Профилактика и лечение ожирения. /Под ред. Шарманова Т.Ш., Муминова Т.А. - Алматы: 2001.



9. Сивохина И.К. /Справочник по лечебному питанию. - М.: ООО «Издательство Новая Волна», 2000. - 352 б.

10. Лечебное питание /Под общ. Ред. Акад. Латогуза И.К.-Харьков: «Торсинг»; Ростов н /Д: изд-во «Феникс», 2002. –544 б.

 

Қосымша әдебиет:

1) Диагностика лечение и профилактика стоматологических заболеваний /В.И. Яковлева, Е.К. Трофимова и др.2 - е изд. перераб. и доп. - М.: Высшая шк., 1994. - 494 б.

2) Хирургическая стоматология /Под. ред. Т.Г. Горбустовой.2-е изд. перераб. и доп. - М.: Медицина, 2001. – 687 б.

3) Воробьев В.И. Питание и здоровье. - М.: Медицина., 1990. - 351 б.

4) Доценко В.А., Бондарев Г.И., МартинчикА.Н. Организация лечебно-профилактического питания. - Л. Медицина., 1987. - 261 б.

5) Эвенштейн З.М. Популярная диетология. - М.: Экономика, 1989. - 192 б.

6) Строев К.И. Питание больных язвенной болезнью. - М.: 1981. - 325 б.

7) Гурвич М.М. Питание при пищевой аллергии. Диетология для всех. - М.: Медицина., 1992. - 148 б.

8) Шарманов Т.Ш. Национальная политика питания. - Алматы: 1996. USAID

Медико-демографические исследования. Академия профилактической медицины, институт питания РК. Макро Интернэшнл Инк. - Алматы: Казахстан. 1996, 1999.

9) Руководство по лечебному питанию детей /Под ред. К.С.Ладодо. - М.: Медицина, 2000. - 384 б.

 

 

Асқазаның, ұлтабардың созылмалы ауруларын емдәммен емдеу

Емдәммен емдеу асқазан, ұлтабар ауруларыда - рефлекторлық және ацидопептикалық факторларға әсер етуді көздейді.

Асқазан –ішек ауруларында механикалық, химиялық және термиялық аялау қажет, сол мақсатпен: №1 а, №1б, №1 емдәмін тағайындаймыз.

Аялау емдәмдерін құрастыруда асқазан - ішек жолдарының шырышты қабығын механикалық, химиялық тітіркендіргіштерді шектейміз немесе шығарамыз. Азық даярлауда арнайы (ұгу, езбелеу, жұмсарғанға дейін пісіру, пісіру, буға пісіру) әдістер қолданамыз. Асқазанан жылдам кететін өнімдерді тағайындаймыз.

 Асқазан секрециясын әлсіз қоздырушыларға жатады:

- сүт және сүт өнімдері (тұзсыз жұмсақ ірімшік, тұщы сүзбе);

- сүт көже және сүттен сұйық ботқа;

- шырышты және ұгілген сорпалар;

- уылжып пісірілген жұмыртқа, булы омлет;

- пісірілген ет және балық;

- кепкен бидай наны;

- сүйық шай;

- сілтілі минералды сулар көмір қышқылсыз.

Не ұзағырақ азық асқазанда жатса, ол көбірек шырышты қабықты тітіркендіреді. Соңғыға майлы тамақ тұтас жатады. Белокты және көмірсулы азық, әсіресе сұйық және ботқа тәрізді асқазанан жылдам шығып кетеді сондықтан емдәмдерді құрастыруда әсіресе ұсынылады.

Жануар белогімен және өсімдік майларымен байытылған өнімдер күшті емдік әсер етеді. Осымен байланысты жара ақауының жазылуы басталады, қабыну процесстері төмендейді.

Өршуде женіл сіңетіндер арқылы көмірсуларды үлесте қысқартамыз. Женіл сіңетін көмірсулар асқазаның тітіркену симптомдарын күшейтеді. Жазылуда көмірсулар физиологиялық қажеттіліктерге дейін көбейтіледі.

Сонымен қатар емдік қоректенудің құндылығы витаминдердің мөлшерімен анықталады. Амалсыз жемістерді, табиғи шырындарды шектеу, витамин жеткіліктіліксіздігіне ертіп әкеледі. Үлесті байытуға арналған гомогенделген жеміс-жидек езбелерін ұсынуға болады.

Әйтеуір, емдәммен емдеуде қоректену тәртібіне үлкен мағына беріледі. Бір қалыпты қоректену асқазан - ішек жолдарының секреторлық қызметін жақсартуға жағдай жасайды. Аялау емдәмдердің ықпалынан аурудың клиникалық көріністері жоғалады.

Гастрит, гастродуоденит немесе жара ауру өршуінде №1 емдәмі тағайындалады.

№1 емдәм барынша химиялық, механикалық тітірккендіргіштерді шығару жолымен, қабынудың белсенділігінің азаюына жағдай жасайды.

№1 емдәмде тиым салынатын өнімдер: барлық асқазан - ішек жолдарын тітірккендіргіштері, нан және нан бұйымдары, кез келген түрдегі көкөністер, піспеген жеміс-жидектер, жеміс шырындары, қоюланған жеміс-жидек шырындары, қою шай, кофе, какао, қышқыл сусындар, сорпалар.

Қолдануға болатындар: барлық жармалардан сүт ботқалары (арпа жармасынан басқа) сүт (2-4 рет), сүзбеден суфле, шала пісірілген жұмыртқа, булы омлет, шырышты көжелер, булы ет және балық суфлесі, піскен тәтті жеміс-жидектер (жылы өңдеуден кейін, езбе түрінде жидектер). Жеміс - жидекті тәтті шырындар (сумен, немесе қайнатпалармен 1:1 арақатынаста араласқан), жеміс - жидекті сүт кисельдері, бал, итмұрын қайнатпасы, сүтпен шай.

Азықты сұйық және жартылай сұйық түрінде, булап, пісіріп береміз. Үлестің құндылығы 10% төмендетілген. Азықты жиі және бөлшекті қабылдауға ұсынамыз.

№1 емдәм: гастритте - 1-3 күнге, гастродуоденитін өршуінде -3-5 күнге, жара аурудың өршуінде -7-10 күнге тағайындалады.

Қабыну процесі төмендегенде №1б емдәмге ауыстырамыз. Осы емдәмнің құндылығы және негізгі тағами заттары физиологиялық қажеттіліке жақындайды. №1б емдәм №1а емдәмі негізінде құрастырылады. Мәзірге талқандалған кептірілген бидай наны, гомогенделген көкөністер және жеміс-жидектер (арнай консервілер), өсімдік майы (тамаққа); булы котлеттер, етті және балықты бұршағы ет түрінде (фрикаделька) қосылады, жармалардан шырышты көжелер үгілгенге ауыстырылады.

Тамақты жұмсақтыққа дейін булап даярлайды, әбден пісіріп езеді және үгеді. Қоректену тәртібі бөлшекті, күніне 5-6 рет. № 1б емдәмін 10-14 күнге тағайындаймыз.

 Реконвалесценцияда және ремиссияда №1, емдәмді тағайындаймыз.

Азықтың аспаздық өңдеуі №1 а және №16 емдәміне ұқсас. Емдәмнің екі түрі бар - үгілген және үгілмегенмен.

№1 емдәмнің үгілген түрінде №1б емдәмнің ассортиментіне тұщы майсыз сүзбе, үгілген ірімшік; құрама көкөністерден үгілген көже (қырыққабаттан басқа), көкөніс-жарма көже, жармалармен немесе вермишельмен сүт сорпалар; (қырыққабаттан, шалқандардан, тұрындардан, шалғаннан, бұршақтан басқа) пісірілген үгілген көкөністер; піскен жеміс-жидектер және тәтті сорттардың жидектері (жылы өңдеуден кейін); құрғақ жидектермен үгілген компот; кепкен бидай наны қосылады.

№1 емдәмнің бірінші түрі 3-4 аптаға тағайындайындалады. Ңауқастың жағдайы жақсарған сон, үгілмеген түріне ауыстырамыз.

Ботқалар, сорпалар, жемістер піскенен кейін үгілмейді; кесекпен етті, балықты жеуге болады. Піскен жеміс-жидектерді және шикі жидектерінің тәтті сорттарын езбе түрінде, сонымен қатар тәттіліктерді (зефир, жеміс қағы, құрғақ печенье) жеуге болады.

Емдәм екінші түрі гастрит немесе дуодените 6 айға ұсынады, гастродуоденитте - 12 айға, жара ауруында - 2-3 жылға тағайындаймыз.

Гипоадцитті гастритте №2 емдәм тағайындалады. Емдәм асқазаның шырышты қабығының механикалық аялауын сақтап, химиялық тітірккендіргіштерді беруді қарастырады.

Семіз ет, балық, ашты, сүрлі тамақ, тұзды және маринадтар, қырыққабат, шалқан, тұрын, шалған, бұршақ, қара бидай наны шығарылады.

Піскен, бұқтырылған және қыздырып пісірілген тамақ рұқсат етілген. Азықтың туралуы әр түрлі.

Барлық жармалардан сүт ботқалар (тарыдан басқа), сүзбе, айран және басқа қышқыл сүт сусындары, ірімшік; жұмыртқа, омлет; сүйық ет және балық сорпалар, жеміс қайнатпалары; шабылған немесе кесек еті және балықты қолдануға болады;

Шикі және піскен көкөністерді; піскен тәтті жеміс-жидектерді; жеміс-жидек шырындарын; сары май және өсімдік майды; балды; кепкен нанды тағайындауға болады.

Ауру тамақты жылы түрде 4-5 рет қабылдайды.

№2 емдәмнің энергетикалық құндылығы және тағами заттардың мөлшері физиологиялық талапқа сай болады; аурудың реконвалесценциясында және ремиссиясында тағайындалады. Емдәммен емдеу мезгілдері жеке адамға ­ сай (6 айдан 2-3 жылға дейін). Өршу кезенде үгілген №1 емдәм тағайындалады.

Бауырдың және өт жолдарының созылмалы ауруларында емдәммен емдеу

Бауырдың және өт жолдарының созылмалы ауруларында №5 емдәм кең қолданылады.

№5 емдәмнің тағайындау мақсатты- өт қабының қозғалу қызметін жақсарту, ­ бауырдың функционалдық жағдайын жақсарту, зат алмасу процесстерін нормалау. Қоректенуден күшті асқорыту секрециясын тітірккендіргіштерді ­ (экстрактивті заттарды, эфирлі майларды, қаты өсімдік талшықтарын, өт бөлінуінің күшті қоздырғыштарын, баяу еритін майларды) шығарамыз.

Өт бөлінуінің негізгі стимуляторлары:

- баяу еритін майлар (сиыр, қой, шошқа, қаз);

- өсімдік майы;

- жұмыртқа;

- кебектер;

- шикі көкөністер, жеміс-жидектер.

Бидай кебектері сорбентті қасиеті бар болғандықтан іш қатуда беруге болады. Бірақ жұмыртқа және бидай кебегі өт жолдарының қабынуы кезінде өт айдайтын әсері болғандықтан ауру сезімін күшейтеді. Сондықтан шыдамдылық анықталғанан кейін ғана тағайындайды.

Өсімдік маймен және өсімдік талшықтармен бай көкөністер және жеміс-жидектер, жұмыртқаға және кебектерге қарағанда ауру сезімін сирек шақырады. Сонымен қатар, өсімдік майларының липотроптық әсері бар. Өсімдік майларымен бірге көкөністерді бергенде өт шығару әсіресе күшейеді. Барлық өсімдік майлары №5 емдәмде кең қолданылады.

Сонымен қатар емдәммен емдеу құрастырғанда гиперкинетикалық дискинезияда барлық өт қуғыштарды шектеу қажет.

Бауырдың май инфильтрациясын алдын алу үшін липотроптық қасиетті бар өнімдерді үлеске кең қосу қажет.

Липотроптық қасиеттері бар өнімдер:

- сүзбе;

- қышқыл сүт өнімдері;

- қарақұмық және сұлы;

- майлы емес ет және балық;

- өсімдік майы.

Бөлшекті қоректену өт шығуына жақсы әсер жасайды. Ал мол тамақты қабылдау өт бөлінуін бұзады, өт жолдардың спазымын, ішектің моторлы қызметінің бұзылуын шақырады.

Тамақты пісіреді, булап даярлайды, қызуға пісіреді, бөктіреді, ыстық суға шайып алады. Тәулікте тамақты 5-6 рет береміз. Салқын тамақ өт жолдарының спазымын шықыратындықтан толық шығарылады.

Негізгі тағами заттармен №5 емдәм физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес.

Барлық жармалардан ботқаларды (тары және арпадан басқа) қолдануға болады. Емдәмде пісірілген макарон; қышқыл сүт өнімдері, ірімшік, сүзбе, қаймақ, жұмыртқа, құрама көкөністерден вегетариандық көжелер, борщ, жармадан немесе вермишельден сүт көжелері; ет және балық; көкөністер ( шалқан, тұрын, шалған, бұршақ, болгарлық бұрыш, пияз, шпинат, қымыздық шығарылады) піскен және шикі түрінде; жеміс-жидек шырындар және сусындар; тәттіліктерден - бал, жеміс қағы, зефир, құрғақ печенье, мармелад; кепкен бидай наны; сары май және өсімдік майы рұқсат етіледі.

№5 емдәмді 1 жылға тағайындалады. Жиі рецидивтарда емдеу мезгілі ұзартылады. Ремиссияда 6-12 ай ішінде емдәмді бірте-бірте кеңейту керек.

Созылмалы холециститте, гепатитте, циррозда ­№5 емдәмнің үгілген №5а түрін тағайындаймыз.

№5 а емдәмнің аспаздық өңдеуі толық үгуді ескереді. Тәуліктерге тамақ 5-6 рет жылы түрде беріледі. Процестің айқынды белсенділігінде кортикостероидтарды тағайындағанда, үлесте 15-30% белокты көбейтеміз. Сондай емдәм бауырдың қызметін ынталандырады. Кортикостероидтарды тағайындағанда калий тұздарымен бай (курага, жүзім, пісірілген картоп) өнімдер қажет.

№5 а емдәм 4-6 аптаға тағайындалады, содан соң ­ №5 емдәмге бірте-бірте аударылады.

Бауыр жетіспеушілігінде белокты емдәмде азайту көрсетілген. Осы оқиғада белок түсуі көбейгенде азоттық шлактардың мөлшері де қанда жоғарлайды, ол энцефалопатияның дамуына әкеледі.

Панкератитте тамақтану

Созылмалы және реактивті панкреатит бауыр, асқазан ауруларымен бірге жүреді. Панкреатитің дамуы тамақтану тәртібі бұзылуымен, майлы тамақты қалыптан артық қабылдаумен байланысты.

Панкреатитте №5 емдәм тағайындалады.

Тағайындау мақсатты: үйқы бездің қызметін жақсарту, сөл шығару қызметін аялау, асқазанды механикалық және химиялық аялау, өт жолдарының рефлекторлық қозғыштығын азайту.

Панкреатитте үлестен ас қорыту жолдарын күшті тітірккендіргіштерін, өт бөліунің стимуляторларын шығарамыз. Азықтың аспаздық өңдеуінде пісіру, буға даярлау, ұсақтау қолданады.

Үйқы безінің стимуляторлары:

- ащы тамақтар және сусындар,

- майлар, майлы тамақтар,

-шикі көкөністер және жеміс-жидектер,

-қою жеміс қайнатпалары,

- жеміс және жеміс-жидек шырындары.

Аурудың жедел кезенінде №5 п емдәмі тағайындалады. Осы емдәмде үйқы безінің толық аялауы қарастырылған. Ас қорыту сөлдерін ынталандырушы өсімдік талшықтарын шығарамыз. Шикі көкөністер, қырыққабат, шикі жеміс-жидектер, жеміс-жидек шырындар, қант және қантты заттар (бал, тосап, джем және т.б.) рұқсат етілмейді.

Тамақты буға даярлайды, пісіреді, үгеді, тамақ жартылай сұйық немесе сұйық консистенцияда болу тиіс.

Үлестің энергетикалық құндылығы көмірсу және май арқылы 10-15% азаяды. Емдәмде белок қажеттіліктерге сай болу тиісті. Қоректену тәртібі бөлшекті тәулікте 6 рет. Азықты жылы түрде береміз.

Сұйық және үгілген ­ барлық жармалардан ботқалар (тарыдан және арпадан басқа), сүт (тамақта), сузбе; шала пісірілген жұмыртқа, булы омлет; шырышты жармалардан көже; ет және балық суфле, булы котлеттер; көкөністерден езбе; піскен жеміс-жидектер және тәтті жидектер (пісірілген түрде); компоттар; кисельдер, тәтті тамақтар, тәтті емес әлсіз шай, сілтілі ­ сулар, итмұрын қайнатпасы; сары май; кептірілген бидай наны рұқсат етілген.

Науқастың ауыр жағдайында, 1-2 күн аштық тағайындайды. Осы кезенде сұйықтықты (минералды су, сүық шай, итмұрың қайнатпасын) тәулікте 5-6 рет 150-200 мл-ден қабылдау ұсынылады. 3-ші күнен кейін аурудың жағдайы жақсарғанда, қоректенуді бірте-бірте кеңейтеміз және 3-5 күн ішінде №5 п ­ емдәмге көшіреміз. Бұдан былай №5п емдәмі тағайындалады оның ең басты айырмашылығы емдәмде шикі көкөністер, қырыққабат, жеміс шырындары жоқтығы. Жеміс-жидектер тек қана піскен немесе қабықсыз қышқыл емес сорттары (үгілген түрінде) беріледі.

№5 емдәмұзақ қолдануы мүмкін.

Қабыну төмендеуде белокты 15-20% жоғарылатады. Онын мағынасы үйқы бездің қызметін жақсарту, репаративтік процестерді тездету.

 

Ішектің созылмалы ауруларында тағаммен емдеу

Ішектің созылмалы аурулары екі топқа бөлінеді:

1) клиника ұзақ диарея бар (энтерит, колиты, энтероколит, ойық жара колит және т.б.) және ыдырау бұзылыстары бар (тағам аллергия, дисахаридтер жеткіліктіліксіздігі, целиакия, муковисцидоз, экссудатты энтеропатия және т.б.) аурулар;

2) Іш қатумен бірге жүретін аурулар.

Емдәмнің тағайындау мақсаттары:

· ішектің қимылдаушы, сіңу, сөл шығару қызметін нормалау;

· себепті - тағами заттарды шығару;

· организмнің метаболиттік статусын бұрынғы қалпына келтіру.

Осы мақсатпен қоректенуден асқазанның, үйқы безінің, сол шығаруын күшейтетін өнімдерді және өт қабын, ішектің жиырылуын күшейтетін тамақтарды шығарамыз.

Ішектің жиырылуын күшейтетіндерге ­ жатады:

· қантты заттар (қант, тосап, бал, сироптар);

· органикалық қышқылдар (қышқыл жемістер және олардың шырындары, маринадталған және ашытылған көкөністер, қышқыл сүт сусындары, квас, морстар); ас тұзының ерітінділері (тұздықтар, маринадтар, тұзды балық, сүрленген заттар);

· көмір қышқылы бар немесе оны құрушы заттар ( минеральды су, лимонад, квас);

· таза майлар (өсімдік және сары май, қаймақ және т.б.);

· өсімдік талшықпен бай өнімдер (піспеген көкөністер және жеміс-жидектер, қырыққабат, жеміс қағы, кебек, саңырауқұлақ, жаңғақ);

· дәнекерлік тінмен бай өнімдер (сіңірлі ет, шеміршектер, құс және балық терісі);

· салқын тамақ ( температурасы 16-17° С төмен).

Сондықтан, шіру және ашу процестерін шақыратын: шикі көкөністер және жеміс-жидектер, қабығы бар (әсіресе бұршақ, жүзім, қырыққабат), қара нан; қоюланған шырындар, дәнекерлік тінмен бай өнімдер; сүт; жұмыртқа шығарылады.

Диареяда ішек жиырылуын бәсеңдетуші өнімдер кең қолданылады.

Ішек жиырылуын бәсеңдетуші, пектинмен және танинмен бай өнімдер (қарайт, мойыл, қою шай, какао); консистенциясы жабысқақ (шырышты көже, үгілген ботқа, кисель) өнімдер.

Бейтарап өнімдер -майлы емес булы сіңірлерсіз ет (шабылған түрде); ­ майлы емес піскен балық; жоғарғы сорт бидай ұнынан нан ­(қатып қалған немесе кептірілген нандар); жаңа дайындалған тұщы сүзбе.

Созылмалы диареяда емдәммен емдеуде №4,46,4в емдәм тағайындалады, олар аялау дәрежесімен (механикалық және химиялық) ерекшелінеді.

Диареяда, сүт ішкенде метеоризм және іш өтудің күшейуі мүмкін, емдәм құрастырғанда оны шығару немесе шек қою керек.

№4 емдәм тағайындағанда шіру және ашу процестерін күшейтетін өнімдерді, асқазанның және үйқы безінің қоздырғыштарын шығарамыз. Сүт және ашыған сусындар, макарон бұйымдары, көкөністер, піскен жеміс-жидектер, тәттіліктер мәзірге қосуға тиым салынады.

Тамақ булап даярлайды, пісіреді, үгіледі. Қоректену тәртібі бөлшекті, тәулікте 6-7 рет.

Үлестің құндылығы және барлық тағами заттардың мөлшері 20% төмендейді.

Барлық жармалардан ботқалар (арпа және тарыдан басқа), үгілген тұщы сүзбе, жұмыртқа (тек қана тамаққа); шырышты жарма көжелер; ұсақталған түрде ет және балық (езбе, суфле, кнель және т.б.), піскен тәтті жеміс-жидектер (кисель немесе тәтті дірілдек түрінде); шай, итмұрын қайнатпасы, қара жидек; сары май; жіңішке туралған кептірілген нан беруге болады.

Науқастың жағдайы жақсарғанан кейін №4б емдәмі тағайындалады, ол шырышты қабытың механикалық және химиялық аялауымен №4а емдәмінен айырмашылығы бар. Өнімдердің аспаздық өңдеуі №4 емдәміндегідей.

№46 емдәм негізгі тағами заттардың мөлшерімен физиологиялық нормаға сай болады. №46 емдәмін құрастырғанда №4 емдәмге піскен вермишель, сүт (тек қана тамаққа), қышқыл сүт өнімдері, ірімшік; жұмыртқа; піскен көкөністер (үгілген немесе суфле түрінде); піскен тәтті жеміс-жидектер (езбе түрінде); жеміс-жидек шырындары ( қайнаған сумен 1:1); тәттіліктер- мармелад, зефир, жеміс қағы, құрғақ бисквит немесе печенье; сары май; кепкен бидай наны қосылады.

№46 емдәмді 10-12 күнге тағайындалады.

Аурудың жағдайы жақсарса №4в емдәміне аударамыз.

№4 емдәмде механикалық және химиялық тітірккендіргіштерді біркелкі шектеу қарастырылады. Ішек жиырылуының қоздырғыштарын, өт бөлінуінің, асқазан секрециясын күшейтетіндерді және шіру процестерін күшейтетіндерді шығарамыз.

Азық булап даярлайды, пісіріледі, қызуға пісіріледі, үгеді немесе ұсақталмаған түрде береміз.

№4 емдәмнің энергетикалық құндылық және негізгі тағами заттары физиологиялық талапқа сай болады. Қоректену тәртібі бөлшекті күніне 5-6 рет. Тамақтың температурасы әр түрлі.

№4 емдәм ұзақ мезгілге тағайындалуы мүмкін.

Егер 48 сағатта нәжіс жоқ болса оны іш қату деп айтуға болады. Іш қатудың себептері:

1) функционалды іш қату, оның алиментарлық және неврогендік (дискинетикалық, рефлекторлық- зәр шығару жүйесінің ауруларында) түрі болады;

2) қабыну кезіндегі (колиттер);

3) органикалық іш қату, тоқ ішек дамуының ақауларында (Гиршпрунг ауруы, долихосигма) кездеседі.

Алиментарлық іш қату үлесте өсімдік талшықтар аз, ал женіл сіңетін тамақтар басымды болса, тамақты құрғақ жеуде, тамақтану тәртібі бұзылса, аялаушы емдәмде ұзақ болғанда пайда болады.

 Ерте жастағы балаларда дер кезінде ­ жеміс-жидек қосу қажет.

Балаларына алиментарлық іш қатуда ­қоректену тәртібін реттеу және №3 емдәмін тағайындау қажет. Баланың үлесінен, ішек жиырылуын бәсеңдетушілерді, сонымен қатар ашуды күшейтетін өнімдерді шығарамыз. Қою сорпалар, саңырауқұлақ, майлы және ашты тамақ, шалқан, шалған, қырыққабат, сарымсақ, пияз, жұмсақ пісірмелер, кофе, қою шай, жасыл бұршақ рұқсат етілмейді. Жеңіл сіңетін ­жармаларды (майда жарма және күріш), макарон бұйымдарын шектейміз. Булап азық даярлайды, пісіріледі, қызуға пісіріледі, бірақ ұсақтамайды.

№3 емдәм негізгі тағами заттармен толық құнды. Тамақ күніне 4-5 рет беріледі.

 Жеміс қағынан қайнатпалар (қара өрік, кептірілген өрік, інжір); көкөністер (сәбіз, қызылша, кәділер, асқабақ, ­помидор, қияр); қантты заттар (бал, тосап және т.б.); жеміс-жидек шырындар әсіресе ұсынылған. Әсіресе өсімдік маймен жеміс салаттар, айран өте жақсы әсер береді.

Неврогендік іш қатуда дискинезияның сипаттамасын еске алу қажет.

Гипомоторлық дискинезияда үлес өсімдік талшықтармен байытылады. Сол мақсатпен емдәмде шикі көкөністерді және жеміс-жидектерді, жеміс қағын, кебекті қосымша тағайындаймыз. Кебектердің алғашқы мөлшері ­ 1 қасық. Салқын сұйықтықты аш қарынға (1/4- 3/4 стакан минералды суды, қайнаған суды немесе балмен сүтті, қышқыл сүт сусындарды), сонымен қатар өсімдік майды – 1/2 -1 ас қасық аш қарынға тамақ алдында күнде ішсе іш қату тез жойылады.

Гипермоторлы неврогендік іш қату жеткілікті назар талап етеді.

Гипермоторлы неврогендік іш қатуда тітіркенген тоқ ішек синдромы болады. Емдәмнің мақсатты ­ ішек спазымын төмендету. Сондықтан емдәммен емдеу екі кезеңен тұрады.

Бірінші кезеңде шырышты қабықтардың химиялық және механикалық аялауын жүргіземіз. №46 емдәм тағайындалады. Емдәмде көкөніс және жеміс-жидектер тек қана жылы өңдеуден кейін беріледі, қосымша өсімдік майы, қышқыл сүт өнімдері, газсыз минералды сулар қолданады. 7-10 күн ішінде емдәмді бірте-бірте кеңейтеді солай №3 емдәмге кешеміз.

Гипермоторлық іш қатудың екінші кезеңінде өрескел емес талшықтармен бай өнімдерді, жеміс-жидек шырындарын тағайындаймыз. Көкөністермен жеміс-жидектерді шикі түрінде береміз.

Органикалық іш қатуда, тоқ ішек функциясы төмендетілген. Бірақ мына оқиғада емдәммен емдеу тоқ ішек тітіркену синдромындағы емдәмге ұқсас. Өсімдік талшықтарымен бай өнімдер шығарылады немесе шектелінеді, онын мақсаты нәжістің көлемін көбейтпеу, ішектің артық созылуын болдырмау.

 Өсімдік май және жеміс-жидек шырындар, жеміс қағынан қайнатпалар, таза өсімдік майымен салаттар, қара өрік, бал, қышқыл сүт сусындары, қарақұмықтан және сұлыдан тамақтар ұсынылған. Піспеген көкөністер және жеміс-жидектер ­ шектелінген.

Зәр шиғару жүйесінің ауруларында тағамтану

 

Бүйрек несеп шығару жолдарының ауруларында тамақтану

Гломерулонефритте тағаммен емдеу

 

Гломерулонефрит әртүрлі клиникалық симптомдармен сипаталындады: ісіну, гипертония, протеинурия, гематурия, гипо - диспротеинемия, дислипидемия, иммунологиялық көрсеткіштердің өзгерулерімен және т.б..

Емдеуде №7 емдәм қолданылады.

№7 емдәм белоктың шектелуі мен сипатталады (0,5 г/дене салмағына), рационнан жануар тегті өнімдер шығарылады (ет, балық, сүзбе).

Бірақ, міндетті күн сайын, жұмыртқа, айран, сүт сияқты өнімдерді қабылдау қажет. Сонымен қатар, қаймақ және өсімдік майлары ұсынылады. Барлық жармалар және макарондар жеуге болады. Көкөністер, жеміс-жидектер, шырындар шектелмейді.

Гломерулонефрита тамақты даярлауда тұз қосылмайды. Қан қысымы төмендесе, асқа аз мөлшер тұз рұқсат етіледі (1-ден 3-4 г / тәулігіне). Нан тұзсыз ұсынылады.

Бірақ ішілген және бөлінген сұйықтықтың мөлшерін ісіктер болса анықтау қажет. Тұзсыз тамақтардың дәмін жақсарту үшін лимон, апельсин шырындарын қосуға болады. Егер тұзсыз емдәм қолданса онда ауруларда шөлдеу болмайды, сүйқтықты өткен тәуліктің диурезына сәкес тағайындаймыз.

Аспаздық өңдеуде қайнату, езбелеу, қуыру, пісіруді қолданады. Көжелер вегетариандық болу тиісті. Осындай емдәм 3 ай бойы тағайындалады. Жедел гломерулонефритте асқынулардың біреу ол жедел бүйрек жетіспеушілігі. Бүйрек жетіспеушілікте гиперазотемия, олигоанурия, гиперкалиемия кездеседі, осы жағдайда калориялығы жоғары, белогі, ас тұзы төмен Борст емдәмі тағайындалады. Бұл емдәмнің құрамына 100 г сары май, 100 г қант, 6-8 г кофе қосылады.

Созылмалы гломерулонефритте №7 емдәм ұсынылады.

Кортикостеройдтар қабылдағанда тәбет жоғарылайды, сондықтан үлесте белокты қосымша 200 мл айран немесе сүт қосу арқылы жоғарлатады. Бірақ жедел гломерулонефритегідей ас тұзы, белок, сүйықтық шектелінген. Гипертензия, ісіну сияқты қосарласқан синдромдар жоқ болса онда белоктың мөлшері физиологиялық қажеттілікке сәйкес, бірақ тұз бұрынғыдай шектелінеді. Үлестің калориялығы қажеттілікке сәйкес, бірақ майды, көмірсуды аз мөлшерде жоғарлатамыз.

Мақсатпен гипокальциемии түзетулері және гипокалиемии , аналар диуретической қолданулары және кортикостероидной шарттарда гломерулонефритоммен балаларда өте жиі көрінеді ­ рапии , хлебобулочныемен арнайы өңделген бұйымдарды тағайындайды , кальциймен байығандар ( нан , кекстер , кептірілген нандар , пече ­ нье ), және өнімдер , калиймен байлар ( пісірілген картоп , кептірілген өрік жүзім , қара өрік ). мынау қабылдау кальций карбонат таблетированногосы маңызды төмендетеді , калий хлоридінің , не чрезвы болады ­ чайно маңызды мағына асқазан - ішек даңғыл жол жақ шиеленісулердің барысы жанында , нәтижесінде көрінушілердің ­ стероид терапия әрекет бочногосы .

Шриема " Полнена "

1 қабылдаудан " Поли -( арқылы 1 мес )

 

№7 емдәмде полиқанықпаған қышқылдар өсімдік майы түрінде беріледі. Осы емдәмде сүт, айран, жұмыртқа, жармалар, көк өністер, жемістер, тұзсыз нан кен қолданылады.

Науқастың ауыр жағдайында, асқазан-ішек жолдарының асқынулары болса уақытша № 5 емдәм тағайындалады, бірақ тұз және ет өнімдері толық шығарылады.

№7 емдәм гломерулонефриттің белсенді кезеніне тағайындалады.

Толық клиника - лабораториялық ремиссияда патогенетикалық емдеу аяқталғанда 1 айдан кейін емдәмді кеңейтеді. Кезекпен әр 4 апта сайын жануар текті өнімдер (ет, балық, сүзбе) еңгізіледі. Емдәмге бірте-бірте 1 ай сайын 1 г тұзды қосып отырамыз. Ремиссия кезінде 6 ай ішінде ет, балық, саңырауқұлақ сорпалары, ысталынған, тұзды тамақ, өткір тұздықтар , консервілер шығарылады.

Пиелонефритті тағаммен емдеу

Жедел пиелонефрит дене қызуымен, интоксикациямен, дизуриялық көріністермен сипатталынады. Егер гломеронефритте гломерулярлық аппарат зақымдалса, пиелонефритте бүйректің өзекшелері зақымданады. Сондықтан жедел пиелонефритте бірінші 1-2 күні сүйықтық күніне 1,5-2 л (қайнатпалар, шырындар, компоттар, тәтті шай), сонымен қатар жеміс-жидектер ұсынылады, әсіресе қарбыздар, қауындар, кәділер диуретикалық әсерлері болғандықтан өте пайдалы. Науқастын жағдайы жақсарғанда 7-10 күн сүттен-көк өністерден тұратын емдәм көрсетілген. Кейін науқасты №5 емдәмге аударады. Егер экстрареналды көріністер жоқ болса № 5 емдәмді тағайындалады, тұзды емдәмнен шығармаймыз, бірақ мөлшері 2--3 г аспауы қажет.

Емдік тағамтану созылмалы пиелонефритте шырсөлді заттектер үлесте болмауы керек және №5 емдәміндегідей арнайы аспаздық өңдеу қажет.

Емдәмде созылмалы пиелонефритте әртүрлі өнімдер қолданылады. Бірақ сүт жоғары мөлшерде беріледі. Сүт белокпен, кальциймен, фосформен бай болғандықтан қышқыл сүт өнімдері кең тағайындалады.

Шыр сөлдік заттарды шектеу үшін қуырылған, ашты, ысталынған өнімдерді, майлы еті, ет, балық сорпаларын, дәм қоспаларды пиязды, сарымсақты, саумалдықты, какао, кофені толық шығарамыз. Толық клиника - лабораториялық ремиссияда 3 жыл ішінде емдәмді сақтау қажет.

Цистит, уретритте №5 емдәм тағайындалады. Пиелонефриттегідей шыр сөл заттар шектеледі. Әсіресе қызамық морстары, құрғақ жидектерден қайнатпалар, минералды сулар көрсетілген. Сұйықтық шектелмейді.

Дисметаболиялық нефропатияда тамақтану

Гипероскалурияда емдәммен емдеудің мақсаты өзекше аппаратқа ауырпашылық түсірмеу. Картоп – қырыққабаттан және басқа көк өністерден түратын емдәм тағайындалады. Шыр сөлдік заттектер, сорпалар, қымыздық және оксалаттармен бай жапырақты көкөністер, қою шай, какао толық шығарылады. Ақ нан, сары май, қаймақ жеуге болады. Зәрдің сілтілігін жоғарлату үшін тәтті жеміс-жидектер көп мөлшерде енгізіледі (алмұрттар, банандар, алмалар). Ет және балық шектелмейді.

Несеп бөлінуін жоғарлату үшін сұйықтықтың мөлшері жоғары болуы керек: емдәмге қосымша 1 – 2 л сілтілі ­ сулар ("славяновская", "смирновская", нафтуся) қосылады. Түнде де қосымша су ішуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, Ал және Е витаминдері ұсынылады.

Кристалурияда әртүрлі өнімдердің қолдануы

Кристаллуриялар

Өнімдер

Шектелінеді Ұсынылады
  Гипероксаллурияда   Шие, қой бүлдірген, қарақат, алма, жүзім, қара жидек, ит бүлдірген, алхоры, цитрустар, шалған, бұршақ, ақжелкек, аскөк, жасыл салат, қызылша, қымыздық, саумалдық, кофе, какао, шоколад, сүзбе, ірімшік. Қырыққабат, картоп, сәбіз, қауын, қарбыз, шабдалы, інжір, алмұрт, банан, жүзім, қара өрік, кептірілген өрік, ет, сары май және өсімдік майы, балық, қант, бал.
  Гиперуратурия   Сиыр еті, шошқа еті, құс және қоян еті, сілікпе, дүмбілдер, сорпалары (саңырауқұлақ, ет, тауық, балық), барлық бұршақтар Барлық сүт және қышқыл сүт өнімдері, барлық көк өніс және жеміс-жидектер.  
  Гиперфосфатурия Сүт, сүзбе, ірімшік, жұмыртқа, саңырауқұлақ, жаңғақ, какао, кофе, шай, алмалардың тәтті сорттары , жидектер, алмұрт. Ет, балық, паштет, сары май және өсімдік майы, бұршақ, қырыққабат, асқабақ, барлық ­ алмалардың ашты сорттары, қызыл қарақат, қышқылданған сусындар (мүк жидек)  

 

Гиперуратурияда №7 емдәм көрсетілген. Тұз шектелмейді. Жануар белоктары шектелінеді. Ішілген және бөлінген сұйықтықтың мөлшерін қадағалау қажет. Несеп қышқылдығы сілтілі болу қажет.

231

 

Зәр қышқылдарының еруін жақсарту үшін сілтісі сулар қолданылады: славяновская , смирновская , нафтуся , обуховская 3 рет күніне. Гиперуратурияда фитотерапия пайдалы: ит бүлдірген жапырағы, бүйрек шайі және т.б..

Цистинурияда метионин және басқа құрамында күкірті бар амин қышқылдарды шектейміз. Үлестен толық сүзбе, ірімшік, балық, саңырауқ, жұмыртқа шығарылады. Картоп - қырыққабат емдәм көрсетілген. Минералды сулар, лимон, мүк жидек, ит бүлдіргеннің шырыны көрсетілген.

Гиперфосфатурияда жұмыртқаның сарысын және сүті азайту қажет. Емдәмге қырыққабатты, қызан, ит бүлдірген морсы, сары май; итмұрын қайнатпасы, жүгерілердің шашағы, аскөк, жасыл шай, мүк жидек морсы, қара қарақаттан морс, минералды сулар. А және Д витаминдері тағайындайды.

Бүйрек жетіспеушілігінде тағамтану

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі созылмалы нефритте, бүйректің амилоидозында және басқа ауруларда кездеседі.

Бүйрек жетіспеушілігінде емдәммен емдеудің принциптері:

1. белоктарды 0,5 г дене салмағына дейін шектейді;

2. энергетикалық құндылықты май және көмірсу арқылы қамтамасыз;

3. гипертензия, ісінуді ескеріп ас тұзы мен судың түсуін реттеу.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің алғашқы кезенінде №7 емдәмді қолдануға болады. Белоктың мөлшері 1 г /кг дене салмағына, олардың 20-30% жануар тегті белоктар немесе жалпы 60 г белок.

Бүйрек жетіспеушіліктің айқындалған дәрежесінде 7а немесе 7б емдәмі тағайындалады. Белоктың мөлшері 20-40 г 70-75 пайызы жануар текті белоктар. Үлестің құрамында жұмыртқа, сүт өнімдері, балық, қант, май, жемістер, көк өністер және көп мөлшерде крахмалмен бай өнімдер бар. Осындай белогі аз емдәмдер азттың теңдігін реттейді және су-электролит алмасуын қалпына келтіреді. Бірақ белогі аз №7а емдәмді ұзақ тағайындауға болмайды. Белоктың мөлшерін 50-60 г жоғарлатуға да болмайды. №7а емдәмінде науқасқа тұзды қолына 2-4г мөлшерінде береді. Сүйықтықтың мөлшері 1-1,5 л, бірақ өткен тәулікте бөлінген несепке сәйкес болуы қажет, оған 0,4-0,6 литр қосылады. Сонымен қоса ацидозды, азотемияны азайту үшін жеңілдету күндері қарастырылған. Күріш-компот, алма-қант, картоп емдәмдері жеңілдету күндерде тағайындалады. Арнайы картоп емдәмі 1 кг картоптан, 300 г басқа көк өністерден, 50 г өсімдік майынан, 70 г сары майдан, 50 қанттан тұрады.

Бүрек жетіспеушілігінің соңғы кезенінде емдәмде 2 гр дейін ас тұзы, 700-800 мл сүйықтық, 20-25 г белок қалады.

 

Жүрек қан тамыр патологиясында тамақтану

 

Емдәммен емдеудің ең басты мақсаты миокардтты бұрынғы қалпына келтіру, миокардтың жиырлу қызметін жоғарлату, ісінуді азайту. Сонымен қатар, емдәм қабынуға қарсы болу тиісті және алмаспайтын факторлардың бәрімен жеткілікті қамтамасыз етуі қажет.

Қоректенуде үлкен мағына белоктарға беріледі. Белок үлесте физиологиялық қажетілікке сәйкес болуы қажет, Жалпы белоктың 50-60% жануар тегті белоктар құрастырады. Мыналар жанында маңызды , емес үшін кемірек 1/4 малдан шығатынды ақ тиін сүт өнімдерге келген .

Қанықпаған май қышқылдары холестериннің алмасуын күшейтетін болғандықтан олардың мөлшері 25 гр төмен болмауы керек. Үлесте баяу балқитын майларды азайтып өсімдік майларын жоғарлату қажет. Көмірсулар компоненті көбінесе көкөністер, жеміс-жидектер, жармалармен қамтамасыз етіледі. Жармалардың ішінен қарақұмық, сұлы өте пайдалы. Ал макарон бұйымдарын, қантты, тәтілерді азайту қажет.

Жүрек қан тамыр ауруларында калий және магнийдің иондарының тапшылығы жиі байқалады. Сондықтан үлесте калиймен бай өнімдер кең кездесуі қажет.

Сонымен қатар ацидозды төмендету үшін, науқатын үлесіне сілтілі валенттік ингредиенттер енгізіледі. Оларға кальцимен бай әртүрлі көкөністер, жеміс-жидектер, жидектердің қайнатпалары, сүт және сүт өнімдері жатады. Картоп, түрлі түсті қырыққабат, сәбіз, ақжелкек, алма, банандар, алхорлар, өріктер, шабдалылар, қара қарақат, итмұрын сияқты көкөністер және жеміс-жидектер әсіресе ұсынылады.

Ішек жұмысын қара өрік, қырыққабат, қызылша, сәбіз шырындарды жақсартады. Нан ірі тартылған ұнынан болуы тиіс.

Ісіктерде, қан қысымы жоғарлағанда тұзды және сүйықтықты шектеу керек. Көжелердің көлемін және сусындарды нормадан жартылай кемітеді. Емдәмнен сорпалар, тұзды тамақтар, сүрленген өнімдер, дәм қоспалар, шай, шоколад, кофе, какао шығарылады. Осы өнімдерде орталық нерв жүйесін қоздыратын және аллергендік әсері бар.

Ас тұздың мөлшері 6-8 г аспауы керек. Егер ісіну жоқ болса, сұйықтық физиологиялық қажеттілікке сәйкес.

Тамақтың аспаздық өңдеуі әдеттегідей. Бірақ ет, балық сияқты шыр сөлдік заттармен бай өнімдер пісірілген түрінде беріледі.

Қан айналу жеткіліксіздігінде I - ПА дәрежеде - №10 емдәм тағайындалады. Үлестен орталық нерв жүйесін қоздыратын шай, кофе, какао, шоколад, балық, ет және балық сорпалары, ашты тамақтар, холестеринмен бай (дүмбілдер, жануар майлары, уылдырық) өнімдер шығарылады. Метеоризм шақыратын қырыққабат, сарымсақ, пияз, бұршақ, газдалған сусындар шектелінеді. Сүт, сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидек шырындарды ұсынылады. Липотроптық заттармен бай (сүзбе, треска, сұлыдан ботқа және т.б.) әсіресе көрсетілген.

Қан айналуының II Б дәрежесінде - №10 емдәмі тағайындалады. Бірақ ас тұз және сұйықтық қатал шектілінеді.

Тамақтанудың жиілігі көбейіп, көлемі кемітіледі. Май және көмірсу арқылы 20%-30% үлестің құндылығы төмендейді.

Тамақ пісірілген және үгілген түрде беріледі. Көжелер шығарылады. Тамақтар тұзсыз, тамақты күніне 6 рет қабылдайды.

 

 

Қан қысымының дистонияларында тамақтану.

Қан қысымы жоғарлағанда емдәмде шыр сөлді заттар және орталық нерв жүйесін қоздырғыш заттектер шығарылады.

Қоректенуде ас тұздың мөлшері физиологиялық қажеттіліктен 1/3 (3-4 г тәулікте) болуы қажет. Холестерин алмасуы бұзылыстарында (холестерин және қанда басқа липидтердің) қоректенуде жануар майлары, сонымен қатар сары май шектелінеді. Әсіресе липотроптық әсері бар сүт - өсімдік емдәмі тағайындалады.

Гипотоняда жағдайларыда осы шақта танымал емдәм жоқ. Кардиотрофиқалық емдәм ұсыну орынды немесе қосымша витаминдалған әдеттегі қоректену қажет.

 

Эндокриндік ауруларда тағаммен емдеу

Қант диабетті кезінде тамақтану

Қант диабетінде емдәммен емдеу - негізгі бір емдеу әдіс. Қант диабетпен ауру , азап шегуші қоректену , ананы сау адам қоректенуінен тиісті принципшіл емес құйып алу ғой жасты және физикалық дамудың .

Емдәммен емдеудің негізгі принциптері:

1. қоректену үйлесімді болуы қажет;

2. Әдеттегі үлестен тек жеңіл сіңетін көмірсулар шығарады;

3. Ұсыныстар жанұяның қоректенуіне және әдеттеріне бейімделген болуы тиісті;

4. Науқас өнімдердің эквиваленттік алмастыруын пайдалана білу керек, ол науқастың тамақтануын сау адамның қоректенуіне жақындатады.

Үлесте негізгі тағами ингредиенттердің арақатынасы дені саулардыкіндей болуы қажет. Көмірсулар 50%, майлардың 30% және белоктар 20% үлестің құндылығын қамтамасыз етуі керек.

Ең алдымен, жеңіл сіңетін көмірсулар толық шығарылады (қант, тосап, кәмпиттер, шоколад және т.б.), олар қанда глюкоза деңгейін өте жылдам жоғарылатады.

Қорғанбаған көмірсулар (ақ нан, майда жарма) үлестен барынша қысқартылады және талшықтар (көкөністер, жеміс-жидектер, бұршақтықтар) жоғарлатылады, олар асқорыту процестерін жақсартады және мононсахаридтерді, холестеринді организмінен біржола шығарады.

Науқастың үлесінде үлкен орын көкөністер алады, әсіресе (қырыққабат, қиярлар, қызан, кәділер, шалқан, тарна, шалған, тәтті бұрыш, сельдерей, рауғаш, салат, ақжелкек, сарымсақ) керегінше қолдануға болады. Картопта басқа көкөністерге қарағанда көмірсулардың мөлшері жоғары және талшықтары аз, үлесте сондықтан 200-250 г аспауы тиіс.

Жармалардан - қарақұмық, сұлы, арпа жармасы, жүгері, тары үлесте көбірек болуы қажет. Мысалы майда жарманы қант диабетінде ұсынбайды. Кебек қосылған нан, қара нан жиі қолданылады.

Наның сондай сорттарының сінімділігі төмен және қанда глюкозаны тез көтермейді.

Қантпен (12,5-17,5%) ең бай жүзім, құрмалар, банандар, інжір, құрма, сондықтан оларды үлестен толық шығарамыз. Қалған жеміс-жидектерде көмірсулардың мөлшері 5-10%. Қант диабетінде көмірсулар аз, талшықтары жоғары (таңқурай, бүлдірген, қарақат, мүк жидек, қара жидек, бөрткен, алмұрттар, алмалар, грейпфруттер, лимондар, қарлыған) жеміс-жидектер ұсынылады.

Қоректенуде май көзі ретінде сары май, қаймақ, кілегей және өсімдік майы қолданылады. Баяу балқитын майлар толық шығарылады.

Жалпы белоктың мөлшерінен 60% жануар текті белоктар құрастырады, олар алмаспайтын факторлармен бай. Үлеске сол мақсатпен майлы емес ет, балық, құс, майлы емес сүзбе, жұмыртқа қосылады. Емдәмде тұзды тамақтар, сүрленген өнімдер, дәм қоспалар шектелінеді.

Семіздікте тағаммен емдеу

Семіздіктің бастаушы симптомы артық дене салмағы. Жиі семіздік гипертензияның, атеросклероздың, қант диабеттінің, жүрек қан-тамыр ауруларының қауіпті факторы болып табылады.

 Семіздіктің жіктелінуі:

1 дәреже                                  артық дене салмағы 15-25%

2 дәреже                                  артық дене салмағы 25-50%

3 дәреже                                  артық дене салмағы 50-100%

4 дәреже                                  артық дене салмағы 100% және одан да жоғары.

 

Семіздіктің негізгі емдәммен емдеу принциптері:

1. энергетикалық құндылығы төмен емдәмдерді, біртіндеп еңгізу (бейімдеуші кезен, субкалориялық емдәм, демеуші үлес);

2. тамақтану үлесін және режимын түзету (тамақтану жиілігін көбейту; тамақ ішуді күнің бірінші жартысына жылжыту; құнарлығы төмен өнімдерді кең қолдану);

3. тәбетті ашатын өнімдерді шығару;

4. жеңілдету күндерін қолдану;

5. ішу режимның өзгерту (тәтті сусындарды, шырындарды, газдалған суларды – газсыз сілтілі минералды суларға, нәжіс және несеп айдағыш шайларға ауыстыру).

Бейімдеуші кезенің ұзақтығы 10-14 күн құрастырады. Осы кезенде артық тамақ ішуді физиологиялық нормаға келтіреміз.

Субкалориялық кезенде күделікті мәзірде майлы тамақтарды шектейміз. Белокпен бай өнімдер жесе тоқтық сезім пайда болады, сондықтан белок көзі ретінде II категориялы майлы емес ет, бұзау етті, қоян етті, балық, жұмыртқа, сонымен қатар сүт және сүт өнімдері ұсынылады. Майы жоғары сүт және сүт өнімдерін (кілегей, қаймақ, майлы сүзбе, ірімшік) шығарамыз.

Тәуліктік үлестің энергетикалық құндылығын көмірсу және майларды шектеу арқылы төмендетеміз.

Рационда май 15-30% кемітеді. Ең алдымен шұжықтар, сосискалар, сарделькалар, баяу балқитын майлар (сиыр, қой, шошқа, маргарин) толық шығарылады. Майлығы томендетілген "Жайлау", "Лапландия", "Долина Сканди" сары майдың орнына беріледі.

Сонымен бірге өсімдік майларын үлесте жоғарлатамыз. Өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, зәйтүн, соя және т.б.) организімде липидтер алмасуын жақсартады.

Көмірсуларды шамадан тыс шектеу қажет емес. Көбінесе көкөністер және жеміс-жидектер үлестің маңызды бір бөлімін құрастырады. Көкөністер және жеміс-жидектердегі талшықтар (целлюлоза) және пектинді заттар адам организмімен қорытылмайды, олар ішек жиырылуын жақсартады, холестеринің алмасуын реттейді, тоқтық сезімін шақырады. Осы мақсатпен қант диабетінде көрсетілген көмірсуы төмен жеміс-жидектерді, көк өністерді ұсынамыз.

Қоректенуде кисельдерді, газдалған жеміс-жидек сусындарын, сонымен қатар консервіленген компоттарды, жеміс-жидек езбелерін қолданбау қажет.

Қант орнына аспартам, ксилит, сорбит қолдануға болады.

Субкалориялық емдәмде жиі жеңілдету күндерін тағайындау керек. Әдеттегі дей тоқтық сезімін беретін өнімдерден (ет, балық, сүзбе) бастап, жеміс-жидек күндеріне көшу қажет. Тәбетті төмендеуту үшін тұздықтарды, дәм қоспаларын, шыр сөлдік заттарды, ашты, тұзды және ысталған өнімдерді шығарамыз.

Тамақты тек пісіріп, булап береді. Емдәммен емдеу және дене шынықтыру кейбір жағдайда ұзақ уақытқа тағайындалады, кейде өмір бақи.

 


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 323; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!