Справочник врача общей практики. /Под ред. Палеева Н.Р. Издательство - ЭКСМО - Пресс, 1999. - 632 б.

Nbsp;   Факультет: стоматология Кафедра: тағамтану еңбек гигиена курсымен     СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ     ТАҚЫРЫБЫ: Бет, тіс –жақсүйек жүйесі жарақаттанған науқастарға берілетін тамақты дайындау технологиясының ерекшеліктері. Тіс ауруларына шалдыққан, бет-жақсүйегі жарақаттанған науқастарды тамақтандыру (қоректендіру) әдістері. Ауыз арқылы тамақтандыру. Түтік арқылы қоректендіру және оның техникасы. Тік ішек арқылы қоректендіру. Асқазанға жасалған арнайы тесік арқылы қоректендіру.   Курс: 3   Құрастырушы: асс. Бердигалиев A. Б.  

Алматы 2007 жыл

 

1. ТАҚЫРЫБЫ: Бет, тіс –жақсүйек жүйесі жарақаттанған науқастарға берілетін тамақты дайындау технологиясының ерекшеліктері. Тіс ауруларына шалдыққан, бет-жақсүйегі жарақаттанған науқастарды тамақтандыру (қоректендіру) әдістері. Ауыз арқылы тамақтандыру. Түтік арқылы қоректендіру және оның техникасы. Тік ішек арқылы қоректендіру. Асқазанға жасалған арнайы тесік арқылы қоректендіру.

 

2. ОҚУ САҒАТЫНЫҢ САНЫ: 2 сағат

 

3. ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Операция алдында дұрыс ұйымдастырған емдәммен емдеу көбінесе операциядан кейінгі кезенің ағымын анықтайды. Катаболизм жағдайында тіс аурулары бар науқастар, беті жақсүйегі жарақаттанғандар тамақтың құрамы тиімді, үйлесімді және жеткізуі талапқа сай болмағандықтан қиыншылыққа ұшырайды. Тағаммен емдеудегі алынған білімдер аурудың тіршілік әрекетіне қажетті субстраттармен бай, тиімді қоректену тағайындауға мүмкіншілік береді. Аурудың метаболизмінің ерекшеліктеріне бейімделген үйлесімді энтеральды қоректену әдісін игеру, емдеу процестін нәтижелігінің жоғарылауына жағдай жасайды .

 

 

4.  САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Жақ- бет аймағы жарақатанған кезде патогенетикалық диетотерапияның әдістерінің негіздері туралы студенттердің білімдерін нығайту. Жақ- бет аймағы жарақатанған кезде емдәмдердің мінездемесін зерттеу. Стоматологиялық патологияда стационарлық аурулардың энтеральды тамақтану әдістерін және техникасын игеру. Жасанды асқазан тесігі арқылы науқасты қоректендірудің ерекшеліктерін зерттеу.

 

Студент білуі тиіс:

1. Бет жақ сүйек аймағының жарақатануында емдік үлесті құрастыруының негізгі принциптерін.

2. Бет - жақ сүйек аймағы жарақатануда үлесті түзету принциптерін.

3. Стоматологиялық патологияда энтеральды қоректену әдістерін және техникасын.

4. Гастростоманың көрсеткіштерін, операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезенде метаболизм бұзұлуында емдәмді түзетуді.

 

Студент игеру тиіс:

1. Бет жақ сүйек аймағы жарақатанғанда аурудың қоректену статусын анықтауды;

2. Аурудың жалпы статусын анықтауды;

3. Бет жақ сүйек аймағы жарақатанғанда және гастростомияда ауруларға толық құнды энтеральды тамақтану ұйымдастыруды;

4. Стоматологиялық патологиясы бар ауруларға операциядан кейін емдәммен емдеуден кеңес беруді

 

 

 

5. САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

А) негізді білімдер бойынша:

1. Бет жақсүйек аймағының анатомо - физиологиялық ерекшеліктері;

2. Асқазанға хирургиялық жолымен жасалған гастростоманың жыланкөзден айырмашылығы;

3. Бет - жақсүйіек хирургиясындағы аурулардың операциядан кейінгі кезенде метаболизмнің ерекшеліктері;

 

Б ) Сабақ тақырыбы бойынша:

1. Стоматологиялық тәжірибеде энтеральды тамақтануды тағайындау көрсеткіштері.

2. Бет - жақсүйек жарақаты кезінде берілетін тағам дайындаудың технологиясы, емдәм үлестерін және қоспаларды қолданудың ерекшеліктері.

3. Бет, тіс, жақсүйек жарақаты кезінде энтералдық қоректену әдістері.

4. Түтік арқылы қоректендіру техникасы.

5. Энтералды қоректендіруге арналған қоспалар құрамының сапасына, мөлшеріне  қойылатын талаптар.

6. Энтералды қоректендіруге ұсынылатын өнімдер мен қоспалар.

7. Тік ішек арқылы қоректендіру.

8. Àñºàçàí¹à æàñàë¹àí жасанды òåñiê (гастростома) àðºûëû ºîðåêòåíäiðó. Тамақтану тәртібі.

 

6. Ақпараттық - дидактикалық блок.

Бөлек берілген.

 

7. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ:

· Өз бетінше жұмыс (сабақ тақырыбы бойынша теориялық және тәжірибелік есептерді шешу, келесі сабаққа әдістемелік нұсқауларды оқу)

· Оқытушымен жұмыс (жеке және топпен жұмыс істеу, студенттердің өз бетінше жұмыстарын талқылау)

· Негізгі және қорытынды білімнің деңгейінің бағалау (сабақ тақырыбы бойынша ситуациялық есептерді шешу, тесттерге жауап беру).

 

8.   Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Кабаков Б.Д., Руденко А.Т. Питание больных с травмой лица и челюстей и уход за ними. - Медицина., 1977. - 356 б.

2. Лечебное питание (Учебно-методическое пособие). /Под ред. Шарманова Т.Ш. 1999.- 150 б.

3. Руководство по диетологии. / Под ред. Барановского А.Ю. - Санкт-Петербург, 2001. - 560 б.

4. Губергриц А.Я., Линевский Ю. В. Лечебное питание. - Киев: Высщая школа. 1989. - 237 б.

5. Покровский А.А., Самсонов М.А. Справочник по диетологии. - М.: Медицина., 1982.- 542 б.

6. Смолянский Б.Л. Справочник по лечебному питанию для диетсестер и поваров. - Л.: Медицина., 1984. - 247 б.

7. Химический состав пищевых продуктов./Под ред. Скурихина И.Н., Волгарева М.Н. - М.: Агропромиздат 2-е издание. Книга 1. 1987. Книга 2. 1987. - 360 б.

8. Немедикаментозное лечение в клинике внутренних болезней. /Под. ред. Серебриной Л. А. и др. Киев: Здоровья, 1995. - 302 б.

Справочник врача общей практики. /Под ред. Палеева Н.Р. Издательство - ЭКСМО - Пресс, 1999. - 632 б.

10. Сивохина И.К. /Справочник по лечебному питанию. - М.: ООО «Издательство Новая Волна», 2000. - 352 б.

11. Лечебное питание /Под общ. Ред. Акад. Латогуза И.К.-Харьков: «Торсинг»; Ростов н /Д: изд-во «Феникс», 2002. – 544 б.

Қосымша әдебиет :

1) Вретлинд А., Суджан А. Клиническое питание. - Москва-Стокгольм, 1990. - 401 б.

2) Диагностика лечение и профилактика стоматологических заболеваний /В.И. Яковлева, Е.К. Трофимова и др.2 - е изд. перераб. и доп. - М.: Высшая шк., 1994. - 494 б.

3) Хирургическая стоматология /Под. ред. Т.Г. Горбустовой.2-е изд. перераб. и доп. - М.: Медицина, 2001. – 687 б.

4) Доценко В.А., Бондарев Г.И., МартинчикА.Н. Организация лечебно-профилактического питания. - Л. Медицина., 1987. - 261 б.

5) Васильев П.С., Гланц Р.М. и др. Парентеральное питание при тяжелых травмах. - М.: Медицина, 1985. - 128 б.

6) Шарманов Т.Ш. Национальная политика питания. - Алматы: 1996. USAID

Медико-демографические исследования. Академия профилактической медицины, институт питания РК. Макро Интернэшнл Инк. - Алматы: Казахстан. 1996, 1999.

7) Руководство по лечебному питанию детей /Под ред. К.С.Ладодо. - М.: Медицина, 2000. - 384 с.

8) Сысоев Ю.А. Нестерин М.Ф. Энетеральное питание/Вопросы питания, 1985. №3 С. 3 - 9.

9)  Цацаниди К.Н. Федоренко Н.А. Энтеральное зондовое питание у хирургических больных./Хирургия - 1988. - №11. С. 124 - 131.

10)  Лященко Ю.Н. Питание через зонд в хирургии: Обзор. //Вестник хирургии им. Грекова. 1989. –Т. 143. №7. - С 132-137.

 

 

Стоматология тәжірибесінде энтеральды қоректенудің көрсеткіштері.

 

Энтеральды қоректену (ЭҚ) - негізгі тағами заттарға қажетіліктерді қамтамасыз ететін түтік арқылы үлестерді, қоспаларды қолдану.

Түтік арқылы тамақтанудың көрсеткіштері.

1. Гастроинтестиналды:

· Гипотрофия кезіндегі тоқтамайтын жиі іш өту;

· Қысқа ішек синдромы;

· Ішектің қабынулары.

2. Жүйкелік:

· Жұту (сору) бұзылғанда;

· Бас сүйек нервтер дисфункциясында;

· Бұлшық ет дистониясында, ауыр миастенияда;

· Жүйкелік анорексияда;

· Кома.

3. Соматикалық:

· Созылмалы ауыр дәрежедегі өкпе қабынуларды, кахексия;

· Бүйректін, бауырдың созылмалы аурулары.

4. Қатерлі ісіктер:

· Химио-радиотерапия кезінде асқазан –ішек асқынулары;

· Терминалдық жағдайларда.

Бет жақ сүйек аймағының жарақатануы және туа біткен ақаулары

Бет-жақсүйек жарақатануда және асқазан –ішек жолдарының жарақатануларында ауруды тамақтандыруда қиыншылықтар болуы мүмкін.

Энтералды тамақтануда қолданылатын әдіс патологияның ауырлығына, аурудың жағдайына және қоректену статусына байланысты болады.

Егер ас қорыту жүйенің функционалды мүмкіншіліктері жартылай болса ЭҚ парентералды қоректену мен бірге қолданамыз. Парентералдық қоректенуді асқазан - ішек жолдарының толық істемейтін кезінде тағайындауға болады.

Көбінесе қоректенуге арналған түтікті асқазанға, аш ішекке, жұтқыншаққа және өңешке орнатады.

Аспирацияның қауіптілігіне байланысты түтікті асқазанға немесе аш ішекке қойылатындығы шешіледі. Орнатуы, ауыстыруы жеңіл болғандықтан, асқорыту процесі толық жүретіндіктен және гормоналдық реттелінуі болғандықтан түтікті асқазанға орнату қажет. Асқазаның катпаршасы арқылы орнатуда жиі аспирация кездеседі, әсіресе құсу, рефлюкс және кома кезінде.        ЭҚ нәтижелілігі көбінде қоспаның түрі мен анықталады.

Энтеральды қоректенудің әдістері

№1 кесте

 

 

 


Қоспалардың құрамының сапасына және мөлшеріне қойылатын талаптар.

ЭҚ арналған қоспаларға келесі талаптар қойылады:

· Бұзылған немесе толық тоқтаған асқорытуда қоспа жеңіл ыдырауы және сіңуі қажет;

· Құрамы толық құнды (алмаспайтын заттектер) болуы қажет;

· Ішектің жиырылуын күшейтпеуі (осмос қысымы төмен, лактозаның, майдың мөлшері төмен) және газдарды түземеуі қажет;

· Жабысқақтығы төмен, консистенциясы гомогенді, сақтау мерзімі ұзақ, құрамы тұрақты болуы керек (онын мағынасы қоспа жінішке түтіктен оңай өтіп кетуі қажет);

· Парентералдық қоректенуге арналған қоспалардан бағасы төмен болуы қажет.

Қолданылатын қоспалар 3 негізгі топқа бөлінеді.

1) бірінші топ аурудың қажеттіліктерін (витаминдер, минералды заттар және микроэлементтер) толық қамтамасыз ететін қоспалар. Оларды даярлағанда табиғи өнімдер (сүт, сүт май, сиыр еті, тауық еті, өсімдік майлар, дәндер, көкөністер, жеміс-жидектер, шырындар, сироптар және т. б.), сонымен қатар табиғи өнімдерден шығарылған компоненттер (жұмыртқаның альбумині, соя изоляты, казеин, казеинінің тұздары) қолданылады. Ол қоспаларда белок жоғары молекулалық түрде болады, сондықтан оларды полимерлік қоспалар деп атайды. Көптеген шетел фирмалары Ensure, Isocal, Clinifeed сияқты қоспаларды шығарады. Олардың құрамын да белок -12-15%, май-30-37%, және көмірсулар -50-55% құрастырады. Полимерлік қоспалар қолдануға дайын суспензиялар немесе ерітінділер түрінде, сонымен қатар ұнтақ, концентраттар түрінде шығарылады. Даярланған қоспаның 1 мл-де 1 ккал болады. Сондай қоспаларды қолдану да ауру организіміне тәулігіне 3000 ккал енгізілуі мүмкін.

Соңғы жылдары қоспалардың құрамына азоттық компоненті ретінде парентералды қоректенуге арналған әртүрлі белок гидролизаттары (аминопептид, гидролизин, казеинің гидролизаты және т.б.) қосылады.

2) Екінші топты химиялық құрамы таза немесе элементтік (мономерлік) емдәмдер құрастырады. Олардың құрамында белоктар, көмірсулар гидролизат түрінде болады. Осы топтың қоспаларында балласттық заттардың және лактозаның мөлшері өте төмен болады. Элементтік емдәмдердің осмолярлығы жоғары болады. Олардың азоттық компоненті тек қана амин қышқылдармен (Vivonex, Vivasorb, Codelid), басқаларда — белок гидролизаттарымен (Flех1са1, Vital және ж.б.) толтырылған. Майлар құрамы, әртүрлі өсімдік майлар мен (сафлор, соя, жүгері және т.б.) қамтамасыз етілген. Майлар триглицеридтер немесе аралас өсімдік майлар мен триглициридтер қосылған түрінде кездеседі. Элементтік қоспаларда майдың мөлшері томендетілген, ал қомірсулар 90% дейін жетеді, арасында қарапайым көмірсулар да болады.

Соңғылар қоспаның осматикалық қысымын жоғарлатады, егер қажетті жылдамдықпен еңгізбесе диярея пайда болуы мүмкін. Осматикалық қысымын төмендету үшін қоспаларда көмірсулар олигосахаридтермен алмастырылады. Элементтік емдәмдерде витаминдер және минералды заттар кең кездеседі, сондықтан оларды толық құнды қоспалар деп санауға болады.

3) Үшінші топ әдебиетте құнарлы модульдер деп аталады. Олардың құрамында компоненттердің біреуі ғана бар - белок, май, көмірсу, витаминдер немесе минералды заттар. Модульдер аурудың арнайы қажеттілігінің біреуін қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Жетіспеушілік жағдайда лайықты модульді тағайындаймыз. Белоктық модульдердің көзі жұмыртқаның альбумин немесе сүттің белогі (Casec, Ргоtifаг және т.б.). Көмірсулар модульдерде жүгері крахмалының гидролизаты, мальтодекстрин және глюкоза түрінде (Policose, Sumaса1) болады. Өсімдік майлар немесе триглицеридтер майлы модульдерді құрастырады (Мiсгоlipid , МСТ оi1 және т.б.). Модульдердің энергетикалық құндылығы 1 мл-да 2-7 ккал құрастырады. Тәжірибеде белок модуль үлгісі- энпиттер — құрғақ сүт препараттары (белок мөлшері 47%), олар жоғары биологиялық құндылығы мен және сінімділігі мен сипатталынады.

Энтералды қоректенуге арналған қоспаларды таңдауы науқастың қажеттіліктеріне тәуелді болады, үйқы безінің және ішектің функционалык жағдайымен анықталады. Қоректенуде полимерлік және элементтік қоспаларды салыстырғанда, полимерлік қоспаларға организм тез бейімделеді және оларды қолданғанда асқынулар сирек кездеседі.

Кейбір жағдайларда, элементтік емдәмдерді қолдануына жоғары бағалау беріледі. Сондай жағдайларға үйқы безінің жеткіліктіліксіздігі, ішекте сіңу бұзылуы синдромы, асқазан - ішек жолдарының жасанды тесіктері жатады.

 

Қоспалардың еңгізу тәртібі.

Энтеральды қоректенуде кейде бір жылдамдықпен қоспаны тамшылап еңгізеді, басқа жағдайларда қысқа ұзіліс жасап қайта энтералды қоректенуді жалғастырады. Ең жиі кездесетін әдіс үзіліссіз еңгізу, осылай еңгізуде қоспалар бір келкі аз мөлшерде қоспа ішекке түскендіктен асқынулар сирек кездеседі.

Қоспаларды ішек арқылы еңгізу кезінде жиі кұре тамырға арналған тамызғыларды икемдейді. Әсіресе шыдамсыз науқастарға қажетті еңгізу жылдамдығын сақтау мүмкін емес болса, көлемі өлшелінген қоспаларды құйюға арналған электрлік насостар қолдануға рұқсат етіледі.

Барлық оқиғаларда энтералды қоректенуді сақтықпен бастау керек, әсіресе элементтік қоспалар қолдану кезінле. Қопалардың концентрациясы және көлемі аз мөлшерде, ал еңгізу жылдамдығы 25-50 мл-дан аспауы қажет. Егер қоректенуде асқынулар болмаса, еңгізу жылдамдығын бірте-бірте жоғарлатамыз. Бұдан былай организмнің төзімділігіне сәйкестеп қоспа концентрациясын жоғарлатады. Бір тәулікте еңгізілетін қоспаның мөлшері науқастың жағдайымен анықталады (1 кг дене салмағына 30-45 ккал құрастырады).

 

 

Энтералды қоректенудің артықшылығы:

1. Құнарлы заттарды физиологиялық жол арқылы еңгізу;

2. Ішектің құрылымын қалпына келтіреді;

3. Асқазан және ішектің ферменттік жүйелерінің қызметін реттейді;

4. Үйқы безінің қызметін жақсартады;

5. Өт қышқылдарының алмасу бұзылыстарын жояды;

6. Парентералдық қоректенудегі асқыну болуының мүмкіншілігін азайтады;

7. Құны төмен.

 

Энтералды қоректенудің асқынулары.

Энтералды қоректенуде, басқа жасанды қоректенулерде сияқты асқынулар болуы мүмкін. Әдебиетте көрсетілгендей механикалық асқынулар лайықсыз түтікті қолданумен (жұтқыншақ және өңештің тітіркенуі, ойылу пайда болуы, мұрын қанаттарының некрозы және т.б.) немесе тесік арқылы қоректенудің бұзылуы мен (қоспаның сыртқа ағып кетуі, катетердің орнынан шығып кетуі, жыланкөз пайда болуы және т.б.) байланысты. Түтік арқылы қоректенудің техникасын дұрыс қолданса асқынулар сирек болады.

ЭҚ қолайлысыз әсерлері арасында лоқсу, құсу және диарея жиі белгіленеді. Бұл құбылыстардың себептері әртүрлі. Бір оқиғада – энтералды қоректенудің ережесі бұзылуы, қоспаны жоғары жылдамдықпен еңгізу, сонымен қатар – гипертониялық құнарлы қоспаның ертінділерін қолдану. Көрсетілген ЭҚ асқынуын болдырмауы ол ертінділердің еңгізу жылдамдылығын уақытша азайту немесе концентрациясын азайту. Ішекке қоспаның жылдам түсуі энтерогастралдық рефлюкспен (асқазанға ішектің құрамындағы заттар өтіп кетуі) байланыс. Рефлюкстың жиілігі қоспа еңгізуінің орнына тәуелді болады, қоспаның енгізуі асқазанға жақынырақ болса рефлюкс жиірек байқалады.

Ерекше топты метаболиттік асқынулар құрастырады. Оларға гипергликемия, дегидратация, электролиттер бұзылыстары жатады. Гипергликемия инсулин қолдануымен реттелінеді. Қоректенуде сусыздану гипертониялық ерітінділерді қолдану кезінде, сонымен қатар ауру әр түрлі себептерден сұйықтық жоғалтқанда болуы мүмкін. Қосымша сұйықтықы электролиттермен, қоспаның құрамындағы сүйықтық арқылы, немесе күре тамыр арқылы еңгізуге болады.

ЭҚ өткізуге қарсы көрсеткіштер ол ішектің өткіштігінің бұзылуы, перитонит, тоқтамайтын құсу, ішектен қан кету, диарея, сонымен қатар аш ішектің туа біткен ақаулары.

Гомогенді табиғи өнімдер ет, балық, сүт немесе қышқыл сүт өнімдері, сүзбе, жұмыртқа негізінде, сонымен қатар гомогенделген консервілер асқорыту қызметі бұзылмаса жиі қолданылады. Табиғи өнімдердің жіңішке түтік арқылы еңгізу қиындығынан басқа, олардың ингредиенттерінің нақты мөлшерін анықтау мүмкін емес.

Табиғи өнімдерге қарағанда түтік арқылы қоректенуге арналған үйлесімді белок қоспаларының артықшылығы көбірек (1 кесте).

 

Энтералды қоректенуге ұсынылатын қоспалар мен өнімдер

№1 кесте

Түрлері Сипаттамасы Өнімдер мен қоспалар
Табиғи өнімдердің негізінде әдеттегі тамақтар Үгілген сүзбе, ботқа, сорпалар, үгілген көжелер, ет езбелері, шырындар, жеміс-жидек езбелері
  өнеркәсіптік өнімдер Балалар қоректенуіне арналған ет, жеміс, жеміс-жидек консервілері
  Сүт және соя негізде үйлесімді қоспалар   "Нутризон", "Протифар", "Эн - шуэ", "Изокал" қоспалары
  Құрамында триглицеридтері бар "Хумана ЛП + триглицеридтер", "Портаген"
«Жартылай элементтік емдәмдер» Сүттің сарысуының белоктары, казеиннің гидролизатты негізінде "Нутрамиген", "Прегестемил", "Альфаре", "Хумана - ГА", "Пепти - юниор"

                                          

                   №2 кесте

Белок негіздегі қоспалардың химиялық құрамы және энергетикалық құндылығы (стандартты 100 мл ертіндісінде)

 

Қоспанын аты

Шығаратын мемлекет

Химиялық құрамы, г

Энергетика-лық құндылығы, ккал

  Белок   Май   Көмірсу
"Емдәм 15" Ресей 4,0 (сүт белогі) 1,9 (сүт және өсімдік майлары ) 5,59 (лактоза) 58
"Изокал" АҚШ 3,25 (казеин, соя изоляты) 4,2 (өсімдік майлары) 12,57 (лактозасыз) 100
"Портаген" АҚШ 2,4 (казеин) 3,2 (триглицеридтер +жүгері майы) 7,9 (лактозасыз) 67
" Эншуэ " АҚШ 3,52 (казеин, соя изоляты) 3,52 (жүгері майы) 13,68 (лактозасыз) 100
"Нутризон" Голландия 4,0 (казеин) 3,9 (өсімдік майы) 12,3 (лактозаның ізі) 100

 

Бет - жақсүйек жарақат ы кезінде берілетін тағам дайындаудың технологиясы, емдәм үлестерін және қоспаларды қолданудың ерекшеліктері. Бет, тіс, жақсүйек жарақат ы кезінде энтералдық қоректену әдістері.

Алдыңғы сабақта айтылған бойынша, жақсүйек (түтік) емдәмдерінің консистенциясы мен ғана ажыратады. Оны сыңған жақты құрсап тастайтын тор сым орнатқан кезеніне тағайындаймыз. Бұл науқастардың шайнау қабілеті жоқ және жұту қабілеті толық емес.

Науқасты қоректендіруді, жіңішке диаметрі 7-8 мм, ұзындығы 1м асқазан, дуоденальды түтік немесе хлорвинилді түтік арқылы жүргіземіз. Мұрының шырышты қабығын дикаин немесе кокаин ертіндісі мен жансыздандырып түтікті асқазанға еңгіземіз. Еңгізілген түтіктің ұзындығы 45 см аспауы қажет. Егер түтік трахеяға кездейсоқ түссе, күшті жөтел пайда болады. Сұйық ботқаны 500-600 мл көлемінде порциялап үлкен шприц арқылы 100-200 мл-дан асқазанға құйямыз. Тамақтанудан кейін түтіктін шетін қысқышпен қысып жіберіп және бинтпен немесе пластырь мен аурудың басына бекітіп қоямыз. Жіңішке резеңке түтік мұрының қуысында 14-16 күнге қалдырамыз, ал хлорвинилді түтік асқазаның сөліне тұрақты болғандықтан- 3-4 аптаға орнатамыз.

 

Екінші жақсүйек емдәмі

Науқасты түтік арқылы тамақтандыру техникасы

 

Шайнауы бұзылған, бірақ жұтуы сақталған науқастарға көрсетілген. Шайнау мүмкіншілігі жоқ науқастар ұшына ұзындығы 20 см резеңке түтік киілген ыңғайлы ыдысты пайдалану керек. Ауру өзбетінше тіс қатарының ақауының немесе молярлардың артындағы қуысқа түтікті әкеліп 10 мл сұйық тамақты ауызына құйуына болады. Содан соң, сақталған сору қабілеттін қолданып тамақты жұта алады. Осы кезде шеті ұзартылып түтікке өтетін арнайы қасықтар құрастырылған (шәйнектің иілген мұрыны үлгісімен), сонын арқасында тамақ қабылдау процедурасы оңайлатады. Егер ауру азықты қабылдай алмаса, оны дәрігер тамақтандырады.

 Резеңке түтікті саусақтармен қысып тілдің артына (түбіріне) әкелеміз (егер науқасқа ауызын ашуға болмаса), содан соң ыдысты ауыз қуысынан жоғарырақ ұстап саусақтарды 3 сек уақытқа жібереміз. Осы уақытта науқастың ауызына 10 мл сұйық тамақ түседі, сол кезде ол жұтады. Дәл осылай, бірте-бірте, асықпай, науқасты тамақтандырамыз.

 

 

№1 сурет.

Науқастарды тамақтандыру тәсілдері.

а - ыдыс; б – шұңқыр; в- Жане шприці; г – көлемі белгіленген ыдыс арқылы; д, е - мөлшерленген тамақты қысым арқылы беру Костур аппараты арқылы.

 

Асқазанға жасалған жасанды тесік (гастростома) арқылы қоректендіру.

Тамақтану тәртібі.

Жарақатанудан болған және операциядан кейінгі асқазан тесіктері деп ажырату қажет. Былай бөлу өте шартты. Сонымен қатар, өте сирек жыланкөздер алғашқы патология нәтижесінен болады, мысалы асқазаның қатерлі ісітерінен кейін.

Жыланқөздерді хирургиялық әдістер мен жасалған гастростомадын ажырату қажет. Гастростома жасауының себептері ол өткізгіштігі жоқ өңеш аурулары (обыр, стриктуралар), сонымен қатар ауыз арқылы қоректенуді тоқтату керек жағдайларда (мысалы, өңештің жарақаттануы, жыланкөздері). Жиі кейбір іш қуыстың аурулары (ішектің өткізгіштігі жоқ кезде және перитонит) кезінде асқазаның, ішектің декомпрессиясын откізу мақсатымен уақытша гастростомалар қойылады.

Егер гастростоманың қажеттілігі жоқ болса, Витцел операциясы әдісімен түтікті алып тастайды. Гастростома жазылмаған жағдайда жыланкөзді операция әдісі мен жояды.

Операциядан кейін бір екі күн ішінде парентеральды қоректену өткізіліледі. Тамақ ауыз арқылы берілмейді. 3- ші күні тәтті жылы шай және итмұрын қайнатпасын шай қасығы мен қабылдауға (2-3 стакан 50 мл-дан) болады. Ішек жиырылуы дұрыс, метеоризм жоқ болса және газдар шықса 4-5 күн ауруға Оа емдәмін тағайындаймыз (шала пісірілген 2 жұмыртқа қосымша). 6-8- й күндері 0б емдәмге; 9-11-ші — Ов емдәміне аударамыз. 12- ші күні ауруға 1-ші хирургиялық емдәм тағайындалады. 1-ші хирургиялық емдәм, 1 емдәмнен айырмашылығы ет, балық сорпалары және жеміс қайнатпалары бар болуы. 1-ші хирургиялық емдәмде сүт шектелінген.

 


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 124; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!