Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.



Гаджиев К.С. Введение в политическую науку.- М.,2001.

Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Введение в политологию.- А.,2000

Мухаев Р.Т. Политология.Учебник для ВУЗов.- М.,2000

Пугачев В.П. Политология. – М.,2001

 

Сабақ № 2 Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Ежелгі дүниедегі саяси ойлар (ежелгі Қытай, Грекия, Рим, Үндістан)

2. Орта ғасырлардагы саяси ойлар

3. Қайта өрлеу мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар

4. Қазіргі кезендегі саяси ойлар

 Сабақтың мақсаты: Әр кезеңдердегі саяси ойлардың саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесін түсіндіру. Антикалық, ортағасырлық, Қайта өрлеу мен жаңа замандағы, қазіргі кезеңдегі саяси ойлардың қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары

1. Саяси ғылымның тарихын оқып білудің маңызы неде?

2. Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды.

3. Платон мен Аристотель жекеменшікке қалай қарады?

4. Платон мен Аристотель мемлекетті басқарудың түрі ретінде демократияға не себепті қарсы болды?

5. Орта ғасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?

6. Батыс Евродағы қайда өркендеу дәуіріндегі процестермен қазіргі

біздің елдегі саяси процестердің арасындағы ұқсастық бар ма? Болса

қандай?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Саяси психология саясатта да, психология да қатысы бар екеуінің арасынан шыққан ғылым.
2 Саясат субъектілері іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ.
3 Анархизм жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік – саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоцияцияларымен алмастырғылары келеді.
4 Аристократия 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы. 2) Ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттің басқару түрі.
5 Бюрократия істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу.
6 Демократия халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың тендігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланылып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғауын шешім қабылдағанда азшылықтың кқпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және тағы басқа қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрлыс түрі.
7 Диктатура қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
8 Олигархия саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем таптың өзі.
9 Охлократия қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай, мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген қара тобыр билігі.
10 Плебисцит ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:                                                                                                                                                                                                                                                                          

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Реферат тақырыптары:

1. Саяси ілімдер тарихындағы қоғамдық келісімдер мен табиғи құқықтар тұжырымдамасы.

2. Ежелгі Шығыстағы саяси көзқарастар (буддизм, конфуцизм, даосизм, легизм)

3. Исламдық ой пікірлер.

4. Орта ғасырлардағы Шығыстағы саяси көзқарастар (әл- Фараби, Низами, Әлішер Науаи). 

5. Ресейдегі утопиялық социализм идеясы (Герцен, Белинский, Чернышевский, Добролюбов).

6. XIX – XX ғ.ғ. Қазақстан ойшылдарының әлеуметтік саяси көзқарастары ( А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов).

7. И.Кант және Г.Гегель саяси көзқарастарының ерекшеліктері.

Блиц-тест

1-тест. Биліктің патерналистік тұжырымдамасының авторы:

А) Платон;

Б) Аристотель;

В) Конфуций;

Г) Каутилья;

Д) Сократ;

2-тест. Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы:

А) Платон;

Б) Аристотель;

В) Шан Ян;

Г) Цицерон;

Д) Вольтер

3-тест. Шығыстың ойшылы, «Қайырымды қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

А) Ибн-Рушда;

Б) Навои;

В) Низами;

Г) әл-Фараби;

Д) Конфуций.

4-тест. Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі:

А) аристократия;

Б) тирания;

В) олигархия;

Г) полития;

Д) демократия.

5-тест. Діни және ақсүйектер сферасын бөлуге келетін «екі патшалық» туралы ілімді қалыптастырған орта ғасырдағы саяси ойшыл кім?

А) Томас Мюнцер;

Б) Мартин Лютер;

В) Ян Гус;

Г) Жан Кальвин;

Д) Фома Аквинский.

6-тест. Орта ғасырдағы ойшылдардың қайсысы Батыс елдерінің басым көпшілігінде қоғамдық-саяси өмірдің ерекше сипаты болып табылатын протестанттық этиканы даралықпен (индивидуалдықпен) үйлестірудің негізін қалаған?

А) Жан Кальвин;

Б) Гуго Гроций;

В) Иеремия Бентам;

Г) Аврелий Августин;

Д) Фома Аквинский.

7-тест. Жер бетінің мәселелеріне белсенді араласу қай діннің теориялық принципіне жатады?

А) христиандық;

Б) ислам;

В) индуизм;

Г) иудаизм;

Д) буддизм.

8-тест. Саясат туралы ілімнің негізін салушы:

А) Каутилья;

Б) Аристотель;

В) Сюн-Цзы;

Г) Мо-Цзы;

Д) Лао-Цзы.

9-тест.  «Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген имморализмдік саясаттың аталуы:

А) макиавелизм;

Б) бонапартизм;

В) волюнтаризм;

Г) ұлтшылдық;

Д) сепаратизм.

10-тест. Утопиялық социализм теориясының негізін салушы:

А) Т.Кампанелла;

Б) Т.Мор;

В) Ж.-Ж. Руссо;

Г) А.Радищев;

Д) О.Конт.

11-тест. Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы:

А) Д.Локк;

Б) Т.Гоббс;

В) Ж.Боден;

Г) Э.Бёрк;

Д) М.Вебер.

12-тест. ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А.Құнанбаев;

Б) Ы.Алтынсарин;

В) Ш.Уәлиханов;

Г) Шортамбай;

Д) Ш.Құдайбердиев.

13-тест. Либерализм идеологиясының негізін салушы:

А) Г.Спенсер;

Б) Ж.Боден;

В) Г.Тард;

Г) Д.Локк;

Д) Э.Гидденс.

14-тест. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы:

А) Д.Локк;

Б) Э.Дюркгейм;

В) Ш.Монтеське;

Г) К.Маркс;

Д) Э.Бёрк.

15-тест. Қазақ ойшылы, «Түркістан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» кітабының авторы:

А) А.Байтұрсынов;

Б) Т.Рысқұлов;

В) А.Бөкейханов;

Г) М.Шоқаев;

Д) М.Дулатов.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений. М., 1994.

2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. –

А., 2004.

3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

4. Антология мировой политической мысли: В 5т. – М.,1997.

5. Баскин Ю. Я. Очерки по истории политических учений. Л., 1991

6. Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Николо Макиавелли. М.,1977.

7. Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко – теоретический

аспект. Л., 1985.

8. Демидов А.И., Федосеев А.А. Основы политологии. М.,1995.

9. Козарев Г.И. Политология. М., 2002.

 

Сабақ № 3 Қазақ халқының саяси ойларының тарихы

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.

2. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі.

3. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.

4. XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.

5. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының саяси ойларының ерекшеліктерін анықтау, оның мәнін ашу, XV–XX ғ. қазақ халқының саяси ойының  даму тарихынан хабардар ету. Студенттердің ой өрісін, халық даналығынан сусындата отырып  дүниетанымын кеңейту. Қазақ ойшылдарының шешендік сөздері мен өсиеттерін тағылым ете отырып, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ саяси ой-пікірлерінің қандай ерекшеліктері бар?

2. Қазақ халқының саяси ой-пікірлері бастауын қайдан алады?

3. Қазақ қоғамындағы ақын – жырау, би – шешендердің орны қандай болды?

4. Билер институты жөнінде не білесіз?

5. Ағартушылық саяси ойларының мәні неде?

6. Алаш зиялыларының саяси ойларының саясаттанудың дамуындағы орны қандай?

7. Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарасының ерекшеліктерін атаныз?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 “Көшпенділер философы” - Ш. Уәлиханов Асан Қайғыны осылай атаған. Толық аты - Хасен Сәбитұлы (XV ғ) аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының асқан ойшылы.
2 Ағартушылық – XIX ғ. бірінші жартысы мен XX ғ. басында қоғамдық сананың дамуында жетекші роль атқарған ой.
3 “Адам бол!” – Абайдың этикалық – гуманистік принципі.
4 Экзистенциалдық – (лат.өмір сүру, тіршілік ету деген сөзден шыққан) қазақ философиясының бір ерекшелігі. Қазақ дүниетанымында өмірдің мәні, өмір мен өлім, адам болмысы т.б. экзистенциалдық ұғымдарға терең мән беріледі.
5 “Мен” - философиялық позиция. Қазақ философиясында билер мен шешендердің, ақын – жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ойын, түсінігін ”Менін” паш ете отырып, өздерін ақыл – ойдың субъектісі ретінде көрсетуі.
6 Толеранттық басқалардың пікіріне,сеніміне шыдамдылық көрсету,саясатта алуан пікірді ,оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне және оның ой-пікіріне түсіністікпен қарауға мүмкіндік береді.
7 Футурология адамзаттың, әлеуметтік процестердің болашағын болжайтын білімдер мен әдіс-тәсілдер жиынтығы.
8 Дәуір қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
9 Менталитет 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамны, топтың,таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
10 Өркениеттілік 1) қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) мәдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?                                                                                                                                                                                                                                                        

Реферат тақырыптары:

1. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

2. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінігі.

3. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын.

4. Абай Құнанбаевтың саяси көзқарастары.

5. Алаш зиялыларының саяси көзқарастары.

6. ҚР саясатттану ғылымының зерттелуі мен дамуы.

7. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері.

  

Блиц-тест

1-тест. Шығыстың ойшылы, «Қайырымды қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

А) Ибн-Рушда;

Б) Навои;

В) Низами;

Г) әл-Фараби;

Д) Конфуций.

2-тест. ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А.Құнанбаев;

Б) Ы.Алтынсарин;

В) Ш.Уәлиханов;

Г) Шортамбай;

Д) Ш.Құдайбердиев.

3-тест. Қазақ ойшылы, «Түркістан Кеңестер билігінің қол астында (пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» кітабының авторы:

А) А.Байтұрсынов;

Б) Т.Рысқұлов;

В) А.Бөкейханов;

Г) М.Шоқаев;

Д) М.Дулатов.

4-тест. «Соттық реформаның хаты» атты шығарманың авторы:

А) А.Құнанбаев;

Б) А.Байтұрсынов;

В) А.Бөкейханов;

Г) Ш.Уалиханов;

Д) Ы.Алтынсатин;

5-тест. XIX ғасырдағы Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А. Құнанбаев;

Б) Ы. Алтынсарин;

В) Ш. Уәлиханов;

Г) Шортанбаев;

Д) Ш. Құдайбердиев.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений. М., 1994.

2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

4. Антология мировой политической мысли: В 5т. – М.,1997.

5. Баскин Ю. Я. Очерки по истории политических учений. Л., 1991

6. Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Николо Макиавелли. М.,1977.

7. Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко – теоретический

аспект. Л., 1985.

8. Демидов А.И., Федосеев А.А. Основы политологии. М.,1995.

9. Козарев Г.И. Политология. М., 2002.

Сабақ № 4 Билік саяси феномен ретінде

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Билік қоғамдық құбылыс ретінде. Шығуы, мәні, билік концепциясы.

2. Саяси билік жүйесі. Саяси биліктің негізгі элементтері мен принциптері.

3. Мемлекеттік билік және саяси режимдер. Саяси режимдер типологиясы.

 Сабақтың мақсаты: Студенттерге билік ұғымын түсіндіру, оны жүзеге асырушы әдістер мен тәсілдер жиынтығына шолу жасай отырып саяси режимнің нақты түсінігін меңгеруге дағдыландыру. Саяси және мемлекеттік билік туралы білімді беру арқылы логикалық ойлау жүйесін арттыру, саяси оқиғалар мен процестерге өзіндік бағалау мүмкіндігін қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары

1. Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма?

2. Биліктің қандай анықтамаларын білесіз?

3. Биліктің қорына нелер жатады?

4. Егемендік деген не?

5. Биліктің легитимділігіне не жатады?

6. Билік легитимділігінің қандай түрлерін білесіз?

7. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмасы неде?

8. Қазіргі Қазақстандағы билік легитимділігінің түрі қандай?

9. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай түрлерін

пайдаланады?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Автократия бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқаруды немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады.
2 Бедел саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы.
3 Биліктің тармақталуы демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін, бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін мемлекеттік билікті оның субъектілеріне қарай заң шығарушы, атқарушы және сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.
4 Геронтократия ақсақалдардың билік жүргізу принципі, сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған саяси тәртіп.
5 Деспотия шексіз және дара билеудің бір түрі.
6 Билік 1) бір адамдардың іс - әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың бедел, жігер, құқық,зорлықтың көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкіметтілігі бар қызмет адамдары, органдары.
7 Легитимділік халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. М.Вебер легитимділіктің үш түрін көрсетті: 1) әдет-ғұрып легитимділігі; 2) харизматикалық легитимділік; 3) ақыл-парасат, құқық легитимділігі.
8 Харизматикалық билік өзінің ерекше ақылдылығымен, батырлылығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамның билік жүргізуі. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Харизма – ежелгі грек тілінде «құдай сыйы» деген ұғымды білдіреді.
9 Заң шығарушы билік заң шығарумен, оны бекітумен, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік.
10 Атқарушы билік биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Биліктің жіктелуі (толтырыныз):

• қызмет ету саласы бойынша:

саяси                                                                                                                                                                                                                                

идеологиялық                                                                                                                                                                                                                  

әлеуметтік                                                                                                                                                                                                                        

экономикалық                                                                                                                                                                                                                 

құқықтық, заңдылық, соттық                                                                                                                                                                                         

рухани (діни)                                                                                                                                                                                                              

зайырлы                                                                                                                                                                                                                     

• объектісі бойынша:

мемлекеттік                                                                                                                                                                                                                 

халықаралық                                                                                                                                                                                                              

жанұялық және т.б.                                                                                                                                                                                                    

 

• субъектісі бойынша:

парламенттік                                                                                                                                                                                                            

партиялық                                                                                                                                                                                                                      

таптық                                                                                                                                                                                                                        

қоғамдық, ұжымдық, жеке                                                                                                                                                                                        

• басқару тәртібі бойынша:

тоталитарлық                                                                                                                                                                                                             

деспоттық                                                                                                                                                                                                                        

авторитарлық                                                                                                                                                                                                             

демократиялық                                                                                                                                                                                                          

бюрократиялық                                                                                                                                                                                                              

• әлеуметтік типі бойынша:

 

социалистік                                                                                                                                                                                                                

буржуазиялық                                                                                                                                                                                                                 

феодалдық және т.б.                                                                                                                                                                                                       

Саяси биліктің экономикалық, әскери, отбасылық және тағы басқа биліктен ерекшелігі қандай?                                                                                                                                                                                              

Қазақстандағы саяси билікті жетілдірудің жолдары қандай?                                                                                                                                                                                                                                                       

Реферат тақырыптары:

1. Билік және мораль.

2. М.Вебердің классикалық бюрократия теориясы.

3. Биліктің марксистік және анархистік тұжырымдамасы: салыстырмалы талдау.  

4. Билік және легитимдік.

5. Қазақстан Республикасындағы билік механизімінің функциясы.

6. Биліктің күштеу және күштеу емес тәсілдері.

7. Билік және ақша.

8. Билік және бедел.

9. Саяси билік және басқару элитасы.

10. Биліктің тарамдары.

11. Саяси биліктің дағдарысы және одан шығу жолдары.

12. Саяси биліктің тиімділігі.

 

Блиц-тест

1-тест. Адам мен жануар құрылымындағы әлдебір ұқсастық арқылы билікті түсіндіретін тәсіл (амал):

А) антропологиялық;

Б) биологиялық;

В) философиялық;

Г) әлеуметтанымдық;

Д) психологиялық.

2-тест. Саяси билік түсінігін барлық әлеуметтік құрылымға қолданатын билікті түсіндіру тәсілі:

А) әлеуметтанымдық;

Б) эволюционистік;

В) қолданбалы;

Г) антропологиялық;

Д) мәдениеттанымдық.

3-тест. Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зерттейтін тәсіл:

А) психологиялық;

Б) субъективтік;

В) позитивистік;

Г) интеракциондық;

Д) биологиялық.

4-тест. Бір топтың екінші топқа саяси ықпал етуі ретінде көрсететін «билік» ұғымының түсінік-амалы:

А) объективтік;

Б) эмпирикалық;

В) әлеуметтанымдық;

Г) онтологиялық;

Д) психологиялық;

5-тест. Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) телеологиялық;

Б) инструменталистік;

В) құрылымдық;

Г) функционалдық;

Д) жүйелік.

6-тест. Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде, өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) инструменталистік;

Б) технологиялық;

В) талдамалық (аналитикалық);

Г) теологиялық;

Д) болымсыздық.

7-тест. Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

А) шиеленіс (жанжал);

Б) инструменталистік;

В) бихевиористік;

Г) функционалистік;

Д) телеологиялық.

8-тест. Басқа субъектілердің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігіне негізделген адамдардың мінез-құлқының ерекше түрі ретіндегі «билік» түсінігінің анықтамасы:

А) бихевиористік;

Б) рационалдық;

В) либералдық;

Г) теологиялық;

Д) құрылымдық.

9-тест. Басқа билік түрлері үшін жоғарғы болып табылатын билік түрі:

А) әскери;

Б) теократиялық;

В) экономикалық;

Г) саяси;

Д) бюрократиялық.

10-тест. Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі?

А) сендіру;

Б) мүдде;

В) қорқыныш;

Г) сенім;

Д) мәжбүр ету.

11-тест. О.Тоффлердің пікірінше, билік ресурстарының қандай түрлері қазіргі кезде әлемде ерекше маңызға ие бола бастады?

А) экономикалық;

Б) әлеуметтік;

В) білім мен ақпарат;

Г) мәжбүрлеу;

Д) нормативтік.

12-тест. М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік – бұл:

А) билікті ұйымдастыру түрі;

Б) зорлық-зомбылық;

В) қанау;

Г) мәжбүрлеу;

Д) сендіру.

13-тест. Билікке оң баға беру, оның заңдылығын, басқару деген құқын мойындау және бағынуға келісушілік:

А) патернализм;

Б) легитимділік;

В) пацифизм;

Г) нигилизм;

Д) трюизм.

14-тест. «Мәңгілік кешегі күннің» авторитеті – нормалар дәстүрінен көрініс тапқан өнегелілік авторитеті ретінде үстемдіктің қай типі түсініледі?

А) заңды-ресми;

Б) рухани;

В) харизматикалық;

Г) әскери;

Д) дәстүрлі.

15-тест. Сенім күшінің үстемдігін заңды бағдардың міндеті деп түсінілетін үстемдіктің түрі:

А) патриархалдық;

Б) биологиялық;

В) заңды-ресми;

Г) инструменталдық;

Д) құдайшыл.   

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Амелин В.М. Власть как общественное явление.// Социально- политические науки. 1991,№2

2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

3. Громыко А.Л. Политическая власть. М.,1999

4. Конституция Республики Казахстан. Алматы ,1995

5. Легитимность. – Полис.1991,№6

6.Монтескье Ш. О духе законов. Избранные произведения. – М.1995

7.Назарбаев Н.А. Пять лет независимости.- Алматы ,1996

8.Суворов И.П. Политическая власть.- М.,2001

 

Сабақ №5 Әлеуметтік-этникалық бірлестік пен ұлттық саясат.

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Этнос және ұлт. «Ұлт» категориясын түсіндірудегі екі амал.

2. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.

3. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

4. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі).

 

 Сабақтың мақсаты: Саясаттану пәнінің зерттеу нысаны не екенін, саяссаттанудың әдіс-тәсілдері мен қызметтерінің, саясаттану заңдары мен категорияларының мәнін аңықтау.

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не?

2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі?

3. Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін (тенденциясын) қалай түсінесіз?

4. Ұлттық саясат деп нені айтады?

5. Тұлға өзінің ұлтын қандай белгілерге байланысты анықтайды?

6. Адамдар қауымдастығының қандай түрлсрін білесіз?

7. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Ұлт аумақтың, тілдің, экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығымен байланысты адамның тарихи қалыптасқан бірлестігі.
2 Ұлттардың өзін-өзі билеуі ұлттардың өзінің мемлекеттік құрлысын өзі шешу приципі. Бұл мәселе алғашында Еуропада буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы АҚШ-ң тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
3 Ұлттық мінез белгілі бір ұлтқа тән дүние танудағы негізгі ерекшеліктер.Ол сол ұлт өкілдерінің қызу қандылығында,іс-әрекеттерінде,талғам да,әдет-ғұрпында және т.с.с көрініс береді.
4 Ұлттық сана сезім белгілі бір ұлттың этникалық бірлестікке тән, оның рухани даму ерекшелігін білдіретін саяси, әлеуметтік, экономикалық, философиялық, адамгершілік, діни және т.б. идеяларо пікірлер, қөзқарастар жиыны.
5 Ұлттың өзін-өзі ұғынуы бір ұлтқа жататын адамның өзіндік саяси, экономикалық, әлеуметтік мүдделерін, басқа ұлт арасында өз орнын ұғынып жете түсінуі.
6 Шовинизм ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын, ұлтшылдықтың шеттен шыққан түрі. Бұл атау Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатын, Францияның «ұлылығын» қолпаштаған ағайынды И. және Т.Коньярдың «Үш түсті кокарда» комедиясындағы Никола Шовен деген солдаттың атамен аталады.
7 Этнос тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, тайпа, ұлыс, ұлт, Бұлардың әрқайсысын кейде «халық» деп те атайды.
8 Сионизм еврейлердің ұлтшылдық идеологиясының бір түрі. Иерусалимдегі Сеон төбесінің атына байланысты аталған ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл идеология бойынша еврейлер «құдай қалаған ерекше» халық.. Негізгі мақсаты-дүниежүзілік барлық еврейдің рухани бірлесуін көксейді. Оның шын мәнін араб елдерінің жерін жаулап алуынан, ол халықты қуғын-сургінге ұшыратуынан, Палистина мәселесін әділ шешуден бас тартуынан байқауға болады.
9 Нәсіл шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т.с.с.) байланысты бірлескен адамдар тобы. Негізгі нәсілдерге негроидтер, монголоидтар және европеоидтар жатады.
10 Маргиналдар белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастың тұрақтылығының негізгі себебі неде?____________________________б________________________________________________________________________________

Ұлтаралық мәдениетті қалай байқауға болады?___________________________________________________________________________________________________________________________________

Реферат тақырыптары:

1. ҚР – ның ұлттық саясаты

2. Ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеті

3. Қазақстанда ұлттық сана –сезімнің қалыптасу ерекшеліктері

4. Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің даму үрдісі

5. Қазақстандағы этносаяси процестер

Блиц-тест

1-тест. Таптардың этникалық бірлестіктердің тұлғалар мен қоғамның, азамат пен

мемлекет арасындағы қатынастар қоғамдық жүйенің қай бөлігін құрайды?

А) Саяси институттар;

Б) Саяси қатынастар;

В) саяси ережелер

Г) саяси мәдениет;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

2-тест. Адамның шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыру немесе қудалау бұл:

А) Геноцид;

Б) Бүлік;

В) Европоцентризм;

Г) Реакция;

Д) Мемлекет;

3-тест. Қазақстан Республика Конституциясының қай бабында “ Әркімнің ар – ождан құқығы ” туралы жазылған:

А) 22 бап;

Б) 40 бап;

В) 1 бап;

Г) 10 бап;

Д) 17 бап;

4-тест. Этникалық саясат дегеніміз:

А) Этникалық дау – жанжалдарды шешетін, ұлттық шиеленістерді түсіндіретін, оларды шешу жолдарын анықтайтын теория;

Б) Экономикалық қатынастарды, мәдени ерекшеліктерді наықтайды;

В) Қоғам мен саясаттың дамуын анықтайды;

Г) Адамның құндылықтарын анықтайтын теория;

Д) Психологиялық құрылымдарды анықтайды;

5-тест. КСРО кезеңіндегі әлеуметтік жағдайларды зерттеген белгілі әлеуметтанушы:

А) Т.И Заславская;

Б) С. Верба;

В) Ф. Аквинский;

Г) И. Кант;

Д) Т. Джефферсон;

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р. Б.,СадыковТ.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов. Алматы, 1999.,с10.

2. Романова Н. В. Этнополитические процессы в Республике Казахстан. Алматы. 1999.

3. Сужиков М. Напряженность или гармонизация? (Развитие межнациональных отношений в Казахстане) Алматы. 1991.

4. Этнические процессы в современном мире. М., 1997.

5. Этнологический словарь. Вып. 1. Этнос. Нация. Общество. М. 1999

6. Этнополитический словарь. С87.

7. Большая Российская энциклопедия. М. 1994.с 45.

 

Сабақ № 6 Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы.

2. Саяси жүйенің құрылымы және қызметі

3. Саяси жүйенің түрлері

Саяси жүйе институттары. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері.

 

 Сабақтың мақсаты: Қоғамның саяси саласына қатысты және ондағы процестер мен құбылыстардың негізгі категорияларын талдай білуге дағдыландыру. Қоғамның саяси жүйесіндегі әр түрлі ерекшеліктерін толығырақ түсіндіру мақсатында салыстырмалы анализ жасауға үйрету.

Бақылау сұрақтары

1. Қоғамның саяси жүйесі деп нені атайды?

2. Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?

3. Саяси жүйенің басты элеметтіне не жатады?

4. Г.Алмонд пен Д.Истонның саяси жүйе теорияларындағы

айырмашылықтар қандай?

5. Саяси жүйені жіктегенде қандай өлшем қолданады?

6. Саяси жүйені топтастыру түрлері қандай?

7. Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі қандай түрге жатады?

8. Саяси жүйенің қандай түрі тұрақты келеді?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
2 Импичмент жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны бұзған үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
3 Институализация саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
4 Оппозиция 1) бір саясатқа, саяси іс әрекетке, кайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе теңдік қызмет аткарады.
5 Пауперизм біраз халықтың қайыршылануы, жаппай жарлы жақыбайлық..
6 Протекторат күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады.
7 Тоталитаризм әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді.
8 Саяси институттар құрылысы жағынан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар кәсіп одақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдар бірлестіктер жатады.
9 Саяси мәдениет өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық сапаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
10 Саяси процесс 1)қоғамның саяси жүйесінің құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы өзгеруі;2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.Мысалы,қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы,сайлаудың өткізілуі,басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси жүйенің типтері (толтырыныз):

Саяси биліктің қайнар көздеріне байланысты

 Демократиялық___________________________________________________________________________________________________________________________

 

Автократиялық___________________________________________________________________________________________________________________________

 

Шындыққа қатынасына байланысты

 

Консервативтік___________________________________________________________________________________________________________________________

 Реформаторлық___________________________________________________________________________________________________________________________

Прогрессивтік____________________________________________________________________________________________________________________________

Реакцияшылдық__________________________________________________________________________________________________________________________

 

Саяси құрылымның жағдайы мен саяси мәдениеттің деңгейіне байланысты:

 англо-американдық __________________________________________________________________________________________________________________________________________

континентальды - еуропалық ________________________________________________________________________________________________________

 индустриальды дейінгі (біршама индустриальды) _______________            ___________________________________

 тоталитарлық __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сыртқы ортамен қатынасының сипатына байланысты:

 ашық _________________________________________________________

_____________________________________________________________________

жабық __________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Азаматтық қоғам дамуының дәрежесі мен билік легитимдігінің тәсіліне байланысты:

дәстүрлі __________________________________________________________________________________________________________________________________________

модернизарлық __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Саяси жүйе типологиялық критерилері қандай?

_________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстанда саяси жүйе дамуының негізгі тенденциялары қандай?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Реферат тақырыптары:

1. ҚР саяси жүйесі.

2. Д.Истонның саяси жүйе туралы теориясы.

3. Саяси мәдениет саяси жүйенің тармағы ретінде.

4. Қазақ дәстүрлі қоғамының саяси мәдениеті.

5. Қазақ дәстүрлі қоғамының саяси жүйесі

6. Саяси жүйенің әлеуметтік негізі.

Блиц-тест

1-тест. Саяси жүйе неше бөліктен тұрады:

А) 4;

Б) 5;

В) 3;

Г) 1;

Д) 2;

2- тест. Мемлекет саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар,

әйелдер т.б. саяси жүйенің қай бөлігіне жатады:

А) саяси институттар;

Б) саяси қатынастар;

В) саяси ережелер;

Г) саяси мәдениет;

Д) дұрыс жауабы жоқ;

3 тест. Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай бөледі:

А) Тоталитарлық;

Б) Авторитарлық;

В) Демократиялық;

Г) Дұрыс жауабы жоқ ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

4 тест. Саяси ережелелер ;

А) Саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және

саяси жүйенің ережелік негізін құрайды;

Б) Таптардың этникалық бірлестіктердің тұлғалар мен қоғамның, азамат пен

мемлекет арасындағы қатынастарды құрайды;

В) Қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және

әлеуметтік құрылымын қорғайды;

Г) Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені идеологиялар мен

доктриналарда, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға

ат салысады;

Д) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін

қамтамасыз етеді;

5 тест. Таптардың этникалық бірлестіктердің тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар қоғамдық жүйенің қай бөлігін құрайды:

А) Саяси институттар;

Б) Саяси қатынастар;

В) Саяси ережелер;

Г) Саяси мәдениет;

Д) Дұрыс жауабы жоқ;

6 тест.У.Ростоу «экономикалық» деген тұжырымдаманы неше сатыға бөледі:

А) 5;

Б) 2;

В) 3;

Г) 4;

Д) 1;

  7 тест. Билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік, топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:

А) Қоғамның саяси жүйесі;

Б) Халықаралық қатынастар;

В) Жеке басқа табынушылық ;

Г) Адам құқықтары;

Д) Азаматтық қоғам;

  8 тест. Адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды қалай атайды:

А) Тоталитарлық;

Б) Авторитарлық;

В) Демократиялық;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Антидемократиялық;

9 тест. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

10 тест. «Жүйе» ұғымы ғылыми айналымға қашан енді:

А) ХХ ғ. 20 ж;

Б) ХІХ ғ. 60 ж;

В) ХХ ғ. 30 ж;

Г) ІХ ғ. 40 ж;

Д) ХІ ғ. 50 ж;

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. –    

А., 2004

2. Анохин М.Г. Политические системы: адаптация, динамика, устойчивость. М.,1996

3. Борисов В.К. Теория политической системы. М.,1991

4. Истон Д. Категории системного анализа политики. // Антология мировой

политической мысли. Т. 2. М.,1997

5. Основы теории политической системы. – М. 2001

6. Политическая система общества: история и современнность. М.,2001

7. Проблемы развития политической системы Республики Казахстан. Алматы ,1992

Сабақ № 7 Мемлекет және азаматтық қоғам

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.

2. Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы.

3. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері.

4. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру

проблемалары.

 Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік пайда болуына, мәніне, қызметтеріне тоқталу. Мемлекет туралы айтқан батыстық және шығыстық ойшылдар еңбектерімен таныстыру.

Бақылау сұрақтары

1. Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз? Оның қайсысы дұрыс деп санайсыз? Неге?

2. Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3. Мемлекет кімге қызмет етуі керек: өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.

4. Қоғамдық өмірдің мемлекеттенуі деген не? Ол қандай жағдайда пайда болады?

5. Мемлекеттің белгілері қандай? Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?

6. Мемлекет қандай қызметтерді атқарады (ішкі, сыртқы)?

7. Сайлау жүйесі деп нені айтады?

8. Сайлау жүйесінің қандай түрлерін білесіз, олар немен ерекшеленеді?

9. Азаматтық қоғам деген не?

10. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Абсолютизм жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі
2 Автономия бір мемлекеттің шеңберінде өзін - өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрлым.
3 Азаматтық қоғам жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады.
4 Аннексия басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу.
5 Апатридтер ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса сол елдің заңына бағынады, бірақ олардың саяси құқықтары болмайды.
6 Бипатридтер бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
7 Конфедерация өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.
8 Құқықтық мемлекет демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдің ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамсыз етілетін мемлекеттік құрлыс.
9 Мажоритарлық сайлау жүйесі сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
10 Мемлекет белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің, қатынастарымен қызметтерін ұйымдастыратын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Мемлекеттің пайда болуының факторлары: экономикалық, экологиялық, демографиялық, психологиялық, сыртқы.

Мемлекеттің белгілері: территория, шекара, халқы.

Мемлекеттің функциясы:

· ішкі: экономикалық, әлеуметтік, халық билігін қамтамасыз ету, конституциялық тәртіпті қорғау, тәртіппен заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық консолидация әлеуметтік арбитраж, экологиялық, мәдени-білімділік.

· сыртқы: глобальдық мәселелерді шешуге қатысуы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі, өзара тиімді келісімдерді дамыту, халықаралық қатынастарда мемлекет мүддесін қорғау.

Мемлекет құрылымы:

· Билік бөліністері бойынша:

Заң шығарушы жүйе (өкілетті) мекемелер _________________________

Атқарушы-шешуші органдар ____________________________________

Сот органдары _________________________________________________

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің» схемасын жасаңдар. (ҚР Конституциясы бойынша)

 Атқаратын функциясы бойынша:

ішкі функцияны жүргізетін органдар:

· құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау (полиция, сот, прокуратура).

· әлеуметтік-экономикалық реттеу (финанс – салық апппараты, байланыс органы, коммунальдық қызмет, транспорт т.б.).

· рухани өндіріс (білім, мәдениет ошақтары, информация органы т.б.).

сыртқы функцияны жүргізетін органдар:

· қарулы күштер

· барлау

· мемлекетаралық қатынастар органы.

Мемлекеттің типтері:

· Басқару формасы бойынша

монархиялық:

абсолюттік ____________________________________________________

конституциялық _______________________________________________

республика:

президенттік __________________________________________________

парламенттік __________________________________________________

аралас ________________________________________________________

· Саяси режимі бойынша:

тоталитарлық _________________________________________________

авториторлық _________________________________________________

демократиялық ________________________________________________

 

· Административтік-территориялық ұйымдастыруы бойынша:

унитарлық _____________________________________________________

федерациялық _________________________________________________

конфедерациялық ______________________________________________

· Приоритеттік функциясы бойынша:

әскери (полициялық) ____________________________________________

құқықтық ______________________________________________________

әлеуметтік ____________________________________________________

· Әлеуметтік-экономикалық, таптық табиғаты бойынша:

құлдық ________________________________________________________

феодалдық ____________________________________________________

буржуазиялық __________________________________________________

социалистік ____________________________________________________

· Саяси өмірдің тұрақтылығы бойынша:

тұрақты ________________________________________________________

тұрақсыз _______________________________________________________

Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік биліктің қызметі және ұйымдастыру формасы, оған мемлекеттің өзі, барлық әлеуметтік қауымдастықтар, жекелеген индивидтер құқықты сыйлап оған деген қатынастары бірдей болады.

Реферат тақырыптары:

1. Мемлекттің пайда болуы мен маңызы.

2. Мемлекеттің саяси жүйедегі орны.

3. Мемлекеттің белгілері,оның қызметтері және мақсаттары.

4. Мемлекеттік жүйенің типологиясы.

5. Азаматтық қоғам және мемлекет,қазітгі саяси жүйенің екі жат ретінде.

6. Азаматтық қоғамының идеялық геинезисі мен эволюциясы.

7. қазақстан азаматтық қоғамының қалыптасу мәселелері. 

8. Құқықтық мемлекет пайда болу тарихы мен қазіргі теориялары.

Блиц-тест

1-тест. «Мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады» деп айтқан саясаткерлер:

А) Р.Арон, Ж.Бюрдо;

Б) Джон Локк, Ш.Л.Монтескье;

В) Р.Мартин, Ж.К.Шевалье;

Г) Ж.К.Шевалье, П.Моррис;

Д) А.Каплан, Ш.Л.Монтескье;

2-тест. Республика қалай бөлінеді :

А) Президенттік;

Б) Парламенттік;

В) Аралас;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

3-тест.  Мемлекет құрылысы:

А) Унитарлық;

Б) Федерация;

В) Конфедерация;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлық жауабы дұрыс;

4-тест.  Мемлекет ұғымының кең мағынасын көрсетіңіз:

А) Үлкен әлеуметтік топ ұйымын білдіріп, “ халық ”, “ қоғам ” ,“ ел ” деген ұғымдары кіреді;

Б) Халықтың қалауы бойынша қалыптасуы;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Мемлекет кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін бағалау;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

5-тест.  Мемлекет ұғымының тар мағынасын көрсетіңіз:

А) Басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп,

“үкімет”, “әкімшілік” ұғымдары кіреді;

Б) Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі;

В) Таптық , топтық , жеке адам саясаты;

Г) Саяси билікке ұмтылыс;

Д) Дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың кіруі;

6-тест.  Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірген теория:

А) Теологиялық теория;

Б) Географиялық теория;

В) Бихевиористік теория;

Г) Танымдық бағыт теория;

Д) Психологиялық теория;

7-тест.  Географиялық теория бұл ..:

А) Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның ( ауа райы , жер бедері ) өзгешеліктері;

Б) Адамдарға бағыну мен құлшылық ету мәңгі бақи;

В) Бір елді екінші елдің басып алу нәтижесі;

Г) Мемлекеттің пайда болуы жеке меншік пен таптардың шығуы;

Д) Адамдардың ұлттық мүддесін қорғау;

8-тест. Ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздік , дербестік мемлекеттің қай белгісіне жатады:

А) Мемлекеттің егемендігі;

Б) Салық салу;

В) Аумақтың бөлінуі;

Г) Ерекше өкімет аппараты;

Д) Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру;

9-тест.  Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; өзін - өзі билеу, егемендігін сақтау; өз елінің саяси мүддесінің ықпалдығына, тиімділігіне жағдай жасау- бұлар мемлекеттің қай міндеттеріне жатады:

А) Сыртқы міндет;

Б) Жалпы міндет;

В) Түрлеріне жатады;

Г) Ішкі міндет;

Д) Шартсыз міндет;

10-тест. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани қоғамдық қатынастар жиынтығы бұл ...:

А) Азаматтық қоғам;

Б) Мемлекет;

В) Билік;

Г) Заң;

Д) Сайлау;

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. –

А., 2004     

2.Белгибаев С. Развитие гражданского общества вКазахстане.//Саясат  2002,№1

3. Государство и гражданское общество. М.,2001

4. Василенко И.А. Административно-государственное управление в странах Запада: США, Великобритания, Франция, Германия. М.,2000.

5. Ильин М.В., Коваль Б.И. Две стороны одной медали: гражданское общество и

государство. – Полис, 1992, №1-2.

6. Марченко М.Н. Теория государства и права. М.,1996.

7. Нурпеисов С.К., Котов А.К.Государство Казахстан: от ханской власти- к

президентской республике. – Алматы, 1995.

8. Хорос В. Гражданское общество: общие подходы. – Мировая экономика и

международные отношения, 1995, №11.    

.    

Сабақ № 8 Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

                              

Семинар сабағының жоспары:

1. Саяси партия түсінігі, оның мәні мен маңызы, негізгі белгілері.

2. Партиялардың түрлері, қызметі. Партиялық жүйе түсінігі және оның түрлері.

3. Қазақстандағы көппартиялық. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.

 

 Сабақтың мақсаты: Саяси партиялардың пайда болуы және партия туралы теоретикалық түсініктердің эволюциясына тоқталу. Қазіргі партиялардың негізгі түрлері. Партиялардың ұйымдастырушылық құрылымдары мен принциптеріне ғылыми негізде түсінік беру.

Бақылау сұрақтары

1. Саяси партия дегеніміз не?

2. Басқа қоғамдық-саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?

3. Саяси партиялар не себепті пайда бодды? Қазіргі қоғам саяси партияларсыз,

қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?

3. Партияның негізгі қызметтері қандай?

4. Партияларды жіктеу неге негізделеді?

5. Партиялық жүйе деп нені айтады?

6. Бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық, жүйелердің басым және осал жақтары кандай?

7. Партия санының көптігі көппартиялық жүйені білдіре ме?

8. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Абсентизм халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы(азаматтардың сайлауға қатынасқысы келмеуі,дауыс бергісі келмеуі).
2 Әмбебап партиялар мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар (сайлаушылар партиясы).
3 Билеуші партиялар қолдарына мемлекетік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
4 Бұқаралық партиялар үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
5 Диссидент үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
6 Кадрлық партиялар қатарында сайлаушылардың 10%-тең кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі.
7 Кооптация белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді, сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
8 Лоббистік топтар белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым.
9 Электорат сайлауларда қандайда бір кандидатураға немесе саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар шеңбері.
10 Саяси процесс қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы,өзгеруі.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси партия (латын тілінен аударғанда "бөлшек","топ"дегенді білдіреді) ол әлеуметтік топ пен қауымның мүддесін білдіретін және идеологиялық бірлікпен байланысатын,саяси билікті қолдайтын ең белсенді және ұйымдасқан бөлшек.

Партиялардың негізгі белгілері:

адамдардың бірлескен әрекеттерінің жеткілікті уақыт ұзақтылығы.

белгілі бір идеологияны ұстанушы.

бірлестіктің еріктілігі.

мемлекеттік билікті жаулап алу мақсаты мен жүзеге асырылуы.

белгілі бір қоғамдардың және тобының саясаттағы мүддесін білдіруі мен тұрақтандыруы.

Партия қызметтері.

Әлеуметтік қызметтері:

мүдденің агрегирлігі - әлеуметтік мүдденің білдіруі,саяси шешімдердің әлеуметтік трансформациядағы талаптары.

 әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге әртүтлі топтың қосылуы, әлеуметтік және саяси коммуникацияларының жөнделуі,конфликті мүдденің бітімі.

саяси әлеуметтену- партия мүшелері мен жақтастарының санының көбейюі.

Идеологиялық қызмет.

партиялық идеология мен партиялық пропаганданың жетілуі және жайылуы.

Саяси қызметтері.

мемлекеттік билікті жаулап алу.

саяси рекрутивтілік- партия кадрының фильтрациясы және алға жылжуы, саяси элитаның қалыптасуының сұрыптылуы.

Басшылық қызметі (коммунистік және дәстүрлі қоғамдағы тек авангардты партияның түріне арналған).

Партия құрылысы.

партиялық аппарат

қарапайым партия мүшелері (партиялық қауым)

партия жақтастары.

Партия типологиясы.

          -Доктринаның идеологиялық бағыты бойынша(толтырыныз):

әлеуметтік-демократиялық_________________________________________________________

коммунистік ____________________________________________________________

либералды_____________________________________________________________

консервативті__________________________________________________________

коннфессиялық_________________________________________________________

монархиялық___________________________________________________________

ұлттық________________________________________________________________

фашистік (фашистік емес)___________________________________________________________________

 

Саяси билікке қатысуы бойынша:

басқарушы_____________________________________________________________

оппозициялық (заңды,жартылай заңды,заңсыз) _______________________________________________________________________

 

Әлеуметтік шындық қатынасы бойынша:

революциялық_____________________________________________________________

реформистік____________________________________________________________

реакциялық____________________________________________________________

консервативті__________________________________________________________

Саяси темперамент бойынша:

оңшылдар______________________________________________________________

орталықшылар_________________________________________________________

солшылдар_____________________________________________________________

         М.Дюверже типологиясы (партия мүшелерінің принциптері бойынша):

кадрлік________________________________________________________________

қауымдық_____________________________________________________________

         Саяси жүйенің басқа да элементтеріне қатысы бойынша:

демократиялық_________________________________________________________

тоталитарлық__________________________________________________________

авторитарлық__________________________________________________________

Партиялық жүйе-партия жиынтығы (оппозициялық және басқарушылық),

билік үшін күреске қатысу және оны жүзеге асыру.

Саяси қоғамдық қозғалыс-азаматтардың әлеуметтік топтың белгілі мүдденің бейімділігіне білдіру және қандай да бір саяси мақсатқа жету бағыты.

Реферат тақырыптары:

1. Саяси партиялардың этаптық генезисі: саяси клубтар, қауымдық партиялар, аристократиялық котериялар.

2. Партиялар типологиясы.

3. Партия типологиясының критерийлері.

4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстандық қоғам өмірінің қоғамдық қозғалыста орны мен ролі.

5. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың арасындағы өзара мәселелері.

6. Қазіргі қауымдық демократиялық қозғалыстар.

7. Қазіргі халықаралық қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

Блиц-тест

1-тест. Саяси партиялар пайда болды :

А) Еуропада ХІХ ғасырда;

Б) Батыс Еуропада ХХ ғасырда;

В) АзиядаХІХ ғасырда;

Г) Еуропада ХҮІІІ ғасырда;

Д) Азияда ХҮІІІ ғасырда;

2-тест. Немістің көрнекті саясаттанушысы М. Вебер саяси партиялардың дамуында кезеңдерді атап көрсетті:

А) Аристократиялық үйірмелер;

Б) Саяси клубтар;

В) Көпшілік партиялар;

Г) Барлығы;

Д) Дұрыс жауабы жоқ;

3-тест. Американың белгілі саясаттанушы Дж. Ла Паломбараның ойынша, партиялар мынадай белгімен сипатталады:

А) Партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды  

дүниенің ерекше көре біледі;

Б) Партия адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін  

саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;

В) Партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру;

Г) Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі

қолдауын қамтамасыз еткісі келеді;

Д) Барлық жауап дұры;

4-тест.  Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

5-тест.  Саяси идеологиясына қарай партияларды жүйелеп жүр:

А) 5 түрге;

Б) 3 түрге;

В) 2 түрге;

Г) 6 түрге;

Д) 4 түрге;

6-тест.  Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық себептері:

А) Республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрлерінің болмауы;

Б) Саяси мәдениеттің төмендігі;

В) Құқықтық негіздің әлсіздігі;

Г) Дұрыс жауабы жоқ;

Д) Барлығы;

7-тест.  1917 ж. «Үш жүз» партиясы құрылды:

А) Қазақстанда;

Б) Ресейде;

В) АҚШ-та;

Г) Германияда;

Д) Польшада;

8-тест. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды топтастырады:

А) Авангардтық;

Б) Сайлаушылар;

В) Парламенттік;

Г) Қауымдастық;

Д) Барлығы дұрыс;

9-тест. Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде құрылды:

А) 1990ж. 1 шілде;

Б) 1904ж. 26- мамырда;

В) 1903ж. -27 мамырда;

Г) 1906ж. 23 мамырда;

Д) 1910ж. 20 мамырда;

10-тест. егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізсе, ол...:

А) Құпия партиялар жатады;

Б) Жартылай ресми партиялар жатады;

В) Ресми партиялар жатады;

Г) Оппозициялық партиялар жатады;

Д) Билеуші партиялар жатады;

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

2. Авинери Ш. Партии, социально – культурная медтация и роль гражданского

общества. – Полис, 1994,№1.     

3. Дюверже М. Политические партии. М.,2000.

4. Исмаилова С. ,Чеботарев А. Особенности партийного строительства в  

Казахстане в 1997-1999гг.// Саясат,1999,№4

5. Михельс Р. Социология политической партии в условиях демократии//  

Антология мировой политической мысли.Т.2.М.,1997

6. Общество и политика: современные исследования, поиск концепций// под ред.

В.Ю.Большакова. С.П.б., 2000

7. Общественные организации и общественно-политические движения в

Центральной Азии. Алматы,2001

 

Сабақ № 9 Саяси режимдер

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Саяси режим ұғымы. Саяси режимдердің типтері.

2. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Авторитаризм.

3. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия дамуының проблемалары 

саясаттанудағы маңызды мәселелердің бірі.

 Сабақтың мақсаты: Саяси тәртіп түсінігінің мәнін ашу. Авторитарлық және тоталитарлық тәртіптер арасындағы негізгі айырмашылықтар ашып көрсету. Демократиялық тәртіпдің белгілерін аңықтау.

Бақылау сұрақтары

1. "Демократия" сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?

2. Демократияның белгілеріне не жатады?

3. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?

4. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?

5. Демократияның алуан түрлілігіне не жатады?

6. Демократияның төбе топ теориясы деген не?

7. Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай?

8. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Саяси тәртіп (режим) саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдер жиынтығы.
2 Скиперт монархиялық биліктің нысаны, Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі
3 Регент монархиялық елдерде монархтың (хан, патша, король т.т.) жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам
4 Милитаризм жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат
5 Диктатор заңмен санаспай күштеу мен қудалауға сүйенетін билеп төстеуші
6 Авторитаризм жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
7 Волюнтаризм саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
8 Диссидент үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады.
9 Монархия мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін.
10 Тоталитаризм әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси режим – елде саяси өмірді анықтайтын мінез құлық, саяси бостандықты көрсету деңгейі және билік органдарының құқықтық қызметіне деген қатынастың қоғамдағы саяси өмір сүру тәсілі.

Саяси режимдердін типологиясы: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

Тоталитаризм: әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынғаң мемлекеттік саяси құрылыстың түрі.

Тоталитаризмның пайда болуы себептері:

 төнкеріс

 соғыста жеңіліп қалу

 ішкі қарама-қайшылықтары

 сырттан көндіру

Қалыптасу шарттары:

қалыптасқан әлеуметтік құрылымдардың кенеттен өзгеру

әр түрлі қоғамдық топтардың маргинализациясы

саяси биліктің дағдарысы

азаматтық қоғамның күйзеліске ұшырауы

саяси сананың деформациясы.

Тоталитарлық режимге мысал келтіріңіз                                                                                                                                                                 

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін меммлекеттік-саяси тәртіп

Авторитаризмның өзгеше белгілері:

билік саяси көшбасшының немесе жеке топтардың қолында қалыптасуы

қоғам өмірінің шешуші құралдары мемлекеттің қолында болуы

азаматтардың және әлеуметтік саяси ұйымдардың саяси құқықтары мен жүріс-тұрысын қатаң түрде бақылау

жазалау аппаратының жоқ болу

кейбір демократия элементері болу (сайлау процесі, парламентік қүрес)

Авторитаризмның тоталитаризмнан ерекшілігі:

міндетті емес анық жетілдірген бірыңғай идеология

қоғамның үстінен мемлекет тарапынан ықпал жасаудың болмауы

азаматтардың ынталық пен дербестігін мадақтау

жеке өмірге қатысуына бас тарту

саяси биліктің ең басты аргументы – бедел, бірақ оған күш пайдаланбай жету

Авторитарлық режимдердың типологиясы (Е. Вятр)

әскери басқару                                                                                                                                                                                                                

теократиялық авторитарлық режим                                                                                                                                                                              

монархиялық авторитарлық режим                                                                                                                                                                              

неоавторитарлық режим                                                                                                                                                                                                

персоналық авторитарлық режим                                                                                                                                                                                      

Авторитарлық режим туралы мысалдар келтіріңіз                                                                                                                                                

Тоталитарлық және авторитарлық режимдердің демократиялық режиміне өзгеру формасы:

«Жоғарғы» - реформа демократиялық өзгеріс бағдарламасын билікте отврғандар өз еркі бойынша шешеді.

Мысал келтіріңіз_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстан қоғамын демократияландыру ерекшеліктері қандай?___________________________________________________________________________________________________________________________________

Реферат тақырыптары:

1. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер жиынтығы.

2. Саяси-құқықтық режим қамтамасыз ететін қоғамдық институттар.

3. Әр түрлі саяси режимдер жағдайында ақпарат құралдарының рөлі.

4. КСРО кезіндегі саяси режим: ерекшеліктері, дамуы, дағдырыс пен ыдырауы.

5. Қазіргі Қазақстанда саяси режимнің конституциялық бекітілу процесі.

 

Блиц-тест

1-тест. Саяси режим дегеніміз:

А) мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі мен органдар жиынтығы;

Б) соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру;

В) белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;

Г) нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология;

Д) саяси жүйедегі негізді өзгерістің өктемдік тәсілі.

2-тест. Тоталитаризм дегеніміз:

А) билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Б) билік бұқаралық аппарат құралдарының жаппай әсеріне негізделген мемлекеттік құрылыс;

В) белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс;

Г) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;

Д) билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс.

3-тест. Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін «тоталитаризм» терминін саяси лексиконға енгізуші:

А) Муссолини;

Б) Гитлер;

В) Наполеон;

Г) Сталин;

Д) Мао Цзе Дун.

4-тест. Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды?

А) полиархияның;

Б) монархияның;

В) авторитаризмның;

Г) тоталитаризмнің;

Д) демократияның.

5-тест. Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.;

Б) Италияда 1922 ж.; 

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Совет Одағында 1937 ж.;

6-тест. Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қайта елде пайда болды?

А) Германияда 1933 ж.; 

Б) Италияда 1922 ж.;

В) Испанияда 1928 ж.;

Г) Қытайда 1912 ж.;

Д) Жапонияда 1938 ж.

7-тест. Ресми бекітілген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:

А) бонапартизмнің;

Б) демократизмнің;

В) тоталитаризмнің;

Г) либерализмнің;

Д) волюнтаризмнің.

8-тест. Авторитаризм дегеніміз:

А) тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;

Б) біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы;

В) ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс;

Г) билік әскери адамдардың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

Д) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс.

9-тест. ХХ ғасырда авторитаризмді заңдастыру мақсатында кеңінен қолданылған идеология:

А) радикализм;

Б) консерватизм;

В) ұлтшылдық;

Г) марксизм;

Д) волюнтаризм.

10-тест. Авторитаризм теориясының негізін қалаушылар:

А) Ж. де Ментр, Л. де Бональд;

Б) Ш.-Л. Монтескье, Ж.-Ж.Руссо;

В) А.Токвиль, Д.Локк;

Г) Р.Михельс, М.Острогорский;

Д) Г.Моска, В.Парето.

11-тест. Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:

А) шіркеу;

Б) халық;

В) парламент;

Г) әскер;

Д) бюракратия.

12-тест. Авторитарлық қоғамда салынатын тиымдардың сипаты:

А) барынша жариялылық;

Б) биліктің бұйрығымен ғана руқсат етілген;

В) саясатқа қатысы жоқ нәрсе ғана рұқсат етілген;

Г) билік ауысуынан басқасының бәріне рұқсат етілген;

Д) заңмен тыйым салынғаннан басқаның бәріне рұқсат.

13-тест. Тоталитаризм кезіндегі биліктің жүргізілуінің сипаты мен мөлшері:

А) билік қоғам өмірінің әр түрлі салаларында пісіп жетілген, тәуелсіз топтармен диалог жүргізеді және оның нәтижесін өзі анықтайды;

Б) билік заңға сәйкес сайланған азаматтар өкілдері арқылы жүргізіледі;

В) билікке бағынбайтын қоғамдық өмірдің салаларының пайда болуы;

Г) қоғамның билікке деген рұқсаты аз мөлшерде;

Д) жалпы, шегі жоқ бақылау мен зорлық.

14-тест. Адамдардың тоталитаризм кезіндегі билікке қатынасы:

А) қоғамның билікке деген қатысы аз мөлшерде;

Б) қоғамның билікке ықпалы;

В) халықтың биліктен алшақтауы;

Г) қоғамдық сананың билікпен бірігуі;

Д) халықтың биліктің нақтылы өкілдерін таңдауы.

15-тест. Тоталитаризм кезіндегі биліктің саяси мінез-құлықтың идеалды сипаты:

А) энтузиазм;

Б) компетенттік;

В) құдіреттілік;

Г) патриотизм;

Д) заңдардың сақталуы.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

2. Арендт Х.Истоки тоталитаризма. М.,1996

3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М.,1993

4. Даль Р.О демократии. М.,2000

5.Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: российский конституционализм в   сравнительной перспективе. М.,1998

6. Назарбаев Н. Критическое десятилетие. Алматы, 2003     

 

Сабақ № 10 Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Демократияның тарихи формалары.

2. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары.

3. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.

4. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.

 Сабақтың мақсаты: Саяси жаңарудың қоғамның дамуындағы маңызың көрсету. Қоғамды демократияландыру мемлекеттің дамуындағы қажетті алғышарттардың бірі екенін дәлелдеу.

Бақылау сұрақтары

1. "Демократия" сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?

2. Демократияның белгілеріне не жатады?

3. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?

4. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?

5. Демократияның алуан түрлілігіне не жатады?

6. Демократияның төбе топ теориясы деген не?

7. Тура демократия, плебисцитарлық демократия, өкілдік демократиялардың айырмалары қандай?

8. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Демократия халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың тендігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланылып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғауын шешім қабылдағанда азшылықтың кқпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және тағы басқа қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрлыс түрі.
2 Диктатура қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
3 Полис ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала, мемлекет.
4 Тимократия әскери адамдардың билігі, үрейге негізделген билік түрі,
5 Деспотия шексіз және дара билеудің бір түрі.
6 Волюнтаризм саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
7 Деполитизация белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
8 Децентрализация орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беру.
9 Сегрегация халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарғы бөлушілік. Ол адамдар арасындағы айырмашылықтарды бекітіп «екінші» халықты теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезге дейін сегрегация Оңтүстік Африка Республикасында орын алып келді. Мысалы, онда қара нәсілдердің оқу орындары, емханалары, тұрмыс қажетін өтеу орындары және т.т.ақ нәсілділердікінен бөлек болатын.
10 Центризм саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұстанатын партиялық бағыт.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси процестердің қандай сатылары бар және олар бір бірімен қалай байланысты?______________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қазақстан тарихынан саяси процесстің кейбір түрлерінен мысал келтіріңіз __________________________________________________________________________________________________________________________________________

Реферат тақырыптары:

1. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдер жиынтығы.

2. Саяси-құқықтық режим қамтамасыз ететін қоғамдық институттар.

3. Әр түрлі саяси режимдер жағдайында ақпарат құралдарының рөлі.

4. КСРО кезіндегі саяси режим: ерекшеліктері, дамуы, дағдырыс пен ыдырауы.

5. Қазіргі Қазақстанда саяси режимнің конституциялық бекітілу процесі.

Блиц-тест

1-тест.  Халық билігі , теңдігі ,құқығы ,әділдігі , еркіндік принциптеріне негізделген ол қандай мемлекеттік құрылыс:

А) Демократиялық;

Б) Либералды;

В) Тирания;

Г) Олигархия;

Д) Авторитарлық;

2-тест. Халықты саясаттан шеттететін теорияны көрсет:

А) Демократияның төбе топ ( элитарлық ) теориясы;

Б) Экономикалық теория;

В) Психологиялық теория;

Г) Қоғамдық келісім теориясы;

Д) Марксистік теория;

3-тест.  Демократиялық мемлекеттің алғашқы түріне қай республика жатады:

А) Афина;

Б) Египет;

В) Ежелгі Греция;

Г) Алжир;

Д) Қазақстан;

4-тест.  Шумпетер демократияның жұмыс істеуіне неше жағдай ұсынды:

А) 4;

Б) 10;

В) 12;

Г) 6;

Д) 9;

5-тест. Қандай демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдайды және билік жүргізуге тікелей қатыса алады:

А) Тура;

Б) Жанама;

В) Ашық;

Г) Жабық;

Д) Ішкі және сыртқы;

6-тест. Азаматтардың саяси ықпалы қай демократияда кемиді:

А) Плебисцитарлы демократия;

Б) Тура демократия;

В) Өкілдік демократия;

Г) Жанама демократия;

Д) Ішкі және сыртқы демократия;

7-тест. “Ақпараттық демократия” тұжырымдамасының авторы:

А) А. Рокар;

Б) П. Шарон;

В) Д. Истон;

Г) Г. Алмонд;

Д) М. Вебер;

8-тест. Афина республикасы б.з.б. нешінші ғасырда пайда болды:

А) V ғасыр;

Б) VII ғасыр;

В) IV ғасыр;

Г) X ғасыр;

Д) XII ғасыр;

9-тест. Афинылық демократия кімнің басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді:

А) Периклдің;

Б) Аристотельдің;

В) Платонның;

Г) Демокриттің;

Д) Сократтың;

10-тест. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектердің арасындағы дау- жанжалды не деп атады:

А) Халықтық атрибут;

Б) Билік органы;

В) Қоғам;

Г) Саяси жүйе;

Д) Демократия;

     

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

2. Арендт Х.Истоки тоталитаризма. М.,1996

3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М.,1993

4. Даль Р.О демократии. М.,2000

5.Медушевский А.Н. Демократия и авторитаризм: российский конституционализм в   сравнительной перспективе. М.,1998

6. Назарбаев Н. Критическое десятилетие. Алматы, 2003   

 

Сабақ № 11 Саяси сана және саяси мәдениет

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Саяси сананың мәні және саяси сананы қалыптастыру жолдары.

2. Саяси сананың құрылымы. Қоғамдық пікір.

3. Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы.

4. Саяси мәдениет функциялары. Саяси мәдениет типологиясы.

5. Саяси әлеуметтену ұғымы. Қазіргі Қазақстан саяси мәдениетінің

ерекшеліктері және ҚР-ғы әлеуметтану проблемалары.

Сабақтың мақсаты: Сана ойлау процесі арқылы пайда болды. Сана әрдайым белгілі тілде, негізде өмір сүреді. Сана тіл арқылы дамиды. Әрине тіл дыбыстық түрде де, үнсіз жазба түрінде де, символ ретінде болатындығын түсіндіру.

Саяси сана, саяси өмірдің адамдарға тән субъективті жағын сипаттайтын жалпы категория. Сана сезімі өте жоғары дамыған әлеуметтік топтар өкілдерінің, өкіметке оның саясатына көзқарастары негізінде саяси сана қалыптасатындығын атау.

Бақылау сұрақтары

1. "Саяси мәдениет" деп нені айтады?

2. Қоғамның, жеке адамның өмірінде саяси мәдениет қандай рөл атқарады? Оған қандай мысалдар келтіре аласыз?

4. Қоғамның саяси құрылымындағы, биліктін ұйымдастырылуындағы ерекшеліктерді (нақтылы елдерде) саяси мәдениеттің ықпалымен түсіндіруге бола ма?

4. Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз?

5. Қазақстандық саяси мәдениеттің қандай ерекшеліктерін атар едіңіз?

6. Саяси әлеуметтенудің мақсаты неде?

7. Саяси мәдениет пен саяси әлеумсттенудің ара қатынасы, өзара әсері қандай?

8. Адам өзінің саяси әлеуметтенуіне қалай әсер етеді?

9. Саяси әлеуметтенудің шегі бар ма?

10. Саясаттану пәнін оқып үйрену барысында қандай саяси құндылықтарға ие болдыңыз?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Ассимиляция бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
2  Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
3 Деидеологизация идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылым жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластауға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, Т.Парсонс Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
4 Догматизм нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі.
5 Саяси мәдениет өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық сапаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
6 Саяси сана адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
7 Жаңаша саяси ойлау КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарлы басшылыққы алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 1) ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну; 2) ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б.
8 Идеал саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.
9 Идеология белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
10 Либерализм 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2)бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Саяси мәдениет – бұл тарихи қалыптасқан жүйе, нақты құндылықтар, нұсқаулар, көз жеткізулер, ұсыныстар, жүріс модельдері, саяси процестің субъектісінің қызметінің көрінісі және саяси қоғамдық өмірінің ауыспалылығын қайта өндірісін қамтамасыз ету.

Саяси мәдениеттің қызметтері:

• танымдық – азаматтардың қоғамдық-саяси білімін қалыптастыру қажеттігі, көзқарасы, саяси білімділікті жоғарлатады.

• интегративті- саяси жүйенің құнды келісімінің саяси-мәдеиеттің жалпықабылдану жетістігі және таңдаулы қоғамның саяси саптары сонымен қатар, саяси мәдениеттің элементтерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі мен саяси тәжірибенің жиналуы.

• регулятивті – қажетті саяси құндылықтардың қоғамдық сана-сезімде бекітілуін және қалыптасуын қорытындылайды.

• тәрбиелік – адамдардың саяси әлеуметтенуіне себепші болады және азаматтың тұлға ретінде саясатта толық субъектілігінің қалыптасуына жәрдем береді.

Саяси мәдениеттің типологиясы:

Саяси қатысымның деңгейі (Г. Алмонд, С. Верба)

 

патриархалды - жергілікті құндылықтарын бағдарлық сипаты (құндылық кландар, тайпа, ру), жергілікті патриотизм, ағайыншылдық, коррупция, индивидтің саяси мәдениетте маңызының азқабілеттілігі, нақты саяси ролдерді орындамайды (мысалы, сайлаушы); әртүрлі жергілікті жас тәуелсіз мемелекеттер мен субмәдениеттерге тән

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

азаматтық –саяси жүйеге ндивидтің алыстаған қатынасын және пасивті бағалайды; дәстүрді бағдарлайды, бірақ саяси салалы; билікке бағынады, индивид одан әртүрлі игілікті күтеді(әлеуметтік кепілдік және т.б) және оның диктатынан күдіктенеді____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

белсенділік - азаматтық белсенділіктен, қатыстұрушылықан, ұтымдылықтан айрықшаланады; азаматтар билікке заңды әскермен белсенді ықпал етуге тырысады (сайлаулар,демонстрация) ____________________________________________________________________________________________________________________________________

азаматтылықтың мәдениеті – ұстанушыға жеке ұлттық үкімет қызметінің маңызының жалпы оң бағасы; өз ұлтының саяси институттарына мақтаныш сезімі; ресми тұлғалар жағынан ұқыпты және тең қатынас көрсетілімі ашық және лояльды оппозициялық көңіл күйдің көрінісі деген сапаларды иеленеді

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Реферат тақырыптары:

1. Саяси мәдениеттің негізгі элементтері мен құрылымы.

2. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену.

3. Қазақстандағы саяси мәдениет.

4. Идеология және саясат.

5. Идеология мен қоғамдық мүдде.

6. Саяси идеологияның жіктелуі мен өлшемі.

7. Саяси сананың саяси жүйеде ролі.

8. Саяси сананың қалыптасуында идеологияның ролі.

9. Қазақстандағы саяси сана мен саяси бағдар.

 

Блиц-тест

1-тест. «Саяси мәдениет» ұғымы саясатқа қашан енді:

А) ХХ-ғ. 50-60ж.ж.;

Б) ХІХ-ғ. 40-60ж.ж.;

В) ІХ-ғ. 50-60ж.ж;

Г) ХХ-ғ. 30-40ж.ж.;

Д) ХІХ-ғ. 50-70ж.ж.;

2-тест. Саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдақ құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығырған зерттеушілер:

А) У.Ростоу, Л.Пай, Д.Истон;

Б) Ж.Блондель, С.Верба;

В) П.Н.Савицкий, Г.Алмонд;

Г) Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай;

Д) К.Мангейм, Ф.Ницше, Г.Алмонд;

3-тест. «Саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізген неміс ағартушысы:

А) Иоганн Гердер;

Б) Карл Маркс;

В) Эдмунд Берк;

Г) Райт Миллс;

Д) Роберт Михельс;

4-тест. Белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекетердің ұқсастық жиынтығы:

А) Саяси мәдениет;

Б) Әлемдік саясат;

В) Саяси билік;

Г) Саяси идеология;

Д) Саяси жүйе;

5-тест.  Америкалық саясатшылар Г.Алмонд пен С.Вербаның саяси мәдениетті қалай түсінеді:

А) Адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы;

Б) Адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы;

В) Саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы;

Г) Барлығы дұрыс;

Д) Дұрыс жауабы жоқ;

6-тест. Саяси мәдениеттің қызметтері:

А) Танымдық;

Б) Реттеушілік;

В) Біріктірушілік;

Г) Қорғау;

Д) Барлығы дұрыс;

7-тест. Саяси мәдениеттің құрамдас бөлігіне жатады:

А) Саяси қазыналар мен құндылықтар;

Б) Еркіндік, автономия;

В) Теңдік, әділдік;

Г) Әлеуметтік қорғанушылық;

Д) Барлығы дұрыс;

8-тест. Саяси мәдениетке кіретін саяси бағдар ұстау нені білдіреді:

А) Субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын;

Б) Адамдардың мемлектеке қатынасын;

В) Адамдардың партияларға қатынасын;

Г) Адамдардың ұйымдарға қатынасын;

Д) Дұрыс жауабы жоқ;

9-тест.  Саяси мәдениеттің ерекше белгісі:

А) Саяси рәміздер;

Б) Саяси түсініктер;

В) Саяси бағдар ұстау;

Г) Саяси қазыналар мен құндылықтар;

Д) Ақпарат құралдары;

10-тест. Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші қатысады:

А) Мемлекет;

Б) Қоғамдық ұйымдар;

В) Партиялар;

Г) Діни ұйымдар;

Д) Академиялық қауым;

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

2. Алмонд Г. Гражданская культура .// Антология мировой политической мысли.Т.2.-М.,1997

3.Гаджиев К.С. Политическая культура: концептуальный аспект. – Полис,1991,№6.

4. Житенев В.А. Политическая культура: опыт формирования и проблемы. М.,1990

5. Политическая культура: теория и национальные модели.// Под ред. К.С.Гаджиева. М.,1996

6. Политическая культура населения Казахстана. Сб.ст.- Алматы,2001

7. Политическая культура и политическая социализация. М.,2001

Сабақ № 12 Саяси элита және саяси көшбасшылық

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Саяси элита ұғымы және оның аңықтамасы.

2. «Олигархиялық тенденциялардың темірдей заңы».

3. Элита және бюрократия. Саяси жүйе өмір сүруіндегі бюрократияның рөлі.

4. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы.

5. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.

Сабақтың мақсаты: Саяси элита түсінігі, қоғамның саяси өмірінде оның рөлі мен орнына тоқталу. Саяси элитаның, саяси құқықтың қызметтері және оның жіктелуіне түсінік беру. Саяси лидер табиғаты, мәні, түрлерін кең ауқымда талқылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Саяси элита дегеніміз не? Ол не үшін керек?

2. Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?

3. Саяси элиталар жөнінде қандай теориялар бар, олардың ерекшеліктері қандай?

4. Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайында саяси элитаның кызметінде тиімді бағьгттарға нелерді жатқызасыз?

5. Қазіргі Қазақстан элитасына кімдерді жатқызар едіңіз?

6. Топ бастаушы (лидер) болу үшін қандай қасиеттер керек? Неге байланысты олардың рөлі арта түседі?

7. Саяси лидердің қызметтері қандай?

8. Лидердің басқарушыдан айырмасы неде?

9. Қазақстанға қандай лидер керек деп ойлайсыз?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Альтернатива бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу, Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.
2 Делегат съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
3 Инагурация 1) мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу.
4 Саяси лидер   партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол білімділігімен, көрегендік, шешендік, саяси мәдениеттілік және т.б. қасиеттерімен көзге түседі. Саяси серкелерді авторитарлық және демократиалық, формалды және формалсыз және т.т. етіп жіктейді.
5 Лобби белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс тәсілді пайдаланады.
6 Меритократия ерекше қабілетті, құзыретті, таланттылардың билігі.
7 Популизм саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсәлі. Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көпшіліктің тап казіргі қарапайым талаптарын желеу етіп, құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану, асыра сілтеп уәде беру, халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.
8 Президент 1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы ; 2) сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпорация, компания және т.б. төрағасы.
9 Прерогатива белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
10 Путч мемлекеттік төңкеріс жасау үшін ұйымдасқан адамдардың қылмыстық әрекеті, бүлік.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

1.Саяси элита (француз сөзінен аударғанда "elite"-таңдаулы,ең жақсыдеген мағынаны білдіреді)-билік құрылымында басшылық етуші позициялық еркін алады және биліктің қолдану байланысында ең маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей қатысады.

 Саяси элитаның қызметі:

•стратегиялық - жалпы қоғамының қызығушылығын көрсететін,бөлшектенген жіктер мен        таптардың саяси бағдарламаларының әрекетін жаңа идеялар яғни генерирлік жолымен анықтау.

• коммуникативті - қоғам мен билік институттарының арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

• ұйымдастырушылық –саяси шешімдерді және өндірілген бағытты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру.

• интегративті –қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын,оның саяси және экономикалық жүйесінің беріктігін,жанжалды болдырмау және шешілу ахуалын нығайту.

Саяси элиталардың типтері (толықтырыныз):

саяси_________________________________________________________________________________________________________________________________________

 экономикалық______________________________________________________________________________________________________________________________

әскери________________________________________________________________________________________________________________________________________

ғылыми және техникалық                                                                                                                                                                                                    

мәдени___________________________________________________________________________________________________________________________________

рухани______________________________________________________________________________________________________________________________________

көленкелі контрэлита __________________________________________________________________________________________________________________________________________

өктемдік__________________________________________________________________________________________________________________________________

Элитаның теориялары:

В.Парето: барлық қоғам басқарушы және басқарылатын болып бөлінеді;өз кезегінде басқарушы өз билігін иілгіштік,қулық,күшін,сенімін және оппзицияға озбырлық басымдығын қолдану дайындығын сақтайды; элиталарды психологиялық негізде екі маңызды типке жіктейді:түлкілер (қулық,айлакерлік,өзінің билігін "насихат"арқылы жүргізу ұстау талпынысы) және арыстандар (батылдық, шешімділік,зорлыққа көп көңіл бөлінеді); саяси өзгерістер элитаның ауысуы арқылы іске асады ("элита айналымы"); элитаны басқаруға психологиялық жарамсыз болғанда өзгеріс болады.

Г.Моска: әрқашан да элитаны қоғам басқарады-элита экономикалық және саяси өмірді реттейді,қоғамда жоғары бағаланатын айқын билік ресурстарын және атрибуттарын билейді.

Р.Михельс: "олигархия" заңын құрған; қоғам және басқа да ұйымдар олигархия өктемдігіне тартылады, ал көпшілікке психологиялық лидер қажеттілігіне тән, сондықтан демократия қатаң түрде мүмкін емес; жақсы жағдайда ол екі олигархиялық ұйымның бәсекесінен құрылады.

 

Саяси лидер (ағылшын тілінен аударғанда "leader"-"басқарушы","жолды көрсетуші" мағынасын білдіреді)- қоғамның, топтың, ұйымның абыройлы мүшесі, саяси процестерде және ситуацияларда маңызды роль ойнайды.

Саяси лидердің мінез-құлық сипаты:

• үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне жауап беретін саяси бағдарламаның анық бар болуы.

• әйгілілік, адам симпатиясын жаулап алу, ұнау қабылеті.

• саяси ерік,өзіне жаупкершілікті алу дайындығы.

• саяси интуиция және өткір ақыл.

• ұйымдастырушылық талант және ораторлық қабілеті.

Саяси лидердің қызметі:

• қоғамның интеграциясы, халықтық қауымның бірлесуі.

• саяси шешімдерді табу және тиімді қабылдау.

• әлеуметтік сарапшы және патронаж; қауымды заңсыздықтан сақтау қоғамда тәртіпті ұстау.

• билікпен қауымның коммуникациясы, саяси басшылықтан азаматтардың жатсынуын жою.

• саяси құрылыстың заңдылығы.

Саяси лидерліктің типологиясы:

• Өктемділік типтерінің идеалдығына байланысты (М.Вебер):

дәстүрлік__________________________________________________________________________________________________________________________________заңды____________________________________________________________________________________________________________________________________

  

харизматикалық____________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Реферат тақырыптары:

1. Элитаның классикалық теориясы.

2. Г.Москаның «Саяси тап» теориясы.

3. Қазіргі саяси элита теориясы.

4. Элитаның түрлері.

5. Қазақстандық саяси элитаның даму тенденциясы.

 

Блиц-тест

1-тест. Саяси элита дегеніміз:

А) мемлекеттегі және қоғамдағы билік функцияларын атқару үшін бір субъекті ұсынатын саяси феномен;

Б) белгілі бір саяси құндылықтар мен мақсаттарды өнімдеуге бейімделген және шешім қабылдау процесін бақылайтын, қауымдастықтағы әлеуметтік мүдделерді білдіру үшін дайындалған адамдар тобы;

В) ерекшелігі жоғарыдан төменге бағыттауы болып табылатын билік түрі;

Г) әлеуметтік позициясы шешім қабылдаумен байланысты басқарушылық мәртебе;

Д) қауымдастықтың символы және топтың саяси мінез-құлқының үлгісі.

2-тест. Элитаның өмір сүруін әлдебір адамдардың басқаларынан «артықшылығымен» (интеллектуалдығымен, өнегелілігімен, психологиясымен) түсіндіретін көзқарас:

А) құндылықтық;

Б) құрылымды-функционалдық;

В) жүйелік;

Г) нормативтік;

Д) психологиялық.

3-тест. Адамдардың ерекше рөлін анықтайтын басқару функциясының ерекше маңыздылығын көрсететін «элита» ұғымына көзқарас: 

А) салыстырмалы;

Б) құрылымдық-функционалдық;

В) институционалдық;

Г) нормативтік;

Д) мәдениеттанымдық.

4-тест. Билікке бағытталған, қоғамның ұйымдасқан азшылығы саяси белсенділігі ең жоғары адамдар деп элитаны анықтайтын теория:

А) «элита айналымы» теориясы;

Б) «олигархияның темірдей заңы» теориясы;

В) «жаңа тап» теориясы;

Г) аномия теориясы;

Д) «саяси тап» теориясы.

5-тест. «Арыстандар» мен «түлкілер» деп элитаны екі түрге бөлетін теория:

А) «элита айналымы» теориясы;

Б) билік олигархизация теориясы;

В) психологиялық теория;

Г) биліктің күштейтін тұжырымдамасы;

Д) структурация теориясы.

6-тест. Элитаның қай теориясы шеңберінде «ұйымдастыру принципі» билік иерархиясының пайда болуына әкеліп соқтырады (басқарушы азшылық және басқарушы көпшілік):

А) марксистік теория;

Б) «олигархияның темірдей заңы» теориясы;

В) «айналы мен» теориясы;

Г) символикалық интеракционизм;

Д) «саяси тап» теориясы.

7-тест. «Саяси тап» теориясының авторы:

А) Г.Моска;

Б) В.Парето;

В) Р.Михельс;

Г) Ж.Боден;

Д) Г.Лассуэл.

8-тест. «Элита» терминін кім ғылымға бірінші болып енгізді?

А) Д.Белл;

Б) В.Парето;

В) О.Тоффлер;

Г) Дж. Гэлбрейт;

Д) З.Бжезинский

9-тест. «Элита айналымы» теориясының авторы:

А) Дж. Нейсбит;

Б) В.Парето;

В) Е.Масуда;

Г) М.Вебер;

Д) Дж. Вольф.

10-тест. «Олигархияның темірдей заңы» теориясының авторы:

А) Г.Моска;

Б) А.Бентли;

В) Р.Михельс;

Г) И.Шумпетер;

Д) Б.Барбер.

11-тест. Зерттеушілердің қайсысы элитаны статустар тобы мен стратегиялық рөлдер ретінде анықтаған?

А) Р.Даль;

Б) В.Парето;

В) Г.Моргентау;

Г) Р.Миллс;

Д) Р.Арон.

12-тест. Зерттеушілердің қайсысы элитаны тұйық каста деп ұғындырған?

А) Г.Моска;

Б) У.Кларк;

В) К.Макферсон;

Г) Б.Барбер;

Д) Р.Шварценберг.

13-тест. «Жаңа тап» саяси тұжырымдамасының авторы:    

А) Дж.Вольф;

Б) Б.Барбер;

В) Дж. Гэлбрейт;

Г) М.Джилас;

Д) Г.Лассуэл.

14-тест. Кандидаттың тұлғалық сапаларына, оның адамдарға ұнау қабілетіне бағытталған элитаны іріктеу жүйесі:

А) гильдий жүйесі;

Б) өкілеттілік;

В) антрепренерлік;

Г) авторитарлық;

Д) номенклатуралық.

15-тест. Элитаның қай іріктеу жүйесі жабықтылықпен, үміткерлерді элитаның өзінің төмен жігінен жоғары лауазымға іріктеуімен сипатталады:

А) гильдий жүйесі;

Б) ашық-ресми;

В) төтенше;

Г) дистрибутивті;

Д) тікелей.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Ашин Г.К., Охотский Е.В. Курс элитологии. М.,1999

2. Аврамова Е., Дласкин И.Современные трансформации и элиты //

Общественные науки и современность.1999,№3

3. Блондель Ж. Политическое лидерство. М.,1992

4. Болатбаева А. Формирование имиджа политического лидера. Алматы,2000

5. Политическое лидерство в современном Казахстане. Алматы,1998

Сабақ № 13 Саяси технологиялар және болжау

                                

Семинар сабағының жоспары:

1. Саяси технологиялар ұғымы.

2. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып білудегі маңызы. 

Саяси технологиялардың типтері.

3. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру

технологиялары.

4. Үгіт насихаттық типтегі ақпараттық технологиялар. Технология. (PR).

5. Сайлау жүйесі. Сайлау науқанының стратегиясы және тактикасы.

Сабақтың мақсаты: Саясаттануда саяси технологияның күшімен қоғамды ұтымды басқаруға негізделетіндігін, әртүрлі саяси күштердің арасындағы демократиялық принциптердің орнауына себепкер екенің, қоғамдағы мызғымас тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігін студенттерге түсіндіру. «Саяси технологиялар» арқылы билікті қолданудың әрекет, тәсілдері түсіндіріледі, саяси басқарудағы міндеттерді шешетіндігің жеткізу.

Бақылау сұрақтары

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Антагонизм мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынастың шиеленіскен түрі.
2 Блокада 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2)сол мақсатта белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкілетті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4)наразылық ретінде біреумен қарым-қатынасты үзу. Бұл сөздің шығуы Ч.К.Бойкат деген ағылшынның атына байланысты. 1880 жылы ол басқарған имениені жалға алған ирландықтар күрестің бұл түрін бірінші рет соған қарсы пайдаланған болатын.
3 Бұрмалаушылық өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандылық.
4 Делогирование бір субъектіні екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
5 Келісім мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің келісімі негізінде қабылданатын шешімі.
6 Коалиция 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердіңжасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.
7 Лояльдық өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын құрметтеу, орындау.
8 Модернизация қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдерің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қогамының жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
9 Реформа қоғамдвқ құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарын өзгерістер енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
10  Макиавеллизм   алға қойған мақсатқа жету үшін амал айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469- 1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес берді.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Адамдардың саяси іс әрекетін өзгерту мақсатындағы технологиялық әдіс тәсілдерді үш негізгі топқа жіктейміз:

· Саяси процеске қатысушылар арасында өзгеріс мақсатын көздеуге бағытталған өзгеріс, сонымен қатар нормативті және институционалды түрімен. Жаңа заң қабылдау арқылы ойын ережесін өзгерту арқылы, адамдардың қоғамдағы жүріс тұрысын өзгертуге болады. Бірақ тек мемлекет қана мұндай құқыққа ие болып табылады.

 

Мысал келтіріңіздер

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

· Көпшіліктің санасын өзгерту тұрғысындағы тәсілдер, бағалықтар, жаңа ережелерді құру, сендіру. Тұлғаның сенуі, оның бағалы нысанасы оның мінезін өзгертуге қатты әсер етеді.

 

Мысал келтіріңіздер__________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

· Адам мінез құлқын монипуляциялаудың тәсілдері. Манипуляция француздың (MANIPULATION) сөзі, бұл қандай да бір қондырғыны жасау бағытындағы қол қимылының жасырын түрі. Саясаттануда манипулиция адам дәл қазір жасағысы келмеген нәрсеге қызықтыратын нәрсе деп түсіндіреді. Манипулицияның биліктік және күш көрсету тәсілдерінен негізгі айырмашылығы бұл жерде бұйрық беру, бір нәрсені орындау талап етілмейді. Бұл кезде адам ешқандай сыртқы ортаның көмегінсіз мінез құлқын өзгертуге өзі ынталы болады. Кейде монипулиция өтірік алдау тәсілі деген пікірлер болады, бірақ ол дұрыс емес. Мысалы монипулиция кейде жасанды жолмен субьектінің үлгі тұтатын, қатты бағалайтын нәрсесінің беделін, дәрежесін білдірмей көтереді. Бұл тәсілді қолдану арқылы қоғамды ілгері жылжытуға ат салысушы қауымдастық құрылады. Бұл саяси тәсіл көбіне саяси жарнама роликтерінде қолданылады.

 

Мысал келтіріңіздер__________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

Реферат тақырыптары:

1. Саяси жарнама.

2. Ақпараттық төңкеріс және саясат.

3. Саяси имиджі қалыптастырудың ақпараттық технологиялары (Қазақстан жағдайында қарастыру).

4. Сайлау процесіндегі бәсекелестік күрес (Қазақстан жағдайында қарастыру).

Блиц-тест

1-тест. Саяси технология дегеніміз:

А) жаңалық енгізуді жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен тәсілдер жиынтығы;

Б) тауарлар мен қызмет көрсетулерді экономиялық ресурстардан өндіру үшін қолдануға болатын білімдер көлемі;

В) күнделікті пайдаланатын шикізатты қайта өңдеу әдістері мен құралдары туралы ғылым;

Г) басқару процесін орындаудың тәсілдері, тәртібі, регламенті;

Д) қажетті саяси нәтижеге жетуге арналған әрекеттер жүйесі.

2-тест. Билік саласында субъектілердің міндеттерін шешуге арналған белгілі бір білімдер мен іскерліктің жиынтығы – бұл:

А) дау-жанжалдың (шиеленістің) медиаторингі; 

Б) саяси мониторинг;

В) саяси маркетинг;

Г) саяси консалтинг;

Д) саяси менеджмент.

3-тест. Әр түрлі субъектілердің өздерінің мақсаттары мен міндеттерін орындаудағы саяси технологияны қолданудың негізгі мәні:

А) әлеуметтендіру;

Б) оптимизация;

В) ресмилендіру;

Г) модернизация;

Д) концептуализация.

4-тест. Билік институттарының тәжірибелік қызметтерінің саяси ұйымдастырумен және саяси жобалаумен (болжамдау, жоспарлау, программдау) айналысатын технология:

А) саяси инженерия;

Б) саяси жарнама;

В) саяси талдау;

Г) саяси мониторинг;

Д) саяси кеңес беру.

5-тест. Басқару мен биліктің әртүрлі субъектілерінің рольдік жүктемесін рационалдау және алгоритмизациялауды шамалайтын саяси технологияның түрлері:

А) қатал;

Б) тактикалық;

В) функционалдық;

Г) спорадикалық;

Д) инструменталдық.

6-тест. Мақсаттарға жетудегі қолданылатын әр түрлі тәсілдер ауқымындағы саяси технологияның түрі:

А) циклдық;

Б) тираждық;

В) бірегей;

Г) пәндік;

Д) жұмсақ.

7-тест. Парасат, субъектілердің тәжірбиесі мен оның интуициясы, мейірім, мәдениет стеротипі, дағдыларын және оның дүниетанымдығының индивидуалды ерекшеліктері – іс-әрекет стандарттарының тізбектелген құрылымының негізін салған, саяси технологиялардың қалыптасу әдісі:

А) құрылымдық;

Б) волютаристік;

В) талдаушылық;

Г) процессуалды;

Д) девиантты.

8-тест. Белгілі бір субъективизм мен озбырлыққа қарсы мәселелерді шешудегі және анықтаудағы керекті технологиялық әрекеттер құралдары мен тәсілдері болып табылатын қолданбалы оқу пәні:

А) шиеленістану;

Б) саяси менеджмент;

В) саяси консалтинг;

Г) саяси талдау;

Д) саяси маркетинг.

9-тест. Белгілі бір оқиғаға өзінің ықпалын тигізетін, әрқайсысының артында белгілі бір мүдделері бар адамдар тұратын, оның шеңберінде саяси процесс оқиғалар тізбегі ретінде көрінетін саяси талдау әдісі:  

А) ситуациялық талдау;

Б) корреляциялық талдау;

В) ивент-талдау;

Г) контент-талдау;

Д) эксперттік баға әдісі.

10-тест. Қайсыбір топтарда ортақ саяси талаптарды айқындаудағы әр түрлі микротоптық позицияларды келістіру технологиясы:

А) артикуляция;

Б) агрегирование;

В) индоктринация;

Г) верификация;

Д) вестернизация.

11-тест. Қоғамдағы (ұйымдағы) өмір сүріп тұрған заңдар, нормалар, дәстүрлер немесе әдет-ғұрыптардан ауытқитын әрекеттер әдістерінің дәрежесі мен сипаттарын регламенттеу тұрғысындағы технология:

А) имплициттік;

Б) айқын;

В) көлеңкелі;

Г) девианттық;

Д) стратегиялық.

12-тест. Қолданбалы саяси талдаудың негізгі пәні:

А) объект туралы ақиқат білімнің жетілдірілуі;

Б) байланыстар мен құбылыстардан тұратын нақты саяси жағдай;

В) объектінің логикалық көшірмесі;

Г) құбылыстың элементтері диахронды түрде қарастырылады;

Д) әлеуметтік тұтастық.

13-тест. Саяси ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің іскерлік әрекеттерінің тәуекелін төмендету негізінде олардың мамандандырылған міндеттерін шешудегі кәсіби көмек түрлері:

А) анкеттеу;

Б) сауалнама;

В) аудит;

Г) саяси кеңес беру;

Д) құқықтық баға.

14-тест. Саяси сипаттағы консультациялық қызмет көрсететін мамандандырылған қазіргі типтегі алғашқы фирма қашан пайда болды?

А) 1901 ж. (Лондон);

Б) 1914 ж. (Чикаго);

В) 1928 ж. (Берлин);

Г) 1964 ж. (Москва);

Д) 1970 ж. (Нью-Йорк).

15-тест. Әріптестер (партнерлер) арасындағы келісім жасау мен саудаласу технологиясының жалпыға ортақ түсініктемесі:

А) презентация;

Б) мониторинг;

В) логроллинг;

Г) диверсификация;

Д) ассимиляция.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Мухаев Р.Т. Политология. М., 2000.

2. Пушкарева Г.В. Политология. М. 2002.

3. Соловьев А.И. Политология: Политическая теория. Политические технологии. М., 2000

 

Сабақ № 14 Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.

2. Халықаралық қатынастар субъектілері .

3. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

4. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері.

5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. ҚР ұлттық мүдесі және ұлттық қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты: Қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың мәні мен өзгешелігі студенттерге түсіндіру. Әлемдік бірлестікті жаһандық проблемаларды толыққанды жеткізу.

Бақылау сұрақтары

1. Әлемдік саясат деген не?

2. Сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарының айырмасы қандай?

3. Сыртқы саясаттың мақсаты неде деп ойлайсыз?

4. Ұлттық мүддеге не жатады?

5. Қандай ғаламдық шешілмеген мәселслсрді білесіз?

6. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?

7. XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп

ойлайсыз?

 

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Альянс ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған мғынада пайдаланылады.
2 Бейтараптылық 1)екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2)соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді.
3 Вето тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
4 Глобалдылық бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.
5 Еуропарламент еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.
6 Интеграция мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті. Оған кірген мемлекеттер экономика, әлеуметтік, қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде, технологиялық даму, айналадағы ортаны қорғау, сыртқы саясатты жүргізу мәселелерін және т.с.с. шешкенде бірігіп іс-қимылдар жасауға келіскен.
7 «Қырғиқабақ соғыс» екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 80 жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.
8 Меморандум дипломатиялық хат жазысудың бір турі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
9 Нота бір мемлекеттің екінші мемлекетке ресми дипломатиялық хаты. Нота алмасу арқылы кейде халықаралық келісім де жасалады.
10 Одақ жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутаттар тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдамау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттары, қөзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс әрекет жасамақ болып өзара келіеді. Эканомикалық, әскери және т.б. мәселерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар да құрылады. Мысалы, НАТО, ОПЕК және т.с.с.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.

    Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.

      Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

    Ең ірі халықаралық экономикалық саяси, әскери және т.б. ұйымдардың атауын, құрылған жылын, мақсатын және қатысушы елдер құрамын көрсетіңіз.

 

БҰҰ______________________________________________________________________________________________________________________________________

ЮНЕСКО_________________________________________________________________________________________________________________________________

МАГАТЕ_________________________________________________________________________________________________________________________________

ХВҚ______________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ДСҰ______________________________________________________________________________________________________________________________________

ОПЕК____________________________________________________________________________________________________________________________________

ЕО_______________________________________________________________________________________________________________________________________

НАТО____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Реферат тақырыптары:

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдай.

2. Қазіргі әлемдік проблемалар және оны шешу жолдары.

3. Қазіргі жағдайдағы мемлекетаралық дау-жанжалдар себептері.

4. Сыртқы саясаттың негізгі қызметтері.

5. БҰҰ және оның әлемдік саяси кеңістіктегі ролі.

6. Ұлттық қауіпсіздік саясаты.

 

Блиц-тест

1-тест. Халықаралық қатынастар – бұл:

А) халықаралық деңгейде мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат;

Б) саясаттағы адамдар, халықтар арасында жүзеге асатын байланыстар;

В) халықтардың өзара әрекеттесу формалары мен қатынастарының жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету тәсілі.

2-тест. Сыртқы саясат – бұл:

А) халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат;

Б) саясатта адамдар арасында жүзеге асатын байланыстар;

В) халықтардың өзара әрекет формалары мен қатынастарының жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемелкетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

3-тест. Халықаралық саясат – бұл:

А) мемлекеттер мен халықтардың халықаралық аренадағы өзара қарым-қатынастарын реттейтін саясат;

Б) әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат;

В) халықтардың өзара әрекеттестік формалары мен қарым-қатынастар жиынтығы;

Г) ұлтаралық және мемлекетаралық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастар түрі;

Д) қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі.

4-тест. Халықаралық қатынастардың маркстік типологиясының негізінде мыналар жатыр:

А) хронологиялық жағынан 3 типке бөлу (антикалық, орта ғасырлық; саяси тепе-теңдік; ұлттық принцип және құқық үстемдігі);

Б) «әлемдік державаның» ықпалының басымдығы;

В) формациялық және таптық өлшемдер;

Г) төрт «ұлы державалар» үстемдігінің 5 кезеңі (Португалия, Нидерландия, Ұлыбритания, АҚШ);

Д) екі негізгі түрі: бәсекелестік қатынас пен ынтымақтастық қатынас.

5-тест. Батыс елдерінің тәуелсіз мемлекеттердің ісіне тек экспансионистік саясат жүргізу кезінде ғана емес, сонымен бірге адам құқы принципі мен нормаларын бұзғанда және мемлекет ішінде бейбіт тұрғындарға қару қолданған тұста араласуын көздейтін және оны ақтайтын тұжырымдама:

А) модернизация теориясы;

Б) либерализм;

В) трансұлтшылдық (транснационализм) тұжырымдамасы;

Г) конвергенция теориясы;

Д) вестернизация тұжырымдамасы.

6-тест. Геосаясат тарихына елеулі әсерін тигізген «Хартленд» («орталық жер») тұжырымдамасының авторы:

А) Ф.Ратцель;

Б) Х.Макиндер;

В) К.Хаусхофер;

Г) Г.С.Трубецкой;

Д) Р.Челлен.

7-тест. Негізгі субъектісі мемлекет немесе бірнеше мемлекеттер болып табылатын халықаралық қатынастарды қалыптастырудың және оның қызметінің тәсілі:

А) этатистік;

Б) позитивистік;

В) жүйелік;

Г) антиэтатистік;

Д) институционалдық.

8-тест. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектісінің рөлін, мемлекеттік емес және тіпті саяси емес ұйымдар мен қозғалыстарға жатқызуды жақтаушылардың амалы:

А) әлеуметтанымдық;

Б) таптық;

В) нормативтік;

Г) антиэтатистік;

Д) институционалдық.

9-тест. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі ірі корпорациялардың рөлін көтеру қажеттілігін негіздейтін халықаралық саяси қарым-қатынастар тұжырымдамасы:

А) И.Галтунгтың әлемдік жүйе теориясы;

Б) «өміршең қоғам» теориясы;

В) халықаралық эквилибриум (тепе-теңдік) теориясы;

Г) конвергенция теориясы;

Д) «күш қолдану» тұжырымдамасы

10-тест. Саясатты үстемдік ету үшін күрес деп түсіндіретін халықаралық саясаттың тұжырымдамасы:

А) ақпараттық қоғам тұжырымдамасы;

Б) «ұлттық мүдде» тұжырымдамасы;

В) глобализация тұжырымдамасы;

Г) бейбіт өмір сүру теориясы;

Д) «күш қолдану» тұжырымдамасы.

11-тест. Ұлттық мемлекеттің түбірлі мүдде-қажеттіліктерінің өз саяси көсемдерінің іс-әрекет қызметінде көрініс табуы:

А) ұлттық саясат;

Б) ұлттық сана;

В) ұлттық мәселе;

Г) ұлттық қауіпсіздік;

Д) ұлттық мүдде.

12-тест. «Ұлттық мүдде» тұжырымдамасының авторы:

А) У.Кларк;

Б) Ф.Фукуяма;

В) Е.Масуда;

Г) Г.Моргентау;

Д) А.Белл.

13-тест. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп-қатерден қорғалғандығы, мемлекеттің өз егемендігін және аймақтық тұтастығын сақтап қалу және халықаралық құқық субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті:

А) ұлттың өзін-өзі басқаруы;

Б) ұлттық мәселе;

В) ұлттық сана-сезім;

Г) ұлттық қауіпсіздік;

Д) ұлттық мүдде.

14-тест. Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі жағдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама:

А) пацифизм;

Б) геосаясат;

В) плюрализм (көппікірлік);

Г) протекционизм;

Д) этатизм.

15-тест. Қазақстан Республикасы қашан БҰҰ-на мүше болып кірді?

А) 1991 ж.

Б) 1992 ж.

В) 1993 ж.

Г) 1994 ж.

Д) 1995 ж.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004

2. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. М.,1998.

3. Панарин А.С. Искушение глобализмом. М., 2002.

4. Тоқаев Қ.К. Беласу. А., 2002.

Сабақ № 15 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.

                             

Семинар сабағының жоспары:

1. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде.

2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалары және қиыншылықтары.

3. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары.

Сабақтың мақсаты: Қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың мәні мен өзгшелігі түсіндіру. Әлемдік бірлестікті жаһандық проблемаларды толыққанды студенттерге жеткізу. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Қазақстанның орның аңықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?

2. Қазақстанның болашақтағы дамуын қалай елестете аласыз?

3. Кедендік Одақтың Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуына қандай әсері болады деп ойлайсыз?

4. Қазақстанның Орталық Азиядағы геосаяси оқиғаларға ықпалы қаншалықты?  

5. Трансшекаралық өзендердің мәселелерінің шешілуіндегі Қазақстанның позициясы қандай болуы қажет?

6. Каспийдін құқықтық мәртебесін шешудегі Қазақстан және басқа да елдердің көсқарастары қандай?

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
1 Автаркия елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.
2 Денонсация келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғанын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
3 Преамбула халықаралық келісімнің, конституция, декларация және т.б заңдылық құжаттардың кіріспе бөлімі.
4 Ратификация мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындауының бекітуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да, келісім-шарт заңды күшіне кіреді.
5 Саммит сыртқы саяси келісімдер жүргізіп,шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
6 Юнеско БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселесі жөнінде халықаралық, үкіметаралық ұйымы. Оның жарғысы 1945 жылы қабылданды. Негізгі мақсаты-нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамай барша адамға әділдікті, заңдылықты, адам құқығы мен еркіндіктерін жалпыға бірдей құрметтеуді қамтамасыз ету үшін ағартушылық, білім ж/е мәдениет құралдары арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілікті орнатуға көмектеседі. Оған Бас коференция басшылық етеді. Секретариатының тұрақты тұратын жері-Париж.
7 Де-юре заңдылық, заң бойынша, белгілі бір мемлекетті түпкілікті мойындау
8 Де-факто факт бойынша, мемлекетпен іс жүзінде қарым-қатынас жүргізу.
9 Форс-мажор Алдын-ала болжап білуге болмайтын, күтпеген жағдайлар (табиғи апаттар, жер сілкінісі, сел, топансу т.б.)
10 Де-марш күтпеген жүріс, күтпеген іс-қимыл.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

 

 

Реферат тақырыптары:

1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси жүйесі.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің құрылуы.

3. Унитарлы Қазақстан және Федеративті Ресей:салыстырмалы-саяси талдау.

4. Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

5. Президенттік және парламенттік республика:жалпы және ерекше.

6. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар.

7. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы саяси Элита.

8. Саяси лидерлік.

9. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы саяси мәдениетінің ерекшеліктері.

10. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде.

11. Қазіргі кезеңдегі мемлекетаралық шиеленістер.

12. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар.

13. Қазақстан және әлемдік қоғамдастық.

14. БҰҰ және оның әлемдік саяси процестердегі ролі.

 

Блиц-тест

1-тест. Қазақстан Республикасының алға қарай тұрақты жылжуының негізгі шарты:

А) халықаралық жағдайлардың қолайлы болуы;

Б) экономикалық өсу;

В) алға қойған мақсатқа жетудегі қоғамның тұтастығы;

Г) әлеуметтік ауқаттылық;

Д) шетелдермен қарым-қатынас.

2-тест. Қазіргі кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші факторы:

А) табиғи ресурстар;

Б) жағрапиялық жағдай;

В) геоэкономикалық жағдай;

Г) адамдар, олардың жігері, энергиясы, қайсарлығы, білімі;

Д) саяси тұрақтылық.

3-тест. Мемлекеттік бірдейлік ретіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұтастығының түрі:

А) органикалық;

Б) ортопедикалық;

В) геометриялық;

Г) экономикалық;

Д) әлеуметтік.

4-тест. Қазақстан Республикасының үдемелі және тұрақты дамуының маңызды шарты:

А) экономикалық өсу;

Б) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның шоғырлануы;

В) халықаралық жағдайдың қолайлы болуы;

Г) әлеуметтік сақтандыру;

Д) ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттілікті сақтау.

5-тест. Қазақстан Республикасындағы әскери құрылыс саясатының саясаттанулық теориясының негізін қалаушы?

А) И.Панфилов;

Б) Б.Момышұлы;

В) С.Нұрмағанбетов;

Г) М.Қозыбаев;

Д) Л.Бақаев.

6-тест. Қазақ ұлтының генетикалық кейіптелуі:

А) ауыл тұрғыны;

Б) жастар,

В) қала тұрғыны;

Г) қарт адамдар;

Д) диаспора.

7-тест. Қазақстан халықтарын ортақ игілікке жеткізетін және ұлттық мүддені іске асыратын негізгі құрал:

А) шет елдермен ынтымақтастық;

Б) нарықтық экономиканың дамуы;

В) ішкі саясаттың тұрақтылығы мен қоғамның шоғырлануы;

Г) білім ағарту саясаты;

Д) шет елдік инвестиция.

8-тест. Қазақстан халықтарының Ассемблеясы қай жылы құрылды?

А) 1992 жылы;

Б) 1993 жылы;

В) 1994 жылы;

Г) 1995 жылы;

Д) 1996 жылы;

9-тест. Басқару түрі бойынша Қазақстан – бұл:

А) парламенттік республика;

Б) жартылай президенттік республика;

В) президенттік республика;

Г) суперпрезиденттік республика;

Д) демократиялық республика.

10-тест. Еуразиялық одақ құру идеясы қай жылы ұсынған еді?

А) 1991 жылы;

Б) 1992 жылы;

В) 1993 жылы;

Г) 1994 жылы;

Д) 1995 жылы;

11-тест. Қазақстан халқының денсаулығына әсер ететін маңызды фактор:

А) аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыратын  мемлекеттік шаралар;

Б) шетелдік инвестициялар;

В) қайырымдылық;

Г) жеке капитал,

Д) халықтың іскерлігі.

12-тест. Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясаты, оның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты селективті түрде неге бағытталуы керек?

А) бүкіл республикаға;

Б) адамның өмір сүруі және нарықтың қызмет етуі позицияларының перспективті аймақтарына;

В) қалаға;

Г) ауылдық жерге;

Д) экологиялық апат аймағына.

13-тест. Қазақстандағы ауыл мен селоны көтерудегі негізгі фактор:

А) су қатынастарының реформасы;

Б) жерге жеке меншік;

В) агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және қарқынды дамуы;

Г) ауылдың ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуі;

Д) сыртқы тауар рыногын қамтамасыз ету.

14-тест. Қазақстан үшін мектепте білім беру жүйесінің маңыздылығы неде:

А) оқушыларды оқыту бағдарламасы;

Б) оқулықтармен қамтамасыз ету;

В) мектепті компьютерлендіру;

Г) оқытушы мәртебесін, әсіресе, ауыл оқытушысының мәртебесін айтарлықтай көтеру;

Д) материалдық-техникалық базаны жақсарту.

15-тест. КСРО жинақ банксінде жоғалған халық салымын қайтаруды қажет деп тапқан ТМД-дағы жалғыз мемлекет:

А) Ресей;

Б) Белоруссия;

В) Қазақстан;

Г) Литва;

Д) Украина.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.А. Новый этап демократизации Казахстана- ускоренное развитие свободного демократического общества. Казахстанская правда,17 мая 2007г.

2. Казахстанская политологическая энциклопедия. Алматы, 1998г.

3. Машан М.С. Политическая система Казахстана. Алматы, 2000.

4. Токаев К. К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы, 2000.

 


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 386; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!