкiл Түркiстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларының бiрiне айналды. Түркiстан (Қоқан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрi, Үкiмет төрағасының орынбасары,төрағасы қызметтерiн атқарды. Қазан революциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шет елге эмиграцияға кеттi. Антикеңестiк оппозицияның көректі өкілі болды. Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзiнiң көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердiң билiгiндегi Түркiстан» атты кiтабында большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік- экономикалық және ұлт саясатын сынға алды. Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгi әрі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің бiлгiрi саналып, ағылшын, француз, немiс, түрiк және араб тiлдерiн тамаша меңгердi. Ол бүкiл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегi өc туған халқымен әрдайым бiрге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияға, Берлинге келiп орналасты. Ол мұнда Ресейлiк мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркiстан» мен «Яш Түркiстан» журналдарын басып шығарып тұрды. 1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагерiне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.

БИЛЕТ

1. Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.

Шығыс Қазақстанныңерте темір дәіуірінің б.з.б. 5-4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атайды.Берел кезеңі деп аталуы Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты өойылған. Бұл қорымнан 40тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр.

Бұл оба жерленген адам астау-саркофагқа салынған.Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар әр қатарда 4 аттан 4 өатар болып орналастырылған.Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен қапталған.Берел обасында тайпа көсемі, ру ақсақалы, ерекше беделді адам, бай немесе батыр жерленген болуы керек.

Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар да табылды. Адаммен қоса бұл обаларға аттары да бірге көмілген.

Берел мәдениетінің бір ерекшелігі ─ жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.Ыдыс жасаудың екі түрі бар. Оның бірі ─ мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, ал екіншісі ─ жатаған, жайпақ көзелер.

Берел кезеңінің соңында қола заттар азайып, темірден жасалған заттар көбейді.1998-1999 жылдары археолог-ғалым З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде нөмірі 11 оба толық ашылып,ғаламат олжа табылды. Оба үйіндісі сопақша балып, оның төбесі төмен қарай ойысып, шөгіп кеткен. Өорым шұңқырынан тік төртбұрышты етіліп қиюластырма жасалған қима қабір табылды, онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты. Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. 294 жылы жерленгенін анықтады. Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған. Қаңқа сүйектің әр жерінде киім-кешектің шірінді қалдықтары сақталған.

Обадан 13 жирен жылқы табылған.Сәйгүліктердің ат-әбзелдері ғана емес,жылқылардың терісі,жүні мен еті тұтастай сол күйінде сақталған.Тіпті жылқылардың ішкі құрылысы мен жеген жемшөбіне дейін бұзылмаған.Әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелеген әбзелдері бар.

2. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

Бірінші орыс революциясы кезінде ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.

1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті. Ондағы мақсат кадеттер үлгісімен қазақтың саяси партиясын құру еді. Ол партия қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті болатын. 1906 жылы Семей қаласында қазақтардың съезі шақырылды. Онда қабылданған негізгі бағдарламада дін бостандығы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қамтылды. Съезге қатысушылар сонымен қатар қазақ балалары үшін мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақстанға Ресейдің ішкі жағынан шаруаларды қоныс аудару үрдісін шектеу талаптарын да көтерді.

3. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

Міржақып Дулатов (1885–1935) – Алаш қозғалысының қайраткерi, көрнекті қазақ ақыны,жазушы, педагог, қоғам қайраткерi. Педагогикалық курстарды бiтiрген соң ауыл мектебiнде мұғалiм болып iстедi, орыс және батыс жазушыларының шығармашылығын өздігінше оқып үйрендi. М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкiметiмен тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алаш орда» үкiметiнiң бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты, А. Байтұрсынов пен бiрге құқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бiрiншi рет ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды.М. Дулатов өз әңгімелері мен өлеңдерң жарияланып тұрған бiрiншi қазақ журналы «Айқаптың» жұмысына белсене араласты. 1917–1919

жылдары «Қазақ» газетiнiң редакциясында, кейiнiрек «Ақ жол», «Еңбекшi қазақ» газеттерiнде жұмыс iстедi. Қазақ мемлекеттiк универ ситетiнде ұстаздық еттi. Саяси лирика шығармаларын жазған М. Дулатов Пушкин, Лер монтов, Шиллер шығармаларын қазақ тiлiне аударумен де айналысты.

1910 жылы жария ланған қазақ әдебиетіндегі бiрiншi роман «Бақытсыз Жамалдың» авторы. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы үшiн ақын бiр жарым жылын түрмеде өткізеді. «Азамат» өлеңдер жинағы мен «Терме» атты көркем-публицистикалық жинағымен де танымал. М. Дулатов Абай шығармашылығы, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсыновтардың мұралары, қазақтар мен қырғыздардың шығу тегi жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды. 1928 жылы М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркiнен айыруға үкiм етiлдi. Екi жыл түрмеде өткізіп, соңынан Соловецк лагерiне жер аударылды. Сонда 1935 жылы қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейiн ақталды.

БИЛЕТ

1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.

XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.

XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Қазақ балалары жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыгүні жертөлелерде оқытылатын. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытылды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер «талиб-улам» (білімге ұмтылушылар) немесе шәкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға және Еділ татарларына жалпы белгілі оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын және мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Медреселердің «мұғалімдеріне» келетін болсақ, олар негізінен алғанда дін жолын ұстанушылардың ұсынысы бойынша тиісті үкіметтік органдар бекітіп, тағайындаған молдалар болды. Бұл молдалар мешіттерде діни қызмет атқара жүріп, медреселердегі істерді басқарды және шәкірттерді оқытумен айналысты.

 

3. 1917-1918 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.

Құрылған уақыты Басшылары Саяси бағыттары
Қоқa н a втономиясы 1917 жылы қараша     Aлаш автономиясы 1917жылы желтоқсан   М.Тынышбаев,кейiн Мұстафа Шоқай   Әлихан Бөкейханов Кеңес өкіметін нығайту үшiн ескi буржуазиялық мемлекеттiк аппаратты қиратып, басқарудың жаңа, кеңестiк мемлекеттiк органын құру   Тәуелсіз,эволюциялық жолмен дамитын,ұлттық мемлекет құру

БИЛЕТ

Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.

Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.

Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.

 

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.

 

«Монғолдың құпия шежіресіндегі»деректерде бұл үш тайпаның меркіт, таңғұт, монғол тайпаларымен көрші жатқандары жайлы көп айтылады. Олардың бірде тату, бірде соғыс жағдайында болғандары туралы жазылған. Бұл үш тайпа өзара бір - бірімен бейбіт қатынаста тұра алмады. Сондықтан да біріккен, ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмады.

 

2. ХХ ғасырдың басындағы музыка өнері.

ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Қазақтың музыкалық және ән өнері Кеңес өкіметінің аса мән берген, қызушылығын тудырған нысанына айналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХХ ғасыр басындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

 

3. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.

Декреттің аты Қысқаша мазмұны
Бiтiм туралы Декрет   Жер туралы Декрет   «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы»   Барлық соғысушы халықтар мен олардың үкiметтерiне дереу әділетті демократиялық бiтiм жасасу жөніндегі келіссөздер бастау     Жерге жеке меншiк жойылып, бүкiл жер жергiлiктi Кеңестердiң қарамағына берiлді.     «Ресей халықтарының бөлініп, дербес мемлекет құруына дейiнгi ерiктi өзін-өзi билеу құқығы» еркі берілді.  

БИЛЕТ

1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлұма ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.

Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. Еңбек үш бөлімнен тұрады:

1)Борис Годунов билігін бейнелеу.

2)Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.

3)Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

 

2.ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәде- ниетiн зерттеуде Ресей ғалымдарының сiңiрген еңбегi зор болды.

Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкiлдерi көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлi кәсiп пен мамандық иелерi – ақын- жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрiгерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесiн отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негiздеуге де iшiнара қызмет еттi.

Қазақстанды зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi Орынборға, Омбыға, Ташкентке – Орынбор, Батыс Сiбiр және Тү ркiстан өлкелерiнiң әкiмшiлiк орталықтарына шоғырланды.

1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицерi Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстiк-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмiрi мен тұрмыс-тiршiлiгiнен егжей-тегжейлi құнды деректер берiлген.

Белгiлi тарихшы А.И. Левшин (1799–1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлiмнен тұратын зерттеу еңбегiн жазды. Осы бiрегей әрi iргелi еңбегi үшiн ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуiнде қазақ өлкесiнiң тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы аса маңызды мәлiметтер келтiредi.

Торғай облысының мал дәрiгерi А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздерi негiзiнде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық iргелi еңбек жазып қалдырды. Онда Кiшi жүздегi қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар толық сипатталған. Автор ХIХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар барысын және қалай жүргiзiлгенiн толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кiшi Қырғыз Ордасындағы орын алған, қазiр де iшiнара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезiнде орыс шенеунiктерiне қазақтың билерi мен сұлтандарынан дәстүрлi әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнiнде тапсырма беретiн. Ол сондағы жиналған материалдарды өңдеп, кiтап етiп шығарды.

ХIХ ғасырдың орта кезiнде М.М. Красовский «Сiбiр қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның cолтүстiк-шығыс аймағындағы қазақтардың өмiрiнен көптеген егжейтегжейлi тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәлiметтер келтiрiлген.

3.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.

Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері Аймақ Себептері
Бейбіт түрде Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасы     Большевиктер бастаған күштер қарулы қарсылық көрсетуге шамасы келмеді.
Қарулы күреспен Торғай, Орал, Семей, Жетiсу облыстары   Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым болды.

24-БИЛЕТ

1.Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.

Жетісу сақ қорғандарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Есік қорғаны. Есік қорғаны б.з.б. V- ІV ғасырда салынған. Ол Алматы қаласының шығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қорған 40-тан астам обадан тұрады. Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстары 1969-1970 жылдары жүргізілді. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. 1970 жылы археолог Кемал Ақышев Есік қорғанындағы қабірден 17-18 жас шамасындағы шошақ бөрікті сақ ханзадасының мүрдесін ашты. Бұл адам тарихқа «Алтын адам» деген атпен енді. Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен құстардың бейнесі өрнектелген. Бас киімде бейнеленген қанатты аттар – күн қозғалысын білдіреді. Қабірдің ішінен 4000-нан астам заттар табылған. Ол заттардың ішіндегі ең ерекшесі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған және «аңдық стильде» өрнектелген ағаш қынды қанжар – ақинақ. Б.з.б. V- ІV ғасырға жататын Бесшатыр қорымы   Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде, Шылбыр қойнауында орналасқан. Бұл қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады. Олардың ішіндегі ең ірісі - Үлкен Бесшатыр обасы. Бұл қорғандар - «патша қорғандар» деп аталады. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бесшатыр обаларынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылды. Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары. Олар Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан. Бұл ескерткіштердің салыну мерзімі б.з.б. VІІІ-V ғасырға жатады. Обаларды қазу барысында сыртын жылтыратқан ұзын мойынды қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары, ер-тұрман әбзелдері көптеп табылды. Сонымен қатар, обалардан табылған заттардың ішінде аң бейнесінде жасалған металл бұйымдар жиі кездеседі. Оның ішінде арыстан бейнесі көп табылған. Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштерін массагет тайпалары қалдырған. Арал өңірінде кездесетін сақ тайпалары ескерткіштеріне Шірік-рабад, Бәбіш-молда, Баланды жатады.

2.Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты әрі қарай не істеу қажеттілігін анықтап алу үшін ұлттың интеллигенция басшылары - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. ұйымдастыруымен Орынборда 1917 жылдағы 5-13 желтоқсанда II Бүкіл қазақ съезі болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер қатысты. Съезде: Сібір, Түркістан автономиясы және Оңтүстік- Шығыс одағы туралы, қазақ-қырғыз автономиясы, милиция, ұлт кеңесі, ұлт қазынасы, муфтилік мәселесі, халық соты, ауылды басқару және азық-түлік мәселелері қаралды. Елдегі саяси қиын кезеңде халықты аман сақтау үшін «уақытша халық кеңесі» түріндегі Алашорда үкіметін құрды. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алашорда үкіметінің төрағасы - Ә.Бөкейханов, ал астанасы – Семей қаласы болды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Бағдарламаның 10 тарауында мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, дін ісі, сот, ел қорғау, салық, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі қамтылған. Таптық емес, ұлттық мүддені жоғары қойған «Алаш» партиясының белсенді саяси қайраткерлері – қазақты ұлттық дербес мемлекетке біріктіріп, ел еткісі келді. Сөйтіп, «Алаш» көшбасшысы - Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар – ұлттық идея, ұлттық тұтастық қана мемлекет қалыптастыруға апаратын тура жол екенін көрсетті. Алашорда үкіметі – 1917 жылдың желтоқсанынан – 1920 жылдың наурызына дейін ресми билік құрды. Сонымен қатар 1917 жылғы қарашадан – 1917 жылғы ақпан айы аралығында М.Шоқай басқарған Түркістан автономиясы өмір сүрді. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кеткенмен Алаш қозғалысы 1939 жылға дейін «Жас Түркістан» журналы арқылы жалғастырды. М.Шоқайдың «Біз – құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз» - деген сөзі барлық Алаш қайраткерлерінің ойымен үндеседі. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің идеясын қуаттаған Күнбатыс Алашорда үкіметі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі 1918 жылғы 18-21 мамыр күнінде құрылып, төрт айдай өмір сүріп, қыркүйек айында таратылды. Оның жетекшілері – Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, Д.Күсіпқали т.б. болды. Олар мемлекет құрылымын, шекарасын белгілеп құрамына 30 қазақ болыстарын кіргізіп, өзінің рәмізі жасыл түсті жарты ай белгісі бар туын көтеріп, Жымпитыда земство банкін ашып, өз ақшасын шығарып, өзінің әскерін құрады. Ресейлік үлгідегі Ойылда юнкерлер мектебін, Жымпитыда прапорщиктер мектебін ашады. Жанша Досмұхамедұлы мен Халел Досмұхамедұлы Орталық Алашорданың атынан Мәскеуге барып, В.И. Ленинмен және И.В. Сталинмен жүзбе-жүз кездесіп, алаш автономиясын мойындау жөнінде келіссөз жүргізгені белгілі. Ж.Досмұхамедұлы Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, ресей мұсылмандарының атқару органы – Шура-и-исламның шешімімен осы органның төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Санкт-Петербургтың көпшілік кітапханасындағы Құран Кәрімнің алғашқы, толық нұсқасын В.И. Лениннің тікелей араласуымен алып, Орынбор, Уфа арқылы Ташкентке жеткізеді. Алаш зиялылары қоғамдық-саяси өмірді европалық-демократиялық саяси құндылықтарға негіздеуді мақсат тұтқанымен түрік, ислам әлемінен де қол үзбеген. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан Түркістан автономиясының басшылары М.Тынышбаев, М.Шоқай бастаған зиялылар тобы 1917 жылы наурызда құрылған «Шура- и-ислами» партиясына да кіреді. Ислам дінінің Түркістанмен Орта Азияның жергілікті халқының санасына берік орныққанда партия оларды біріктіруші фактор ретінде таныды. Жалпы қазақ съездерінде мектептерде дін негіздерін оқытуды жақтаған алаш зиялыларының көрегендігін 1918-1920 жылы Алашорданың Торғайдағы әскери бөлімін басқарған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сейдәзім Қадырбаев т.б. азамат соғысы кезінде елді, халықты аман алып қалуда қажырлы еңбек етті. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсенов 1918 жылы Шәуешекке барады. Ондағы мақсат – аласапыранында үркіп, Қытайға көшіп кеткен елдің жағдайын білу, көнсе елге қайта көшіру және Алашорданың ауқымын сол жақтағы елге де ұлғайту болады.

БИЛЕТ

1. Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар, Бастау, Ақтас, Сарытау, Ақшоқы, Өтеген, Бесшатыр, Қадырбай, Шормақ, Ащысу, Ақтерек, Мойынтоғай, Сартоғай, Диқан, Күрті, Қызылауыз,Тайғақ, Алтынемел, Капшағай, Қалқан, Алатөбе, Ақтас, Қараша, Шошкөқалы, Ұзынбұлак, Қызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұнқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі - бүйірінде ұңғымасы бар шұнқыр пайда болады, ол шұнқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік койылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.

Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.

2. Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді. Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.

 

3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Тыңайған жердің игерілуі 1954 жылы басталды.1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында Астық өндіруді арттыру, тың тәне тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылданды. Тың игеру негізінен Орал мен Сібірде, Солт Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. Қазақстанда жалпы 25 млн гектар жер жыртылды. Тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді. Тың игеру кезінде ұлттық маман кадрлар көбейді.Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды.Мәдени ошақтар пайда болды.Техниканы меңгеру басталды.Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнап,

басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді.Басқа салалардың дамуына әсер етті.

Одақ бойынша астықты аймаққа айналды. Алайда қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.

Қазақ мектептері жабылды.Демографиялық күйзеліс басталды.Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізіліп,мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.Топырақ эрозиясы күшейді.Жердің құнарлы қабаты желге ұшты.Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.Пайдакүнемдер көбейді.Тың игерудің осындай жақсы да жаман тұстары бола тұра, ол Қазақстанның сан ғасырлық тарихында маңызды орын алады.

БИЛЕТ

1. Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.

Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.

Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.

Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

2.Жаңа-елек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерiнiң наразылығын ашық бiлдiрдi. Олар Орынбор генерал-губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнiнде талай рет өтiнiш жасады. Бiрақ ол өтiнiштердiң орындалуына әзiлдi-кесiлді тыйым салынумен болды. Мұның өзi төзiмi таусылған жергiлiктi қазақтарды ашықтан-ашық қарулы көтерiлiске шығуға итермеледi. 1822 жылы табын руының батыры әрi биi Жоламан Тiленшiұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзенi бойындағы жерлердi қайтарып алу жолындағы күреске басшылық еттi.Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды. Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Әрбір шабуылдан кейін көтерілісшілер өздерінің соңында өртке оранған станицалар мен ауылдарды қалдырып, Қарақұмның терең қойнауыны сіңіп, бой тасалап кететін. Мұның өзі патша үкіметінің жазалаушы әскерінің көтерілісшілерге қуғын ұйымдастыруын қиындатты. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті.Бұлардың құрамында әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1835 жылы көтеріліс көтеріліс қайтадан бұрқ ете қалды. Ол Ор және Троицк бекіністерінің арасындағы кең – байтақ жерді Ресей империясының қазақтардан тартып алуына тікелей байланысты болды. Көтерілісшілерге Кіші жүз бен Орта жүздің жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын және қыпшақ рулары қосылды. Қазақтар шекара шебіндегі бекіністерге жүйелі түрде шабуыл жасап тұрды. Көтеріліске тағы да Жоламан батыр басшылық етті. Кейінірек олар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісіне барып қосылды.

Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті. 1825 жылдың көктемiнде Ресей империясының отаршылдық езгiсiне қарсы қозғалысты Қарқаралы округi қазақтарының басқарушы-сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрi-берi өткен керуендерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көштi. 1826 жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша өкiметiнiң әскерлерiне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келдi. Алайда олар жеңiлiп қалды. Саржан Кiшi жүз қазақтарының арасына көшiп кетуге мәжбүр болды. 1831 жылдың орта кезiнде патша өкiметiнiң құрамында 500 солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кеттi. 450 бейбiт тұрғын қаза тапты. Ондаған адам тұтқынға алынды. Кейiнiрек патша өкiметiнiң әскерлерi тықсырып, тиiсе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшiп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегiнен үмiттендi. Бiрақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екi арада шиеленiстi оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттiң билеушiлерi Саржанды және оның бауырлары Ержан мен Есенгелдiнi Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтiрдi. Ал 1840 жылы олардың әкесi Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты. Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерiлiс жеңiлiспен аяқталды. Өйткенi олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерiлiсшiлер патша үкiметiнiң жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлiмшелерiне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бұл көтерiлiстiң қазақ халқының ұлт-азаттық күресi тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң басталуына негiз қалады.

3.«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.

БИЛЕТ

1.Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.

Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.

2.Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қасым ханның ішкі саясаты:

1)Хан өзінің қасқа жолымен елдегі жағдайды түзеп, мемлекетті күшейтіп алды;

2)Қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.

3)Ұлыс басшылығына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлады;

4)ХVІ ғасырда Қасым хан ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты.

5)Қасым хандығының орталығы бастапқы кезде Сығанақ қаласы болды.

Қасым ханның сыртқы саясаты:

1)Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сада-саттық және дипломатиялық байланыс жасады.

2)Моғол ханы Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі қасымның Жетісудағы билігінің нығаюына себеп болды.

3)ХVІ ғасыр басында қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жөніндегі күрес.

Есім хан саясаты (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж.ж) саясатының ерекшелігі:

1)Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды

2)Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды

3)Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.

4)„Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:

Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті

Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты

Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

1)Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді

2)Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті

3)Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады

Есім хандығы, астанасы – Түркістан қаласы. Тұрсын-Мұхаммед хандығы, ордасы – Ташкент. Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды. Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-Мұхаммедтің іс-әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ хандарының арасында алауыздық күшейіп, 1627 ж. Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіреді.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп, Д.Қонаевтың орнына тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

БИЛЕТ

1. Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.

1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.

2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтеріліс Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін, қарсы күреске шыға алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

3. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.

Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері Азамат соғысының салдары Қазақстан аумағындағы майдандар
Өлке өнеркәсіп орындарының,темiр жолдардың жеткiлiксiздiгiмен,халықтың аздығы, аумақта төрт казак ә скерлерінің болуымен ерекшелендi. Күштердiң арасалмағыКеңес өкіметі үшiн қолайсыз едi. Сыртқы шекаралардың жақындығы(Синьцзян) Қызыл Армияның жауларына шекаралас аудандардаәскери базалар құруды жеңiлдеттi. Сонымен қатар орасан үлкенаумақта майдандардың шашырап орналасуы және майданныңбiрыңғай шебiнiң болмауы әскери операцияларды үйлестiрудi қиындатты.     Азамат соғысы мыңдаған адам өмірін қиды, кейбiреулерi отандарынан мүлдем айырылды. Экономиканың Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнен басталған құлдырауы күшейе түстi. Әр түрлi аудандардың, халық шаруашылығы салаларының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, қала мен деревняның арасындағы экономикалық байланыстар бұзылды. Азық-түлiк пен ең қажеттi бұйымдардың тапшылығы өткір сезiлдi, қағаз ақша (рубль) құнсызданды.Қазақстанда көмір өндіру,мұнай өндіру бірнеше есеге қысқарды. Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары

БИЛЕТ

1. Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Ұлы Дала төсіндегі түркі халықтары өмірінде ҮІІІ ғасырдан бастап Ислам дініні маңызды факторға айналды. Тарихтан белгілі, 961 жылы Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін деп жарияланғаннан бастап, бұл үрдіс тіпті қарқын алғаны белгілі. Ежелден бір құдайлықты қолай көрген тәңіршіл түркілердің ендігі өмір сүру салты исламмен тығыз байланыста болғанымен, жалпы ислам, соның ішінде Орта Азиядағы түркілік ислам ХІІ-ХІІІ ғасырларда рухани тоқырауды бастан кешірді. Бұл ислам дінінің өз ішіндегі консервативті бағыттардың күш алуы мен Ислам әлеміне Батыс пен Шығыстан қатар жасалған шапқыншылықтарына байланысты еді.

 

2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.

Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 миллион тонна көмір шығарды, бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 миллион тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы аудандарының кәсіпорындары жанармай шығаруды 39% - ға арттырды. Электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. Қазақстан еңбекшілері тылда "Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!" деген үндеумен майдан терлерін төге, күн демей, түн демей жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында балалар да жауды жеңуге өз үлестерін қосты. Олар майданға аттанған азаматтардың орнына тылда қажырлы еңбек етті.

Ыбырай Жақаев күріштен, Шығанақ Берсиев тары өсіруден рекорд жасады. Жазылбек Қуанышбаев төл алудан жоғарғы көрсеткішке жетті. Соғыс болып жатқан және жау қолында қалып қойған Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір аудандарынан 1941 - 1942 жылдары 220 зауыт, фабрика, цехтар көшіріліп әкелінді. Бұрын бейбіт өнімдер шығарған кәсіпорындардың барлығы дерлік енді соғыс өнімдерін шығаруға көшті. Қазақстан қорғасын өндіруден КСРО бойынша бірінші орынға шықты. Майданда атылған әрбір бес оқтың төртеуі Қазақстанның үлесіне тиеді. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.

 

3. Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны .

ҚҰДАЙБЕРДИЕВ Шәкәрім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, аудармашы. Шәкәрім есімі оқырмандарға XX ғасырдың соңғы онжылдығында қайта оралды. Оның шығармашылығы жөнінде айтылмауының бірнеше себептері (Абаймен туыстық жақындығы, Кеңес өкіметіне деген салқын көзқарас танытуы) болды. Шәкәрімнің әкесі Абайға аға болып келетін. Ерте жетім қалған ІПәкәрім Абайдың қамқорлығында болды. Жан-жақты терең білім, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін меңгеру Шөкерімге тек кана өдеби еңбектер ғана емес, тарихи, философиялык та-қырыптардағы еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Ол батыс философтары Огюст Кант, Артур Шопенгау-эр т. б. еңбектерімен танысып, олардың философия-лык көзкарастарын ой елегінен өткізді. Шәкәрім шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі өзіндік жаңа кұбылысқа айналды. Ақын әрі прозаик ретінде ғасырлар межесіндегі қазақ қоғамының өмір бейнесін көлемді түрде айқын бейнелеп, адамның ішкі дүниесіне терең талдау жасай білді. Оған дәлел - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартай-Айсұлу» поэмалары мен 1988 жылы ғана жарық көрген «Әділ-Мәрия» романының кейіпкерлері. Поэмаларында адамдар арасындағы үнемі болатын күрделі қарым-қатынастар мәселесі, ғашықтардың қайғылы тағдырлары суреттеледі. Шәкәрім табиғат көріністерін суреттеудің шебері, кайталанбас стилі бар жазушы болды. Шәкәрім шығармашылығындағы тұрақты күрделі такырып жазушы мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мәселесіне арналды. Ақын әдебиеттің міндетін адамның жан-жақты жетілуі мен адамгершілік идеалдарды сіңіре отырып, өмірді жақсартуға, қоғам мүдделеріне қызмет ету деп түсінді. 1930 жылы ол: «Өз ағайындарына деген жүрек жылуы, акыл-ойы, ар-намысы бар адамдар бірін-бірі қырып-жойып, бір-біріне жауыздық жасап өмір сүре алмайды» деген көреген жолдар жазып қалдырды. Ақын-ойшыл өмір ақиқатын танып-білуге ұмтылды. Бүл оның барлық шығармаларынан аңғарылып тұрады. Оның сан-салалы шығармашылық мұрасында Хафиз, Физули, Гарриет Бичер-Стоу, Пушкин, Толстой т. б. ақындар мен жазушылардың шығармаларынан жасаған аудармалары елеулі орын алады. Шәкәрім Құдайбердиев 1931 жылы Шыңғыс-тау тауына таяу жерде НКВД офицерінің қолынан қаза тапты.

30-БИЛЕТ

1. Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.

2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.

ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа, қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді. 1913 жылы қыркүйектен Петропавлда татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған, апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады. Маусым айынан бастап Семейде апталық басылым «Сарыарқа», Оралда «Ұран» газеті, Семейде «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Ташкентте пантүріктік және жәдит бағытындағы екі басылым – бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шығып тұрды.

3. Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Қағандар Жүргізген саясаты
Тардуш қаған Шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.
Шегу қаған Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды.
Тон қаған   Ордасын Мыңбұлақ (Цянь-цюань) деп атайтын жерге көшіреді. Әскерін жүз мыңнан асырып, теле тайпасын бағындырып, Иранды жаулап алуға қол жеткізді. Қол астындағы иеліктерге жаңа басшылар тағайындап, оларға сылифа (елтебер) деген титул берді. Сылифалардың іс-әрекетін қадағалап отыруды арнайы белгіленген ақсүйектерге тапсырды. Қытай императорымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оған қымбат сыйлықтар жіберіп тұрды және онымен Шығыс Түрік қағандығына қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасады.

Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 591; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!