Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия



Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия Уақыт тәртібі Временной режим
1 Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть 2 минут
2 Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия 3 минут
3 Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме 25 минут
4 Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала 40 минут
5 Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы 10 минут
6 Баға қою Выставление оценок 5 минут
7 Үй тапсырмасы Домашнее задание 5 минут

 

Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия

1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Студенттерді түгендеу.

Организационная часть

2. Оқытушының кіріспе сөзі. Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз: «Өзгергіштіктің негізгі формалары» сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу).

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)

 

3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Өзгергіштіктің негізгі формалары.

1. Өзгергіштік дегеніміз не?

2. Өзгергіштіктің қандай формаларын білесін?

3. Модификациялық өзгергіштік деген не?

4. Модификациялық өзгергіштікке мысал келтір?

5. Қай өзгергіштік формасы тұқым қуалайды?

6. Өзгермелі нұсқалар қатары дегеніміз не?

Актуализация опорных знаний, над которыми бучающиеся работали     дома по теме:

 4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.Мутациялардың себептері мен жиіліктері.

Изложение нового материала.

1. Мутация туралы түсінік.

2. Мутацияның шығу тегі мен себептері

3. Мутацияның түрлері

4. Мутагендер

1. Мутация (лат.mutation - өзгеру) – деп табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. «Мутация терминін алғаш рет» 1903 жылы Голландия ботанигі Г.Де Фриз өсімдіктерде кенет пайда болатын және ұрпаққа тұқым қуалайтын өзгерістерді белгілеу үшін ұсынды. Мутацияның генотиптің өзгеру сипаты бойынша гендік, хромосомалық, геномдық түрлерін ажыратады. Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті. Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.

2. Шығу тегі жағынан мутацияның 2 түрі болады. Спонтанды деп организмдерде қалыпты (табиғи) жағдайда пайда болатын және көзге көрінбейтін мутацияларды, ал индукцияланған деп клетканы немесе организмді мутагенді факторлармен өңдеу арқылы туындайтын мутацияларды айтады. Спонтанды мутациялардың индукцияланған мутациялардан негізгі айырмашылығы спонтанды мутация жеке дамудың кез келген кезеңінде туындауы мүмкін. Мутацияның кеңістіктегі кездейсоқ сипатына келсек, онда спонтанды мутация кез келген генді немесе хромосоманы зақымдауы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы спонтанды мутацияны себепсіз пайда болады деп есептеді, бірақ-та қазір басқаша түсінік қалыптасқан, яғни спонтанды мутациялар себепсіз пайда болмайды, олар клеткадағы өтетін табиғи процестің нәтижесі деп қарайды. Олар Жердегі табиғи радиоактивті жағдайға байланысты ғарыштық сәулелер, Жер бетіндегі радиоактивті элементтер, радионуклидтер және ДНҚ молекуласының репликациясының бұзылысы нәтижесінде мутацияға байланысты. Жердің табиғи радиоактивті жағдайы ДНҚ молекуласында негіздер тізбегінің өзгерісіне экеледі немесе индукцияланған мутацияны шақырады.

Мутант дегеніміз –мутацияға ұшыраған ағза. Мутантты организмдер (мутанттар) — өздерінің геномында бір немесе бірнеше мутация болатын организмдерді айтады. Мутантты организмдер қалыпты организмдерден (жабайы организдер) айтарлықтай айырмашылықтары, яғни морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да айырмашылықтары болуы мүмкін. Мысалы, микроорганизмдерде мутация олардың колониясының пішінінің өзгерісімен, тамақтану қажеттілігімен, дәрілік заттарға реакциясымен және т.б., ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде сандық және сапалық белгілердің өзгерісімен сипатталады.Насекомдарда мутанттар қалыпты насекомдардан денесінің, қанатының, аяқтарының, көзінің пішіні және түсі бойынша, жарыққа реакциясы және т.б. қасиеттерімен ажыратылады.Сүтқоректілерде де мутация көптеген сандық және сапалық белгілердің өзгерісіне әкеледі.Адамда мутация қалыптан тыс әртүрлі ауытқуларға әкеледі және тұқым қуалайтын патологияға соқтырады.Жалпылама түрде, мутация организм үшін қатерлі, пайдалы және нетральды болуы мүмкін. Табиғатта кездесетін мутанттар сол түрге жататын организмдер сияқты сол түрдің өкілі ретінде қалатынын естен шығармау керек.

3. Генотиптің өзгеруіне байланысты мутацияның 3 түрін ажыратады: гендік немесе нүктелік, геномдық, хромосомалық.

  Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия – хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2)анеуплоидия – хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия – диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.

Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Хромосомалық мутация түрлері: делеция, дупликация, транслокация. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

  Гендік мутация - ДНҚ молекуласының ултрафиолет сәуленің әсерінен өзгеріске ұшырауы

Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды. Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті сақталмайды. Гендік мутация кезінде ағза үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір геннің өзгеруінен ағзаның бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді (плейотропия). Гендік мутация доминантты (басыңқы),жартылай доминантты және рецессивті (басылыңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл өзгерістер ағзаға әр түрлі физикалық, химиялық факторлар – мутагендердің әсер етуінен пайда болады. Мысалы, радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А. Надсон (1867 – 1940) мен Г.С. Филлипов ашты. 1927 ж. АҚШ ғалымы Г.Меллер (1890 – 1967) жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Мутация көпшілік жағдайда ағза үшін зиянды болып келеді. Бірақ кейбір мутациялар ағзаға пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы, гендік мутация (табиғи және қолдан сұрыптауға қажетті негізгі материал береді) өсімдіктер, жануарлар және микроазғаларды сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады. Мутация организмнің жеке дамуының барлық кезеңдерінде пайда болады және ұрықтануға дейін және кейін де жыныс клеткаларындағы гендер мен хромосомаларға зақым келтіреді. Сондай-ақ соматикалық клеткаларға да, яғни клеткалық циклдің кез келген фазасында әсер ете алады. Сондықтан клетка типіне байланысты көрінетін мутацияларды генеративті және соматикалық деп бөліп қарайды.

Генеративті мутациялар гентиальды және жыныс клеткаларында пайда болады. Егер де мутация гентиальды клеткада жүретін болса, онда мутантты ген бірден бірнеше гаметаларға таралады, яғни мутацияға ұшыраған ұрпақтардың пайда болау жиілігі өседі. Егер де мутация гаметада болатын болса, онда ұрпағында тек бір ғана дара мутацияға ұшырайды. Жыныс клеткаларындағы мутация жиілігіне организмнің жасы негізгі әсерін тигізеді.

Соматикалық мутация организмдердің соматикалық клеткаларында кездеседі. Жануарларда және адамдарда мутациялық өзгерістер тек осы срсатикалық клеткаларда сақталады. Өсімдіктерде, вегетативті көбеюіне байланысты мутация соматикалық ұлпалардан тысқары да таралуы мүмкін. Мысалы, алманың әйгілі қыстық сорты «Делишес» соматикалық мутация нәтижесінде пайда болған, яғни бөліну кезінде мутантты типке тән бұтақтардан түзілген. Әрі қарай вегетативті жолмен осы сорттың қасиетіне тән өсімдік алынды.

     4. Мутагендер - физикалық және химиялық факторлар. Олардық әсерінен организмде пайда болатын мутациялар саны табиғи мутациялар санынан көп жоғарылайды. Физикалық мутагендерге иондайтынсэулелердіқ барлық түрлері, УФ-сәулесі, жоғары және төмен температура жатады. Химиялық мутагендерге кептеген алкилдейтін заттар, азот негіздерінін егіздері, кейбір биополпмерлер (нуклеин қышқылдары), алкалоидтар т. б. жатады. Мутациялар санын жүздеген есе үлкейте алатын мутагендерді супермутагендер деп атайды. Көбіне М. концерогенді және тератогенді болады. Көп елдерде жаңадан түзілетін химиялық қосылыстардық мутагендік касиетін тексеретін арнайы орындар құрылған.

5. Жаңа тақырыпты бекіту жалпылай сұрау түрінде өткізіледі.

1. Мутация терминін енгізген ғалым?

2. Геномдық мутация дегеніміз қандай мутация?

3. Гендік мутация түрлерін ата?

4. Хромосомада орналасуына байланысты мутация түрлері?

5. Цитоплазмалық мутация дегеніміз не?

Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.

6.Баға қою__________________________________________________

Выставление оценок

 

7.Үй тапсырмасы.

Тақырыбы: Мутациялардың себептері мен жиілігі.

Пайдаланаған әдебиеттер: (1).Т.Қасымбаева,

К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 223-225 беттер оқып, мазмұндау.

Домашнее задание.

Тема:

Литература:


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 183; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!