Созылмалы паренхиматозды паротит 5 страница



Аллергиялық реакциялар:

Есек жем. Нерв жүйесі функциясы бұзылған кезде пайда болады. Анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.

       Емі. Димедрол, борм ішу кұн сайын 0,1% 1 мл-ден тері астына адреналин геу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады.

       Квинке ісігі теріде, кілегеі қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.

       Емі. Тері астына атропин, венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі, 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.

       Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі Х.П. Шустердің (1989) қорытындылауы бойынша, а) науқас жағдайының қиындағаны туралы хабар; б) шығу себебі мен бейімдейтін жағдайларға қарамастан, организмнің өте қиын халде болуы; в) жарақат ауруының басталуы; г) организмнің жарақатқа жауап әрекеті. Даму себептеріне байланысты шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық, кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі. Новокаиннің анафилактикалық шок тудыратын дәрілердің ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну өзінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық ауруы бар немесе жақын туыстарының бірінің аллергиялық анамнезі ауыр болған науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды түрлері бар. Ол жай түскендей, ауыр, орташа, жеңіл болып бөлінеді. Белгілі түрінде – кейбір адамдар дәріні енгізген соң біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қол-аяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады, терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке қарай жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы сезілген ыңғайсыз жағдай ішінің шаншуына ұласып, лоқсу күшейіп науқас құса бастайды. Кейбірулердің іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде тыныс тарылса, кейде асфиксия болады.

       Шоқтың басқа түрлерінде бір ағзаның жаралануы айқын білінеді. Шок жай түскендей немесе ауыр жүрген жағдайда науқасты тез арада жоғалтып алу қаупі төнеді. Ал шоктың орташа, жеңіл өткен түрлерінде жаңағы аталған белгілер білінеді.

       Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге қарсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлоид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданылады. 5% 100-120 мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса, 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер венаға жіберіледі. Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер бермейді. Сонымен қатар оттек ингаляциясы жасалады.

       Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе жүйесі реанимацияланады. Анафилактикалық шокты бастан кешкен науқастар жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарынан болатын асқынулардың алдын алу үшін арнайы бөлімдерде жатады. Мұқият зертегі талданған аллергологиялық анамнез асқынулардың алдын алуға жол ашады.

       Идиосинкразия. Қазір жергілікті анестетиктерге идиосинкразия көбірек ұшыраса бастады. Оның белгілері: теріде қызыл дақтардың пайда болуы, қышу, ыстықтап барып терлеу, кейде бет-ауыздың көгеруі, талу.

       Аталған жайларды жою үшін венаға 1% 1-2 мл димедрол, яғни 2,5% 1-2 мл пипольфен, супрастин ерітінділерін 10% - 10,0 мл хлорлы кальцийге араластырып жібереді. Науқасты жатқызып, оның тамырын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалайды. Жағдайы нашарлай бастаса жедел реаниматорды көмекке шақырады, себеі, организмнің анестетикке сезімталдығы өте жоғары болса, алғашқы белгілер өрістеп коллапс, анафилактикалық шокқа жалғасуы ықтимал. Терідегі қызыл дақтар жайлап өшіп науқас жағдайы қалыптаса бастаса 1 сағаттың ішінде үйіне қайтаруға болады. Науқасқа қай анестетикке реакция болғандығы жайлы ескертеді. Сырқатнамасының бірінші бетіне жаңағы анестетикті көтере алмайтыны жайлы белгі қояды.

Алдын алу.  Науқасқа бір кездерде жағымсыз әсер еткен дәрілерді сынап көру. Бірнеше рет анестетик қолданылатын науқастарға алдын ала (3 күн бұрын) гистаминге қарсы дәрілермен (пипольфен, димедрол, супрастин) премедикация жасалады.

Новокаинмен, тримекаинмен улану. Организмге новакаин мен тримекаинді белгілі мөлшерден артық ендіру улануға соқтырады. Улану орталық нерв жүйесін қоздырады, содан кейін оның қызметін тежеп коллапсқа, тыныс алу мен жүрек қызметін тоқтатуға соқтырады. Уланудың жеңіл түрінде науқас лоқсып, басы айналады, ыстықтап, аяқ-қолының еті тартылады. Уланудың ауыр түрінде бұл аталған жайларға нерв жүйесінің қозуы, тырысу қосылады. Көп кешікпей қозу тоқтап, тежеу басталып тыныс алу тоқталады. Қозу мен тежеудің тез алмасуы бірнеше минут ішінде болуы мүмкін.

Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныш халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде венаға тез әсер ететін барбитураттар (13% 1-2мл тиопентал натрий) жібереді. Барбитураттар анестетик күшін азайтып оның улану әсерін тежейд. Қажет жағдайда 10-20 минуттан соң барбитураттарды қайтадан венаға жіберуге болады. Тыныс алу нашарлағанда (респиратор арқылы) күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрілерді қолданамыз. Улы организмнен айдап шығу үшін тездетілген диурез (маннитол, лазикс) қажет.

Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.

Жергілікті асқынулар. Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестетиясының кез келген түрінде ине сынуы мүмкін. Ине көбіне канюляның түбінен сынады. Ол коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда немесе анестезияны инені күштеп жылжытып жасағанда сынады.

Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп отыру, нысанаға жеткенде сыртта 1 см-дей қалатындай ұзынынрақ инені қолдану, анестезия техникасын дәл орындау.

Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін бірнеше проекцияда рентген суреттері түсіріледі. Ине ешқайда жылжымай бір орында қалып, тұрған жері ауырмаса аса қауіп тудырмайды уақыт өте келе капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны стационарда хирург операция кезінде алып тастайды.

Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы.  Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, анестезия техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін. Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келедк. Гематома өздігігнен ыдырап тарайды немесе іріңдейді.

Алдын алу. Жақсы инелерді пайдалану, инені жылжытқанда сүйекті жағалап ине алдына анестетик жіберіп отыру. Бұл асқыну туберал анестезияда жиі кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана жасау.

Емі. Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып таңу, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық қолданылады. Іріңдеген гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, денсибилизация дәрілерін тағайындайды.

Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының тарылуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағарып кетеді. Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Инфраорбитал, ментал анестезияларда жиі кездеседі.

Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы нерв пен бірге оның маңындағы нервтер жаралануы мүмкін. Эндоневрал анестезиясы кезінде ине нерв талшықтарын үзіп, жыртып кетуі белгілі симптомдар (парестезия, ауыру, температура тактилді сезімдердің төмендеуі) арқылы білінеді. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады. Осы сияқты инфраорбитал анестезиясы кезінде бет нервінің ұрт пен бет тармақтары жансызданады. Үшкіл нервтің жарақаты күннен айларға созылатын парестезия мен невралгия түрінді болып, оның тармақтарының тітіркенуі бет нерві мен симпатикалық нервтерге тарауы мүмкін.

Алдын алу. Үшкіл нерв пен оның маңындағы нервтердің жақ пен бет топографииясын жете білу, жақсы инелерді қолданып, анестезия техникасын мүлтіксіз орындау.

       Эндоневральды жарақаттарда невритке қолданылатын ем (физиотерапия – УЖЖ, соллюкс, аналгетиктер, витаминдер) жасалады. Дәрінің әсерінен болған парез өзінен өзі кетеді, оған ем қажет емес.

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігердің олақтығының салдары болып табылады.

Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қосотығы т.б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрілердің ұқыпсыздығының салдары. Бұл қателіктің алғашқы белгісі – дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.

Алдын алу. Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында этикеткасына назар аударып, органолептиктік тексеру (дәмі, иісі, түсі), новокаинге Лукомский сынағын жасау.

Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық ерітіндімен (80-120-150 мл) блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек. Іріңдеп некроз болмауы үшін антибиотиктер қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап тұрады.

Инфекция ендіру. Асептика ережелері бұзылғанда (анестетик, ине, шприц стерилді болмаса) абсцесс, флегмона, қан тамыры нерв жараланғанда қабыну процессі басталады.

Алдын алу. Асептика шарттарын қатаң түрде сақтау (ерітінді,инструменттер, дәрігердің қолы, операция аймағы стерилді болуы керек). Ине шаншудан бұрын ауызды әлсіз антисептик ерітіндісімен шайып, ине шаншитын жерді йод ерітіндісімен залалсыздандырады.

Емі. Қабыну процесстерінің жалпы емі жүргізіледі.

Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы) мандибуляр, торусал анестезияларында кездеседі. Асқыну қант тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.

Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.

Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.

Таңдайдың кілегей қабығының некрозы. Жаңылысып басқа ерітінділер енгізумен бірге, анестетикті көп мөлшерде (1,0 мл-ден артық) жіберсе де (кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен ажырап кетуі мүмкін) болады. Сүйек қабығының ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ таңдаймен сүйектің некрозына соқтыруы мүмкін.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.

Жұмсақ таңдай парезі. Палатинал анестезия кезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен артқа енгізгенде шектен тыс көп анестетик жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып, құсып, жөтеліп, таңдайда бөгде зат бар сияқты сезінеді.

Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, анестезия техникасын бұзбау.

Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең тыныс алу, операцияны тез аяқтау.

Мұрын түбінің кілегей қабығының жаралануы. Күрек тістер анестезиясында инені 0,3-0,5 мм-ден терең енгізгенде болады. Қан ағуы мүмкін.

Диплопия. Қосарланып көріну инфраорбиталды анестезия кезінде инені тереңдетіп сұғудан, көп мөлшерде анестетик жіберуден келіп шығады.

Алдын алу. Инені өзек ішінде 7-10 мм-ден артық сұғуға, 0,5-0,75 мм-ден артық анестетик жіберуге болмайды.

Емі. Асептика бұзылмаса ешқандай емнің қажеті жоқ.

Көз алмасының жаралануы. Инфраорбитал анестезиясы кезінде ине өзекке тым терең бойлата сұққанда немесе инені өзекке емес, көз шарасының төменгі қырынан жоғары сұққанда болады.

Инъекциядан кейінгі ісік пен аурулар. Дәрінің дұрыс даярланбауынан (ерітіндіні изотоник емес жай суда даярланғанда), анестетикті сүйек қабығының астына жібергенде, ұзақ уақыт тұрып қалған анестетиктерді қолданудан келіп шығады.

Алдын алу. Анестетиктер жааңадан даярланған болуы, анестезия кезінде сүйек қабығын жараламау, иненің сүйекке жанай қозғалуы қажет.

Анестетиктердің жергілікті зиянды әсері (ісік, дерматит) жиі және ұзақ уақыт теріге анестетиктердің әсерінен туады (медицина мамандарында кездеседі). Кейбір тым сезімтал науқастарда новокаин жіберген жерде дерматит байқалуы мүмкін егер анамнезде анестетиктерді көтере алмайтыны белгілі болса, онда алдын ала организмнің анестетикке сезімталдығын анықтап алған жөн. Содан кейін қажет болса басқа анестетик қолданылады.

 

10. Жергілікті анестезия кезіндегі асқынулары. Нақтамасы шұғыл көмек көрсету, емдеу. Алдын алу. 9-ші сұрақпен бірдей

11. Бетке және ауыз қуысына ота жасау кезінде қолданылатын күшейтілген жергілікті жансыздандыруға сипаттама беріңіз

Жергілікті жансыздандыруды күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтұқыш заттар адреналин, норадреналин, вазопрессин аз мөлшерде жансыздандыру дәрілеріне қосылады.

Адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісі бір реттік жоғары мөлшері тері астына жіьергенде 1 мл, немесе 16-20 тамшы. Адреналинді жансыздандыру дәрілеріне қосқанда мынадай қатынасты сақтау қаже: 5-10 мл анестетикке-1 тамшы. 100мл анестетикке 2-3 тамшы. Жансыздандыру дәрілеріне қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, жансыздандыру дәрілерінің тез тарап кетуін баяулатады. Сонымен қатар ота кезінде қан ағу азаяды. Анестетиктін күшін артырғанымен адреналин қан қысымын көтеріп жіберуі мүмкін, бронх бұлшықетінің тонусын босатып ентігу, жүректін жұмысын тездетіп, жүрек аритмиясына ікеп соқтырады. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 134; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!